УДК 576.72:616-091.8
ГИСТОСӘЙКЕСТІЛІКТІҢ БАСТЫ КОМПЛЕКСІ Д.С. Аубакирова, Т.Д. Укбаева
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қаласы, Қазақстан.
Ғылыми жетекшісі- проф., д.м.н. Т.Д.Укбаева.
Резюме : Бұл мақалада ГСБК сипатамасы, жіктелуі, МНС класстарының ұлпа сәйкестілігі сипатталған.
Түйінді сөздер: Ir гендер, лейкоцит, локустар, серологиялық анықталынатын, аллель, МНС.
Гистосәйкестіліктің басты комплексі – жасуша бетіндегі гендер және оларды кодтайтын антигендер тобы, олар бөтен антигенді анықтауда және иммунды жауапты қалыптастырады.
Генетикалық жүйе – гистосәйкестіктің басты комплексі деп, немесе адам лейкоциттерінің А-жүйесі аталады. Бұл атау трансплантациялы антигендердің перифериялы қанның лейкоциттерінде бірінші рет 1952 жылы анықталуымен байланысты.
Бұл жүйе ғылыми әдебиеттерде ГСБК - major histocompatibility complex деп белгіленеді. ГСБК шеңберінде тек қана басты трансплантациялық антигендерді бақылаушы гендер ғана емес, сонымен қатар иммундық жауаптың нақты бір антигенге қарсы қарқынын анықтайтын Ir (Immune response) атты гендер де орналасқан. МНС антигендері жасушаның бетінде орналасқан гликопротеидтер ретінде ұсынылады, олар хромосоманың алтыншы қысқа йығында орналасқан гендермен кодталынады.
Гистосәйкестілік жүйесінің құрамына 5 локус кіреді. Генетикалық локустар бөтен ұлпаларды қабылдамауға жауапты. Олар: A, B, C, D, DR. HLA-жүйесінің латын әріптермен белгілінуі олардың ашылу ретіне байланысты, дегенмен локустардың орналасу реті центромерадан мынандай - D, DR, B, C, A.[9,10,4]
Әр бір локустың құрамында көптеген аллельдер болады. Сонымен, А локусында шамамен 20 аллель; С локуста – 8; В локуста – 40; D локуста – 16. А және В локустары бүгінгі күні өте жақсы зерттелінген, ал басқаларында әлі де теңдестірілмеген аллельдері бар. Индивидуумда әр локустың көптеген аллельдерінде тек біреуі ғана функциональді (басты) болады, яғни гаплотипте 5 аллель гистосәйкестіліктің 5 антигенін кодтайды.
HLA-жүйесіндегі рекомбинацияның жиілгі төтенше тапшы, сондықтан аллельдің функциялаушы тобы бір тұтас болып тұқым қуалайды.
HLA-жүйесінің антигендердің келесі ұрпаққа таралуы кодоминантты түр бойынша жүзеге асады, яғни ұрпақта антигендердің синтезі екі ата-анасының барлық локустарының функциялаушы аллельдердің кодталуымен болады. Солайша, ядросы бар жасушалардың бетіндегі антигендердің максималды саны 10 әр локустың 2 антигені бойынша.
Гомозиготты жағдай болғанда әр бір аллельден 9 антиген түзілсе, екі аллельден 8 антиген болады.
Әр локустың аллельдері санмен белгіленеді, бұндай белгілену гапло- және фенотиптің анықталуына мүмкіндік береді. Фенотипті белгілеу үшін біріншіден гистосәйкестілік жүйесінің аты – HLА, кейін сәйкес локус және функциялаушы аллельдің реті нөмірі жазылады. Мысалы, HLA- А1, 19; В5,8; С1,2; D3,4; DR3,5. Егер де әрбір локустың аллельдер саны көп болып, тұқым қуалауы кодоминантты тип бойынша болса, онда гистосәйкестілік антигендерінде өте жоғары полиморфизм байқалады. Гаплотипті ұсынатын комбинациялардың мүмкін болатын саны әр локустан пайда болатын алльельге байланысты, дегенмен комбинациялар саны әлде қайда аз, себебі әртүрлі локустардың теңсіз гендердіңі ілінісуі мүмкіндігі орын алады.
SD-антигендер (серологические определяемые) деп – гистосәйкестілік антигендерінің A, B, C, DR локустарының өнімдерін айтамыз, ал LD-антигенді (лимфоциттармен анықталынатын) D локустың өнімдері. Яғни SD-антигенді моноспецификалық іріткілердің (моноклональді антиденелер) жиынтығы арқылы типтеуге болса, LD-антигендерді культурасы аралас лимфоциттердің реакцияларындағы стандартты лимфоциттердің көмегімен типтеуге болады. [3,2,8]
Ұлпа сәйкестілігінің І классы
МНС І класс молекулалары (аллельді нұсқалары: HLA-A, HLA-B, HLA-C) жасуша бетінде экспрессияланған, құрамында екі полипептидті тізбектен тұрады: бір ауыр альфа- тізбек (45 кДа) ковалентті емес бірдоменді бета2-микроглобулинмен (12кДа) байланысқан гетеродимер. Ауыр тізбегі 338 амин қышқылынан тұрады, оның 274 экстроцеллюларлы, қалғаны жасуша мембранасында, және цитоплазмада орналасқан. Экстрацеллюлярлы бөлігі үш доменнен тұрады, олар шамамен бірдей. Сонымен қатар ол бос күйінде қан сарысуында кездеседі, оларды классикалық трансплантациялы антигендер деп атайды.
І класс молекуларының негізгі қызметі – пептидтерді (антигендерді) байланыстыру және оларды иммунды пішінде Т-клеткаларға ұсыну. Бұл альфа1 және альфа2 домендерге тәуелді. Домендерде альфа-спиральді аймақтары бар, олар бір-бірімен байланысқанда ұзын саңылау түзеді, осы саңылауда процессіленген антиген байланады. Антиген, альфа1 мен альфа2-домендерінен түзілген комплекс оның иммуногенділігін және оның Т- жасушаның антиген танушы рецептормен байланысын анықтайды.
І класс молекулалары аллогенді трансплантантты қабылдамау процесінде доминантты рөл атқарады.
І класс антигендері құрамында ядросы бар барлық клеткаларда және тромбоциттерде болады.
Трансформацияланған жасушаларды цитотоксикалық Т-лимфоциттермен анықтау үшін HLA жүйесінің І класс антигендері қажетті.
Ұлпа сәйкестілігінің ІІ классы
МНС ІІ класс молекулалары екі полипептидті тізбектен тұратын гетеродимерлер, олар бір ауыр альфа(33 кДа)- және бір жеңіл бета-тізбектердің(26 кДа) өзара ковалентті емес байланысқан құрылымнан тұрады. Әр тізбекте екі домен оралған (альфа1,альфа2 және бета1, бета2). Экстрацеллюларлы бөлігінде 229 амин қышқылы болады. β тізбегіннің құрамында дисульфидты көпір және ксеноантиденелерге арналған сайттар бар.
ІІ класс молекулаларының маңызды қызметі – иммунды жауап процесінде Т- лимфоциттер мен макрофагтар арасындағы байланысты қмтамассыз ету. Т-хелперлер бөтен антигенді макрофагтармен өңдегеннен кейін ғана таниды. HLA ІІ класс антигендері бірігіп осы комплекс макрофаг бетінде болады.
ІІ класс антигендері В-лимфоциттердің, белсенді Т-лимфоциттер, моноциттер, макрофаг пен дендритты жасушалар бетінде орналасқан. ІІ класс молекулалары иммунокомпетентті жасушаларда немесе иммунды жауапты құруда спецификалық емес қатысатын жасушалар, мысалы эпители. ІІ класс молекулалары ұлпа қабылдамауда белседілігі аз.
Ұлпа сәйкестілігінің ІІІ классы
МНС ІІІ класс гендері комплементтің кейбір компоненттерін: С4 пен С2, және қан плазмасындағы В факторды басқарады. Гистосәйкестілік комплексінің ІІІ класс молекулалары І және ІІ класс молекулаларымен салықтырғанда иммунды жауапты құруға қатыспайды.
Клиникалық иммунологияда гистосәйкестіліктің І және ІІ класс антигандерін анықтау органдарды трансплантациялау алдында донор-рецепиент жұбын анықтауда қолданылады. Т-лимфоциттің беткейлік рецепторы антигенді МНС антигенмен жасуша бетінде комплекс түзген жағдайда ғана анықтайды. Бұл процесс “антигенді ұсыну” деген
атаумен белгілі. В-жасушалық жауап беру кезінде МНС молекулалары аналогиялық рөл атқарады. [5,7,1]
Антигенге қарсы иммунды жауап антиген ұсынушы жасушалармен Т-хелперлерге генетикалық феноменнің рестрикциясы нәтижесінде тек антиген ұсынушы жасушаларда ұлпа сәйкестілігінің басты комплексінің ІІ класс антигендері болған жағдайда ұсынады.
Цитотоксикалық T-лимфоциттер (Т-киллерлер) нысана-жасушаларды олардың бетінде НLA І класс жеке генотпінің антигендері болған жағдайда ғана анықтай алады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Воронин Е.С., Петров А.М., Серых М.М., Девришов Д.А. Иммунология. Учебник.
Москва.: Колос-Пресс, 2002. 408 с.
2. Петров Р.В. Иммунология. – Москва.: Медицина, 1987. 264с.
3. Галактионов В.Г. Иммунология. – М.: Изд-во МГУ, 1998. 408 с.
4. Ройт А., Бростофр Дж., Миел Д. Иммунология. Пер. с англ – М.: Мир, 2006. 895с.
5. Schreuder G.M. Th., Hurley C.K., Marsh S.G.E. et al. The HLA dictionary 2004: a summary of HLA-A, -B, -C, -DRB1/3/4/5, -DQB1 allels and their association with serologically defined HLA-A, -B, -C, -DR and –DQ antigens // Tissue Antigens. 2005. V.
65, P. 1-55.
6. Mackay I., Rosen F.S. The HLA system. Part 1 // N. Engl. J. Med. 2000. V. 343, P. 702- 709.
7. Klein J., Sato A. The HLA system. Part 2 // N. Engl. J. Med. 2000. V. 343, P. 782-786.
8. Хаитов Р.М., Игнатьева Г.А., Сидорович И.Г. Иммунология. М.: Медицина, 2000.
432 с.
9. Хаитов Р.М., Алексеев Л.П. Физологическая роль главного комплекса гистосовместимости человека // Иммунология. 2001. №3. С.4 - 12.
10. Маянский Н.А., Маянский А.Н., Номенклатура и функции главного комплекса гистосовместимости человека // Иммунология. 2006. № 1. С. 43-46