В ОБРАЗОВАНИИ: ОТЕЧЕСТВЕННЫЙ И ЗАРУБЕЖНЫЙ ОПЫТ
II. ОҚЫЛЫМ
Оқылым – бұл нақты бір тілдегі және басқа тілдегі жүйе бойынша графикалық таңбалар арқылы мағлұматты қабылдау және белсенді өңдеу үдерісі. Оқылым – сөйлеу әрекетінің репро- дуктивті түрі және тілдік тұлғаны қалыптас- тырудағы тілдік дағдылардың маңызды бөлігі.
Ф. Оразбаева еңбегінде: «Оқылым – графи- калық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу», – деген анықтама берілген (Оразбаева, 2005:
102) [18]. Оқылым дағдысы арқылы оқушылар мәтінді және оның мазмұны мен мақсатын, тілін түсінуге, негізгі ойды анықтауға және мәтіннің құрылымдық бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауды, оқылған мәтін негізінде сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндерге салыс- тырмалы сараптама жасауды меңгереді.
Оқылым бөлігіндегі тестілеу дегеніміз – мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпаратын оқып түсіну барысында тілдік білік-дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтау.
Тіл үйренуші деңгейлер бойынша лексикалық тілдік бірліктер қамтылған оқылым мәтіндерін оқи отырып, мәтіннің жалпы мазмұнын оқып түсіне алады. Осы үдеріс таңбаларды дұрыс та-
78
Білім алушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін квалиметриялық тәсілдер арқылы бағалау
нып оқудан басталады. Таңбаға әріп (Ә), шарт- ты таңба (ШТ), тыныс белгілер (П), азат жол (АЖ) жатады. Әріпті дұрыс дыбыстағанын бағалау үшін фонология ғылымының аясын- да дыбыс (дауысты дыбыс: жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік; дауыссыз дыбыс:
қатаң, ұяң, үнді) және интонация (екпін, кідіріс, ырғақ, рифма, тембр) мәселелерін төмендегі кестедегідей декомпозициялаймыз:
3-сурет – Оқылым әрекеті
Оқу үдерісі ішінен оқу және дауыстап оқу деп екіге бөлінеді. Ішінен оқу кезінде акустика, артикуляция мәселелері қаралмайтындықтан, кестеде әрі қарай жіктеп көрсетілмеген. Ал дау- ыстап оқу кезінде әріптердің дұрыс дыбысталу- ын бағалау қажеттігінен артикуляция мәселелері жіктеледі. Артикуляция мәселесі сөз болғанда тілші ғалым Ә. Жүнісбектің дыбыстардың жаса- лу жолдарын жіктейтін «Қазақ тіл білімінің мәсе- лелері. Қазақ фонетикасы» еңбегіне сүйенеміз.
Жасалым фонетика (артикуляция) – ды- быстың жасалу жолдарын анықтайтын фонетика саласы. Ол былайша бөлінеді:
- жасалу орнына қарай: ерін, ерін-ерінді, тіл ұшы, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты, тілшік;
- жасалу тәсіліне қарай: тоғысым, тоғысыңқы, жуысым, жуысыңқы, жинақы жуысыңқы, жайылыңқы жуысыңқы, діріл, жанама;
- дауыстың қатысына қарай: тербеліссіз (дау- ыс желбезегі қатыспайды, яғни қатаң), тербеліңкі (дауыс желбезегі жартылай қатысады, яғни ұяң), тербелімді (дауыс желбезегі мол қатысады, яғни үнді), тербелмелі (дауыс желбезегі толық қатысады, яғни дауысты).
- жасалым белгісіне қарай: езулік, еріндік, ілгерінді, кейінді;
- айтылым белгісіне қарай: ауыз қуысты, көмей қуысты, тұтас қуысты;
- естілім белгісі: жуан, жіңішке, езулік, еріндік (Жүнісбек, 2018: 18) [19].
Қазақ тілін оқытқанда төл (ә, ұ, ү, ө, і, ғ, қ, ң, Һ) дыбыстарымызды және ы дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру оқылым дағдысын қалыптастыру кезінде жүреді. Осыған орай төл дыбыстарымызды және барлық дыбыстарымыз- ды дұрыс қолдана білетінін бағалаймыз.
Сөйлесім әрекеті мен мәтінді оқу әрекеті ды быстау мүшелерінің артикуляциялық қозға- лысы негізінде жүретіндіктен, оқылым әрекетін бағалағанда да сөйлесім әрекетін бағалаған- дағыдай оқушының/тіл үйренушінің жоғарыда аталған дескрипторларды қалай қолданғанын, атап айтқанда:
• сөзді дұрыс дыбыстауын;
• сөзді анық айта білуін;
• буын үндестігін дұрыс қолдануын;
• дыбыс үндестігін сақтауын;
• сөйлем ырғағын дұрыс қолдана білуін;
• сөздің екпінін қоя білуін;
• сөйлем ішінде логикалық ойды білдіру үшін кідіріс жасай алуын;
• өлең ырғағын сақтай білуін;
• дауыс тембрін сақтай білуін;
• көркем мәтінді мәнерлеп оқи алуын;
• өлең сөздегі ырғақ, бунақ, тармақ ұйқастарын нақышына келтіре оқуын;
• дикциясын;
• мәтін мазмұнын түсініп оқуын;
• мәтінді мазмұндай білуін;
• мәтінді қалай түсінгендігін анықтайтын тапсырмаларды орындай білуін;
• грамматикалық, орфографиялық сауаттылығын бағалаймыз.
ІІІ. ЖАЗЫЛЫМ
Жазылым әрекетінің мақсаты – алған ақпараттары бойынша және коммуникативтік ниеттерге сәйкес жазбаша сөйлеудегі білік, дағдыларының қалыптасқан деңгейін тексеру.
Жазу арқылы қатысымға түсу үшін әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрайды, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы жазарман өз ойын жеткізе алады. Жазылым жұмысында басты талап ойды дұрыс жеткізе білу мен сауаттылыққа қойылады.
Жазылым – тілдік тұлғалардың графи ка лық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвис ти- калық, психологиялық, физиологиялық, әдіс- темелік ерекшеліктерге қатысты тілдік мате- риалдың мазмұны мен формасын бірдей қам ти- тын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қаты- насына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазылым, біріншіден, әріптің, сөздің графи- калық таңбасы арқылы әске асады; екіншіден,
бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазалымда сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, тіл үйренуші жазу үстінде сөйлемнің мағынасы мен мазмұнына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты болады (Оразбаева, 2005:
108) [18].
Жазылым арқылы оқушы ойын қағазға түсі- ріп, оқырманға жеткізуді мақсат тұтуы керек, яғни оқушы өз ойын оқырманға жеткізуі үшін жазуды үйренеді.
Жазылым жұмысында бағаланатын бөлік – орфография. Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі.
Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес.
Жазылымда әріп, азат жол, шартты таңбалар, тыныс белгілерін, әсіресе, мәтіннің жаңа ойды бастайтын бөлігі – азат жолды, мәтінде қойылатын тыныс белгілерді (үтір, нүкте, нүктелі үтір, көп нүкте, қос нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі, дефис, сызықша) дұрыс қол- дануды бағалау қажет. Сондай-ақ бағалау крите- рийлері ретінде стилистика мәселелері де (рес- ми ісқағаздар стилі, публицистикалық стиль, ғылыми-көпшілік стилі, ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі) қамтылуы тиіс. Оларды төмендегі кестедегідей декомпозициялаймыз:
4-сурет – Жазылым әрекеті
Жазылым әрекетін бағалау кезінде оқу- шы ның мәтінді оқырманға бағыттай алғанын және жоғарыда аталған дескрипторларды қалай қолданғанын, атап айтқанда:
• сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуін;
• мәтіннің азат жолын айыра білуін;
• әріптерді айқын таңбалай білуін;
• өзі жазып отырған мәтіннің стиліне орай сөз саптай алуын;
• орфографияны сақтап, сөйлемді дұрыс жаза білуін;
• жай сөйлемдерді құрастыруын;
• құрмалас сөйлемдерді құрастыруын;
• мағыналас сөздерді пайдалана алуын;
• тұрақты сөз тіркестерін қолдана алуын;
• мақал-мәтелдерді қолдана алуын;
• берілген тақырып бойынша ойын жүйелі баяндауын;
• жазып отырған жанрына қарай мәтінде өз ойын толық жеткізе алуын бағалаймыз.
ІV. СӨЙЛЕСІМ
Тұлғаға тілді оқытудағы басты мақсат – оқушыны сөйлеуге, яғни өзінің ойын тілдік нор- маларға сай дұрыс айта білуге үйрету. Сөйлесім – тілдік қарым-қатынас барысында тұлғаның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу. Сөйлесім – адам- дар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыра- тын әрекеттің бір түрі. Сөйлесім – тілдік қарым- қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізуі. Бұл – адам мен адамның тілдік қарым- қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі, яғни бір адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлеуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік реакция жасауы не- месе жауап қайтаруы. Мұның өзі сөйлесімнің кем дегенде екі адамға қатысты екендігін көрсетеді.
Ол тілдік коммуникация арқылы жүзеге асады.
Сөйлесім әрекетіне қатысты ең маңызды мәселе – сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және нормаларын меңгеру. Сөйлесімде тұлғаның тілдік бірліктерді (дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін) жеткізейін деген ойына сай дұрыс айта білуі бағаланады. Оны төмендегі кестедегідей декомпозициялаймыз:
5-сурет – Сөйлесім әрекеті
80
Білім алушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін квалиметриялық тәсілдер арқылы бағалау
Сөйлесім фонологиямен тығыз байланысты.
Фонология дыбысты зерттейтін болғандықтан, дауысты (жуан-жіңішке; ашық-қысаң; еріндік- езулік), дауыссыз (қатаң, ұяң, үнді) дыбыс түрлерін және интонацияны (екпін, кідіріс, ырғақ, тембр, рифма) қамтиды. Сөйлеу әрекеті кезінде осы тілдік бірліктерді нормаға сай қолданудың айтайын деген ойды жеткізуге тікелей қатысты өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ тілі сөздерінің айтылуы мен жазылуы әр уақытта бірдей бола бермейді. Сөздердің айтылуы мен жазылуында бірлестік болуы мүмкін де емес. Осымен бай- ланысты сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бірдей бола бермейді, яғни сөз қалай таңбаланса, сол таңбаларды ғана сақтап айту әрдайым шарт та емес, мүмкін де емес. Сол себепті жоғарыдағы кестедегі таңба (Т) әрі қарай декомпозициялан- байды. Керісінше, жазылым әрекетін баяндаған кезде таңбаға (Т) тереңірек тоқталамыз.
Сөйлесімге берілген анықтамаларға шолу жасай отырып, СӨЙЛЕСІМНІҢ функционалдық қызметін толық ашпайтынын байқап, «Сөйлеу мәнері» деген сөз тіркесін арнайы қолданамыз, себебі сөйлеу мәнері:
1) дыбысты айту мәнері;
2) сөзді айту мәнері;
3) сөз тіркесін айту мәнері;
4) сөйлемді айту мәнері деп бөлінеді.
Сөйлеуші өзінің айтайын деген ойына қатысты аталған тілдік бірліктердің әрқайсысын лингвистикалық ережелерге сай қолданады.
Бұл туралы тілші ғалым Р. Сыздықтың түйген ойының қай-қайсысы болсын, тіл үйренушіге де, үйретушіге де пайдалы. «Тілдік нормалар оның барлық қатпарында, сөздік саласында (лексика- сында), грамматикасында, дыбыстар жүйесінде, стильдік көркемдік тәсілдерінде болуы шарт.
Норма сондай-ақ тілдің қолданылу түрлерінде де, яғни жазба және ауызша түрде қызмет ету барысында да орын алуы қажет. Сондықтан ана тіліміздің жазба түрімен қатар ауызша түріне қойылатын талаптардың да күшейе түсуі заңды» (Сыздық, 2014: 8) [20] Сондықтан сөйлеу мәнерінің өзін әрі қарай төмендегі кестедегідей декомпозициялап көрсете аламыз. Бұл сөйлеу мәнерін бағалаудың өлшемі, яғни оқушының сөйлеу мәнерін осы көрсетілген өлшемдер арқылы бағалаймыз:
6-сурет – Сөйлесім мәнері
Жоғарыда айтып өткеніміздей, сөздің жазы- лымы мен сөйлесімнің үнемі сәйкес келмейтін- дігінен, сөйлеу мәнерінде сөздің айқын, сөз са- зын сақтап дұрыс айтылуы, дыбыстың үндестік заңына бағына қолданылуы және сөйлемнің сөй- леушінің дикциясына, дауыс тембріне, сөйлеу әуенін бұзбауына, өз ойын тезірек жеткізу мақсатымен үнемдеу заңын (элизия, гаплоло- гия, түрік изафеті, синтаксистік ықшамдалу) пайдалануы – табиғи заңдылық. Қазақ тіліндегі ықшамдалу құбылысы тіл біліміндегі үнемдеу үде рісімен байланысты. Шындығында, тілдік эко номия процесімен тығыз байланысты ық- шамдалу жайы тілдің фонетикалық ықшамдалу, морфологиялық ықшамдалу, синтаксистік ық- шамдалу сияқты барлық деңгейінде кездеседі.
Дегенмен қазіргі уақытта қазақ тілінде сөй- ле генде орфоэпиялық норманы бұзып, жазба мәтінде сөздер қалай жазылып тұрса, солай ауызша айту көп байқалады. Бұлай сөйлеу тілдің өз қалпын сақтауына кері әсерін тигізеді.
Мысалы:
1) Ықпал заңдылығы – Ақмарал (дұрыс айты- луы: Ағмарал), Ақнұр (дұрыс айтылуы: Ағнұр);
Жүсіпбек (дұрыс айтылуы: Жүсіппек), Жанқожа батыр (дұрыс айтылуы: Жаңғожа батыр), шека- ра – (дұрыс айтылуы: шегара);
2) Эллизия – Сарыағаш (дұрыс айтылуы:
Сарағаш); Сарыарқа (дұрыс айтылуы: Сарарқа);
3) Гаплология – араластыр (ықшамдалып ай- тылуы: ар-лас-тыр)‚ әрқайсысы (ықшамдалып айтылуы: әрғайсы).
4) Түрік изафеті – Қазақстан Республи- касы Президентінің Жарлығы (дұрыс емес:
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры (дұрыс емес:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры).
5) Синтаксистік ықшамдалу – келе алмады (айтылуы: келалмады), айта алмады (айтылуы:
айталмады).
Сөйлесім әрекетін бағалағанда оқушының жоғарыда аталған дескрипторларды қалай қолданғанын, атап айтқанда:
• қазақ тілінде қаншалықты сауатты сөйлей алатыны;
• өз ойын кез келген тақырыпта ауызша еркін жеткізе алатындығын;
• қойылған сұраққа дұрыс жауап беруін бағалаймыз;
• сөзді дұрыс дыбыстауын;
• сөзді анық айта білуін;
• буын үндестігін дұрыс қолдануын;
• дыбыс үндестігін сақтауын;
• сөйлем ырғағын дұрыс қолдана білуін;
• сөздің екпінін қоя білуін;
• сөйлем ішінде логикалық ойды білдіру үшін кідіріс жасай алуын;
• өлең ырғағын сақтай білуін;
• дауыс тембрін сақтай білуін бағалаймыз.
Сөйлесім әрекетінде дыбыстардың арти- ку ля циялық тұрғыдан дұрыс айтылуын қарас- тырмаймыз, соған сәйкес бағаламаймыз да, себебі дыбыстарды артикуляция талабына сай айтып үйрену оқылым дағдысын қалыптастыру кезінде жүргізіледі және тіл үйренуші дыбыс- тар ды дұрыс қолдануға автоматты түрде машық- танады. Сондықтан да артикуляция мәселесі сөйлесім әрекетінде емес, оқылым әрекетінде бағаланады.
Қазақтың шешендік сөздері мен ауыз әдебие- тінің нұсқаларын жинап, кітап құрастырған белгілі түрколог ғалым В.В. Радлов: «Қазақ тілі – Исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай түпкі таза түрі – түркілік сипатын сақтап қалған тіл.
Рас, мұнда да бірен-саран жат сөздердің енгені байқалады, бірақ ол сөздер қазақ тілінің үндестік заңына бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына қосылған. Қазақ тілінің осы тазалығы мен табиғилығы, сондай-ақ көп таралғандығы бұл тілдегі мұраларды менің көбірек жинап, оған әдебиет нұсқаларын құрастырған жинақтардың
толық бір томын арнауыма себеп болды.
Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті», – деп қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғара білген (Салқынбай, 2017) [21]. Осындай ғасырлар бойы сақталып келген халқымыздың сөйлеу өнерін ұрпақтан- ұрпаққа бұзбай жеткізу міндетіміз.
Сондықтан тілдің әуезділігін сақтау үшін жазылған әріптердің барлығын оқи бермей, қазақ тілінің үндестік заңы, үнемдеу заңы талаптарына сай сөйлесім дағдысын қалыптастыру қажет, де- генмен тілді үйренуге ынталандыру үшін неме- се тіл үйренушінің еркін сөйлеуге батылдығын арттыру мақсатымен бағалау кезінде кейбір ере- жеден тыс жайттарға жол беру қажет. Сөздердің айтылуы мен жазылуында тура сәйкестік болуы мүмкін емес. Осымен байланысты сөздің жазы- луы мен айтылуы үнемі бірдей бола бермейді, яғни сөз қалай таңбаланса, сол таңбаларды ғана сақтап айту әрдайым шарт та емес, мүмкін де емес.
Сөйлеу дағдысы тілдік білім беруде ма- ңызды орын алады. Сонымен қатар сөйлеу дағдысын мақсатты тілде сөйлесуге мүмкіндік беретін және оны дамыту үшін маңызды дағды ретінде түсіндіруге болады. Оқушылардың сөй- леу дағдыларын өлшеу барысында ашық тап- сыр малар қолданылады. Күнделікті өмірде сөйлеу дағдысы қолданылатын әртүрлі жағдай- лар ды ескере отырып, осы жағдаяттарға үлгі бола тын тапсырмалар дайындалады. Тұлға сөй- лесім әрекетінде өз-өзімен, оқушылармен (мұға- ліммен), әріптестерімен (сыныптастарымен) қазақ тілінде қарым-қатынас құра білуі керек.
Сөйлесім дағдысын бағалауда ескере кететін жайт: бағалаудың осы түрі мұғалім тарапы нан күнделікті жүргізілуі шарт және оның қорытын- дысы негізінде жиынтық бағалау жасалады.
Қорытынды
Зерттеуімізді қорыта келе, оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда олардың қазақ тілінде сауатты оқуы, жазуы, сөйлеуі, тыңдалым тапсырмаларын дұрыс орындауы арқылы қажетті деңгейде сөйлеуі мен жазу- ды меңгергені (нәтижеге бағытталған білімді) бағаланады дегіміз келеді. Барлық мұғалім өздерінің берген білімдерінің нәтижесі үшін жауапты. Тест тапсырмалары бағалаушыға (пе- дагогке) қалай көмектеседі? Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер
82
Білім алушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін квалиметриялық тәсілдер арқылы бағалау
орталығы ұсынатын тест тапсырмалары педа- гогке төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі:
● Менің оқытуым тиімді болды ма, жоқ па?
● Менің сабақтарым тиісті деңгейде жүр- гізілді ме?
● Мен қалай оқытып жүрмін?
● Сабақтың қандай бөлімдерін қайта қара- уым керек?
● Қандай материалға көбірек/азырақ көңіл аударуым қажет?
● Тест жауаптары анық болды ма?
● Тест тапсырмалары оқушының тілдік білі- мін анықтай алды ма?
Тест бағаланушыға да, бағалаушыға да кө- мектеседі, яғни тест тапсырмалары білім алу- дағы қол жеткен жетістікті растайды және мұғалімнің болашақтағы жұмыстарын жақсар- туға көмектеседі.
Оқушының жеке тұлға ретіндегі келбеті оның тілдік тұлға келбетімен толыға түседі. Білім алушы тілдің табиғатын таныған сайын тілдік таңба арқылы санасына қазақ тілі туралы білімді жинақтай береді, сөйтіп, санасы да, ойлауы да, тілі де дамиды. Тіл арқылы оқушының ішкі жан-дүниесі, мәдениетінің деңгейі, білімі, сана- сезімі байқалады. Тілдік тұлға ұғымы тұлғаның жеке дара сана-сезімі және дүниеге көзқарасы мен тілдің өзара байланысын білдіреді. Алдағы жылдары мектеп оқушыларының қазақ тілі бой- ынша білімдері білім беру бағдарламасы арқылы өлшенетін болады. Ол үшін білім беру бағ- дарламалары мен оқулықтардың мазмұны ұлт- тық құндылықтарға негізделіп құрылуы керек.
Зерттеу жүргізген тақырыбымыз бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың жаңа өлшемшарттары туралы сала мамандары мен педагогтердің ұсыныстары мен пікірлерін күтеміз.
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2004 жылғы 19 наурыз //
https://www.akorda.kz/
2 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2016 жыл // https://adilet.zan.kz/
3 Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы. 2016 жылғы 06 қаңтар //
https://www.akorda.kz/
4 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //
https://adilet.zan.kz/
5 Tamai M. In search of higher quality in the Kingdom of Bahrain. – Almaty: Kazakhstan-Japan Center for human resources development, 2004. – 144 с.
6 Гличев А.В. Основы управления качеством продукции. – М.: Стандарты и качество, 2001. – 424 с.
7 Туймебаев Ж.К., Балыкбаев Т.О., Омирбаев С.М., Сагиндиков И.У., Нефедова Л.Ф. Национальная система оценки качества образования Республики Казахстан: принципы и перспективы развития. – Астана: ИД «Сарыарка», 2007. – 212 с.
8 Мирошниченко А.А. Этапы квалиметрической подготовки будущих педагогов / А.А. Мирошниченко. Инновацион- ные технологии обучения физико-математическим и профессионально-техническим дисциплинам: Материалы IX Между- народной научно-практической интернет-конференции. – Мозырь, 2017. – С. 232-233.
9 Панюшкина М.А. Формирование оценочно-квалиметрических компетенций будущего бакалавра педагогического образования: диссертация на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. – Казань, 2019. – 217 с.
10 Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері: оқулық. – Алматы: Print-S, 2005. – 145 б.
11 Коробейникова Е.В. Квалиметрическая подготовка будущих учителей: дис. канд. пед. наук. – Челябинск, 2007. – 173 с.
12 Мальцев А.В. Формирование квалиметрической компетентности педагогических работников // Известия Уральско- го государственного университета. – 2009. – № 4 (68). – С. 7-16.
13 Примеров Д.А. Формирование оценочной компетенции студентов педагогического вуза: дис.канд. пед. наук. – Че- лябинск, 2012. – 193 с.
14 Фомина Н.Б. Формирование квалиметрической компетентности руководителя общеобразовательного учреждения в системе повышения квалификации: дис.канд. пед. наук. – Ижевск, 2010. – 195 с.
15 Кожевникова Э.Э. Развитие оценочной компетентности учителя при повышении квалификации как фактор сохране- ния здоровья школьников: дис. канд. пед. наук. – Новокузнецк, 2012. – 239 с.
16 Юшкова В.В. Формирование квалиметрической компетенции будущих бакалавров технологического образования:
дис. канд. пед. наук. – Ижевск, 2012. – 210 с.
17 Гребенюк Т.Б. Формирование индивидуальности будущего педагога в процессе профессиональной подготовки: дис.
д-ра пед. наук. – Ярославль, 2000. – 452 с.
18 Исикава К. Японские методы управления качеством. – М.: «Экономика», 1988. – 199 с.
19 Жүнісбек Ә. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2018. – 368 б.
20 Салқынбай А. Тегін танығысы келмейтінді текті деп айта алмаймыз // Қазақ әдебиеті. 14.04.2017. https://qazaqade- bieti.kz
References
Fomina, N.B. (2010). Formirovanie kvalimetricheskoi kompetentnosti rukovoditela obsheobrazovatelnogo uchrejdenia v sis- teme povyshenia kvalifikasii: dis.kand. ped. Nauk [Formation of qualimetric competence of the head of a general educational institu- tion in the system of advanced training: dissertation of the candidate. ped. sciences]. – Izhevsk, 195. (In Russian)
Glichev, A.V. (2001). Osnovy upravlenia kachestvom produksii [Fundamentals of product quality management]. Moscow, Standarty i kachestvo, 424. (In Russian)
Grebenyuk, T.B. (2000). Formirovanie individualnosti budushego pedagoga v prosese professionalnoi podgotovki: dis.d-ra ped.
Nauk [Formation of the personality of the future teacher in the process of professional training: dissertation of the doctor of ped.
Science]. Yaroslavl, 452. (In Russian)
Isikava, K. (1988). Yaponskie metody upravlenia kachestvom [Japanese methods of quality management]. Moscow, «Eko- nomika», 199. (In Russian)
Kazakhstan Respublikasynyn Prezidenti N.A.Nazarbaevtyn Qazaqstan halqyna Joldauy [Address of the President of the Re- public of Kazakhstan NA Nazarbayev to the people of Kazakhstan. March 19, 2004]. 2004 jylgy 19 nauryz // https://www.akorda.
kz/ (In Kazakh)
Kazakhstan Respublikasynda bilim berudi jane gylymdy damytudyn 2016-2019 jyldarga arnalgan memlekettik bagdarlamasy [The state program of development of education and science in the Republic of Kazakhstan for 2016-2019]. – Astana, 2016 jyl //
https://adilet.zan.kz/ (In Kazakh)
Kazakhstan Respublikasynda bilim berudi damytudyn 2011-2020 jyldarga arnalǵan memlekettik bagdarlamasy [The state pro- gram of development of education in the Republic of Kazakhstan for 2011-2020]. https://adilet.zan.kz/ (In Kazakh)
Korobeinikova, E.V. (2007). Kvalimetricheskaia podgotovka budushih uchitelei: dis.kand. ped. Nauk [Qualimetric training of future teachers: dissertation of the candidate. ped. sciences]. Chelyabinsk, 173. (In Russian)
Kozhevnikova, E.E. (2012). Razvitie otsenochnoi kompetentnosti uchitela pri povyshenii kvalifikasii kak faktor sohranenia zdorova shkolnikov: dis.kand. ped. Nauk [The development of the assessment competence of a teacher during professional develop- ment as a factor in preserving the health of schoolchildren: dis. ped. sciences]. Novokuznetsk, 239. (In Russian)
Malsev, A.V. (2009). Formirovanie kvalimetricheskoi kompetentnosti pedagogicheskih rabotnikov[Formation of qualimetric competence of pedagogical workers]. Izvestia Uralskogo gosudarstvennogo universiteta [News of the Ural State University]. № 4 (68),7-16. (In Russian)
Memleket basshysynyn «Ult jospary – Qazaqstandyq armanga bastaityn jol» maqalasy [The article of the head of state “The national plan – the way to the Kazakh dream”]. 2016 jylǵy 06 qantar. https://www.akorda.kz/ (In Kazakh)
Miroshnichenko, A.A. (2017). Etapy kvalimetricheskoi podgotovki budushih pedagogov [Stages of qualimetric training of future teachers]. Innovasionnye tehnologii obuchenia fiziko-matematicheskim i professionalno-tehnicheskim disiplinam. Materialy IX Mejdunarodnoi nauchno-prakticheskoi internet-konferensii [Innovative technologies of teaching physical and mathematical and professional and technical disciplines. Materials of the IX International Scientific and Practical Internet Conference]. Mozyr, 232- 233 (In Russian)
Orazbaeva, F.Sh. (2005). Tildik qatynas negizderi: oqulyq [Basics of language communication: textbook]. Almaty : Print-S, 145. (In Kazakh)
Panyushkina M.A. (2019). Formirovanie osenochno-kvalimetricheskih kompetensii budushego bakalavra pedagogicheskogo obrazovania. Disertasia na soiskanie uchenoi stepeni kandidata pedagogicheskih nauk [Formation of assessment and qualimetric competencies of the future bachelor of pedagogical education. Dissertation for the degree of candidate of pedagogical sciences].
Kazan, 217. (In Russian)
Primerov D.A. (2012). Formirovanie otsenochnoi kompetensii studentov pedagogicheskogo vuza: dis.kand. ped. Nauk [Forma- tion of the evaluative competence of students of a pedagogical university: dissertation of the candidate. ped. sciences]. Chelyabinsk, 193 s. (In Russian)
Salkynbay, A. (2017). Tegin tanygysy kelmeitindi tekti dep aıta almaımyz [We can’t say that a person who doesn’t want to be recognized for free is a pedigree]. Kazakh adebieti [Kazakh literature]. 14.04.2017. https://qazaqadebieti.kz. (In Kazakh)
Tamai, M. (2004). In search of higher quality in the Kingdom of Bahrain. Almaty: Kazakhstan-Japan Center for human re- sources development, 144.
Tuimebaev, J.K., Balykbaev, T.O., Omirbaev, S.M., Sagindikov, I.U., Nefedova, L.F. (2007). Nasionalnaia sistema otsenki kachestva obrazovania Respubliki Kazahstan: printsipy i perspektivy razvitia [National system for assessing the quality of education in the Republic of Kazakhstan: principles and development prospects]. Astana: ID «Saryarka», 212 s. (In Russian)
Yushkova, V.V. (2012). Formirovanie kvalimetricheskoi kompetensii budushih bakalavrov tehnologicheskogo obrazovania:
dis. kand. ped. Nauk [Formation of qualimetric competence of future bachelors of technological education: dis. Cand. ped. sciences].
Izhevsk, 210. (In Russian)
Zhunisbek, A. (2018). Kazakh til biliminin maseleleri [Problems of Kazakh linguistics]. Almaty, Abzal-Ai, 368. (In Kazakh)