• Tidak ada hasil yang ditemukan

Бағалауды тексеру және түзету

Жарияланған шешімді түзетуге қатысты талаптар нақты анықталған. Түзетулер мен өзгерістер, оны енгізу себебінің түсініктемесімен қоса нақты талапқа сәйкес жариялануы керек.

Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып, қабылданған кодекс сапа кепілі және Халықаралық фактчекинг желісінің ұйытқысы, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер мен дамудың негізі деуге болады.

[4]

Ақпараттың сенімді екеніне көз жеткізу үшін:

- оны жазған автордың кім екеніне және жарияланым уақытына назар аудару қажет. Егер екеуінің біреуі болмаса, ол міндетті түрде күмән тудырады;

- дереккөздің сенімді екеніне көз жеткізу керек;

- бірінші дереккөзді табу қажет;

- автордың түпкі мақсатын анықтау керек;

- URL-адресті мына сілтеме арқылы

www.whois.com/whois/тексеру керек. Кейбір сайттар күмәнді домендерде жасалады.

- Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сене беруге болмайды. Себебі қазір фейк аккаунт өте көп және оны анықтау оңай емес.

- Жарнама арқылы табыс табуды көздеп, жаңалық тарататын сайттардан ақпарат алудан сақ болу керек. Себебі олар аудитория жинау үшін әр нәрсені алаулатып-жалаулатып, ақпаратты бұрмалап жіберуге бейім.

Бүгінде Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін жазаны қатаңдату мәселесі қарастырылуда. Өйткені қазір БАҚ-та тексерілмеген деректер жиі жарияланады. Ол тек ақпарат құралының ғана емес, күллі елдің абыройына нұқсан келтіретінін сөзсіз. Сол себепті демократиясы дамыған елдердің өзі жалған ақпарат таратқандарға салынатын айыппұл көлемін еселеген. Мәселен, Германияда қандай да бір жалған ақпарат жарияланса, басылым 50 млн еуро айыппұл төлейді. БАҚ арқылы жала жапқандар 5 жылға бас бостандығынан айырылады.

191

ҚР Қылмыстық Кодексіндегі жала жабу деп аталатын 130-бапта:

1. Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке, яғни 5050000 теңге (1 АЕК – 2525 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы Кодекстің 274-бабында жалған ақпарат таратуға қатысты жаза бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ең ауыры - 2) төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. [5]

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәлімдеуінше, бұл тым қатаң немесе жеңіл жаза емес. Сол себепті халықаралық тәжірибені ескере отырып, жалған ақпаратты немесе тексерілмеген деректерді жариялаған ақпарат құралдарына қарсы жазаны қатаңдату керек.

Мәселен, жақында Ресейде алғаш рет фейк жаңалық жариялағаны үшін «Момент истины» атты желілік басылымға 200

192

мың рубль, оның бас редакторына 60 мың рубль көлемінде айыппұл салынды. Себебі ақпарат құралы YouТube-ке «Шұғыл ақпарат!

Ресейде Майдан төңкерісі дайындалып жатыр» деп бейнеролик жариялаған.

РФ-ның «Фейк жаңалықтар тарату және билікке тіл тигізгендерді жазалау туралы заңында» жалған ақпаратты алғаш рет таратқан азаматқа 100 мың, ал заңды тұлғаға 500 мың рубльге дейін айыппұл қарастырылған. Егер жағдай қайталанса, 300 мыңға дейін және 1 млн-ға дейін еселенеді. Егер фейк ақпарат салдарынан адам өлімі болса, оның денсаулығына зиян келсе немесе қоғамдық тәртіп бұзылса, 400 мыңға дейін және 1,5 млн рубль айыппұл салынады. [6]

Осыны ескере келе, фактчекинг жасау қажеттілігіне баса мән беру керек. Журналистер дереккөздерді тексеру, оған қажетті әдістер мен талдау тәсілдерін меңгеруі тиіс. Онсыз аудиторияға шынайы ақпарат жеткізу мүмкін емес.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Harrison Smith, Sarah. The Fact Checker's Bible: A Guide to Getting it Right.- New York.: Anchor Books, 2004. - p. 192.

2. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 заң.

3. https://www.poynter.org/ifcn/

4. Гороховский А. Фактчекинг как тренд журналистских расследований:

возможности и перспективы. – Алматы.: 2017.- 111 с.

5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.

6. https://www.rbc.ru/society/15/10/2019/5da5944e9a7947a94e25af35

ДҮЙСЕБАЙ Д.

Журналистика және саясаттану факультетінің аға оқытушысы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ПАССИОНАР ЖАЗУШЫ

Кез-келген жетістікке кез келген адам тез жете қоймайды. Қанша талантты болса да. «Бір пайыз талант, 99 пайыз еңбек», - деп бекер айтылмаған шығар. Қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Әбдіжәміл Нұрпейісов те сол жолдардан өткен. Тоқсан тоғыз пайыз төгілген тердің арқасында бүгінде әлем мойындаған жазушылар қатарында.

193

«Сәбит Мұқановтың «Адасқандар», «Жұмбақ жалау», Мұхтар Әуезовтің «Абай» романындағы алғашқы екі кітабы (эпопеяның екінші кітабы кейінше шықты), Сервантестің «Дон-Кихот»

романының қазақша аудармасы қол сөмкемізден түспеуші еді» дейді жазушы бір еске алуында. ...10-сыныпты оқып жүріп повесть жазғалы бел будым. Әскерден қайта оралсам – баяғы жазғандарымның бәрі жоқ. Қатесі көп еді, жоғалғаны жақсы болды» дейді жазушы бір шығармасында [1].

Біздің де сөмкемізде осы кітаптар жүретін. Келе-келе басқа да әдеби шығармалар дүниеге келе бастады. Сол өткен ғасырдың 70- жылдары болар, алдымен «Курляндияны» оқыдық. Тартып әкетті.

Қызықты. Тез оқылады.

Кезінде қайбіреулер «Курляндия» «сын көтермейтін нашар»

шығарма деп «бағалаған» екен. Тіпті, Әбекеңнің өзі: «...1947 жылы әскер қатарынан босанып қайтқан шала сауатты қалпыммен роман жаздым. Әрине, шала сауатты баладан шала сауатты роман шығатыны белгілі» [1], - деп бұл сынға құптағандай жауап берген екен. Тек жазушы Тахауи Ахтанов қана жақсы дүниені қимай жақсы пікір айтқан екен. «Курляндия» романында жас жазушы ең алдымен өзінің талантын, шебер суреткерлігін танытты. Соғыс өмірін оқушылардың көз алдына көркем елестете білді. Сонымен бірге азды- көпті шын мағынасындағы жанды, көркем бояулы образдар жасай алды. Біз өмірде кездестіріп жүрген замандастарымыздың ой- арманын, іс-әрекетін ғана емес, түр келбетін, дағдысын, мінез- құлқын, біраз жағдайда ішкі дүниесін сол бір бояуы сембеген ыстық жанды күйде көз алдымызға елестетіп берді. Тағы бір әсіресе айтып кететін қасиет – жас жазушы қазақ тілін жақсы білетінін және оны көркем шығарма есебінде сәтті қолдана алатынын көрсетті» [2].

Қолындағы оқ қаруын ұшқыр қалам – от қаруға жаңа ауыстырған жас жазушы үшін бұл бағалаудың оның шығармашылық жолында үлкен стимул болғаны анық.

Сондықтан ба, Нұрпейісов болашақ ұлы шығарма – «Қан мен терге» үлкен дайындықпен келеді. Шынында да, «Ымырт» (1961),

«Сергелдең» (1964), «Күйреу» (1970) секілді үш кітаптан тұратын

«Қан мен тер» тек жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің жетістігі саналған дүние болып шықты. «...Әбдіжәмілдің өмір бойы жазғаны біртұтас, бір ғана эпопея десе лайық. Ол эпопеяны «XX ғасыр және қазақ әлемі» деп атауға да болар еді. Ғасыр басындағы

194

сергелдең («Қан мен тер»), ғасыр ортасындағы сұрапыл («Курляндия»), ғасыр соңындағы сүргін («Соңғы парыз») біртұтас сабақтастығымен көркем полотно құрайды» дейді арынды қаламгер Ақселеу Сейдімбек [4].

Бұл Нұрпейісовтің шығармашылығына берілген үлкен баға әрі шағын да болса нақты талдау болса керек.

«Қан мен тер» үшін Нұрпейісов КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Сол бір посткеңестік кезеңде осы атаққа Қазақстаннан жазушылар арасында үш-ақ адам ие болған екен. Мұхтар Әуезов, осы Әбекең және Жұбан Молдағалиев. Ендеше бұл шығарма қазақ әдебиетіне қосылған үлкен дүние екендігі даусыз.

«Қан мен тердегі» Еламан, Тәңірберген, Ақбала, Сүйеу қарт, Судыр Ахмет, Кәлен... Әрқайсысы жеке-жек романға тән тұлғалар.

Тәңірберген жағымсыз образ болғанымен оның да өз миссиясы бар, романның бір еңсесін көтеріп тұрған тип. Ол Ақбаладан туған ұлына Құдайберген деп ат қояды. Соған жаны ауырған Ақбаланың әкесі, Еламанды іштей жақсы көретін Сүйеу қарт «...Құдайберген дейді, ә? Бұл күшігі – Құдайберген... Әкесі – Тәңірберген. Ал, ал, әне біреулер Алдаберген... Жасағанберген... - деп ызалы сөздер алқымына тығылғандай, үзіп-үзіп сөйледі. - Әй-әй, о несі? О несі екен?..

Абыралы ауылының балаларын Құдай береді... Алла береді... Тәңір береді... Жасаған береді... Әй, сонда біздің балаларымызды кім берген екен? О несі, әй?» [3].

Ақбала – тағдырдың құлы. Еламан ұсталып кеткен соң Тәңірбергенмен көңіл қосып, делқұлы күйге түскен мұңдар.

Бір Кәленнің өзі бір әлем.

«Мұндағы Судыр Ахмет, көк мылжың, қуыс кеуде, есі кірмеген пәруайсыз жан. Еңбекке қыры жоқтығы жағынан Қалау мен Төлеуге ұқсас. Айырмашылығы – қолынан дәнеңе келмейтін. Бір бақаннан бір қазық шығара алмайтын, кандай да іске орашолақ, бос белбеу. Бар жақсылықтан жұрдай, бар кеселді мойнына артқан сорлы тәлкекке ұшырайды да жүреді. Байғұсқа басына келіп дұға оқитын мола да бұйырмаған. Ешкім білмейді. Із-түзсіз жоғалып кеткен. Судырдан артында қалған жалғыз белгі ақ киіз қалпағы» [5].

Дәл қазір осы типтес адамдарды Судыр Ахмет деп атау дәстүрге айналған. Әр ауылда бір Судыр Ахмет бар. Тіпті, бүгінде урбанизацияның арқасында қалаға үдере көшкен қазақтардың арасында да осындай тип кездесіп тұрады.

195

Қысқасы, «Қан мен тер» – эпикалық кейіпкерлер галереясы.

Менің айтпағым бұл емес, әрине. Ол кісінің аталған үш шығармасы да талай рет талданып, өз бағасын алғалы қашан.

«Қан мен тер» шынымен де үлкен еңбекті қажет еткен дүние.

Автор бұл туындыны әлі күнге дейін түзетіп, өңдеуден жалыққан емес. Нұрпейісов трилогияны осымен 20 рет қайта жазып шыққан деген дерек бар.

Осыдан он шақты жыл бұрын Алматыда демалыс кезінде Әбдіжәміл Нұрпейісовпен шығармашылық байланысы бар бір жас журналиспен кездесіп, арада болған ұзақ әңгімеден көрнекті жазушының науқастанып ауыруханада жатқанқанын естідім. Бала кезден жүрекке жақын жазушымен жолығып, тілдесудің ретін сұрағаным бар. Алып барды. Кездестік (осы кездесуде түскен суретті арнайы ұсынып отырмын). Әңгімеге жоқ ағаның ішкі жан-дүниесіне енудің оңай еместігін байқағанмын. Ауыру бір бөлек, жұмысы да бір бастан асатыны көрініп тұр. Ауырухананың жақсы жабдықталған бөлмесінің бір жақ бөлігін алып тұрған үстел үстінде тәртіппен жиналған, бірақ бір-бірінен бөлек-бөлек жатқан мәшіңкемен басылған кітап беттері. Сұрастырып көрсем, сол баяғыда-ақ КСРО кезіндегі жоғары атақтардың бірі (Лениндік сыйлықтан кейінгі) – КСРО Мемлекеттік сыйлығын алып қойған «Қан мен тердің» түзеуге,

«күзеуге» түскен беттері екен. Мұндай тәжірибені бұрын-соңды көрсем кәне. Таңданысымды жасыра алмадым. Бірақ онсыз да ауырып, шаршап тұрған, бірақ онысын байқатпауға тырысқан асыл ағаны аядым. «Кейінгілер мұның мұнысы несі, алмағайып кезеңде не жазып кеткен деп ойламасын деп, мүмкіндігінше әр бір сөзге шүйлігіп жатқаным ғой. Қайта басылғанда ешқандай күмән қалдыратын ой, пікір, сөз қалмасын дегендік» деді менің ойымды ұққандай.

Мықтылық деп, ұқыптылық деп, орындаушылық жауапкершілік деп осыны айт! Уақтысында жазылып, өз бағасына ие болып, елге тарап кеткен шығармасын қайта мыжғылап, әр сөзін түзеп жанын ауыртып жүрген қай жазушыны көріп едіңіз?! Бар шығар, бірақ қасқалдақтың қанындай сирек. Әсіресе, жүзге таяп, ойын сарқып, бойынан барын қалқып отырған қарттар арасында. Әбдіжәміл Нұрпейісов – қарттардың ішіндегі абызы, данасы, бары да нары, бірегейі.

196

Әбдіжәміл Нұрпейісов және Дүрәлі Дүйсебай

«Қан мен тер» трилогиясы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің табысы. Бұл – ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. 1978 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романының желісі бойынша 2 бөлімнен тұратын кинотуынды түсірілген. «Қан мен тер» туындысы сол заманда көрерменнің көңілінен шыққанымен, әттеген-ай деген де тұстары болды. Жасыратыны жоқ, бұл фильм трилогия авторы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың көңілінен мүлде шықпаған. Себебі, аталмыш фильм автордың қаламының қарымын толық көрсете алмады. Фильмнің сәтсіз шығуына тағы бір жайт әсер етті. Кинотуынды кейіпкері Еламанның әйелі Ақбаланың рөлін мамандығы актер емес, заңгер Гүлмира Шойбекова сомдаған» [6].

Соның өзінде осы шығарма киноға айналғанда қаншама актердің бағын ашқанын кім білмейді! Еламанды ойнаған Әнуар Молдабеков, Тәңірберген образын сомдаған Тұңғышбай Жаманқұлов, Айбала арқылы танылған Гүлмира Шойбекова, ұмытпасам, 38 жасында 80- нің сеңгіріндегі Сүйеу қартты толғантқан Сәбит Оразбаев, Кәлен – Ыдырыс Ноғайбаев, Судыр Ахмет – Қасым Жәкібаев – солардың бір парасы.

«Сәбит Оразбаев Ә.Мәмбетовтің «Қан мен тер» спектаклінде Сүйеу қартты ойнағаннан кейін танымалдығы бұрынғыдан да арта түсті. Әзелден, Тургенев заманынан бері әдебиетте «әкелер мен балалар» тақырыбы назардан түскен емес. Еламанның «баламды қалада оқытамын» дегеніне, «ал, оқыт, тар шалбар кисін, түрегеп тұрып сисін, саған бұл иман бере ме?» дейтін Сүйеудің сілкінісін

197

Сәбең жеткізгенде дүр сілкінбеуші ме едік. Небәрі бірді-екілі көріністе ғана көрінетін Сүйеудің образы қазақ театр өнері тарихында мәңгілікке ұмытылмастай болып қалған жоқ па? Нешеме жылдар өтсе де Сүйеу қарт бейнесі неге біздің жадымызда жаңғырып жүреді? Неге біз қазақтың томырықтай ғана осы бір шалының бойындағы тектілікті сағынамыз?»[7]

Молдабековтің де, Жаманқұловтың да, Қасым Жәкібаевтың да жарқ еткен тұстары осы кез, мұның бәрі Ә.Нұрпейісов шығармасының құдіреті.

Сөзіміздің түйінін белгілі көсемсөзші Шархан Қазығұлдың мына сөздерімен аяқтауды жөн көріп отырмыз: «Осы ақиқат (әдебиеттің ар- ождан ісі екенін бір сәтке де естен шығармау – Шарханның өз пайымы – Д.Д) үшін саған басымызды иеміз, арлы әдебиетке өлердей ғашық пассионар! Рухани тұрғыдан зая өмір кешкендердің запыранын сыртқа шарболаттай шаршамай шымырлатып шығарған Сен әлі талай ұрпағыңа керексің!»[8]).

Әдебиеттер тізімі:

1. Ә.Нұрпейісов Толғау. Раздумье. Алматы, 1972. 90-бет.

2. Т.Ахтанов «Керуен» Алматы, 1969, 27-28 бб.

3. Ә. Нұрпейісов. Төрт томдық шығармалар жинағы, 3-том, Алматы, 1981, 299 бет.

4. А.Сейдімбек. Суреткер. «Түркістан» газеті, 2000 жыл, 21-27 қаңтар.

5. Уйкипедия ашық энциклопедиясы.

6. «Толқын» – Арал аудандық (Қызылорда облысы) қоғамдық саяси газет, http://www.stan.kz).

7. «Егемен Қазақстан», 29.02.2016.

8. «Тоғыз тарау туынды, Астана, 2012, 27-бет.

АЛҒАЛИЕВА Г.С.

магистр, аға оқытушы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ГАЗЕТІ – РУХАНИЯТ АЙНАСЫ

«Қазақ әдебиеті» – сексен жылға жуық тарихында әрқилы кезеңді, әр түрлі деңгейді бастан өткерген басылым. Аталмыш газет руханият мәселесі жайында үзбей мақалалар топтамасын жариялап келе жатқан бірден-бір басылым. Газеттің руханият мәселесі

198

тақырыбына жарияланған материялдары-ұлттық тіл, діл, дін дамуының тарихи кезеңдерін, қоғамда қалыптасу процесін көрсететін нақты деректер жиынтығы екені даусыз. Осы газет туралы профессор Н.Омашев мынадай сындарлы тұжырым айтады: «Қазақ әдебиеті»

газеті-қазақ халқының рухани байлығы. Бұл газетті оқи отырып, қазақ әдебиетінің, мәдениетінің, өнерінің, ұлттық журналистиканың, қазақ тілінің түрлі жетістіктері мен проблемаларын біліп, дәстүр-салтын, тарихын таразылап отырады.Оқырманның рухани байлығын мейлінше байыта түсетін, тіпті үзбей бірнеше жыл оқыған адамға осы саланың институтын бітіргендей нәр берер басылымның халқына бергені де, берері де мол»[1, 37-б], - дейді.

Шын мәнінде, «Қазақ әдебиеті» газеті әдебиет, мәдениет және өнер салаларындағы тақырыптарды кеңінен қамтуымен, ұлтымыздың ішкі рухани жан-дүниесіне жақындығымен ерекшеленеді. Ресми биліктің руханият мәселесіне қатысты қаулы-қарарларын жариялап, елге жеткізеді. Мәселен, тіл жанашырларының депутаттық мәлімдемелері арқылы қабылданған құжаттың жүзеге асырылуындағы олқылықтарды түзеу талап етілсе, «Сұхбат» атты айдарлар негізінде тіл, діл, дін саясатына жауапты органдар басшыларымен редакция тарапынан ұйымдастырылған сұхбаттардан ресми түсіндірмелер алуға болады. Тіл мәселесінің өзіне «Тіл» атты арнайы беттің арналуы газет саясатынан, бағыт-бағдарынан хабардар етсе керек.

Газет-руханият мәселесіне келгенде, көпшіліктің трибунасы.

Аталмыш мәселе төңірегінде тек газеттің шығармашылық ұжымы ғана емес, белгілі авторлар, публицисттер ой толғайды. Оның бетінде жас-кәрі, зиялы-жұмысшы, қала адамы мен ауыл адамы, саяси қайраткер мен қоғамның қарапайым мүшесі пікір айта алады. Бұған

«Оқырман ой қосады», «Өзекжарды», «Оқырман пікірі» атты айдарлар мен газеттің түрлі саңдарында жарияланған оқырман хаттары дәлел.

Бір мақалада ірі газетте ондаған жылдары жарық көрген ауқымы кең, қомақты әрі аса күрделі тақырыпты түгел қамту, оның барлығын сараптап, ғылыми бағасын беру мүмкін емес. Қай заманда, қандай қоғамда болса да, баспасөздің басты міндеттерінің бірі-өз дәуірінің талап-мұқтаждарын ашып көрсету арқылы оның ішкі мән-мағынасын танып білуге, сөйтіп, дәуірінің көкейкесті мәселелерін шешуге көмектесу екені мәлім. «Қазақ әдебиеті» - ауқымды, кең тынысты

Dokumen terkait