• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қорғалған топырақ ғимаратын электрлік жылыту тәсілдері

3. Ауаны ішке және сыртқа тартатын қондырғылар кешені

7.1. Қорғалған топырақ ғимаратын электрлік жылыту тәсілдері

7.2. Температураны реттеу

7.3. Топырақтағы зиянкестерге қарсы күресудің электр-термиялық тәсілдері

7.4. Қауіпсіз эксплуатациялау ерекшеліктері

7.5. Көкөніс қоймаларына арналған электр-термиялық жабдықтар

7.1. Қорғалған топырақ ғимаратын электрлік жылыту тәсілдері

Өсімдіктер мен олардың көшеттерін жылыжайлар мен көшетжайларда өсіруде температураның маңызы зор келеді. Жылыжайлар мен көшетжайларда мынадай үш түрлі жылыту тәсілі пайдаланылады: топырақты жылыту, ауаны жылыту және топырақ пен ауаны жылыту. Осы тәсілдердің ішінде тиімдісі топырақты және ауаны жылыту тәсілі. Көшетжайларда ауа көлемі аз болғандықтан кейбір жағдайларда тек топырақ жылытылады.

Жылыжайлар мен көшетжайларды электрлі жылытудың басқа тәсілдерге қарағанда мынадай артықшылықтары бар: температуралық режимді өте дәл реттеуге болады; жылытуға, қосымша жарықтандыруға және автоматтандыруға энергияның бір түрі пайдаланылады; еңбек шығыны азаяды.

Оңтүстік аудандарда көшетжайларды жылытуға электр энергиясы кең пайдаланылады. Сумен жылытуға қарағанда электрлі жылытуда энергия шығыны аз, көшеттердің сапасы жоғарылайды және өнімі 10. . .15 % көбейеді.

Бұл көрсеткіштерге жылыту үрдісін өте жоғары автоматтандыру нәтижесінде жетуге болады. Көшетжайларды электрлі жылытуға шығындалынған қаражат 3. . .4 жыл аралығында қайтарылады.

Пластмассалық қабыршақпен жабылған (қорғалған) көктемдік жылыжайларда топырақ пен ауаны электрлі жылыту қолданылады. Қысқы жылыжайларды электрлі жылыту тек электр энергиясы арзан аудандарда (қуатты электр станциялары бар аудандарда) пайдаланылады.

Жылыжайлар мен көшетжайларды жылытуға әр түрлі электр термиялық қондырғыларды пайдалануға болады (7.1 - сурет).

Қазіргі уақытта жылыжайлар мен көшетжайларды электрлі жылытуға элементті жылыту тәсілі кең қолданылады. Қыздырғыштың түріне және оны монтаждау тәсіліне орай элементті жылыту бірнеше түрге бөлінеді. Ауа мен топырақты элементті тәсілмен жылытуда қыздырғыш элементтер диаметрі 2,5. . .8 мм оқшауламасыз мырышпен қапталған болат сымнан немесе ПОСХВ, ПОСХП, ПОСХВТ маркалы жылытқыш сымдардан дайындалады. Топырақты жылытатын қыздырғыш элементтер мынадай құрылмалық түрде орындалады:

өңделген топырақтың астына төселген құмды қабатта орнатылған асбест- цемент немесе қыш түтіктердің ішімен тартылған; өңделген топырақтың

101

астында төселген құмды қабаттың ішіне тікелей орналастырылған; өңделген топырақтың астында төселген асфальт-құйматас монолиттің немесе плиталардың ішімен тартылған.

Сурет-7.1. Жылыжайлар мен көшетжайларды электрлі жылытуға пайдаланылатын тәсілдерді топтастыру

Ауаны жылытуға арналған қыздырғыш элементтер жылыжайлар мен көшетжайлардың құрылыстық құрылмаларына оқшаулауыштар көмегімен ілінеді немесе тартқыш арқан сымға бекітіледі. Жылытқыш сымдар тікелей немесе асбест-цемент түтіктердің ішінде тартылуы мүмкін.

Топырақты жылытуға диаметрі 50. . .150 мм, ал ауаны жылытуға диаметрі 50. . .75 мм асбест-цемент немесе қыш түтіктер пайдаланылады.

Көшетжайларды жылытуға оқшауламасыз сым пайдаланғанда қызмет көрсетушілерді электр тогымен зақымдау қауіптігін төмендету үшін сымдарды арнайы түтіктер (асбест – цемент, қыш) ішімен тартады немесе сымдар үстіне экрандық металл тор салады, сондай-ақ қыздырғышты төмендетілген кернеумен қоректендіреді. Түтікті жылыт-қыштарда қыздырғыш элемент ретінде диаметрі 2,5. . .4 мм мырышпен қапталған болат сымдар пайдаланылады. Түтікті жылулық оқшаулама ретінде қолданылатын қазан қоқысының үстіне төселген құмды қабаттың ішіне орналастырады (7.2, а - сурет). Түтіктерді бір-бірімен муфталар көмегімен жалғайды.

Жалғанған жерлерді цемент ертіндісімен сылап саңылаусыздандырады.

Сым түтікке тиіп тұрмауы үшін оқшауламалық тіректік дисктер үстімен тартылады.

Көшетжайларды үстінде экрандық металл тор орналастырылған оқшауламасыз сымдармен жылытқанда, болат сымды құмды қабаттың ішінде ирек-ирек қылып төсейді (7.2б - сурет). Сымның үстіне қалыңдығы 15. . .20 см топырақ қабат салады. Оның үстіне экрандық метал тор төселінеді. Торды электр торабының нөлдік сымына қосады. Содан кейін өңделген топырақ қабаты салынады. Бұл тәсілде жылылық қыздырғыш элементте және сыммен

102

экрандық тор аралығында өтетін ток әсерінен топырақта да бөлінеді. Тәсілдің кемшілігі – металл шығынының көптігі.

Сурет-7.2. Электрлі жылытылатын көшетжайлардың құрылысы:

а - түтікті қыздырғыш элементтермен жылытылатын; б - құмды қабат ішінде төселінген жылытқыш сымдармен; 1 - көшетжайдың қабырғасы; 2 - ауаны қыздыру элементі;

3 - топырақты қыздыру элементі; 4 - монтаждау оры; 5 - өткінші ор; 6 - экрандық тор

Көшетжайларды оқшауламасыз сымдармен төмен кернеуде жылыту үшін 280/12. . .42 В арнайы төмендеткіш қосалқы станциялар пайдаланылады.

Қыздырғыш элементі ретінде беті қыздыруға төзімді лакпен қапталған диаметрі 4. . .8 мм болат сым қолданылады. Көшетжайда сымды жоғарыда берілген тәсілмен төсейді. Бұл тәсілдің кемшілігі – төмендеткіш қосалқы станция пайдаланғандықтан көп қаражаттың қажеттілігі.

Асфальт – құйматас монолитпен немесе плиталармен жылытылатын көшетжайлардың жылу энергиясын шоғырлап жинайтын қабілеті жоғары келеді (7.3,а - сурет). Олар топырақты біркелкі жылытуды және жеткілікті электр қауіп-сіздігін жеткілікті деңгейде қамтамасыз етеді. Жылытқышты мына тәртіппен даярлайды. Жер бетіне қалыңдығы 20 см қазан күл қоқысын төсейді.

Оның үстіне құм себеді. Құмның үстіне асфальт-құйматас (88 % құм, 12 % битум) құяды. Оның бетіне диаметрі 2. . .3 мм болат сымды ирек-ирек қылып төсейді де бетіне асфальт–құйматас құяды. Асфальт-құйматас қыздырғышты жақсы электрлі оқшаулайды. Осы себептен қыздырғыш элементті қоректендіруге 380/220 В кернеу пайдаланылады. Кейбір жағдайларда көшетжайдың қыздырғышын жеке асфальт-құйматас немесе асфальт-керамзит құйматас плиталардан жинайды. Бұл көшетжайларды салу мерзімін қысқартуға және заводта дайындалғандықтан қыздырғыштың сапасын жоғарылатуға мүмкіншілік береді. Бірақ бұл тәсілде істен шыққан жылытқыш сымды ауыстыру қиын келеді және жылыту жүйесін дайындауға көп қаражат шығындалады.

103

Сурет-7.3. Көшетжайлардың құрылысы:

а - қыздырғыш элементі асфальт-құйматас; монолиттің ішінде орнатылған; 1 - клеммалық қорап; 2 - қыздыру элементі; 3 - асфальт- құйматас монолит; 4 - қазандық қоқыс;

5 - қиыршық тас; 6 - топырақ

Жылыжайлар мен көшетжайларды ПОСХВ, ПОСХП, ПОСХВТ маркалы жылытқыш сымдармен жылыту оқшауламасыз сымдармен жылыту сияқты орындалады. Сымдарды құмды қабаттың ішінде түтіксіз орналастырғанда оларды зақымданудан металл тор көмегімен қорғайды. Электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін торды жерге қосады.

Жылыжайлар мен көшетжайларда топырақ пен ауаны индукциялық қыздырғыштармен жылыту оқшауламасыз сымдармен жылыту сияқты орындалады. Қыздырғышты тораптық кернеумен қоректендіргенде электрлік қауіпсіздік сыртқы метал түтіктерді нөлдік сымға қосумен қамтамасыз етіледі.

Топырағы жылытылатын жоғарыда берілген көшетжайлар құрылмаларының негізгі кемшілігіне қыздырғыш элементтен жылу ағынының тек топыраққа емес, сондай-ақ оның астындағы жерге де бағытталатындығы жатады. Жерге өтетін жылу ағынын азайту үшін көшетжайларды жерден өтеру керек. Осы жағдайда көшетжай түбі мен жер бетінің аралығындағы ауа жылулық оқшаулама ретінде пайдаланылады.

Кейбір жағдайларда жылыжайларды жылытуға инфрақызыл сәулелендіргіштер пайдаланылады. Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі - өсімдіктерді күйдіріп алу қауіптілігінен қажетті сәулелендіру тығыздығын жасаудың қиындығы.

Топырақты электродты тәсілмен де жылытуға болады. Бірақ электрлік қауіпсіздіктің жоғарылығына және электродты дайындаған металл шығынының көп болуына байланысты бұл тәсіл кең қолданылмайды. Сонымен қатар электродтар топырақты өңдеуге кедергі жасайды.

104

Соңғы жылдарда ауа мен топырақты жылытуға - калориферлі тәсіл пайдаланылады. Көшетжайларда электр-калорифер тек топырақты жылытады (7.3б - сурет). Бұл тәсілде калориферде жылытылған ауа оған қосылған ауа құбырларымен топырақ астында орналасқан құбырлардан құрылған тұйық жүйеде айналып топырақты жылытады. Жылыжайларда ауа да және топырақ та жылытылуы мүмкін. Бұл жағдайда ауа топырақ астындағы каналдардан жылыжайдың ауа кеңістігіне беріледі де одан калорифермен қайта тартылып алынады. Тек ауаны жылытқанда диаметрі 18. . .25 см болатын тесіктері бар пластмассалық құбырлардан дайындалатын ауа таратқыш жүйелер қолданылады.

Жылыжайлардың ауа кеңістігі көшетжайларға қарағанда бірнеше есе көлемді келеді. Сондықтан оларда ауаны жылыту қажет болады. Ауаны жылытуға электрлік тәсілдердің ішінде тиімдісі электр-калориферлі жылыту.

Электр-калориферлі қондырғыларды автоматтандыру жеңіл болады.

Garis besar

Dokumen terkait