УДК 930.1 (5+5/4)
ШЫҒЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДА ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Таутанов Е.К., [email protected]
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Ғылыми жетекші – т.ғ.д., профессор Б.Ж.Абжаппарова
XX ғасыр соңында ҿз үстемдігін жүргізіп келген КСРО күйреді. Кеңестік Одақ құлағаннан кейін Қазақстан Рсспубликасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың бастамасымен Еуразиялық Одақ жҿніндегі идеяның ҿмірге келгені аян. Еуразиялық идея ҿзінің бітім-болмысы түрғысынан мүлдем жаңа ой ма!? Тарих кҿрсетіп отырғандай ҿткенғасырдың 20-30 жылдары орыс эмигранттарының арасында кеңінен таралған қоғамдық-саяси жҽне идеялық қозғалыстардың бірі - еуразиялық қозғалыс. Міне, сондықтан да орыс еуразияшылдық идеяларының негізіне қарап, оның қажетті жҽне қажетсіз тұстарын ой елегінен ҿткізе сараптап, бүгінгі ахуалмен екшелеп, қайсыбір танымдық жағынан зиянды ой- пікірлерге баға беру ҿзекті мҽселелердің бірі болып табылады.
Еуразияшылдыққа ғылыми тұрғыдан ҽсер еткен ғылыми жҽне саяси бағыттағы ғалымдар В.Л.Соловьев, А.П.Щапов, В.О.Ключевский, П.Б.Струбе, Н.А.Бердяевтар ҿз еңбектерінде осы идеяның сан салалы мҽселелерін жан-жақты талдап қарастырды.
Еуразияшылдардың негізгі еңбектері Батыста жарық кҿрді. Еуразияшылдықтың алғашқы зерттеулері деп Н.С.Трубецкойдың 1920 жылы Софиядан шыққан "Еуропа жҽне адамзат"
атты кітабын айтуымызға болады. Кейіннен еуразиялық доктринаның "Исход к Востоку",
"Предчувствия и свершения" (София,1921 ж. 1 кітап), "Евразийство. Опыт систематического изложения" (Париж- 1926 ж.) жҽне т.б. еңбектері мен тынымсыз жұмыс нҽтижесіндегі зерттеулері дүниеге келді. Еуразиялық қозғалыстың жандануына жоғарыда есімі аталған Н.С.Трубецкойдан басқа П.П.Сувчинский, Г.В.Вернадский, В.Н.Ильин, Н.Н.Алексеев пен Л.П.Карсавин сынды тұлғаларат салысты.
Еуразияшылдарға"славяндық" қана емес сонымен қатар "славяндық-тұрандық" мҽдениет туралы сҿз қозғайтын К.Н.Леонтьевтердің қайсыбір идеялары ҿз ҽсерін молынан тигізді.
Оларға белгілі бір түсінік аясында Батыс ойшылдары да азық болғандығы, оның ішінде Батыс ҿркениетін сынап-мінеп, ҿзінен кейін "Еуропаның батуы" еңбегін қалдырған О.Шпенглердің де бар екені күмҽнсіз. Шпенглер "Еуропаның ҽлемнен географиялық бҿлінуі еш ақылға қонбайды"–дейді[1, 29 б.]. Шынында Еуропа мен Азия арасында табиғи шекара жоқ. Тек Орал жотасы екі ҽлемнің арасын бҿліп тұратындай шекараға жатады.
Еуразиялық қозғалыстың бастау алуына негіз болған "Исход к Востоку" жинағы белгілі лингвист, Прага лингвистік үйірмесінің ұйымдастырушыларының бірі Н.С.Трубецкой, сондай-ақ П.Б.Струвенің шҽкірті ҽрі аспиранты - географ, экономист П.Н.Савицкий, діндар философ Г.В.Флоровский, музыкант П.П.Сувчинскийлерді бір арнаға тоғыстырды. Бұл жинақ София еуразияшылдарының ҽңгімелері мен пікірталастарының нҽтижесі деуге болады. Шын мҽнінде "Исход к Востоку" жинағы қозғалыс мүшелері кҿзқарастарының ҽрқилы екендігін байқатты. Осы мезетте еуразияшылдар Ресейді қалай "емдей" аламыз, мемлекеттік құрылысты ма, жоқ ҽлде православиелік рухты жандандыру керек пе, Шығысқа бет бұрудың қажеттілігі неде деген мҽселелер тҿңірегінде ой қозғады. Дегенмен Еуразия құрлығында бір орталыққа бағынған күшті идеократиялық мемлекет құру жҽне Шығысқа жҿнелу идеясы еуразияшылдарды ҽрдайым толғантып отырды.
Белгілі еуразияшыл ғалым П.Н.Савицкидің жинаққа енген "Поворот к Востоку"
атты мақаласында: Ресейдің ҿзі де енді "Шығыс" емес пе? Русьтен тамыры хазар немесе қыпшақ, татар немесе башқұрт, мордова немесе чуваш қаны араласпаған адамды таба
292
аласыз ба? Қарапайым орыс бұқарасы "Шығыстың жай халқын ҿзіне жақын тартатынын байқаймыз, православиелік кҿшпенділермен ағайындасуы Ресейді шындығында православиелік-мұсылмандық, православиелік-буддистік елге айналдырды"- деп жазған болатын [1, 30-31 б.].
Еуразияшылдардың ірі теоретигі, князь Н.С.Трубецкой орыстарды бҿлек, яғни Ресей империясы ҽлемдегі басқа халықтар тағдырынан жеке алып қарауға болмайтындығын ескертті. Ол бұрынғы Ресей империясында тұратын бүкіл халықтың атынан мақтанышпен былай деген еді: "Бізді жаратқан жҽне қоршаған мҽдениетпен, ҿмірмен біте қайнаса отырып, біз ҿзімізді еуразиялық деуден тайынбаймыз"[1, 316 б.].
Кезінде Ресей Шығысқа қарай шекарасын кеңейтіп, кҿршілес мемлекеттердің жерлерін бірінен соң бірін тартып ала бастағанда, еуразияшылдар бұл империалистік жаулап алу соғыстары емес деп қателесті. Еш байқалмай, ұрыс-керіссіз орыс мемлекетінің жері монғол империясының кҿлеміне жеткен болатын.
Еуразияшылдар үшін Шығыстың мҽні неде деген мҽселенің ҿте күрделі екені мҽлім. Мүмкін, ол Петр І-ші патшаның ҽбден еуропаландырған Ресейді Еуразияның кҿшбасында тұруына жасаған геосаяси ҽрекеті ма екен? Дегенмен де еуразияшылдар роман-германдық Батыспен бүкіл байланысты үзіп, ҿздеріне тҽн максимализммен
"Шығыс ҽуеніне" бауыр басқаны шындық, бұл орыс тарихындағы "тұран-татар"
тұжырымынан да кҿрініс тапты. Шығысқа бет бұруға талай тарландар қарсы болғанымен (А.Кизеветтер, П.Милюков, П.Рысс, П.Струве) оны жақтаушыларда жеткілікті еді.
Еуразияшылдардың Шығысқа қарай "бүйрек бұруына" күмҽн келтіретіндер ҽрдайым ұлы державалық орыс мемлекеттігі мҽселесін ойдан шығармай, кҿне Ресей империясының шекарасында эстетикалық Еуразия бірлігін (мұхиттан мұхитқа дейін) қарауға тырысты, сондай-ақ оның шекарасын Монғолия мен қытайлық Түркістанды қосу арқылы ұлғайтуды да кҿздеді. Кей кезде бұл ойлар геосаяси қиялды да еске түсіреді.
П.Н.Савицкидің сҿзімен айтқанда, еуразияшылдар ҿздерін "жалпы еуразиялық мемлекеттік идеясының қызметкерлеріміз",[2] - деп сезінді. Мүмкін, Г.В.Вернадскийдің:
"Біз Азиядағы жаулап алушылар емеспіз, Еуразиядағы ҿз үйіміздеміз",[1, 31 б.] -деген сҿзі еуразияшылдардың Шығысқа алғашқы қарым-қатынасын білдіретін болар. Қанша дегенмен де, еуразияшылдардың да, орыс эмигрант қауымының да Шығысқа кҿзқарасы ҽртүрлі болды: олардың бірі Шығысқа жҿнелу идеясына жан-тҽнімен қарсы болса, екінші біреулері оны қуанышпен қарсы алып, қолдау кҿрсетті.
Еуразияшылдардың Шығысқа қарым-қатынасы ерекше еді, олар орыс қоғамының кҿз алдында, Ресейдің шеткері азиат халықтарының жаңа кҿкжиектерін ашып, жаңаша кҿзқарас қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Сҿйтіп, алғаш рет "Тұран" кҿшпелі ҽлемін Ресей тарихына енгізгендер қатарына қосылды. Олар осы тарихқа Ресей мен Шығыс қарым-қатынастары, шығыс славян мен тұрандықтар "орман" мен "дала" призмасы арқылы қарағандар еді. Ендігі жерде Ресейдің азиаттық бҿлімінің халықтары Ресей игерген кең-байтақ даланың тарихындағы белсенді қозғалыстағы күшіне айналды. Еуропа мен Азияның қарым-қатынастары жайлы Ресейдің ҿзіне тҽн ерекше жолы жайлы ойлап, жазып жүрген славянофильдер ҿздерінің Батысқа қарсы кҿзқараста болуына қарамастан, Шығысқа қатысты еуропоцентристіккҿзқараста қала берді. Еуразияшылдардың еңбектерінде ҽрдайым кҿшпелілер ҽлеміне жақын тартып, сағыныш сезімдері шығыс тілі, фольклоры, діні, кҿшпелілердің тарихына шынайы қызығушылығы болғандығы айқын байқалуда. Шындығында, Шығыс Ресеймен біте қайнасып кеткен болатын, ол - орыс рухани ҿмірінің ажырамас бҿлігі десек те жансақтық емес.
Еуразияшылдар Ресейдің ерекшелігін, басқа еуропалық мемлекеттерге ұқсамайтындығын таныды: бұл Еуропа да, Азия да емес, ҿз алдына жеке, біртұтас,органикалық ҽлем болатын. Ол Еуропада шекара арқылы бҿлінген, сондай-ақ Азиядан, жекелей алғанда, Қытай мен Үндістаннан да ҿзгеше. Ресей "Еуразия" жерлерінің негізгі ауқымын жайлайды, оның жерлері ескі материктің арасында бҿлшкетенбей, дұрысында үшінші жҽне жеке материк құрайды деген қортындының тек географиялық
293
мағынасы бар деу қателік болар. Сондай-ақ "Еуропа" жҽне "Азия" түсініктеріне кейбір мҽдени-тарихи мағына беруді нақты "еуропалық" жҿне "азиаттық-азиялық" мҽдениет деп түсінеміз, сонда "Еуразия" белгісі сығымдалған мҽдени-тарихи сипаттама мағынасына ие болады. Бұл белгілеу Еуразия халықтарының мҽдени тұрмысына ҿзара тең дҽрежеде ҽртүрлі мҽдениеттердің элементері кіріккенін байқатады.
Еуразияшылдар - жаңаша ойлау мен ҿмірдегі жаңаша бастаманың ҿкілдері, олар соңғы онжылдықта бастан кешкендерін, ҿмірдің мҽнін айқындайтын мҽселе мен қарым- қатынастарға жаңа кҿзқарас негізінде жұмыс істейтін қайраткерлер тобы. Еуразияшылдар ҿздеріне дейін үстемдік еткен кҿзқарастар мен ҿмір құбылысын түбірімен қайта құруға да жаңа бір қырынан келіп, ҿзінше дүниетаным қалыптастырды. Сонымен бірге еуразияшылдар бүкіл ҽлем жайлы жаңа географиялық жҽне тарихи түсінік қалыптастырып, ҿздері оған "еуразиялық" деп атау берді. Оның мҽні, кҿне ҽлемнің құрамдас бҿліктері - Еуропа мен Азияның шекаралық аймақтарын шартты түрде
"Еуразия" деп қарастыра отырып ҿз атауларын осыдан шығарды. Еуразияшылдық идея олардың еңбегінде ғылыми жҽне философиялық негіздеуге ие болды, белгілі бір дҽрежеде нақты ғылыми материалмен бекітілген ережемен байланысты теориялар, жүйелер мҽртебесін қалыптастырды. Еуразияшылдықты дүниеге жаңа кҿзқарас, доктрина, жаңа тарихи-философия жҽне мҽдениеттің жаңа онотологиясын дүниеге ҽкелген қоғамдық-саяси қозғалыс деуге болады.
Еуразияшылдықтың идеология болғаны анық. Дегенмен, кҿптеген зерттеушілерді осы бір бұлтартпас айғақ еуразиялық доктринаның мҽні мен нағыз мағынасын анықтауда қиыншылықтарға ұрындырады. Ҿте білімді жҽне ҿз заманының салауатты ойшылдары болғанымен, осы бір прогресивті идеяны дүниеге келтірушілердің кҿпшілігі большевиктер билігіндегі Отанынан шеткері кетуге мҽжбүр болды. Олар туған жерінен кҿз жазған, бірақ туған мҽдениетінен ажырамаған эмигранттар еді.
Қазіргі таңда басты мҽселе ұлттық татулық, ал ескі жараның аузын қайта ашпақшы болған: христиандармен мұсылмандар, ақтар мен қызылдардың тарихи соғыс ҽрекеттерін қайта тұтандыруды кҿздеушілерге қарсы тұру керек. Еуразияшылдар жҽне В.Л. Соловьев ұлтаралық татулық жҽне оны адамзат санасына ұялату жолында мықты базис қалдырды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың
"Еуразиялық Одақ" құру идеясы осы еуразияшылдардың жолын ұстанудан бастау алды.Ұлттардың бірігуінде В.Л.Соловьев ҿте маңызды идеяларының бірі арадағы байланыстырушы халықты славяндар деп таниды. Біздің ойымызша арадағы байланыстырушы халық жалғыз славяндар ғана емес, сонымен бірге түрік-славян халықтары деп таныған дұрыс[3].
Тарихи тұрғыдан бүгінде Еуразия идеясының салтанат құруы үшін ғылымда белгілі концепциялардың ішінен ҿзінің бар ішкі болмысымен оны игілікке жетелейтіндердің бірі - Л.Н.Гумилевтің "Еуразия ырғақтары" атты [2] ҿкінішке қарай, аяқталмай қалған ғылыми зерттеу жұмысын атап ҿткен жҿн. Магнитофон таспасында ғана қалған нақ осы еңбекте Еуразияның жергілікті кҿне тұрғындары ішіндегі ең кҿнесі түркілер екендігі айрықша айтылады. Сонымен қатар біздің пікірімзше, Ұлы Даланың немесе Еуразияның, Еуразиялық идеяның қайнар бастауларын 545-547 ж.ж. тарих сахнасына шыққан Бумын жҽне Істемі хандар іргесін қалаған түркілердің қағанатынан кҿре білгеніміз дұрыс. Екі дара қағанатқа бҿлінгенге дейін жүз жылға жуық /539-645ж.ж./
Еуразияда салтанат құрып, гүлдену шегіне жеткені баршаға мҽлім. Міне, нақ осы кезең- қазіргі "еуразиялық біртұтастық" ҽлжуаз түрде болса да бесіктен шығып "тҽй-тҽй" жүруі айқын кҿрінуде.
Біз бүгін түрік-славян диалогы орныққан, тарихта шынайы еуразиялық мҽдениетті, ҿнегелі рухани қатынасты құрған жҽне Еуропа мен Қытайды, Үндістан мен Иранды байланыстырушы кҿпір екендігін анық айта аламыз. Ал Қазақстан Республикасы жайлы айтар болсақ мұндай байланыстырушы миссия белгілі бір жағдайда іргелес жҽне рухани жақын мемлекеттермен болуы мүмкін. Қазақстан ҿзінің кҿп ұлттылығымен күшті. Бұндай
294
саяси этникалық қоғамның құрылуы тарихтан белгілі. Бұл ҿлкеде рухани бірлік негізінде саяси мҽдениет кеңістігі қалыптасқан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаев: "Біз осы бірлікті сақтауға жҽне дамытуға тиістіміз, ал бұл бірліктің арасына іріткі салуға тырысқандарға қарсы қандайда болмасын кҿп күш жұмсауымыз керек",[4, 437 б.]– дейді. Еуразияшылдардың бірегей тақырыбына айналған осы идея бүгін біздің кҿз алдымызда іске асуда.
Бүгінде еуразияшылдар жҿніндегі зерттеулер мен мақалалар некен-саяқ, оның ішінде Қазақстанда мүлдем жоққа дерлігі үлкен талас тудыра қоймас. Бұл мҽселенің, ҽсіресе, Еуразиялық Одақ турасында бастама кҿтерген Қазақстан үшін ҿзектілігі мен қажеттілігі ешбір күмҽн тудырмасына хақ. Ҿмірдің ҿзі тарихты жан-жақты, объективті зерттеуге тыйым салуды ысырып тастап, ҿткендегі тарихи процестерді теориялық ой елегінен ҿткізіп, бізге дейінгілердің асыл қазынасын, кеңес-тұжырымдарын жүйелі түрде зерттеуді талап етіп отырған шақта еуразияшылдық идеясына қайта айналып соғуымыз кездейсоқ емес шығар. Қазіргі танда еуразияшылдық идеялардың негізіне қарап, оның қажетті жҽне қажетсіз тұстарын ой елегінен ҿткізе сараптап, бүгінгі ахуалмен салыстырып, қайсыбір идеялық жағынан зиянды ой-пікірлеріне баға беру, сҿз жоқ, ҿзекті мҽселелердің бірі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 1.Шалабаева Г.К. Евразийство как национальная идея
и социальнаястратегия.Саясатжурналы/қыркүйек.
2.Галиев А. Евразия как культурно-исторический ареал. Аль-Париғылыми танымдық журналы. 2000 №2. –Б. 37 .
3.Назарбаев Н.Ҽ. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Ҿнер, 1996. -272 б.
4.Саудабекова Э. Орыс евразияшылдығы социомҽдени тұлға ретінде. Ақиқат. 1997 №3.