ДӘРІС 3.
ЕУРАЗИЯДАҒЫ КӚНЕ ӚРКЕНИЕТТЕР
Мақсаты: Еуразия кеңістігінде кҿне заманда қалыптасқан мҽдениетаралық байланыстарды жан- жақты қарастыру.
Қытайдың нағыз гүлденген уақыты ретінде тарихта ҮІІ ғ. басы мен Х ғ.- Таң және Х-ХІІ ғғ. Сұн ҽулеттері кҿрсетіледі.
Ежелгі Қытай тұрғындары ҽлем екі қарама-қарсы күштердің: Ян (оң-ер адам күші) жҽне Инь (теріс, ҽйел дам күші) соқтығысынан туындады деп түсінген. Қытайлықтардың дүниетанымы да осы негізде қалыптасқан. Б.з.б. ІІ мыңжылдықта қытайлықтарда табиғатқа табыну: тау, жер, ҿзен, күн, ай, жаңбыр, жел т.б. табиғат құбылыстары иесіне сыйыну үстем болған. Олар сыйынды, құрбандық шалды, ҿздеріне олардан жақсылық тіледі. Олардың арасындағы «ең жоғары» құдайшылық болды. Ол - барлық рухтар мен ҿлгендер рухынан биік тұрды.
Кейіннен патша билігін құдайшылықпен теңестіру пайда болды. Патша аспан баласы, яғни құдайдың жердегі ҿкілі ретінде есептелді. Б.з.б. ХІІІ ғ. бастап патшаларды белгілеу кезінде «жоғары» құдайшылықты кҿрсеткен иероглифпен берілген.
Б.з.б. І мыңжылдықтың орта шенінен Қытайда үш негізгі идеологиялық бағыт пайда болып, кейіннен олар діни-фҽлсҽфҽлық жүйеге айналды. Олар: даосизм, Конфуций ілімі жҽне буддизм.
Даосизм негізін салған Лао-Цзы данышпан. Ол б.з.б. ІҮ-ІІІ ғғ. ҿмір сүрген, «Дао жҽне дэ туралы кітап»
деген еңбек жазған. Даосизмнің басты фҽлсҽфҽлық катеогриясы-дао-заң, ереже, жол, мән, тәртіп болып табылады. Бұл бағыт бойынша бүкіл ҽлем бір заңға- даоға бағынышты. Дао барлық тіршіліктің бастауы, оны анықтаушы белгі- табиғилық.
Дао бойынша табиғат-шынайы ҿмір даоға тҽуелді, басқа ешқандай жоғары күшке бағынбайды. Адам заттардың табиғи ретін ҿзгертуде ҽлсіз, сондықтан ол оқиғалардың табиғи барысын күтеді. Дао соңына дейін танылмаған болып, тек адам абыройы- дэ арқылы жүзеге асырылады. Даосизм мҽңгілік ҿмір ілімін уағыздады. Олар мәңгілік ӛмірді тән ӛмірін шексіз ұзарту арқылы жету деген сенімді негізге алды.
Б.з.б. ҮІ ғ. соңы мен Ү ғ. басы Қытайда маңызды діни-дүниетаным жүйесі- конфуцийлік пайда болған.
Оның негізін салған Кун-Фу-Цзы (б.з.б. 551-479 жж.) еуропалық транскипцияда Конфуций. Оның ілімі ережелер жиынтығы, мораль қағидаларына негізделген. Онда жасқа, лауазымға байланысты ҿзара сыйласу, құрметтеу дҽстүрі негіз болып табылады. Қоғамдағы барлық тҽртіпсіздік пен тұрақсыздықты адамдар адамгершілігінің тҿмендеуінен болады деп түсіндірген. Конфуций патша және аруақ рухына табынуды насихаттады. Бұл ағым саясаттанған болды десе де болады. Конфуций ілімі- патша билігі- халық тәуелдігі немесе салт-дҽстүрлерді сақтау арқылы халықты басқару.
Жазу. Б.з.б. ХҮ ғ. Қытайда 2000 иероглифтен тұратын иероглифтік жазу қалыптасқаны белгілі. Кҿне қытай ҽдеби шығармаларына б.з.б. І мыңжылдық басындағы «Ҽндер кітабы»- «Ицзин», онда 300-ден астам ҽн мен ҿлеңдер енген, жҽне «Ҿзгерістер кітабы» жатады. Қытайлықтар жібек матаға табиғи бояумен жазған, б.з. қарсаңында тушь пен қағазды ойлап шығарды. Бұл кезде иероглиф саны 3000-ға жетті. Иероглифтердің дамуы б.з. байланысты болды: б.з. ІІ ғ. иероглиф саны 10 000, ІІІ ғ.-18 000-ға жеткен. Қазіргі кезде ортақ жазу-путунхуа (хань) жазуы енгізілген. Осы кезде алғашқы сҿздіктер пайда болып, император сарайларында кітапханалар ашылған.
Б.з.б. ІІ ғ. қытайлықтар жылды 12 айға, айды- 4 аптаға бҿлді. Б.з.б. Ү ғ. аспан денелерін зерттеп, нҽтижесінде 28 жұлдыз бҿліп кҿрсетті. Б.з.б. ІҮ ғ. ҽлемде алғаш рет 800 жұлдыз аттары енген жұлдыз каталогын жасады. Б.з. б. 28 ж. қытайлықтар Күндегі даққа сипаттама берген. Кейін Чжан Хэн деген астроном – ғалым ҽлемде алғаш рет аспан денелері глобусы жасалған.
3. Үнді кҿркем мҽдениетінің қайнар кҿздері Инд пен Ганг ҿзендерінің жағалауларында пайда болған ҿте ежелгі ҿркениеттерден басталады. Жоғары дамыған Хараппа ҿркениеті (б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан 2-мыңжылдықтың ортасына дейін) кезеңіне Сангхол мен Лотхал тҽрізді ірі қалалар жатады.
Оларға бірыңғай жоспарлау, жолға қо-йылған сумен қамтамасыз ету жҽне құбыр жүйесі, күйдірілген кірпіштерден салынған кҿп қа-батты құрылыстар, шомылуға арналған қоғамдық бассейндер тҽн. Б.з.б. 2- мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістанмҽдениетіне ҽдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тҽн мүсіндік жҽне кҿркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды.
Үндістан халықтары — ҿте ежелгі, терең ҿзіндік ерекшеліктері бар музыкалық мҽдениеттің мұрагерлері болып табылады. Оның қайнар бұлақтары халықтардың ҽр салалы еңбек жҽне рухани қызметіне байланысты халықтық жҽне ұжымдық ҽдет-ғұрыптардан басталады. Театр, музыка мен би ҿнері жҿніндегі
―Натья-шастра‖ (1 ғасыр) трактаты ҿзі жарық кҿргенге дейінгі заманда үнділіктерде ҿзіндік ерекшеліктері мол, қайталанбас, жоғары дамыған музыка жүйенің ҿмір сүргенін дҽлелдейді. Үнді музыкасына суырып салмалық тҽн. Үндістанға Кіші жҽне Орталық Азиядан келгендер орныққаннан кейін үнді музыка мҽдениеті мұсылмандық Шығыстың музыкалық мұрасымен тығыз байланысқа түсті. Нҽтижесінде үнділіктер мен мұсылмандардың дҽстүрлі ҿнерін ұштастырған жаңа стиль пайда болды. Кҿптеген вокалдық стильдердің ішіндегі неғұрлым танымалдары: дхурупад (бастауын ежелгі храмдық ҽн айтудан алады), кхиял (дхурупадтың парсы музыкасымен бірігуі нҽтижесінде кейінірек пайда болды). Сондай-ақ махаббат қуаныштары мен ҿкініштері жҿніндегі ҽсем лирикалық ҽн-тхумри, негізін Пенджабтың халық ҽндері құраған лирикалық шығарма — таппа, Бенгалия халық музыкасының үлгілеріне жақын бхаджан мен киртан да кең тараған. Кҽсіпқой музыка ҿз бастамасын фольклорлық үлгілерден алғанымен де, классик. жҽне халықтық музыка жанрлары бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді.
Халықтық театр қойылымдары ҿте ежелгі заманда пайда болып, ҽр түрлі ҽдет-ғұрыптар, ойындар мен билер орындаудан құралады. Халықтық театрдың кҿптеген формалары шамалы ғана ҿзгерістермен осы
уақытқа дейін келіп жетті. ―Рамаяна‖, ―Махабхарата‖ эпик. поэмаларының мазмұнын сахнада бейнелеу кҿпшілік халықтық театрлық қойылымдардың негізі болып табылады. 4. Біздің заманымызға дейінгі грек- парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, ҿйткені дҽл осы уақыттан бастап грек мҽдениетінің классикалық кезеңі басталды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, ҽсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444-429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мҽдени орталыққа айналды. Афинының рухани ҿмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық жҽне комедиялық шығармалары дүниежүзілік ҽдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.
Аполло Олимп. Архаикалық дҽуірде ҽдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дҽл мағынасында трагедия деген сҿз — «ешкілер ҽні» деген мағына береді. Ол — ешкі терісін жамылып, ҽзіл-оспақтық сарында хормен ҿлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі — трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың ҿз теңдігі мен ҽлеуметтік ҽділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тҽрбиелік мҽні болды.
Посейдон. Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы — ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525—456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна кҿріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жҿн. Эсхил трагедияларында шындық, ҿділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан ҽрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, ҿз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен кҿрініс тапқан.
Адам тагдыры мҿселесі грек трагедиясының дарынды ҿкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497—406 жылдар) шығармашылығында ҿзінің занды жалғасын тапты. Ол ҿз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің ҽділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың
«Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі кҿп нҿрсені аңғартса керек.
Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында ҿмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» жҽне «Федра» трагедиялары да адам ҿліміне ҿкеліп соғатын шым- шытырық ҿмірлік уақиғаларға толы болып келеді.
Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша ҿкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті ҿмірі, тұрмыс- тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер ҽдетте халық атынан сҿйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды ҿткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да ҽжуаға ұшыратады. Оның 138
«Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» жҽне тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дҿстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (ҿмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын кҿріністер) кеңінен пайдаланды. Дҿл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан ҽрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.
Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр грек тарихнамасы қарқынды түрде дами бастады. Оған үлкен үлес қосқан сонау кҿне заманның ҿзінде-ақ «тарихтың атасы» деген атақ-даңққа ие болған Геродот (біздің заманымызға дейінгі 484— 430 жылдар) болды. Оның тақырыбының негізгі арқауы грек-парсы соғыстары болып табылатын «Тарих» атты еңбегі баға жетпес тарихи мұралардың қатарынан орын алды. Кҿне заманның ұлы тарихшыларының бірі — Фукидид (біздің заманымызға дейінгі 460—400 жылдар) ҿзінің
«Пелопоннесе соғыстары» атты еңбегінде алғаш рет ғылыми — шыншылдық ҽдісін кеңінен қолданып, сол кезеңдегі тарихи уақиғалардың ҿзара байланыстарын ашу арқасында, халықтың саяси білімінің артуына себепкер болды.
Әдістемелік нұсқаулар: Еуразиядағы кҿне ҿркениеттер тарихын кешенді түрде жҽне тұтас қарастыру қажет.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Акышев К. Культура кочевников на рубеже веков. -Алматы, 1995.
2. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии, -Алматы, 2002.
3. Кадырбаев А.Ш.. За пределами Великой Степи. -Алматы. 1997.
4. Штайн В. Хронология мировой цивилизации. –М: Изд. «Слово», 2003.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Кадырбаев А.Ш.. За пределами Великой Степи. -Алматы. 1997.
2. Рене Груссе. Империя степей.- Алматы, ТОО ―Санат‖, 2003. Штайн В. Хронология мировой цивилизации. –М: Изд. «Слово», 2003, С. 8.
3. Оразбаева А. И. Цивилизация кочевников евразийских степей. Алматы: «Дайк-Пресс», 2005, 310 с.
ДӘРІС 4.
ТҤРКІЛЕРДІҢ ЕУРАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ӚРКЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ОРНЫҚТЫРУДАҒЫ РӚЛІ
Мақсаты: Түркілердің Еуразия тарихындағы тарихи орнын анықтау. Ҿрекниет аралық байланыстағы орның ашып кҿрсету.