• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҒТАМР 14.35.01 https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.11

С.С. Аубакирова* , М.Т. Абдикакимов , М.Ж. Кожамжарова , Г.Т. Артыкбаева , З.С. Искакова

С. Торайғыров университеті КеАҚ, Қазақстан, Павлодар қ.

*e-mail: [email protected]

КӘСІПКЕРЛІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ МӘНІ

Берілген мақалада АҚШ-тың және басқа да шетелдік университеттердің Силикон алқабын қалыптастырудағы классикалық үлгісінде кәсіпкерлік университеттердің тәжірибесі мен модельдері талданған, олардың эволюциясы мен генезисінің ұсынымы жасалған. Кәсіпкерлік университет ұғымына анықтама жасалып, негізгі тұжырымдары көрсетілген.

Кәсіпкерлік жоғары оқу орындарының негізгі дамуындағы университеттердің билікпен өзара әрекет пен ынтымақтастықта білім беру идеясы және университеттердің бизнеспен ынтымақтастығы есебінен кейінгі технологиялар трансфері жатқан «үштік спираль» моделі қарастырылған болатын. Зерттеу университеттерінің үштік спираль моделін (университет-билік- бизнес) қалыптастырудағы орны, сондай-ақ олардың осы нәтижелерді іс жүзінде өндірістік қызметте қолдануда жүзеге асырылатын бағыттардың жоғары технологиялық өндірістер мен қолданбалы зерттеулерді дамытудағы рөлі де анықталған.

Сол себептен, аталмыш мақалада жаңа әзірлемелер мен негізгі технологияларды жасау және енгізу саласында бизнесті қамту құралы болып табылатын зерттеу университеттерінің инновациялық жүйесінде ерекше рөлі аталып көрсетілген.

«Университет-кәсіпорын» және «мемлекет-университет» екі жақты қатынастарының

«Университет», «билік», «бизнес» үштік спираль қатынастарына біртіндеп ауысуы қарастырылған.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясындағы және Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік университеттердің даму мен іс жүзіндегі тәжірибесі көрсетіліп, зерделенген.

Түйін сөздер: «үштік спираль», кәсіпкерлік университет, технологиялар трансфері, университеттердің экожүйесі, кәсіпкерлік білім беру.

S.S. Aubakirova*, M.T. Abdikakimov, M.Zh. Kozhamzharova, G.T. Artykbaeva, Z.S. Iskakova

Toraigyrov University, Kazakhstan, Pavlodar

*e-mail: [email protected]

The Features of Establishing Business Universities and Their Importance

In this article, using the classic example of the Silicon Valley (US) formation, as well as other foreign universities, the experience and models of entrepreneurial universities are analyzed; also, their defini- tion, evolution and genesis are presented. This research considers the model of the “triple helix”, which is based on the idea of knowledge formation in collaboration of universities with the authorities, and the subsequent transfer of technologies through cooperation between universities and business. The place of research universities in the formation of the triple helix model, as well as their role in the development of high-tech industries and applied research, has been determined. 

The research highlights the special role of research universities in the innovation system. In addi- tion, the research considers a gradual transition of bilateral relations “university-enterprise” and “state- university” to the “triple helix”.

The existing experience in the development of entrepreneurial universities in Russia and Kazakhstan was also studied.

Key words: «Triple Helix», entrepreneurial university, technology transfer, university ecosystem, entrepreneurial education.

С. С. Аубакирова*, М. Т. Абдикакимов, М.Ж. Кожамжарова, Г.Т. Артыкбаева, З. С. Искакова

НАО «Торайгыров университет» , Казахстан, г. Павлодар

*e-mail: [email protected] Особенности создания и сущность предпринимательских университетов

В статье на классическом примере формирования силиконовой долины США и других зарубежных вузов анализируется опыт и модели предпринимательских университетов, представлена их эволюция и генезис. Дается рабочее определение понятию «предпринимательский университет». Рассмотрена модель «тройной спирали» в развитий предпринимательских вузов, в основе которой лежит идея формирования знаний университетами во взаимодействий и сотрудничестве с властью, и последующий трансфер технологий за счет сотрудничества университетов с бизнесом. Определено место исследовательских университетов в формировании модели тройной спирали (университет-власть-бизнес), а также их роль в развитии высокотехнологических производств и прикладных исследований, ориентированных на практическое применения этих результатов в производственной деятельности.

Таким образом, в статье отмечается особая роль в рассматриваемой инновационной системе исследовательских университетов, которые являются инструментами привлечения бизнеса в области создания и внедрения новых разработок и технологий. 

Рассмотрен постепенный переход двухсторонних отношений «университет-предприятие» и

«государство-университет» в отношении тройной спирали «университет», «власть», «бизнес». 

Также изучен имеющейся опыт развития предпринимательских университетов в Российской Федераций и в Республике Казахстан. 

Ключевые слова: «тройная спираль», предпринимательский университет, трансфер технологий, экосистема университетов, предпринимательское образование.

Кіріспе

Өткен ғасырдың ортасында кейбір дамыған елдердің �кономикасында инновациялық жүйені құру ісі кең дамып, классикалық жоғары оқу орындарының кәсіпкерлікке бағытталып құрылу үрдісі өз жолын тапқан болатын. Бұл бастау сол кездің өзінде �кономиканың «үштік спи- раль» моделінің айқын көрінісін сипаттамаса да �кономикалық тұрғыдан маңыздылығының жоғары екендігін көрсетті. Үштік спираль те- ориясы (TripleHelix) ХХІ ғасырдың басында Англияның Ньюкастл университетінің профес- соры Генри Ицковиц пен Голландияның Ам- стердам университетінің профессоры Лойет Лейдесдорфтің бастауымен құрылған. Үш спи- раль бұл кез келген мемлекеттің инновациялық жүйесінің негізі болып табылатын үш ұғым:

билік, бизнес және университеттің арасындағы одақты білдіреді. «Үштік спираль» моделі инновациялық өнімді құрудың әр кезеңінде белгілі бір институттардың өзара әрекеттесуінің маңызын айқындайды. Білім генерациясының бастапқы кезеңінде билік пен университет өзара әрекеттеседі, содан кейін технологиялар трансфері кезеңінде университет бизнеспен ынтымақтасады, нәтижені не қорытынды тауар- ды нарыққа билік пен бизнес бірлесіп шығарады

[1] (Ицковиц, 2010). Осылайша кәсіпкерлік университеттердің даму тұжырымдамасы әлеуметтік-�кономикалық, саяси, мәдени және басқа факторлардың жиынтығымен анықталды.

Бүгінгі күнде «Үштік спираль» моделіндегі зерттеу университеттерінің рөлі өте маңызды.

Қазіргі заманда көптеген мемлекеттер жаңа білім мен технология мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші екендігін түсініп, білім �кономикасына көшуде. Бұл жағдайда ең маңызды болып табылатын зерт- теулер мен әзірлемелерді жүргізетін универ- ситеттер – жоғары технологиялық өндіріс үшін негізгі ресурс. Егер бизнес бұған дейін инновацияға негізделген стратегияны ұстану маңыздылығына икемделіп қойса да, мұндай

«үштік спираль» жүйесінде жұмыс жасауда көптеген мемлекеттердің билігі әлі әлсіздік таны- туда. Бірақ біз зерттеуімізден байқағанымыздай, бұл жолға ерте түскен мемлекеттер қазір үлкен жетістіктерге жетіп отырғанын көруге болады.

Бұл үдерістің классикалық мысалы ретінде АҚШ-та Силикон алқабын алуға болады. Си- ликон алқабының даму тарихы негізінен Мас- сачусетс штаты билігінің «Ұлы Депрессияның»

әсерін жеңуге бағытталған. Бастапқыда бұл

«университет-кәсіпорын» мен «мемлекет- университет» арасындағы екі жақты өзара іс-

қимыл болды. Университетте нақты ғылым салаларын (физика және химия) ғана емес, со- нымен қатар өндірістік қызметте нәтижелерді тәжірибелік қолдануға бағытталған қолданбалы ғылымдарды дамытуға да баса назар аударыл- ды. Табысқа жетуге септігін тигізген негізінен, фирмаларды құру, ҒЗТКЖ-ны (Ғылыми- зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) мем лекеттік қолдау және бизнесті қолдау саясаты мен көп жылғы күш-жігері негіз болды. Бірте-бірте қос қарым-қатынас үштік спираль қатынастарына өтті. Оның қалыптасуында 1980 жылғы патент және сауда белгілері туралы заңға түзетулер ерекше рөл атқарды. Осы құжатқа сәйкес, университеттер мен басқа да ғылыми-зерттеу институттары мемлекеттің қаржылық қолдауымен енді өздері жүргізген әзірлемелерге зияткерлік меншік құқығына ие бола алды. Айта кету керек, атал- мыш әдіс жекелеген мемлекеттерде, көрші Ресей Федерациясының білім беру жүйесінде сыналып, енді қолға алынып жатыр. Алайда қандай да бір нәтиже мен ресейлік тәжірибе туралы айтуға әлі ерте. Сондықтан да біз зерттеуімізде шетелдік халықараралық универ- ситеттер мен америкалық университеттердің аталмыш �кономикалық моделі негізінде ерекшелігін саралауға тырысамыз.

Зерттеу әдістері

Зерттеу барысында мынандай зерттеу мақсаттары айқындалды:

• кәсіпкерлік университеттердің құрылу тарихының ерекшеліктері;

• кәсіпкерлік университеттердің пайда болуының маңызы;

• кәсіпкерлік университеттердің құрылу жүйесіндегі «Үштік спираль» моделінің үлесі.

Аталмыш зерттеу жұмысы КЕАҚ «То рай- ғыров университетінің» базасында «Кәсіп- керлік университет ҚР-дағы жоғары білімді транс формациялау тәсілі ретінде: өту мәселе- лері» тақырыбындағы іргелі зерттеулер жоба- сы ның аясында орындалған. Бұл жоба білім беру саласындағы іргелі зерттеулер санатын- да бекітілген және ҚР Білім және ғылым ми- нистрлігінің қаржыландыруымен жүргізіледі.

Ақпарат алу және қазіргі заманғы кәсіпкерлік университеттерді анықтау үшін бұл тақырыпты сандық және сапалық тәсілдермен зерттеу жос- парланды.

Зерттеу нысанымыз – кәсіпкерлік универ- ситеттер, зерттеу пәні – кәсіпкерлік университет-

тердің құрылу үрдісінің тарихын салыстырмалы талдау.

Кәсіпкерлік университтердің құрылу та- рихын зерттеуде салыстырмалы талдау әдісі, жалпы ғылымилық, тарихилық, логикалық жүйелілік, бірізділік әдістері негізге алынды.

Әдебиеттерге шолу

Кәсіпкерлік университеттердің құрылу ерек- шелігі мен осындай универси теттердің маңызын зерттеу барысында тұжырымдамалардың қа- лып тасуына елеулі үлес қосқан шетелдік ғалымдарды, мысалы Б.Р. Кларк (1998), Дж. Ропке (1998), Й. Виссем (2009), Г. Ицковиц (2010), Л. Лейдесдорф (2010), Дж. Энджелла мен Э. Д�нджерфилдті (2005) атауға болады.

«Кәсіпкерлік университет тұжырымдамасы»

(entrepreneurial university) өзінің дамуын 90- шы жылдардың ортасында америкалық ғалым Б.Р. Кларктың еңбектерінен бастау алады.

Ғалым өз зерттеуінде бес еуропалық жоғары оқу орнының трансформациялануының он жылдық тәжірибесін талдау негізінде кәсіпкерлік универ- ситеттің осы саладағы инновацияларға белсенді түрде ұмтылып, нәтиже болатындығына сенімді болмаса да жаңа тәжірибені игеруге тәуекелдерге баратын мінездеменің қалыптасатынын көрсетті.

Й. Виссем болса өз еңбектерінде кәсіпкерлік университеттердің құрылымдарындағы мәселе- лерге тоқталады. Мысалы университет жүйесінде кәсіпкерлік бағыттағы ұйымдасу механизмінің матрицалық ұйымдық құрылымның кемші- лік терін, яғни мұндағы дара басшылық қағи- датының бұзылуы, қызметкерлердің шамадан тыс жүктелуі т.б. зерттеді.

Ст�нфорд университетінің профессоры Г. Ицковиц зерттеулерінде «үштік спираль»

моделін қарастырып, бұл үш институттың (ғылым-мемлекет-бизнестің) өзара әрекеттесуін ДНК-ның спиральды құрылымдарының әрекет- тесуімен байланыстырып және бұл құрылым- дағы институттардың бір-бірінің кейбір мінез- демелерін қабылдап немесе қабылдамай кері итеруі қасиеттерін көрсетеді.

Ал Гарвард университетінің зерттеушілері Дж. Энджелла мен Э. Д�нджерфилд өз зерттеулерінде бұл бағыттағы оқу орындарының басты басымдығы – ақша табу болса, онда бұл оқу орындарында арнайы құрылымдардың, биз- неске бейімделудің, бизнес-инкубаторлардың болуы, кәсіпкерлік бағдарламаларының және өз бизнесін ұйымдастыратын адамдарды дайында- уымен ерекшеленуі керектігін айтады.

Сондай-ақ бұл бағыттағы зерттеулер- де Ресей және қазақстандық ғалымдардың да үлесі аз емес: Оларға тоқталсақ: С.В. Голубев, А.О. Грудзинский, Е.В. Долженкова, Л.В. Коб- зева, Г.Н. Константинов, И.Н. Маврина, А.Г. Мокроносов, Г.Л. Овсянникова, Н.А. Румян- цев, А.А. Сидорова, С.Р. Филонович, А.К. Коша- нов, З.С. Мұхамбетова және басқалар.

Мысалы, Г.Н. Константинов пен С.Р. Фило- нович өз идеяларында Дж. Ропкеге сілтеме жа- сай отырып кәсіпкерлік университеттердің ба- сты мінездемелері мен ерекшеліктерін айқын- дап көрсетеді. Олардың түсінігінше универ ситет құрылымында қызмет ететін қызмет кер лердің өзі және студенттер де кәсіпкер болуы шарт деп келе білім капитализациясы, тәуелсіздік, рефлексивтілік, ұйымдастырудың гиб ридтік формасының болуы және үш инсти тут тың (ғылым- мемлекет-бизнестің) өзара ын тымақтастық әрекет- тестігі болуы маңыздылы ғын көрсетеді.

Айта кету керек, «кәсіпкерлік университет»

ұғымының кең қолданыла бастауына қарамастан қазіргі заманғы ғылыми әдебиетте бұл түсінікке қатысты тұрақты анықтама жоқ, осыған байла- нысты жоғары оқу орындарының кәсіпкерлік қайта құру үрдісіне байланысты практикалық ұсыныстарды әзірлеу айтарлықтай күрделі болғандықтан қосымша зерттеулер жүргізудің маңызы жоғары.

Нәтижелер және талқылау

Кәсіпкерлік университеттің пайда болуы Калифорнияда Силикон (Кремний) алқабын құрудан басталады (40-жылдардың аяғы мен XX ғасырдың 50-жылдарының басы) – бизнес пен Массачусетс технологиялық университеті арасындағы одақ [2, 8-9 б.] (Предпрениматель- ский университет..., 2016).

«Кәсіпкерлік университеті» терминін алғаш рет 1998 жылы британдық зерттеуші Бертон Кларк «Кәсіпкерлік универ ситеттерді құру.

Трансформацияның ұйымдастырушылық жол- дары» атты еңбегінде қолданды. «Кәсіпкерлік университет» тұжырымдамасының авторы Ст�нфорд университетінің профессоры Генри Ицковиц болып табылады [2, 9-10 б.].

Кәсіпкерлік университеттер оқытушылық, ғылыми-зерттеу және кәсіпкерлік қызметті интеграциялайды және олардан табыс ала- ды, сондай-ақ өз құрылымында инновациялық инфрақұрылым нысандарына ие болады [2].

Кәсіпкерлік университеттерді талдауды америкалық университеттерден бастау заңды

деуге болады, себебі, мұнда 235-ке жуық кәсіп керлік университет бар, олардың негізін бірінші және екінші санаттарға бөлінген зерт- теу уни верситеттері құрайды, олар америкалық жоғары білім беру жүйесінің және іргелі ғылымның орталықтары болып табылады.

Бұлардың қатарына Гарвард, Йель, Колумбия, Беркли, Ст�нфорд университеттерін, Масса- чусетс технологиялық институтын, Минес- сота, Висконсин, т.б. университеттер кіреді.

Бұл университеттердің басым бөлігі әлемдік университет рейтингтерінде бірінші орындар- ды иеленеді [3] (Андрюшкевич, 2021). Бұл оқу орындарында іргелі ғылым саласындағы негізгі зерттеулер мен қолданбалы зерттеулерінің едәуір бөлігі шоғырланған.

Бизнес пен мемлекетке университеттерден сапалы зерттеулерге сүйенетін, алдыңғы қатарлы өнім керек екенін есепке ала отырып атап өту ке- рек, кәсіпкерлік университеттердің негізін зерт- теу университеттері құрады, сондықтан бұл уни- верситеттерде ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы жоғары деңгейде дамыған. Университеттер- ге үлкен қаржы ресурстары қамтылған, жер учаскелері кең және «материалды ресурстарға бай» түлектермен үнемі толықтырылып оты- ратын маңызды қаржы қорлары бар. АҚШ- та университеттердің рейтингтері, сондай-ақ, әртүрлі университеттердің бір бейінді факуль- теттерінің рейтингтері үнемі талданып, зерттеліп отырады. Мұндай рейтинг студенттер мен үздік профессорларды тарту, сонымен қатар оқытудың жаңа әдістерін қолдану үшін өте маңызды.

Кәсіпкерлік университеттер зерттеу әзірлемелерін жүргізумен және оларды коммер- цияландырумен қатар ғылыми әзірлемелерді лицензиялаумен, компаниялардың құрылуына жәрдемдесумен, аумақтарды дамытумен және т.б. байланысты дәстүрлі жоғары оқу орындары- на тән емес басқа да қызметтерді атқарады.

Бірқатар �кономист мамандардың пікірінше, мұндай университеттердің ерекшелігі:

- көпфункционалдылық немесе қазіргі бі- лім трансферін құру және қамтамасыз ету мүмкіндігі;

- ғылым мен жоғары технологиялардың қазіргі заманғы бағыттарын қоса алғанда іргелі ғылыми зерттеулерге бағдарлануы;

- ақпараттық ашықтықтың жоғары дәрежесі және ғылым мен білім берудің халықаралық жүйесіне кірігуі;

- ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттары мен оқыту әдіснамасына қатысты әлемдік тәжірибеге бейімділік және икемділік;

- студенттерді қабылдау кезіндегі селективті көзқарас негізінде сайыс нәтижелері арқылы қабылдауы;

- университеттің айналасында ғылыми- тех никалық және �кономикалық кеңістікті қалыптастыруы;

- берілген патенттік өтінімдердің саны;

- алынған патенттер саны;

- қолданыстағы лицензиялар саны;

- жаңа лицензиялар, опциондар немесе басқа келісімдер саны;

- құрылған жаңа спин-офф компаниялар саны (нарыққа жаңа өнімді немесе технология- ны дербес әзірлеу, игеру және енгізу мақсатында Бас компаниядан бөлінетін кіші-компаниялар болып табылады);

- абсолютті шамада және зерттеу бюджетіне пайыздық қатынаста коммерцияландырудың әртүрлі түрлерінен алынған табыстың шамасы.

Жоғарыда келтірілген индикаторлар бойын- ша деректердің болуы университеттің иннова- циялық қызметінің тәжірибелік нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік университеттің тағы бір маңызды белгісі – оның аймақтық �кономикалық дамуға қосатын үлесі. Бұл қызметті бірінші болып «жер шаруашылығы» бағытындағы университеттер деп аталатын оқу орындары орындай баста- ды, олар белгілі бір мемлекеттің дамып келе жатқан индустриясы мен ауыл шаруашылығы үшін қажетті мамандар дайындайды. Бұл 1862 жылы АҚШ Конгресі «жер шаруашылығы»

университеттері туралы акт қабылдаған сәттен бастау алды (Моррилл заңы). Олардың көпшілігі қазіргі уақытта бұрынғы функцияларын сақтай отырып, ғылымның барлық салаларын қамтитын ірі ғылыми орталықтарға айналды.

Зерттеу (кәсіпкерлік) университеттерінің бір аумақта жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін компанияларды шоғырландыруда және университеттің, бизнес пен инвестициялық ұйымдардың әлеуетін біріктіретін зерттеу және технологиялық парктерді қалыптастыруда қосқан үлесіне баға жетпейді. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары, жаңа өндірістер құрылысы мен жаңа өнімдер шығарылады. Мысалы, Ст�нфорд ғылыми-зерттеу паркінде (Силикон алқабы)

�лектроника, бағдарламалық қамтамасыз ету және биотехнология саласындағы 150 компа- ния ұсынылған және бұл компанияларда ша- мамен 23 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Олардың ішінде әлемдік деңгейде танымал болған атақты брендтер бар: «Cisco Systems»,

«Cypress Semiconductor», «eBay», «Gap»,

«Google», «Hewlett-Packard», «Logitech», «Nike»,

«Orbitz», «Silicon Graphics», «Yahoo!» және т.б.

[4;5] (Бедный, 2011; Инковиц, 2010). Соны- мен билік пен бизнестің қолдауымен заманауи кәсіпкерлік университеттер бір жағынан әлемге танымал өнімдерді ойлап тауып, таратуға әсер етсе, екінші жағынан бұл кәсіпкерлік аймаққа көптеген инновациялық компанияларды тарту Сан-Франциско шығанағының оңтүстік аумағын қазіргі заманғы техниканы, бағдарламалық қамтамасыз етуді және биотехнологияларды өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып қала беретін танымал Силикон алқабына айналдырды.

Осындай даму ерекшелігінің тағы бір мыса- лы ретінде Солтүстік Каролина штатының даму- ына әсер еткен 1959 жылы үш университеттің негізінде құрылған Зерттеу Үшбұрышы зерт- теу паркін атауға болады. Ғылыми әлеует пен инновациялық компанияларды тарту бұрын мономәдениет өндірісіне (темекі индустрия- сы) тәуелді өңірді АҚШ-тағы ең дамыған және білімді өңірге айналдыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда паркте жалпы саны 40 мың адам қызмет ететін 130-ға жуық зерттеу мекемелері мен 160 компания жұмыс істейді [6] (Супян, 2013). Олардың арасында әлемнің ең ірі жоғары технологиялық компанияларының бөлімшелері орналасқан: «Cisco Systems», «DuPont», «General Electric», «IBM», «lenovo», «Ogilvy», «Sony Ericsson» және т.б. [6].

Сонымен қатар Бостон қаласының маңында орналасқан «Бостон бағыты 128» технопаркі АҚШ-тың солтүстік-шығыс Штаттарындағы ең ірі үш университеттің – Солтүстік-Шығыс және Гарвард университеттерінің, сондай-ақ Массачусетс технологиялық институтының негізінде құрылған. Оның қалыптасу үдерісі 20 жылдан астам уақытқа созылды. Қазіргі уақытта университет ғылымының өндіріспен байла- нысы болып табылатын «Бостон жолы 128»

технопаркі АҚШ-тағы ең ірі ғылыми-өндірістік орталықтардың біріне айналды. Мұнда 350-ден астам өнеркәсіптік фирмалар жұмыс істейді, олардың үштен бірі – ірі америкалық ТҰК (Трансұлттық корпорациялар) филиалдары және мыңнан астам ғылыми-зерттеу зертхана- лары мен ұйымдары. Кейін тауар өніміне ай- налатын технопарктің негізгі ғылыми-зерттеу әзірлемелері �лектрондық, зымыран-ғарыш өнеркәсібін, гендік инженерияны дамытумен, жаңа конструкциялық материалдарды жасаумен байланысты [7] (Карабанова, 2011).

Сонымен, кәсіпкерлік университеттердің негізінде құрылатын өндіріс біртіндеп ірі

�кономикалық алпауыттарға айналып, компания- ның трансұлттық деңгейге жетуіне ықпал етіп қана қоймай, халықты жұмыспен қамту, сапа- лы өнім шығару, компанияның қорының өсуі, т.б. сияқты елдің жалпы �кономикасының да- муына әсер ететін әлеуметтік тұрғыдан да маңызды еңбек түріне айналады. Осы кезекте америкалық кәсіпкерлік университеттер зерттеу университеттердің жалғасы, келесі даму сатысы, ілгерілеуі түрінде көрінеді.

АҚШ-тың кәсіпкерлік университеттерінің даму және қалыптасу тарихы – бұл елдің ұзақ жылдар бойына жинақталған дәстүрлердің синтезі және ғылым мен білім берудегі соңғы тенденциялар. Университеттер бизнеспен, ин- дустриямен және басқарудың жаңа жүйелерімен тығыз байланысты қуатты білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендерге айналды.

Еуропада кәсіпкерлік типтегі алғашқы уни- верситет 1994 жылы Халмерс университетінде (Гетеборг) пайда болды [2, 8-9 б.]. Америка- мен салыстырғанда Батыс Еуропаның дамыған елдерінде кәсіпкерлік университеттердің қалып- та су үдерісі жақында басталды және оның да- муы әдетте, қолданыстағы классикалық уни- вер ситеттерді реформалауға негізделген. Әр елдің �кономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуының қажеттіліктері мен дәстүрлерін еске- ретін өзіндік тәсілі бар. Алайда, тұтастай алғанда, университеттер АҚШ-тағы сияқты қуатты ғы- лыми база емес, бірақ ірі ғылыми-зерттеу инсти- туттары, ұлттық зертханалар, ғылыми парктер және басқа құрылымдарды қамтитын жүйенің

�лементтерінің бірі деп айтуға болады [4;5].

Қазіргі уақытта дамыған Еуропа елдерінде Г.

Ицковиц пен Б. Кларк тұжырымдаған қағидаттар негізінде кәсіпкерлік университеттерді қалып- тастыру үдерісі байқалуда. Бұл қағидаттарда университеттің көшбасшылығын айқындау;

қолдау инфрақұрылымын дамыту; зерттеушілік пәнаралық базаны нығайту; қаржыландыру көздерін әртараптандыру және кәсіпкерлік мәдениетті дамыту көзделеді. Осы қағидаларды сақтай отырып, университеттер өздерінің тари- хи дамуына, ұйымдастырушылық мәдениетіне, сондай-ақ өздері өмір сүріп отырған ортаға сәй- кестендіріп әртүрлі жолдармен рефор маланады.

Мысалы, Ұлыбританияда К�мбридж, Йорк университеті және т.б. сияқты ұзақ тарихы бар классикалық университеттер кәсіпкерлік уни верситеттердің кейбір функцияларын жүзе ге асыра бастады. Ал 2008 жылдан бас- тап «Таймс жоғары білім» журналы (Times Higher Education) Білім берудегі кәсіпкерлік

жөніндегі Ұлттық Кеңеспен (National Council for Entrepreneurship in Education) бірлесе оты- рып, жыл сайын Британияның барлық универ- ситеттері арасында ұлттық және халықаралық деңгейде байқау өткізеді. Бұл байқаудың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік қызмет бағытындағы университеттердің ішкі ортасы мен мәдениеті барлық қызметкерлер мен студенттер арасын- да кәсіпкерлік ойлауды дамытуға ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейлерде елеулі ықпал етуді қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарын тану болып табылады. Байқаудың алғашқы жылында Ұлыбританияның жетекші зерттеу университеті Ноттингем университеті жеңімпаз болды, ол 1980 жылдары кәсіпкерлік білім беруді алғашқылардың бірі болып енгізді, келесі байқаулардың жеңімпаздары Хертфорд- шир университеті, Ковентри университеті, Хаддерсфилд университеті, Шығыс Англия Университеті, Стратклайд университеті болса, бірнеше рет финалға шыққан университеттердің қатарына Эдинбург Университеті, Нортх�мптон Университеті және Плимут университеті болды.

Осы университеттердің әрқайсысы ғылыми және кәсіпкерлік қызметті дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Шетелдік мамандардың пікірінше, уни- верситет кәсіпкерлік болып табылады ма, жоқ па, сайып келгенде, университеттің аймақтық және Ұлттық кәсіпкерлік мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі, оның ішінде университет өзінің кәсіпкерлік тәжірибесін қалай тарататыны және саяси әсер ететіндігі анықталады [8] (Программа

«Эврика»…, 2013).

Өзінің бай ғылыми дәстүрлерімен белгілі Германияда кәсіпкерлік университеттер даму- дың екі типі бойынша шартты түрде бірік- тірілген аймақтық инновациялық жүйелерді қалыптастырумен айқындалды: 1) өте үлкен инновациялық әлеуеті бар аумақтар; 2) техно- логиялар трансфері мен жоғары технологиялық кәсіпорындардың орналасқан кеңістігі бар орта- ша инновациялық әлеуетті аумақтар.

Бірінші типтің өкілі Баден-Вюртенберг жері.

Онда іргелі зерттеулер мен ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыратын 14 зерттеу ин- ституты, 14 қолданбалы зерттеулер институты, өнеркәсіптік компаниялардың 60-тан астам зерт- теу орталықтары, 9 университет, 39 техникалық колледждер және т.б. шоғырланған [9] (Диваева, 2011).

Екінші типке Саар федералды жері кіреді, онда жеткілікті ғылыми және инфрақұрылымдық қолдауы бар. Саар жерінің инновациялық

кешеніне 2 университет, 8 мамандандырылған ұйым, оның ішінде инновациялық қызметті қолдау үшін 5 орталық кіре отырып, олар жаңа, жоғары технологиялық кәсіпорындар құруға ықпал етеді және жалға алудың жеңілдетілген шарттарын ұсынады.

Германияның тағы бір ерекше ғылыми- аумақтық кешені – бұл Маас-Рейн үшбұрышы (Meuse Rhine Triangle) немесе Германияның батыс бөлігін (Солтүстік Рейн – Вестфалия жері), Нидерландтың оңтүстік бөлігін (Оң- түстік Лимбург аймағы) және Бельгияның шы ғыс бөлігін (Валлония аймағы) қамтитын Маас-Рейн Еуроаймағы. Айта кету керек, Маас-Рейн Еуроаймағында жеті жетекші техни калық және үш медициналық универси- тет, әлемдік деңгейдегі бірқатар мемлекеттік және жеке зерттеу орталықтары бар: Солтүстік Рейн – Вестфалия жерінің Аахен университеті (RWTH Aachen University); Аахен қолданбалы ғылымдар университеті (Aachen University of Applied Sciences); Льеж қаласының университеті (University of Liege); Маастрихт қаласының университеті (University of Maastricht); Хас- сельт университеті (Hasselt University); Лим- бург қаласының Халықаралық университеті (Transnational Univrsity Limburg); ашық Нидер- ланд университеті (Open Universiteit Nederland).

Бүгінгі таңда Инновациялар, ғылым, зерттеу- лер мен технологиялар Министрлігі атынан Фе- дералды Үкімет Солтүстік Рейн-Вестфалия фе- дералды аймағын (Германияның ЖІӨ-нің 22 %-ы осы аумақпен қамтамасыз етілетінін ескере отырып) инновациялық саланың көшбасшысына айналдыру үшін негіз құру мәселелерін шешуде.

Осы негіздемелік бағыттарды жоспарлау бары- сында мынадай шарттар ескерілуде:

- мемлекеттік университеттердің мәртебесін олардың бюджеттеріне қарай Министрлікпен келісу бойынша өзгерту;

- университеттер мен кәсіпорындар арасын- да ақпарат алмасу бойынша «ғылым-бизнес» ин- тернет-портал құру;

- тендерлер арқылы конкурстық негізде уни- верситеттердің зерттеу бастамаларын қолдау;

- инновациялық қызметті қаржыландыру көлемін жыл сайын 3%-ға ұлғайту;

- технологиялар трансфері және патенттік қорғау стратегиясы;

- оқушылар мен жастарды қолдау, олардың жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын қалыптастыру;

- әлемнің ғылыми зертханаларында жұмыс істейтін неміс ғалымдарының отанына оралуы;

- өнеркәсіп салаларын дамытудың кластерлік стратегиясы.

Соңғы бағыт бойынша министрліктің ұйым- дастыруымен бес нарық бағытында 16 кластер құрылды: �нергия; денсаулық сақтау; логисти- ка; инновациялық материалдар мен технология- лар; білімге негізделген қызметтер т.б. Әрбір кластердегі жұмысты кластерлік менеджер үйлестіреді, ал оның нәтижелерін арнайы комис- сия бағалайды.

Университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мен ғылыми тиімділігін бағалау үшін индика- торлардың тұтас кешені пайдаланылады, олар:

«аса көрнекті бастамалар» конкурстарының нәтижелері, ауқымды ғылыми жобаларға қатысу, аса көрнекті ғалымдар саны (мысалы, Лейбниц сыйлығының, Нобель сыйлығының лау- реаттары), беделді басылымдардағы жарияла- нымдар саны, шетелдік профессорлар мен сту- денттер саны, халықаралық шарттар мен жоба- лар саны. Сонымен қатар, 2001 жылдан бастап кәсіпкерлік білім беру сапасын бағалау үшін жоғары оқу орындарының рейтингтері мынадай көрсеткіштер бойынша жасалады: кәсіпкерлік, маркетинг және коммуникациялар бойынша ұсынылатын курстар, ынталандырушы және да- мытушы бағдарламалар (мысалы, бизнес-жос- парлар), жаңа компанияларды құру және ол үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі қызмет, жалға беру не кері қайтару жөніндегі қызмет (әсіресе технологияларды), нысаналы топтар- ды ынталандыру, желілер, ішкі ынтымақтастық және қатынастар. Ал 2005 ж. сапа бастамасы ая- сында ғылыми зерттеулерді дамытуға қо сымша қаржыландыру алуға үміткерлерді анықтау мақсатында университеттер байқауы өткізіле басталды [10] (Певзнер, 2013). Байқау жеңім- паздары: еркін Берлин университеті, Аахен техникалық университеті, Фрайбург уни вер- ситеті, Геттинген университеті, Хайдельберг университеті, Констанц университеті, Мюн- хендегі Людвиг-Максимилиан атындағы уни- верситет, Мюнхен техникалық университеті, Карлсру� техникалық институты [11] (Бережная, 2012).

Неміс ғылымының жеке демеушілер қауым- дастығының 393 Мемлекеттік және жеке неміс университеттеріндегі жағдайға – «Стартап-ра- дар» («Gründungsradar») деп аталатын рейтингтік аналитикалық талдау қорытындылары бойынша ірі университеттердің ішінде бірінші орында Мюнхен Жоғары мектебі болды. Орта деңгейдегі жоғары оқу орындарының арасында Лунебург университеті (Leuphana Universität Lüneburg)