• Tidak ada hasil yang ditemukan

Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету

Сумен қамтамасыз ету жүйесі деп табиги көздерден суды алу, оны биікке шығару, тазалау, су қорын сақтау және тұтынатын жерге алып келудегі инженерлік-техникалық құрылыс кешенін айтады.

Арналуына байланысты сумен қамтамасыз ету жүйесін шаруашылық- ауыз су тұрғындардың шаруашылық қажеттеріне суды беру үшін; өндірістік, өндірістің технологиялық үрдістерін сумен. қамтамасыз ететін; өртке қарсы, өртті сөндіру үшін су беруді қамтамасыз ететін деп бөледі. Жиірек қосылған сумен қамтамасыз ету жүйелерін орнатады: шаруашылық-өртке қарсы, өндірістік-өртке қарсы.

Өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің міндеті қорғалатын региондарды, нысандарды және т.б. су жүретін қурылыстың барлық кешенінің сенімді жұмысының қамтамасыз етілуі кезінде, нормативтік уақыт ішінде өртті сөндіруде талап етілетін қысымда керекті суды жұмсаумен қамтамасыз ету.

Өртке қарсы су құбырлары (жеке немесе біріктірілген)төменгі жэне жоғарғы қысымды болады. Төменгі қысымды су құбырларында жер деңгейінде судың ең аз еркін арыны 10 (100 КПа) құрауы керек, ал өрт сөндіру үшін талап етілетін су арыны гидранттарға орнатылатын жылжымалы өрт насостарымен жасалады. Жоғарғы қысым жүйелері өрт деполарынан 2 км алыстатылған өндірістік кәсіпорындарда, сонымен бірге 50 мың адамы бар тұрғын қоныстарында қарастырылады.

Өртке қарсы сумен қамтамасыз етуді сыртқы (ғимарат сыртында) жэне ішкі (ғимарат ішінде) жүйелерге бөледі.

Өртке қарсы су құбыры өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің өте маңызды элементтері болып табылады. Өртке қарсы су құбырын жобалау ҚНЖЕ 2.04.02-84 «Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы желілер және құрылыстар» және ҚНЖЕ 2.04.01-85 «Ішкі су құбыры және ғимараттың канализациясы» сәйкес жүргізеді. Сыртқы су қубырынан суды алу үшін, оған 100-150м қашықтықта өрт гидранттарын орнатады. 12.7 суретте гидрант қурылғысы көрсетілген.

1-корпус; 2-тұтқа; 3-клапан; 4-шпиндель; 5-муфта; 6-штанга; 7-өрт колонкасын қосу үшін ниппель; 8-қақпақ.

12.7 сурет - Гидрант және өрт колонкасының құрылғысы

Гидрант шойын корпустан, клапанды тұгқадан, шпиндельден, қосатын муфтадан, штангіден жэне ниппельден, жабатын қақпақтан тирады. Өрт гидранттары жэне өрт крандары жұмыс істеу қабілеттілігіне су жіберу арқылы эр 6 ай сайын тексеріледі.

Гидранттың көмегімен су алған кезде оның қақпағын ашады және өрт колонкасын ниппелге бұрайды. Колонканың ұстағышын бүраған кезде пгганга және онымен муфтаның көмегімен қатты байланысқан трапециялы резьбасы бар шпиндель айналады. Осы кезде тұтқа төмен түседі, ал су ашылатын тұтқа арқылы гидрант корпусын толтырады ары қарай өрт колонкасының патрубкасы арқылы тұтынушыға бағытталады. Gy қатып қалмас үшін гидранттың астында суды ағызатын тесігі бар. Гидранттарды жол шетінен 2,5 м және ғимарат қабырғасынан 5 м қашықтықтарда өрт машиналарының келуіне ыңғайлап орналастырады. %»

Ереже бойьшша өртке қарсы су құбыры желілерін су берудің екі линиясын қамтамасыз ететіндей сақиналы жасайды да сумен қа^ітамасыз . етудің жоғарғы сенімділігіне жетеді. Әрбір сақиналы желі үшін екі ену жасайды. Тұйық желілер, яғни тармақталған желіде су беру нүктесіне дейін әрбір желі торабынан тек бір ғана жол болуы келесі жағдайларда қолдануға рұқсат етіледі:

- аварияларды залалсыздандырғанда технология жағдайы бойынша үзіліс рұқсат етілгенде өндірістік қажетке;

- құбыр диаметрі 100 мм үлкен емес кезде шаруашылық-ауыз су қажетіне;

- линияның үзындығы 200 м аспағанда шаруашылық-өртке қарсы қажетке, сонымен бірге 5 мың адам тұрғыны бар қоныстарға жэне өртке қарсы сыйымдылықгар немесе су қоймалары кезінде сыртқы өрт сөндіруге шығын Юл/с дейін болғанда.

Желілердің құбыр диаметрін суды тұтыну шығынын және желілердің барлық бөлігінің гидравликалық кедергілерін ескере отырып есептеумен анықтайды. Тұрғын қоныстарда және өндіріс нысандарында біріктірілген су құбырының ең аз диаметрі 100 мм кем болмауы, ал ауылды жерлерде - 75 мм кем болмауы керек.

Ішкі өртке қарсы су құбырларын мына сызба бойынша орналастырады:

- сьфтқы су құбырындағы су арыны талап етілетін су арынынан асып кеткенде жоғарлатылатын қондырғысыз;

- өртке қарсы насостармен-өрт кезінде ғана қосылып керекті арынды қамтамасыз етеді;

- керекті арын талап етілетіннен аз болғанда су арынын жасайтын бакпен және насостармен өртті сөндірудің алғашқы 10 минутында өртке қарсы қорды тиіспей шаруашылық приборларға және өрт крандарына;

- тәуліктің жеке сағаттарында су жетіспеушілігі байқалғанда немесе берілген арын 5 м аз болғанда қосалқы сыйымдылықпен.

Ішкі өртке қарсы су құбырлары келесі элементтерді енгізеді: ғимаратқа кіру, жұмсалатын суды өлшеу үшін су өлшегіш торап, магистраль және

бөлгіш су құбырлары, өрт крандары жэне насос стансалары. Ғимараттағы өрт крандарының саны 12 көп болмағанда бір енуі бар тұйық жүйені қолдану рұқсат етіледі, ал крандар саны 12 көп болғанда-тек екіден кем емес енуі бар сақиналы рұқсат етіледі. Өрт крандары бөлме еденінен 1,35 м биіктікте және шкафта орналасуы керек, олар кран диаметрімен бірдей үзындығы 10 нан 20 'м дейінгі өрт шлангілерімен жабдықталуы. керек. Тұрғын үйлерде өрт Іфандары ^аспалдақ алаңдарында орнатылады. Өртке қарсы бір ағынның Йіығыны 4>?1і/с кезінде кран диаметрі 50 мм болуы керек, ал көп шығын кезінде-65 мм болады.

' Сыо ^ ы өрт сөндіруде су шығынын нормалау кезінде тұрғын қоныстарындағы тұргындардың санына және ғимараттардың қабаттылығына байланысты 3 сағат ішінде пайда болатын бір уақыттағы өрттердің мүмкін болатын сайЫнан шығады (ҚНжЕ 2.04.02-84). Мысалы, 50 мың тұрғыны бар . ауылда жәгіе үйлердің қабат саны екіге дейін болғанда бір мезеттегі өрттер бІны екі деп кабылданғанда сыртқы өрт сөндіруде су шығынының нормасы 20 л/с. құрайды. Өндірістік нысандар үшін бір уақыттағы өрттер саны

‘кәсіпорын территориясы 150 га дейін болганда бірге тең деп және ауданы 150 fa үлкен бблғанда екі деп қабылданады. Өндірістік кәсіпорында бір өртке гидрантар арқылы сыртқы өрт сөндіруге есептік су шығыны ғимараттьщ ясарылысқа өртке қауіптілік категориясына, Өртке төзімділік дэрежесіне, көлеміне жэне қүрастырмалық ерекшеліктеріне байланысты қабылданады.

Мысалы, I жэне II Өртке төзімділік дәрежелі көлемі 20 мың м3 дейін және ені 60 м дейін А,Б,В категориялы ғимараттар үшін нормалық су шығыны 20 л/с і^файды. Өрт сөндіретін су қоры 3 сағ. ішінде нормалық су шығынын қамтамасыз~етуі керек, тек Г жэне Д категориялы I жэне II Өртке төзімділік дәрежелі ғимараттар үшін-2 сағат ішінде қамтамасыз етуі керек.

ҚұрыЛьістарда өртке қарсы сумен қамтамасыз ету құрылғысы негізгі і^рылыс жүмысының басында қарастырылуьі керек. Жаңа құрылыстарда ортке қарсы сумен қамтамасыз ету гидрантардың көмегімен су құбырынан ңемесе су қоймаларынан өрт. сөндіретін автомобильдер келу үшін орнатылғаіг құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

Ішкі су құбыры және автоматты өрт сөндіру жүйелері ҚНжЕ 2.04.09-84 қарастырылуымен нысанды көтергенде бір уақытта орнатылуы керек.

Ғймараттардағы және бөлмелердегі ішкі су құбыры қүрылғысының қажеттілігГ олардың арналуымен, қабатьімен, биіктігімен, қөлемімен анықталадьі* Тұрғын үйлерде ішкі су құбырының қүрылгысы қабат саны 12 мен оданда көп жэне жатақханаларда-10 қабаттан жоғары болганда және т.б.

қарастырылады.

Алгащқы өрт сөндіру қүралы ретінде әртүрлі өрт сөндіргіштер қолданылады, олар қолдық, жылжымалы, стационарлық болуы мүмкін. Өрт сөндіргіштерді өрт сөндіру зарядының құрамын және оның сыйымдылыгын көрсететін белгілермен маркілейді (мысалы, 10-литрлі ұнтақты өрт сөндіргіш-ОП-10). Қазіргі кезде келесі өрт сөндіргіштерді шығарады:

- ұнтақты ПСБ-3, П-2АП, «Пират А», ПФ зарядтарымен: қолдық: ОП- 1, «Момент 2», ОП-2Б, ОП-5, ОП-8Б, ОП-ЮА, ОП-Ю «Прогресс», ОП-Ю, ОП-50; жылжымалы: ОП-50; стационарлық ОП-250;

- көбікті: қолдық ОХП-Ю (химкөбікті), ОХВП-Ю (химкөбікті жэне ауалы-механикалық көбікті зарядымен), ОВП-Ю (ауалы-механикалық көбікті), ОВП-5; жылжымалы ОВП-Ю; стационарлық ОВП-250;

- көміртек диоксидті зарядты көмірқышқылды : қолдық ОУ-2, ОУ-5;

жылжымалы ОУ-25, ОУ-80, ОУ-400.

12.5 Өрт пойыздары, жылжымалы құрамдағы өрттерді сөндіретін