Т.Ж. Қалдыбаева ә.ғ.д., профессор, ҚПҒА академигі [email protected] ЕУРОПАЛЫҚ БІЛІМ ЖҤЙЕСІНЕ ЕНУДІҢ МӘНІ МЕН САЛДАРЛАРЫ ТУРАЛЫ
Ең алдымен, кешегі отандық білімнің, яғни, советтік қоғам кезіндегі орта мектеп пен жоғары оқу орындары білімнің негізінен іргелі сипатта болғанын, әлемдік білімнің алдыңғы қатарында болып келгенін атап айтқан жӛн. Оқу мен тәрбиенің коммунистік идеямен және қоғамдық қатынастардың шектен тыс идеяландырылуына қарамастан әсіресе нақты және жаратылыстану ғылымдары ӛзінің негізділігі және тереңділігімен ерекшеленіп келген.
Алайда капиталистік және социалистік жүйелер арасындағы идеялық-саяси және әскери қарама қарсылық екі жүйе қоғамдары арасындағы ғылыми және біліми арабайланысты барынша шектеп келді. Идеялық-саяси қарама қарсылық, «жабық есік» салдары әсіресе қоғамдық ғылымдар үшін ауыр болды. Осындай рухта ӛскелең жас ұрпақтар тәрбиеленді.
Тәуелсіз 15 жас мемлекеттің бұрынғы КСРО кеңістігінде пайда болуы әр елдің ӛзіндік ұлттық білім жүйесін дамытуына жаңа мүмкіндік ашты. Бұл тұста бүкіл Одақ балабақшасының, мектептерінің, арнаулы және жоғары білімнің тек бір ғана типтік оқу бағдарламасына байланып келгені, ұлттық, ӛңірлік ерекшеліктердің есепке алынбағандығы, оның ұлттық сана мен мәдениетке зор нұқсан келтіріп келгені айқындала түсті. Алғаш рет мемлекетқұрушы ұлттар тілі мен рухында білім концепциялары жасалды. Жас тәуелсіз мемлекеттер білімі ұзақ тарихи мерзім бойы иықтан басып келген ұлыорыстық идеология мен мазмұннан арылтыла бастады. Ұлттық, яғни, мемлекеттік тӛл оқулықтар жасау процесі жүріп жатты. Білім жүйелері модернизациялауды бастан ӛткізді. Бұл процесс қиындықтарсыз да болған жоқ. Дегенмен тәуелсіз Қазақстанның ӛзінінің үзіліссіз және сабақтас ұлттық білім жүйесінің ғылыми-практикалық жасалғаны даусыз.
Қазақстан Республикасы ел экономикасының тұрақтануына қол жеткізе отырып, жоғары даму арқылы әлемнің алдыңғы қатарлы елдеріне біртіндеп қосылу стратегиясын таңдады. Әлемдік алпауыттар ықпалымен басталып кеткен жаһандану заманында басқа жолдың бәрі қатерлі. Тәуелсіз елдің ӛміртіршілігін сақтап қалудың бірден бір жолы - оны жаңаша, инновациялық тұрғыдағы индустрияландыру, білім мен ғылымды, мәдениетті меңгерген жас ұрпақты тәрбиелеп шығару, отандық патриоттық сезімі қалыптасқан білімділер еңбегін қоғам мүддесіне асыру. Білім мен рухтың ұштасуы – стратегиялық қажеттілік. Бұл идеяландыру емес, елдің елдігін сақтап қалудың алғышарты.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу жабық қоғам жағдайында мүмкін емес. Оның үстіне озық ғылым мен технологияларды меңгеру, оны меңгергендер және меңгертушілермен тығыз арабайланыс қажет, басқа елдің озығынан үйрену қажеттілігі туды. Тек енді ешкімге жалтақтамай, тура жолмен, ӛз шешімімен, ӛз түсінігінде. Болон келісіміне 1999 жылы бетбұру осындай мақсаттан туындаған дей аламыз. Бұл оп-оңай жол емес. әлемдік білім жүйесіне шығу отандық білім жүйесі үшін, білім саясаты үшін ӛте үлкен сын.
Айталық, кейбір саясаткерлер пікірінше, ол үшін базалық алғышарттардың жеткіліксіздігіне қарамастан, казақстандық орта мектептер 2005-2010 жылдары біражола 12- жылдық мектеп тәртібіне ӛтіп болуы керек еді. Жоғары оқу орындары да оқу процесінің мазмұндық, базалық жағынан пісіп жетіліп болмағандығына қарамастан, ұйымдастыру тұрғысынан еуропалық үлгіге ӛтуді жеделдетті. Әрине, жолды жүрген алады деген халықтық тағлым бар. Біздің Болон келісімі шарттарын орындауға дағдылануымыз осыған ұқсап тұрғандай.
Енді осы келісімнің негізінде не жатқанына ой жүгіртіп кӛрелік. Еуропа тарапынан, бұл Еуроодақтың әлемдік ықпалын білім жүйелері арқылы нығайту және қартаюшы еуропаны басқа елдердің талантты, қабілетті жастары арқылы толықтыру, жаһандануды ӛз ықпалынан шығармай ӛрістетудің тамаша тетігі. Қазақстан тарапынан, дамыған экономикасы бар деп саналған батыс елдерінің білімдік, технологиялық жетістіктерінен
50
үйрену, жастарды сол үлгілерде оқыту, ол үшін білім жүйелерінің бір-біріне жақындасуын, оқу жүйелерінің ӛзара ашықтығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар білімді жастардың ең алдымен батысқа, одан кейін басқа ӛз тіршілігі үшін қолайлы деп саналған шет елдік ортаға миграциялық қозғалысынан сақтанудың негіздері қоса жасалып жатыр ма? Бұл әлемдік білім жүйесіне шығумен пара пар тұрған, стратегиялық маңызы ерекше мәселе. Жастар саясаты мәселесі.
Еуропалық білім аясына енудің отандық білім жүйесіне берері не деген сұрақтың тӛңірегінде біздің түсінігіміз тӛмендегідей:
білім мен ғылым мазмұнымен алмасу. Бұл тек жекелеген елдер мүддесі;
емес, жаһанданушы әлемнің ортақ білімдік-мәдени негізін дамытудың да қажетті алғышарты;
білім мазмұнының қазіргі және болашақ ортақ ӛркениет талаптарына сай;
трансформациялануы, қосалқы, болашағы тар, әртүрлі пәндерде қайталанатын мазмұндардан арылу, мазмұны жақын пәндер арасындағы интеграциялық ӛзарабайланыстардың артатыны;
тек басқа елдердің озығынан ғана үйреніп қоймай, отандық білім мен;
тәрбиенің озығын, әсіресе адамдық қасиеттерді тәрбиелеу жақсылықтарын, еуропалық, әлемдік білім жүйесінің игілігіне айландыру, оны саналы және жүйелі жылжыту мүмкіндігі ұлғаятыны. Батыстың іштей қалайтыны да осы;
әлем елдерінің ықпал ету бәсекелестігі бәсеңдемей, керісінше, қыза;
түскен қазіргі заманда білім мен тәрбиенің кӛзқарастық, идеялық қыры ӛзінің мәнін азайтпайды. Бұл жағдай отандық білім жүйесінде оқытылатын қоғамтанушы және басқа да гуманитарлық пәндердің мазмұнында үлкен ӛзгерістер жасауды, олардың
ӛзарақатынасын реттеуді талап етеді;
оқытушылар үшін білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігінің, озық ойлы;
шет елдік ғалымдарды елге шақырып, білімін тыңдау мүмкіндігінің артуы;
қазақстандық білімді жастар мен ғалымдар үшін терезесі тең біліми;
ғылыми кеңістіктің кеңеюі, тұлғалық мүмкіндігін аша түсу мүмкіндігі;
басты күтілген үміт – шет елдік озық тәжірибенің еліміздің жаңаша;
инновациялық дамуына ықпалы, ғылыми мүмкіндікті молайтатыны, тб.
Сонымен қатар, қазіргі жағдайда әлеуметтік идея мен шындықтың арасындағы елеулі алшақтықтарға жол беріп отырғанымызды да атап айтпауға болмайды. Оның бірқатарын атап ӛтсек, біздің пікірімізше, олар:
бакалавриат жас маман қолына аяқталмаған жоғары білім береді, ал;
ақылы жолмен оны аяқтау кӛпшілік үшін проблема. «Мамандарды» қабылдап үйренген отандық еңбек саласы әліде бакалаврға жатсына қарайды. Бакалаврларды еңбекке орналастыру мәселесі заң негізінде аяқталмаған;
оқу орындарының материалдық базасы (оқулықтарды қоса алғанда) әліде;
еуропалық үлгі талаптарынан артта қалуда. Оқытушылар құрамы да жүйелі білім кӛтеру жүйесіне зәру. Жекелеген және жеке бастамаға бағындырылған мемлекеттік гранттар негізгі мәселені шеше алмайды. Сол себепті идея мен ӛмір шындығы арасы әле де алшақ;
алыс шет елдерден қыруар мемлекеттік қаржы тӛгіп шақырылатын PhD;
докторлардың бәрі біздің сұранысымызға сай емес. Оның есесіне отандық танымал ғалымдар кӛлеңкеде қалып, не ӛз елінде, не шетке шығып ӛз әлеуетін кӛлемді игілікке айналдырудан қалып барады. Әсіресе қоғамтану мамандықтары бойынша шақырылған ғалымдардың елеулі тобы Қазақстанға отар ел, немесе үшінші санаттағы дамушы ел теориясы мен методологиясы тұрғысынан қарайтын, дәл осы тұрғыда лекция оқитындар. Кӛпшілігі біздің білімімізді кӛтерушілер емес, ӛздерінің тар ӛрісті ғылыми зерттеулері тұрғысында ғана лекция беретіндер. Шығарған қаржылық және уақыттық шығын
51
толық ӛтеліп жатқан жоқ. Кейбір жағдайлар Ломоносов уақытындағы батысқа кӛзсіз бас іюшілікті ойға салады. Бізге жоғары талғам қажет;
әлемдік ғылыми ортаға қазақстандық ғылыми еңбектердің шығуын;
ынталандыру, әрине орынды. Алайда оның артында да шет елдік басылымдардың шашпауын кӛтеру ісі мен отандық басылымдардың ғылми мәртебесіне жеткілікті мән бермеу психологиясы байқалып отырғаны да сӛзсіз. Егер Ресей мемлекеті ӛз елінің бірқатар ғылыми журналдарын импакт-факторлық деңгей мәртебесіне жеткізіп, оны жариялап, тиісті тізімге енгізіп үлгерсе неге біздің ғылымды басқаратын жүйе бұл істі шеше алмай келеді?
Шет ел тіліне қазіргідей мән берілмеген уақыт жасаған ғалымдарға зорлық жасаудан гӛрі оларды жоғары деңгейдегі отандық басылымдарды қамтамасыз етуге жұмылдырған іс қатарласа жүрсе, оның тиімділігін алыс және жақын шетелдіктер де сезіне алар еді;
- кӛпшілік оқытушылардың оқу-тәрбие ісіне инновациялық қатынасы, уақыт сұранысына сай мазмұн жасауға ынталылығы әлі де тӛмен болып қалуда. Кейбір кафедраның әлеуметтік ортасында білім мазмұнын жаңалау, жетілдіру туралы бастамалар елеулі қарсылыққа ұшырайды. Шет елдік мазмұнды трансферттеудің тек кӛшірме әдісі де ӛзін ақтамайды. Сол себепті оқу орындарында, әрбір кафедра ұжымы ортасында шынайы шығармашылық кӛңіл- күй мен ізденіс менталитеті мен мәдениеті қалыптасып болмайынша Болон процесі идеясы нақты және тиісті нәтижеге айналмайды. Болон процесі басшылық жүйе үшін де, оны ӛз ісінде орындаушы оқытушылар құрамы үшін де зор кӛзқарастық және шығармашылық процесс. Олардың ӛзара бірлігі, бірлескен ізденімпаздық еңбегі ғана мемлекет күткен нәтижеге алып келеді.
Келесі жоғары оқу орындарының назарында болатын мәселе – 2015 жылдан бастап республика мектептерінің 12-жылдық бағдарламасы мен талаптарына біражола ауысатыны.
және осы жылдары барлық балалардың мектепке балабақша тәрбиесін алуы арқылы келуі дерлік қамтамасыз етілмек. Демек, негізгі мектепті (10-жылдық) бітірушілердің басым кӛпшілігі колледждер мен заман талабына сай жасақталған жаңа типтес техникалық кәсіптік оқу орындарыдарында оқитын болады. Осы оқу орнын бітіргендердің белгілі ӛлшемі жоғары оқу орнына келеді. Ал негізгі мектепті бітіргендердің азшылығы, яғни, бірден жоғары білімге бағдарланғандары метепте тағы екі жыл, арнайы бейіндік білім алып ЖОО-ға түседі.
Яғни, жақын болашақтауниверситетке келетін жастардың білімі мен мәдениеті қазіргі контингентке қарағанда елеулі ӛзгереді. Сапалық тұрғыда. Ол дегеніміз қазіргі оқу бағдарламалары мен оның мазмұндары тағыда түбірлі сапалық ӛзгереді деген сӛз. Ӛзгерістің бәрін жасауға тиістілер – оқытушы-профессорлар қауымы. Мәселе университет ортасының осы іргелі ӛзгерістерге қаншалықты даяр екендігінде, бағдарланғанында, қаншалықты даярланып үлгеретіндігінде.
Осылайша, бүгін таңда жасалып жатқан Болон процесіне байланысты шаралар тек аралық сипаттағы шаралар, оның бастысы әлі жақын болашақта университет ұжымының алдында түр. Сол себепті ЖОО ұжымдары Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, іргелі ӛзгерістердің методологиялық негіздері мен принциптерін қазірден бастап айқындап алуға тиіс. Айқындалуға тиісті негіздің бірі - оқу процесін ұйымдастыруда еуропалық үлгіден нені таңдадық, отандық тәжірибеден нені таңдадық және ол екеуін қалайша үйлесімді интеграциялаймыз. Біржақтылықтан аулақ болған абзал. Айталық батыстық «компетенттілік» принципін оқу процесін, оның мазмұнын ұйымдастырудың басты принципі ете отырып, біз болашақ түлектеріміздің еңбек ету саласының ӛзін саясат және заңдылық негізде реттеуді әлі шешіп болған жоқпыз. Білім ведомствосы мен кӛпменшікті ел ӛндірісі арасындағы әріптестік қатынас жаңа ғана реттелелуге бағыт алды.
Аталған жағдайлар университет оқытушыларына қойылытын ғылыми- шығармашылық, саяси-әлеуметтік талапты әлде қайда күшейтуді талап етеді. Ерекше жоғары талап магистрантар мен докторанттарды оқытуға қойылады. Докторлық диссертация, кейбір кафедра меңгерушілері ұғымындағыдай, тек академиялық қаблеттілікті ғана білдіріп қоймай, керісінше, қазақстандық қоғамның дамуын ғылыми алып бару ісіне
52
бағындырылуға тиіс Әйтпегенде еуропалық үлгіге түсеміз деп жүріп университеттердің қоғам алдында ғылыми жасампаздық ролін тӛмендетіп алуымыз әбден ықтимал. Ӛзі жоғары деңгейде шығармашылық ойлай алатын оқытушы ұстаздар ғана сондай шығармашылық іс-әрекет пен мәдениетке дағдыланған жас мамандарды тәрбиелеп шығара алады.