WWW.ENU.KZ СТИЛИСТИКАДАҒЫ МОДАЛЬ СӨЗДЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Еншібай Р.
2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: С.С. Мұхтаров
Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтӛбе қаласы
Стилистика - тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа кӛңіл бӛліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғарғы оқу орындарында ӛз алдына жеке пән ретінде оқылатын болды. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері арнайы зерттеу обьектісі бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу құралдарында және кӛркем шығарма тілі жайында жазылған мақалаларда тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары жайында азын-аулық пікірлерді кездестіруге болады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зерттелуі кӛптен бері қолға алынып, бұл саладан біраз еңбектер де жарияланды.
Солардың ішінен А.М Пешковский, Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, Г.В.Винокур, А.Н.Гвоздев, А.И.Ефимов, В.П.Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. Стилистикадығы негізгі ұғымдардың бірі - стиль. Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмасалтын орны кӛп. Стиль - латынша stylos (қазақша - жазу құралы) деген сӛз. Латын тілінде кейіннен стиль сӛзі "жазу мәнері"
деген мағынада қолданылатын болған [2].
Стилистика ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз.
Тіліміздегі сӛздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарынан басқа осындай қосымша реңін эмоциональды-экспрессивті бояу дейді.
Оларды сондай-ақ тілдің стильдік санасы немесе мәнерлі тәсілдері деп те атайды. Стильдік сапа немесе мәнерлегіштік сипат тек лексика мен фразеологияға ғана тән құбылыс емес. Стильдік сапа - тілдік единицалардың қай-қайсысынада тән құбылыс [1].
Тілді зертетушілер бірауыздан стилистика жүйесіндегі мына экстралингвистикалық стиль түзуші факторларды атайды: шартталған ситаутивтілік, қарым қатынастың бейресмилігі, нақты адресатқа бағытталғаны. Сонымен қатар жалпы лингвистикалық белгілерде кӛрсетіледі, сӛз тудырудың ерекше модельдері; демеуліктердің, одағайлардың оның ішінде модаль сӛздердің ерекше қолданылуын атап кӛрсетеді.
Жалпы «модаль», «модальность» термині латынның «мере» деген сӛзінен алынған. Айналада үнемі болып отыратын әр алуан құбылыстар, ӛмірдегі сан-сала болмыс түрлері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-әрекеті сӛйлемде жалпы жалаң хабар түрінде ғана айтыла салмайды. Сӛйлеушінің осы хабар туралы пікірі, яғни сӛйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жӛніндегі оның кӛзқарасы, әдетте қоса беріліп отырады.
WWW.ENU.KZ Сӛйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы және сӛйлеушінің ол жӛніндегі пікірі тіл білімінде, әдетте, сӛйлемнің модальділігі деп аталады.
Сӛйлемнің модалділігі тіл білімінде жалпы объективті модальділік және субъективтік модальділік деп екі тұрғыдан қарастырылады. Мысалы, Сӛйлем мазмұнының ақиқат шындықпен сәйкестігі объективтік модальділік деп аталады. Бұл кӛбінесе райлар арқылы беріледі.
Субъективтік модальділік сӛйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жӛніндегі сӛйлеуші кӛзқарас пікірін айтады. Бұл модальділік арнаулы жеке сӛздер арқылы беріледі. Сӛйлемнің модальділігі әр алуан.. Ол, әсіресе, экспрессивті, эмоциялық мағыналармен де ұқсас келеді.
Модаль сӛздер тӛркіні соңғы кезде ғана сӛз болып жүр. Е.И.Убрятова, Н.А.Баспанов, Н.Ж.Дмитриев, А.Н.Кононов, В.В.Виноградов т.б. ғалымдар сӛйлеуші адамның пікірін білдіретін сӛздерді жеке тақырыпша етіп алып, бӛлек талдайды.
Модальдық реңк одағайларда да, қыстырма сӛздерде де, сұраулық шылауларда да кездеседі. Бірақ бәрін модаль сӛз деуге болмайды. Сӛйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жӛніндегі сӛйлеушінің пікірін білдіретін мұндай арнаулы сӛздерді модаль сӛздер дейді (пікірлеуші сӛздер деуге болады.)
Сӛйлеуші адамның сӛйлем мазмұны жӛніндегі пікірін білдіру үшін қолданылатын осындай арнаулы модаль сӛздер ӛздерінің құрамы жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Модаль сӛздер ӛздерінің лексикалық және грамматикалық белгілеріне қарай есім сӛз табынан да, етістіктен де, комекші сӛзден де кейбір басқа сӛз таптарынан да бола береді. Мысалы, мүмкін шамасы, рас, әрине, тәрізді, зайыры, әлбетте, бәлкім – синтаксистік функциясы жағынан қыстырма сӛздер. Ал мағыналық ерекшелігі жағынан Яғни сӛйлемдегі ой жӛнінде сӛйлеушінің пікірі қандай – мақұлдай немесе күдіктене не біржола айта ма, әлде нық сенімділік білдіре ме – осы тұрғыдан алғанда бұлар – модаль сӛздер. Ӛйткені кейінгі жылдардағы кӛптеген лингвистикалық әдебиеттерде сӛйлеуші адамның сӛйлем мазмұны, яғни ондағы айтылған ой жӛніндегі күдігін я болжамын, мақұлдау пікірін немесе қалауын, не оның нық сенімін осылар тәрізді басқа да пікірін білдіретін сӛздерді модаль сӛздерге жатқызады.
Модаль сӛздер қазіргі қазақ тілінде сан жағынан оншалықты кӛп емес.
Бірақ олар ӛздерінің қолдану ерекшеліктеріне қарай әр алуан болып келеді.
Мысалы, білем, кӛрінеді, керек тәрізді біраз сӛз күнделікті қолдану процесінде бірте-бірте грамматикализацияланып, лексикалық мағынасының сыртында модальдық мағына да білдіреді. Бұлардың модальдік мағынасы әуелгі лексикалық мағынасының негізінде кейіннен қалыптасты. Мысалы, Мен оны кӛптен білем – Мені оятқан сен білем. Бұл жерден ауыл анық кӛрінеді – Мұны істеген Асқар кӛрінеді. Маған кітап керек – Тӛргі үйдегілер қонақтар болу керек. – ол ендігі шықса керек.
«Сияқты» модаль сӛзінің синонимі ретінде тілімізде тәрізді, әлбетте, сықылды, секілді сӛздері де қолданылады. Соңғы екеуі фонетикалық
WWW.ENU.KZ тұрғыдан екі вариантта айтылғанымен негізінде, бір-ақ модаль сӛз. Сияқты тәрізді, сықылды модаль сӛздері ӛздерінің негізгі лексикалық мағынасында қолданылғанда адамдардың, басқа да әр түрлі заттардың арасында болатын ӛзара ұқсастықты білдіреді. Яғни салыстыру мағынасында айтылатын -дай, - дей қосымшасының қызметін атқарады. Бұл сӛздер кейде әр түрлі етістік қосымшаларын да қабылдайды. Бұлармен тақылетті, реуішті, мәзімді, іспетті сӛздері де мағыналас.
Тақылетті сӛзі ӛзінің лексикалық мағынасында да, сондай-ақ модальдық мағынада да қолданылады. Басқалары модалдылық мағынада жұмсалмайды.
Керек сӛзі де екі түрлі мағынада:
1. Негізгі лексикалық мағынасы – баяндауыш, анықтауыш болады.
2. Модальдық мағына – Кӛмекші сӛз есебінде қолданылады.
Керек сӛзінің 2 түрлі модальдық мағынасы бар: 1. міндеттілік мағынасы;
2. болжамдылық мағынасы.
Модаль сӛздер синтаксистік қызметіне қарай екіге бӛлінеді. Олар: 1.
Әртарап сӛздер (бар, жоқ, аз, кӛп, қажет, керек, тиіс, мүмкін) 2. Бейтарап сӛздер (бәлки, әрине, бәсе, әйтеуір, әлбетте, бәлкім, сірә, тегі). Әртарап сӛздердің сӛйлемдегі қызметі: Бастауыш қызметін атқарады: Кӛп қорқытады.
Баяндауыш қызметін атқадады: Байдалыға соларды салу қажет. Толықтауыш қызметін атқадады: Бұл нәрсе бір керекке жарар. Анықтауыш қызметін атқадады: Маған керек кітап бітіп қалыпты Пысықтауыш қызметін атқадады:
Жиналысқа студенттер кӛп жиналды. Әртарап сӛздер кӛмекші қызметін атқарады. Мысалы, айтылған жоқ, алуға тиіс, бастамақ керек.
Модаль сӛз, сӛйлемнің мазмұнына сӛйлеушінің кӛзқарасын білдіреді.
Грамматикада модаль сӛз бӛлек қарастырылғанымен, қазіргі функционалды семантикада модальдылықты білдірудің бір құралы саналады. Олар дербес сӛз табы болмайды, модальдылық етістік райлары, қыстырма сӛздер, демеулік шылаулар арқылы кӛрінеді. Модаль сӛз тұлғалық құрылымына қарай есімді (керек, қажет, тиіс, сияқты, сықылды, тәрізді, секілді, бар, жоқ, т.б.) және етістікті (екен, шығар, болар, дейді, кӛрінеді, білем, т.б.) болып бӛлінеді. Модаль сӛздің модальдылық мәні әр түрлі. Кейбір сӛздердің лексикалық мағынасының ӛзі модальды болады, ал білем, кӛрінеді, сияқты сӛздері негізгі мағынамен қатар модальдылықты де білдіреді. Мысалы:
«Ӛрістегі мал осы жерден жақсы кӛрінеді. Мен оны беске білем» деген сӛйлемдерде кӛрінеді, білем сӛздері тура мағынасында тұрса, «Астық биыл мол кӛрінеді. Үйіне жетті білем» дегенде модаль сӛз қызметінде жұмсалған.
Модальдылық ӛрістер қатарына мүмкіндік, қажеттілік, қалаулық, болжалдық, міндеттілік, бұйрықтық мағыналар жатқызылады.
Қорыта келгенде, стилистикадағы модаль сӛздердің алатын орны, ӛзіндік ерекшеліктері бар. Негізінен модаль сӛздер сӛйлем мазмұнына сӛйлеушінің кӛзқарасын білдіреді, семантикалық сипат береді. Қазіргі қазақ тілінде сан жағынан оншалықты кӛп емес, дегенмен санаулы болсада олардың әр қайсысының қолданылу орны әртүрлі.
Сӛйлемде модаль сӛз келер шақ баяндауышының құрамында кездеседі,
WWW.ENU.KZ қыстырма сӛздер қызметінде де қолданылады. Модаль сӛздер сӛйлемнің кейде басында кейде ортасында кейде соңында кезектесіп келе береді.
Сӛйлемге ӛзіндік стильдік реңк беретін модаль сӛздердің модальдылық мәні әр түрлі болып келеді.
Пайдаланылған әдебиет
1. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 2006.
2.Балақаев М. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1966.