• Tidak ada hasil yang ditemukan

Реферат – ғылыми ақпаратты ұсыну тәсілі ретінде

97

Thе thеsіs соnsіsts оf аn іntrоduсtіоn, fіvе сhарtеrs, а bіblіоgrарhy аnd аn арреndіx.

Іn thе іntrоduсtіоn, thе rеlеvаnсе оf thе сhоsеn tоріс іs justіfіеd, thе gоаls аnd оbjесtіvеs оf thе study аrе stаtеd.

Thе fіrst сhарtеr іs thе аnаlysіs sесtіоn. Іn thіs сhарtеr, wе lооkеd аt hоw аrtіfісіаl іntеllіgеnсе wоrks. Іn аddіtіоn, wе hаvе аnаlyzеd thе struсturе оf thе wоrk оf аrtіfісіаl іntеllіgеnсе.

Іn thе sесоnd сhарtеr, thе rесоgnіtіоn systеm іs dеvеlореd. Іn thіs сhарtеr, thе раrаmеtеrs, struсturе аnd аrсhіtесturе оf thе rесоgnіtіоn systеm аrе dеsсrіbеd.

Thе thіrd сhарtеr іs thе сhарtеr оn іmрlеmеntаtіоn аnd tеstіng. Thіs sесtіоn dеsсrіbеs thе іmрlеmеntаtіоn, tеstіng аnd rероrtіng рrосеss оf thе sоftwаrе.

Іn thе fоurth аnd fіfth сhарtеrs, thе sесtіоns оn есоnоmісs аnd lіfе sаfеty аrе dеsсrіbеd.

Іn соnсlusіоn, thе mаіn соnсlusіоns оbtаіnеd аs а rеsult оf thе study аrе gіvеn Thе tоtаl аmоunt оf thеsіs іs 65 раgеs.

11-дәріс. Ғылыми мәтіннің басты жанрлары

Дәрістің мазмұны: реферат, оның түрлері, рефераттың құрылымы, рефераттың стилі, рефератты орындауға қойылатын талаптар, баяндама, дипломдық жоба

Дәрістің мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындауды және оны қорғаудың қажет дағдыларын қалыптастыру.

98 - жоспарды әзірлеу;

- реферат жазу.

11.1.1 Рефераттың түрлері

Рефераттың өнімді (продуктивті) және өнімсіз (репродуктивті) деген 2 түрі бар. Өнімсіз рефератта алғашқы түпнұсқа мәтіннің мазмұны баяндалады.

Өнімді реферат шығармашылық немесе сыни ойлау тұрғысынан жазылады.

Өнімді реферат реферат-баяндама және реферат-шолу деген екі түрге бөлінеді. Реферат-шолу бірнеше дереккөздің негізінде құралады және қарастырылатын мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды салыстырады.

Реферат-баяндамада алғашқы дереккөздегі ақпаратқа талдау жасаумен қатар мәселеге объективті баға беруге болады. Бұл рефератта тақырып жан-жақты толық сипатталып жазылады.

Өнімсіз рефератты іштей реферат-конспект және реферат-түйіндеме деген екі түрге бөлуге болады. Реферат-конспектіде нақты ақпарат жалпы қорытылған түрде, иллюстриативті материал, зерттеу әдістері туралы әртүрлі мәліметтер, зерттеу нәтижелері мен оларды қолдану мүмкіндіктері жазылады.

Реферат-түйіндеме берілген тақырыптың тек негізгі ережелерінен тұрады.

11.1.2 Рефераттың құрылымы

Кіріспе. Кіріспеде тақырыпты таңдау негізделеді, реферат жазылатын тақырыптың деректері (атауы, қайда, қашан жарияланғандығы туралы) берілуі, автор туралы мәліметтер (аты-жөні, мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы) хабарлануы мүмкін, таңдалған тақырыптың қарастыратын мәселесі ашылады.

Негізгі бөлім. Мәтін мазмұны беріледі және негізгі тезистер дәйектеледі.

Қорытынды. Рефератта жазылатын мәселе бойынша жалпы қорытынды жасалады.

Рефераттың мынадай белгілері болады:

- реферат мазмұны реферат жазылатын дереккөздің мазмұнымен толықтай байланыста болады;

- негізгі ақпарат бұрмаланбай, оған субъективті баға берілмей нақты мазмұндалады;

- тұрақты құрылымы болады.

11.1.3 Рефераттың стилі

Рефераттағы баяндау стилі қысқа және дәл болуы тиіс. Мысалы,

«Көптеген ұзақ тәжірибелер нәтижесінде авторлар келесідей тұжырым жасаған ...» деген ұзақ сөйлемді бір сөзбен «Анықталғандай...» деп қысқартып жазған абзал. Алдыңғы жұмыстарда баяндалған мәселенің жалпыға мәлім фактілері мен тарихын рефератта жазудың қажеті жоқ. Рефераттың негізгі бөлігінің мәтіні, әдетте, жұмыстың мәнінен басталады. Рефераттар аса маңызы бар,

99

ерекше көңіл бөлінеді, мәселе көтеріледі, мынадай тұжырымдарға келдік, зерттеліп отырған мәселе, аталған мәселе және т.б. сияқты стандартты, қалыптасқан тілдік оралымдармен жазылады. Рефераттың тілдік және стильдік ерекшеліктеріне талдап қорыту сипатындағы сөздер мен тілдік оралымдар, клишелер жатады. Рефераттағы материалды беру мен ойды жеткізудің өз логикасы бар, материалды мазмұндаудың белгілі бір объективтілігі болады.

Мұның бәрі автордың лексикасының жеткіліксіздігінен емес, рефераттың жазылу стилінің, тілінің ерекшелігімен (терминдер, оралымдар қолданылатын арнаулы бағыттағы материалдар) байланысты.

Жұмыс аяқталған соң бағасы қойылған тиісті пікір берілуі керек.

Пікір мынадай факторлардың негізінде құрылады:

- зерттелген тақырып бойынша автор білімінің тереңдігі (қарастырылған мәселенің қазіргі заманға лайықтығы мен өз уақытында орындалуы, автордың зерттелген мәселенің өзектілігіне қатысты еңбектермен танысу дәрежесі, дереккөздерге сілтеме беруі, жұмыста зерттеу нәтижелері мен белгіленген ғылыми дәйектерді пайдалану дәрежесі);

- реферат авторының жеке еңбегі (ұсынылатын оқу бағдарламасынан басқа жұмысты жазуда пайдаланылған қосымша білім, жазған материалы мен қарастырған мәселенің жаңалығы, зерттелген мәселенің ғылыми маңызы мен тақырыпты меңгеру деңгейі);

- рефераттың сипаты (материалды беру логикасы, автордың сауаттылығы, жұмыстың дұрыс ресімделуі, рефераттың барлық стандартты талаптарға сәйкестігі).

Дайын реферат оқытушыға тексеру үшін тапсырылады. Рефератты бағалай отырып, оқытушы студенттің ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс істеу, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды талдай білу, өз пікірін дәлелдеу, сілтемелерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу дағдыларын ескереді. Егер реферат оң бағаланса, ол өткен тақырыптарды толық меңгерді деп есептелінеді. Студент рефератты оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы қосымша сабағында қорғайды.

11.1.4 Рефератты орындауға қойылатын талаптар

Реферат ғылыми жұмыс болып табылады, себебі онда ғылыми зерттеудің элементтері болады. Осыған байланысты рефератты ресімдеуге де басқа ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар міндетті болып табылады.

Барлық ғылыми жұмыстарды ресімдеу ережесі білім және ғылым саласы үшін стандартты болып табылады және мемлекеттік стандарттармен реттеледі.

Рефераттар үшін мынадай талаптар орындалуы керек: жалпы талаптар, сілтеме беру ережесі, сілтемелерді дұрыс әрі анық ресімдеу, библиографиялық тізім, қысқарған сөздер мен атауларды дұрыс қолдану. Аталған ережелерді бірден есте ұстаған жөн.

100

Рефератты ресімдеу ережелері. Реферат мазмұнын ресімдеген кезде жоғары оқу орнының, жоғары мектептің (институттың), кафедраның толық атауы, реферат тақырыбы, автор мен жетекшінің аты-жөні, қала және реферат жазылған жыл көрсетілетін жұмыстың титулдық парағынан басталатынын естен шығармау қажет. Екінші беттен бастап беттер нөмірленіп, рефераттың мазмұны жазылады. Рефераттың жалпы көлемі 15-20 беттен аспауы керек. Азат жол 1,25 см болуы тиіс. Парақтың жиегі: сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см, жоғарғы және төменгі жақтары – 2 см болуы керек. Реферат мәтіні Mісrоsоft Wоrd редакторында теріліп, Tіmеs Nеw Rоmаn шрифтін қолдану ұсынылады.

Шрифт мөлшері – 14 пт. Рефераттың кез келген құрылымдық бөлігі (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жаңа беттен басталады. Тақырыптан кейін нүкте қойылмайды, асты сызылмайды. Рефераттың титулдық парағы рефераттың жалпы бет санына кіреді, бірақ титулдық парақ нөмірленбейді.

Əдебиеттер тізімі. Әдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты ұстану керек. Әдебиеттер дереккөзі мемлекеттік стандартқа сәйкес ресімделеді. Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастыру керек және нүкте қойылмаған араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек. Пайдаланылған дереккөздерге жасалған сілтеме төртбұрышты жақшаның ішінде көрсетіледі.

Рефераттағы әдебиет тізімінің саны – 4-12 болуы керек. Әдебиет тізімінде көрсетілген жұмыстар соңғы 5-10 жылда жарық көрген жаңа жұмыстар болуы қажет. Ескі дереккөздерді өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек.

Библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттің авторы, жұмыстың атауы, қаласы, баспасы, жылы, жалпы бет саны көрсетіледі.