• Tidak ada hasil yang ditemukan

dspace.enu.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "dspace.enu.kz"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

ҼОЖ [33:502] (100+574)

«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ» ЕНГІЗУ: ҼЛЕМДІК ТҼЖІРИБЕ ЖҼНЕ ҚАЗАҚСТАН Арғынғазинов А. А., [email protected]

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана Ғылыми жетекшісі – Н. Досмағанбетов

«Жасыл экономика» ҧғымы ғылыми айналымға соңғы 20 жылда еніп, берік орнықты.

Ағылшын тілінде жасыл экономиканың «Green economics», «Ecologicaleconomics» атты екі баламалы атауы бар, сондықтан да кей жағдайда жасыл экономика «экология (табиғатты қорғау) экономикасы» деп те аталады. Жасыл экономика тҧжырымдамасы бойынша, экономика – қоршаған ортаның тҽуелді бҿлігі, экономика қоршаған ортаның белгілі шегінен орын алып, ҿмір сҥреді. «Жасыл экономика» деп адамдардың ҿмір сапасын арттырып, ҽлеуметтік ҽділеттілікті қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға тҿнетін қатерді азайтып, оның жҧтаңдануын болдырмайтын экономиканы айтамыз (ЮНЕП анықтамасы) [1]. ЮНЕП-тің (БҦ Ҧ-ның Қоршаған орта бағдарламасы) келесі анықтамасына жҥгінер болсақ, «жасыл экономика» – табыстың ҿсуі мен еңбекпен қамту кҿмірсулар мен ластаушы заттарды тастауды азайтатын, энергия мен ресурстарды пайдану тиімділігін арттыратын, биоалуантҥрліліктер пен экожҥйелік қызметтің жоғалуының алдын алатын мемлекеттік жҽне жеке инвестициялар арқылы қамтамасыз етілетін экономика [1]. «Жасыл экономика» тҧжырымдамасы – тҧрақты даму мҽселелерін қарастыратын феминистік экономика, постмодернизм, қоршаған ортаны қорғау экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы тҽрізді экономикалық жҽне философиялық ғылымдардың синтезінен пайда болған кҥрделі тҧжырымдама. «Жасыл экономика» тҧжырымдамасы – экономикалық жҽне жаратылыстану ғылымдарының тоғысуынан туындаған, басқа экономикалық пҽндерге қарағанда зерттеу ауқымы кең, зерттеу ҽдістері мен тҽсілдері кҿп, жас ғылыми тҧжырымдама. Сондықтан да зерттеу ҽдістерінің алуан тҥрлілігінің нҽтижесінде ҽр тҥрлі мультидисциплинарлық ҽдістерді пайдалана отырып, қоғамдық жҽне жаратылыстану ғылымдарының аясындағы экономика дамуының саяси жҽне ҽлеуметтік аспектілері негізінде

324

(2)

қазіргі жағдайды зерттей аламыз. Экономикалық даму мен ҿ су модельдері бір жағынан жаратылыстану ҥ рдістерін, екінші жағынан саяси экономия саласын қамти отыра қҧрылады.

«Жасыл экономика» тҧжырымдамасы 3 негізгі қағидаға сҥйенеді:

шектеулі кеңістікте ҽсер ету аясын шексіз кеңейту мҥмкін емес;

шектеулі ресурстар жағдайында шексіз ҿ скен қажеттіліктерді қанағаттандыруды талап ету мҥмкін болмайды;

Жер бетіндегі барлық нҽрсе бір-бірімен тығыз байланысты [2].

Ағылшын ғалымы М. Кеннет «жасыл экономиканың» пайда болуына алып келген тҿмендегі идеяларды ерекше атап кҿрсетеді:

себеп, тҥсінік, жадтың айқындалу идеясы (У. С. Джевонс, Л. Вальрас);

сын теориясы (Ю. Хабермас жҽне т.б.);

қҧрылым мен мекеме жайлы идея (Т. Б. Веблен жҽне т.б.);

кейбір постмодернистік тҥсініктер (Соджа, Ж. Деррида);

феминистік теориялар (М. Куипер, Г. Нельсон);

экологиялық-феминистік идеялар (Д. Салле жҽне т.б.) [3].

Ресейлік зерттеуші А. Игнатьева «жасыл экономиканың» қалыптасуына себеп болған алғышарттарды тҿрт кезеңге бҿліп қарастырады: 1-кезең (1950-1960 жж.) – экономиканың қоршаған орта мен адамға қауіпті ҽсерін тҥсіну кезеңі; 2-кезең (1960-1970 жж.) – экономикалық дамудың нҽтижесінде табиғи ресурстарды шектен тыс пайдалану, қоршаған ортаны ластау экономиканың ҿзіне қатерлі екенін ҧғыну кезеңі; 3-кезең (1980-1990 жж.) – экономикалық ҿсімді, ҿнеркҽ сіпті дамытуды мақсатты тҥ рде экологиялық бейімдеу кезеңі;

4-кезең (2000-2010 жж.) тҧрақты даму тҧжырымдамасының орнығу кезеңі [4, с. 30-33].

«Жасыл экономика» тҧжырымдамасын қалыптастырушылар қазіргі таңдағы экономикалық жҥйені жетілмеген деп санайды. Бірақ, қазіргі жҥйе адамдардың ҿмір сапасының жақсаруына, ҽ сіресе, адамдардың жекелеген топтарының ҿмір сҥру деңгейін кҿтеруге ықпал етті. Сонымен бірге қазіргі экономикалық жҥйенің қызмет ету барысындағы теріс ықпалдарын да кҿрсетуіміз қажет. Экономикалық жҥ йенің кемшіліктері қатарына экологиялық мҽселелер (климаттың ҿзгеруі, шҿ лдену, биоалуантҥрліліктің жоғалуы), табиғи капиталдың жҧ таңдануы, кедейліктің жаппай таралуы, ауыз судың жеткіліксіздігі, азық-тҥлік ҿнімдерінің, энергияның жетіспеушілігі, елдер мен адамдардың теңсіздігі жатады. Мҧ ның барлығы қазіргі жҽне болашақтағы ҧрпақтарға қауіп тҿндіреді.

«Жасыл экономика» қоғамдағы негізгі 4 мҽселені бҿ ліп кҿ рсетеді:

экологиялық;

интеллектуалдық;

саяси;

этикалық.

Бҧл мҽселелер категориясына ҽлеуметтік зардаптар мен қоршаған ортаға ҽсер етуге алаңдаушылық, ҽлеуметтік жҽне табиғи капиталдың жоғары қҧндылығын тҥ сіну, ресурстарды пайдалану тиімділігі, тҧрақты тҧтыну мен ҿндіру, «жасыл» жҧмыс орындарының кҿмегімен макроэкономикалық мақсаттарға жауап беру, негізгі салалардағы ҿсу мен бҽсеке деңгейін арттыру жатады.

«Жасыл экономика» тҧжырымдамасын дамытуда Азия жҽне Тынық мҧхиты аймағының Экономикалық жҽне ҽлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ерекше ҥлес қосты.

ЭСКАТО бастамасының негізінде «жасыл ҿ су» стратегиясы қабылданып, негізгі тҿрт басым бағытты қамтыды:

тҧтыну мен ҿндірудің ҥйлесімді моделі;

кҽсіпорындар мен нарықтарды «жасылдандыру»;

тҧрақты инфрақҧ рылым; «жасыл» салықтық жҽне бюджеттік реформалар [5].

Ҽлемдік тҽжірибеде «жасыл экономиканы» ҽлемдік қауымдастық жаңғыру экономикасы ретінде қабылдап, қолданысқа енгізуде; 2006 жылдан бері «International Journal of Green Economics» журналы жарық кҿреді, Жасыл ҿсудің Ғаламдық институты,

(3)

325

(4)

Ҧлыбританияда Жасыл экономика институты қҧ рылған. БҦ Ҧ Қоршаған орта бағдарламасы да (ЮНЕП) «жасыл экономиканың» ҽ лемдік кеңістікте таралуы мен орнығуында ҥлес қосуда. «Жасыл экономика» мҽселелерін дамыту мақсатында Бразилияда ҿткен «Рио+»

дҥниежҥзілік тҧ рақты ламу Конференциясы (2012) ерекше оқиға қатарына жатады.

Кҿптеген елдер қазіргі таңда ҿздерінің ҧлттық саясаты мен даму стратегиясында «жасыл экономиканың» ҽ р алуан қҧ ралдарын қолдануда. Латын Америкасы жҽне Кариб бассейні елдерінде «жасыл экономика» негізінен кедейшілік пен теңсіздік мҽселелерін шешу, базалық инфрақҧрылымды, ҿсуші халық санын қызметтермен қамтамасыз ету контекстінде қарастырылады. Корея Республикасы мен Қытайда экономикалық ынталандырудың ҧлттық пакеттерінің «жасыл» ҥлесі ҽлемдегі алдыңғы қатардан орын алады. Корея Республикасы

«жасыл ҿсудің» тҧжырымдамасын ҧлттық стратегия ретінде жҥзеге асыруды жариялаған алғашқы мемлекет болып табылады. «Жасыл» ҿ судің бес жылдық (2009-2013) жоспары,

«жасыл ҿ су» бойынша президенттік комиссия қҧ рылды. Сонымен бірге тҿменгі кҿмірсулы

«жасыл ҿсудің» рамалық актісі қабылданды. Стратегия минималды энергиялық жҽне басқа да ресурстарды пайдалана отырып, экономикалық қызмет масштабын сақтауға, пайдаланылатын энергия мен ресурстардың қоршаған ортаға ықпалын нҿлдік деңгейге жеткізуге, табиғат қорғау қызметі мен экономикалық ҿсімді қозғаушы кҥштерге инвестиция салуға бағытталған [5]. Қытайдың 12-ші бес жылдық жоспарының (2011-2015 жж.) «Жасыл даму» атты бҿлімінде келесідей стратегиялық бағыттар айқындалған: климаттың ҿзгеруі, ресурстарды ҥнемдеу жҽне оларды басқару, экономикадағы шеңберлі айналым, қоршаған ортаны қорғау, экожҥйелерді қорғау жҽне қалпына келтіру, су ресурстарын қорғау, апатты жағдайлардың алдын алу. Бҧ л бағыттармен байланысты мақсатты кҿ рсеткіштерге қол жеткізу кҿзделген: кҿмірсу қалдықтарын шығаруды жан басына шаққандағы ЖІҾ-нің 17 % дейін азайту, азот жҽ не оның оксидтерін 2015 жылға қарай 10 % азайту. Энергиялық тиімділік саласы бойынша Қытай 2020 жылы бастапқы энергияның 20 % қалыпқа келетін ресурстар есебінен алуды жоспарлап отыр. Жапонияның «жасыл» инновациялар саласындағы ҧлттық стратегиялық жоспары қоршаған ортаны қорғау бойынша нарық кҿлемін ҧлғайтуға 50 трлн жапон иенін, жаңа жҧмыс орындарын ашуға 1, 4 млн жапон иенін бҿлуге бағытталған. Ирландияның 2007-2013 жылдарға арналған ҧлттық даму жоспарында инвестициялық басымдықтарға шамаланған қаржылық ассигнованиялар қарастырылған, оның ішінде қоршаған орта бойынша транспорт, қалдықтарды басқару, климаттың ҿзгерісі, қоршаған орта бойынша ғылыми зерттеулер, тҧ рақты энергия мҽселелеріне арналған. Данияның «жасыл ҿсу» туралы келісімі қоршаған ортаны қорғау мен замануи жҽне бҽсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын, азық-тҥлік ҿнеркҽсібін, дамытуға бағытталған. 2015 жылға дейінгі «жасыл ҿсудің» капиталы 13, 5 млрд дат кронасын қҧрайды, ол мемлекетке экологиялық міндеттерді орындауға, экономикалық ҿсім мен жҧмыспен қамтылу деңгейін кҿ теруге кҿмектеседі [5].

Ҽлемдік тҽ жірибені ескере отырып, қазіргі жағдайдағы «қоңыр экономика» тҽн, экономика мҧнай-газ, кен ҿндіру, ауыр ҿнеркҽсіп секторына тҽуелді, мҧнай-газ секторы ҧлттық ЖІҾ -нің 30 %, ел экспортының 60 % қҧ райтын, даму тетіктері энергия мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген, тҧрақты ҿсу артқан сайын экологиялық стандарттарға байланысты мҽ селелер туындаған, ҿндіруші салаға тҽ уелділік ҿзге ҿңдеуші секторлардағы инновациялық дамуды кемітетін, ҽлемдегі он бірінші энергия сыйымды ел Қазақстан ҥшін «жасыл экономикаға» кҿ шудің маңызы зор. Бҧл жҿнінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Барлық дамығанелдер баламалы жҽне «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ҧлғайтуда», «Бізге ҿ з табиғи байлықтарымызға деген кҿзқарасымызды ой елегінен ҿткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс қҧя отырып, оларды дҧрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық ҿ суге барынша тиімді кіріктіруді ҥйренуіміз керек» деген болатын [6].

Қазақстанда «жасыл экономикаға» кҿшудің тҧжырымдамасы 2013 жылы қабылданатын болады жҽне ол 2050 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Еліміздегі «Жасыл

326

(5)

даму» бағдарламасы «жасыл экономиға» кҿшудің бастапқы бағдарламасы іспетті. «Жасыл экономиканы» Қазақстанда енгізу ҥшін «жасыл экономиканың» ҽрбір қҧраушысы негізінде қазіргі мҥмкіндіктерді талдау қажет:

1. Энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай, газ) елдегі қалдықтың 40 % энергия ҿндіру саласы қҧрайды [7]. Мҧнай-газ секторы елдің ЖІҾ 30 %, экспорттың 60 % қҧ райды [8].

Сондықтан да мемлекет экономикалық ҿ су барысында ҽрі қарай да мҧнай-газ секторына, энергетика секторы кҿмірдің мол қорына сҥйенетін болады.

2. Су – 2015 жылға дейін суды пайдалануды екі есеге дейін қысқартуды кҿздеп отырған мемлекет ҥшін маңызды ресурс. Қолжетімді, қауіпсіз ауыз суды пайдалану мҥмкіндігі жоқ тҧрғындардың ҥ лесі 20 % жуық, сумен қамтамасыз ету ел ЖІҾ-нің 2 % жуық [9].

3. Қалдықтар. Қалдықтарды екінші реттік ҿңдеу кҿ лемі 20 % жуық [10]. Ҥкімет қалдықтарды жоюдың қазіргі деңгейін 2020 жылы 70 % жеткізуді кҿздеп отыр, ол ҥшін елдегі қалдықтарды басқару жҥйесін қайта қҧрылымдап, жаңғырту қажет. Жыл сайын 700 млн. тонна ҿндіріс қалдықтары, 3, 5 млн. тонна тҧ рмыстық қалдықтар, 92 млн.

тонна жануарлардың қалдықтары қоршаған ортаға шығарылады, мҧның барлығы Қазақстанды қауіпті қалдықтар мен тҧ рақты органикалық ластаушылардың жиналуы бойынша Шығыс Еуропа мен ТМД елдері арасындағы екінші мемлекет етуде [7].

4. Ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы. Бҧл секторға ел бойынша шығатын парниктік газдың (оның ішінде орман шаруашылығының парниктік газдарды жҧтуы) 10 % тиесілі [7]. Ауыл шаруашылығы ҧ лттық ЖІҾ-нің 5 % жуығын, ҧлттық экспорттың 2 % жуығын қҧ райды [11]. Саладағы еңбектің аз ҿнімділігіне қарамастан, астық бойынша ҿсу қарқыны жоғары, сондықтан да Қазақстан ҽлемдегі астық экспорттаушы жетекші бес елдің қатарына кіреді.

5. Транспорт. Тасымалдардың кҿбі дизель немесе бензиннің негізінде жҥзеге асырылады.

Сол себепті, саланың парниктік газ шығарудағы жалпы ҥлесі 8 % тең [7]. Тасымал нарығы ҧлттық ЖІҾ -нің 7 % қҧрайды [11]. Ҥкімет транспорт саласын елдің сауда ҽлеуетін арттырудағы маңызды сектор ретінде санайды.

Қазақстанда «жасыл экономиканы» енгізу бойынша оның жоғарыда кҿрсетілген негізгі бес қҧраушысы бойынша жҥйелі жҧмыс жҥргізілетін болса, елдің экономикалық ҽл-ауқаты артары сҿзсіз. «Жасыл экономика» Қазақстан ҥшін тиімді жоба, себебі, еліміздің қалыпқа келетін энергия кҿздерін ҿндіруде, ауыл шаруашылығында «жасыл»

технологияларды пайдалануда ҽлеуеті жоғары. Қазақстанда «жасыл экономиканың»

енгізілуі:

- энергия тапшылығы мҽселесін шешеді;

- желдің жылдамдығы жоғары аймақтарда (Жоңғар қақпасы, т.б.) ЖЭС (жел электр станциясы), таулы су ҿзендерінде СЭС-терді дамытуға мҥмкіндік беріп, сол арқылы жаңа жҧмыс орындарымен қамтамасыз етеді;

- парниктік газдардың шығуын Киото хаттамасына сҽйкес, 15 % дейін азайтады;

- кҥн энергетикасының кҿмегімен жайылымға жарамды жерлерде агроҿнеркҽсіп кешенін дамытады;

- тҧрмысқа пайдаланылатын су ресурстарын қайта ҿңдеудің нҽтижесінде ҿнеркҽ сіпте пайдалану мҥмкіндігі туады, сол арқылы суды пайдалану 2 есеге дейін азаяды;

- қайта ҿңдеу нҽтижесінде органикалық жҽне ҿзге де қалдықтар тҧрмыста пайдаланылып, сҽйкесінше, қоршаған ортаның жағдайы тҧрақтандырылады;

- биоотын негізінде автомобильдерді шығатын парниктік газдар мҿлшері нҿлдік деңгейге жеткізіледі;

- жылу жҥйесі баламалы отын кҿздері негізінде қызмет етіп, табиғи ресурстарды ҿлшеусіз пайдалану шектеледі;

- нанотехнология, ақпараттық технология, экономикалық экология салалары бойынша жаңа ҥлгідегі сапалы мамандар даярлауға жол ашады;

- «жасыл экономика» нҽтижесінде ҥнемделген қаражат елдің макроэкономикалық деңгейдегі мҽ селелерін шешуге жҧмсалады.

327

(6)

Елімізде «жасыл экономикаға» кҿшу бойынша жҧмыстардың басы ретінде Мойнақ ГЭС-ның салынуын, 2017 жылы елімізде ҿткізілетін «жасыл экономика»

мҽселелерін қамтитын «ЭКСПО-2017» халықаралық кҿрмесін атауымызға болады.

Сонымен бірге Қ.И.Сҽтпаев атындағы Қазақ ҧлттық техникалық университетінде тҧрақты даму зерттеу орталығы қҧ рылып, ғылыми-зерттеу жҧмыстарын жҥ ргізуде.

«Жасыл экономиканы» енгізудегі жетекшілік Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен

«Қазатомҿнеркҽ сіп» ҧ лттық компаниясына жҥктелген.

Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында кҿрсетілген ҿндірістік сала, тҧрғын ҥй-коммуналдық шаруашылық саласы жҽне басқа да салалар бойынша белгілеген міндеттері «жасыл экономика» тҧжырымдамасына толығымен сҽйкес келеді. «Жасыл экономика» – Қазақстанның 2050 жылға қарай экономикалық, ҽлеуметтік, саяси қҧндылықтарының жҥйелі дамуының, ҽ лемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуының басты шарты жҽне кепілі.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Навстречу «зеленой» экономике: пути к устойчивому развитию и искоренению бедности

— Обобщающий доклад для представителей властных структур.ЮНЕП, 2011.

2. Green economics // электронды ресурс: Жасыл экономика институты (Ҧлыбритания) / http://www.greeneconomics.org.uk/

3. М. Kennet.Green Economics: setting the scene. Aims, context, and philosophical underpinning of the distinctive new solutions offered by Green Economics. – London, 2012.

4. А. ИГНАТЬЕВА. ЗЕЛЕНАЯ ЭКОНОМИКА: ПРАКТИЧЕСКИЙ ВЕКТОР УСТОЙЧИВОГО

РАЗВИТИЯ ИЛИ ПОЛИТИЧЕСКИЙ КОМПРОМИСС? //РОССИЯ В ОКРУЖАЮЩЕМ МИРЕ: 2011.

УСТОЙЧИВОЕ РАЗВИТИЕ: ЭКОЛОГИЯ, ПОЛИТИКА, ЭКОНОМИКА.– М.: ИЗД-ВО МНЭПУ, 2011. – 292 С.

5. А. Храмков. «Зеленая экономика» для Казахстана // электронды ресурс:/ http://kazakh- zerno.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=70216&Itemid=108

6. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.

7. Kazakhstan National Inventory Submissions 2012 to UNFCCC.

8. BMI Kazakhstan Oil & Gas Sector Report 2012, ADB Country Partnership Strategy:

Kazakhstan 2012–2016.

9. Development of Kazakhstan National Green Growth Plan by Korean Global Green Growth Institute, 2012.

10. 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасы.

11. ҚР Ҧ лттық статистика агенттігі // электронды ресурс / http:// www. stat.kz

Referensi

Dokumen terkait