Темір жолдағы өрт туралы хабарлау үшін кез-келген байланыс, соның ішінде локомотивтердің де дабылы - бір ұзақ, екі қысқа дыбыс қолдануы мүмкін. Көбінесе селоекторлы және турақты байланыс қолданылады. Өрт туралы жартылай автоматты жэне автоматты дабыл құралдары қолданылады.
Өрт дабылының және құрылғыларының жүйелері. Өрт дабылының жүйелері өрттің бастапқы кезеңді табу, оның пайда болу жері мен уақыты туралы хабарлар беру және керекті болғанда автоматты өрт сөндіру және түтінді кетіру жүйелерін іске қосу (АӨСЖ).
Кез келген жүйе алаңдау хабарларын жинап жэне оларды орталық өрт байланысының пунктіне беретін және АӨСЖ кіргізетін қабылдау-бақылау өрт станциясының өрттің бастапқы кезде пайда болуын электр дабылына айналдыратын өрт хабарлағыштардан тұрады.
Өрт дабылының жүйелері қолмен жэне автоматты қосылатын болып бөлінеді. Қолмен қосылатын қосқышты адам басып, дабылды қосады.
Автоматты қосылғыштар өрттің бастапқы кезеңінің эсер етуінен:
температурадан, түтіннен, жалынның сәулеленуінен іске қосылады.
Автоматты жүйелер негізі болып өрт хабарлағыштары болады, олар инерциялығымен сезгіштігімен жэне эсер ету аймағы мен сипатталады.
Өрт хабарлағыштарының маңызды параметрі-инерциялығы, яғни өрт әсерінен бастап іске қосылу.
Жылулық автоматты өрт хабарлағыштары максимальда, дифференциальды және максимальды-дифференциальды. Максимальды хабарлағыштардың қосылу принципі температураның белгілі бір мәніне жеткен кезде қосылуы, дифференциальдық-температура градиентінің белгілі жылдамдығы кезінде, максимальды-дифференциальды кез келген температурасының өзгеруінен қосылады.
Түтінді хабарлағыштардың екі түрі болады-иондалған және фотоэлектрлік:
Иондалған-ауада түтін пайда болған кезде ауаның иондалу мәнінен ауытқуын белгілеу принципі бойынша істейді.
Фотоэлектірлік-ауа ортасының оптикалық тығыздығының жағдайының өзгеруіне эсер ететін хабарлағыш сызықгы-көлемдік фотоэлектірлік хабарлағыш жүйелер қабылдағыш және сәулеленгіш жану өнімдірі арасындағы көлеңкелеу принципінде жумыс істейді.
Жалынды хабарлағыштар мен судың ультра күлгін немесе инфра қызыл бөлігінде ашық жалынның сәулелену спектріне эсер етеді.
Өрт дабылының жүйелерін таңдауда нысанның категориясын, оның архитектуралық-жобалау ерекшеліктерін, санын, орналасуын және жанғыш, материалдарының түрлерін ескеру керек.
13.2 Автоматты өрт хабарлағыштарын бөлменің арналуына байланысты таңдау
ҚР ҚН 2.02.11-2002 «Ғимараттарды, бөлмелер автоматты өрт хабарлағыштар қондырғыларымен, автоматты өрт сөндіру қондырғылары және өрт туралы адамдарға хабарлау жүйелерімен жабдықтау нормаларының» 2.2.6. пунктіне сәйкес - шіркеу, мешіттер және басқа да мәдени мекемелерде - қабаттылығы мен ауданынан тәуелсіз, санитарлы- гигиеналықтан басқа барлық бөлмелер автоматты өрт дабылдағышымен жабдықталады. Бұдан басқа тарихи қүндылықтарды, мүрағаттарды жэне аса құнды басқа да құжаттарды сақтау бөлмелері, ауданы мен қабаттылыгына тәуелсіз - автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталады.
Автоматты хабарлағыштарды бөлменің мақсатына және өрт хабарлағыштарының эсер ету принципіне қарай пайдалануын үсынады.
Өндірістік үйлер. Жылулық немесе тутіндік хабарлағыштар ағаш бұйымдар, синтетикалық шайырлар, синтетикалық талшықтар, полимер материалдар, целлулоидтар, аяқ киімдер, тері, темекі, елтірі, целлюлозды- қағазды бұйымдар, техникалық резеңке бұйымдар, синтетикалық каучук, жанғыш рентгендік жэне кинофотопленкалар, нақгы өндіретін және сақтайтын бөлмелерде орнатылады.
Жылулық немесе жарықтық хабарлағыштар лактар, сырлар, еріткіштер, ЖЖС, ЖС, майлайтын материалдар, спирт - арақ өнімдері, қағаз, кардон, түсқағаздар, хайуандар жэне қүс өнімдері шығаратын және сақтайтын бөлмелерінде орнатылу керек.
Жарықтық хабарлағыштар сонымен бірге сілтілі материалдар, металл үнтақтарын, табиғи каучук өндіретін немесе сақтайтын бөлмелерде орнатады.
Жылулық хабарлағыштар ұн, комбикорм және шаң бөлетін басқа өнімдер мен материалдар піығарылатын және сақталатын бөлмелерде орнатылады.
Арнайы құрылыстар. Жылулық немесе түтіндік хабарлағыштар кабель жүргізілгенде, трансформаторлар бөлмелерінде, кәсіпорныдардың бөлгіш және қалқандар қүрылымдарында орнатылады.
Түтіндік-электронды-есептегіш техника, АТС материалдарын басқаратын электронды регуляторлар, радио аппаратура бөлмелерінде, жылулық немесе жарықтық-жанғыш заттар мен майлар, іштен жану қозғалғыштарын жэне отын аппаратураларын сынайтын жанғыш газдарды баллондарға толтыратын бөлмелерде орнатылады.
Қоғамдық ғимараттар мен үйлер. Түтіндік хабарлағьпптар көрермендер, жайындық, дәрістік, оқу, конференциялық залдарда, артистік, аппараттық және т.б. бөлмелерде орнатылады.
Жылулық намесе түтіндік-декорация, реквизиттер қоймасында, әкімшілік — шаруашылық бөлмелерде, мапшна есептегіш стансаларда, басқару пунктінде;
Жылулық-тұрғын үйлерде, ауырухана бөлмелерінде, сауда кәсіпорын бөлмелерінде, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерінде;
Жарықтық немесе түтіндік-музейлер мен көрме бөлмелерінде.
Өрт хабарлағыштарының тиімділігі мен олардың жүмыс қабілеттілігі ыңғайлы хабарлағыш түрін таңдауға, оны орнату мен пайдалануға байланысты. Сонымен бірге келесі шектеулерді ескеру керек.
Түтіндік иондық хабарлағыштардың шық немесе қырау басу мүмкіндігі болса; коррозия тудыратын түтін, газдар, булар немесе аэрозолдар; адамдар ылғи болатын онда шаң концентрациясы санитарлық нормадан жоғары бөлмелерде пайдалануға болмайды.
Түтіндік оптикалық хабарлағыштарды жоғарыда көрсетілген, сонымен ауаны ылғалдайтын қүрылымдар жүмыс істейтін немесе жоғарғы жйіліктегі қондырғылар бар бөлмелерді қолдануға болмайды.
Жылулық максимальды-дифференциальды хабарлағыштарды келесі жағдайларда қолданбайды: қоршаған ортаның температурсының өзгеру жылдамдығы хабарлағыштың қосылу температурасының градиентінен көп болса (цехтар, қатайту, қазандық және т.б.); ылғалды шаң (санитарлық норма бойынша інаң концентрациясы рүқсат етілгеннен көп болса).
Жарықтық хабарлағыштарды бөлмелерді немесе нысандардың, ондағы қүрылыс бөлшектері хабарлағышты жауып қалса, жарқылдайтын немесе дірілдейтін жарық көзі болса (айналып жатқан бөлшектерге шағылысқан күн сәулесі, су беттері, әйнек және т.б.) бүзық шамдар, шағылысқан жыпылықтау жиілігі 50-30 Гц, корозия немесе оптикалық бөліктері ластайтын атмосферадағы булар болса қолдануға болмайды.
13.3 Өрт дабылдары қондырғыларына қойылатын талаптар Қондырғылардың өрт хабарлағыштарды. Бақыланатын бөлмеде өрт хабарлағыштарының саны барлық аудан бойынша түтануларды табу керектігіне қарай анықталады.
АӨСЖ (автоматты өрт сөндіру жүйесі) басқару және түтінді шығару үшін арналған өрт дабылын орнатқан кезде, қорғалатын беггің әрбір нүктесі бірін-бірі қайталайтын екі автоматты өрт хабарлағыштармен бақылануы керек, сонымен бірге бірін-бірі қайталайтын түтіндік немесе жылулық хабарлағыштардың ара қашықтығы 13.1 және 13.2 кестелерде көрсетілген мәндердің жартысына тең болуы керек.
Жылулық жэне түтіндік нүктелік хабарлағыштарды қабырғаларда немесе колонналарда, сонымен бірге төбе бетіне перпендикуляр емес орнатуға болмайды.
Хабарлағыштарды жабылған ғимараттарда жарықтық, аэрациялық, қорғағыш фонарларымен, хабарлағыштың көлемін қоса есптегенде, төбеден 0,3 м кем емес, қашықтықта тростарда ілу рүқсат етіледі.
13.1 кесте - Жылулық хабарлағыштар мен хабарлағыштар жэне қабыргалар арасындағы қашықтық_______ ______________________________
Хабарлағьпп орнатылатын биіктік, м
Бір хабарлағышпен бақыланатын аудан. м2
Ең алыс қашықтық, м хабарлағьпп-тар
арасы
хабарлағьпптан қабырғаға дейін
До 4 30 денін 5,4 2,5
4 - 6 25 дейін 5 2,5
6- 7 , 5 20 дейін 4,5 2,0
7 , 5 - 9 15 дейін 4,0 2,0
13.2 кесте - Түтінді хабарлағыштар мен хабарлағыштар және қабырғалар арасындағы қашықтық
Хабарлағыш орнатылатын биіктік,м
Бір хабарлағышпен бақыланатын аудан, м2
Ең алыс қашықтық, м хабарлағыш-тар
арасьі
хабарлағыштан қабырғаға дейін
До 3,5 85 дейін 9,0 4,5
3 , 5 - 6 , 0 70 дейін 8,5 4,0
OS 0 1 о о 65 дейін 8,0 4,0
1 0 - 1 2 , 0 55 дейін 7,5 3,5
Нүктелік түтінді және жылулык өрт қабарлағыштары орнатылатын төбелерде құрылыс құрастырмалары (балкілер, плиталардың қабырғалары және т.б.) 0,4 м және үлкен шығып түрса эрбір бөлікте орнатылады.
Егерде төбедегі қүрылыс қүрастырмалары 0,08-0,4 м аралығында болса бақыланатын аудан 25% азаяды.
Автоматты бір шлейфтің өрт хабарлағыштары бір қабатта орналасқан жэне жалпы коридорға шығулары бар бес көрші немесе оқшауланған бөлмені ғана қадағалай алады. Қоғамдық, тұрғын және көмекші ғимараттарда бөлмелерді бөгеген кезде бөлмелердің саны онға дейін жетеді, ал бақыланатын бөлменің шыға берісіне хабарлағыштардың іске қосылуын көрсететін жарықтық алып жүретін дабыл көрсеткіштерін орнатқан кезде-20 дейін жалпы коридорға шығулары бар көршілес немесе оқшауланған бөлмелер болады.
Бір бөлмеде кем дегенде екі автоматты өрт хабарлағыштарын орнату керек.
Хабарлағыштардың іске қосылу индикаторларын хабарлағышқа немесе хабарлағыштар тобына мынандай жағдайларда орнатады:
- бірнеше бөлмелер бір шлейфтің хабарлағыштарымен бақыланады;
- хабарлағыштарды жабық көрінбейтін кеңістіктерде (жабқыш пен төбе арасындағы кеңістікте, соратын желдеткіш каналдарында және т.б.), хабарлағыштар қондырғыларының жанына орнатылады.
Берілген бөлменің хабарлағыштарының іске қосылу көрсеткіштері кезекшіге көрініп түруы керек.
Өрт дабылдарының шлейфтерін орнатқан кезде лифтлер мен баспалдақтардың төменгі қабаттары жеке шлейфтің хабарлағыштарымен бақыланулары керек. Бөгеттері, өрт баспалдақтары, биік стеллажды
қоймалары жоқ лифтілер шахталарын, кабельдер шахталарын қорғаған кезде эр қабатта орналасқан хабарлағыштарды бір шлейфке қосуға болады.
Бір шлейфтің хабарлағыштарымен бақыланатындарда келесі аудандарды шектеу ұсынылады:
- қоймаларда-стеллаждар арсындағы бір өткелдегі стеллаждарға дейін;
әмбебап магазиндерде-жеке секцияға дейін; ЭЕМ бөлмелерде-жеке бөлінген кеңістікке (бөлмеге), жабқыш пен аспалы төбелер арасындағы кеңістікте дейін;
- ауруханаларда және қонақ үйлерде-баспалдақтармен, лифтімен бөлінбеген бөлмелер тобына дейін.
Нысандарда тік бойымен Өрттің тез таралуларында, өзара тәуелді шлейфтерді бір шлейфтің хабарлағышы екінші шлейфтің хабарлағышының үстінде болатындай етіп орналастырады.
Өрт хабарлағыштарының орнатудың рұқмсат етілген биіктігі мынадан аспауы керек: жылулық - 9,0 м, түтінді хабарлағыштар - 12 м, аралас (жылулық, түтіндік) сәулелік хабарлағыштар - 30 м.
Бір жылулық немесе түтіндік өрт хабарлағыштарымен бақыланатын аудандар техникалық жағдайларда (паспортта) көрсетілген мәннен аспауы керек, ал хабарлағыштармен жэне хабарлағыш пен қабырға арасындағы ең алыс қашықтықтар 13.1 жэне 13.2 кестелерде көрсетілген.
Хабарлағыштар арасындағы қашықгықты 15 м дейін көбейту руқсат етіледі, егер олар горизонталь немесе горизонталға қисаю бүрышы 75 көп емес орналасқан, ені 3 м дейін бөлмелерді бақылайтын болса.
Ағынды желденетін бөлмелерде хабарлағыш пен ауаны енгізетіннің ара қашықтығы 1,5 м кем болмау керек. Егерде ауаны енгізу бірнеше жерде болса, онда хабарлағыштардыенгізулер арасына симметриялы орналастырады.
Сорылатын желдеткіші бар бөлмелерде хабарлағыштарды келесідей орналастыру керек:
- төбедегі ауаны шығарған кезде шығарулардың алдына;
- төменгі жақтан ауаны шығарған кезде жэне ауа ағынының жылдамдығы 2-18 м/с болғанда-ауа ортасын бақылауды қамтамасыз еткенде сорылу каналында.
Сызықты-көлемді фотоэлектрлік хабарлағыш жүйелерде қарама-қарсы қабырғаларға, техникалық жағдайларда көрсетілген жабулардан 0,25-0,5 м алыстатылған құрастырмаларға орнатылатьш жарықгы сәлелегіші және қабылдайтыны бар.
Бірнеше сызықты-көлемді хабарлагыштарды бір бөлмеде орнатқан кезде қабырға бойымен әртүрлі хабарлағыштардың сәулелегіш- қабылдағыштарын кезекпен орналастыру керек, бұл кезде сәулелегіш пен қабылдагыш аралары 2,5-1,5 м аралықга болуы керек. «Өлі аймақтарды»
(Сәулелегіш пен қабылдағышты орнататын жерде) нүктелік түтінді хабарлагыштармен бақылау ұсынылады.
Жарықтық өрт хабарлағыштарды бөлмелерде төбеге, қабырғаларға жэне басқа да қүрылыс құрастырмаларында, сонымен бірге жабдықтарда орнату керек. Әрбір қорғалатын бетті кем дегенде екі автоматты өрт хабарлағыштармен бақылау керек.
Қолдық өрт хабарлағыштар ғимаратгың ішінде де сыртында да қабырғаларға және құрастырмаларға еденнен немесе жерден 1,5 м биіктікте және ажыратқыштар мен басқаға арналған қосқыштардан 0,5 м кем емес қашықтықта орнатылады.
Ғимараттарда хабарлағыштарды эвакуация жолдарына (коридорларға, өткелдерде, баспалдақ алаңцарында және т.б.) орнатады. Хабарлағыштардың ара қашықтығы 50 м кем болмауы керек. Олар әрбір қабаттың барлық баспалдақ алаңдарында бірден орнатылуы керек.
Ғимараттан тыс хабарлағыштарды 150 м көп емес қашықтықта орнатылуы тиіс.
13.3.1 Жабдықтарды және аппараттарды орналастыруға қойылатын талаптар.
Өрт дабылдарының стансалары, концентраторлары, қабылдағыш- бақылағыш приборлары тәулік бойы кезекшілік жүргізетін қызметкер болатын жерде орнатылуы тиіс. Өрт постының бөлмесінің ауданы 15 м2 кем болмауы керек, ол ғимараттың бірінші қабатында сыртқа шығатын шығуы болу керек.
Бөлмелерде жағдай жақсы жағдай жасалуы тиіс, салыстырмалы ылғалдылық 80% дейін кезде температура-18-25° С. Бөлме табиғи жарықтандырылуы тиіс, сонымен бірге жасанды жарықтандырылу люминесцентті шамдар үшін 150 лк, қыздыру шамдары үшін 100 лк болуы керек. Жұмыстық жарықтандырудан басқа жүмыстық жарықтандырудан 10%
кем емес авариялық жарықтандыру қарастырылуы керек.
Негізделген жағдайларда қабылдағыш-бақылағыш приборларды қызметкерлер жоқ бөлмелерде орнатылады. Бұл кезде бөлмедегі өрт және ақаулық туралы хабар тәулік бойы кезекшілік ететін қызметкері бар бөлмеге хабар берілу қамтамасыз етілуі керек. Бұл бөлмелерге бөтен адамдардың кіруін болдырмау керек.
Өрт дабылы немесе концентраторлар орналасқан бөлмелер өрт қорғанысымен телефон байланысы қамтамасыз етілуі керек. Ақаулық пен өрт туралы дыбыс белгілері бір-бірінен бөлек болуы керек.
Өрт дабылдарының стансаларын, концентраторларды, қабылдағыш- бақылағыш приборларды жэне аппараттарды ереже бойынша жарылысқа және өртке қауіпті емес бөлмелерде қабырғаларға және Өрттің таралуы мүлде жоқ құрастырмаларда орнату керек.
Көрсетілген жабдықтарды жанатын материалдардан жасалған құрастырмаларда орнатуға болады, егерде ол қалыңдығы 1мм кем емес металл қабатпен немесе жанбайтын қалыңдығы 10 мм тсем емес басқада материалдармен қапталған жағдайда. Қорғағыш материал орнатылатын жабдықтан 100 мм кем емес шығып тұруы керек.
Қабылдағыш-бақылағыш приборлар мен жанатын материалдан жасалған төбенің ара қашықтығы 1 м кем болмауы керек.
Жабдықтар мен аппараттар еденнен 0,8-1,8 м биіктікте орнатылуы керек.
Бірнеше өрт дабылдарының стансалары және қабылдағыш-бақылағыш приборлар қатар орналасқан кезде олардың ара қашықтығы 50 мм кем болмауы керек.
Өрт дабылдарының стансалары және қабылдағыш-бақылағыш приборлар сыйымдылықтардың қорлары 10% кем болмауы керек.
13.4 Өрт қабарлағыштардың негізгі техникалық сипаттамалары 13.4.1 Қолдық өрт хабарлағыш ИПР.
Хабарлағыш қабылдағыш-бақылағыш пультіне оны қолмен қосқан кезде қауіп дабылын беру үшін арналған. Ол ІІІІС-1, ППС-3, «Топаз» (ППК- 2), «Сигнал-43» типті өрт дабылының техникалық. құралдарымен жұмыс істеуге есептелген.
Хабарлағыштың жұмыс істеу принципі хабарлағыштың ұстағышымен магниттік байланысы бар магнитпен басқарылатын түйісудің ажыратылуына негізделген. Хабарлағыштың сызбасы, жарық диоды үшін импульстық қоректендіруді қамтамасыз ететін 11ІІК-2 және ППС-3 өрт дабылдарының стансаларымен, оның жүмысы кезінде хабарлағыштьщ корпусьшдағы жарықтық индикациясының «Өрт» қосылу мүмкіндігін қарастырады.
Хабарлағышты ашық жақсы көрінетін жерге еденнен 1,5-1,6 м биіктікте орнату ұсынылады. Хабарлағыштарды металл беттеріне орнатуға жэне магниттік және электромагниттік өрістердің тікелей жандарына орналастыруға тиым салынады. Ашық жерде орналастырған кезде тура күн сәулесінен және жауыннан қорғау керек, яғни жабын астында орнал астырыл ады.
ППС-3 жэне ІіііК-2 пульттеріне жарықтық индикацияны пайдалана отырып қосылатын шлейфтегі хабарлағыштар саны 4 данадан аспауы керек.
Хабарлағыштардың саны көп кезде олардың бір бөлігі қысқа тұйықталған түйісулермен пассивті хабарлағыштың сызбасы бойынша қосылуы керек.
Қосылатын хабарлағыштардың саны 10-20 дана болуы мүмкін. ИПР хабарлағыштарын басқа хабарлағыштармен қосуға болады, бұл кезде ИПР шлейфтің сонына орнату ұсынылады.
ИПР хабарлағышы ауыспалы және турақты токта өрт дабылының техникалық қуралдарынан істей алады. Шаң су кірмейтін етіліп шығарылады, сол себепті оны коррозиялық-активті ортада пайдалануға болады.
13.4.2 Жылулық қабарлағыпггар.
Жылулық хабарлағыштар МЕСТ 17592-72 сәйкес шығарылады.
Стандарт іске қосылудың инерциялығын, бітеу тұйықгалулардың өтпелі электрлік кедергісін, хабарлағыштың ток жүретін бөліктері мен корпус
арасындағы оқшаулғыштың электрлік мықтылығын, осы бөліктер арасындағы электрлік кедергіні, сонымен бірге механикалық эсер етуге төзімділігін, қоршаған ортаның жэне қоршаған ортаның ылғалдылығының эсер етулеріне төзімділігін ұсынады.
Жылулық хабарлағыштар пассивті және активті болады. Пассивті хабарлағыштарда температураның эсер етуінен датчиктің сезімтал элементі өзінің параметрлерін өзгертеді. Активті хабарлағыштарда өрттің бастапқы кезеңінде (түтін, жанғыш газдар) активті аймақгың параметрлерінің- иондалуын, мөлдірлігін және т.б. өзгеруін тудырады.
Автоматты өрт хабарлағыштары ДТЛ өздерін жарылысқа қауіпсіз жабық бөлмелер үшін іске қосылғанда бір реттік максимальды эсер етудің пассивті хабарлағышы ретінде көрсетеді.
Оның жұмыс істеу принципі белгілі бір температурада балқитын жеңіл балқығыш қорытпадан жасалып жалғанған түйісетін екі серіппе пластиналардың ажыратылуына негізделген.
Хабарлағыш үздіксіз тэуліктік жұмысқа есептелген. Кемшілігі жұмыскерлігін бақылаудың мүмкін еместігі болып табылады.
ДТЛ хабарлағышының негізгі техникалық сипаттамасы:
- хабарлағыштың іске қосылу температурасы, °С 92
- іске қосылу уақыты, с 120
- бақыланатын аудан, м2 15
Түйісетін типті максимальды эсер етуетін ИП-104-1 өрттің жылулық хабарлағышы эсер теу принципі бойынша ДТЛ хабарлағышына ұқсас.
Хабарлағыш нысандық қабылдағыш-бақылағыш приборға, электрлік өрт дабылына немесе орталықтандырылған бақылау пультіне қоршаған ортаның температурасының нормадан жоғары көтерілуі кезінде дабыл белгісін береді.
Хабарлағыш жабық жарылысқа қауіпсіз бөлмелерде 62 кПа томен емес атмосфера қысымы кезінде, оны пайдаланғанда ұшқынға қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ететін приборларды қолдану үшін арналған.
ИП-104-1 хабарлағышының негізгі техникалық сипаттамасы:
- хабарлағыштың іске қосылу температурасы, °С:
- өте жоғарғы 74
- өте төмен 70
- бақыланатын аудан (қондырғының биіктігі 3,2 м кезінде), м2 15 13.4.3 Түтіндік өрт қабарлағыштар.
Түтіндік өрт хабарлағыштарды екі негізгі типке белуге болады:
нүктелік хабарлағыштар, олар орнатылған жерде түтін пайда болған кезде дабыл белгісін береді және сызьщтьщ -көлемдік, қабылдағыш пен сәулелегіш арасында жарық сәуленің көлеңкеленуі принципіне негізделген. Соңғысын сызықтық - көлемдік хабарлағыш жүйелер деп атаған дүрыс.
Фото электрлік хабарлағыш ИДФ-М өрт дабылының стансасына ол орнатылған жерде түтін пайда болғанда жэне дабыл белгісін беруде өрттің бастапқы кезеңін табу үшін арналған. Хабарлағыштың жұмыс істеу принципі түтін камерасына түсетін түтін бөлшектреімен шашырайтын жарық
123
ағынының параметрлерінің өзгерулерін тіркеуге негізделген. Хабарлағыш камерадағы ортаның оптикалық қысымының 10% төмендеуі кезінде іске қосылады. Хабарлағыш салыстырмалы түрде жарықтың сәулелену көзінен, фото қабылдағыштан, шағылыстырғыштан, күшейткіштен жэне соңғы қүрылғыдан тұратын күрделі электронды құрылғы болып табылады.
ИДФ-М хабарлағышының негізгі техникалық сипаттамасы:
- бақыланатын аймақ (құрылғы биіктігі 4 м кезінде) 50-100 - жоғарлаған кезде инерциялық іске қосылуы
- ортаның оптикалық тығыздығы 15-20% дейін 3 0 Түтіндік хабарлағыштың жұмыс істеу қабілетін 6 айда бір рет тексеру керек. Жылына бір рет жарықты сәлелегіш, фото қабылдағыш, тубус және экран беттерінен шаң ды алу керек.
ДИП-1 аралас өрт хабарлағышы екі сезімтал элементі бар аралас прибор дан тұрады: біреуі түтіннің пайда болуына эрекет білдіретін фото электрлік, екіншісі температураның көтерілуіне тітіркенетін. Фото электрлік түрендіргіш жұмыс істеу принципі бойьшша ИДФ-М ұқсас, бірақ та өте күрделі электрлік сызбасы бар, оны жарықтық жарқырауынан кідірістен қорғанғыштығын біршама жоғарлатады.
ИП 212-2 (ИДП-2) өрттік түтіндік хабарлағыш әртүрлі мақсатқа арналған бөлмелерге орнату үшін арналған, орнатылған жерінде түтіннің пайда болуына әрекет білдіреді. Жұмыс істеу принципі ДИП-1 хабарлағышымен бірдей және оның келесі модификациясы болып келеді.
Хабарлағышта жұмыс істеуін тексеретін бірге орнатылған қүрылғы бар. Корпустағы кнопканы басқан кезде сезімтал аймақта түтіннің пайда болуын келтіреді. Егерде хабарлағыш дұрыс болса хабарлағыштьщ корпусында орнатылған іске қосылудың оптикалық индикаторы жанады.
Хабарлағыштың сезімталдығы оптикалық тығыздығы 5% көп емес қоршаған ортаның түтінделуіне сәйкес келеді.
ИП 212-2 хабарлағышының негізгі техникалық сипаттамасы:
- іске қосылу уақыты, с 5 көп емес
Бір хабарлағыпшен қорғалатын аудан, м2:
- төбенің биіктігі 3,5 м дейін болғанда 85 дейін - төбенің биіктігі 12 м дейін болғанда 85 дейін - хабарлағыштың орташа қызмет мерзімі, жыл 10 РИД-1 жэне РИД-6 радиациалық түтіндік хабарлағыштар сонымен бірге бастапқы эсер ететін екі камералы деп аталады. Олардың жұмыс істеу принципі жабық камерадағы ауа молекулаларының иондалуын ажыратуға жэне ашық камерадағы түтін мен жану өнімдерінің ауаны иондауна негізделген. Альфа-сәулелену көзі ретінде плутонийдің изотобы 239 қолданылады, сол себепті РИД-1 жэне РИД-6 хабарлағыштарын қолданған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Оларды гурғын үйлер мен бала- бақшаларда орнатуға болмайды.
РИД-1 жэне РИД-6 хабарлағыштарының негізгі техникалық
сипаттамалары: РИД-1 РИД-6
- бақыланатын аймақ (құрылғы биіктігі 4 м дейінкезінде) 150 150 - дабыл белгісі берілгенге дейінгі эсер етуден бастап хабарлағыштың
іске қосылу уақыты, с 10
- орташа қызмет мерзімі, жыл 10
Сызықтық-көлемдік фото электрлік жабарлағыш жүйелерге ДОП-1, ДОП-2, ИОП209-2 (ДОП-3) хабарлағыштары жатады. Олар түтіннің пайда болу дабылы болып табылады жэне төбе биіктігі 4 м дейін кезде, ауданы 20 м2 дейін болатын бөлмелерде қолданылады. Жұмыс істеу принципі сэулелегіш пен қабылдағыш арасындағы жану өнімдерімен инфрақызыл сәуленің көлеңкелеуі кезінде дыбыл белгісінің пайда болуына негізделген.
Бұл кезде шығу тізбегінде кедергінің өсуі жүздеген Ом нан 50 кОм дейін жүреді.
ДОП-2 жэне ДОП-3 хабарлағыштары ДОП-1 приборының модипикациясы болып табылады. Оларда сәулелегіш ретінде жарықтық диод қолданған, ДОП-1-қоректендірудің төменгі кернеуі кезінде жұмыс істейтін электрлік қыздыру шамы қолданады.
Хабарлағыштар күн сәулесінің-5000 лк, жарық беретін приборлар дан- 500 лк фото қабылдағыштың объектив жазықтығында фондық жарықтандырудың эсер етуі кезінде де жұмыс қабілетін жоғалтпайды.
КВАНТ-1 жэне КВАНТ-2 автоматты өрт құрылғылары 10%-дейін жану өнімдерімен инфрақызыл сәуленің әлсіреуін белгілейтін принципте жұмыс істейді. Сәулелегіш пен фото қабылдағыш бір корпуста болады және инфрақызыл сәулеленуді өткізетін жалпы жарық сүзбесі бар.
КВАНТ-1 приборы бөлмеде төбеден биіктігі 0,1 м тең қашықтықта орнатылады және ені 0,5 м кем емес бақылайтын аймағы болуы керек. Егерде қайтарғыш болып өртке қарсы қабырға болса, онда оғанға дейінгі қашықтық 30 м аспауы керек, оған жарық қайтарғыш орнатқан кезде бөгет қашықтығы 50 м дейін өседі.
КВАНТ-2 құрылғысының төрт бөгегіші бар-қабылдағыштың сәулелегіші, яғни төрт инфрақызыл сәулені және олардың жұмысын синхрондайтын бір блокты жасау мүмкіндігі бар.
Автоматты өрт хабарлағыштары іске қосылу импульсына байланысты жылулық, түтіндік, жарықтық, аралас жэне ультрадыбысты болып бөлінеді.
Жылулық хабарлағыштар (АТИМ) орнатылған мәннен жоғары қоршаған ортаның температурасының көтерілуіне белгі береді және жарылмайтын қауіпсіз орталы қорғалатын бөлмелерде қолданылады.
Температура көтерілген кезде жартылай өткізгіш термокедергі К\ датчик сияқты азаяды, кернеу жоғарлайды, нәтижесінде тиратрон Т іске қосылады.
Хабарлағыштарды 60, 80 және 100°С -іске қосылу температурасына реттейді;
іске қосылу уақыты 50 с, бақыланатын аудан 15-30 м2.
Түтіндік хабарлағыштар (ДИ-1) түтіннің пайда болуына белгі береді.
Мундай хабарлағыштың сезімтал элементі иондаушы камера болып табылады, онда камерада электрондар мен иондарга ауа молекулаларын шашырататын плутоний 239 а-сәулелерін жібереді. Хабарлағыш жұмысы
камераның иондаушы тогына жану өнімдерінің эсер ету принципіне негізделген. Камераның жұмыс көлемін толтыратын ауа радиоактивті сәулеленудің эсер етуінен иондалады да электр өткізгіші болады. Егерде камераның электродтарына түрақты токтың көзін жалғаса иондар қозғала бастайды және тізбекте иондалған ток пайда болады. Қоршаған ортаның дұрыс температурасында хабарлағыштарға келтірілетін тұрақты токтың кернеуі іс жүзінде өзгермейді, сол себепті хабарлағыш іске қосылмайды.
Өрт кезінде түтін камераға түседі, сәулелердің күшейтілген сіңірілуі жүреді және иондалу дәрежесі азаяды, нэтижесінде тиратронның басқаратын электродында кернеу азаяды, тиратрон кедергісі төмендейді де қабылдағыш стансаның орындайтын релесінің іске қосылуын тудыратын линияда ток жүреді.
Түтіннен жұмыс істейтін автоматты қондырғылар 10 сәулелік үлкен сыйымдылығы бар. Әрбір сәулеге 10 хабарлағыш қосуға болады.
Хабарлағыш 5 секунд ішінде іске қосылады, бақыланатын аудан 100 м2 құрайды.
Жарықтық хабарлағыштар (СИ-1) аніық жалынның сәулеленуіне әсерін білдіреді. Хабарлағыштың жұмыс істеу принципі жанып жатқан денелердің инфрақызыл жэне ультракүлгін сәулелер шығару қасиетіне негізделген.
Хабарлағыштың сезімтал элементіне түсе отырьш, бұл сәулелер электр тогына түрленеді, ол электр сызбамен күшейеді де қабылдағыш аппараттың релесін іске келтіреді. Мүндай хабарлағыштарды салыстырмалы ылғалдығы 80% кезіндегі ауа температурасы 10 нан 40°С дейін болатын жабық бөлмелерде қолданады. Бақылайтын ауданы 600 м2 дейінді қүрайды.
Аралас хабарлағыштар (КИ-1) жылулық жэне түтіндік хабарлағыштың функциясын орындайды. Олар түтіндік хабарлагыш базасында жылулық хабарлағыштарға керекті электр сызбалардың элементтерін қоса отырьга жасалган. Бақылайтын ауданы 100 м2 қүрайды.
Ультрадыбысты хабарлағыштар (ДУЗ-4) жабық бөлмелерде қозғалыстағы нысандарды табу үшін қолданады, мысалы тербелетін жалындар.
ДУЗ-4 датчигінің жұмыс істеу принципі Допплер эффектісін пайдалануға негізделген. Қорғалатын бөлмелерде ультрадыбысты тербелістерді электр белгісіне түрлендіретін қабылдағьпп түрлендіргіштер орналасқан жиілігі 20 кГц ультрадыбыстар сәулеленеді. Тербелетін жалын жоқ кезде түрлендіргіштен келетін белгі жиілігі сәулеленетін жиілікке сәйкес болады. Бөлмелерде қозғалатын нысандар пайда болған кезде олардан шағылысқан ультрадыбысты тербелістер дұрыс сәулеленуден өзгеше жиілікке ие болады. Сәулеленетін және қабылдайтын белгілердің жиіліктерінің айырмашылығы тербеліс (5-30 Гц) түрінде күшейеді және қабылдағыш стансаның өрістелген релесінің іске қосылуын тудырады және электронды блоктьщ электр сызбасымен бөлініп көрсетіледі. Бақыланатын аудан 1000 м2 дейін болады.
14 Өрт пайда болған кездегі персоналдың әрекеті. Өртте зардап шеккенге дәрігерге дейінгі көмек
14.1 Өрттерді сөндірудің жалпы ережелері және өрт кезіндегі әрекеттің тізбектілігі
1. Өрт туындаған жағдайда эрбір бөлменің, зертхананың, цехтың, қабаттардың, ғимараттың, кәсіпорынның, мекеменің іс-әрекеттерінің тэртібі мен реттілігін, нақгы орындаушыларды, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруді қарастыратын жоспары болу керек.
2. Өз күшімен сөндіре алмайтын өрт кезінде (жоспарға, қызметіне, тәжірибесіне, бастамасына сәйкес тағайындалған) жетекші саспай барлық адамдарға келесі тапсырмалар беру керек:
- өрт туралы 101 телефоны бойынша шұғыл хабарлау: (нақты мекен жайын, өрт орнын (бөлме, қабат), өртену уақытын, түтін түсін, өзінің аты - жөнін), сондай - ақ қызметі бойынша үлкенге, жетекшіге және көрші бөлмелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге;
- жарақаттанған адамдарға алғашқы көмек көрсету, жедел жәрдемді шақыру; адамдарды өрт жерінен шығаруды ұйымдастыру; өрт сөндіру тобын қарсы алу;
- өртті болдырмау бойынша шаралар қолдану: газды, токты сөндіру, желдеткішті өшіру, сорып шығару шкафтарының есіктерін жабу, тез жанып кететін заттарды, материалдарды, газы бар баллондарды шығару;
- өрт сөндірудің алғашқы заттарын (крандардан шығатын өртке су себетін түтік құбырларды, өрт сөндіргішті, топырақты, асбесті кенеп матаны жэне т.б.) жэне қорғанудың жеке құралдарын (газтүтқыштарды, Өртке төзімді алжапқыштарды, костюмдерді, қолғаптарды) дайындыққа келтіру жэне қажет болған кезде пайдалану.
3. Үстелдің үстіндегі өртті сөндіру кезінде бірден оталу көздерін алып тастау керек (газды жабу, электр тогын сөндіру, асбест тілімімен жабу), содан кейін өрт ошағынан тез жанып кететін сүйықтықтарды (ТЖС), жану заттарын алыіі тастау керек. Қажет болса өрт сөндіру қүралдарын пайдалану керек.
4. ТЖС сөндіру үшін топырақты, Өртке төзімді матаны, ОХП немесе ОВП типті көбікті өрт сөндіргішті қолданылады.
5. Жанып тұрған электр қүрылғыларын бірден сөндіру керек. Егер оларды сөндіру мүмкін болмаса, электр тогын өткізбейтін өрт сөндіру заттарын: топырақты, оттан қорғайтын материалды, көмірқышқыл (көбіксіз) өрт сөндіргішті пайдаланады. Цехта өрт кезінде жалын толқыны келе жатқан кездегі адамның әрекеті:
- бірден жерге қүлау;
- басын матамен немесе киіммен жабу;
- толқын өтіп кеткенше тыныс алмау.