Р.С. Ескентаева Л.Н. Гумилев атындағы
ЕҰУ Шығыстану
кафедрасының 1 курс магистранты
Казахстан. Астана Соматикалық фразеологизмдердің лингвомәдени мәні Түйін. Бұл мақалада қазақ және араб тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдерге салғастырмалы талдау жасалады.
Соматикалық фразеологизмдердің лингвомәдени мәнін анықтау ұлттық ерекшеліктердің мәнін шынайы түсінуге зор мүмкіндік береді.
Кілт сөздер: лингвомәдениеттану, соматикалық фразеологизм, ұлттық тіл, тіларалық фразеологиялық синонимдер, лингвомәдени бірліктер.
Тіл, мәдениет және өркениет өзара сабақтас, әрі үйлесімділікте өмір сүріп келе жатқан құбылыстар. Ал кез келген тілдің бірліктері сол халықтың ұлттық дүниетанымы, қоршаған әлемді қабылдау ерекшелігі, рухани және материалдық мәдениеті жөнінде мол мағлұмат береді.
Ұлттық тілімізде жаңа бағыттардың бірі лингвомәдениеттану болып табылса, оның негізінде түрлі атаулар, фразеологиялық тіркестер, мақал мәтелдер жатады. Лингвомәдениеттану саласындағы басты зерттеу бағыты – ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы. Бұл саланың негізгі нысандары, мақсат-міндеттері мен пәні жайында орыс ғалымы В.В.
Воробьев өз еңбегінде лингвомәдениеттануға былай деп анықтама береді: «Лингвомәдениеттану – мәдениет пен тілдің өзара қатынасының тілдегі көрінісін зерттейді және бұл үрдісті тілдік және тілдік емес (мәдени) мазмұнды біртұтас бірлікте, біртұтас құрылым ретінде кешенді әдістемелер көмегімен және де қазіргі заманның басты бағыттары мен мәдени ұстанымдарына сәйкес зерттейтін қосынды түрдегі кешенді ғылым болып табылады»
[1;36].
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттеу нысанын, қалыптасу кезеңдерін, әдістемесін, лингвомәдени бірліктердің түрлерін арнайы зерттеген В.А. Маслова оның динамикалық даму кезеңдерін былайша белгілейді:
А) тіл мен мәдениеттің арақатынасын, астарластығын бағамдайтын лингвомәдени көзқарастардың, лингвомәдениеттанымдық ізденістердің бастау алу кезеңі;
Ә) лингвомәдениеттанудың жеке сала ретінде қалыптасу кезеңі;
Б) іргелі пәнаралық саланың, зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары мен межелері, теориялық тұжырымдары нақтыланған лингвомәдениеттану ғылымының пайда болу кезеңі [2;29].
Тіл-тілдердің қай-қайсысында да фразеологиялық единицалар – сөздік құрамның ең күрделі, өміршең, аса образды ерекше бөлігі болып табылады. Әрбір тілдегі фразеологиялық единицалар сол тілдің иесі – халықтың негізгі ұлттық белгісін, тарихи даму жолын, сондай-ақ, сол тарихи қалыптасқан кезеңдеріндегі күллі тіршілік- тынысын танытады.
Қазақ және араб тілдеріндегі фразеологиялық жүйенің көлемі, оның единицаларының типтері туралы ғылыми тұжырымдар әр қилы. Біздің мақаламыздағы басты мақсат – екі тілдегі соматикалық фразеологизмдердің ұлттық – этникалық ерекшеліктерді жинақтаған бірқатар түрлерін салыстыра отырып лингвомәдени талдау жасау. Өйткені, тіл-тілдердегі фразеологизмдердің ең маңызды сипаты фразалық тіркеске негіз болатын образдар жүйесінің сол тілді иеленуші халықтың материалдық, әлеуметтік және рухани мәдениетімен тығыз байланыста болатындығы.
Басқаша айтқанда, қандай да бір ФЕ-нің құрамындағы негізгі компоненттің мағынасы, этимологиясы арқылы халықтың мәдени- ұлттық дәстүр-дағдысын танып-білуге болады.
Түп-төркіні тамырлас жатқан халықтардың тілдегі лексикалық мағынасы, стильдік қызметі ұқсас түсетін ФЕ-лердің болатындығын айтпағанның өзінде, тарихы мен мәдениеті, болмыс- тіршілігі бір-бірінен мүлде өзгеше халықтардың тіліндегі лексикалық мағынасы, сөздік құрамының қатарында объективті дүниені бейнелеп беруі жағынан орайласатын, мазмұн-мағынасы бір-біріне сәйкес келетін ФЕ-лер бар. Аумағының, географиясының жақын орналасуына, дүниетанымға, қоршаған ортаға, табиғатқа, тұрмысқа, адам психологиясына қарым-
қатынасы бірнеше халық тілінде көркемдік, стильдік қызметі дәлме-дәл орайласатын, алайда нысаны, грамматикалық тұрқы бөлек ФЕ-лерді қалыптастырады. Мағыналық диапазоны-шеңбері мен функционалдық-прагматикалық сипаттамасы мейлінше дәл түсетін ФЕ-лер де кездеседі. Теориялық еңбектерде бұндай қатарды
«тіларалық фразеологиялық синонимдер» деп атау бағыты бар.
Екі тілде, мәселен, құрамындағы басты компоненттері, образға немесе ауыс мағына, ұқсас сурет жасауға тірек болатын сөзі адам ағзасы мүшелеріне қатысты аталымдарға негізделген, лексикалық, стильдік қызметі тепе-тең немесе жуық ФЕ-лер бар.
Жалпы, құрамында дене мүшелерінің атаулары бар тұрақты сөз тіркестерін соматикалық фразеологизмдер деп атайды.
Соматикалық атаулар тілдегі сөз тіркестерін құрауда маңызды рөл атқарады. Бұл туралы ғалымдардың зерттеулерінде нақты көрсетілген. Ғалым Ә.Болғанбаев қазақ тіліндегі фразеологизмдерді жинақтау барысында: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі» ,-деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын айтады. [3, 107].
Қазақ тіліндегі соматикалық тұрақты сөз тіркестерінің 30%
соматикалық атаулардан тұратындығы жөнінде де нақты деректер бар [4, 8].
Құрамында көз, бас, маңдай, бармақ, мойын, аяқ, ауыз, алақан тәріздес соматизмдер бар ФЕ-лер объектіге алынып отырған екі тілдің екеуінді де ұшырасады:
Қазақ тілінде Араб тілінде
Қас пен көздің арасында نيع ةضمغ نم لقأ يف Көз алмау نع هينيع عفري لا
Көз бояу (هلقع يلع) هيلع كحض Көздің қарашығындай
сақтау
هينيع يلع ظفاحي امك Өз көзіне сенбеу هينيع قدصي لا
Аузынан дәмі кетпес هءارو كعباصأ لكأت \كمف لهأتسي
Бас айналу هسأر راد
Қаны басына көтерілу هسأر يلا ءامدلا تدعاصت Шашы тік тұру هسأر رعش فقو Оң қолы \ сенімді адамы ينميلا هدي
Тырнағын қимылдатпау ءيشل ادي دمي لا Он саусағынан өнер тамған ابهذ امهنزو هادي يواست Алақанында ұстау ةحارلا فكأ يلع لمح Маңдайы (ырысы) бес елі ةريصبلا ذفان
Мойнына міну هافق يلع شاع
Аяқ басатын жер жоқ مدقل عضوم كانه سيل
Аузы берік هناسل ظفح
Екі қадам жерде نيتوطخ ديق يلع
Жоғарыда келтірілген кестедегі соматикалық фразеологизмдерді талдайтын болсақ, араб тілі генетикалық және типологиялық жағынан түркі тілдерінен ерекшеленіп тұрғанымен, ділі, діні мен салт-дәстүрі, мәдениетінде қазақ халқымен ұқсастықтарының көп екендігін байқауға болады. Сол себепті, тілдік қорында да ортақ бірліктер, ұғымдар көптеп кездеседі.
Мысалы, қазақ тілінде «көз» сөзімен жасалған соматикалық фразеологизмдер өте көп. Көз адам баласы үшін жарық дүниені сездіретін шырақ. Көз арқылы адамның ішкі сезімі байқалады, «көз – жүректің айнасы» деп айтуға болады. Мысалы, «көз алмау» деген фразеологиялық бірлік: бір нәрсеге қадала қарау, «көздің қарашығындай сақтау»: бір нәрсені қастерлеу, ұқыпты сақтау, «өз көзіне сенбеу»: мүмкін емес нәрсенің болуы сияқты ұғымдарды білдіреді. Араб тілінде осы тәрізді соматикалық фразеологизмдер мынадай сөздермен жасалады: көз алмау – نع هينيع عفري لا; көздің қарашығындай сақтау – هينيع يلع ظفاحي امك ; өз көзіне сенбеу – قدصي لا هينيع сияқты фразеологизмдердің қолданылуы, мағынасы бірдей келеді. «Оң қолы» деген фразеологиялық бірлік белгілі бір адамның сенімдісі, жақтасы деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде де бұл фразеологизм дәл осы мағынада беріледі, яғни, «оң қолы» - ىنميلا هدي. Ал «тырнақ» сөзінің қолданысына келсек, қазақ тілінде
«тырнағын қимылдатпау» деген тіркес ештеңе істемеу, жұмысқа қолын тигізбеу деген мағынада қолданылады. Ал араб тілінде,
«тырнақ» сөзінің орнына «қол» сөзі қолданылады, бірақ мағынасы мен қолданылу аясы бірдей. «Алақанында ұстау» бір адамды аялау, мәпелеу деген мағынаны білдіреді, ал араб тілінде « ىلع لمح ةحارلا فكأ» , бұл тіркес те дәл қазақ тіліндегідей мағынаны білдіреді.
«Он саусағынан өнер тамған» деген соматикалық фразеологизм шебер, өнерлі мағынасында қолданылады. Араб тіліндегі осы фразеологизмнің баламасы - ابهذ امهنزو هادي يواست қолының салмағы алтынмен тең деген мағына береді, бірақ қолданылуы дәл қазақ тілімен сәйкес келеді. «Мойнына міну» өз жұмысын біреуге артып қою, біреуге істету мағынасында қолданылады. Ал араб тілінде - هافق يلع شاع тіркесінің тура аудармасы біреудің желкесінде өмір сүру деген мағына береді. Бұл соматикалық фразеологизмнің де қолданылуы бірдей. «Қаны басына көтерілу» - هسأر يلا ءامدلا تدعاصت ,
«шашы тік тұру» - هسأر رعش فقو , екі тілде бірдей қолданылады.
«Аяқ басатын жер жоқ» - مدقل عضوم كانه سيل , «екі қадам жерде» - يلع نيتوطخ ديق деген тіркестердің араб тіліндегі баламаларының мағынасы мен қолданылуы бірдей келеді екен.
Сонымен, адамның өзіндік болмысын, күрделі табиғатын, қимыл-қозғалысын, психологиялық күй кешуін, физиологиялық қалпын т.б. жай-күйді ой-санасымен қатысты ұғымдардың жүйеленуінен қалыптасқан соматикалық фразеологизмдер әуел бастан-ақ адамдардың өзін-өзі тануға ұмтылуынан пайда болған.
Екі тілдегі бір-біріне тең балама немесе ұсынылып жүрген анықтама бойынша атағанда «синоним» осындай ФЕ-лердің табиғаты, шығу төркіні, қалыптасуы өте күрделі. Олардың бір тобы шын мәнінде де әр тілде, сол тіл тәуелді экстралингвистикалық факторларға қарай пайда болып, дербес дүниеге келіп, өз бетінше өмір сүріп, орныққан, өзге тілдегі аналогиялық ФЕ-ге ешбір қатысы жоқ фразеологиялық единицалар, ал тағы да бір легі аралас- құралас жатқан, тіл қызметіндегі экстра және интралингвистикалық негіздері өзара ықпалдасқан тілдердің бірінен біріне көшкен ауыс- түйістері де болуы мүмкін.
Қорыта келе, дене мүшелерінің атаулары – сөздік қордың өте ертеден келе жатқан көне тобы. Сол себепті де соматикалық атаулардың фразеологизмдер құрамында көптеп кездесуі заңды.
Соматикалық фразеологимдердің жасалу жолдарын қарасақ, олардың арасында біріншіден логикалық байланыс, екіншіден, образ тұтастығы бар.
Ұлт тарихы, ұлт мәдениеті, менталитеті, бітім-болмысы жөнінде жан-жақты ақпарат беретін лингвомәдени бірліктер ұлт тілі мен мәдениетінің өзара байланыстылығын айқындайтын ерекше қабат болып табылады. Ал осы лингвомәдени бірліктерге
салыстырмалы-салғастырмалы сараптама жасау ұлттық ерекшеліктердің мәнін шынайы түсінуге зор мүмкіндік береді.