• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF МАССМЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК М.Б.Шындалиева

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF МАССМЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК М.Б.Шындалиева"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

МАССМЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК М.Б.Шындалиева

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан Қазақстан Президентiнiң "Қазақстан – 2030» бағдарламасында барлық қазақстандықтардың ӛсiп-ӛркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзiмдi басымдық ретiнде ұлттық қауiпсiздiк айқындалды, оның құрамының бiрi ақпараттық қауiпсiздiк болып табылады.

Қоғам мен мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени ӛмiрiндегi ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуге жоғары талаптар қояды. Тәуелсіз мемлекетімізге қажетті мемлекеттік институттар тәжірибиесі мен біліктілігі күн сайын артып келеді. Соның ішінде ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ұстанып отырған ақпараттық саясаттың мәні зор. Ел Президентінің «Қазақстан -2030» Жолдауы жарияланғанынан бері ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылықпен егіз ұлттық біртұтастық сақталып нығаю түсуде. Ішкі саяси тұрақтылықтың сақталуы қоғамның негізгі бірлігі және қазақ елінде ӛмір сүріп жатқан жүздеген ұлт ӛкілдері мен қазақ халқының ӛзара байланысы, қарым- қатынасы бұрынғыдан да күшейе түсуде. Біздің еліміздегі демократиялық жүйенің қалыптасуында айтарлықтай алға басушылық бар, әлеуметтік-экономикалық дамуымызда оң нәтижелерге қол жетуі халықаралық беделіміздің бұрын-соңды болмаған дәрежеде шарықтап ӛсуінің себебі болса керек. Біріншіден, елімізде этникалық топтардың құқықтары тең болуы қамтамасыз етілген, екіншіден, әр кезеңдерде туындаған әлеуметтік проблемалар дер кезінде шешіліп отырады, үшіншіден, әртүрлі конфессиялар арасында сенімді қарым-қатынас орнаған.

Қазақстан Орта Азия елдері ішінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтау саясаты жағынан алда келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда сындарлы ақпараттық саясатты жүзеге асырылып отыр. Азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі ақпараттық саясатқа негіз бола отырып, Қазақстанда барлық мүмкіндіктер толыққанды қамтамасыз етілу жағы қарастырылған. Ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін ақпаратқа еркін қол жеткізу, мемлекет пен масс- медиа арасындағы байланыс және елімізде коммуникацияларды дамыту мәселелерін заңнамалық тұрғыда ӛзара ажырату мақсатында Қазақстан ӛз ақпарат кеңістігін қамтамасыз ету үшін Елбасы Жарлығымен «2006-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту туралы»

тұжырымдамасын бекітті. Мұнда заманауи ақпараттық қоғам құру кӛзделіп, электронды үкімет, сандық телевидение және интернет жүйесін кеңінен қолдану жан-жақты қарастырылған. Шалғайдағы елді мекендердің әр тұрғыны қажетті ақпаратқа және бүкіләлемдік ғаламтор қызметіне қол жеткізуіне мүмкіндік жасау жолдары кеңінен қарастырылып жатыр.

Әртүрлі ақпарат кӛздерін пайдалану арқылы халықтың дүниеге кӛзқарасы кең түрде қалыптасып, жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік туып отыр. Қазақ тілді басылымдардың саны мен сапасы жылдан жылға кӛтеріліп келеді, «Айқын», «Жас

(2)

қазақ», «Алтын Орда», «Түркістан», «Ана тілі», «Айқара»т.б. сияқты басылымдардан оқырман кӛп нәрсе үйренуіне болады. Ал ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясатты жүргізуде республикалық

«Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Нұр - Астана» басылымдары белсенділік танытып, саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастыруды, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етіп, анағұрлым байыппен, сындарлы және ашық талқылауды үрдіске айналдырған.

Қазақстанда ӛмір сүріп жатқан халықтарды қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, тӛзімділікке, қоғам алдындағы жауапкершілікке баулуды жүзеге асыруды еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырып отырғаны күмәнсіз. Оның ішінде

«Қазақстан -1» ұлттық арнасы, «Хабар» агенттігі, «Астана» арнасы қазіргі ӛмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыруда қомақты істер атқарып келеді.

Қазіргі БАҚ-тың ақпараттық-танымдық маңызы зор, ақпараттық кеңістігімізді ӛзгеден қорғау үшін қазақстандық БАҚ-тың мәселелері мемлекеттік дәрежеде шешіліп отыр деуге толық негіз бар. Біздің мемлекетіміз ӛз ақпараттық саясаты арқылы ел мүддесін кӛздеп отыр. Ақпараттық заманда бәсекеге қабілетті болу үшін кез келге бАҚ ӛзінің техникалық мүмкіндігі мен полиграфиялық деңгейін, материалдық жағдайын жақсартып, журналистердің табысын кӛтеріп, нәпақа үшін біреуге тәуелді болмауын, ӛз еліміздің мүддесіне жұмыс істейтіндей жағдай жасау жағы да қарастыратын күнге жеттік. Ақпараттық саясат заңдық тұрғыда реттелген жағдайда ғана қоғам ӛкілдерінің ақпаратқа біркелкі қол жеткізе алуы қамтамасыз етіледі. Ақпаратқа толыққанды қол жеткізу мүмкіндігі қоғам ӛкілдерінің, ақпарат алушы мен ақпаратпен қамтамасыз етуші арасындағы ӛзара ықпалдастықтың нәтижесінде ғана жүзеге асады. Бұл жерде негізгі ақпарат жалғастырушы рӛлін бұқаралық ақпарат құралдары атқарады.

Бүгінгі таңда Қазақстан заманауи ақпараттық қоғам құруды кӛздеп отыр.

Сондықтан оның негізі - электронды үкімет, сандық телевидение, интернетті кеңінен қолдану және ақпаратқа жедел қол жеткізу болып табылады. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тұрақты кеңесінде сӛз сӛйлеген Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдегені белгілі. Министріміздің Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамыту жӛніндегі баяндамасын кӛпшілік қауым жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адамның саяси ӛмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап ӛтті. Мұның ӛзі қоғамдағы кӛп жақты, кӛп сатылы қарым – қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде саяси сана мен ақпараттық саясат істерінің оңға басуына жол ашты. Қоғамдағы шынайылықтың объективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам ӛз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы дәлелдеп отыр.

«Мемлекетіміз ӛзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспаралар қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр.

(3)

Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясат қалыптастыру және нақты іске асыру мәселелелері шектен тыс кӛп қырлы.

Кез-келген қоғамда демократияның пайда болуының қажетті алғышарты — онда азаматтық саяси мәдениет пен онымен тығыз байланысты демократиялық ақпараттық саясаттың ӛмір сүруі болып табылады. Қазіргі таңда қоғамымызда демократиялық ақпараттық саясат қалыптасып орнықты.

Ақпараттық саясаттың мақсаты қоғамдағы жағдай мен ӛзгерістерді дер кезінде азаматтарға жеткізіп, демократиялық саясат туралы ақпараттарды тарату, осы негіздегі құндылықтарға тәрбиелеу арқылы оны орнықтыру болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның ӛтпелі кезеңдегі дербес мемлекеттік ақпараттық саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен оны жүзеге асырудың ӛзекті мәселелерін тӛмендегідей қажеттіліктерден туындап отыр: Біріншіден, ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясаттың рӛлі ерекше, екіншіден, ақпараттық саясаттың рӛлі жастардың саяси білімін қалыптастыруына ықпал ететін негізгі фактор, үшіншіден, Қазақстанның саяси тұрақтылығының қалыптасуы мен дамуына ақпараттық саясат қызмет етеді.

Ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясат нақтылы саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсіндіруді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырады.

Ақпараттық саясат ең алдымен қоғамның саяси ӛмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейді.

Ақпараттық саясатты қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Кез келген ел бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы жүзеге асырады. Мемлекетпен қатар ақпараттық саясатты қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Ақпараттық саясатты қалыптастыруда елеулі рӛл атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарына баспасӛз, радио, теледидар жатады. Қазір оларды биліктің тӛртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылыми мен техниканың дамыған жағдайында теледидардың рӛлі орасан ӛсті. Бүгінгі таңда әлемдегі, ӛз еліндегі болып жатқан жаңалықтарды миллиондаған адам теледидар арқылы кӛзімен кӛре алады. Сондықтан ішкі жӛне сыртқы саясат бойынша қабылданып жатқан шешімдер саяси сананы қалыптастыруға зор әсерін тигізе отырып, ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рӛлін белгілеп беріп отыр.

Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асыру мен ақпараттық саясат қалыптастырудағы нақты қадамдары болашаққа бастаған Елбасының жасампаз да жарқын жолы екені сӛзсіз.

Ақпараттық соғыс деген ұғымының пайда болғанына кӛп уақыт ӛткен жоқ.

Ақпараттық соғыс жүргізудің стратегиясы 100 жыл бұрын «Сион даналығы хаттамаларының жинағы» деген құжатта құрастырылып, қазіргі ірі-ірі державалардың ақпараттық саясатында сол ӛсиеттің басты қағидаға айналып отырғанына куәміз. Бұл құжаттың екінші тарауында мемлекет жүйесінде халықтың қоғамдық ойын қозғаушы құдіретті күші – баспасӛзге баса мән беру. Ақпараттық майдан жүргізуде кез келген ел ӛзгенің басқару жүйесі, халықты ақпараттандыру, терроризм, экономикалық соғыс, қаржы бағдарламасы, жалпыхалықтық дауыс беру,

(4)

т.б.сияқты мемлекеттің басты салаларын тұтастай бақылауға алуы тиіс. Кеңес Одағы тұсындағы ақпараттық соғыстың мәні үш бағытқа жұмылдырылғаны белгілі.

Онда америкалық саясатты жоққа шығаруға арналған материалдар жариялау, сонымен қоса АҚШ пен НАТО-ға кіретін мемлекеттерді арандатуға арналған материалдар әзірлеу, бейбітшілікті жақтайтын батыстық мемлекеттерді қолдау кӛзделгені ақиқат.

Қазақстан ӛз ақпарат кеңістігін қамтамасыз ету мақсатында Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен «2006-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту туралы» тұжырымдамасын бекітті. Бірақ біздің елдің ақпарат кеңістігі Ресейдің ақпараттық экспансиясынан құтыла алмай отыр. Ресейден келген әрбір басылым жергілікті аудандық, қалалық әкімшіліктерден тіркеуден ӛтпей-ақ таратылуа. Оның ішінде «Комсомольская правда Казахстан», «Аргументы и факты Казахстан», т.б. басылымдардың қосымшалары шектеусіз таралуда. Қазақстандағы ресейлік телеарналар мемлекетаралық, үкіметаралық келісімдер арқылы хабарларын таратып отыр. Оны басқа елдер сияқты мүлдем жауып тастауға тағы болмайды. Олар заңда белгіленген 50 де 50 бойынша тепе-теңдік сақтап, орысша хабарлар қазақшаға аударылып берілуде. Бір ескеретін жағдай қазақша хабарлар түн ауа берілуі түсініксіз. Сонда қазақша кӛретін қазақтар түнде ұйықтамайтын «үкі» болғаны ғой. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі негізінен, «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңда да қарастырылған.

Онда шетелдік БАҚ-тың акциялары 20 пайыздан аспауы тиіс деп кӛрсетілген.

Нақтылы ӛмірде бұл заңдар іске аспай отырғаны тағы бар.

Ресейлік БАҚ-тың ақпараттық-танымдық маңызы зор, бірақ тәрбиелік мәні жоқ хабарлар мен басылымдарды таратуға тосқауыл қойып, шектеу міндеті дұрыс атқарылып отыр ма деген заңды сауал туады. Қазақ халқының діліне жат кӛрсетілімдер мен газет-журналдардың ӛзі қазір еліміздің аймақтарында таратылып жатыр.

Мемлекетіміздің ақпараттық саясатында қазақ мүддесі бар екенін ескерсек, Ресей БАҚ-тары арқылы кӛп нәрсені үйренуге болатынын да мойындағанымыз жӛн.

Ресейдің БАҚ-мен біздің Қазақстан БАҚ-тары таласа алмайтыны бесенеден белгілі.

Жоғары бәсекеге қабілетті болу үшін техникалық мүмкіндік пен полиграфиялық, материалдық жағдай да рӛл атқаратыны кӛп жағдайда ескерілмейді. 150 млн. халқы бар Ресейден 15 млн халқы бар Қазақстанның үйренері кӛп. Ӛзіміздің ақпараттық кеңістігіміз анық та мықты болуы үшін ірі-ірі құрылтайшысы бар БАҚ-тар мемлекет саясатымен ортақ мүддеге жұмылдырылса ғана ақпараттық саясатты жүргізуде табыстарға жетуге мүмкіндік туады. Сонда ғана БАҚ неғұрлым шындыққа жақын болатыны сӛзсіз.

Жергілікті деңгейдегі БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу асыру мақсатында бюджеттен жыл сайын миллиондаған теңге бұқаралық ақпарат құралдарына, электронды бұқаралық ақпарат құралдарына бӛлініп отыр.

Мемлекеттiң ақпараттық саясатын қамтамасыз ету адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға қабiлеттi ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтiк тетiктердi қамтитын кешендi кӛзқарасты пайдалануды, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығын, саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты,

(5)

заңдылық пен құқықтық тәртiптi қорғау мақсатында пайдалануды, ақпараттық қауiпсiздiк саласында ӛзара тиiмдi халықаралық ынтымақтастықты дамытуды талап етедi.

Referensi

Dokumen terkait

Ақпараттық нарықта 2265 шетел бҧқаралық ақпарат қҧралдары жҧмыс істейді, сонымен бірге 2183 газет пен журналдар және 82 теле-радио-бағдарламалар бар.. Ақпараттық кеңістіктің жаһандануы