• Tidak ada hasil yang ditemukan

По отделению химии и технологии: Химия – 3; Химическая технология – 2; Технология новых материалов – 2

Dalam dokumen ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК (Halaman 131-135)

ЖƏНЕ ТҰЛҒА ЕРКІНДІГІ МƏСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕ

3. По отделению химии и технологии: Химия – 3; Химическая технология – 2; Технология новых материалов – 2

4. По отделению биологии и медицины: Биология – 3; Медицина – 4.

5. По отделению общественных и гуманитарных наук: Философия – 1; История и архео- логия – 2; Экономика – 2; Литература и искусство – 1; Социология – 1; Юриспруденция – 1;

Педагогика – 1; Языкознание – 1.

6. Отделение аграрных наук: Сельское хозяйство – 4; Животноводство – 2; Ветеринария – 1.

Основные требования при приеме документов: ученая степень доктора наук (копия диплома МОН РК или нострификация МОН РК), список опубликованных научных трудов, копия удосто- верения личности, рекомендация (протокол) Ученого Совета научной организации, вуза или трех академиков НАН РК. Возраст претендентов ограничен 50 годами. Порядок проведения выборов устанавливается Президиумом, согласно Устава НАН РК. Президиум НАН РК, вправе рассмотреть исключительные случаи и организационные вопросы, возникающие в ходе работы и принять по ним окончательное решение. В связи с тем, что НАН РК не имеет для проведения конкурса штат- ных сотрудников, конкурс проводится на платных условиях. Смета расходов утверждается Прези- диумом и проверяется Ревизионной комиссией НАН РК. Срок подачи документов один месяц со дня опубликования объявления в республиканских СМИ. Список претендентов будет опубликован в СМИ не позднее чем за 15 дней до начала выборов. Конкурс для избрания в НАН РК академиков и членов-корреспондентов без ограничения возраста состоится в конце текущего года. Вакансии определяются по отношению к контингенту членов НАН РК 1995 г.

Контактные телефоны для справок: 8-(727)-272-55-61; 261-00-25.

Адрес: г. Алматы, ул. Шевченко, 28, 2 этаж, каб. 214.

Подробности на сайте НАН РК: www.akademiyanauk.kz

Казахстанская правда 14.04.2012г.

132

ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрыновтың

ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының сессиясында жасаған баяндамасының қысқаша мəтіні Құрметті əріптестер!

ҚР ҰҒА-сының бүгінгі кезекті Жалпы жиналысының сессиясының жұмысын бастау үшін қажетті кворум бар. ҚР ҰҒА құрамындағы 154 академиктердің 33-і уəжді себептермен – денсаулы- ғына жəне іссапарға кетуіне байланысты сессия жұмысына қатынаса алмайды. Тізімдегі қатысуға тиісті 154 академиктердің 121-і осы залда отыр, яғни – 78 %. Олардың 30 сенімхат арқылы дауыс береді. Сондықтан Жалпы жиналыстың сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Осыдан 1 жыл бұрын өткен Жалпы жиналыстың сессиясынан бергі уақытта біздің арамыздан, фəни дүниеден бақилыққа кеткен, яғни дүниеден озған аяулы да ардақты ардагер азаматтарымызды еске алайық. Олар – ҚР ҰҒА академигі, КСРО жəне Ресей ғылым академиясының корреспондент мүше- сі, тарих жəне саясаттану салаларындағы жетекші ғалым, еліміздің көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Байдабек Ахметұлы Төлепбаев, ҚР ҰҒА академигі, заңтану ғылымы саласында Қазақ- станда əлемге əйгілі ғылыми мектеп құрған жетекші ғалым, мемлекет жəне қоғам қайраткері Салық Зиманов, ҚР ҰҒА академигі, теориялық физика саласында теңдесі жоқ жетекші ғалым, мемлекет жəне қоғам қайраткері Мейірхан Мүбаракұлы Əбділдин, ҚР ҰҒА академигі, зоология ғылымы саласында ғылыми мектеп құрған, ҚР ҰҒА бірінші вице-президенті, мемлекет жəне қоғам қайраткері Евгений Васильевич Гвоздев, ҚР ҰҒА академигі, геология ғылымы саласындағы жетек- ші ғалым Қайдар Айтжанұлы Əбдірахманов, ҚР ҰҒА академигі, қазақ тілі жəне əдебиеті, фольклор ғылымдары салаларында өшпес мұра еңбектерімен əлемге белгілі болған жетекші ғалым Рахман- құл Бердібай, ҚР ҰҒА академигі, қазақтың астрофизика саласындағы жұлдызы болып саналған Болат Төлешұлы Ташенов, ҚР ҰҒА академигі, металлургия саласында теңдесі жоқ жаңалықтар ашқан, марқұм жұбайы академик Виктор Дмитриевич Пономарев екеуі ұлттық ғылым кадрларын дайындау ісінде ерекше, шын жүректерімен еңбек еткен ғалым Елизавета Ивановна Пономарева.

Осы аттары аталған асыл азаматтарымызды еске алу рəсімі бойынша орындарыңыздан тұрып залда 1 минут үнсіздік орнатуға шақырамын (1 мин. – үзіліс). Рахмет, орындарыңызға отыруларыңызды өтінемін.

ҚР ҰҒА Төралқасының есептік кезеңдегі қызметіне тоқталатын болсақ, олардың негізгілері мына төмендегідей: ҚР ҰҒА Төралқасы 1940 жылдардан бастап жарыққа шығып жатқан, өздеріңізге белгілі, 8 ғылыми журналдарды – яғни ҚР ҰҒА Баяндамасы, ҚР ҰҒА Хабаршысы жəне 6 сериялы ҚР ҰҒА Хабарлары – академияның 6 бөлімшелері тарапынан жарыққа шығарылады.

Олар бұрынғыша республикада, 73 жақын жəне алыс шет елдерге таратылады. Сонымен қатар жыл сайын дайындалатын Ұлттық ғылыми баяндама жарыққа шығарылады, ҚР Білім жəне ғылым министрлігіне, ҚР Премьер-министрі кеңсесіне жəне ҚР Президент əкімшілігіне тапсырылады.

ҚР ҰҒА-сының шығаратын 8 журналын «Елзевир» халықаралық ақпараттық орталық арқылы

«Scopus» базасына енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, 2 жылдық сынақ мерзімінің 1 жылы табыс- ты өтті. Қазіргі журналдарымыз еуропалық стандартқа сай, барлық мақалалардың түйіндемесі ағылшын тілінде кеңейтіліп, ал кейбір мақалалар толығымен ағылшын тілінде шығарылатын болады. Бұл үрдіс Қазақстан ғалымдарының ғылыми жетістіктерін бүкіл дүние жүзіне паш етеді.

ҚР ҰҒА Төралқасы қаржыландыратын осы 2 саладан басқа жалпы ғылымды дамытуға жəне халық-аралық қатынастарды жақсартуға, мысалға МААН, ШОС,ОИК ұйымдарында белсенді қызметтер жасау арқылы жəне т.б. іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған көптеген қызметтерді атқарды.

Ал енді қазіргі мəселеге келетін болсақ, өздеріңізге белгілі, ҚР Ұлттық ғылым академиясына сайлау соңғы 17 жыл ішінде осындай кең көлемде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл – Ғылым акаде- миясы 1996 жылы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы, 1999 жылы мемлекеттік мекеме жəне 2003 жылы Республикалық қоғамдық бірлестік болып үш рет өз мəртебесін ауыстыруына байла- нысты ұзаққа созылған үзіліс болды.

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академия- сының академигі Н. Ə. Назарбаев 2011 жылы 1 желтоқсанда осы залда өткен Қазақстан ғалымда- рының Форумында: «Бүгін Қазақстанның дамуына ғалымдар, зерттеушілер жəне ғылыми қызмет-

керлер нағыз шешуші үлес қосатын уақыт келді. Алдыңғы үш жылда ғылымды дамыту үшін 118 миллиард теңге қаржы бөлінеді. Бұрын-соңды Қазақстан ғылымға мұнша қаржы жұмсаған

133

жоқ», – деп атап көрсетті. ҚР Президентінің бұл сөзі ғалымдарға жаңа жауапкершілік арттырады, ғалымдар қатарын жаңа кадрлармен толықтырып, тың шешімдер қабылдауға міндеттейді.

ҚР ҰҒА корреспондент мүшелігіне өтуге үміткерлерден сараптамадан өткен 76 өтініш қабылданды. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жасы 50-мен шектелген, ғылым докторы ғылыми дəрежесі жəне ірі ғылыми жетістіктері болуы қажет. Бұл Жалпы жиналыстың шешімі болатын. ҚР ҰҒА бөлімшелері орналастырылған 6 университет ректорларына жастары жағынан қойылған шектеулер ҚР ҰҒА Төралқасы шешімімен қолданылған жоқ.

Сайлауға дайындық шынайы, ашық түрде жүрді: республикалық баспасөз беттеріне жəне ғы- лым академиясының сайтында конкурстың өткізілуі туралы хабарландыру берілді, үміткерлердің тізімі жəне басқа хабарлар жарияланды. Дауыс беру яғни жабық түрде өтетін сайлау үміткерлер туралы ҚР ҰҒА бөлімшелеріне түскен қолдаулар мен пікірлерді есепке ала отырып өткізіліп жатыр.

Ғылымның ірі салалары бойынша ҚР ҰҒА алты Бөлімшелерінде ҚР ҰҒА корреспондент

мүшелігіне кандидаттарды сайлау өтті. Физика, математика, информатика бөлімшесі бойынша 8 орынға 11 үміткерден, 6 кандидат академиктердің 3/2-ден артық дауыс алып сайланды; Химия

жəне технологиялар бөлімшесі бойынша 7 орынға 12 үміткерден, 7 кандидат; Жер туралы ғылым- дар бөлімшесі бойынша 7 орынға 7 үміткерден, 4 кандидат; Аграрлық ғылымдар бөлімшесі бойын- ша 7 орынға 8 үміткерден, 6 кандидат; Биология жəне медицина бөлімшесі бойынша 7 орынға 10 үміткерден, 4 кандидат; Қоғамдық жəне гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі бойынша 10 орынға 7 бос вакансия қосылып, 28 үміткерден 17 кандидат сайланды. Жалпы ҚР ҰҒА-сы бойынша конкурс жарияланған 46 орынға 44 үміткер-кандидаттар сайланды, ал 2 вакансия бос қалды. Бұдан былайғы уақытта ҚР ҰҒА академигі атағын алу үшін алдымен корреспондент мүше сатысынан өту қажет болады. ҚР ҰҒА академигі атағы – Қазақстандағы ең жоғары ғылыми атақ. Əрине бұл атақтан жоғары тұратын ҚР ҰҒА-сы белгілеген, 100 жылда бір-ақ рет берілетін «Ғасыр ғұламасы»

атағы тұр. Өздеріңізге белгілі бұл атақ ҚР ҰҒА академигі, ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұр- сұлтан Назарбаевқа ғана берілген болатын.

1994 жылдан бері алғаш рет өткізіліп отырған бұл сайлау ҚР ҰҒА-сын болашағынан үміт күттіретін, талантты жас ғалымдармен толықтырады. Осымен сайлау алдындағы кысқаша есепті баяндамамды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Құрметті академиктер! ҚР ҰҒА Төралқасының есепті баяндамасы бойынша қойылатын сұрақ- тарыңыз болса, оларды жазбаша түрінде Төралқаға тапсыруларыңызды өтінеміз. Қазір дауыс бе- руді бастап, санақ комиссиясы өз жұмысына кіріскен кезде жиналысымызды жалғастырып, сұрақтарыңызға жауап беріп, есепті баяндаманы талқыласақ деген ұсыныс бар. Қарсылық жоқ па?

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

(Дауыс беру үшін – 30 минуттық үзіліс).

Құрметті Жас буын жаңа əріптестер!

Ең алдымен сіздерді республикамыздағы ежелден ең беделді, еліміздің маңдай алды ғалымдары топтасқан, қазақтың көзінің қарашығындай етіп, ұлы ғалымымыз Қаныш Сəтбаев құрған осы ҚР ҰҒА-сының корреспондент мүшесі болып сайланғандарыңызбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Кей кездерде ұжым өмірі жеке басты адам өмірі сияқты шарықтау мен тоқырау кезеңдерінен тұрады. Күн батады, бірақ міндетті түрде таң атады жəне оны ешкім тоқтата алмайды. Осы акаде- мияның мемлекеттік статустан жəне сонымен бірге барлық институттары мен өз меншіктерінен айрылған, демек, ең қиын кезеңде альтернативті түрде жабық дауыс беру арқылы сайланған президенті ретінде Сіздерге айтатын бір-ақ өтініш-аманатым бар. Сіздер дүниежүзі ғалымдары классикалық, «бір елден – бір ғана академия принципімен танылған» жалғыз академияға мүше болып сайландыңыздар. Бұл Сіздердің ең ірі, тамаша жеңістеріңіз жəне Сіздерге аға буын академиктер тарапынан көрсетілген үлкен сенім. Сондықтан осы академияны шын жүректеріңізбен жақсы көріп, көздеріңіздің қарашығындай сақтаңыздар! Бұл академия болашақ үшін керек, қазақ халқының абыройы мен халықаралық беделі үшін керек. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі деген жоғары атақты саны көп, сапасы жоқ басқа академиялардың академигі деген атақпен араластырып қорламаңыздар. Баршаңызға айтарым жоғары атақтарыңызды толық көрсетіп жазыңыздар: «ҚР ҰҒА академигі», ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі», – деп. Бұл биіктік белгісі болады. Осында отырған БАҚ қызметкерлеріне де айтарым осы, ҚР ҰҒА академиясының атын көрсетіп жазыңыз- дар, бұқара халықты шатастырмаңыздар.

134 Уважаемые молодые коллеги!

Примите наши горячие поздравления и самые добрые пожелания, всех земных благ. Любите и берегите эту замечательную академию. Дорожите этим высоким званием, не путайте его с другими подобными званиями. И работников СМИ я тоже прошу не путать членов НАН РК с другими.

Иначе это будет с Вашей стороны не очень профессиональным поступком. Из-за неразборчивости некоторых мастеров пера иногда нивелируются истинно высокие звания членов-корреспондентов и академиков НАН РК, Лауреатов Госпремии Республики Казахстан, по сути пустыми званиями академиков международной академии, Нью-Йоркской академии, генерал науки, маршал науки.

Они все продаются или дарятся. И поэтому будет не солидно настоящему ученому польститься на такие мелочи.

Как Вам уже известно, эти весенние выборы представляют собой только половину полнокровного выбора этого года и на осенне-зимнем этапе состоятся выборы новых членов НАН РК без ограничения возраста. Как проведем следующий этап выборов и решим вопросы дальнейшего развития НАН РК, обсудим на следующем Общем собрании, которую, видимо, проведем в октябре текущего года. Всего Вам доброго! Келесі кездесуге дейін аман-есен болайық.

Бəрімізге бір Алла жар болсын! Сессияға қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет, хош-сау болыңыздар!

Алматы қаласы, 22 маусым 2012 ж.

135

Список избранных кандидатов в члены-корреспонденты

Dalam dokumen ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК (Halaman 131-135)