№ 1 (86) 2012
285
14. Павлюк И. Арабо-израильский конфликт: продолжение следует -http://podrobnosti.ua/
podrobnosti/2001/12/16/10231.html
15. «Israel›s Disengagement Plan: Renewing the Peace Process», Israel Ministry of Foreign Affairs, April 20, 2005.
16. ews.bbc.co.uk/hi/russian/international/newsid_7114000/7114291.stm. Конференция в Аннаполисе:
оптимисты и пессимисты. – «BBCRussian» (27.11.2007).
17. www.cnn.com/2007/POLITICS/11/27/bush.mideast/index.html – «Bush: Israelis, Palestinians agree on framework for peace talks» - «CNN» (27.11.2007).
18. Сурков Н. Надежды на мирный процесс опять не оправдались - Независимая газета, 12.03.2010
19. Попов А. - Исламистские партии Египта одерживают победу - «Вести ФМ» http://radiovesti.ru/
articles/2012-01-09/fm/27773
Поступила в редакцию 22.09.2011.
С.М.ОРАЗБАЕВА
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ-ЕРІКТІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
In this article theoretical bases of emotionally-strong-willed development of younger schoolboys are considered.
Қазіргі білім беру беру реформаларының негізгі бағыты білім берудің бастапқы баспалдағын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Білім беру тұжырымдамасының мәні бастауыш сынып оқушысының дамуы мұғалім үшін де, оқушы үшін де басты міндетке айналады. Мақсатқа бағытталған өзіндік білім алу жұмыстары арқылы өз білімін кеңейтіп, тереңдеткен адам ғана қазіргі жағдайда өнімді жұмыс істеуге қабілетті.
Бастауыш сынып оқушысының эмоциялық-еріктік дамуы мәселесіне байланысты психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді талдау барысы зерттеудің негізгі ұғымдарын ашуға, қозғалу күшін айқындауға, даму заңдылықтарын нақтылауға мүмкіндік берді.
Жалпы зерттеудің негізгі мәнін құрайтын ұғым ретінде «тұлға» алынады. Берілген ұғымды қарастырудағы әртүрлі көзқарастарға қарамастан, отандық психология тұлға ұғымын өзіндік актуалдану, өзіндік құрылу, жасампаз және өзіндік ұйымдасуды қамтамасыз етуші ашық өзіндік ұйымдасушы, іс-әрекеттің түрлі формаларының субъектісі ретінде анықтайды.
Тұлғаның негізгі өмір сүруінің мәні психикасындағы, ойлауы, құндылығы, қажеттіліктері, түрткілері және т.б. ішкі өзгерістері арқылы дамуы болып табылады. Олардың ықпалдастығының нәтижесі көрінуі балада оқу және басқа да іс-әрекет түрлерін өзіндік ұйымдастырушы субъектілікте:
саналылық, таңдау қабілеттілігі, белсенділік, дербестік, негативті әсерлерге деген тұрақтылық және т.б. Даму тек қарапайым өзгеріс емес, тұлғалық үздіксіз өзіндік жетілу үдерісі. Егер өзіндік жетілу болмаса, даму да болмады. В.А.Петровскийдің пікірінше, дамудың көзі іс әрекет, қарым-қатынас және өзіндік сана.
Тұлға мәселесіне қатысты философиялық әдебиеттерге жүргізілген талдау персоналистік философияда тұлғаның алғашқы шындығы және жоғары рухани құндылықтарының жоғарылығы, сонымен бірге негізгі әлеуметтік міндет тұлғаның дамуына және өзіндік дамуы ықпал етуде екендігі көрсетіледі. Тұлғалық қалыптасудың маңызды аспектілерінің бірі ғалымдардың ойынша, өмірлік әрекеттерді реттеу функциясын атқарушы эмоциялық еріктік аймақ болып табылады. М.Я. Басов, К.Н. Корнилов, С.Л. Рубинштейн, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, И.М. Сеченов, А.В. Веденов, В.И.
Селиванов, К.М. Гуревич, Е.П. Ильин және басқа ғалымдардың теориялық, эксперименттік бағыттағы зерттеу жұмыстарының талдауы адамның ерікті мінез-құлқы қоршаған шындықты өзгертуге мүмкіндік жасайтыны айтылады. Адамда еріктің көрінуі саналы белсенділікті сипаттайды. Ерік адамның өзіндік реттелу және өзіндік детерминациясы арқылы іс әрекеті мен психикалық үдерістерін басқара алуы.
Еріктің мәні жайлы зерттеу жұмыстары оның мотивация мәселесімен байланысты екенін көрсетті. Л.И. Божович, В.А. Иванников, Е.П. Ильин, С.Л. Рубинштейн, В.И. Селиванов сияқты ғалымдар мотивациялық аймақтың дамуы қаншалықты жоғары болса, еріктік реттелу де соншалықты дамитынын айтады. Еріктің дамуының қажетті шарты субъектінің іс-әрекетке енуінде екендігі белгілі.
М.И. Маджаров, П.А. Рудик, В.И. Селиванов және т.б. ғалымдар ерік сапаларының адамгершілік мінез-құлықты жүзеге асырудағы рөлін қарастырады. Авторлардың пікірінше, тұлғаның адамгершілік бағыттылығының болуы ерікті іс-әрекетті жүзеге асыруға жағдай жасайды. Тұлғалық деңгейдің ерік
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
286
үдерістерімен байланыстылығы К.А Абульханова-Славская, Т.И. Шульга және т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстарына арқау болады.
Баланың еріктік аймағының қалыптасуының бір жолы ретінде адамгершілік тәрбиені есептейді.
П.А. Рудик моральдік тәрбие еріктік іс-әрекеттен тыс жүрмейтінін айтады [1]. Біздің көзқарасымызша, бұл жағдай педагогтардың қажетті зейіннін өзіне аудара алмады, бірақ соған қарамастан маңызды мәнділікке ие. Адам адамгершілік қатынаста білімді болғанымен, егер оны еріктік іс-әрекетте қолданбаса, ол декларативті сипатқа ие болады. Осыған байланысты Е.П. Ильин былай жазады:
«адамгершілік қағидалардың алғаш жүзеге асуы (тіпті кейбір жағдайларда ары қарайғы жүзеге асуы да) ерік күшінің көрінуін талап етеді. Яғни, тұлға адамгершілік қағидаларын қолдану арқылы ерікті емес, керісінше ерік күшін жұмсау арқылы адамгершілікті бола алады. Ал ары қарай адамгершілікті мінез-құлық тұлға үшін норма, әдет болып, еріктік қылықтарды жасауды жеңілдетеді» [7, б. 193].
Мейірімділіктің көрінуі өзіңнің уақытыңды бөліп, өз тілектеріңді шектеп, басқа біреуге көмекке келе алумен байланысты. Адамгершілікті тәрбиелеуге байланысты тренинг жұмыстары әртүрлі ерік сапаларының көрінуімен байланысты еріктік реттелуге қатысты болады.
Ерік сапаларын дамытудың шаралар жүйесін өңдеу және жүзеге асыру барысында біз үшін М.И.Еникеевтің ерікті саналы, тұлғаның әлеуметтік қалыптасқан мінез-құлқының детерминанты, оның психофизиологиялық ресурстарын мәнді және қажетті мақсаттарға жетуде жұмылдырушылығын қамтамасыз етуші деген ұстанымы өте өзекті болып табылады [4, б. 72].
2000 жылы Е.П.Ильиннің ерік мәселесіне қатысты дәстүрлі және жаңа теорияларға жасаған талдаулары, еріктің әртүрлі іс-әрекетте және мінез-құлықта көрінуі қарастырылған екі монографиясы жарық көрді. Автор ерікті адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін, эмоциясын ырықты, яғни, саналы, мотивациялы басқара алуы деп қарастырады. Еріктік әрекет мақсатқа жету жолында ерік күшін қолдану болып табылатын ырықты әрекеттердің бір түрі ретінде анықталады. Бұл әрекет үлкен қуатты жұмсауды қажет ететін және ішкі қысымды бастан өткізумен жүретін кедергілерді жеңумен байланысты [7, б.17].
В.А. Сластенин пікірінше, ерікті дамыту – бұл сыртқы әсерлер мен тұлғаның өзіндік дамыту жүйесіне тіректелетін мақсатқа бағытталған үдеріс. «Ерікті дамытуда екі жағдай үлкен рөл атқарады:
1) ерікті мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру; 2) ерікті мінез-құлық, әрекет тәжірибесін жинақтау»
[5, б.111]. Н.В. Бордовская ерік күшін, есті дамытуды ақыл-ойды дамытудың құрамдасы ретінде қарастырады [8, б. 35]. Б.Т. Лихачев саналы тәртіпті ерікпен, зейіннің шоғырланумен байланыстырып, саналы тәртіп сияқты ықпалдастықты сапа тұлғада еріктің, мақсатқа бағыттылықтың, мінез-құлық дағдысы мен әдетінің қалыптасуына әсер ететінін атап көрсетеді [9].
Бастауыш сынып оқушыларының ерік күшін қалыптастыру мәселесі бойынша жүргізген белорусс педагогы Н.А.Цыркун зерттеулері аса қызығушылық танытады. Зерттеу жұмысында автор даралық және бірлескен іс-әрекеттің субъектісі ретінде білім алушы еркінің дамуының жалпы заңдылықтар мен механизмдерін жүйелі-құрылысдық ұстаным тұғырында сипаттайды [10].
А.С. Макаренко саналы тәртіпті тәрбиелеуге үлкен мән берді. Автордың ойынша, саналы, шынайы тәртіп бүкіл тәрбие жүйесімен құрылады, оны жазалаулар мен мадақтаулар жиынтығы деп қабылдау қате пікір. Тәрбие, үдеріс ретінде морализдендіру арқылы емес, мінез-құлықты жаттықтыру арқылы құрылады. Оның теориясының жүйеқұраушы факторы – тәрбие оқудан да мәнді, өйткені адамдағы барлық адамилық тәрбиеленеді. А.С. Макаренко тұлғаны ұжымдағы тәрбие арқылы ерік, жауапкершілік, парыз сезімі, жоспарлай алу, бұйрық беру және бағыну, өз эмоциясын басқара алу, батылдық және т.б. қажетті сапаларын дамытуға болады. А.С. Макаренко еңбектерін зерттеуші В.В.Кумарин ұлы педагогтың тәрбиені тәрбиелік оқытудан бөлуі, педагогиканың екі жағын бөлуде, оның біріншісі санаастына негізделсе (мінез-құлықтық тренингтер, оң әдеттердің қалыптасуы), ал екіншісі санаға негізделеді (оқу барысындағы ақпаратты меңгерудегі интеллектуалды деңгей).
Халықтық педагогикада моралдандыруды қолданбаған, сондықтан үлкен тәрбиелік нәтижелерге жете алды.
А. С. Макаренко тұлғаны ерікті етіп тәрбиелеудің негізгі педагогикалық қағидасын ұсынды: «адамға деген қажетінше үлкен сыйластық, оған деген қажетінше үлкен талап», «ұжымның әрбір мүшесін қорғаудағы, жалпы талап...ондағы ерікті, батылдықты, мақтанышты тәрбиелейді» [6, б. 142]. Абырой және парыз сияқты ұғымдардың бастауы ұжым құндылықтарын сезінуден туындайды. Сондықтан әрбір педагог өз тәрбиеленушісі жайлы көп мағлұматтар білуі тиіс, мысалы «тәрбиеленуші әлсіз ерік көрсетпей ме.... тәрбиеленуші қиындықтарды қалай меңгереді» [6, б. 322], еріктері төмендермен қандай тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.
№ 1 (86) 2012
287
Ерік сапаларын қарастыру барысында ерік пен эмоцияның тығыз байланыстылығы жайлы сұрақ туындайды. Ерік және эмоциялық үдерістердің өзара әрекеттестігін О.В. Дашкевич, В.К. Калин, Л.С. Рубинштейн, В.И. Селиванов, А.И. Щербаков және т.б. психолог ғалымдар көрсетті. Жалпы психология ғылымында ерік және эмоцияны еріктік-эмоциялық аймақ ретінде қарастыру қабылданған.
Сондықтан ерік пен эмоция реттеудің екі жағы бір-бірімен тығыз байланысты және оларды бөлу белгілі бір деңгейде шарттылыққа ие болғандықтан, эмоциялық – еріктік аймақты өзіндік реттелудің тұтас механизмі ретінде дамыту қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселе оқушылардың кәсіби бағыттылығын зерттеуде, оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін дамытуда, адамгершілік тәрбиесінде сипатталады.
Оқушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру Ю.М. Орлов, Б.С.Алякринский, В.Б. Бондаревский, А.Г. Ковалёв, Я.Л. Коломинский, В.Г. Куценко, Л.И. Рувинский еңбектерінде қарастырылады.
Адамгершілік тәрбиесі әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез- құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, Жер үстіндегі Адамның қызметін атқарады.
Бұл мақсатқа нағыз педагогтердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген педагог қана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті.
Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
Мәселе бойынша теориялық-әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық аспектіде зерттеу нәтижесі бастауыш сынып оқушысының эмоциялық еріктік аймағының дамуына әсер ететін ішкі факторларды анықтауға мүмкіндік береді: оқу іс-әрекетінің тұтастығының қалыптасуы, тұлғаның адамгершілік бағыттылығы, тұлғаның мотивациялық аймағының дамуы, зейін қою және еске сақтау үдерістерінің дамуы, бәсекелестіктің жоғары деңгейі, қалыпты өзіндік баға, тұлғаның жалпы дамуы.
Сыртқы факторлардың ретінде педагогтің кіші сынып оқушысына қатынасы, сынып ұжымының қалыптасуы, эмоциялық жұғысу қызметін орындайтын қоғамдық пікірлердің есепке алынуы, өзара түсіністік атмосферасын құру, жалпы іс-әрекеттерде эмоциялық реңдікті сақтау, ұжым мүшелерін бірлестіретін топтық күш салу және бастан кешулерді ұйымдастыру, баланың оң эмоциясын сақтау және дамыту, кіші сынып оқушыларына этикалық тәрбие беру, оң эмоциялы ерік әрекеттері үдерісі көмегімен өзін-өзі танудың арнайы жағдайларын туғызу, өзіндік ұйымдасу, өзіндік тәрбие, өзін-өзі итермелеу, оқушылардың мақсатқа бағытталған іс-әрекеттерін көрсету, кіші сынып оқушыларының мақсатқа бағытталған ерік сапаларын дамыту жұмыстары. Педагогикалық іс-әрекет барысында ойын формаларын пайдалану. Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де құпия емес. Балалардың өзінің мұғаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, жек-көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін.
Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет. Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.
Шын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторларға жататын соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар.
Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
288
танытуы, баланың іс-әрекеттерінің эмоциялық-еріктік аймақтың дамуына және бастауыш сынып оқушысының саналы реттелуіне ықпал жасайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Рудик П.А. Психологические основы морально-волевой подготовки спортсмена / Рудик П.А. – М. 1962 2. «Практическая психология образования» /Под.Ред. И.В. Дубровиной; М.:1997г.
3. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования / Узнадзе Д.Н – М. 1966 4. Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии.М.,1982. 231 с.
5. Сластенин, В.А. Психология и педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений [Текст] / В.А.
Сластенин, В.П. Каширин. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 480 с.
6. Макаренко, А.С. Избранные педагогически сочинения: В 8 т. [Текст] / А.С. Макаренко. – М.: Педагогика, 1985 – т. 5. – 399 с.
7. Ильин Е.П. Психология воли / Ильин Е.П – М. 2000
8. Бордовская, Н.В. Педагогика: Учебник для вузов [Текст] / Н.В. Бордовская, А.А. Реан. – СПб.: Питер, 2004. – 300 с.
9. Лихачев, Б.Т. Педагогика. Курс лекций [Текст] / Б.Т. Лихачев. – М.: Прометей, 1992. – 528 с.
10. Цыркун, Н.А. Развитие воли у младших школьников [Текст] / Н.А. Цыркун. – Минск.: Народная асвета, 1997. – 127 с.
Редакцияға 12.09.2011 қабылданды.
Н.С. ПҰСЫРМАНОВ
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ The article called “Researching of problems of Independent Kazakhstan’s Professional Parliament”
observes issues of scientific research approaches of Professional Parliament.
A research analysis of Parliamentary Institution establishment in the Republic of Kazakhstan is held in the light of works of such academicians as N. Kaliyev, A. Bakir, B. Bekzhanov, K. Dautaliyev, A. Dzhildibayev.
Бүгінде, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде еліміз талай тар жол, тайғақ кешуден өтіп, біршама белестерді бағындырды. Сонымен қатар бүгінде еліміз алдына анық та айқын мақсат қойып, биік мұраттарға қол созуда. Бұл тұрғыда кәсіби Парламенттің атқарып жатқан қызметі бір төбе десек қателеспегеніміз. Алайда біз бұл жерде оның қызметін әсірелеп тұрғанымыз жоқ, керісінше заман ағымына қарай бейімделуіне, заманға сай жаңаруындағы рөліне баса назар аударудамыз. Кезінде атақты неміс ойшылы Гегель: «Тәжірибе мен тарих үйреткендей, халық пен өкімет еш уақытта ешнәрсе үйренген емес, әрі оған сай әрекет жасаған да емес. Әр дәуірде ерекше жағдайлар қалыптасып, әр дәуір жеке жағдаймен сипатталады. Сондықтанда бұл дәуірде осы жағдайға сәйкес шешімдер қабылдау қажет. Тұманды өткеннің естеліктері қазіргі кезеңнің өміршеңдігі мен бостандығымен салыстырғанда түк те емес», – деп жазған [1,8]. Бұл немістің ойшылының пікірімен келіспеуге болмайды. Шындығында да алуан түрлі жағдайлар мен оқиғаларға толы бүгінгі күннің өткір де өзекті мәселелері «бұлыңғыр өткеннің естеліктерінен» басым түсіп отырады.
Уақыт өткен сайын заман ағымына қарай жаңа сұрақтар туындап, өз деңгейіне сай жауап күтеді.
Бұл тұрғыдағы сұрақты өткен тарихтың жауабы қанағаттандыра алмайды. Сондықтанда заман талабына сай обьективті бағалау, жаңашылдықпен зерттеу – бүгінгі күн талабы. Бірақта тарих тәжірибесін ескермеусіз зерттеу болмайтындығын естен шығармаған дұрыс. Сонымен тарихымызға үңілсек «кәсіби Парламенттің» қалыптасуы, дамуы, заманға сай бейімделу мәселелері төңірегінде талай айтыс-тартыстар болды да, болып жатыр және бола бермекші. Осы орайда біз алдымызға мынадай сұрақты қоюды жөн көрдік: Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін Парламент мәселесі қаншалықты деңгейде зерттелді және кәсіби Парламент осы уақытқа дейін қай қырынан ашып көрсетілді?
Біз зерттей отырып, Қазақстандағы зерттеуші, ғалымдардың жұмысын қарастыру барысында, осы мәселе бойынша жазылған төмендегі еңбектерге көңіл аударуымыздың басты себебі Парламент туралы кезінде толық зерттеу жүргізгендігімен, саяси тұрғыда болжамдар жасалынуымен қатар, соңғы кездегі зерттеушілердің де қазіргі таңда қай бағытта зерттеу жүргізіп жатқандығы негізге алынды.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата заңымызда осыған дейін Жоғарғы кеңес деген атпен