1
Е.Е.Омарбеков, педагогика ғылымдарының кандидаты
М.Н.Бакиев, физика-математика ғылымдарының кандидаты
Ә.Ж.Жанатова, магистрант
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Мақаланың көкейкестілігі — жоғары оқу орны студенттерінің қазіргі заманғы этапындағы құқықтық мәдениет саласын, тенденцияларды өте терең зерттеп білу қажеттілігі келісілген.
Мақалада құқықтық мәдениет анықтамасы әлеуметтік құбылыс ретінде түсіндірілген, тұлғаның және қоғамның сапалы құқықтық күйі сипатталған және құқықтық қызметтің, заң актілерінің, құқықтық сананың даму деңгейіне жетуін көрсетеді, сондай-ақ субъектінің құқықтық деңгейінің дамуы, мемлекетпен, азаматтық қоғам бостандығымен және адам құқығымен кепілдік дәрежесін береді 1.
Құқықтық білімдер – студенттердің өміріндегі және кәсіби белсенділігіндегі өзгертулердің оң болуына мүмкіндік туғызуы керек. Құқықтық ақпараттармен танысу ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы құқықтық ойлауын қалыптастыру маңызды.
Индивидте құқықтық мәдениет қалыптастыруға тұлға, отбасы, мемлекет және басқа қоғам институттары әрекеттестік етеді: БАҚ, қоғамдық бірлестіктер, діни мекемелер және тағы басқалары. Құқықтық тәрбиелеу қызметіндегі бірегей оқу орнына беріледі, онда құқықтық мәдениеттің дамуы негізінен құқықтық оқытумен жүзеге асырылады. Бірақ, студент тек қана ЖОО-да оқып тәрбиеленбейді, сонымен қатар өз өмірінің мәдени ортасымен жәрдемдесетінін естен шығармаған жөн 2.
Қазіргі таңда нақты өмірдегі едәуір қажет құқықтық білім арасындағы қайшылықтар тұрақты болуы мүмкін. Бір жағынан, ЖОО-да құқықтық білімді оқытудың жұмыс істейтін механизмі, негізінен кейбір құқықтық білімдерді алуды қамтамасыз еткенімен, студенттердің құқықтық мәдениетінің толығымен дамуын қамтамасыз етпейді.
Студенттердің қандай білім алатына байланысты, заңгерлік емес немесе заңгерлік жоғарғы білім алатын студенттердің құқықтық мәдениетінің тенденциялары әр түрлі болады.
2
Заңгерлік емес факультетте оқитын студенттердің құқықтық мәдениетінің тенденциялары.
Заңгерлік емес факультетте оқитын студент, негізінен, оқыту курсында құқықтық білімді
«құқықтану» пәнін оқу барысында алады. Заңгерлік емес факультеттің оқу жоспарында ережеге байланысты:
1) құқықтану курсын оқытуға бір семестр беріледі;
2) курс бойынша көбіне практикалық сабақтар қарастырылмаған, тек қана дәріс;
3) көп жағдайда оқыту формасына байланысты жоғарғы білімді алуда өзгешелік ескерілмейді (күндізгі, күндізгі-сырттай, сырттай): тек дәріс сағаттарының саны әр түрлі болады (күндізгілерде материал толығымен баяндалады, ал сырттайда - шолу).
Құқықтық мәдениет даму ықыласына байланысты құқықтық тәрбиелеуді жүргізудің басым сипатты бағытын табу барысында студенттердің көңіл-күйлеріне назар салып қарау керек. Бұл сұрақта заңгерлік емес факультеттің студенттерімен құқықты әлеуметтік реттеуіш ретінде әңгіме жүргізу маңызды атқарады. Біздің көзқарас бойынша, ең жарқын нақ теріс көңіл-күй көрсетіледі, олардың арасында:
құқықтық нигилизм – құқыққа қайшы қарау (ұлғайтусыз жаппай сипатта болады):
«егер заңды ешкім орындамаса құқық не үшін керек?»;
қорқыныш және тұрақтылықсыздық сияқты жұрт алдында өкімет басқаруымен шектесуін сезіну: «айналамызда кеңсешіл топ және сыбайластық: қарапайым адам шыңдыққа жете алмайды», «біз үшін барлығы шешіліп қойған»;
құқықтық білімдерге екінші дәрежелі деп көңіл бөлу, диплом алатын мамандықты оқытудан алаңдату: «егер құқықтық білімдер қажет болған жағдайда маманға сүйенген дұрыс, өзің бәрібір ештеңе түсінбейсің», «әттеген, артық ақпарат оқу керек».
Назар аударыңыздар, бұл көңіл-күйлер факультет ерекшелектеріне байланысты әр түрлі көрсетіледі: гуманитарлық факультетте нигилистикалық көңіл-күй басым болады; жаратылыстану факультетінде – құқықтық білімдерге өкініш кедергі ретінде қатынасады.
Құқыққа қызығушылықпен қарайтын студенттер арасында құқыққа пайдакүнемдік қатынастар өте жиі кездеседі: құқықтық оқиғаларға қызығушылық нақты жағдайларды талдаумен тәмәмдалынады, олар нормативті құқықтық бұйрықтарды түсіндіруді талап етеді. Одан ары, теңдестіріледі, ол тап осы кезеңде қажетті болады (шартқа байланысты, азаматтық құқықты білу тек қана ҚР азаматтық кодексін білумен ассоцияланады).
Заңгерлік емес факультеттің студенттерінің құқықтық мәдениетін дамыту қызығушылығында құқықтануды оқытудың ерекшелігін және нақты студенттер аудиториясының көңіл-күйлерін ескеру керек.
«Заңгер» мамандағында оқитын студенттердің құқықтық мәдениетінің тенденциясы.
ЖОО-ның және факультеттің заңгер мамандығында оқитын студенттері құқықтану мамандығын болашақта қызмет ретінде таңдаған. Әрине, барлық заңгер-студенттер құқықтық оқиғаларды жан-жақты танып-білуге шын мәнінде құштарлық танытады деп қорытындылауға болмайды. Алайда, бұл топтарда құқықтық білімдердің табысты әлеуметтенуі жүзеге асырылуы керек деген түсінік бар (бірақ мансапқа байланысты).
ЖОО-ның және факультеттің заңгер студенттері құқықтық мәдениеттерінің негізгі тенденциялары келесіде көрсетілген:
3
жаңа құқықтық ақпарат көлемінің үлкен талаптарына байланысты студент субъективті осы немесе басқа ақпараттың басымдылығын анықтайды («маңызды» және
«маңызды емес» құқықтық ақпарат (шартқа сүйеніп айтатын болсақ, құқық теориясын білу –
«маңызды», ал орман заңдарын білу – «маңызды емес»);
студент практика жүзінде аймақтық заңдармен таныс емес, өйткені дәстүрлі түрде оны оқып-үйренуге оқыту жоспарында аз уақыт бөлінген; оқу үрдісі негізінен мемлекеттік заңдарды оқып-үйренуге бағытталған;
студенттерге құқықтануды оқытуда барлық заңдардың салалары ұсынылмаған, мысалы, мәдениет, білім, құрылыс құқығы, әскери құқық заңдары және басқа құқық салалары заңгерлік ЖОО-ның және факультеттің оқыту жоспарында аз көрсетілген. Бұл білімдегі «кемшілік»
факторларының бірі болып табылады;
заңгер-студенттер арасында, олар өз болашақтарын заңтану саласындағы жұмыстарымен байланыстырады және кейбір тұлғалар құқық саласында зерттеу жұмыстарымен айналысуды қалайтындары да кездеседі. Олар құқықтану-ғалымы болуды көздейді; біздің ойымызша, осы топтағы студенттер арасынан құқықтық идеалистерді кездестіруге болады. Олар құқықты абстракция ретінде қабылдайды, құқыққа тек қана немқұрайды қарап зерттеумен әуестенеді 3.
Бағыныштылықтарына қарамастан, студент заңгерлік емес немесе заңгерлік жоғары білім алуына қарай өздері анықтауға дайын болулары керек. Студенттердің құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейі жекелікпен, қабілетілікпен жоспарланылады:
1) күші бар заңдарда бейімделуі және негізінен – таңдаған мамандарының еңбектеріндегі құқықтық аспектілері;
2) құқықтық бұйрықтарды нақты өмірлік жағдайларда дұрыс қолдану;
3) заңдарды жетілдіру мүмкіндіктерін ұсыну, сонымен қатар, мамандықтары бойынша еңбектерін реттеу.
Құқықты оқытуда жетілдіру қызығушылықтарында құқық пәндерін оқыту шеңберінде ұсыну қажет:
1. Оқыту үрдісін ақпараттандыру мүмкіндігін қолдану. Осы әдіс оқыту үрдісін оңтайлаудың әр түрлі нұсқасы көрсетілген.
Біріншіден, курстың мазмұнын, нормативті құқықтық актілерді, соттық практикаларды, электронды тасымалдаушыға тасымалдау, осыған байланысты әрбір студент оқу пәнін оқып біткеннен кейін де өзін қызықтыратын керек ақпараттарды алады.
Екіншіден, студенттерге сайттардың электронды адрестерін, мәліметтерін жеткізу, олар заң ғылымдарын оқытуда пайдалы болады, мысалы, мемлекеттік билік органдарының сайттарының адрестері.
Үшіншіден, студенттерге қазіргі заманғы анықтамалық құқықтық жүйелердің мүмкіндіктерін түсіндіру, мысалы, кейбір атақты жүйелер – «Консультант плюс» және
«Юрист».
2. Интерактивті оқытуды жетілдіру (мысалы, алдын ала сұрақты тұжырымдау (мысалы, шешімді талап ететін мәселелі жағдай), оған студент өзі жауап іздеуі керек, ал сосын ұсынылған шешім нұсқасын талқылау.
3. Студенттің өздік жұмысын ынталандыру.
Дәстүрлі түрде үй тапсырмасын, жұмыс формасын баяндама және реферат
түрінде дайындау. Алайда басқа жұмыс формаларын дамытуға болады. Мысалы, нақты
бір мерзімдегі баспасөздің шолуы (мысалы, «политақпарат»).
4
Құқықтық пәнді оқуда құқықтық мәдениеттің қалыптасуы және дамуы қызығушылығында нақты шаралар реті ұсынылған, оларды ЖОО деңгейіне енгізуге болады:
1. Мемлекеттік және муниципальды органдармен, қоғамдық органдармен қарым-қатынас орнату (мысалы, құқық қорғау органдары, саяси партиялар), әсіресе, ЖОО-да кездесулер ұйымдастыру, сонымен қатар, осы органдар және мекемелер орналасқан орындарда да кездесулер ұйымдастыру керек.
Осы аспектіде ЖОО-ның құқықтық мәдениеттерін жоғарылату бағытында мақсаттық бағдарламалары бар мерекелік іс шараларды жүзеге асыруда әр түрлі қарым- қатынас ерекшеліктерін айтуға болады. Соңғы уақытта бұл бағыт еркеше көкейкесті болып табылады. Осындай бағдарламаларды ЖОО-да жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастыруға болады:
құқықтық мәдениет саласында тенденцияны анықтау үшін сұрақ-жауап жүргізу, ал студенттің құқықтық саласын хабардар етуінде, құқықтық білімдерге нақты талаптар, құқықтық тәрбиелеу үрдісіндегі объективті кездесетін қиындықтар туралы ақпаратты алу;
қазақстандық жеке заңдар салаларының білімдерін бақылау үшін тест жүргізу (тест тапсырушылардың шын заң мазмұнының ұсынылуы олардың түсінуімен сәйкестігін көруге болады).
2. Құқықтық білімдерді өте жетік меңгергендіктерін анықтау бағытында ЖОО ішінде және ЖОО арасында тақырыптық олимпияда және викторина жүргізу.
3. Мемлекеттік және құқықтық шеңберіндегі жеке көкейкесті сұрақтарды түсіндіру (мысалы, мәжілістер жүргізумен ұштасуы мүмкін (сайлаушылық жүйесінің динамикалық даму жағдайларының таңдау институтымен тарату).
4. Саяси-құқықтық оқиғаларды мәлімдеу (мысалы, ресми мемелекеттік
тұлғалардың визиттері), құқықтық іс шаралар (мысалы, конференция, семинар), саяси- құқықтық бағыттарды БАҚ-қа беру (мысалы, «Парламентский час» бағдарламасы
«Россия» телеканалындағы).
Мақаланың соңында айта кететін болсақ, студенттердің құқықтық мәдениетінің қалыптасуы және дамуы ЖОО-ның оқыту үрдісінің алдында тұрған маңызды мәселе болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Большая юридическая энциклопедия / авт.колл. –Авасян В.В., Андреева С.В., Белякова Е.В. и др., отв.ред.–
Дубянюк Н.. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. – С.455.
2. См. о культурной парадигме образования: Щиголева Н.В. О культурной парадигме образования //Философские и психолого-педагогические проблемы нравственной жизни личности: Материалы международной научно-практической конференции. – Воронеж: Центрально-Черноземное книжное издательство, 2003. – С. 398 – 402.
См. о правовом идеализме: Большая юридическая энциклопедия. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. – С.457