ОӘК 371.13:34:378:004
Е.Е. ОМАРБЕКОВ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Казахстан БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАРЫСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру» Заңында ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу ақпараттық қызмет көрсету нарқын қалыптастыру үшін жағдайлар қамтамасыз етуге, электрондық құжат айналымы жүйесін дамыту, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану үшін жағдайлар жасауға, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік деңгейін ескере отырып, қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталағанын атап көрсетеді [1].
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық технологияларды барлық деңгейде білім беру үрдісін интенсификациялау құралы ретінде пайдалану саласы бойынша шешімін табуды тез арада күтіп отырған мәселелер баршылық. Сондықтан заңгерлерді кәсіби даярлау жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы мен қажеттілігі уақыт сұранысынан туындайды.
Себебі, ақпараттық технологиялардың ғылыми-техникалық прогресс дамуында атқаратын қызметі мен алатын орны ерекше болып отыр. Олар адам өміріндегі барлық іс-әрекеттерде, соның ішінде білім беру аймағында кеңінен қолданылуда.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық технологиялар арқылы мамандардың даярлығын жетілдіру бойынша орындалған зерттеулер баршылық. Оларды бірнеше бағыттарға бөліп көрсетуге болады:
оқу орындарында информатика пәнін оқытуды жетілдірудің әдістемелік жүйесін жасау (Е.Ы.Бидайбеков, Г.Д.Жангисина, С.К.Кариев, т.б.);
білім беруді ақпараттандыру, оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану (К.Ж.Аганина, А.Ж.Арыстанова, Е.Балапанов, Б.С.Гершунский, С.Р.Доманова, Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Х.Құрманалина, Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, Г.К.Нұрғалиева, Е.С.Полат, С.С.Тауланов, т.б.).
жоғары және арнайы оқу орындарында білім беруді ақпараттандыру арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру, болашақ мамандардың кәсіби біліктерін жетілдіру, ақпараттық бағыттылығын қалыптастыру, болашақтағы практикалық іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалануға даярлау (Б.Әбдікәрімұлы, Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Джанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова, А.К.Мынбаева, Л.В.Нефедова, Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғұлова, А.Э.Титовицкая, Л.А.Шкутина, т.б.);
ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың зерттеу қызметін, болашақ мамандардың ақпараттық және зерттеу мәдениетін қалыптастыру (Р.Ч.Бектұрғанова, Г.Г.Воробьев, Н.Ғ.Даумов, Д.М.Джусубалиева, С.Н.Лактионова, Ш.Таубаева, т.б.);
қашықтан оқытуды технологиясы, электронды оқу-әдістемелік кешенді жасау проблемаларына арналған зерттеулер (Е.Аленичева, М.А.Винницкая, Е.Г.Гаевская, Д.М.Джусубалиева, Е.С.Полат, В.П.Тихомиров, Т.Г.Целуйкина т.б.)
Жоғарыда аталған зерттеулерге теориялық және әдістемелік тұрғыдан талдау жасай отырып, біз ең алдымен ақпараттық технологиялар ұғымын анықтап алуды жөн көрдік:
ақпараттық технология - ақпараттық ресурстарды қолдану процесін жеңілдетуге, олардың қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға бағытталған, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату жұмыстарын атқаратын технологиялық тізбекке біріктірілген әдістердің, өндірістік процестердің және программалық-техникалық құралдардың жиынтығы [2];
ақпараттық технологиялар - ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары [3];
ақпараттық технологиялар ақпаратты өңдеудің, жеткізудің, таратудың, информатиканың
есептеу мен бағдарламалық құралдарын жасаудың машиналы (ЭЕМ-нің көмегімен) технологиясы;
ақпараттық технологиялар – адамдар білімін кеңейтетін және олардың техникалық, әлеуметтік процестерді басқару бойынша мүмкіндіктерін дамытатын ақпараттарды жинаудың, ұйымдастырудың, сақтаудың, өңдеудің, берудің және жеткізудің әдістері мен техникалық құралдарының жиынтығы;
кез келген педагогикалық технология ақпараттық технология болып табылады, себебі оқытудың технологиялық процесінің негізін ақпарат пен оның қозғалысы құрайды, ал компьютер қолданылатын оқыту технологиясын компьютерлік технология деп атаған неғұрлым қолайлы;
жаңа ақпараттық технология компьютерді қолдануға, ақпараттық процеске пайдаланушылардың (бағдарламалау саласынының мамандары емес) белсенді қатынасуына, интерфейсті өзара жолдастықтың жоғары деңгейінде пайдалануға, жалпы және проблемалық мақсатта қолданбалы бағдарламалар пакетін кеңінен пайдалануға негізделген технология [4];
қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялар - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және қазіргі техникалық құралдар жиыны және т.б.
Бүгінгі күні ақпараттық және бағдарламалық білім беруді қамтамасыз ету жетістіктері негізінде білім алудың ауқымды мүмкіндіктері туып отыр. Соның ішінде үздіксіз білім алу мәселесі де тұр. Кез келген адам білім алу барысында білімнің сапалы болғанын қалайды. Бұл кезекте ақпараттық технологияның атқарар ролі ерекше. Осы негізде болашақ заңгерлерді даярлауда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын саралап көрсетуге болады:
ақпараттық технологиямен оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ–дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпараттарды кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді;
ақпараттық технологияларды пайдалану болашақ заңгерлердің белгілі бір ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмысын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді;
ақпараттық технологияларды пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар - мәселелерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және түсінікті түрде жазу, қажетті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау мәселелерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуді көздейді.
Заңгерлерді даярлау барысында ақпараттық технологияларды пайдаланудың мақсаты оқу процесіне қатынасушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және кәсіби даярлау мен осы үрдісті оқытушы тарапынан басқарудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табылады.
Ақпараттық технологиялардың әлеуеті заңгерлер даярлығын жетілдірудің шынайы мүмкіндіктерін ашып көрсетеді [Сурет 1].
Ақпараттандыру жағдайында студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мамандарды даярлау саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сурет 1. Заңгерлер даярлаудағы ақпараттық технологиялардың шынайы мүмкіндіктері
Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық- педагогикалық проблемалардың шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
студенттердің практикалық іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
оқытушылардың ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
студенттердің білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
оқу орындарының материальдық-техникалық базасын нығайту.
Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену объектісі ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, студенттердің маман ретінде қалыптасуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. [5]
Әдебиеттер