• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF Д.М. ҚАТЫШЕВ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF Д.М. ҚАТЫШЕВ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

№ 1 (92) 2013 5. Работа с кадровым резервом административной государственной службы (электрон. ресурс). – Режим до- ступа: http://www.kyzmet.kz/?lang=ru&id_1=62&id_2=275&month=10.

6. Выступление Президента Н.А. Назарбаева на Международной конференции по вопросам государствен- ной службы, г.Астана, 17 июня 2008 г. (электрон. ресурс). – Режим доступа: http://pa- academy.kz/ru/homepage / DokladOfPresident.aspx.

7. Отчет о деятельности Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по итогам 2010 года (электрон. ресурс). – Режим доступа: http://www.kyzmet.kz/?lang=ru&id_1=3&id_2=251&month=10.

8. Аналитический отчет Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы о результатах оценки деятельности государственных органов по управлению персоналом по итогам 2011 года.

9. Концепция новой модели государственной службы Республики Казахстан утвержденная Указом Прези-дента Республики Казахстан от 21 июля 2011 года № 119. (электрон. ресурс). – Режим доступа: http://kyzmet.kz/ ?lang=ru&id_1=2&id_2=2&month=3.

Поступила в редакцию 28.10.2012.

Д.М. ҚАТЫШЕВ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-ЖОБАЛЫҚ ӘДIСТI ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

http://www.enu.kz

In this article are risen sovershenstvoaniya issues of efficiency and governance in the Republic of Kazakhstan in the context of software and design method. Teoritecheskie basics of using a project approach in government.

«Жоба» термині латын тілінен алғанда «projectus» деп аталады. Ол «келешекке қадам»

деген мағынаны береді. Мақсатқа жетудің басты қағидасы да осы ұғыммен үйлесіп жатады.

Ұйымдардағы жоба деген ұғымды негізінен ұсынылған мерзімдер шеңберінде, ӛзінің бойына кейбір айрықша толыққанды міндеттерді сіңіретін ресурстар аясында нақты мақсаттарға қол жеткізу нәтижесі болып табылатын мақсатты қызмет деп түсінген жӛн.

Осы сәтке дейін отандық тәжірибеде «жоба» түсінігін ғимаратты, құрылысты немесе техникалық жабдықты салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама топтамасы туралы түсінігімен байланы-стырып келді. Жобаларды кәсіби басқаруда жобалар түсінігі белгіленген бюджет, уақыт пен сапа шеңберінде жаңа ӛнімді жасау немесе қызметті ұсыну жӛніндегі мақсатты іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үдерістерімен байланысып жатады.

Бұл ретте үдеріс: жобалық немесе ӛнімділік-бағдарланған үдеріс болып екіге бӛлінеді. Ол, ӛз ӛнімін жасау немесе қызмет кӛрсету, және ӛнімін жасау мен қызмет кӛрсетуді басқару үдерісі болып саналады. Жаңа ӛнім немесе қызмет кӛрсету түсінігі адамгершілік қызметтің мақсатқа сәйкестігінің барлық түрлерінде қолданылады: кітап шығарудан бастап, ғарышты игеруге дейін.

Мыңжылдықтар бойы инженерлік және техникада қолданып келген жобалық-бағдарланған тәсіл, ендігі кезекте ұйымдастыру, экономикалық, әлеуметтік және дәстүрлі емес салаларындағы басқа да жобалар таң қаларлық жетістіктерге қол жеткізуде. Осы «инженерлікке жатпайтын салаларда»

мүлдем әртүрлі ойларды, шараларды, айқын емес жоспарларды жобалар деп қарауға болады.

Оларға жобалық-бағдарланған технологияны қолдануға әбден болады: нақты мақсатты, нәтижені, жұмыс құрамын анықтап, қоршаған ортаның жобаға байланысы мен әсерін және кӛптеген оған қатысушыларды ескеріп, белгілі бір тәуекел ретінде осы ықпалдарды есепке ала отырып, оны іске асыру жоспарының негізделген пайдасын құру қажет. Мұндай тәсіл бізге нені жасау керек екенімізді түсінуге ғана емес, сонымен қатар қандайда бір нәтижеге қол жеткізуімізге мүмкіндік береді.

Осылайша, аталған жұмыстарды атқаруға кімнің керектігін, қандай ресурстің қажет екендігін, ол жұмысты қандай мер-зімде аяқтауға болатынын анықтауға болады. Және де ең басты мәселе: «Ол қанша тұратынын және оны қалай жүзеге асыруға болатынын» шешуге мүмкіндік береді.

Жобалық тәсіл бір жағынан алғанда еңбектің ӛзгеше мәдениетін қалыптастыруға, атап айтқанда жалпылай басқаруға септігін тигізеді. Ол белгілі бір бағдарламалық бағытты дамыту құралы бола тұрып, оған дейінгі ырықтандыру мен жаңарту бойынша стратегиялық міндеттерді тоқтатпастан «жақын арадағы мақсатты» анықтауға мүмкіндік беретіні де айғақ.

Жобалық тәсілдің идеясы жобаларды басқарудың әдістемесінде орын алады.

Жобаларды басқару – бұл нақты, теориялық емес әдістеме ғылымы, ол стандарт түрінде берілген

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

бүкіл әлемнің жобалық басқаруды шоғырландырған тәжірибесі деп түсінеміз. Ол міндеті бар және айрықша ӛнім нәтижесі деген түсінік беретін жоба ретінде біз қарастыратын кез келген істің жетістігі-не кепіл береді. Оқыған, сауатты жобаны басқарушы – халықаралық сертификатты иеленуші ғана емес, адамдық қызметтің барлық салаларында ӛзінің нақты және ең басты тиімді нәтижеге қол жет-кізуді мақсат тұтатын жобаны басқара алатын білімі бар тұлға болып саналады. Ол жобаны басқару барысында материалдық пайданы кӛздемейді [1].

Жобалық басқару адамның ұйымдастыру қабілетін ӛте ерекше арттырады. Ондай қасиетті қалыптастыру ӛзінің айналасындағы жұмыс рәсімдеріндегі болып жатқан жағдайды толық ұйымдастыра біледі, нәтижеге жету үшін ресурстің, ақшаның және уақыттың қаншалықты қажет екендігін айқындай алады, компанияның әрбір мүшесінде қандай жауапкершілік тұрғанын анықтай алатын болады. Бір сӛзбен айтқанда жобалық басқару – біздің келешегіміз, жаңа ӛнімдер мен жаңа жетістіктер. Оның тағы бір ерекшелігі берілетін тапсырманың уақыты ықшамдалады, немесе адамдар бір бірін жарты сӛзден ұғынып, бір бағытта ойлау мүмкіндіктеріне ие болады. Мәселен, жұмыстың сатылай құрылымын құру қажет делінсе, ол тапсырманы ұзақ және жалықтырып алатындай етіп түсіндірудің еш қажеті жоқ. Аталған тапсырманы орындау үшін белгіленген уақыттың қатаң тәртібінде команданың әрбір мүшесінің міндеті мен жауапкершілігін нақты айқындап, диаграмма түрінде неме-се кесте ретінде бәрін жазып, жалпы жобаның мақсатымен үйлестіру қажет.

Жобаларды басқаруды ауқымды масштабта қолдану арқылы жобалық бағытталған қызметін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл барлық деңгейдегі мемлекеттік және жеке кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттыру есебінен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму масштабына әсерін тигізеді, сондай-ақ, инвестициялық климатты жақсарту және соңынан қаржы-кредиттік ресур-стар айналымының қарқынды артуына әкеліп соғады. Ол түбінде ішкі жалпы ӛнім кӛлемінің артуына және халықтың ӛмірінің жақсаруына әкеледі [2]. Жобалық бағдарланған қызметке түрлі санаттағы қатысушылар кәсіби басқарудың мынадай әсерін алады:

Инвесторлар: мемлекеттік және жеке жобалардың айқындығын жоғарылату;

тәуекелдерді тӛмендету және бақылау; инвесторлар мен инвестициялық мүмкіндіктер ортасын кеңейту; жобалар қаражатын қолданудың тиімділігін арттыру есебінен инвестициялық қорды үнемдеу; инвестициядағы қайтарылымды жоғарылату.

Менеджерлер мен меншік иелері: бәсекелестік қабілетін арттыру; салынған капиталдың қайтарымын жоғарылату; қосымша пайда; басқарушылықты жақсарту.

Мемлекет: жобалар мен бағдарламаларды жоспарлау және жүзеге асыруда негізділік пен нақтылықты арттыру; қаражат пен ресурстің шығындалуын, орындалу мерзімін бақылау; тәуекелді, уақыт пен қордың шығындалуын тӛмендету; айқындылық; барлық деңгейдегі бюджеттер шығысын тӛмендету; мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру;

жемқорлыққа арналған мүмкіндіктерді қысқарту; экономикалық қауіпсіздікті арттыру;

инновациялық және инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру; ҰЖӚ маңызды артуы.

Қоғам: жалпы экономиканың тиімділігін арттыру; барлық деңгейдегі бюджет және кәсіпорын бас-шылары тарапынан әлеуметтік секторға қаражат бӛлуді ӛсіру.

Егер жоғары билік эшелонында бұл үдерісті түсініп, қолдау кӛрсетпесе жобалық басқарудың ауқымды ілгерілеуі мүмкін болмайды.

Басқа сӛзбен айтқанда, алдыңғы мәселенің тӛртінші тобы түрінде жоғары басқару деңгейдегі (министрліктер мен ведомстволардың басшылары және негізгі менеджерлері) мемлекеттік қызметшілердің құзыреттік деңгейі орын алады. Олармен жұмыс барысындағы қарым-қатынас кӛрсеткендей, олардың барлығы басты жағдайды меңгере отырып, жобаларды басқарудың негізгі терминологиясына басшылық етеді. Алайда, айырмашылығы бар жобалық менеджмент стандартта-рын пайдаланатын әртүрлі елде оқыту жүзеге асырылатын болғандықтан, басшылар ӛз қызметінде жобалық менеджменттің әртүрлі әдістемесі мен терминологиясын қолданады. Осындай жағдай әбден түсінікті қиындықтарға соқтырады. Бұл Қазақстанның ұлттық стандартын әзірлеу қажеттігін тағы бір айғақтайтын дәлел. Не болмаса әлемде қолданып отырған жобаларды басқарудың бір стандартын негіз ретінде алу дұрыс деп ойлаймыз [3].

Қазіргі заманғы мемлекеттік бағдарламалық-нысаналы басқарудың мазмұны соңғы нәтижені басқаруға бағытталған жобалық тәсілдерді қолдануға негізделуі тиіс.Тәжірибе барысында мемлекет- тік деңгейдегі мақсатқа жетуге бағытталған жобалық тәсілдерін қолдану түрі еліміздің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік саясатының мәселелерін жүйелі шешуге арналған ұлттық нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру болып табылады [4].

Ұлттық бағдарламалар мемлекеттің құрылымдық саясатын іске асырудың және оның әлеуметтік- экономикалық дамуына белсенді әсерін тигізудің маңызды құралының бірі болып табылады. Ол

124

(3)

№ 1 (92) 2013 атқарушы биліктің мемлекеттік органдарының құзыретіне кіретін жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған кең ауқымды, мемлекет үшін ӛте маңызды инвестициялық және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға жұмылдырылуы қажет.Ұлттық бағдарламалар мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді құралы болып қызмет атқаруы мүмкін, алайда соңғы уақытта кейбір бағдарламалар ӛзін ақтамады, олар іске асырылмай қалды. Тіпті кейбір мемлекеттік бағдарламалардың ресурстар- ды шоғырландыру құралы болудың орнына нақты жобаларда бағдарламаларға тапсырыс беруші бо- лып табылатын министрліктер мен ведомстволардың ағымдағы қызметіне қосымша қаржыландыру құралына айналып кету себептері тәжірибе барысында жиі кездеседі.

Кӛптеген ұлттық бағдарламалардың ерекшелік мәселелері болып бағдарламалар бойынша есеп-тер мен ӛзге де ақпараттардың сапасына, сондай-ақ оларды бақылауға байланысты мәселелер орын алады.

Бағдарламаларды қаржыландыру туралы барлық қаралған кӛздерінен толық ақпараттың болмауы нақты және кӛзделген қаржыландырудың сәйкес келмеуіне себеп болады. Сонымен бірге бағдарламадағы жоспарланған шараларды жүзеге асыруды салыстыру жүргізуге қиындық тудырады.

Бағдарламалық шаралардың тиімділігін ғылыми негізделген түрде бағалау мемлекеттік басқару сапасын арттыру саласында маңызды және ерекше міндет болып табылады. Осы міндеттің кӛкейкестілігі мемлекеттік масштабтағы жобалар саласында стратегиялық инвестициялық жобалар жүйесін іске асыруға байланысты арта түседі: тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылық, білім және денсаулық сақтау салаларындағы ұлттық жобалар, мұнай және газ секторындағы жобалар, кӛлік инфрақұрылымдық жобалар,экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамыту стратегиясын- да, ғылыми-инновациялық салаларда және басқасында орын алады.

Шетелдік басқару ғылымында тӛрт маңызды тұжырым пайда болды. Олар қазіргі заманғы басқарудың теориясы мен тәжірибесінің дамуына сүбелі үлесін қосты. Ол тұжырымдамаға: ғылыми басқару, әкімшілік басқару, адамдық қарым-қатынас тұрғысынан басқару және мінез-құлық ғылымы, математикалық тәсіл позициясы арқылы басқару жатады. Сонымен қатар қазіргі заманғы жағдайда дамуға мүмкіндік алған басқарудың үш ғылыми тәсілі бар: басқарудың процесстік тәсілі, жүйелі тәсіл және ахуалдық тәсіл. Осылайша, соңғы он жылда шетелдік басқаруда мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа тәсілдерін дамытуға әкелген маңызды ӛзгерістер орын алды.

Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуының жаңа кезеңі ӛткен ғасырдың 70 жылдарының межесінен басталды. Батыс елдерде мәртебенің, мемлекеттің әлеуметтік

рӛлінің және қоғамдағы әкімшілендірудің жаңа түсінігін бейнелейтін «жаңа мемлекеттік басқару»

тұжырымдамасын орнықтырған мемлекеттік басқарудың парадигмасы ӛзгеріске ұшырады. Аталған тұжырымдама «мемлекеттік менеджмент» түсінігі жайында жазылған мазмұндамада кеңінен кӛрініс табады. Термин мен басқарудың жаңа моделі Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Австралияның жартысы, АҚШ, Скандинавия елдері мен Германияда және т.б. ойдағыдай қолданысқа ие болды.

Мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі оның құрылымымен тығыз байланыста болып отыр. Құрылым қоғамның құрамдас бӛліктерінің, әлеуметтерінің арасындағы тұрақты және реттелген бай-ланыстар. Құрылым жүйенің ішкі құрылысы, оны ұйымдастыру формасы, ең маңызды қосындысы, жүйені қалыптастырушы ішкі жүйе, элементтер мен нық байланыстар, олардың арасында жүйенің не-гізгі сипатын, оның тұтастығын қамтамасыз етеді. Осы ғылыми жұмыста алты мемлекеттік басқарудың жүйені қалыптастырушы ішкі жүйесі бӛлінеді.

Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау әдістемесінің болуын талдау қолданыстағы бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың басым бӛлігінде әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау әдістемесінің мәні қаралмағанын кӛрсетеді. Кӛптеген бағдарламалар нәтижелілік кӛрсеткіші түрінде нақты кӛрсеткіштердің құнын қосып қарайды.Ал кейбір бағдарламалар тобында әлеуметтік- экономикалық тиімділікті бағалау әдістемесінің ағымдағы бағалауы бағдарламалардың нақты орындалуының жоспарлы (нысаналы) индикаторларына сәйкес келетінмен тізбектеледі.

Бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесі: бағдарламаның тиімділігін бағалау және бағдарламаны басқару тиімділігін бағалаудан тұрады. Бағалауға қойылатын негізгі талаптар оның толықтығы, айқындылығы және бір мағыналығы болып табылады.Бағалау нәтижесінде алынған қорытындылар қалпына келтірілуі тиіс.Ол үшін бағалау әдістемесінде мыналар жазылуы керек:

– бағдарламаның тиімділігін бағалауға арналған кӛрсеткіштер құрамын негіздеу (соның ішінде бағдарламаның негізгі міндеттерімен байланыстыру), бағдарламаның тиімділігінің нысаналы (басты) және қосалқы кӛрсеткіштері;

– тиімділік кӛрсеткіштерін бағалау мерзімділігі, бағдарламаның тиімділігін бағалаудың ағымдағы (іске асыру кезеңіндегі) және аяқталуы (бағдарламаның бір кезеңін аяқтаған соң немесе жалпы бағдарламаны аяқтау) ерекшелігі;

– бағдарламаны іске асырудың тиімділік кӛрсеткіштерін есептеу әдістемесі (әдістеме);

125

(4)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

– бағдарламаны іске асыру (олардың алыну кӛздерін кӛрсете отырып) тиімділігі кӛрсеткіштерін есептеу үшін бастапқы деректерін сипаттау;

– қажет жағдайда – бастапқы деректерді жинаудың арнайы рәсімін (осы рәсімдерді қолдану қажеттілігін негізге ала отырып)сипаттау;

– олардың тиімділігін бағалау үшін бағдарламаның нәтижесіне мониторинг жасау тәртібі мен рәсімі.

Әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау әдістемесін әзірлеу кезінде негізгі қағидалар ретінде мыналар болуы қажет:

– бағдарламаның мақсаты мен міндетіне бағдарлау;

– әртүрлі салдарды толық есепке алу;

– уақыт факторын есепке ала отырып бағалау құнын қолдану (дисконттау, есептеу);

– сыртқы салдарды есептеу.

Жобаларды басқарудың әдістемесін пайдалану және бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың тиімділігін бағалауға ұсынылған тұжырымдамалық тәсілдерді қолдану (экономикалық және әлеуметтік тұрғысынан қарағанда) мемлекеттің кең ауқымды стратегиялық шараларын тиімді жүзеге мүмкіндік береді. Олар: тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылық, білім және денсаулық сақтау салаларындағы ұлттық жобалар, мұнай және газ секторындағы жобалар, кӛлік инфрақұрылымдық жобалар,экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамыту стратегиясы және ғылыми-инновациялық салалар [5].

Жалпы осы уақытқа дейін еліміздегі жобалық менеджментті ілгерілету үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасу кезеңінде тұрғанын мойындаған жӛн. Бұл салааралық және кластерлік жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында кері әсерін тигізіп жатады.Ӛйткені менеджерлер мен мемлекеттік қызметкерлер уақыттың басым бӛлігін қандай стандартты немесе әдісті қолдануды анықтай алмай жатқанын аңғартады.Осылайша,еліміздегі жобалық менеджементті ілгерілету рәсімінің жоғарыда ұсынылған жалпы сипаттамасына қарап,мемлекеттік органдардың үйлестіру және ӛзара әрекет ету жұмыстарын күшейту қажеттігіне куә боламыз. Осыдан барып азаматтық қоғамның нығаюы мен ӛзіндік ұйымшылдығы, жаңаша басқару технологиясы саласындағы мемле-кеттік құрылым мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы әріптестік қарым қатынасты дамыту қажет екеніне тағы да бір кӛз жеткіземіз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Жобаларды басқару жӛніндегі білімді жинауға нұсқаулық, 3-ші басылым, 2004 ж.

2. ҮИИДМБ және ҚР басқада мемлекеттік бағдарламаларды мемлекеттік басқару жүйесінің тұжырымдамасы, Астана, 2010.

3. Сычев Н. «Проектный подход», «Бизнес-журналы». -№ 14, 2005 ж.

4. www.4PM.com портал материалдары.

5. Некрасова Н.А. ҚР ЖМО жобалар мен бағдарламалар жӛніндегі атқарушы директоры, PMI мүшесі «Про-ектный подход как инструмент эффективного управления» мақаласы, (5 б.).

Редакцияға 28.10.2012 қабылданды.

126

Referensi

Dokumen terkait

Ӛз кезегінде олар жаңа мифтің кӛркем қҧрылымына ӛзінің ішкі қасиеттерін бағындырады: – барлығында бәрінің болуы; – уақыт ағысында, иллюзия мен шынайылықта себеп пен салдардың

Екі ел арасындағы бастылары - қазақ ақыны Сүйінбай мен қырғыз ақыны Қатағаның, қазақ ақыны Сарбас пен қырғыз ақыны Қалмырзаның және қазақ ақыны Қаңтарбай мен қырғыз ақыны