БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ Муканова Айгерим Бауыржановна Бастауыш оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығының 2-курс студенті
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ӛскемен қаласы Ғылыми жетекші-Г.К.Макшиева
Халық тәлімі ең алдымен тҥн ҧйқысын тӛ рт бӛ ліп, тал бесікті тербеткен аналық мейірім мен махаббатқа толы әлдиі – бесік жырын, айтылуға оңай, ойнақы тақпақтарды айтқыза отырып, ананың балаға деген ыстық мейірімін, ҥміт-сенімін бала бойына сіңіріп, ата-ана алдында баланың қарыздар, борышты екенін тҥсіндіруді мақсат етеді.
Мектепте тілді оқыту ісінде ана тілі пәнінің ҥлесі орасан зор. Бҧл ҥлес тҥпкі мақсатына, мазмҧнына, ерекшелігіне тікелей байланысты. Ана тілі пәні бойынша оқушыларды ӛмірге баулу жӛніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, атап айтсақ, тҥпкілікті коммуникативтік байланыс, қатынас қҧралы ретінде және экспрессивтік ( әсер, ықпал етуге, дәнекер болу) қызметіне орай жҥзеге асырылады. Олай болса, ана тілі пәні балаларды ауызша да жазбаша да
95
толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп шығаруды тҥпкілікті нысаны етіп ҧсынуы қажет.
Жастарды жан-жақты білімді, мәдениетті азамат ретінде тәрбиелеудегі негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың жалпы тілін дамыту және жоғары дәрежедегі тіл мәдениетін жетілдіру болып қала береді.
Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту мен тіл мәдениетін жетілдіру, олардың ана тілінің байлығын меңгерудегі рӛлі, тіл дамыту мен тіл мәдениетін қалыптастырудың методикалық жолдары туралы Қазан революциясынан кӛп бҧрын-ақ орыстың ана тілінің ғылыми әдістемесін жасаушы ғалым-педагогтері Ф.И. Буслаев, И.И. Срезневский және К.Д.
Ушинский т.б. баға жетпес пікірлер ҧ сынған болатын. Олардың еңбектеріндегі ана тілін ҥйретудің басты негіздері – практикалық жҧмыстар мен жаттығулар, кӛрнекі қҧралдар оқушылардың сӛйлеу және жазу тілдерін дамытуға арналған.
Ф
.И. Буслаев ана тілін оқыту процесінде оқушыларды сӛйлеу тіліне дағдыландыруға айрықша мән берді. Ол ана тілін оқыту ісін таза теориялық тҧрғыда жҥргізуге болмайтынын ескертеді. Оқушыларға жазба жҧмысымен де кӛбірек айналыстыру керек дей келіп, ол жазбаша орындалатын жаттығуларды ҥш тҥ рге бӛ леді:біріншіден, оқушыға жоспар жасату, оны ойландыру қажет екіншіден, мазмҧндау, ойын баяндай білуге ҥйрету
ҥшіншіден, ӛз бетінше әңгімені, оқиғаны баяндауға, шығарма жаздыру қажет деген талаптар қояды.
сурет 1 Жазбаша орындалатын жаттығулар
«Мектеп оқушыларының тіл мәдениетін арттыру, оларды ана тілін жетік білуге баулу ана тілі сабақтарының, сондай-ақ ана тілінде жҥретін барлық пәндердің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазақ мектептерінде бҧ л мәселе әлі де жӛнді кӛңіл бӛлінбей келеді», - деп Қ.Жарықпаев ӛте орынды айтқан.[1;12]
Тіл дамыту және стиль мәселесін зерттеуші Р.Әміров бастауыш сыныптардан бастап оқушыларды стильдік дағдыларға тәрбиелеуді талап етеді. «Ҧлттық тіл бірнеше стильдік тҥрге сараланады. Тіл неғҧрлым жетілген сайын қоғамдық қызметі ӛ се келе, оның стильдік тармақтары молая тҥ седі. Біздің заманымызда қазақ тілінде кӛ ркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, публицистика стиль, ауызекі сӛйлеу стилі т.б. дами тҥ сті. Тілдің стильге саралануы оның жҧмсалу ыңғайына, қоғамдық қызмет ӛресіне, міндетіне байланысты. Ғылыми стильде ғылым-білімге қатысты терминдер кӛп жҧмсалады. Оның есесіне экспрессивті эмоциональды сӛздер, грамматикалық формалар аз кездеседі. Ауызекі сӛйлеу ерекшеліктеріне әсер ететін – оның диалог тҥрінде жҧмсалуы. Онда эмоциялы сӛздер, грамматикалық форма жиі
96
қолданылады, сӛйлем мҥшелерінің орны ауысады, қыстырма сӛйлемдер кӛп ҧшарайды.
Шәкірттер тілін жаттықтыра отырып, оның сӛ здік қорын молайта тҥсу, оның бойына сӛз маржаны тізу – мҧғалімнің, ең алдымен, тіл шеберлігін талап етеді, - деп жазады Р.Әміров.[2;114]
Мектеп бағдарламасында оқушылардың тілін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылған. Бҧл ӛмір талабынан, тҧрмыс қалауынан туған нәрсе. Жалпы, қауымның мәдениеті кӛтерілген сайын ӛмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениетін де кӛтеріп, сӛйлейтін, я жазатын адамның ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп қҧрауын қалайды. Бҧл ҥшін, әрине, оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамытуды жас кезден бастап қолға алу қажет.
Тіл арқылы ойды қабылдау, сезінудің жолдары тҥрлі-тҥрлі екендігі белгілі. Біріншіден, тіл туралы білім мен дағды ҧзақ мерзімде бірте-бірте жинақталу арқылы дамиды. Екіншіден, балаланың басқа адамдармен қарым-қатынасы, табиғатты бақылау арқылы сӛздік қоры молыға бастайды. Яғни, кҥнделікті есту, айту сияқты практикалық жҧмыстармен баланың алғашқы синтаксисі артады, байланыстырып сӛйлей білу қабілеті дамиды.
Оқушының ойы мен тілін дамыту жҧмыстарында: әсіресе шығарма мен мазмҧндама жазуда, белгілі ойға мәтін қҧрастыруда, шығарма мен мазмҧндама жазуда, белгілі ойға мәтін қҧрастыруда, тағы басқа жҧмыстарда анализ әр уақытта синтезден бҧрын жҥ реді. Анализден бҧрын келуі синтезге жол ашады. Бҧдан анализ стилистиканы оқыту жҧмыстарында ҥнемі бҧрын жҥреді деу емес, анализдік әдіс ҥйрету, мәлімет беру кезінде синтезден соң да қолдана береді. Мысылы, оқушы сӛйлемдегі сӛздердің ойды жеткізудегі нақтылығы мен дҧрыстығын анықтауда немесе даяр мәтінді стилистикалық мақсатқа байланысты талдау жасауда синтезден соң анализ пайдаланылады.
Тіл мәдениетін арттырудың психологиялық негізі бірнеше кезеңдерден тҧратындығы байқалады.
Бірінші кезең оқушылардың белгілі жағдайға байланысты тілдік қҧралдарды қолданудың дҧрыс, бҧрыстығын сезінуі немесе байқауы. Бҧл кезеңде, тілдік қҧралдарды, әсіресе сӛздерді, сӛз тіркестерін қолдана білуге баулу қажет.
Екінші кезең – алғашқы теориялық ҧғамдармен таныстыру. Бҧл кезде оқушылардың ойлау жҥйесінің кҥрделенуі мен тілдік қҧралдарының қолдануына басты назар аударылады. Атап айтқанда, тілдік қателер ойды жеткізу, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың тҥрлі формалары, тілдік қҧралдардың оған сәйкестігі немесе байланыстылығы сияқты ҧғамдар ҥйретіле бастайды.
Ҥшінші кезең тіл мәдениетін арттыруды меңгеру. Бҧл кезеңде оқушылар теориялық немесе практикалық жҧмыстар арқылы стилистикалық қҧралдарды меңгереді. Бҧл кезде оқушының ойлау жҥйесі біршама жоғары дәрежеде дами
Сурет 2 Тіл мәдениетін арттырудың психологиялық негізі кезеңдері
Қазақ мектептеріндегі ғылым негіздерін игерту ана тілі арқылы жҥ ргізіліп, оқушының дҥние танымын, ой ӛрісін, тілін ауызша, жазбаша сӛйлеу икемділіктері мен дағдысын дамыту тілдің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жҥзеге асырылады. Сондықтан мектепте ана тілін оқыту арқылы тіл заңдылықтарын жете меңгерту, әдеби тіл нормаларында ауызша сӛйлеп, ойын еркін жеткізе алу мен сауатты жаза білу міндеттері, яғни ана тілін дамыту арқылы оқыту талап етіліп отыр.
Тіл дамыту жҧмысы мектепте ҥздіксіз және белглі бір мақсатта жҥргізіледі. Әлбетте,
«...қазақ тілінің жҥйелі курсы негізінде жҥргізілетін тіл дамыту жҧмыстарында оқушының сӛздік қорын, сӛз байлығын толықтыру, ой-ӛрісін кеңейту, дамыту және ӛз ойын анық, дҧрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білу жолдарына баулу, дағдыландыру мақсаты кӛ зделеді.
Баланың ауызша тілін дамыту ҥшін ең алдымен қарым-қатынас жасауға, сӛйлеу әрекеті дағдысын қалыптастырып, сӛйлеу икемділігін жетілдіру қажет. Т.А. Ладыженская ана тілі сабақтарындағы сӛйлеу негізгі мақсаты оқушылардың «шындыққа жанасымды нақтылы сӛйлеуін тудырып, қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыру»,-деп біледі. Демек, қарым- қатынасқа ҥйрету дегеніміз сӛйлеу әрекетіне жаттықтыру болып табылады.
К.Аханов: «Тіл дамытуды айтайын дегенді дәлме-дәл, ашық, айқын, әсерлі тҥрде жеткізіп беру. Ол ҥшін тілді, әсіресе, оның байлығын, кӛркемділігі мен ҥнділігін, сан сырлы мағынасы мен ӛткірлігін, эмоциональды болуы мен экспрессивті қызметін жан-жақты меңгеру», - деп біледі.[3; 152]
Тікелей мектеп оқушыларының сӛйлеу мәдениетін қалыптастыру, мәселесіне келсек, бастауыш сыныптан бастап бір сабақты «ертегі сабағы» немесе «ертегілер елінде» «шешендік шиырлар» деп апта сайын ӛткізсе дҧрыс болар еді. Тіл сабақтарында мазмҧндама, шығарма жазу, шығармашылықпен айналысу, қабырға газетін шығару сӛйлеу мәдениетін қалыптастыруда елеулі әсер ететін фактор. Мҧнда айта кететін жай – шығарма мен мазмҧндама жазу нағыз жетісті әдіс болып табылады. Қандай да бір тақырыпта шығарма жҧмысын жазу ҥ шін бала сол тақырыпқа байланысты ӛ з бетінше материалдар іздейді, ата- анасының, жоғары сынып оқушыларынан сол жайлы сҧрастырады, пікір алмастырады.
Баланың сӛйлеу мәдениетін қалыптастыру оның ӛзі ӛ сіп, ӛмір сҥріп отырған ортасымен қандай қарым-қатынаста болумен тығыз байланысты. Қоршаған ортамен тығыз байланыс қай кезде болады? Ол белгілі бір мәселе жайында оқушылардың ӛзара пікір таласы кезінде болады. Пікір таласты бала қалай тҥсінеді, мәселе сонда?! Ӛз ойын бала қалай жеткізеді, ойы жҥйелі ме, толық айта алды ма? Алдымен соған мән беру керек. Баланың кішкентай кезінен бастап ойлауы мен сӛйлеуін қалыптастыра білуі ӛскенде кӛрініс береді.
Қазіргі «ҥлкен» адамдардың, мемлекет басшыларының сӛйлеуіне назар аударып қараңызшы,
«жанағы», «манағы», «сосын», «мысалы», сияқты қыстырма сӛздердің бастауы қайда жатыр?
Әдеби кештер, әр тҥрлі мәдени шаралар, жарыстар ӛткізу арқылы баланың тек ой ӛрісін ғана кеңейтіп қоймаймыз, сондай-ақ оның сӛйлеу, ойлау мәдениетін қалыптастырамыз.
Кейінгі жылдар жемісі – оқушыларға риторика, яғни «шешендік ӛнер» сабағы жҥргізіледі. Әрине бҧл қуанарлық жай. Шешендік ӛнерге баулу, сӛзбен сендіруге уйрету, шешендердің сӛ зінде, ӛзін де тану балалар ҥ шін керек дҥние-ақ. Тоқсан ауыз сӛздің тобықтай тҥйінін бере білу, аталы сӛзге қҧлақ тҥру ерте заманнан келе жатқан дәстҥ рлі салт.
Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал-мәтердері, жҧмбақ жаңылтпаштары ойнақы, жеңіл тілмен беріледі. Тіл сабақтарында ӛтілетін тақырыпқа сай халықтық шығармалардағы (жҧмбақ, ӛ тірік ӛ лең, аңыз-әңгімелер), сӛ з ӛ рнектері шәкірттер тҥ сінігіне лайықты, тілге орамды, жаттауға жеңіл болып келеді. Халықтық шығармалардың сан алуан тҥрлерін тӛменгі сынып оқушылардың жас еркешелігіне сай сҧ рыптап пайдалану, мән- мағынасын тҥ сіндіріп, жатқа айтқызу баланың тіл әлеміне деген қызығушылығын арттырады.
98
Балаға жаңылтпаш ҥйретіп, оны айтқызу сӛзі дҧрыс сӛйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей бҧзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Тіл дамытуда мақал- мәтел мен фразеологизмнің сӛ з тіркестерін пайдаланып сӛйлем қҧрату тілге кӛ рік береді. Халықтың қанатты сӛздерін оқыту, оның мағынасын тҥ сіндіру жақсы әдетке ҥйретіп, жаман қылықтардан жирендіреді.
Ахмет Байтҧрсынҧлы тілді дамытуда тиімді деген әдіс-тәсілдердің әр тҥ рін ҧсынған. Әдіскер-ғалым Ахмет Байтҧрсынҧлының қағидалары мен тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ҧрпаққа тіл нақыштары мен сӛйлеу мәнерін ҥйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сӛ здік қоры молая тҥ седі.[4;16]
Бҥгiнгi қолымызға жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк сӛ здeрдiң кӛлeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық тҥ рлeрiнiң дe алyан тҥрлi eкeндiгiнe, классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe кәдeгe асып жатқан шығармалар eкeндiгiнe кӛз жeткiздiк.
Бастауыш сыныптарда шешендік сӛздерді оқытудың негізгі мақсаты –бастауыш сынып оқушыларының ӛз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тҧлға деңгейіне кӛтеру, яғни ҧлттық шешендік сӛйлеудің айла амалдарын шешендік ӛнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, шешендік сӛздерде қолданылатын тәсілдерді бҥгінгі ҧрпақтың бойына сіңіру.
Оқушылардың тіл мәдениетін арттыруда шешендік сӛздерді пайдаланудың орны ерекше. Шешендік сӛздерді оқыту арқылы тіл мәдениетін қалыптастыруды ғылыми- практикалық баспасӛз беттеріндегі оқушылардың тіл мәдениетін арттырудың ана тілі сабағында ҧйымдастыру іс-тәжірбиесі талқыланды.
Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру туралы сӛз қозғағанда ең алдымен мҧғалімге назар аудару керек. Оқушының тіл мәдениетінің қалыптасуында мҧғалімінің алар орны ерекше. Мҧғалімдер кҥнделікті сабақ беру ҥрдісінде шешендік сӛздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер ойы орамды болса мәдениетті сӛйлеуге тәрбиелейді.
Әдебиеттер
1. Жарықпаев Қ. «Қазақ психологиясының тарихы» Алматы, «Қазақстан» 1996 жыл.
2. Әміров Р. Газет тілінде ҧ шырасатын кейбір сӛ з тіркестері жӛнінде Тіл мәдениеті және баспасӛз. – 1972. – 114-124 б.
3. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп. – 1973. -622
4. Ладыженская Т.А. Анализ устной речи учащихся ІІ-III классов Изд. АПН.
РСФСР 1963. вып. 1,
5. Байтҧрсынов А. Ақ жол—Алматы: Жалын, 1996. —16 бет