412
принимаются на веру ученика. Интересно отметить, что некоторые мусульмане отрицательно относятся к суфизму, именно потому, что суфии возвышают своих шейхов, слепо следуют их указаниям и причисляют их к числу святых. Конечно невозможно не заметить, что от личных интересов наставника может зависеть дальнейшая судьба его последователей. Однако свобода выбора есть всегда.
В заключении нужно подчеркнуть, что современный мир как никогда нуждается в знании и духовности, которые содействуют взаимопониманию всех людей и всех народов. Суфизм предполагает целую технологию, основанную на великом знании, на унаследовании лучшего духовного опыта, идущего от многих народов с древнейших времен.
Литература
1.Абирова Б.И. Суфизм как феномен исламской культуры. Учебное пособие. Ал- маты, 2008.
2. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. -М.:Наука, 1965.
3. Бизнес и духовность. Суфизм в действии/Доктор Х.Й.Виттевин; перевод с ан- глийского А.Степанов.- М.:Гаятри, 2007.
4. Мусульманский мистицизм: краткая история/А.Д.Кныш; перевод с английского М.Г.Романов.- СПб.:Диля, 2004.
5. Суфии: Восхождение к истине. Под редакцией Ю.Кулишенко.-М.:Эксмо, 2008.
ИСЛАМДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР
Тулегенова К.
Астана қ., Қазақстан Демократия идеясын сындарлы түрде талқылау үшін ислам тарихын біліп, оның мағынасын дұрыс түсіне білу қажет. Алайда, оны дұрыс түсіну мақсатында ен алдымен Діннің өзіне тоқтала кетсек. Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамдармен бірге жаса- сып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық - әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos – халық, logos - ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология – (көне грек тілінде teos – құдай, logos – ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу;
белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді. Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және са- ясат мәселелерін зерттеу.Талқылауды ұзаққа созытпас үшін, заманауи және қарапайым тұжырымға сәйкес, ислам ілімі демократияның біраз аспектілерімен үйлесетіндігін айта кеткен жөн. Осындай аспектілердің бірі – мұсылмандардың
413
өз басшын таңдау, оларды жауапкершілікке тарту және, қажет болған жағдайда, биліктен шеттету құқығы. Ислам басқару жүйесін дін қағидаларын өзгерту не- месе жаңа заңдарды бекіту сияқты құқықтармен бөлемейді. Осыдан бұрын айты- лып кеткендей, заңнама – тек бір Құдайдың ғана құқығы болып табылады, ал дін басқа заңдардың дұрыстығын анықтауда басты рөлге ие. Құдайдың осы құқығын елемей, мұсылман көп құдайға табынушылық сияқты ең ауыр күнәға бату қаупіне тәуекел етеді, себебі, бәріміз білетініміздей, тек Құдай ғана баршаның Падиша- сы болып табылады. Бұның мағынасы не мемлекет азаматтарында, не сайланған лауазымды тұлғаларда Құдай заңымен тыйым салынған нәрселерге жол бере алмайтындығында немесе рұқсат етілгендерге тыйым сала алмайтындығында жатыр. Дін қағидаларына қайшы келетін заңдарды қабылдап және оларды сақтай отырып, мұсылман Құдайдан гөрі адамға артықшылық беретіндігін білдіреді, ал бұл жайт көп құдайға табынушылық сияқты өрескел күнә болып табылады.
Ешбір пенденің Алла тағаланың заңын өзгертуге хақысы жоқ. Оның заңы күллі адамзаттың заңдарынан жоғары тұр.
Ислам және демократия тақырыбы бүгінгі күнде көптеген мұсылмандардың қызығушылығын тудырып отыр. Олар өз елдерінде қалыптасқан ислам- демократиялық қарым-қатынастардың дұрыстылығы туралы мәселенің соңына түсуде. Қазіргі заманғы мұсылмандардың көпшілігі анағұрлым белсенді са- яси қатысуға, азаматтық бостандыққа, мемлекет қаражатының жұмсалуын бақылауға, заңның басымдылығына құштар. Осы мақсатқа жетудің көптеген жолдары бар. Кейбір адамдар Исламның демократиялық институттардың тетіктерімен үйлеспейтін өзіндік тетіктері бар деп ойласа, басқалары Ислам олармен ынтымақтасып, демократиялық институттарды қолдай алатындығына сенімді, себебі діннің кейбір қағидаттары ашықтан-ашық демократиялық сипатқа ие. Мысалы, «шура» - билеуші және азаматтар арасындағы кеңес, «иждмаа» – ғалымдардың бірауызды шешімі, «масляха» – қоғам мүдделерінің ескерілуі, «ид- жтихад» – қасиетті кітаптар (Қоран және Сунна) негізіндегі тұжырымдар. Аталған тетіктерді биліктің атқарушы, заңнамалық және сот бағыттарында пайдалануға болар еді. Алайда авторитарлық билеушілер демократиялық институттарды еле- мей, оларды жиі қыспаққа алуда.
Соңғы жылдарда саяси – идеялық принциптердің базасында, исламның моральді принциптер негізінде мұсылман әлемінің дамуы саяси, әлеуметтік – экономикалық және мәдениеттің негізгі тенденциялары қалыптасуда. Бұл қазіргі халықаралық қарым – қатынастарына әсер етеді.Жаһандық саяси қалыптасу фак- торы сияқты исламның өсу рөлі және «ислам өрлеуі» деген сияқты процесіндегі Ислам Иран мемлекетінің ерекше орны негізгі көкейкесті тақырыптардың бірі болып табылады. Иранда теократикалық мемлекетті құру, оның мұсылман әлеміне біртекті идеологиялық және діни әсер етуі, көрші мемлекет пен аймақтарындағы жағдайына саяси ықпалы, халықаралық қатынастағы әсіресе қазіргі замандағы қатынасы, саясатшылар, ғылыми зерттеулердің қадағалауында болуда.[1]Осы байланыста Иранда исламның билік етуі нақты, негіз ретінде анықталады.
Исламның контексттегі дамуы, күрделі мен біртекті қоғамдық – саяси әртүрлі факторлардың сараптамасы, демократия пен дін арасындағы байланыс пробле- масы әдістерін зерттеуі, негізгісі – Иран Ислам Мемлекетінің жарқын дамуы, оның сыртқы саясатының болашаққа анық жолмен бағытталуы.Иран Ислам Ре-
414
спубликасында қазіргі саяси, идеологиялық және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар, оның ішкі және сыртқы саяси мәселелерін шешу жолы туралы Иран – Исламдық тәртібін ыңғайына қарай өзгерту мүмкіндіктерінің алғы шарттары қарастырылады.
Қазіргі Иран мемлекеті және қоғам өмірінің әлеуметтік – саяси сфера- сына исламның әсері және оның рөлін күшейту нәтижесін және негізгі саяси, экономикалық, мәдени және басқа себептерді анықтау құрады. Иранда Ислам тәртібінің ерекше өзгешеліктерін ашуда, сонымен қатар Ирандық діни басқару алдындағы негізгі ішкі және сыртқы саяси мәселесі және міндеттерді анықтауда жатыр. Осы жағдайда келісім әдісі тұрғысымен осы мәселені қарастыруда акцент жасалады және қазіргі Иран тәртібімен құрылған міндеттердің идеалды Ислам қоғамында нақты іске асыру мүмкіндіктеріндегі заттарда. Иран Ислам Республика- сы үкіметінде маневр жасау және қозғалыс алаңын шектейтін факторлар бөлінеді.
Иран қоғамындағы топтармен әр түрлі қабаттардағы қызығушылықтардың жеке айырмашылығында, Ирандық топтарда ішкі басқаруда шииттер дін ілімі әсерінің ортасында дін рөлі және орны туралы сұрақтардағы қайшылықтарда мемлекеттік басқару және саясаттағы діндерде де факторлар бөлінеді. [2]
Таңдалып алынған тақырып көптеген аспектілерінде отандық және шет елдік шығыс және дінтанушылардың зерттеулерінде пән болып қалады. Көбінесе ол біздің заманымыздағы исламға саяси әсердің өсу салдарынан және аспектіге сараптама себептерінен, болашақта әлемдік даму ерекшеліктерінде жолын бол- жауда көрінеді. «Исламды жаңғырту» мәселесі, осы процестегі Иран рөлімен үйлесуі, көптеген жаһандық процестер мен адамзат дамуы «мәдени - өркениеттік блок» қақтығыстарымен анықталады делінетін кең жайылған теориямен келісті қарастыру үшін себеп болып табылады. Ғалымдар қатары, әсіресе батыстық, мысалы, Хантипггон «суық соғыстың» аяқталуында ең маңызды мәдени - өркениеттік ерекшелік болады, жалпы дінге әсер ететін, философияға, тари- хи тәрбиеге, тіл, өмір тәртібіне әсерін тигізеді деп есептейді. Осы блоктардың қақтығыстары ішіндегі ең негізгісі – христиан және ислам, бұлармен әртүрлі өркениеттегі адамдардың түсініктері, адам және құдай, қоғам және индиви- дум, құзыр және міндет, бостандық және билік, теңдік және теңсіздік ретінде түсіндіріледі. Бұдан басқа жаһандық мінез – құлықтың қақтығыстары қазіргі әлемнің дамуына алып келеді. Онда өркениеттер арасында жанжалды қақтығысу нүктесінің саны көбейіп, арақашықтығы қысқарады.[3]
Иранның мемлекеттік тарихи және қоғам дамуындағы рөлі мен орны – тари- хы әлеуметтік – саяси, мәдени және психологиялық алғы шарттар және Ирандағы Ислам қоғамының көзқарасы және идеялары. Қазіргі шииттер дін ілімі интер- претатциясында негізгі догмат және сенім принципі мазмұндалады. Хаменидің Ислам басқару туралы доктринасы діни – саяси фундаменальді әлем тану негізін құрады. Иран Ислам Республикасының Конститутциясында бекітілген, қазіргі Иран теократикалық мемлекетін ресми идеологиясын зерттеу. [4]
Осылайша, Ислам адамның жеке рухани өмірін басқаратын ғана емес, оның үстіне қоғамдық өмірдің әрбір саласын реттейтін дін болып табылатындығы анық. Исламдағы табынушылық тек салт жоралармен ғана шектелмей, одан басқа барлық ізгі қылықтар мен Құдайға деген бас июшілікті қамтитындай, дін өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізеді.
415
Ислам діні өкілі үшін дін және мемлекет бір бірінен ажырамайтын ұғымдар болып табылады. Осылайша, мұсылман қоғамы басқарудың қандай да түрін таңдаса да, басқарудың барлық құрамдас бөліктері дін уағыздарымен толықтай үйлесу қажет. Басқару жүйесінде діннің кез келген ұйғарымын алып тастайтын, не оны бұрмалайтын құқығы жоқ, бұл жайт Исламның монотеистік табиғатының тағы бір дәлелі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. http://www.orientalstudies.ru/islamology/res/a_gryazn_ probl.html
2. Родригеса А.М. Новейшая история стран Азии и Африки ХХ век 1945-2000.
Часть 3. Москва 2004, 314-27 б.
3. Дорженов С. Б. Ислам және қазіргі кезең. – Алматы, 1985.
4. Жеменей Н. Иран // Парасат – Алматы, 1999. № 4