• Tidak ada hasil yang ditemukan

Жылытуға арналған электр-термиялық қондырғылар

3. Ауаны ішке және сыртқа тартатын қондырғылар кешені

9.4 Жылытуға арналған электр-термиялық қондырғылар

129

Тұрмыстық электрлі жылыту аспаптарын мына белгілеріне орай топтайды:

- пайдалану мақсаты бойынша:

- жылулық жүктемені толық жабдықтауға, шыңдық жүктемені жабдықтауға және жеке үйлерді қосымша жылытуға арналған;

- орнатылу тәсілі бойынша:

- тұрақты орнатылатын (электр конвекторлар, электр радиаторлар, электродты қазандар, жылылықты аккумуляциялайтын пештер, электрлі жылытылатын едендер және т.б.) және тасымал (электрлі жылу желдеткіштер, электр каминдер, инфрақызыл электр қыздырғыштар, электр маталар және т.б.);

- жылылықты аккумуляциялауы бойынша:

- тәуліктік жүктеме төмендегенде 10...15 сағатқа жұмысқа қосылып, үйді күні-түні жылытатын аккумуляциялық;

- электр энергиясымен жабдықтауда үзіліс болғанда үйді 2...4 сағат аралағында жылытатын жарым-жартылай аккумуляциялық;

- жылылықты аккумуляцияламай үйді тікелей жылытатын;

- жылу бергіштігі бойынша:

- еркін конвекциямен және сәулеленумен.

Электр-каминдер – кең таралған электрлі жылытқыш аспаптар. Олардың бір-бірінен сыртқы пішініне, құрылмасына, қыздырғыш элементінің түріне, шағылыстырғышының пішініне, қуат реттегішінің барлығына және қуат реттеу сатылар санына орай өзгешеліктері бар көптеген түрлері шығарылады.

Дайындалуына орай ЭКС типті қабырғаға бекітілетін, ЭКП типті еденге қойылатын және ЭКУ типті жан-жақты каминдер болады. Пайдалану мақсатына орай олар тек жылытқыш және сәндікті-жылытқыш болып орындалады. Бірінші түрі бөлмені тек жылытуға, ал екінші түрі бөлмені жылытуға және тұрмыстық жиhаз ретінде де пайдаланылады. Электр- каминдердің қуаты 0,5; 0,8; 1,0; 1,25 кВт болады.

Электр радиаторлар панельді және секциялы болып дайындалады.

Олардың барлық түрлерінде де жылылық қыздырғыш элементтен тұрыққа аралық жылу тасымалдағыш – минерал май – арқылы беріледі. Минерал маймен тол-тырылған қуыс тұрықтың төменгі бөлігінде түтікті электр қыздырғыш орнатылған. Қыздырылған май аспаптың ортаңғы бөлігінде жоғары көтеріледі. Май суып тұрық қабырғаларымен төмен түседі де оларға өзінің жылылығын береді. Аспап барлық беттерінен жылылық сәулелендіреді.

Өнеркәсіп панельді электр-радиаторлардың мына типтерін шығарады: қуаты реттелмейтін ЭРМТ-0,5/220; қуаты сатысыз реттелінетін ЭРМБ-0,5/220, ЭРМБ- 0,75/220. Қуаты сатылы реттелінетін ЭРСМ-1,0/220 және ЭРМС-1,25/220 типті секциялы электр-радиаторлар шығарылады.

Электр-конвектор асты мен үстінде қорғағыш сәндік торы бар қуыс тұрықтан және оның төменгі бөлігінде орнатылған қыздырғыш элементтен тұрады. Аспапты жұмысқа қосқанда табиғи конвекция пайда болады, яғни қыздырылған ауа жоғары көтеріледі, оның орнына салқын ауа келіп қыздырылады және солай жалғаса береді. Бұл жағдайда қуыс тұрық түтін

130

шығатын құбыр сияқты жұмыс істеп табиғи конвекцияны үдеулейді. Өндіріс электр-конвекторлардың алты түрін шығарады. Олар қуатты сатылы реттеуге арналған клавишті ауыстырып қосқыштармен жабдықталады. Қуаты 750, 1000 және 1250 Вт ЭВЧ-1,25/220, ЭВУС-1,25/220, ЭВПС-0,75/220, ЭВПС-1,0/220, ЭВПС-1,25/220 типті электр-конвекторлар шығарылады.

Жоғарыда берілген жылытқыш аспаптардан басқа құралмалы аспаптар да шығарылады. Оларға «Уголек-2»; «Салют-3» және «Мария» типті электр- камин-конвекторлар және «Очаг» типті электр-камин радиаторлар жатады.

9.5 Адамның өзінің гигиенасына және үтіктеуге арналған электр- термиялық жабдықтар

Бұл топқа жайлы жылылық аспаптары, фендер, шашты тәртіппен электрлік жыйнағыштар (электр бигудилер), шаш бұйралайтын электр қысқыштар және электр үтіктер жатады.

Жайлы жылылық аспаптар қатарына электр грелкалар, электр көрпелер, электр бинттер, электрлік жамылғы, жылы орамалдар және тағы басқа адам денесіне жылылық беретін аспаптар кіреді. Олардың ішінде иілгіш қыздырғыш элементтер ирек-ирек болып орналастырылады.

Фендер адам шашын күтуге арналған жан-жақты аспаптар. Фен ішінде қыздырғыш элемент, желдеткіш және электр қозғалтқыш орнатылған пластмасса тұрықтан тұрады. Қол және тасымал фендері шығарылады. Тасымал феннен шығатын жылы ауа шланг арқылы дымқыл шашқа кигізілетін пластикалық қалпаққа беріледі.

Электр үтіктер – ең кең таралған қыздырғыш электр аспаптар. Олардың мынадай типтері шығарылады: УТ-термореттегіші бар; УТП-термореттегіші және бумен дымқылдағышы бар; УТПР-термореттегіші, бумен дымқылдағышы және су шашқышы бар; УТУ-термореттегіші бар, ауырландырылған.

Электр үтіктерінің техникалық мәліметтері 9.6 - кестеде берілген.

Кесте-9.6. Электр үтіктерінің техникалық мәліметтері

Типі Номинраль қуаты,

Вт Қызу уақыты, мин Массасы, кг

УТ-400-0,8 400 3,5 0,8

УТ -1000-1,2 1000 2,5 1,2

УТ -1000-1,6 1000 3,0 1,6

УТП-1000-1,8 1000 3,5 1,8

УТПР -1000-2,0 1000 5,0 2,0

УТ У-1000-2,5 1000 7,8 2,5

Электр үтігінің табаны алюминийден немесе шойыннан жасалынады.

Оған ТЭҚ құйылып немесе сығымдалып бекітіледі. Табанының ішкі бетіне биметалдық термореттегіш орнатылды. Табан термореттегішімен және басқа монтаждау тетіктерімен бірге үстінен тұрықпен жабылады. Тұрықтың пластмасса тұтқасы болады.

131

9.6 Қыздырғыш электр құралдар

Бұл топқа электрлік дәнекерлегіштер, ағашқа күйдіріп өрнек салуға және полиэтилен қабыршақтарын балқытып бір-біріне жапсыруға арналған электр аспаптар және электр вулканизациялағыштар жатады.

Электр дәнекерлегіштерді мына белгілер бойынша топтайды:

пайдаланылу мақсаты, қыздыру режимі, қыздырғыш элементінің типі, тұрқының құрылмасы, қоректену кернеуі. Пайдалану мақсатына орай электр дәнекерлегіштер тұрмыстық және өндірістік болып бөлінеді. Тұрмыстық электр дәнекерлегіштер 220В, ал өндірістік электр дәнекерлегіштер 42 және одан төмен кернеуге шығарылады. Қыздыру режиміне орай электр дәнекерлегіштер үзіліссіз және мезгіл-мезгіл режимдерге арналады. Үзіліссіз қыздырылатын дәнекерлегіштердің дәнекерлегіш стержені көлемді болады, сондықтан ол жылылықты аккумуляциялайды. Мезгіл-мезгіл қыздырылатын дәнекерлегіштердің дәнекерлегіш стерженнің массасы аз болады, сондықтан ол жұмыс температурасына дейін бірнеше секунд ішінде қызады. Дәнекерлегіш стержень жуан сымнан тұзақ түрінде орындалады.

Дәнекерлегіштер тұрқы түзу, пистолет және балға тәріздес болып дайындалады. Түзу дәнекерлегіштердің тұтқасы, тұрқы және дәнекерлегіш стержені бір өстің бойында орналасады. Пистолет типті дәнекерлегіштің тұтқасында төмендеткіш трнасформатор, ажыратқыш және қосымша жарық бергіш шам орналастырылған. Балға типті дәнекерлегіштер көлемді бөлшектерді дәнекерлеуге арналады. Сондықтан олардың дәнекерлегіш стерженінің массасы едәуір (1 кг шамасында) болады. Олардың қуаты - 100...200 Вт.

Қыздырғыш элементі ретінде сым және индукциялық электр қыздыр- ғыштар пайдаланылады. Сым қыздырғышты слюдамен немесе слюдопластпен оқшауланған метал түтіктің үстіне бір-екі қабат қылып орайды.

Қуаты және жұмыс сипаты бойынша электр дәнекерлегіштер кіші қуатты (радио-монтаждаулық, 15...25 Вт), орта қуатты (электр-техникалық, 40...65 Вт) және қуатты (100 Вт және одан жоғары) болып бөлінеді.

Ағашқа күйдіріп өрнек салуға арналған аспаптардың құрылмасы қарапайым келеді. Аспаптың негізгі элементі – екінші кернеуі 1...1,5 В болатын төмендеткіш трансформатор. Екінші орамына көлденең қимасының ауданы үлкен келетін сымдар көмегімен аспаптың жұмыс органы – қалыңдығы шамамен 1 мм нихром сымнан дайындалған ине қосылады. Ине қарындаштың тұтқасына бекітілген. Трансформатор тұрықтың ішінде орнатылады. Тұрық ішіне температурасын реттегіш орналастырылады. Ол – трансформатордың бірінші немесе екінші орамына қосылатын айналымы кедергілі резистор.

Полиэтилен қабыршақтарынан пакеттер немесе саңылаусыз орауыштар жасауға арнайы электр аспаптар пайдаланылады. Олар мезгіл-мезгіл және үзіліссіз әрекет ететін болып шығарылады. Бірінші түрлі аспаптар ұзындығы шекті, ал екінші түрлі аспаптар үзіліссіз қажетті ұзындықты жік жасауға

132

қолданылады. Үзіліссіз әрекет ететін аспаптың қыздырылатын табаншасы балқытылып жапсырылатын жіктің бойымен жайлап жылжиды.

Мезгіл-мезгіл әрекет ететін аспаптың жұмыс элементі төмендеткіш трансформатордың екінші орамына қосылған нихром таспа түрінде орындалады. Жапсырылатын жіктің ұзындығы осы таспаның ұзындығымен шектеледі.

Өнеркәсіп электрлік вулканизаторлардың бес типін шығарады. Олардың бір-бірімен қоректену кернеуіне (6, 12 және 220 В), пішініне және мөлшеріне орай айырмашылықтары болады. Вулканизаторлар негізінде автомобиль, мотоцикл, велосипед камераларын жөндеуге пайдаланыл

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР

1. Түрмыстық электр-қыздырғыш аспаптарды топтастырудың негізгі белгісін атап өтіңіз.

2. Тамақ дайындауға арналған аспаптардың топтарын атап беріңіз.

3. Үй-жайларды жылытуға арналған аспаптар түрлерін салыстырыңыз.

4. Түрмыста пайдаланылатын электр кыздырғыш күралдарын атаңыз.

5. Бұл аспаптар дегеніміз не?

6. Түрмыстық электрлі жылыту аспаптарын мына белгілеріне орай топтайды: пайдалану максаты бойынша:

7. Фендер адам шашын күтуге арналған жан-жакты аспаптар.

ДӘРІС-10

Тақырыбы: Электрлік жылумен қамтамасыз етуді техникалық- экономикалық негіздеу және осы салада энергияны үнемдеу ерекшеліктері 1. Электрлік жылумен қамтамасыз етуді техникалық-экономикалық негіздеу

Garis besar

Dokumen terkait