• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

№ 3 (88) 2012

271

Р. АБИЛХАМИТҚЫЗЫ

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ

This article concerns with the problems of teaching in educational institutions, analyzing works, innovational technologies.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері жан-жақты қарқынды дами бастады.

Қазіргі таңда қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, оны зерттеу мен қолданыс аясын кеңейту бағытында зор көңіл бөлініп, нақты талаптар қойылып, көп жұмыстар істеліп жатыр. Бұл өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін түсіндіруге, зерделеуге жол ашты. Сондай атқарылып жатқан жұмыстардың бірі – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту.

Өзге ұлт аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар қауымы, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы өзіндік әдістерін ұсына келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосып келеді.

Орыс аудиториясында қазақ тілін оқытуға қатысты жазылған еңбектер біршама. Бірақ олардың әрқайсысының тіл үйретудегі алатын орны әр қилы. Өйткені бұл сала қазақ тілін оқытуда бұрыннан орын алып келе жатқанымен, тілшілердің де, басқа мамандардың да жаппай назар аударғаны қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған уақытынан басталады. Осы кезден бастап барлық оқу орында- рында, мектептерде, мекемелерде қазақ тілін үйрету оңтайлы жолға қойыла бастады. Кейбір жер- лерде бұл бағыт саналы түрде асырылса, кейбір мекемелерде тиімсіз іске асырылып келеді. Осындай жұмыстардың барлығы қазақ тілін оқытуды тез іске қосу үшін жаңа бағдарламалардың, оқулық- кітаптардың, сөздік-тілашарлардың жасалуын талап етті.

Бұл көп ізденіс пен әдіс-тәсілдерді саралауға мүмкіндік бермеді. Себебі, тілді оқыту үшін арнайы оқу құралдары, жаңаша әдістер керек болды да, жаппай ғалымдарымыз бен әр жержен мамандар тілді үйретуге қатысты тілашар, сөздіктер, оқулықтарын ұсына бастады. Бұның бір ерекшелігі, біріншіден, басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуге қатысты кітап, оқулық, сөздік, практикалық жұмыстардың т.б. көптеп шығуына мүмкіндік тудырды. Сондықтан да 90-жылдардың орта шенінен бастап қазірге дейінгі жарық көрген еңбектердің саны әжептәуір.

Екіншіден, баспадан шыққан еңбектер бұл мәселеге қатысты қажетті ұсыныстар мен пайдалы тәсілдерді анықтап, кейбір кемшіліктерді тануға мүмкіндік бола бермеді, бірақ арнайы сараптау комиссиясы болмаса да, бірлі жарым пікірлермен жарық көріп жатты.

Үшіншіден, оқытудың жаңа, тиімді жолдары, ұтымды әдіс-тәсілдері пайда болып, әдістеменің жеке сала болып қалыптасуына әсер етті.

Төртіншіден, бұл салаға байланысты жарық көрген еңбектер оқулық қана емес, оқу процесіне қатысты әртүрлі бөлімдерді қамтыды.

Жалпы өзге ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту үшін баспа бетінен шыққан оқу-әдістемелік еңбектерінің түрлері мыналар: бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары, көмекші әдістемелік еңбектер, практикалық қазақ тілі курстарына арналған жаттығу жұмыстары, әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық қосымша материалдар, жаттығулар мен мәтіндерден құралған аудио-видео материалдар және электрондық оқу құралдары.

Оқыту жүйесіне байланысты жазылған еңбектердің әр салалы болуына қарай басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету пәні де бірнеше топтарды қамтиды. Оларды шартты түрде атап өтсек:

1. Бастауыш деңгейде қазақ тілін оқыту;

2. Жалғастырушы деңгейде қазақ тілін оқыту.

3. Тереңдетілген деңгейде қазақ тілін оқыту

Қазіргі таңда 5 сатылы, 7 сатылы деңгейде оқытудың бағдарламалары шығып жатыр.

Орыстарға қазақ тілін оқыту мәселесіне байланысты баспадан шыққан еңбектердің авторла- ры: И.Е.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, И.Ұйықбаев, Н.Оралбаева, Х.Есенов, С.Хайруллина, Ж.Адамбаева, Т.Аяпова, К.Аяпбергенова, Б.Құлмағамбетова, Ж.Елемесова, Ш.Бектұров, А.Бектұрова, Х.Қожахметова, Э.Сүлейменова, Қ.Қадашева, Д.Ақанова, Г.Мұсаева, Ә.Құрысжанова, Ж.Ахмедова, А.Бұлдыбаев, Ф.Ағманова, К.Молдабеков, К.Сариева, Н.Беріков, А.Белботаев т.б.

Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға байланысты шыққан алғашқы оқу құралдарының бірі – С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаевтың авторлығымен жарық көрген өз бетімен үйренушілерге арналған «Қазақ тілі» [1].

Бұл кітап бұрыннан орыс мектептерінде оқытылып жүрген қазақ тілі оқулықтарының үлгісімен жа- Split by PDF Splitter

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

272

зылып, көптеген фонетикалық материалдардың тізбегі мен азын-аулақ шағын жаттығулардан тұрады.

Берілген материалдар сөйлесуді үйретуден гөрі грамматикалық ережелерді пысықтауға арналған.

Оқу құралындағы қажетке жарайтын тиімді материалдар: кітаптың соңына қосылған қысқаша грамматикалық анықтағыш, сұрақ пен жауаптан құралған тілашар, тақырыптар мен есімдіктерден тұратын сөздік және мақал-мәтелдер.

Қазақ тілін үйретуге бағытталған кітаптың бірі – «40 уроков казахского языка» (1989).

Қазақ тілін оқытуға арналған 40 сабақ фонетикадағы дыбыстардан бастап сабақтас құрмалас сөйлемге дейінгі көптеген ережелерді түсіндіре келіп, соларға көп көңіл бөледі. Оның сыртында жаттығулар, сөздіктер, шағын диалогтар, бақылау жұмыстары бар.

Бұл сабақтардың берілу тәсілінде жүйелілік жоқ, сөйлеу процесіне тән арнаулы тақырыптар қамтылмаған.

Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуге арналған еңбектердің ішінде Н.Оралбаева, Х.Есенов, С.Хайруллинаның авторлығымен «Мектеп» баспасынан 1989 жылы шыққан «Қазақ тілін үйренеміз»

атты оқулық уақыт талабына сай мәселелерді қамтыды [2].

Сөздердің жасалуын тіл байлығын молайтудың басты жолы деп түсінер болсақ, оның әдіс-тәсілдерін де, тіпті жеке сөздердің оқыту сипаттарын да жан-жақты қарау басты мақсат деп есептеуге болады.

Қазақ тілі сабақтарын оқытуда модульдік, дамыта оқыту, интерактивтік оқыту технологияларын пайдалану мәселелері және пән мазмұнын ашуда модульдік жүйе аса тиімді.

Білім берудің сапасын көтеру, студенттердің кәсіб біліктілігін, ойлау мәдениетін қалыптастыру мақсатынан жоғары мектеп: оқытудың жаңа технологияларын білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне көңіл бөліп отыр. Өйткені «мектептерге дәстүрлі әдістер мен тәсілдерден гөрі тиімділігі жоғары, жаңа сападағы дидактикалық құрал қажет. Дүние жүзі педагог-ғалымдардың пайымдауынша, мұндай құрал болып окытудың педагогикалық технологиясы табылады. Сол себепті қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде құру - педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа, болашағы мол бағыты болып отыр», – дейді педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. А.Қараев [3; 2-б.].

Қазіргі таңда теория мен практикада байқалып отырған қарама-қайшылықтарды шешіп, талдаудың қажеттілігі баршамызға мәлім, бір жағынан тұтас оқу-тәрбие үрдісі болса, екінші жағынан сол үрдістің тиімділігін арттыруда инновациялық технологияны пайдаланудың қажеттілігінен туындап отыр.

Оқыту технологиясының бір түрі – модульдік технология. Модульді оқыту - педагогикалық технологияның барлық талаптарына жауап бере алатын оқытудың жаңа технологиясы, оқушының оқу арқылы өсу, алға жылжу мәселесінің шешімін табудағы ең тиімді жол. Қазақ тілін сапалы оқыту бағытын айқындайтын бірден-бір жаңа жол – қазақ тілін модуль арқылы оқыту әдістемесі [4; 5-б.]

делініп бағаланған оқытудың бұл түрінің басты ерекшеліктері мынадай: оқытудың мақсатының, нәтижесінің айқындылығы; оқу материалы тұтастай емес, бөліктерге бөлініп берілетіндігі, әр бөліктің мазмұны, құрылымдық элементтерінің болатындығы; оқытушы кеңесші, бағыт беруші қызметін атқаратындығы; студенттер өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істейтіндігі; оқытушы мен студенттің арасында субъект-субъектілік қатынастың болатындығы; модуль мазмұны толықтыруға, өзгертуге икемді құрылатындығы; оқыту модуль бағдарламасына негізделетіндігі, маман дайындауға кәсіби бағыттылығы, т.б.

Қазақ тілін оқытуда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сапалы деңгейге шығаратын оқыту технологияларының бірі – дамыта оқыту технологиясы.

Дамыта оқыту идеясы бойынша студентке оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау және жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде болады. Шешім табылған кезде студент өз еңбегінің дұрыс, бұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйренеді. Сондай-ақ оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілін интерактивтік жүйеде оқыту технологиясы – сабақта барлық білім алушының белсенді қатысуымен ұйымдастырылатын оқу үдерісі. Бұл ретте оқытушы мен студенттің «субъект- субъектілік» қатынасқа негізделген ынтымақтастығы бір сәтке де болса өзгермей сақталуы талап етіледі. Бұл технологияны қолдану арқылы қазақ тілі сабақтарында жаттығу жұмыстарын орындауға көп мүмкіндік беріледі.

Жоғары мектепте өтілетін практикалық сабақтардың мақсаты - теориялық білімді тереңдету, толықтыру, жүйелеу, бекіту, игерген білімді практикада қолдана алу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету. Осыған орай олар екіге бөлінеді: 1) білімді бекіту, дағды мен іскерлікті қалыптастыру (практикалық, зертханалық сабақтар) сабағы және 2) білімді Split by PDF Splitter

(3)

№ 3 (88) 2012

273

жүйелеу (семинар) сабағы. Практикалық сабақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде сөзжасамға байланысты (тақырып бойынша) теориялық материалдар, зерттеу еңбектері талданады. Екінші бөлімінде жаттығу жұмыстары орындалады. Жаттығу-іскерлік пен дағды қалыптастырудың ең тиімді жолы болғандықтан, оның түрлері іскерліктің типі мен түріне қарай (әрбір іскерліктің «өз жаттығуы»

болуы керек) ажыратылды. Өйткені кез-келген жаттығу іскерлікті қалыптастыра бермейді, сондықтан олардың түрлері қалыптасатын іскерліктің түріне байланысты таңдалуы тиіс. Мысалы, танып-білу (айырып-тану деп те аталады) іскерлігін қалыптастыру үшін мәтіннен сөзжасамның элементтерін таба алу, туынды сөзді құрамына, құрылымына, бірліктеріне, тәсілдеріне қарай ажырату мақсатындағы жаттығулар берілуі; тілдік-жіктеу іскерлігін дамыту үшін: туынды сөздің сипатына қарай сөзжасам жүйесін жіктеу, саралау жаттығулары берілуі, т.б. тиіс.

Қазіргі таңда қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, оны зерттеу мен қолданыс аясын кеңейту бағытында зор көңіл бөлінуде. Сөздердің жасалуын тіл байлығын молайтудың басты жолы деп түсінер болсақ, оларды оқытудың әдіс-тәсілдерін жан-жақты зерттеу басты мақсат деп есептеуге болады.

Оның үстіне қазіргі қоғам ел алдына қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселесін, тіліміздің байлығын арттырып, оны жан-жақты зерттеу талаптарын қойып отыр.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Жиенбаев С., Бегалиев Ғ., Ұйықбаев И. Казахский язык. -Алма-Ата, Мектеп, 1988. -158-159 с.

2. Оралбаева Н., Есенов Х., Хайруллина С. Изучаем казахский язык. –Алматы: Мектеп, 1989. 83-88 с.

3. Қараев Ж. Шығармашылық пен жасампаздықтың жаңа моделі // Ақтоты, 2.02.2004. - 2 б.

4. Жақсылықова К. Қазақ тілін орыс тілді бөлімдерге модульмен оқытудың ғылыми-теориялық негіздері. – Алматы: Білім, 2000. - 5 б.

5. Оразбаева Ф. Ускоренное обучение казахскому языку. –Алматы: Білім, 1996.

Редакцияға 10.01.2012 қабылданды.

D.J. ALIMKULOVA, A.H. HAMZINA

SUGGESTOPEDIC METHOD IN TEACHING FOREIGN LANGUAGE

Ағылшын тілін үйретудің түрлі әдістері бар. Бастауыш кезең бүкіл тілді үйрену процесіндегі ең маңызды кезең. Кейбір әдіскерлер шет тілін үйренудегі алғашқы адымдардың маңыздылығы жайлы сөз еткен. Мысалы, Х.Е. Палмер бүкіл курстың сәтті немесе сәтсіз аяқталуы ол – алғашқы сабақтар деп айтқан болатын. Алғашқы қадамдарға байланысты тиімді идеяларды іздеу барысында біз алғаш 1970 жылы болгар дәрігері Г.Лазанов ғылымға алып келген жаңалығы «Сугестопедиялық әдіс» атты кітапқа ден қойдық. Бұл әдістің мақсаты үйренушілердің сәтсіздікке ұшыраймын деген ойдағы психологиялық кедергіні жою. Яғни үйренушінің тіл үйренуге деген сенімін арттыру.Түйіндей келе барлық қолайсыздықтарға қарамастан бұл әдістің элементтерін әр оқытушы түрлі деңгейлі үйренушілерге пайдалануда.

What is Suggestopedia?

Suggestopedia, also named Superlearning (this is registered trade mark of Superlearning, Inc., USA) [1], is considered to be the strangest of the “humanistic approaches” and it was developed in the 1970’s by Georgi Lozanov, a Bulgarian educator. Georgi Lozanov introduced the contention that students naturally set up psy- chological barriers to learning - based on fears that they will be unable to perform and are limited in terms of their ability to learn. Lozanov believed that learners may have been using only 5 to 10 percent of their men- tal capacity, and that the brain could process and retain much more material if given optimal conditions for learning. Based on psychological research on extrasensory perception, Lozanov began to develop a language learning method that focused on “desuggestion” of the limitations learners think they have, and providing the sort of relaxed state of mind that would facilitate the retention of material to its maximum potential. Lozanov (1978) assumes that the only major linguistic problems in the language classroom are memorization of the words and patterns of the language and their integration into the students’ personalities. Suggestopedia was designed primarily to make these two processes more effective. Suggestopedia uses mostly non-verbal forms of the Learning Hypothesis [2]. The supporters of suggestopedia claimed that memorization in learning through this approach would be accelerated by up to 25 times over that in conventional learning methods [3].

Split by PDF Splitter

Referensi

Dokumen terkait

―Қазақ тілі сӛзжасамы‖ пәніндетҥрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын белсенді оқытушы ―Қазақ тілі сӛзжасамы‖ пәнінде негізінен ӛзі сӛйлейтін немесе ҥзіліссіз дәріс оқитын оқытушы

Ағылшын тілінде ауызша қарым-қатынас формасы ретінде сөйлеу – бұл шет тілін үйренудің алғашқы күнінен бастап қалыптасатын және оны оқыту барысында ғана емес, нақты өмірде тіл қолдану