• Tidak ada hasil yang ditemukan

In this report performed analysis of active legislation in the sphere education

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "In this report performed analysis of active legislation in the sphere education"

Copied!
9
0
0

Teks penuh

(1)

Алтынбасов Б. Ө., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы

кафедрасы ның доценті, заң ғылымдарының кандидаты,

«Академик С. Зиманов атындағы Білім заңнамасының орталығы» ҒЗО директоры

САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ АРҚЫЛЫ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА

В данной статье проводится анализ действующего законодательства в сфере образования. Автор определяет основные направления дальнейшего развития образовательного законодательства, рассматривает цели и задачи реформы в сфере образования и науки.

Ключевые слова: государственная политика в сфере образования, образование, наука, реформа, трудовое общество.

In this report performed analysis of active legislation in the sphere education. Author formulated theoretical deductions and revealed direction about problems of education. Definited principal targets and missions of this reforms in this sphere.

Key words: public policy in the field of education, education, science, reform, labour society.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы Қазақстанның тиімді және әлеуметтік мемлекет жолында даму үстінде екендігінің белгісі. Заң ғылымында тиімді мемлекет ретінде мемлекеттік реттеу мен қоғамның ӛзін ӛзі реттеуінде үйлесімдік бар мемлекет танылады. Кӛп уақытқа дейін батыстың әдебиетінде тиімді мемлекет ретінде халықты жарылқаушы және әл-ауқатты мемлекет танылған.

Бүгінгі таңда ғалымдар арасында бұл тұжырымдаманың орнына жаңа, яғни еңбекші мемлекеті, еңбекке қолайлы жағдай жасау мемлекеті туралы идея қалыптасты. Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам идеясы әлемдік қоғамтану ғылымының негізгі даму бағыттарымен ұштасатындығы байқалады.

Мемлекет пайда болғалы бері қандай формациялар мен ӛркениеттерді басынан кешірсе де, қоғам мен адамның әлеуметтік жағдайын толық қамтамасыз етіп, тіршілік етпей, жатып ішерге жағдай жасаған емес.

Кеңестік кезеңнің дұрыс жақтары бар еді деген кезде, бізге ең алдымен барша жұрттың еңбекке тартылуы есімізге түседі, себебі жұмыссыз жүру кеңестік адамның санасына жат нәрсе болды. Сол саясаттың нәтижесінде кеңестік кезде қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы даму үстінде болғанын барлығымыз білеміз.

(2)

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында ӛзінің Халыққа Жолдауының ойдағыдай жүзеге асырылмай жатқандығын айтады. Әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайтындығы, жаhанданудың тұрақсыз жағдайында біздің қоғам қандай болуы қажет және осы жағдайдан сүрінбей шығу үшін қандай бағытты ұстану қажеттігі туралы ойлары баршаның кӛңілінен шығады.

Халқының басына күн туып, тағдырдың тәлкегіне түсіп, мемлекеттің келешегі қыл үстінде тұрған кезде жоқтан бар жасап, артта қалып кеткен мемлекетті әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына шығарған кӛшбасшыларды тарих ұмытпайды. Соның ішінде Азияның Ли Куан Ю (Сингапур), Махатхир Мохамад (Малайзия) секілді данышпан кӛшбасшылардың басынан кешіргені таң қаларлық жағдай. Ұлыбританияның әскери базаларына әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тәуелді болған Сингапур, Қытай мен Үнді саудагерлері мен қолӛнершілерінің қолына қарап отырған Малайзия данышпан кӛшбасшыларының саясатымен 30-40 жылдың ішінде әлем мойындайтын жағдайға жетті.

Сингапур мен Малайзия ӛз кезегінде ӛндіріс пен ӛнеркәсібі, білімі мен мәдениеті тӛмен қараңғы халық болған. Алайда, мемлекет басшыларының әлемдік саясатты дұрыс түсінуі және халықтың қолдауы нәтижесінде адам баласы сенбейтін жағдай болды. Ол елдер техника мен технология, ғылым мен білім, экономика мен әлеуметтік салада үлкен алға жылжулар жасады.

Қазақстан Республикасы аталған елдерге қарағанда халқы анағұрлым сауатты, кӛзі ашық, кӛкірегі ояу, тарихы терең, жері мен табиғаты бай мемлекет. Сондықтан, Елбасының мақаласында кӛрсетілгендей, барша жұрт еңбекке тартылып, жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүруді ӛзіне жат нәрсе деп тауып, халқым үшін деп қызмет етсе, қазақ елінің Сингапур мен Малайзияның тәжірибесін әлемге қайта танытуға толық мүмкіндігі бар.

Қытайдың ұлы философы «Тәртібі жоқ елде сӛзіңе сақ болып, ісіңе мықты бол, ал тәртібі бар елде сӛзіңде де ісіңде де батыл бол» деген екен.

Біздің елде тәртіп орнатылып, жариялық қағидасы басшылыққа алынуда.

Бүгінгі күні әрбір азамат қоғамның ӛміріне белсенді араласатын, шынайы азаматтық қоғамның қалыптасатын уақыты.

Елбасы ӛз мақаласында экономикалық және әлеуметтік жаңғырту мейлінше үйлесімдікте болуы қажет дейді. Экономика мемлекеттің басқаруымен ұйымдастырылып, халықтың қолымен жасалатынын ұмытпаған жӛн. Азаматтардың белсенділігі экономиканың қарқынды дамуының кепілі.

Қазіргі кезде, аталмыш мақалада кӛрсетілгендей, қоғамдық санада «аз жұмыс істеген, кӛп ақша табады» немесе «ауадан ақша жасау» деген түсініктер қалыптасып кеткен. Бұл ӛтпелі кезеңде мемлекеттік биліктегілердің жекешелендіру, несие беру, ипотека арқылы халықтың игілігін тонаудан кӛрініс тапқан жағдай. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар мемлекеттік сатып алу, тендерлер арқылы құжаттарға қол қоюдың негізінде жұмыс істемей үлкен қаражаттың егесі болып жатыр. Тендер мен

(3)

мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың олқылықтары жоғарыда аталған Еңбекші Қоғамға жат түсініктердің куәсі болуға мәжбүр етіп отыр.

Бұл мақалада әрбір азамат ӛзіне ӛзі талап қоюы, жаңғыртуды ең алдымен ӛзінен бастау қажеттігі туралы орынды айтылған. Тарихқа кӛз жүгіртіп кӛрсек, мұндай қанатты сӛздерді АҚШ Президенті Дж. Кеннеди айтқан екен. Ол ӛз халқына «елім маған не берді деме, мен елім үшін не істей аламын деп сұра» деген екен. Яғни бүгінгі заман әрбір қазақстандықтан ӛз елі үшін қызмет етуді талап етіп отыр. Бүгінгі қоғамда билікке қатысты сын айтып, мемлекеттің саясатын жоққа шығарушылар аз емес, алайда мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге, заңнамадағы олқылықтарды жоюға, басқарудың тиімді жолдарын ұсынуға келгенде бастама жасайтындар табылмай қалады.

Әлеуметтік жаңғырту жүзеге асырылу үшін даулы жағдайларды шешетін әділ заңдар мен нақты құқықтық нормалар қажет деген идея теңдесі жоқ деп айтуға болады. Біздің елде құқық шығармашылық процесі бұрын соңды болмаған қарқында даму үстінде. Ол еліміздің интеграциялық процеске түсіп, түрлі халықаралық ұйымдарға кіруі, әлемдік кеңістікке шығуымен байланысты қалыпты жағдай. Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мәселесі оңай шаруа емес. Әлеуметтік сала білім, ғылым, денсаулық, мәдениет және ӛзге де кӛптеген салаларды қамтиды. Ол салалардың әрбірін реттейтін кӛптеген нормативтік құқықтық актілерден тұратын заңнамалар әрекет етеді. Заңнаманы заман талабына сай жетілдіріп отыру үшін, оның реттеу аясына талдау және салыстыру арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, ең алдымен заңгер- ғалымдардың ісі. Ал енді заңгер-ғалымдарды мемлекеттің құқық шығармашылық қызметіне тарту процедурасы ескі әдіспен жүргізілуде.

Заңгерлерді біліктілігі мен іскерлігіне қарай бағалап, қызығушылығын ояту деген мәселелер қолға алынатын емес.

Біздің құқық шығармашылық қызметінде әділеттік пен жариялық қағидасы сақталмай келеді. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінде 50-ге жуық ғылым докторлары мен кандидаттары бар. Сондай-ақ, факультетте жүзден астам магистранттар оннан астам PhD докторанттар оқиды. Осындай интеллектуалдық күштің ешбір органдармен қолданылмауы ӛте ӛкінішті жағдай.

Министрліктер мен ведомстволар, заң шығарушы орган белгілі бір заң шығару қажет болған жағдайда ол мәселені оқшаулап, жария етпей жүргізеді.

Заң жобасы белгілі бір мүдделі топпен немесе органмен жасалғандықтан, ол о бастан біржақты сипатта болып шығады. Мысалы, 2007 жылғы ҚР «Білім туралы» заңы о бастан жеке меншік оқу орындарының мүддесін ескеріп жасалғандығы анық байқалады. Депутаттар қаншалықты ӛзгеріс енгізгенімен, ол заңның табиғаты мемлекеттік саясаттың жеке меншік оқу орындарына ықпалы болмайтындай етіп жасалған. Бұл ӛз кезегінде Білім және ғылым министрлігінің қызметіне үлкен кедергі туғызып, жеке меншік оқу орындарының мемлекеттің саясатын ескермей, білім беруді саудаға салуға жол беріп отыр. Біздің елде білім мен ғылым сатылмауы қажет.

(4)

Әлемдік тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, білім беру арқылы мемлекетке қаржы түсіру тек бір ғана жағдайда рұқсат етіледі. Егер білім қызметі экспортталатын жағдайда ғана, яғни сол жағдайда ғана ақылы білім беруді дамытуға болады. Ал ӛз елінің азаматтарына жаппай ақылы білім беру мемлекеттік қауіпсіздікке қолсұғушылықпен тең.

Білім саласына келгенде Елбасы ұлттық біріңғай тестілеу мәселесіне арнайы тоқталып кетті. Тестілеу арқылы орта мектептің түлектерінің білімін бағалау дұрыс еместігі туралы қоғамда күнде айтылатын жағдай. Алайда, білімге деген қоғамдық сана әлі де жетіле қоймаған біздің қоғамда, кеңестік кездегідей оқуға қабылдау мәселесін жоғары оқу орындарына тапсыру қауіпті болып отыр. Оны біз магистратура мен докторантураға түсу кезіндегі заңсыздықтардан байқап отырмыз. Ұлттық біріңғай тестілеу арқылы халықтың орта және тӛменгі табы ӛз білімімен оқуға түсуге мүмкіндік алып отыр. Қазіргі кезде ауылдық жерден келген түлектер еліміздің алдыңғы қатарлық оқу орындарында оқып жатыр, соның ішінде, бұрын соңды кездеспеген, заңтану, экономика мамандықтарына ӛз күшімен оқуға түсу жағдайлары кӛрініс тауып отыр. Әсіресе үстіміздегі жылы министр Б.

Жұмағұловтың басшылығымен ҰБТ мейлінше әділ ӛтті деген әңгіме халық аузында жиі кездеседі. ҰБТ мейлінше таза ӛткізілгендіктің негізінде, тестілеу нәтижесінде алынған баллдардың орташа саны жылдағыдай емес, анағұрлым тӛмен болды. Сондықтан, ҰБТ әлі де ӛзінің ӛзектілігін жоғалтқан жоқ деп қорытындылауға болады және ол халықтың орта және тӛменгі табына жоғары білім алуыға мүмкіндік жасап отырған жалғыз құрал. Әлеуметтік мемлекеттің басты мақсаты орта және тӛмен тапты кӛтеруге бағытталады.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі білім саласындағы заңнамаға сәйкес, жоғары оқу орындары ғылыми кадрлар дайындауда үлкен тығырықта отыр. Ол біріншіде, заңнаманың олқылығынан, ал екінші жағынан, қоғамының ғылымға қатысты санасының жетілмеуінен болып отырған жағдай. Ғылыми кадрларды дайындауда бірқатар шешімін таппай отырған мәселелер бар. Ол жоғары оқу орнынан кейінгі оқуға түсуден бастап, диссертация қорғап шыққанға дейінгі уақыт аралығындағы ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелер. Болашақ ғылыми кадрларды іріктеп алу процедурасы әмбебап сипатқа ие. Мысалы, кез келген магистратура және докторантура PhD білім бағдарламасы бойынша оқуға түсуші азамат міндетті түрде шет тілінен тест арқылы емтихан тапсырады. Ол емтихан Ұлттық тестілеу орталығымен жүргізілгендіктен жоғары оқу орындары емтиханның нәтижесіне әсер ете алмайды. Ал емтиханда тиісті балл ала алмаған үміткерлер кәсібі бойынша пәндерден емтихан тапсыруға жіберілмейді. Яғни, шет тілінен тиісті балл ала алмаған үміткердің ғылыммен айналысуға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан жекелеген мамандықтар бойынша, әсіресе жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша мемлекет бӛлген гранттар игерілмей қалып отыр. Мұнда біз Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама бойынша жаратылыстану және техникалық ғылымдардың дамуына үлкен мән беріліп отырғанын ұмытпағанымыз жӛн.

(5)

Біздің елде шет тіліне деген сұраныс соңғы жылдары ғана пайда болды.

Сондай-ақ, орта мектептерде осы уақытқа дейін шет тілі тиісті деңгейде оқытылған жоқ болатын. Орта мектепте шет тілін заман талабына сай оқыту мәселесі енді ғана қолға алынып жатыр. Ал бүгінгі таңда жоғары оқу орынын бітірген, әсіресе кеңестік кезеңде білім алған жасы қырықтың үстіндегі оқытушылар шет тілінен мүлдем алыс. Осы топтағы азаматтар, олардың ішінде ӛз кәсібі бойынша мықты мамандар да аз емес, ғылым жолына түсуге мүмкіндік ала алмай отыр. Яғни, бүгінгі таңдағы білім заңнамасындағы олқылықтардың нәтижесінде магистратура мен докторантураға маман ретінде пісіп жетілген аға оқытушылар емес, ал ғылымнан хабары жоқ, нақты бір тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізіп кӛрмеген, жаңадан университет бітірген бакалавр немесе магистрлер оқуға түсуде. Бұл жағдай мемлекеттің білім саласындағы саясатының жүзеге асырылуына үлкен кедергі болып отырған, білім жүйесінің қате жолмен кетіп бара жатқандығының кӛрінісі.

Әрине, шет тілін игеру қажет, ол арқылы әлемдік ғылымға жол ашылады. Бірақ, тіл мәселесі табан астында шешіліп кететін мәселе еместігін бәріміз білеміз. Ол үшін уақыт қажет, ең болмаса бес жыл. Мұнда Елбасының мақаласында кӛзделген әлеуметтік жаңғырту эволюциялық жолмен жүзеге асырылуы қажет деген қағида сақталмай отырғандығын байқаймыз

Елбасы ӛз мақаласында мемлекеттік бағдарламалар мен олардың жүзеге асырылу жоспарларында мемлекеттік саясат пен ғылымның арасында тығыз байланыс болуын талап етіп отыр. Ӛндіріс пен экономика қарқынды даму үшін ол салада ғылымның жетістіктерін үнемі қолданып отыру қажеттігін ұсынады. Әлемдік тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, инновация экономиканың қозғаушы күшіне айналуы, ал инновация ӛз кезегінде ғылым мен білімнің негізінде келетіндігін негізге алған жӛн. Осы тұрғыдан қарағанда біздің білім жүйесімен экономиканың арасында байланыс байқалмай отыр. Ғылыми-зерттеу жұмыстары мемлекеттің саясатын ескермей, ӛз бетінше дамуда. Мұндай жағдайдың орын алуына келесідей факторлар әсер етіп отыр:

- біріншіден, ғылыми кадрларды дайындау механизмінде ұйымдастырушылық-құқықтық тұрғыдағы мәселелер бар. Яғни, ол жоғарыдай айтып кеткендей, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудағы оқуға түсу, диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдау жұмысты жазу және қорғаумен байланысты мәселелер;

- екіншіден, білім және ғылым саласындағы қолданыстағы заңнаманың олқылықтарының салдарынан ғылыми кадрларды дайындауда жүйесіздіктің орын алуы. Осының салдарынан миллиондаған ақша босқа кетіп жатқандығына куә болып отырмыз. Мысалы, бүгінгі таңда магистратура және докторантура PhD бағдарламасы бойынша оқуға түскен азаматтар міндетті түрде шетелге шығуға немесе оларға шетелдік ғылыми кеңесші тағайындалуы қажет. Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, докторантура PhD бағдарламасы бойынша келетін шетелдік профессорларға тӛленетін сыйақы ӛте жоғары. Шетелдік профессорлар екі апталық мерзімге келіп, отандық

(6)

профессордың бір жылдық жалақысын алып кетеді. Бұл бір ақылға сыймайтын жағдай болып отыр. Әрине, техникалық және жаратылыстану ғылымдарының біздің елде бұрын зерттелмеген салаларында шетелдік әріптестікті дамыту қажет шығар. Бірақ, жаппай барлық мамандықтарда шетелдік ғылыми кеңесші тағайындаудың қандай қажеттігі бар деген сауал туындайды. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заңтану мамандығына келетін болсақ, докторантура PhD бағдарламасы бойынша бесінші жыл оқуын бітіріп, түлектер диплом алып шығып жатыр. Осы бес жылға талдау жасап кӛретін болсақ, біздің докторанттарға Ұлыбританияның, Польшаның, Ресейдің және ӛзге де елдердің шетелдік профессорлары ғылыми кеңес беріпті. Алайда, сол бітіріп шыққандардың ішінде ғылыми жаңалық ашып, ӛзінің таңдаған тақырыбында зерттеулер жүргізіп, ғылыми жолға түскен біреуі жоқ. Барлығы дипломын алысымен жақсы жалақы тӛленетін жұмыстарға ауысып, әкімшілік қызметпен айналысып кетті. Бүгінгі таңда, сол докторанттардың барлығы заң факультетінде оқытушылық және ғылыми жұмыспен айналыспайды. Сабақ берсе де, штаттан тыс қызметте есептеледі. Мұнда, мынадай сұрақ туындайды. Мемлекет жыл сайын бір докторантқа 10 мың доллардан тӛлеп кім үшін және неге оқытты? Мемлекеттің бағдарламаларда кӛрініс тапқан ұлы идеялар неге жүзеге асырылмайды? Министрлік қайда қарап отыр?

Мұндай сұрақтардың тізімі ӛте ұзақ.

Ең ӛкініштісі бұл жағдай әлі де жалғасуда. Әлі де, біздің PhD докторантура және магистратура бағдарламасына оқытушылық қызметпен айналыспайтын немесе қосымша жұмыс айналысатын мемлекеттік органдарда қызмет ететін азаматтар оқуға түсуде. ҚР Президенті Н.Ә.

Назарбаев ӛзінің 2011 жылғы халыққа жолдауында мемлекеттік шенеуніктер ғылыммен айналысатын болса, ғылымға кетсін, ғылымның дамуына кедергі жасамау қажет деп елімізде екі жүз диссертациялық кеңесті жапқызған болатын. Нәтижесінде, батыстың білім жүйесіне кӛшіп, халықаралық білім кеңістігіне толығымен ендік. Алайда, академик Ж. Әбділдин айтқандай, ғылымға деген қоғамдық сана ӛзгеретін емес. Ғылым әлі де ӛгей баладай, екінші рӛлде қалуда. Осының салдарына бірінші орында гуманитарлық ғылымдар зардап шегуде. Мысалы, заңтану, саясаттану, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдарда магистратура және PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер ғылыми атақты қызмет бабымен ӛсудің құралы ретінде түсінеді немесе «қолда бар дипломның зияны жоқ»

деген кӛзқарасты ұстанады. Бұл кеңестік кезеңде кездескен, әсіресе 90- жылдардан 2011 жылға дейін орын алған ғылымға деген тәжірибедегі әріптестеріміздің надандық кӛзқарасы.

Бұдан шығатын қорытынды, мемлекеттік шенеуніктер ғылыммен айналысуды хобби немесе карьералық ӛсудің құралы ретінде тануды доғаруы қажет. Әрбір азамат бүгінгі күні мемлекетіміз ауқымды реформаларды басынан кешіріп жатқандығын ұмытпай, ӛз кәсібінің шынайы маманы болуға тырысса абзал болар еді. Әркім ӛзінің жұмысын білген жӛн. Осы орайда жуырда ғана ӛзінің интервьюінде ауған соғысының ардагері, генерал-

(7)

лейтенант Б. Ертаев былай деді «командирлер тендрмен айналыспауы қажет, олар жауынгер дайындаумен айналысып, ӛз сарбаздарына әкедей болып, ал соңғылары оларға баласындай болуы қажет». Мұнда депутат Б. Ертаев бүгінгі күні командирлер ӛзінің негізгі қызметін ұмытып, бухгалтериямен айналысып, «аудан ақша жасау» қағидасын ұстанып кеткендігін айтып отырғандығын анық түсінуге болады. Мемлекеттік шенеуніктердің «тендр»

немесе «мемлекеттік сатып алу» деп аталатын механизм арқылы мемлекеттік бюджетті тонап жатқандығы туралы Мәжіліс депутаттары жиі айтуда, ал бұл жағдайға куә болып отырған барша халық қол қусырып, қарап отырмыз. ҚР Президентінің аталмыш мақаласында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына қатысты ескертулер жасалып, нақты тапсырмалар беріліп отыр.

Бұл мемлекет пен қоғам үшін ӛте орынды және маңызды жағдай екендігі сӛзсіз.

Елбасы қоғам мен мемлекетті алға жылжыту мақсатында жария түрде ӛз ойларын ортаға тастап жатқанда, азаматтық қоғамның белсенді болуы аса қажетті.

Елбасы ӛз мақаласында индустриалды-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуын еліміздің болашығы үшін маңыздылығын атап ӛтті.

Тәжірибе мен білім беру жүйесінде тығыз байланыс орнап, кәсіби және білім стандарттарының арасындағы үйлесімдіктен кӛрініс табу қажеттігіне тоқталды. Президенттің мұндай мәселеге тоқталуына бірқатар себептер негіз болды. Ол кәсіби білім беретін оқу орындарының мамандарды тәжірибе жүзінде қаншалықты қажеттігін ескермей дайындауынан, білім стандарттарын әзірлеуде басқару, экономика, бизнес, ӛнеркәсіп пен ӛндірістің ерекшеліктерін ескермеуінен, ғылыми-зерттеу жұмыстары мемлекеттік бағдарламаларда кӛзделген маңызды салаларда жургізілмеуінен, ғылыми кадрлар дайындауда жүйесіздік орын алуынан туындап отыр.

Білім жүйесіндегі мәселелерді шешу мақсатында Елбасы үш бағытта жұмыс жүргізуді ұсынып отыр, ол: біріншіден, білім беретін ұйымдарды оңтайландыру; екіншіден, оқу-тәрбиелік процесті жаңғырту; үшіншіден, білім беру қызметінің тиімділігі мен қол жетімділігін жоғарылату.

Білім беру жүйесін оңтайландыру мақсатында білім беру деңгейлерінің арасында дәйектілік пен сабақтастық болу қажеттігі туралы айтылады.

Қазіргі кездегі қолданыстағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес заңгер мамандығы бойынша магистратураға экономист, педагог, тарихшы, саясаттанушы, әлеуметтанушы және басқа да гуманитарлық ғылымдардың ӛкілдері еш кедергісіз түсуде. Осы азаматтар заң ғылымын деградацияға ұшыратып, дүбәрә болып шығып жатыр. Себебі, экономист, тарихшы немесе әлеуметтанушылар заңгерлердің базалық пәндерін оқымаған, яғни заңгер болу үшін қажетті негізгі пәндерді білмейді, яғни юриспруденцияның табиғатын түсінбейді. Олар қалай ғылыми ізденіс жүргізеді. Бұл мәселе күн тәртібінен түсетін емес және бұл магистранттардан дұрыс заңгер-ғалым шығады деу ақылға сыймайды. Осы мәселеге қатысты біздің атақты профессорларымыз басын ұстап не істерін білмей отыр. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

(8)

университетінің Ғылыми кеңесінде Түркітану және Алтайтану ғылыми- зерттеу орталығының директоры Қаржаубай Сартқожаұлы магистратураға түріктану мамандығына бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген түлек түскендігін айтып кетті. Ендігі кезде бухгалтерге түріктану ғылымы бойынша қандай тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмысын белгілеу үлкен мәселеге айналуда.

Мақалада білім берудің мемлекеттік стандарттары мемлекеттік және жеке меншік оқу орындарында теңдей сақталуы қажет деген әңгіме қозғалған. Жеке меншік, әсіресе орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары мемлекеттің саясатын ескермей дипломы бар жұмыссыздардың ортасын кӛбейтіп жатқандығы туралы кӛпшіліктің арасында кӛптен бері айтылуда. Осы орайда бірқатар жеке меншіктегі жоғары оқу орындары жабылатындығы жӛнінде ақпарат кӛздерінде айтылып жүр. Ол оқу орындарын жабу туралы тапсырма уәкілетті органдарға беріліп отыр. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күні Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен Білім және ғылым министрлігі жабылатын бірқатар жоғары оқу орындарының тізімін дайындауда. Алайда, ол тізімге мемлекеттік деңгейде беделді адамдардың иелігіндегі оқу орындары кірмейтіндігі анық. Қандай оқу орны кімдікі екендігі туралы қоғамда баршаға мәлім.

Білім жүйесі «Жалпы ұлттық болып қалу қажет» деген Елбасының ойы жүзеге асырылатын болса, білім саласы бизнеске айналмай, мемлекет пен қоғамның игілігіне жұмыс істейтін еді. Қазақстанда білімді саудаға салуға түбегейлі түрде шек қою қажет. Бұл мемлекет пен қоғам үшін қатаң қағида ретінде танылса, білім мен ғылым шарықтайтыны сӛзсіз.

Білім ошағын бітірген түлектер жұмыспен қамтылуы қажеттігі туралы мақалада орынды айтылған. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары ӛздерінің түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы уәкілетті органдарға жалған мәлімет беріп әуре болуда. Жұмыспен қамту мәселесі факультеттердің мойнына ілініп, олар университетке формальды тұрғыдағы есептер беруші еді. Бұл мәселе факультеттің ғылыми кеңесіндегі тұрақты шешімі табылмайтын күн тәртібіндегі мәселеге айналған болатын.

Егер осы мақалада айтылған мамандарды жұмыспен қамту мәселесі Білім және ғылым министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері және де ӛзге де министрліктер мен ведомстволардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын болса, Елбасының сӛздері жерде қалмас деген сенімдеміз. Әрине бұл мәселеге бүгінгі күнгі мемлекеттік органдардағы ең ӛзекті мәселелер – формализм мен бюрократия кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі, қазіргі кезде шенеуніктер сыбайлас жемқорлық пен жала жабудың құрбаны болып кетпеу үшін заңның шеңберінен шықпайды, жұмысында бастамашылық жасаудан қорқады. Бүгінгі шенеуніктер

«инициатива наказуема» деген қағиданы есінен шығармайды.

Ең бастысы Елбасы әрбір қазақстандыққа туған еліңде еңбек етіп, потенциалын толық жүзеге асыруды тапсырып, ол үшін мемлекет барлық жағдай жасайтындығын кепіл етіп отыр.

(9)

Елбасының аталмыш мақаласы халықтың әлеуметтік жағдайын кӛтеруге, қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздікті жоюға бағытталған. Зиялы қауымның арасында «бұл мақала ертерек шығу керек еді» деген сӛздер де бар. Алайда, мұндай мақаланың ертерек шығуы мүмкін емес еді. Себебі, оған қанаты әлі де қатаймаған жас мемлекетіміз, сондай-ақ, толық қалыптаспаған қоғамның құқықтық санасы мүмкіндік бермеді. Елбасының бұл мақаласы қоғам мен мемлекеттің келешегін ойлаған мыңдаған ғалымдардың кӛңілінен шықты.

Елбасының мұндай мақала жазып, мемлекеттік органдардың қызметіндегі кемшіліктерді айтып, қолданыстағы заңнаманың олқылықтарына тоқталуы қоғамда жариялық қағидасының кӛрініс тауып, демократиялық бағытта дамуымыздың белгісі. Ӛз кемшіліктерімізге ӛзіміз кӛрсетпесек, ӛзгелер айтпайтындығы анық. Сондықтан, Елбасының бұл мақаласы ӛз орнымен, уақытылы шыққан құжат деп тануға болады.

Referensi

Dokumen terkait

Дизайн исследования включал анализ психолого-педагогической литературы по проблемам цифровой педагогики и цифровой дидактики, электронного обучения, дистанционного образования;