• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF Астана

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF Астана"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

2471

практике. Научить детей самостоятельно мыслить, действовать, развивать у них инициативу и творчество – это основа повышения уровня знаний учащихся.

Список использованных источников

1. Об образовании. - Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года № 319-III.

2. Утеева Р.А. Теоретические основы организации учебной деятельности учащихся при дифференцированном обучении математике в школе. – Автореф. дисс.

...докт.пед.наук. – М., 1998. – 37 с.

3. Нурахметов Н.Н., Ковжасарова М.Р. Теоретические основы построения и реализации технологий обучения. – Алматы: Мектеп, 2005. – 153 с.

4. Бочкина Н.В. Педагогические основы формирования самостоятельности школьника.

Автореф. дисс. ...канд.пед.наук. – Санкт-Петербург, 1997. – 32 с.

5. Абрамова Г.С. Индивидуальные особенности формирования учебной деятельности школьников. – М.: Педагогика, 2002 – 216 с.

6. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении – М.: Просвещение, 1982 – 217 с.

ӘОЖ 371.352

ОҚУШЫЛАРҒА МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДА КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ҚЫРЛАРЫ Орынтаева Кунсая [email protected]

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Шымкент, Қазақстан

Ғылыми жетекшілері – С.С. Алдешов, Ә.Қ. Бүркіт

Тәуелсіз еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Жалпы орта мектеп математика пәнінің мұғалімдері компьютерлік сауатты болып, сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдаланылуы көзделінген болатын» [1].

Ол үшін компьютерлік технология құралдарын қолданушылар «Ақпарат» ұғымымен таныс болғаны жөн.

«Ақпарат» ұғымы адам тіршілік ететін ортаның барлық саласына енді. «Инфосфера» – ақпараттық құрылым, жүйе, ғылымдағы және ортадағы үдерістер ұғымы пайда болады.

Ақпараттың пәндік және логикалық, методологиялық, прагматикалық мағыналары әлі де толық ашылмаған.

«Ақпарат» сөзі латынның «informatio» - түсінік, баяндау, танысу, көрсету сөздерінен шыққан. Өмірде ақпарат ұғымы ретінде, бізді қоршаған ортадағы сигнал ретінде қабылданатын және берілетін мәліметтерді түсінеміз. Осындай интуициялық анықтама ақпаратты көрсетуге кең, көпбағытты мүмкіндік береді. Сонда «ақпарат» ұғымына қандай қажеттілік бар?

Ақпараттық ғылымның негізін салушылардың бірі Ноберт Винерге жүгінейік:

«Ақпарат – бұл біздің сыртқы өмірге орнығуымыздан және біздің сезімдеріміздің онда орнығу үдерісінен алынған ұғым. Ақпаратты алу және қолдану үдерісі – біздің сыртқы ортаның кездейсоқ жағдайларына және осы ортада өмір сүруіміздің үдерісі болып табылады.

Заманауи өмірдің қиындықтары мен қажеттіліктері де бұрынғыдан да көп, сол үшін біздің мұражайлар, университеттер, кітапханалар, оқулықтар сол қажеттілікті қанағаттандыруы

(5)

2472

керек. Сол себепті, хабарлау және басқару адам өмірімен және адамның қоршаған ортадағы өмірімен тығыз байланысты».

Н.Винердің және бір жиі айтылатын тұжырымдамасы: «Ақпарат ол ақпарат, материя және энергия да емес», яғни, ол заттық өмірге жатпайды және оған сақталу заңдары әсер етпейді. Ғылыми-философиялық тұрғыда ақпаратты материя, энергия, кеңістік, уақыт ұғымдарымен қатар қарастыруға болады.

«Ақпарат» ұғымы ғылымның әр саласында әртүрлі қолданылады. Жалпы ғылыми позицияда ақпарат – бұл кез-келген жиынтық, оны бір жүйе қабылдайды, сақтайды, таратады.

Ғылыми-техникалық тұрғыдан, ақпарат шығарушыдан қабылдағышқа арна арқылы жіберілетін хабар. Хабар материалды-энергетикалық формада – электрлік, дыбыстық, жарық арқылы және т.б. сигнал түрінде жіберіледі.

Ғылымға қолжетімді ақпарат әрқашан кодталған түрде, яғни, сигналдардың келуін көрсететін ақпарат формасында пайда болады. Кибернетикада ақпарат хабардан алынбайды, тек қайта кодталады. Егер А коды берілсе,  хабары бұл кодта және А кодынан В-ға өту ережесі, онда  хабарын хабарына В коды арқылы өткізуге болады. Осылайша, ақпарат ұғымын хабарды өзге де кодқа өткізетін инвариант деп қабылдауға болады.

Математиканы оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдаланғанда мынаны ескерген жөн: көру ағзасы есту ағзасына қарағанда миға 5 есе көп ақпарат жібереді. Көру ағзасы арқылы миға түскен ақпарат айтарлықтай кодтауды қажет етпейді, ол адам миына жеңіл, әрі тез, берік қабылданады.

Сонымен, әр уақытта да оқыту негізі болып, бақыланған объектілерден қабылданғандар жатады. Неге оқытсақ та, қандай әдістермен оқытсақ та, біз ең алдымен оқушылардың ақпаратты қабылдаудағы сезім мүшелеріне сүйенеміз.

Оқушы тыңдайды, оқиды, бақылайды – бұл іс-әрекеттердің бәрінде де оның сезім мүшелері арқылы қабылдау іске қосылады, ал содан кейін ғана есте сақтау, ойлану, ой қорыту, ақпаратты шығармашылық өңдеу және т.б. жүзеге асырылады.

Оқыту бағдарламасының түрлi операцияларды орындауға, оқыту қызметiн талдауға, түрлi құбылыстар мен үдерістердiң математикалық үлгiлерiн құруға мүмкiндiгi, әсiресе көрнекiлiктi жүзеге асыруда қызметi зор болып отыр (1-3-суреттерде) [2].

Сурет 1 – Компьютерсіз оқыту жағдайындағы ақпарат ағыны жүйесі

Сурет 2 – Интербелсенді тақта құралдарын қолданып оқыту жағдайындағы ақпарат ағыны жүйесі

Мұндағы, 1-Мұғалiм мен оқушылардың арасындағы ақпарат ағынының жүзеге асуы; 2- педагогикалық жабдықтау; 3-«компьютер – оқушылар» жүйесiндегi ақпарат ағыны.

ОҚУШЫ МҰҒАЛlМ

1

2

КОМПЬЮТЕР (интербелсенді

тақта) МҰҒАЛlМ

ОҚУШЫЛАР 3

(6)

2473

Сурет 3 – Компьютерлiк технология негiзiнде оқыту жағдайындағы ақпарат ағындарының жүйелері

Мұндағы, 1-Мұғалiм мен оқушының арасында ақпарат ағынының жүзеге асуы; 2- педагогикалық жабдықтау және талдау; 3- “компьютер – оқушы” ара қатынастары.

Компьютерлiк технологияны оқыту үдерісiнде қолдану үшiн компьютер, интербелсенді тақта құралдары қажет. 3-суреттегi сызба мұғалiмнiң жаңа материалды не тақырыпты түсiндiрудегi ақпарат алмасуын бейнелейдi.

3-суреттегi iшкi жүйе оқушы мен компьютер арасында тікелей әріптестік арқылы сипатталады. Бұл жерде компьютер оқушының орындайтын дербес тапсырмасын анықтап, оны экранға шығарады, тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді, қажет жағдайда тапсырманың шығарылу үлгiсiн экранда көрсетiп, көмектеседі.

Оқып-үйрену, негізінен, оқытушысыз жүргізіледі. Оқушы компьютерден алған оқу тапсырмасын қабылдап, оны өзбетiнше орындайды да, оқып-үйрену барысында қажет болған іс-әрекет жолдарының игерілу сапасы мен өз ақыл-ой қызметінің қол жеткен даму деңгейі жайлы ақпаратты, тапсырмадағы сұрақтардың жауаптарын, есептердің шығарылуын компьютерге енгізіп, жұмыс жасайды. Яғни, ішкі “оқушы-компьютер” жүйесінде оқушының оқып-үйрену үдерісi жүзеге асады.

Компьютерлік жүйеде мұғалiм оқушының оқып-үйрену жұмысының нәтижелерін, яғни жіберілген қателер саны, тапсырманы орындауға жұмсалған уақыт, оқып-үйренудiң қандай деңгейiне жеткені, бақылау жұмысының бағасы жөніндегі ақпаратты компьютерден алады. Ол алынған мәліметтерді оқу бағдарламасынан, ғылыми еңбектерден, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардан алынған ақпараттармен салыстыра отырып, оқушының ақыл- ой қызметі мүмкіндіктері мен деңгейлері сипаттамаларын талдайды.

Мұғалiм келешекте бұл ақпараттарды тиiмдi пайдалану үшін тапсырманың орындалу нәтижесiн компьютерде сақтайды. Оқыту мақсаты мен оқытудың нәтижелері арасында сәйкессіздік анықталған жағдайда, оқушы оқулық, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық және т.б.

құралдардан қажеттi ақпараттарды жинақтап, шығармашылық iзденiстер жасайды да, компьютердiң көмегiмен өзiнiң жұмысты орындау деңгейiне сай тапсырмаларын қайтадан таңдап алып, оны орындауға мүмкiндiк береді. Осылайша, сыртқы “компьютер-мұғалiм”

жүйесінде оқушының оқу-танымдық қызметін басқару үдерісі жүрiп жатады.

Егер мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетіне, қызметіне әсер еткісі келсе, ол алдымен олардың көру және есту сезімдік мүшелеріне әсер етеді. Сөйтіп, адам ақпараттың көп бөлігін осы анализаторлар көмегімен қабылдайды. Сондықтан адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.

Физиологиялық түстік ассоциация көптеген адамдар да олардың өмір сүру образы тұрмысы мен темпераментіне қарамастан біркелкі әсер етеді.

Сонымен адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді. Компьютерді қолданғанда оқушылардың түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерінде есте ұстаған абзал. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне аударады [3].

1

2 3

КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХЛОГИЯ

МҰҒАЛlМ ОҚУШЫ

(7)

2474

Қазіргі кезде математиканы компьютерлік оқытудың нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу аса маңызды орын алады. Бұған себеп оқу үдерісін компьютерлендіру психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын жан- жақты қамтуы болып табылады.

Зерттеу нәтижелелері көрсетіп отырғанындай, орта мектептің 5,6-сынып математика пәндерін оқыту барысында компьютерді қолдану мұғалім мен оқушының қарым- қатынасының жүйесі, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып түрлендіреді және олардың ынталылық сезімінің өсуіне әсер етеді.

Осылардың ішінде адам баласы көру және есту мүшелері көмегімен ақпараттың едәуір бөлігін қабылдайтындықтан, біз көз арқылы қабылдауға әсер ететін түр–түске сипаттама бере отырып, математика пәнін оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру үшін түр-түстің оқушының материалды игеруге тигізер әсерін қарастырдық.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050. – Астана, 2014. -3 б.

2. Бидосов Ә.. Математиканы оқыту методикасы. Алматы. 2000.

3. Рахымбек Д., Беркут А.К. Методика комплексного использования учебных средств в обучении математики. «Жас ғалым-2009» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. жинағы. Тараз қаласы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 18-19 сәуір 2009. -13 б.

УДК 51(075.8)

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Оспанова Ұлжан Әбдіраззаққызы [email protected]

Қазақ мелекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Алматы, Қазақстан

Ғылыми жетекші – Ханжарова Б.С.

12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол “жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндікті пайдаланатын жоғары білімді, шығармашыл, құзіретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды” алдын – ала болжайды (Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының жобасы). Білім беру технологиясы – оқу барысын жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс – әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құрады.

Ақпараттық технология білім берудің негізгі мақсаты қоғам талаптарына жауап бере отырып, қоғам өмірінің әр кезеңінде қажеттіліктің өзгеріп, соған орай білім берудің де негізгі мақсатын өзгертеді.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі–оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс–әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Оқытудың жаңа технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына мәліметтік және бағдарламалық

Referensi

Dokumen terkait

Мысалы, туншыгу жэне ток жаракаты тетенше жаFдайлары бойынша такырыптар; жабык бас ми жаракаты жэне жаралар жаракат нэтижес1нде дамыFан к1д1р1сс1з жаFдайлар бойынша такырыптар жэне

оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;  дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді; 