МРНТИ 14.85.35 https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.09 С.О. Әбілқасова1, Л.М.Калимолдина2, Ж.Ы.Молдагазыева3
123Алматы технологиялық университеті Алматы қ., Қазақстан
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСТАРЫН ЕНГІЗУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Аңдатпа
Мақалада ЖАОК пайда болуы, әрі қарай қарқындап өсуі, еліміздің жоғары оқу орындарындағы онлайн оқу платформаларының дамуы айтылады. Қазіргі кезде жоғары білім беру саласындағы жаңа бағыт – жаппай ашық онлайн курстары болып табылады. Қазақстанда алдыңғы қатарлы оқу орындары біріккен ашық білім берудің Ұлттық платформасы құрылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан ЖОО ішіндегі OpenEdx ашық платформасында ЖАОК жүргізу бойынша көшбасшы болып табылады. ЖОО ішіндегі Алматы технологиялық университеті де өзінің OpenATU платформасын ашты. Мұнда оқу орнының алдыңғы қатарлы оқытушылары өздерінің алғашқы онлайн-курстарын орналастырды. Сонымен қатар, мақалада ЖАОК артықшылықтар мен кемшіліктері талданады. Қазіргі кезде ең танымал, жоғары сұранысқа ие онлайн курстардың тізімі де айтылады.
Түйін сөздер: жаппай ашық онлайн курстар, ұлттық платформа, электрондық курстар, видеодәрістер, проморолик.
S.О. Abilkassova1, L.М.Kalimoldina2,Zh.Y.Moldagazyeva3
123Almaty technological university, Almaty, Kazakhstan
PROBLEMS AND PROSPECTS FOR THE INTRODUCTION OF MASS OPEN ONLINE COURSES IN HIGHER EDUCATIONAL INSTITUTIONS
Abstract
The article describes the emergence and further growth of MOOCs, as well as the development of online educational platforms in higher educational institutions of the country. A new direction in the field of higher education in nowadaysis massive open online courses. National open educational platform has been created in Kazakhstan, which brings together leading universities. Kazakh National University named of al- Farabi is a leader in conducting MOOCs on the OpenEdx open platform among universities in Kazakhstan.
Almaty University of Technology has also launched its OpenATU platform. The university’s leading teachers posted their first online courses here. The article also discusses the pros and cons of MOOCs. A list of the most popular and sought-after online courses is being reviewed.
Key words: mass open online courses, National platform, electronic courses, video lectures, promotional video.
С.О. Абилкасова1, Л.М.Калимолдина2, Ж.Ы.Молдагазыева3
123Алматинский технологический университет г. Алматы,Казахстан
ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ ВНЕДРЕНИЯ МАССОВЫХ ОТКРЫТЫХ ОНЛАЙН КУРСОВ В ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЯХ
Аннотация
В статье описывается возникновение и дальнейший рост МООК, а также развитие онлайн образовательных платформ в высших учебных заведениях страны.В настоящее время новым направлением в сфере высшего образования являются массовые открытые онлайн-курсы. В Казахстане создана Национальная открытая образовательная платформа, которая объединяет ведущие университеты.Казахский национальный университет имени аль-Фараби является лидером в проведении МООК на открытой платформе OpenEdx в университетах Казахстана. Также среди ВУЗов запустил свою платформу Алматинский технологический университет - OpenATU. Здесь ведущие преподаватели университета разместили свои первые онлайн-курсы. В статье также обсуждаются плюсы и минусы МООК. Рассматривается список самых популярных и востребованных онлайн-курсов в настоящее время.
Ключевые слова: массовые открытые онлайн курсы, Национальная платформа, электронные курсы, видеолекции, проморолик.
Кіріспе. Заманауи ақпараттық технологияның дамуы білім беру саласына зор мүмкіндіктер тудырды. Жоғары технология мен ғаламтордың көмегімен кез-келген адам қашықтықтан білім алуға қол жеткізді. Адамдар саналы түрде әртүрлі онлайн-платформаларды, курстар мен вебинарларды таңдай отырып, қашықтықтан білім деңгейлерін көтере алады. Осындай қашықтықтан білім берудің бір түрі – жаппай ашық онлайн курстары (ЖАОК) болып табылады. ЖАОК соңғы жылдары өте қарқынды дамып, жоғары оқу жүйесінің дәстүрлі даму бағытына жаңа өзгерістер енгізіп келеді. Бұл өзгерістердің оң немесе теріс нәтиже беретіндігі уақыттың еншісінде.
Зерттеу әдістемесі. Мақалада педагогикалық зерттеулерде ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтау, болжамдарды тексеру мен саралау әдісі қолданылды.
Зерттеу нәтижесі. Жаппай ашық онлайн курстардың тарихына қысқаша көз жүгіртсек, ең алғаш Стивен Даун мен Джордж Сименс 2008 жылы «Connectivism and Connected Knowledge» курсын жүргізген, оған 2200-ден аса студенттер қатынасқан. Осыдан соң жаппай қашықтықтан жүргізілетін курстар өткізіле бастады [1]. Бірақ соның ішінде ең көлемдісі және дүниежүзінің көңілін аударған 2011 жылы Стенфорд университетіненПитер Норвиг пен Себaстьян Трун жүргізген «Жасанды интеллектіге кіріспе» деген тегін онлайн курсы болды. Ол курсқа190 елден 160000 студент қатысқан, соның ішінде 20000-нан аса студенттеросы курсты сәтті аяқтады.
Трун 2012 жылы февральда Udacity атты компанияның негізін қалады, олар ЖАОК-ты тегін жүргізген. 2012 жылы апрельде Дафна Коллер және Эндрю Ын Coursera деген атпен тегін білім беру онлайн курсын іске қосты [2].
Массачусетс технологиялық институты MITx платформасын жасаған, кейіннен ол Гарвардпен серіктестік құрылған кезде ЕdX деп аталды. MOOC-ты әзірлейтін және ұсынатын коммерциялық емес EdXконсорциумында қазір 30-дан астам университет серіктестері бар, олардың ішінде МакГилл де бар. Coursera MOOCs-ке 4 миллионнан астам студент қабылданды; Udacity де, ЕdX те миллионнан астам студенттерді өздерінің MOOC-ке тіркеді [3].
Coursera, edX және Udacity ең беделді платформаларының әрқайсысы өз миссияларында білім берудің жаңа белестерін көрсетеді. Coursera – алдыңғы қатарлы университеттер және ұйымдармен бірлесіп қызмет атқаратын білім беру платформасы. Coursera дүние жүзі бойынша онлайн-курстарын барлық оқуға тілек білдірушілерге тегін ұсынатындығын айтады. Біз болашақты болжай аламыз, мұнда әр адам дүниежүзілік деңгейдегі білім алуға қол жеткізе алады, біз білімді адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтыламыз, олар білім алу арқылы өз өмірлерін жақсарта алады деп сендіреді. EdX болса, XConsortium институционалдық серіктестер арқылы, кім жетістікке жеткісі, өркендеп өскісі келсе, біз онлайн жоғары білімнің ең үздігін ұсынамыз дейді. Udacityдың ұсынысы:
біздің миссиямыз–дүние жүзі үшін қол жетімді, тиімділігі жоғары әрі тартымды жоғары білім болып табылады. Біз жоғары білім алу адамдардың негізгі құқықтары деп санаймыз, студенттерді білім мен мансапқа ұмтылуына жағдай жасаймыз дейді [4]. Алдыңғы қатарлы білім беру платформаларының алдына қойған мақсат-мүдделері бір жерден шығатыны күмансыз, бәрі де әр адамға жоғары білім алып, өз өмірін жақсартуға мүмкіндік береді.
Стэнфорд университетінің профессоры Себастьян Трун бір сұхбатында: «ЖАОК білім берудегі географиялық, экономикалық және нәсіл кедергілерін жоюға қабілетті» дейді. Теориялық жағынан, дәл сол айтылғандай болды. Алғаш ЖАОК керемет энтузиазммен қабылданды, қазіргі кезде ол туралы жер жүзінің түкпір-түкпірінен өзін-өзі дамытумен айналысатын кез-келген адам біледі. Жыл сайын онлайн-курстарға ондаған мың студенттер жазылады. Батыстың компаниялары ол курстарды бітіргендері туралы сертификаттарды айқындайды. Бірақ ЖАОК-тың теріс жақтары, кемшіліктері де бар. Ол туралы білім беру саласының эксперттері емес, статистика көрсетті.
Онлайн-курстардың бәрі ақылы емес. Жыл сайын Сlass Central ондаған мың пайдаланушылардың пікірлерін ескере отырып, ең үздік деген тегін онлайн-курстардың тізімін жариялайды. Бұл тізімге 50 ден 100-ге дейінгі курстар енгізілген. Мысалы, ең белгілі оқу орындарының ішіндегі Стэнфорд және Массачусетс технологиялық институттары тегін онлайн- курстар жүргізеді. Алдында бұл курстар дәріс залдарынан жазылған аудиолар мен оқу жоспарлары және тапсырмалары бар электрондық құжаттардан құралған. Сосын, 2011 және 2013 жылдары арасында Coursera мен edX сияқты платформалары толықтай онлайн және кез-келген пайдаланушыға тегін интерактивті университет курстарын ұсына бастады.
Кейбір курстарда 100 мыңнан аса тыңдаушылары болғандықтан, олар MOOCs-ты, жаппай ашық онлайн курстың қысқартылған түрін, таңдады. Университет контентінің қарқынды жиынтығына әсер ететін жыл сайынғы ашылып жатқан ЖАОК курстарын әр адам қолдана алады.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша арнайы анықтамалықтардан шамамен 1000 университеттен 13000-нан аса ЖАОК курстарды табуға болады. Соның ішінде алдыңғы қатарлы жүздікке, көптеген жазылушылары бар 18 мемлекеттен 53 курсты атауға болады. Олар: Массачусетс технологиялық институты(АҚШ), Шеффилдуниверситеті (Ұлыбритания),Кейптаунуниверситеті (Оңтүстік Африка), Стэнфорд университеті (АҚШ), Мичиган университеті (АҚШ), Пенсильвания университеті (АҚШ), Гонконг ғылым және техника университеті (Гонконг), Галилео университеті(Гватемала), Джорджия технологиялық университеті (АҚШ),Тасмания университеті (Австралия),Монаш университеті (Австралия),Валенсия политехникалық университеті (Испания) және т.б.Әрине, Coursera –бұл 45 курсы бар жоғарғы платформа, одан кейінЕdX 24 курсы бар және FutureLearn 17 курсты платформалар орын алады [5].
Нәтижелер мен оны талқылау. Көптеген ЖАОК онлайн-оқытудың біруақытта екі негізгі түрлерін: оқырмандардың көп санына арналған жоғары масштабтағы оқытудың формасы және аздаған топтарға арналған аралас оқытуларды ұсынады.Қазіргі кезде ЖАОК-ды білім берудің болашағы деп немесе оның маңызды бөлігі деп те атайды. Бірақ онлайн білім берудегі келеңсіздіктердің бірі – оқуға жазылған студенттердің аз бөлігі ғана сәтті аяқтай алады. Бұл әрине онлайн білім берудің заңдылығына кері әсер етеді. Егер студенттердің аз ғана бөлігі аяқтайтын болса, онда бұл курстар қажетсіз болып қалады деп көпшілік ойлайды. Алайда бұлай ойлау негізсіз, өйткені тыңдаушылар курстарды аяқтамаса да, бұл курстар оларға пайдасын тигізеді.
Көптеген зерттеулерге қарағанда, курстарға қатынасатын студенттердің көбісінің жоғары білімдері бар екендігі айқындалды. Көпшілгі ЖАОК өздерінің жұмыстарына көмек ретінде жазылғандарын, тек аз бөлігі ғана оқу дәрежесін алу үшін жазылғандарын айтады.
Қазақстанда алдыңғы қатарлы оқу орындары біріккен ашық білім берудің Ұлттық платформасы құрылған. Еліміздің ұлттық платформасы бұл алдыңғы қатарлы ЖОО қауымдастығы – дәстүрлі емес білім берудің жаңа элементі ретінде онлайн-курстарды жасау мен ары қарай жүргізу болып табылады. Мұнда Республика бойынша ЖОО ең үздік оқытушыларының онлайн-курстары жаңа білімге құштар әр адамға қол жетімді болып саналады.
ЖАОК басталғанына аз уақыт болса да, біздің елімізде ЖАОК курстары ашыла бастады. Дүние жүзінің білім беру саласындағы жаңалықтардан қалмау мақсатында, алдыңғы қатарлы ЖОО оқытушыларымен алдымен онлайн-курстарды жасауға дайындық курстары өткізілді.
2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан ЖОО ішіндегі OpenEdx ашық платформасында ЖАОК жүргізу бойынша көш басшы болып табылады. 2015 жылдан бастап ҚазҰУ алдыңғы қатарлы оқытушылары өздерінің алғашқы курстарын бастады.
Жаңа білім беру көшінен Алматы технологиялық университеті де қалыс қалмай, университеттің алдыңғы қатарлы оқытушылары жүргізетін Медведков Е.Б. басшылығымен 2018 жылдан бастап ОpenATU платформасын ашты. Әр оқытушы өз пәндері бойыншаонлайн курстарын құрастырды.
Алдымен оқытушылармен «Электронный курс: разработка, продвижение и применение»аттысеминар жүргізіп, ЖАОК бойынша толық мәліметтер беріліп, курсты сәтті аяқтаған оқытушыларға сертификаттар берілді. Курста ЖАОК мақсатын, құрылымын, мазмұнын ашып көрсетіп, әр мұғалім өздерінің алғашқы курстарын жасап үйренді. Курстың мақсаты – тыңдаушыларды онлайн білім беру индустриясының қазіргі жағдайымен таныстыру, ЖАОК жоспарлауға, құрастыруға және оның іске асырылуына жағдай жасауға үйрету болып табылды. Семинарда оқыту барысында онлайн білім берудің негізі, ЖАОК артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілді. Жоғары сапалы онлайн- курстарды қалай құрастыру туралы, оларды әртүрлі формаларда қолдана алуға дағдылану айтылды.
Оқытушылар өз курстарының прототипін жасап, бір сабақтың тапсырмаларымен бірге материалдарын дайындап үйренді.
Университетте ЖАОК модераторы, қашықтықтан білім беру факультетінің деканы Медведков Евгений Борисовичтың жұмысын ерекше атап өтуге болады. Курстың жаттықтырушылары Байысбаева М.П., Калабина А.А., Кирбетова Ж.С., курстың техникалық жағынан көмекшісі және видео түсірілімін жүргізуші Стукалов В.В. айтарлықтай жұмыс атқарды.
ЖАОК құрастыруға алдыңғы қатарлы университет оқытушылары қатыстырылды. Атап айтқанда, «Химия, химиялық технология және экология кафедрасы» бойынша тәжірибесі мол бірнеше оқытушылар: «Дәрілік заттар химиясы» пәнінен Зайнуллина А.Ш., «Химия» пәнінен Алмагамбетова С.Т., Шаихова Ж.Е., «Экология және тұрақты даму» - Сұлтанғазиева Г.С., Джакупова И.Б., «Экологиялық нормалау негіздері мен сараптама» пәнінен Божбанов А.Ж., «Нанотехнология негіздері» пәнінен Әбілқасова С.О., «Биохимия» - Калимолдина Л.М.электрондық онлайн курстарын унивеситет платформасына шығарды. ЖАОК жасауға жас оқытушылар да белсене қатынасып, өз курстарын құрастырды. Атап айтқанда:Беркінбаева А.С. «Негізгі процесстер мен аппараттар», Егеубаева С.С. «Табиғатты пайдалануды басқару», Молдагазыева Ж.Ы. «Экологиялық химия», Мусина З.М. «Биологиялық экология», Алипбаев А.Н. «Аналитикалық химия» курстарын АТУ платоформасына енгізді. Оқытушылардың онлайн курстары жоғары деңгейде, мазмұнды әрі сапалы жасалды.
Онлайн курсты платформаға орналастырар алдында курс туралы ақпарат немесе сұраным дайындалады. Онда курстың атауы, тілі, деңгейі, курс авторы, курстың іске қосылу уақыты, жалпы курстың ұзақтығы, қысқаша сипаттамасы, пәннің қолданылу саласы көрсетіледі. Онлайн курсты жасау бірнеше этаптардан тұрады: жоспарлау, құрастыру немесе жасау, іске қосу, сүйемелдеу, нәтижелерін талдау. Жоспарлау этапында оқу материалдарының бағдарламасы дайындалады. Оған курс бағдарламасы, қысқаша дәрістер, дәріс бойынша презентациялар, оқу материалдарын бекітуге арналған тапсырмалар жиынтығы, глоссарийлер, ақпарат көздерінің тізімі, календарлық тақырыптық жоспар, бағалау критерийлері және т.б. жатады. Курс бағдарламасы бірнеше бөлімдерден тұрады.
Презентациялар нақты құрылымы бар, оқу материалын көрнекі түрде көрсететін бірнеше слайдтардан тұрады. Әр бөлімнің блоктарына оқу материалын бекіту тапсырмалары тест түрінде беріледі. Бағалау критерийлерінде әр тапсырма үшін бағалаудың көрсеткіштері мен критерийлері анықталады.
Онлайн курсты құрастыру немесе жасау кезеңіне оқытушыны видео түсірілімге дайындау, проморолик пен видео дәрістерді түсіру мен монтаждау, оларды дайындап платформаға енгізу деген орасан жұмыстар жатады. Әрине, онлайн курсты жасап, платформаға енгізіп, іске асыру өте көп уақытты, білімді, шыдамдылықты, біліктілікті талап етеді. Бір ЖАОК жасап шығаруға тек оқытушы ғана емес, техникалық жағынан көмекшілер ретінде бірнеше адамдар қатынасады.
Қазіргі кезде онлайн курстар туралы адамдардың пікірі сан алуан қалыптасқан. Бірі жақтаса, екіншісі қоштамауы мүмкін. Соған орай біз ЖАОК туралы бірнеше оң және теріс жақтарын немесе артықшылықтары мен кемшілік тұстарынқысқаша саралап шықтық (кесте 1)[6].
Кесте-1. ЖАОК-ң артықшылықтары мен кемшіліктері
ЖАОК артықшылықтары ЖАОК кемшіліктері
Студенттердің интернет көмегімен әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінен білім алуға мүмкіндіктері бар
Онлайн курсты дайындау оқытушының орасан көп уақытын алады, электрондық курс жаңа білімдер мен құзырлықтарды талап етеді
Көпшілікке(жұмысшылар, мүгедектер, ауылдықжердетұратындар) жаппай онлайн қызметкөрсетуге болады
Интернет оқу біраз оқытушыларға қиындық туғызады (оқытушылардың басым көпшілігі студентпен көзбе- көз жүздесіп, сабақ бергенді қалайды)
Оқу материалдарын презентациялар, тесттер, видео, чат, экран арқылы көру, дәрісті бірнеше рет қайталап көруге мүмкіндіктің болуы
Оқытушы әр дәрісті өте жоғары дайындықпен өткізуі керек
Әртүрлі тесттер көмегіменстуденттің жетістігін
тексерудің жеңілдігі Әрбір оқытушы электрондық оқыту платформасымен
жұмыс істей білуі тиіс және онлайн семинарларды шеберлікпен жүргізуі тиіс
Электрондық оқу қаржыны үнемдейді, әсіресе қызметкерлері жиі ауысып отыратын ұйымдарға қолайлы. Мұнда үнемі жаттықтырушыға ақша төлеп немесе жұмыс орнын жалға алу сияқты шығындарды үнемдей алады
Оқу ұйымдары технологиялық инфрақұрылымдарды қаржыландыруы тиіс.Бұл біраз шығындарды талап етеді.
Оқыту процессін кез-келген жерден, кез-келген
уақытта жүргізуге болады Еліміздің кез-келген аумағында интернет желісі болмауы мүмкін. Әсіресе алыс ауыл-аймақтарда ғаламтордың болмауы.
Дәріске ешкім кешікпейді, өйткені оқу процесіне мобильдік қосымшаны жүктеп алып, кірісе беруге мүмкіндік бар
Жаппай ашық онлайн курстар оқытушылардың қатарын азайтуы мүмкін
Оқу ақысының төмендігі,уақыттың үнемделуі Онлайнматериалдарын тыңдаушылардың және оқытудың әртүрлі ерекшеліктеріне бейімдеу қиындау болады
Қазіргі кезде ең көп сұраныстағы онлайн курстарға технологиялық зерттеулер облысы (ақпараттық технологиялар, компьютерлік ғылымдар, веб дизайн технологиялары), экономикалық зерттеулер (қаржы, бухгалтерлік есеп, инвестициялау), бизнес зерттеулері облысы (бизнес, стратегия, бизнесті басқару), басқару саласындағы зерттеулер (жобаны басқару, ұйымдастырушылық менеджменті), тілдер саласы (ағылшын, испан және т.б.), дизайн саласындағы зерттеулер (графикалық дизайн, сандық дизайн т.б.), журналистика және жалпы коммуникация, қоғамдық ғылымдар (психология, саясаттану т.б.), гуманитарлық зерттеулердіжатқызуға болады. Ұсынылатын онлайн курстардың бәрі ақылы болып саналмайды. Өз білімін көтерумен айналысатын әрбір адам сапалы әрі тегін онлайн курстарды таңдай алады.
Қорытынды. Жаппай ашық онлайн курстар біздің елімізде білім беру саласында қарқындап дамып келеді. Еліміздегіжоғары білім беру саласына үлкен өзгерістер әкелетіні анық. Бұл әрине, қуантарлық жағдай. Өз бетімен білім алғысы келетін әрбір жас ұрпақтың алдында зор мүмкіндіктер ашылуда. Кез келген адамдар да жас ерекшеліктеріне қарамастан, дүние жүзінің кез-келген университеттерінен білім алып, жаңа мамандыққа ие бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Downes, Stephen. Connectivism’ and Connective Knowledge//Huffpost Education, [Электронный ресурс]– Accessed 25 May,-2011.https://www.huffpost.com/entry/connectivism-and-connecti_b_804653.
2. Вьюшкина Е.Г.,Массовые открытые онлайн-курсы: теория, история, перспективы использования/Е.Г.Вьюшкина. -Изв. Сарат. ун-та. Нов. сер. Сер. Философия. Психология.
Педагогика. Т. 15, вып. 2.2015.-С.78-83.
3. Титова С.В., MOOK в российском образовании//Высшее образование в России. -2015. №12. -С.
145–151.
4. ДжусубалиеваД., ЧакликоваА., МергембаеваА., ТахмазовР.МООК–эволюция онлайн- образования//Вестник КазНУ. Серия «Педагогические науки». -2017. №2 (51). -C. 62-68.
5. Лебедева М.Б. Массовые открытые онлайн-курсы как тенденция развития образованиячеловек и образование//Человек и образование. -2015. № 1 (42). -С.105-108.
6. ЗахароваУ. С. ТанасенкоК. И. МООК в высшем образовании: достоинства и недостатки для преподавателей. Вопросы образования//EducationalStudiesMoscow. -2019. № 3.-С.176-202.
МРНТИ 14.35.07 https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.10 А.М. Әбдіров1, А.Н.Сакаева2, К.Ж.Нұрмұханова3
1С.Сейфуллин атындағы КАТУ профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
2п.ғ.к., Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының аға оқытушысы, Қарағанды қ., Қазақстан
3т.ғ.м., докторант, С.Сейфуллин атындағы КАТУ аға оқытушысы, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
ЖОО-ДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Андатпа
Қазіргі уақытта қарқынды даму үстіндегі жаппай цифрландыру білім беру жүйесін жетілдіруде маңызды орын алады. Технологиялық революцияның басталуы қашықтықтан оқыту технологиясын қамтитын заманауи білім беру технологияларының қолданылуын жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі күні қашықтықтан оқытуда маңызды орын алатын дидактикалық жаңалықтар кеңінен қолданылуда.
Қашықтықтан оқытуды дұрыс ұйымдастыру, білім беру тиімділігін арттырудың бірден-бір себебі.
Осы түста жаңа оқыту әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін оқу үдерісін ұйымдастыру формаларына жеке тоқталып, оларға талдау жасау қажеттілігі туындайды.
Мақалада қашықтықтан оқыту кезінде қолданылатын оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формалары: электрондық дәрістер, бейнедәрістер, тәжірибелік сабақтар, оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы, бақылау түрлері қарастырылған. Оларға қысқаша түсініктеме беріліп, ұйымдастырылу, өткізу кезеңдеріне талдау жасалып, кеңінен баяндалған.
Түйін сөздер: қашықтықтан білім беру технологиялары, қашықтықтан оқыту, оқытуды ұйымдастыру формалары, электронды дәріс, бейнедәріс, вебинар, бейнеконференция, LMS Moodle.
Abdyrov A.M.1, Sakaeva A.N.2, Nurmukhanova K.Zh.3
1 Doctor of Education, c.t.s, Professor of the S.Seifullin Kazakh AgroTechnical University, Nur-Sultan, Kazakhstan
2c.p.s, senior lecturer of the branch of JSC NCPD “Orleu” in the Karaganda region, Karaganda, Kazakhstan
3m.t.s., Doctoral candidate, senior lecturer of the S.Seifullin Kazakh AgroTechnical University, Nur-Sultan, Kazakhstan
FROM THE EXPERIENCE OF ORGANIZATION OF THE FORMS OF DISTANCE LEARNING AT HIGHER EDUCATIONAL INSTITUTIONS
Abstract
Today, the rapidly evolving mass digitalization plays an important role in improving the improving of the educational system. The beginning of the technological revolution requires the use of educational technologies, which include distance learning technologies. Nowadays the didactic innovations are widely used so the distance learning plays a significant role in the educational system. The effective organization of distance learning is one of the main reasons for improving the educational results. Here it is necessary to discuss and analyze separately the forms of organization of the educational process which will allow to use the new teaching methods.
The article describes the main forms of organization of the educational process which include electronic lectures, video lectures, practical classes, the students' self study and different control forms being used in distance learning. They have been briefly identified, analyzed and explained in more detailed way.
Key words: distance learning technologies, distance learning, forms of educational organization, electronic lecture, video lecture, webinar, video conferencing, Moodle platform.
А.М. Абдыров1, А.Н.Сакаева2, К.Ж.Нурмуханова3
1д.п.н., профессор КазАТУ им.С.Сейфуллина, г. Нур-Султан, Казахстан
2к.п.н., ст.преподаватель филиала АО "НЦПК "Өрлеу" по Карагандинской области, г. Караганда, Казахстан
3м.т.н., докторант, ст.преподаватель КАТУ им.С.Сейфуллина, г. Нур-Султан, Казахстан
ИЗ ОПЫТА ОРГАНИЗАЦИИ ОСНОВНЫХ ФОРМ ДИСТАНЦИОННОГО ОБУЧЕНИЯ В ВУЗАХ
Аннотация
В настоящее время стремительно развивающаяся массовая цифровизация играет важную роль в совершенствовании системы образования. Начало технологической революции требует использования образовательных технологий, которые включают технологии дистанционного обучения. Сегодня широко используются дидактические инновации, которые играют важную роль в дистанционном обучении. Правильная организация дистанционного обучения является одной из основных причин повышения эффективности обучения. Здесь возникает необходимость отдельного рассмотрения и анализа форм организации учебного процесса, что позволит использовать современные методы обучения.
В статье рассматриваются основные формы организации учебного процесса, применяемые в дистанционном обучении: электронные лекции, видеолекции, практические занятия, самостоятельная работа студента под руководством преподавателя, виды контроля. Даны краткие определения, более подробно раскрыт и проанализирован процесс их организации и проведения.
Ключевые слова: технологии дистанционного образования, дистанционное обучение, формы организации обучения, электронная лекция, видеолекция, вебинар, видеоконференция, LMS Moodle.
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыр удың фор масы р етін де оқытушы мен студен ттер дің сабақтағы қар ым-қатын асы, сабаққа топтастыр ылуы жін е олар дың іс-әр екетін ің сипаты, сон дай-ақ он ы өткізудің ор н ы мен р ежимі түсін іледі.
Оқыту фор масын сипаттайтын н егізгі белгілер : - сабақтың дидактикалық мақсаты;
- кеңістіктік-уақыттық сен імділік (сабақ түр і, ор н ы, студен ттер мен жаттықтыр ушылар дың құр амы);
- маман дық құр ылымы, жұмыс кезкеңдер ін ің р еттілігі;
- студен ттер дің тәуелсіздік дәр ежесі.
Оқытуды ұйымдастыр у фор малар ы педагогикалық пр оцестің дидактикалық, тәр биелік жән е дамытушы мақсаттар ын а жетуге ықпал етеді [2, 49 б.]. Қашықтықтан білім бер у техн ологиялар ын (ҚБТ) іске асыр у теледидар лық, желілік жән е кейс-техн ология бойын ша жүзеге асыр ылады [3, 2 б.].
С.Сейфуллин атын дағы Қазақ агр отехн икалық ун ивер ситетін де ҚБТ қолдан у ар қылы бір н еше қысқар тылған оқу бағдар ламалар ы бойын ша білім бер уді жүзеге асыр уда желілік техн ология қолдан ылады. Желілік техн ология ар қылы қашықтықтан оқытудың техн ологиялық мүмкін діктер ін ескер е отыр ып, оқытуды ұйымдастыр удың келесі фор малар ын қолдан уға болады:
- электр он ды дәр істер , медиа-дәр іс (аудио, видео, слайд-пр езен тация, медиа объектілер ге сілтемелер мен мәтін );
- зер тхан алық жән е пр актикалық сабақтар ;
- семин ар лар (аудиокон фер ен ция, бейн екон фер ен ция, эпистокон фер ен ция);
- кон сультациялар (жеке, топтық; техн икалық база: электр он дық пошта, фор умдар , чаттар );
- жобалар (топтық, жеке зер ттеу, шығар машылық, ақпар аттық; техн икалық база: бар лық ин тер н ет қызметтер і);
- жеке (үй) тапсыр малар (эссе, шығар машылық тапсыр малар , есептеу, сызу жән е т.б.);
- бақылау (on-line тестілеу, студен ттің өздік жұмыстар ын бағалау, емтихан дар ; техн икалық база: ар н айы бағдар ламалық қамтамасыздан дыр у қажет).