Қазақстандағы инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік даму тарихнамасын саны, құрамы, зерттелу деңгейіне байланысты бірнеше кезеңдер мен сатыларға бӛліп қарастыруға болады.
Бірінші - маркстік-лениндік ұстанымдарға, таптық кӛзқарасқа негізделген кеңестік кезең;
Екінші – қазіргі кезең; Отандық тарихнамада инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік даму тарихын теориялық-методологиялық ұстанымдар тұрғысында жаңаша зерделеуге қолайлы мүмкіндіктер туып отыр.
Сондықтан тарих ғылымында инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік даму тарихнамасын зерттеу ғылымға жаңа серпін береді.
Осы уақытқа дейін интеллигенция тарихына арналған еңбектерде инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік дамуы тарихнамасы бір жүйеге келтіріліп, сараланбаған.
Мәселенің тарихнамасының бірінші кеңестік кезеңін үш сатыға бӛліп қарастыруға болады.
Бірінші саты - 1917 жылдан бастап 1930-шы жылдардың соңына дейінгі уақытты қамтиды. Кеңес ӛкіметінің орнауымен байланысты Қазақстан ӛндірістік-техникалық интеллигенциясы қалыптаса бастады. Қазақстанның индустрияландыруға бағыт алуы, ӛндірістік мамандардың санының артуына ықпал етті. 1920-шы жылдардың басында Ресейді электрификациялау жӛніндегі Мемлекеттік Комиссияның Сібір мен Түркістан тобы құрамына кірген ғалым энергетиктер мен экономистердің еңбектерінен аталған аймақтардың халық шаруашылығын дамытудың, электрификациялаудың болашақтағы жоспарлары анықталып қана қоймай, ӛндіргіш күштерді дамыту, кадр мәселесі де қарастырылды [344, 300-316 б.]. Түрксіб құрылысы, Қарағанды кӛмір бассейні, Риддер заводы жайлы айтылып, ұлттық мамандардың қалыптасуы, саны, құрамы жанама түрде ғана қамтылған.
1930 жылы саяси қайраткер Т. Рысқұловтың «Түрксіб» атты кітапшасында
«Түрксіб құрылысына жергілікті ұлт ӛкілдерін тарту мәселесіне тоқталады.
Түрксіб біткеннен кейін де, онда жұмысшы кадрларын даярлау маңызды мәселе екендігін кӛтере отырып, бұл жұмыстың ӛз дәрежесінде жүргізілмей отырғандығына реніш білдіреді» [345].
М. Шоқайдың ӛндірістегі ұлттық мамандар жайлы «Туркестан под Властью советов» деп аталатын еңбегінде «Риддер заводында мыс, қорғасын, қалайы ӛндіріледі. Соңғы уақытта завод аумағында алтын да табылды.
Заводтағы барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің барлығы 2.800 адамды құраса, оның ішінде 370-і қазақтар. Тек бір жұмысшы-қазақ маманданғандардың санатында, сонда барлық қалғандары жай жұмысшылар немесе дәлірек айтқанда - қара жұмыскерлер. Завод жанында маманданған
жұмысшылар дайындайтын фабрика-завод мектептері болғанымен, онда қазақ тілін білетін оқытушылардың жоқ болуына байланысты, қазақтарға рұқсат етілуі қиын. Заводқа жіберілген қазақ жастары фабрика-завод мектептерін аяқтағаннан кейін, қара жұмыскерлер қатарына қабылданады. Бірдей маманданған орыс және қазақ жұмысшылары бірдей жалақы алмайды: орыстар кӛп, қазақтар аз алады» деп қазақ мамандарына деген жанашырлық сезімін білдіріп, ұлттық теңсіздіктің сақталып отырғандын айтады. М. Шоқай қазақтар елді басқаруға кеңінен қатысуда деген ӛтірікке ашынады [164, 370-373 б.].
А. Хавин «Перемещение промышленности на Восток должно повлечь создание на Востоке новых очагов формирования инженерно-технических кадров, в особенности национальных. Но из этого следует, указал т. Сталин, что старых очагов формирования инженерно-технических сил уже недостаточно, что необходимо создать целую сеть новых очагов на Урале, в Сибири и Средней Азии» деп атап кӛрсетіп, жұмысшы табының ӛз ӛндірістік- техникалық интеллигенциясы болу керек деген кӛзқарасты қолдайтындығын білдіреді [315].
1930-шы жылдары жарық кӛрген экономикалық-статистикалық, анықтамалықта, журналдарда жарық кӛрген публицистикалық, ғылыми- кӛпшілік кең кӛлемдегі еңбектер мен «Народное хозяйство Казахстана»,
«Революция и национальности», «Большевик Казахстана» журналдарында жарық кӛре бастады. Мақалаларда республиканың индустриалдық дамуының маңызды кӛрсеткіші, ескі сарқыншақтарды жойып, ӛнеркәсіпке еңбекші қазақтарды тартылуында деп қарастырылып, фактілік материалдарының кең ауқымдылығымен құнды болып есептеледі. Онда бірінші бесжылдық жылдары жергілікті ұлт ӛкілдерінен жұмысшылдардың, инженер-техникалық қызметкерлердің және қызметкерлердің едәуір бӛлігі қалыптасты. Олардың үлестік салмағы әсіресе бірінші бесжылдық жылдары артып, 1926 жылғы 19,8 пайызға қарағанда, 1932 жылы 36,5 пайызға, 1935 жылы 43 пайызға жетті деген қорытынды жасалды [346, 239, 126 б.]. Ф. Работалов «Болшевик Казахстана»
журналында жарық кӛрген мақаласында «Ӛлкеде индустрияландырудың тез қарқынмен дамуы жаңа инженер-техникалық күштерге деген сұранысты қажет етті. 1931 жылы ӛнеркәсіпке қосымша қажетті инженер-техникалық қызметкерлер 549 адамды құрайтындығын, ал 1931 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша олардың 218 адам ғана екендігін айтады. Ал 1931 жылдың соңында инженер-техникалық қызметкерлер бар-жоғы 232 адамға жеткен.
Әрине мұндай кӛрсеткіш ӛнеркәсіп, құрылыс жоспарын орындауға, сапасына кері әсерін тигізді» [193, 40-41 б.].
1920-30 жылдары біз қарастырып отырған мәселе тӛңірегінде арнайы зерттеу жүргізбесе де біраз мәлімет Г. Березаның кадрларға байланысты еңбегіне кіріпті. Ол Қазақстандағы кадрларға деген сұраныстың 1929/30 жылдары жоғары екендігін оның ішінде ӛнеркәсіпке әртүрлі мамандықтағы 2261 инженерлердің керектігін айтады [185, 20-21 б.]. Инженер мамандармен толықтырудың қайнар кӛзі қазір РСФР мен басқа республикалардың тез арада
жоғары оқу орындарын бітірген мамандармен қамтамасыз етілу қажеттігін де деп атап кӛрсетеді.
Осы пікірдің растығын 1932 жылы 13-18 қаңтарда ӛткен ВКП (б) Қазақ Ӛлкелік Комитетінің Кеңейтілген Пленумы қарарларында қарастырылғандығын аңғарамыз. «...18. Қарағандыны басшы және техникалық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында партияның Орталық Комитетінің алдына байырғы кӛмірлі аудандардан (Донбасс және басқалар) Қарағандыға ең шешуші учаскелерге жұмысқа жіберу үшін басшы және инженер-техник қызметкерлерді мобилизациялау туралы мәселе қойылсын.
...24 Пленум Донбасстың пролетарлық кӛмегін – шахта құрал- жабдықтарын тиеген эшелондармен бірге 400 маман жұмысшы мен инженер- техник қызметкер жіберген кӛмегін лениндік ұлт саясатының дәйектілікпен жүзеге асыруының үлгісі ретінде қанағаттанғандықпен бағалай отырып, байырғы кӛмір бассейндерінің барлық партия ұйымдарынан олардың ӛз тарапынан Қарағандыға пролетарлық кӛмекті күшейтулерін сұрайды.
25 Ӛлкелік комитеттің пленумы Қарағандының партия, кәсіподақ және шаруашылық ұйымдарына байырғы бассейндерден келген кадрларды дұрыс пайдалануды және оларға қажетті ӛндірістік, тұрмыстық жағдайлар жасауды ерекше тапсырады» [309, 156-157 б.]. Біз пленум материалдары деректік негіз ретінде саналатындықтан, кадр мәселесінде сырттан кӛмекке келген мамандарды лениндік ұлт саясатының үлгісі деп асыра бағалағандығын байқаймыз.
1935 жылғы 22 қазандағы КСРО Орталық Атқару Комитетінің ҚАКСР-ның 15 жылындағы Кенестік, шаруашылық және мәдени құрылысы жӛніндегі №73 қаулысында «мал мамандары, агрономдар, инженерлерден ұлттық кадрлардың ӛсіп келе жатқандығы атап кӛрсетілген» [347, 141 б.]. Осы қаулыда «Халыққа білім беру саласы мен мамандарды даярлау» жӛнінде б) қазақтардан мамандар даярлауды күшейтіп, маманданған білікті зоотехниктер, мал дәрігерлері, агрономдарды даярлауға да ерекше кӛңіл бӛлу қажеттігі кӛрсетілген. Құжаттар мемлекет тарапынан ұлттық мамандарды даярлауға кӛңіл бӛліп отырғандығын дәлелдейді [347, 146 б.].
1936 жылы «Қазақстан ӛнеркәсібіндегі мамандардың ұлттық құрамы» атты жарық кӛрген еңбекте 1927-1935 жылдардағы Қазақстан ӛнеркәсібіндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің саны, ұлттық құрамы, оның ішінде қазақтардың үлес салмағы жайлы мәлімет берілген [348].
Екінші сатысы 1930-шы жылдардың соңы мен 1950-ші жылдардың соңына дейінгі аралықты қамтып, кӛрнекті ұлттық интеллигенция ӛкілдері қуғын-сүргінге ұшырап, олардың аты, еңбектерін атауға тиым салынып, зерттеу жұмыстарына қатаң партиялық-мемлекеттік бақылау орнықты. Сондықтан да 1940-шы жылдары инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік дамуы жайлы жарық кӛрген еңбектер аз болды.
1945 жылы «Большевик Казахстана» журналындағы «О социалистической индустриализации Казахстана» деп аталатын мақалада ұлттық кадрлардың қалыптасуын жіктей отырып, Ұлы Қазан тӛңкерісіне дейін бірде-бір инженер-
қазақ болмады. Қазір халық шарашылығының әртүрлі салаларында кеңестік жоғары оқу орындарында даярланған, еңбекшілер арасынан шыққан 10 мыңнан астам мамандар бар. Ұлттық жұмысшы табы мен ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның тез қарқынмен осылай артуы, мемлекеттің оларды даярлауды ӛз мойнына алып, олар әрбір қадамында сталиндік қамқорлықты сезеді деп жазады [349, 34-35 б.]. Идеологиялық ӛктемдіктен аса алмаған мақаладан мамандар даярлау мемлекеттің арқасында шешілді деген түсінік қалыптасты.
1950-ші жылдары Х.З. Ақназаров интеллигенция қатарын толықтырудың, халық шаруашылығының барлық салаларының басшы кадрларын қалыптастырудағы мықты күш - партия, кеңестер, кәсіподақ, комсомол және тағы басқа қоғамдық ұйымдар деп топшылайды [2, 11 б.].
Автор интеллигенцияның кәсіби құрамында ӛзгерістер болғандығын, соның кӛрнекті ӛкілдерінің бірі – инженер-техникалық кадрлар болып саналатындығын зерделейді [2, 12 б.].
Кеңестік тарихнамада Шығыс халықтарының даму жолында капиталистік емес даму жолы таңдалды деген концепция қалыптасты. Сондықтан ғалым- экономистер П. М. Алампиев[211], С. А. Нейштадт[212], С.Б. Бәйішев [132]
еңбектерінде индустрияландырудың, мәдени революцияның дамуы мәселерімен қатар ұлттық ӛндірістік-техникалық мамандардың қалыптасуы жайлы да қарастырылды. Олар Қазақстанда ұлттық ӛндіріс мамандарының қалыптасуы Кеңестер Одағы халықтарының арасындағы экономикалық теңсіздіктің жойылуымен байланысты деп атап кӛрсетеді.
1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасынан Орта Азия мен Қазақстанның социализм дәуіріндегі тарихына арналған бірлескен ғылыми сессия ӛткізіліп, оның материалдары жинақ ретінде жарық кӛрді. Онда кӛптеген ғалымдар баяндама жасап, ғылыми ойларын ортаға салды. С.Б. Бәйішев
«Закономерности и особенности социалистического строительства в республиках Средней Азии и Казахстане» деген тақырыптағы баяндамасында социалистік индустрияландыру, мәдени революяцияның жүзеге асуы нәтижесінде саны жағынан кӛп ұлттық жұмысшы табы мен, ӛзіміздің жеке ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның қалыптасу мәселесі шешілді деген тұжырым жасайды [350, 232 б.]. С.Б. Бәйішев Орта Азия мен Қазақстанның халық шаруашылығын дамыту үшін тек алғашқы бесжылдық жылдары мыңдаған жоғары маманданған орыс жұмысшылары мен инженер-техникалық қызметкерлері келіп, социалистік ӛнеркәсіпті дамытуға, ұлттық жұмысшы табы мен ұлттық ӛндірістік-техникалық интеллигенция кадрларын даярлау ісінде
кӛмекке келді деп саралайды [350, 234 б.]. С.Б. Бәйішевтың пікірімен Б.Н. Әбішева ойлары үйлесіп жатыр. Осы сессияда баяндама жасаған
ғалымдардың бірі – Б.Н. Әбішева да «Қазақстанның ӛте артта қалған жағдайында, әсіресе ӛнеркәсіптік дамуы жағынан және республикада социалистік индустрияландыруды жүзеге асыру үшін шешуші рӛл атқаратын ұлттық жұмысшы табы мен инженерлік-техникалық интеллигенциясы жоқтың қасы болып отырған кезеңде социалистік индустрияландыруды жүргізу үшін
Одақтың ӛнеркәсіп аудандарының жұмысшы табы, әсіресе орыс жұмысшы табының кӛмегі үлкен рӛл атқарды деген кӛзқарасын білдіреді.
Социалистік индустриализация негізінде 1917 жылы Қазақстан ӛнеркәсібіндегі инженер-техникалық қызметкерлер арасында небәрі 14 қазақ болса, 1932 жыл мен 1937 жылдар арасында республиканың жоғары оқу орындары мен техникумдары 13 мың мамандарды шығарса, оның тең жартысына жуығын қазақтар құрады деген мәліметтерді келтіреді [350, 296-297 б.].
Осы сессияда жарыссӛзге қатысқан ғалымдардың бірі – А.Н. Нүсіпбеков егер бірінші бесжылдықтың қарсаңында Қазақстандағы барлық жұмысшылар мен қызметкерлер саны 170 мыңды құраса, бесжылдықтың соңында оның саны 605 мыңға жеткендігін, 1937 жылы – 700 мың, ал 1939 жылы – 820, 6 мың адамға жеткенін соғыс қарсаңындағы бесжылдық жылдары республикадағы жұмысшылар мен қызметкерлер 1926 жылмен салыстырғанда 5 есе артқанын айтады.
Сонымен соғыс қарсаңындағы бесжылдық жылдары республикадағы жұмысшылар мен қызметкерлер 1926 жылмен салыстырғанда 5 есе артқандығын айтады.
Республика ӛнеркәсіп орындарын топтап және онда қамтылған жұмысшылар қызметкерлер осы кезеңдегі ӛнеркәсіп кадрларының шоғырланғанын білдіреді дейді. Арнайы есеп бойынша 1936 жылдың 1 қаңтарында жұмысшылары 1000 адамнан асатын ӛнеркәсіп орындарының 5,2 пайыз құрап, ондағы жұмысшылар саны 37, 2 пайызға жеткендігін үлкен табыс ретінде бағалады
Бірінші және екінші бесжылдық жылдары Қазақстанның жұмысшылары мен қызметкерлерінің құрамында елеулі құрылымдық ӛзгерістер болғандығын айтып, халық шаруашылығының негізгі салаларында: ӛнеркәсіпте, транспортта, құрылыста және байланыстағы жұмысшылар мен қызметкерлер саны 1928 жылы - 37 пайызды, 1932 жылы - 41 пайыз, 1936 жылы - 45 пайыз құрап отырғандығын деректер арқылы дәлелдейді [350, 405 б.].
Инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік дамуы тарихнамасында Ғ. Әбішевтің еңбегінің де ӛзіндік орны бар. Ғалым 1950-ші жылдарың соңында жазған еңбегінде Отан соғысы күндерінде Қазақстан интеллигенциясының қатары жаңа шығармашылық күштермен толықты деп пайымдайды. Республикаға эвакуцияланған ӛнеркәсіп орындарымен бірге ӛндірістік интеллигенцияның үлкен тобының қатарында – талантты инженерлер, конструктолар бар екендігін жазады. Автордың мұның Қазақстанның халық шаруашылығының барлық салаларын кӛтеруге үлкен ықпал етті деген кӛзқарасын аңғарамыз [267, 99 б.].
Сонымен біз қарастырып отырған мәселенің осы кезеңде ӛндірістің, ӛнеркәсіптің, мәдени революцияның дамуымен байланысты маркстік-лениндік методологияға негізделді деп қорытынды жасауға болады.
Ҥшінші сатысына 1950-ші жылдардың соңынан бастап, 1980-ші жылдардың соңына дейінгі кезеңде жарық кӛрген еңбектер жатады.
Бұл аралықта зерттеу тақырыптарының аясы кеңейіп, олардың деректік базалары артты, мұрағат материалдарын пайдалануға кең мүмкіндік туып, тарихнамалық еңбектер де жарық кӛре бастады. Алайда 1960-шы жылдардың басында әлі де болса мемлекет тарапынан қойылатын талап, цензура ӛз күшінде болды. 1960-шы жылдардың бірінші жартысында профессор М.С. Жүнісовтің басшылық етуімен жарық кӛрген еңбектердің бірінде «сол кезеңде республиканың халық шаруашылығында жоғары және орта арнаулы білімі бар 260 мың мамандардың қамтылғанын, оның ішінде республиканың инженер- техникалық қызметкерлерінің 5 мыңнан астамы қазақ инженерлер мен техниктері» екендігі жайлы мәлімет келтіреді. Еңбекте 1960 жылдардың басындағы инженер-техникалық мамандардың ұлттық құрамы жайлы біраз мағлұмат бар [137, 169 б.].
Ж. Қарағұсов 1960 жылы жарық кӛрген еңбегінде «Қазақ халқы жұмысшы мен шаруа қатарынан шыққан мыңдаған инженерлер мен техниктер, дәрігерлер, агрономдар, зоотехниктер, мұғалімдер, ғылым, әдебиет және ӛнер қызметкерлерін тәрбиелеп ӛсірді деп тұжырымдайды. Орта Азия ұлттық республикалары мен Қазақстанда социализмнің жеңісі арқасында кӛптеген кеңестік ұлттық интеллигенция кадрлары құрылды. Бұрын артта қалған ұлт аймақтары дамыған елдердің тұрақты, риясыз кӛмегіне арқа сүйесе, қазір социализм құрылысына капитализмге соқпай ӛтуінің арқасында нәтижеге жетіп отыр», - деп саралайды [3, 5 б.]. Қазақстан ӛнеркәсібі инженер-техникалық кадрлармен үнемі толығып, 1938 жылы халық шаруашылығы 2625 инженерлермен қамтылса, олардың саны 1940 жылы 4200-ге жетті. Ӛнеркәсіп орындарында 7,2 мың орта арнаулы білімі бар техниктер еңбек етті. Олардың негізгі бӛлігі қазақ техникалық интеллигенциясы Коммунистік партияның кӛреген саясатының арқасында тәрбиеленді деп пайымдап, ресми методология сарынымен жазылса да, фактілік деректерінің шынайылығы мәселені зерттеуге үлкен ықпал етті [3, 62 б.].
1964 жылы зерттеуші Р. Меликова 1929 жылдың соңында Қазақстан халық шаруашылығында 280 мың жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс істесе, оның 90 мыңы ӛнеркәсіп, транспорт және құрылыста істеді (оның 35 пайызын қазақтар) құрады. Жергілікті ұлт ӛкілдерінен шыққан инженер-техникалық қызметкерлердің әлеуметтік топтары әлдеқайда артты. Егер де ескі Қазақстанда инженер-қазақтар болмаса, бірінші бесжылдықтың соңында инженер- қызметкерлер арасында қазақтардың үлестік салмағы: кӛмір ӛнеркәсібінде – 20 пайызды, мұнай ӛнеркәсібінде - 20,4, тау-кен ӛнеркәсібінде – 30,3 пайызды құрады деген мұрағат құжаттарын ұсынады [331, 220 б.]. Автор мұрағат құжаттарындағы материалдарды ұсынғанмен ресми методологиядан аса алмаған. Әрі біз ұлттық мамандардың қатарын орталық теңестіруге тырысқаны.
Орталықтың ӛктемдігімен жүргізілген саясаттан кеңестік отаршылдықтың одан әрі жалғасқандығын аңғардық.
Осы жылы жарық кӛрген ғылыми мақаласында ғалым Э. Елшібеков те лениндік ұлт саясатының арқасында кеңестік республикаларда кӛптеген маманданған ұлттық жұмысшылар мен қызметкерлер пайда болды. Егер де
1927 жылы Қазақстандағы жұмысшылар мен қызметкерлер арасында қазақтар 66 мыңды ғана құраса, 1934 жылы 244 мыңға жетті. Осы кезеңде жұмысшылар мен қызметкерлер арасындағы қазақтардың үлестік салмағы 30- 40 пайызға жетті.
1937 жылы Қазақ ССР-інде 700 мың жұмысшылар мен қызметкерлер болса, оның 40 пайызын қазақтар құрады. Қазақстанды индустриализациялау қазақ ауылындағы патриархалдық-феодалдық қатынасты жоюда, республиканың алып ӛндіргіш күштерін игеруде, халықтың экономикалық және мәдени деңгейін кӛтеруде, қазақ жұмысшы табы мен техникалық интеллигенциясының қалыптасуында шешуші рӛл атқарды деп негіздейді [351,352, 235 б.]. Автор техникалық интеллигенцияның қалыптасуына индустриализациялау ықпал еткенін дәйектей алды.
Кеңестік тарихнамада сталиндік ӛктемдіктен босап, жаңа идеологиялық концепциялардың келуіне, ғылыми дәлелдердің орын алуына әкелді. Сондай еңбектердің қатарына М.Қ. Қозыбаевтың 1964 жылы жарық кӛрген «Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.) монографиясын жатқызуға болады. Онда соғысқа дейін жергілікті халық есебінен жұмысшы табы мен ӛндірістік-техникалық интеллигенция қалыптасты деген қорытынды жасайды [268, 16 б.]. Соғыс қарсаңында республикада 210 мың жұмысшылар мен 12 мың инженер-техникалық қызметкерлер болғандығы жайлы мәлімет келтіреді. Соғыс жылдарында маманданған кадрларды даярлауда Қазақстанға эвакуацияланған жоғары және орта арнаулы оқу орындары үлкен кӛмек кӛрсеткендігін жазады. Москва тау-кен институтының оқытушы-профессорлар ұжымы Қарағанды кӛмір бассейнінің дамуының кешенді мәселелерін шешуге қатысса, Москва ветеринарлық институты ірі маман К.И. Скрябиннің басшылығымен Солтүстік Қазақстан облысының колхоздарына кӛрсеткен кӛмегі жайлы жазады. Мұрағат материалдарын саралай отырып, соғыстың ең ауыр кезеңінде батыс магистралдарынан эвакуацияланған теміржолшылардың республикаға келуі кадр мәселесін шешуде үлкен маңызға ие болғандығына кӛңіл бӛледі. Түрксібтегі 1064 инженердің 517-нің елдің батыс магистралдарында жұмыс істегендерін айтады.
Біз автордың соғыс жылдары инженер-техникалық кадрлардың қатары эвакуацияланған кадрлармен толықты деген кӛзқарасымен толық келісеміз. Ал село кадрларының толығуы жастар мен әйелдер есебінен жүрді деген кӛзқарасы шындыққа сәйкес келеді [268, 221 б.].
1966 жылы А.Н. Нүсіпбековтің монографиясында кеңестік кезеңдегі республикадағы маман жұмысшылардың қалыптасуы, даярлау жолдарына тоқтала отырып, ұлттық мамандармен толықтыру, кәсіби даярлығы жайлы атап ӛтеді [264].
Егер тӛңкеріске дейін Қазақстан ӛнеркәсіп орындарындағы инженер- техниктер арасында қазақтар жоқ болса, 1929 жылдың 1 қаңтарында олардың үлестік салмағы - 3 пайыз, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында – 8,4 пайыз құрап отыр деген деректер келтіреді. 1968-ші жылдары ӛнеркәсіп тарихы жайлы жарық кӛрген еңбектердің бірі - Н. Киікбаевтыкі. Ұлттық жұмысшы табы мен
инженер-техникалық интеллигенцияның пайда болуы, олардың қазақ ұлтының құрамындағы үлестік салмағының артуына, қоғамдық дамудың шешуші саласы болып саналатын ӛнеркәсіп ӛндірісіндегі теңсіздікті нақты жоюдың айқын кӛрінісі болды деген ой қорытады [352, 142-143б.]. Әрине бұл кӛрсеткіш теңсіздікті жоюдың жарқын кӛрінісі бола алмайды, автордың сол кезеңдегі ресми орныққан теорияға қарсы келе алмағандығын аңғарамыз.
Қазақстанда индустриялизацияны ӛнеркәсіп жұмысшы кадрлары мен инженер-техникалық интеллигенциясы жоқ шаруалар елінде бастау қиындық әкелді деп саралайды Н. Киікбаев. Бұл қиындық ұлы орыс халқы мен еліміздің басқа халықтарының бауырлас кӛмегі арқылы шешілді. Москва, Ленинград және Кеңестер Одағының басқа ӛнеркәсіптік қалалары жүздеген маманданған жұмысшыларды, инженерлерді, техниктерді жіберді. Тек қана 1931 жылы Қазақ ССР-іне Ленинград тұрақты жұмысқа 545 инженер-техник қызметкерлерді; 500 Москва метрополитенінің алдыңғы қатарлы екпінділері Балқаш мыс қорыту заводының құрылысында еңбек етті. Қарағандыға кӛмектесу үшін Кеңестік Украина тұрақты жұмысқа 400 маманданған жұмысшылар мен инженер- техникалық қызметкерлерді жіберді деген мұрағат құжаттарын ұсынады [352, 130-137 б.]. Демек, автор инженер-техникалық қызметкерлердің қатары соғысқа дейінгі бесжылдық жылдары жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен қатар, сырттан келген мамандар арқылы толықты деген де пікір білдіреді.
Қазақстанда индустриализациялану барысында ұлттық инженер-техникалық интеллигенция қалыптасты деген ойын ортаға салады [352, 137-141 б. ].
С.Б. Нұрмұхамедов, В.К. Савосько, Р.Б. Сүлейменовтың ұжымдық зерттеуінде Қазақстан ӛнеркәсібіндегі ұлттық мамандардың қалыптасуының әр қырлары жӛнінде нақты баға берілген [353, 142-143 б.].
Қазақстандық тарихнамалық зерттеулер қатарында 1960-шы жылдары жарық кӛрген Г.Ф. Дахшлейгер еңбегін ерекше айтқан жӛн. Қазақстан тарихнамасында қазақ кеңестік интеллигенциясының қалыптасуын мәдени құрылыс тарихымен байланысты қарастырған [4, 94-95 б.].
Зерттеушілер О.М. Малыбаев [133], Н.Н. Дауылбаев [278], Д.А. Шаймұханов [354], А. Иваненко [355], Т.Т. Мұстафин [356], Ш. Құсанова
[357] еңбектерінен Қарағанды қаласы, Қазақстандағы социалистік ӛнеркәсіпті құрудың КСРО-ғы үшінші Қарағанды кӛмір бассейні тарихына арналып, партияның ұлт саясатының тарихи тәжіріибесіне арналса да, тарихи материалдары ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның ұлттық құрамы, тұрмысы, еңбек жағдайы жайлы біраз мәлімет алуға болады.
О.М. Малыбаев Қарағанды кӛмір бассейні соғыс жылдары инженер- техникалық қызметкерлермен едәуір толыққандығын дәлелдеді. Еліміздің үшінші кӛмір базасы болып есептелетін Қарағанды кӛмір бассейнін зерттеуге кӛптеген геолог-барлаушылармен қатар З.П. Семенова, Б.Л. Афанасьев, Л.И.
Циг, Л.П. Жебенов, П.И. Кирюхин, Н.С. Ермоленко, С.П. Гридина, М.Ф. Дашко, А.П. Выходцев, А.А. Костоливцев сияқты инженерлердің еңбек
еткендігі жӛнінде мәлімет береді. Зерттеуші еңбегінен мемлекеттің берілген тапсырмасын орындау олар үшін міндетті болғандығын кӛреміз.
Қарағанды кӛмір бассейнінде тәжірибе алмасу үшін жұмысшылар мен инженерлер бригадаларын іссапарларға жіберу дәстүрге айналды. Осы жӛнінде О.М. Малыбаев 1934 жылы Донбасқа жіберілген осындай топ донецкілік шахтерлардың алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерімен таныса отырып, Серго Орджоникидзеге хат жолдады.
КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысына сәйкес Қарағандыға Донбасстан 3200 маманданған тау-кен жұмысшылары мен 2000 жұмысшылар шахта құрылысына, 45 инженер-техникалық қызметкердің жіберілгендігі жайлы мұрағат құжаттарын ұсынады [133, 252 б.]. Республиканың кӛмір ӛнеркәсібі кәсіпорындары инженер-техникалық қызметкерлермен бұрынғыдан да жақсырақ толыға түсті деген қорытынды жасайды. Егер 1931 жылдың басында барлық бассейнде 3-ақ инженер мен, 4 техник болса, 1948-1950 жылдары Қарағанды кӛмір бассейніне 200 тау-кен инженері мен 600-ден аса тау-кен техниктері келгендігі жайлы деректерді береді [133, 255 б.]. Біз автордың инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік даму тарихнамасындағы «даму эволюциясы» теориясын байқаймыз. Әрине еңбек ресми методологиядан аса алмаса да, тарихнамада алар орны бар.
Егер соғысқа дейін 98 инженерлер мен 86 техниктер болса, 1943 жылы олардың саны 853-ке жетіп, оның 483-і инженерлер мен 370-і техниктерге жеткендігі жайлы фактілік материалдарды ұсынады [133, 252 б.].
1926 жылғы бүкілодақтық халық санағы мәліметі бойынша Қазақстанда 20,3 мың адам инженер-техникалық қызметкерлер, педагогтар, дәрігерлер болса, оның небәрі 2,5 мыңы қазақтар болды. 1936 жылы осы қызметкерлер қатары 63 мың адамға жетіп, оның 18,8 мыңы қазақтар, яғни 29,5% -ын құрады.
Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда Қарағанды кӛмір бассейнінде ірі шахтерлер ұжымы құрылып, қазақ ӛндірістік-техникалық интеллигенциясы пайда болды. Кӛмір ӛнеркәсібіндегі ұлттық ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның қалыптасуы кеңестік Қарағанды құрылысының негізгі жетістіктерінің бірі болғандығын кӛрсетеді [133, 244 б.].
Д.А. Шаймұханов кәсіпорындарға жас мамандардың келуімен байланысты, қажетті тәжірибе жинақтаған соң, оларды жауапты қызметтерге жоғарылатып, мәселен, Қазақ металлургия заводында 1950 жылы 26 жас осындай басшылық қызметтерге жіберілгенін жазады [354, 45 б.].
Ғалым Ш. Кұсанова еңбегі еңбекшілердің бұқаралық ұйымдастыру жұмыстарына партиялық басшылыққа арналып, ресми методология тұрғысында жазылғанымен, мұрағат құжаттарымен ӛте құнды мәліметтерді келтіруімен ерекшеленеді. Еңбек тоқырау кезеңінде жазылғанымен тарихнамада инженер-техникалық мамандардың қатарын толықтыру, әлеуметтік дамуы тарихнамасында да ӛзіндік орны бар. Ш. Кұсанованың кӛзқарасы инженер-техникалық мамандардың қатарын еліміздің орталық аудандарынан, одақтас республикалардан келген мамандармен толықтырды деген алдында кӛрсетілген авторлардың кӛзқарастарымен сәйкес келеді.
Ш. Құсанова 1927 жылдың қыркүйегінде Орталық Ресейден Түрксіб құрылысына 100 адам, 1931 жылы Ленинградтан Қазақстан республикасына
тұрақты жұмыс істеу үшін 545 инженер-техникалық қызметкерлер келді. Ал, Кеңестік Украинадан Қарағандыға 400 маманданған жұмысшылар мен инженер-техникалық қызметкерлер, Москва метрополитенінің алдыңғы қатарлы екпінділері Балқаш мыс қорыту зауыты құрылысына келді деген мәліметтерді келтіреді [357, 102 б.]. Автор кәсіби білікті мамандар даярлауда партия және кәсіподақ ұйымдары Маркс пен Энгельс нұсқауларын негізге алды деп қорытындылайды.
Республиканың индустриалдық аудандарының бірі болып саналатын Шығыс Қазақстанда электрификациялау тарихын кешенді түрде зерттеуге үлес қосқан зерттеушілер 1970 жылдары С.Б. Нұрмұхамедов, Н.Г. Пан, Ю.И.
Романовтар кең кӛлемдегі деректерді пайдалана отырып, Алтай ӛңіріндегі энергетика саласын дамытудың лениндік міндеттері орындалды деп пайымдайды. Шығыс Қазақстанның ұлттық энергетика кадрларын қалыптастыруда, демографиялық кӛрсеткіштерге ӛзгерістер жасауда үлкен рӛл атқарды деп зерделейді. Бірақ авторлар энергетик-инженер кадрлардың қалыптасу процесін зерттеуге жете кӛңіл бӛлмеген [358]. Еңбек ресми методология тұрғысында жазылғанымен, кейбір ой тұжырымдарының тарихнамада алар орны бар екендігіне кӛзіміз жетті.
Теміржолшы кадрлардың қалыптасу тарихын зерттеген М.Х. Асылбеков ӛте құнды, аз зерттелген деректерді ғылыми айналымға тұңғыш рет енгізе отырып, Қазақстандағы теміржол жұмысшылары мен инженер-техникалық қызметкерлерінің саны жӛнінде салиқалы ой түйеді [335].
1970-ші жылдардың басында жарық кӛрген А. Игенбаев, А.Х. Хасенов, А.Л. Прокофьев, И.А. Ибрагимов, А. Ержановтардың зерттеу еңбегінде де
Қазақстандағы ғылыми-техникалық, инженер-техникалық қызметкерлердің саны ӛскендігі туралы мәліметтер кездеседі [359]. Қазақстан ӛнеркәсібі тарихын зерттеуші ғалымдардың бірі А. Игенбаев мұрағат деректерінің негізінде Қазақстанды индустриаландыруда соғысқа дейінгі бесжылдықтарда ұлттық техникалық интеллигенция кадрларын қалыптастыруға кӛңіл бӛлінгендігіне назар аударады. Республикада социалистік индустриаландыру жылдары ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның үлкен тобы ӛсті. 1940 жылы республиканың халық шаруашылығының әртүрлі салаларында 11, 4 мың инженерлер мен техниктер еңбек етті деген деректерді келтіреді [359, 127 б.].
1974 жылы жарық кӛрген А. Ержановтың еңбегінде инженер-техникалық интеллигенцияның санының артқандығы жайлы фактілер келтірілген. Ол 1959 жылы республикада 85,3 мың жоғары және орта арнаулы білімі бар инженерлер мен техниктердің еңбек етіп жатқандығын айтып, жоғары білікті мамандардың бұрынғыдан да кӛп дайындалып жатқандығына назар аударған еді.
Мамандардың толығуы жоғары және орта арнаулы оқу орындары арқылы жүзеге асып жатыр деген кӛзқарасын кӛрсетеді [359, 56 б.].
Б.Н. Әбішеваның еңбегінің де ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік тарихнамасында алатын ӛзіндік орны бар. Автор 1950-ші жылдардың соңы мен 1960-шы жылдарың басында ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы айырмашылықтардың азая бастағанын, жұмысшылар мен инженер-