http://www.enu.kz
№ 1 (92) 2013 7. LESTON-BANDEIRA C. (editor), Southern European Parliaments in Democracy, Routledge, London, 2005.
8. Philip NORTON, David M. OLSON, ―Post-Communist and Post-Soviet Legislatures: Beyond Transition‖, The Journal of Legislative Studies, Vol. 13, no. 1, March 2007 (a), p. 2.
9. OSTROW J.M., Comparing Post-Soviet Legislatures, Ohio State University Press, Columbus, OH, 2000.
10. OLSON D.M., NORTON P. (editors), The New Parliaments of Central and Eastern Europe, Frank Cass, London, 1996.
11. Philip NORTON, David M. OLSON, ―Post-Communist and Post-Soviet Parliaments: Divergent Paths from Transition‖, The Journal of Legislative Studies, Vol. 13, no. 1, March 2007 (b), pp. 164-196.
Редакцияға 03.09.2012 қабылданды.
С.А. МАЖИНБЕКОВ
ПАНТЮРКИЗМ ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
http://www.enu.kz
The article deals with the formation of the ideology of Pan-Turkism, its distribution and development. The paper is consecrated principles pantyurkitskoy ideology at this stage.
Қазіргі таңдағы саяси аренадағы түркі тілдес мемлекеттердің орнын, ролін және ынтымақтастық бағыттарын, оның алғышарттарын зерттеу үшін, ең алдымен оларды ортақтыққа итермелейтін идеялардың түп-тамырын қарастыру қажет. Осы мемлекеттердің ынтымақтастығының тарихи алғышарты ретінде қазіргі таңда пантюркизм идеясын алға тартып жүр.
Пантюркизм деген не, оның басты мақсаттары қандай деген сұрақтарға келер болсақ,
«Кеңестік энциклопедиялық сӛздікте» берілген анықтама бойынша «пантюркизм – ол ХХ ғасыр басында пай-да болған түрік буржуазиялық – помещиктік тобының реакциялық шовинистік доктринасы, ол, Түркияның басшылығымен түркі тілдес халықтарды біріктіруді үгіттейді» [1].
Ал «Кеңестік тарихи энциклопедияда» «Пантюркизм – агрессивті, нәсілдік доктрина; пантюр- кизм бойынша түркі тілінде сӛйлейтін барлық халықтар бір ұлт болып табылады және Түркия басшылығымен Балқаннан Сібірге дейін созылатын біртұтас Тұран мемлекетіне бірігуі тиіс (кейде пантюркизмді пантуранизм деп те атайды) деп сипаттайды» [2].
ХІХ ғасырдың соңы, 80 жылдары Ресейде, татар интеллигенциясының мәдени-либералды қозғалысы ретінде пайда болады. Пантюркизм теориясының қалыптасуы мен таралуы қырым- татар ағартушысы Исмаил Гаспринскийдің (1851-1914) қоғамдық және ғылыми қызметімен тығыз бай-ланысты. Гаспринскийді толғандырған мәселе түркі халықтарының жолын алға басуы және бірлігі болды. Ол Ресей империясының түркі халықтарының алдында тұрған мәселелердің тұтас тізбегін анықтап берді: білім беру саласында реформалардың қажеттігі, оқытудың жаңа әдістерін қолдану, ӛмір сүру салтын жаңарту, т.б.
Жаңа идеяларды насихаттаудың маңызды құралы түркі-татар баспасӛзі бола бастады, солардың ішінде – 1883 жылдан шығарылып бастаған Гаспринскийдің «Теrcumап»
(«Терджиман» – «Аударма-шы») газеті. Бұл газет 1918 жылға дейін жарық кӛреді, 1914 жылы Гаспринский дүниеден озғаннан кейін орнына оның баласы Р. Гаспринский редактор болады [3].
Ресейдің түркі, мұсылман халықтарының жиынтығын, Гаспринский ішкі тұтастыққа ие және бірік-кен блок ретінде этносаяси аренадағы этномәдени қауым ретінде анықтайды. Түркі қауымының шека-расын, Гаспринский Еуразия кеңістігінің христиандық және буддистік Шығыс кеңістігін мекендеген аумағы ретінде айшықтайды. «Бұл тайпалар, деп жазады ол, – Еуропалық және Азиялық Ресейдің алып кеңістігінде тараған және кӛп жерлерде орыс немесе басқа да халықтармен араласып кеткен. Дегенмен, ерекше, нығыз діни-тұрмыстық жағдайға ие бола отыра, олар біздің байтақ еліміздің халықтарының ішіндегі ең ірі бірлігін білдіреді, сондықтан да, оның тағдыры қоғм және мемлекет тарапының назарын ӛзіне аударуға тұрарлық» [4].
Гаспринский түрікшілдік туралы арнайы еңбектер жазған жоқ және түрікшілдіктің концептуалдық негіздерін жасау мақсатын қойған жоқ. Алайда оның жалпы түрік халықтарының прогресті жолмен дамуы, ғылым мен білімге ұмтылу мәселесі толғандырды, сондықтан оны түрікшілдіктің гуманистік идеологиясының негізін салушы деп бағалауға болады.
Либералды пантюркизмнің теориялық негізін құраған түркі әлемінің бірлігіне деген кӛзқарастарын
http://www.enu.kz
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
Гаспринский ӛзінің «Орыс мұсылмандығы. Мұсылманның ойлары, пайымдары және бақылаулары», «Орыс – шығыс келісімі» (Бақшасарай, 1896) шығармаларында, сондай-ақ кӛптеген мақалаларында баяндаған.
Пантюркизм бағдарламасын анықтаған тұжырымдаманың авторы да осы Гаспринский болды: «Dilde, Fikirde, Iste birlik!» («Бірлік – тілде, дінде, істе!»).
Оның бұл формуласында тіл тектен тек бірінші орында тұрған жоқ. Жалпытүркілік ынтымақтастықтың басты негізі тілде деп санай отырып, ең алдымен Гаспринский тілдік рефор- маны жүзеге асыруға тырысты. Бұл реформаны жүргізу барысында шешілген негізгі міндет түркі тілдеріндегі фонетикалық айырмашылықтарды азайту болды. Нәтижесінде түркі әлемінің барлық халықтарына түсінікті «ортақ тіл» («Lisan – i umumi») пайда болды. Осы «ортақ тілдің»
арқасында «Терджиман» Евразияның кӛптеген аймақтарына кең таралып, табысқа ие болды.
Түркі әлемін біріктіру және жаңаландыру бағдарламасын жүзеге асыруға болатын екінші маңызды сала білім беру саласы болды. Бұл салады Гаспринский ерекше белсенді және жемісті қызмет атқарды: мектепте білім берудің жаңа әдісін жасап шығарады. Алғаш рет 1884 жылы бақшасарайлық мек-тепте қолданылған бұл әдістің басты артықшылығы – оқу пәндерін түсінікті, саналы түрде меңгеру (түсініксіз текстерді жаттаудың орнына), оқыту жүйесінде ана тілді белсенді қолдану, сӛздің белігіге қарағанда артықшылығы (жаңа әдіс педагогикада сондай-ақ «дыбыстық әдіс» деп те аталады). Бұл жүйе татар және Ресейдегі басқа да ұлттық мектептерде кең таралды.
Гаспринскийдің үшінші маңызды ісі журналистикада болды, ең алдымен пантюркизм қозғалысының басты насихаттаушысы мен ұйымдастырушысы болған «Терджиман» газеті.
Әрине, кӛріп отырғанымыздай, Гаспринскийдің пантюркистік идеяларының ешқандай саяси ас-пектілері болған емес, бірақ уақытпен бірге дами отырып, пантюркизм енді саяси мағынаға да ие болды.
Ресейдегі түркі-ислам бірлігінің жүзеге асырылуы, 1905 ж революция жағдайында ӛткізілген алғашқы мұсылман съездері арқылы кӛрініс берді. 1905 жылы 15-28 тамыз аралығында Тӛменгі Нов- городта ӛткен бірінші съездің резолюциясында Ресейдің барлық мұсылмандарының бірігуі («Ittifak») жарияланды. Съезд, ресей мұсылмандарының ұйымдық бірігуінің алғышарттарын ұсынды. Олар, әрқайсысы ӛз ассамблеясын («меджлис» – meclis). таңдайтын 16 округке бӛлінді. 1906 жылы 13-23 қаңтарда Петегрбургте ӛткен Екінші мұсылмандар съезінде Гаспринский Ресей мұсылмандарының Одағын (Russiya Musulmanlarinin Ittifaki. құру туралы шешім қабылдады. 1906 жылы 16-20 тамызда Тӛменгі Новгородта жиналған үшінші съезде Мұсылмандар Одағын саяси партия ретінде құру тура- лы шешім қабылданды, оның бағдарламасы пантюркизм идеологиясына негізделді.
Ресей және Түркия мемлекеттерінің пантюркистік қозғалыстарын біріктіруші ролін татар Юсуф Акчура атқарды (Акчурин, Акчура-оглу). Ол 1904 жылы «Turk» газетінде «Басқарудың үш жүйесі» («Uc tarz-i siyaset») атты мақаласын жариялады. Османизм, панисламизм және тюркизм тұжырымдамаларын салыстыра отыра, Акчура тюркизмді түркілердің бірігуінің нақты және шынайы жолы деп таныған. Ол орталығы Түркия болатын, барлық түркі халықтарының саяси Одағын құруға шақырды. [5].
1908 жылдан бастап Юсуф Акчура Түркияда ӛмір сүрді, 1911 жылдан Turk Yurdu» («Түрік жұрты») газетін шығарды және пантюркистік бағыттағы беделді де белсенді «Turk Ocagi»
(«Түрік ошағы»). Ұйымының басшыларынң бірі болды.
ХХ ғасырдың басында пантюркизм идеясын азербайжандықтар кеңінен насихаттай баста-ды. 1907 жылы «Fuyuzat» («Ағартушылық») журналының беттерінде, азербайжандық ұлттық ӛркендеу бағдарламасында Али Гусейнзаде, «Тюркизм, исламизм және еуропалау»
деген сӛздермен тұжырымдайды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, тюркизм идеологтарының қызметіне кедергілер туғызды. Түркия және Ресей қарсылас мемлекеттер болып шықты. Дегенмен, осындай қиын жағдайдың ӛзінде де пантюркизм идеясының жақтастары ӛз идеяларын жалғастырумен айналыса берді. 1915 жылы Стамбулда, Юсуф Акчура басқарған Ресейдің мұсылмандық түркі-татар халықтарының құқықтарын қорғау бойын-ша Комитет құрылды. Комитет мүшелері 1915-1916 жж Будапешт, Вена, Берлин, София қалаларын аралап, Орталық Еуропаның билеуші топтарының арасында, Ресейдің түркі халықтарының тӛмен жағдайы туралы ақпарат таратумен айналысты. Комитет Ресейден тәуелсіз Түркістанның құрылуын, Қырым және Казань хандықтарын қалпына келтіруді паш ететін бағдарламалар әзірледі. 1916 ж 9 мамыр күні Стокгольм қаласындағы кездесуде, Ресей халықтарының діни, мәдени және әлеуметтік-экономикалық қысым кӛруі және олардың құқықтарының бұзылуы туралы бірлескен меморандумға қол қойылып, ол АҚШ Президенті В. Вильсонға телеграфпен жіберілді
http://www.enu.kz
№ 1 (92) 2013 Ю.Акчура «Жаңа түрік мемлекетінің жолбасшылары» деген еңбегінде И.Шинаси, А.Уефик паша, М.Желаледдиннің еңбектерін талдай келіп: «Осман түріктері арасындағы түрікшілдік ағымының алғашқы кезеңі 1865-1870 жылдар арасында пайда болды», – деген қорытынды жасайды [5].
Кеңес дәуірі кезеңінде, пантюркизм идеологиясын қуғындау басталды. Гаспринский тура-лы мәліметтердің барлығы КСРО кезеңіндегі оқулықтардан алынып тасталды. 1923 жылы, ұлттық мәселені сталиндік жолмен шешуге қарсы шыққан татар коммунисі М. Султан-Галиев атымен аталған «султангалиевщины» деген іс пайда болды. Репрессия заманында жалған айдар тағылып, жала жабылған іс болғанымен, осы мәселенің ӛзіндік астары да бар еді. Ӛйткені, кеңес дәуірінде де, кеңестік ұлттық саясатты пантюркизммен байланыстыруға ұмтылған қайраткерлер болды. 1920 жылы татар коммунистерінің арасында, орталық Ресейде тәуелсіз мемлекет Тұран социалистік Республика-сын құру идеясы кеңінен тараған болатын. Орталық Азияда, тәуелсіз Түркістан мемлекетін құруды кӛздеген, жасырын «Ирк» ұйымы қызмет атқарды.
Қазақстанда түрікшілдік идеясына айрықша берілген және түрік халықтарының бірлігі мен азаттығы жолында кӛп еңбек сіңірген қайраткерлер Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұлов болды.
Т. Рысқұловқа да кеңес дәуірінде «ұлтшыл», «панисламшыл» деген айыптаулар таңылды.
Осы мәселе тӛңірегінде белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев «Империя жағдайында тек қазақ және татар елдерi арасында ғана емес, жалпыресейлiк мұсылман, түркi халықтары кӛлемiнде кӛрiнген бұл табиғи ӛзiн-ӛзi сақтау ниетiнен туындаған ынтымақтастыққа ұлы державалық ұстанымның идеологтары панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, реакциялық мағына беруге тырысты. Басқаша айтқанда, «панисламизм» мен «пантюркизм» идеясы саналы түрде ұлт- азаттық қозғалысқа қарсы қойылған құйтырқы күрес әдiсi болатын», – деп жазған. [6].
1917 жылы қазан тӛңкерісінен кейін, кеңес үкіметінің қудалауына ұшыраған, «Пантюркизм» Ре-сейдегі жоғалтып, пантюркизм идеологтары Түркияға кетті. Сонымен Пантюркизм ендігі жерде Ос-ман империясы зиялыларының қолына ӛтіп, Осман империясын геосаяси бағыттары ретінде қаланды.
Пантюркизм, Осман империясында ХІХ-ХХ ғғ, сепаратисті ұлтттық қозғалыстарға қарсы тұру мақсатында және Кіші және Орта Азия территориясында тұратын этникалық түріктерді біріктіретін жаңа ұлттық бірігу доктрина ретінде қалыптасқан. ХХ ғасыр барысында аталған тұжырымдама ішкі және сыртқы факторлар ықпалының арқасында ӛзгерістерге ұшырап отырды.
Идеалистік кӛзқарастарға негізделген тұжырымдамадан, ХХ ғ соңына қарай сыртқы саяси және экономикалық мүдделерді кӛздейтін прагматикалық тұжырымдамаға айналып отыр.
ІІ дүниежүзілік соғыс кезеңінде пантюркизм идеологтарының бірі Нихаль Атсыз: «ежелгі кезеңнен бастап қалыптасқан бір ғана Түрік мемлекеті бар, ол уақыт талабынан шыға отыра ӛз сипатын ғана ӛзгертеді», деп жазады. 1941 жылы маусым айында «Боз курт» журналында Тұран картасы жарияла- нып оған этникалық түрік халықтары кіретін барлық территориялар кіргізілді [7].
1950-1960 жж Түркиядағы ұлттық партиялардың негізгі кӛтерген мәселелерінде де пантюр-кизм идеялары басым бағыт ретінде қарастырылған. Пантюркизм идеясы Арпаслан Тюргеш және Нихал Атсыз еңбектерінде кӛрінісін тапқан. 1955 жылы «Түрік идеалы»
еңбегінде Атсыз, түрік халықтарының жақындығына және тілінің, дінінің, тарихының ортақтығына негізделген ортақ түрік мемлекетін құру мүмкіндігі туралы жазады [8].
1969 жылы Тюркеш қолдауымен «Сұр қасқырлар» ұйымы дүниеге келіп, ұйымның бағдарламасында, Орта Азия, Кавказ және Балкан халықтарымен қатар ұйғырлар кіретін Ұлы Түрік империясы Тұранды құру мақсаты жарияланған.
Қазіргі кезде пантюркизм – бұл Түркияның ұлттық идеологиясы және сыртқы саяси доктринасы деген анықтамаларды жиі кездестіруге болады және де пантюркизм идеясы – бұл барлық түрік саяси партияларының бағдарламалық құжаттарында кӛрініс алатын идеологиялық тұжырымдама.
1992 жылы Түркия Республикасының СІМ жанынан арнайы ведомство – түркі тілдес мемлекет-термен ынтымақтастық бойынша Агенттік (Turk İşbirliği ve Kalkınma Ajansı) ашылды. Түркі тілдес мемлекеттердің дамуына жағдай жасау, экономикалық, сауда, техникалық әлеуметтік, мәдени және білім саласындағы ынтмақтастықты жандандыру оның жұмысының негізгі бағыттары болып табы-лады.
«Ұлы Тұран» құрудың ӛтпелі формалары ретінде әскери-саяси және экономикалық келісім-шарттық қатынастар моделі («Кавказ үйі»; ГУАМ аймақтық блогы сияқты), ал кейіннен конфедерацияның құрылуы, одан әрі федерацияға немесе одан да тығыз мемлекеттік – саяси бірлестікке айналуы жоспарланады.
Пантюркизм идеясының жаңғыруы кӛптеген мемлекеттердің, әсіресе Ресей Федерациясы саясаттанушыларының алаңдатушылығын туғызуда. Бұл жӛнінде былай деп жазылады: ТМЫК
http://www.enu.kz
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
шеңберіндегі интеграциялық жоспарлар Ресей мүддесіне қайшы келеді және Қазақстан- Ресей-Бе-лорус Кедендік Одақ шеңберіндегі интеграция мүдделеріне мүлдем қайшы.
Қазақстанда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтасты кеңесінің ӛтуі, Еуразиядағы пантюркистік идеяның кемелденген кезіне жетуі, деп жазады [9].
Жалпы түркітілдес мемлекеттерінің ынтымақтасуға деген ортақ ниетіне байланысты Ресей кӛзқарастары тӛмендегідей факторлармен түсіндіріледі:
I. Ресей қатысуы қарастырылмаған ТМД елдерінің бірнеше мемлекеттерін біріктіретін барлық интеграцииялық бірлестіктер Ресей мүддесі үшін қауіпті.
II. Ресей саясаткерлері пантюркизмді гуманитарлық-мәдени бағдарлама ретінде қабылдаудан бас тартады, олар оның антиресейлік бағыты бар деп қабылдайды.
Бұл бағыттағы Америка Құрама Штаттарының кӛзқарасына келсек, Мкрытчян А бы-лай деп кӛрсетеді: «Кавказ және Орталық Азия мұнай-кен орындарына бай аймақ. АҚШ –тың геостратегиясының маңызы осы аймақта бекіну, сондықтан да ӛзінің жаңа стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда АҚШ Түркияға сүйенеді. Батыс Ресейдің ықпалын әлсірету үшін және аймақты НАТО ұйымына қосу үшін, жаңартылған пантюркизм идеясын қолдайды», деп жазады [10].
АҚШ зерттеу және аналитикалық орталықтары пантюркизм идеясын геосаяси тұжырымдама емес, мәдени парадигма ретінде белсенді түрде қолдауда.
И. Мурадян пікірінше, АҚШ саясаткерлері пантюркизм идеясын иррационалды және архаикалық, жүзеге аспайтын идея деп санайды. АҚШ жетекшілігімен, «Қара теңіз ынтымақтастығы ұйымы», ГУАМ сияқты жобаларға кӛп кӛңіл бӛлінеді [11].
Пантюркизм саясаты кӛршілес ірі мемлекет Қытай мемлекетін де алаңдатып отырған іргелі мәселелердің бірі. ҚХР да пантюркизм идеологиясына қарсы ӛз саясатын нығайтып отыр.
Орталық Азия елдерінің тәуелсіздікке қол жеткізген күнінен бастап Қытай билеуші элита топтары арасында ШҰАА сепаратистік, әсіресе пантюркистік және панисламистік үрдістердің күшейіп кетуі-не деген қауіп тудырды. 1992 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданынынң бұрынғы басшысы Ван Эньмао (Wang Enmao) ШҰАА қауіпті шетел элементтерінен қорғау үшін қытай – орталық азия шекараларында «берік қорған» құруға шақырған [12].
Жалпы мақаланы қорытындылай келе тӛмендегідей тұжырымдар жасауға болады.
ТМД-ның мұсылман елдері үшін түрік даму үлгісін АҚШ демократиялық, зайырлы, пробатыстық ел кӛрсеткен үлгі деп қарастырады. Қазіргі жағдайда классикалық пантюркзм доктринасын жүзеге асырудың мүмкін еместігін ескере отырып, түрік саясаткерлерінің қазіргі ӛкілдері модификацияланған, жаңа міндеттерге бейімделген пантюркизмнің жаңа түрін қалыптастыруда.
Пантюркизм біршама ӛзгерістерге ұшырады. Ол эмоционалды сипатынан айрылып, ойластырылған, жүйелі саяси доктрина сипатына ие болды. Ол ӛз мақсаттарын жүзеге асыруды негізгі қозғаушы күш ретіндегі Түркияның ғылыми-техникалық, экономикалық, идеологиялық, саяси және әскери дайындығымен байланыстырады, халықаралық жағдайды ескереді және сатылы түрде жоспарланады.
Орталық Азияның орасан үлкен жерін жайлаған түрік халықтарының түбі бір, мәдени-рухани тіректері ұқсас, сондықтан олар үнемі жақындасуға ұмтылып келді. Егер қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың тәжірибесіне кӛз жүгіртсек, Араб елдерінің Лигасы, Африка бірлігі ұйымы, Ла-тын Америкасы елдерінің қауымдастығы сияқты туысқан халықтарды біріктіретін халықаралық ұйымдардың мол үлгілерін кӛреміз. Біртұтас ұйым құра қоймаса да, сонау ХVIII ғасырдың ӛзінде славян халықтарының бірлігі мен ӛзара кӛмегі идеясы Ресейдің сыртқы саясатында айрықша рӛл атқарғаны белгілі. Демек, түрік халықтарының бірлігіне ұмтылу жеке саяси қайраткерлердің «пантүрікшілдігі» емес, халқын сүйген, ежелгі түріктердің тілі мен тарихын құрметтеген зиялы қауымның табиғи ұмтылысы деп қарау қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Советский энциклопедический словарь. М., 1985. – С. 160 2 Советская историческая энциклопедия: В 16 т. — М.: Государственное научное издательство «Советская
энциклопедия», 1976.- С. 18-19 3 Червонная С. М. И. Гаспринский — выдающийся крымско- татарский просветитель и гуманист // Этногра-
фическое обозрение. 1992. № 1.- С. 159-160.
4 Исмаил-бей Гаспринский. Русское мусульманство: Мысли, заметки и наблюдения мусульманина. Симфе- рополь, 1881.- С. 5-6 5 Акчура Ю. Жаңа түрік мемлекетінің жолбасшылары // Ұлы Түркістан/ М.Қ.
Қойгелдиевтің жетекшілігімен;
құраст., ауд.: Д. Қыдырәлі. – Алматы: Ел-шежіре, 2008. – С. 70-84.