Жоғарыда берілген білімнің осы формала- рының ережелері қаншалықты нақты немесе абстрактілі екендігін көрсетеді деп есептеу- ге болмайды. Мысалы, процедуралық білім әрқашан тұжырымдамалық білімге қараған- да абстрактылы бола бермейді. Осыған қара- мастан, білімнің әртүрлі формаларын бөліп көрсету маңызды, бұл оның ойлағаннан гөрі динамикалығын және түсіну кезеңіне өтпес бұрын еске түсіруге болатын бірнеше түрлі білім түрлері бар екенін көрсетеді.
Зертеу әдістері
Білім беруде Блумның танымдық таксо- номиясы бойынша оқушыға ойлау дағды- ларын қалыптастырудың түрлі әдістемелері
География сабақтарында Блум таксономиясының танымдық моделінде...
соңғы жылдары мектептегі оқу үдерісінде қолданылып, оң нәтижелерін беріп келеді.
Дегенмен, әлі де зерттеуді қажет ететін педа- гогикалық әдіс-тәсілдердің түрлері жетерлік.
Олардың қатарында когнитивті модельдегі сатылық жүйені қарапайым, орта, жоғарғы деңгейлерге топтап тест тапсырмалары түрін- де оқу жетістіктерінің нәтижесін айқындау әдістемесін атауға болады. Иерархиялық жүй- ені пайдаланып, оқу жетістіктерін анықтау ал- дында олардың сипаттамасын айқындаудың қажеттілігі ерекше. Себебі, әрбір танымдық деңгейдің оқушыға білім беруде өзінің атқа- ратын функциялары айқын.
Білу – таным мен ойлаудың бастапқы яғни, төменгі сатысы ретінде қарастырылады. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеру, ақпа- рат пен ойдағы деректердi еске түсiредi.
Түсіну – таным мен ойлау орта дең- гейі. Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау.
Оқушылардың ойларын сұрақтар арқылы тексеру, болжам жасату. Жаңа мағлұматты түсінуін қамтамасыз ету. Жаңа сабақ түсін- діріліп болғаннан кейін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау кезеңі.
Қолдану – бұл да таным мен ойлаудың орта деңгейі қатарында саналады. Бұл деңгей оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда әдіс-тәсілдер мен ұғымдарды, заңдарды, қағи- даларды, теорияларды, практикалық тұрғыда күнделікті өмірде қолдану болып табылады.
Оқу жетістіктері түсіну деңгейіне қарағанда жаңа ақпаратты анағұрлым тереңірек меңге- руді қажет етеді.
Талдау – таным мен ойлаудың жоғары дең- гейі. Оқу мазмұнынының құрылымы анық байқалуы үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстар- ды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдасты- рылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу материа- лының мазмұнын сезінумен қатар, оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын мең- зейді.
Жинақтау – таным мен ойлаудың жоғарғы сатысында қарастырылады. Оқу материалын- дағы жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқы- дан жалпыға бағыттау. Ойын жинақтап, про- блеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
Бағалау – бұл деңгейді де таным мен ойлау- дың жоғарғы сатысы қатарына жатқызуымыз заңдылық. Себебі, оқу материалының нәтиже- сін анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру - осы деңгейдің басты ерекшелігі болып табылады. Басқаша айтқанда, деңгей алдыңғыларының оқу жетістіктерін анықта- уды меңзейді. Ақпараттың немесе жаңа білімнің өзі үшін керектісін, құндылығын ай- қындау, ой қорыту, бағыт беру, идеялармен бөлісу, өзіне қажеттісін таңдау [4].
Зерттеу 2021/2022 оқу жылының қазан-қа- раша айларында Алматы қаласы, Медеу ауда- ны №163 мектеп гимназияда 6 апта көлемінде жүргізілді. Сондай- ақ зерттеу жұмыстарын жүргізуге білім деңгейі шамалас 8 - ші сы- ныптардан жалпы саны - 61 оқушы қатысты.
Оқушылардың 29 -ы эксперимент, ал 31-і бақылау тобында болды.
Зерттеудің негізгі мақсаты – кеңістіктік ойлау және картографиялық дағдыларды қа- лыптастыру, географиялық білімді тәжіри- беде, күнделікті өмірде қолдану дағдыла- рына қалыптастыру. Өйткені, географиядан жаңартылған мазмұндағы білім беру оқушы- ның жaрaтылыстaну құбылыстaрын сурeттeй, түсiндiрe жәнe бoлжaй бiлуiнe жәнe бoйын- дa құзірeттiлiк дaғдылaрын қaлыптaстыруғa бaғыттaлғaн [5].
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, зерттеу 8-сы- ныптың география пәнінің оқу бағдарлама- сындағы «Картаграфия және картаграфиялық деректер базасы» бөліміндегі тақырыптарын оқытуға арналды [6].
Аталған бөлімдегі қамтылған тақырыптар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, әсіресе тақырыптық карталарды терең оқып меңгеруіне мүмкіндік беретінін рас, дегенмен, тапсырмалардың бірқатарында саяси картаны оқып-үйренуге де мол мүмкін- дік беретін тұстарының бар екендігін айта ке- тудің артықшылығы жоқ.
148 № 4(141)/2022 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
Ж.Ж. Көктеубай, Р.Е. Калдыбекова, Н.Н. Карменова
Географиядан білім жинақтауда картаның маңызы зор екені түсінікті. Жалпы, географи- ялық нысанның орналасқан кеңістіктегі орнын анықтау, сондай-ақ географиялық картаның мағлұматтарын күнделікті өмірде орынды пайдалану өте маңызды.
Осы тұрғыдан қарастыра келе, зерттеуді оқулықтағы білімді қамти отырып, карта- графиялық білім бойынша тест тапсырма- лары жоғарыда аталған деңгейлер бойынша (төмен, орташа, күрделі) құрастырылды. Экс- перимент барысында пайдаланылатын Тест тапсырмаларын құрастыруға 8-сынып оқу- лығы және география пәнінен тест жинағы қолданылды [6, 30 б., 7].
Дайындалған тапсырмалар мектептің әді- стемелік бірлестік мүшелерінен құралған комиссияға ұсынылып, диагностикалық және қорытынды кезеңге арналған тапсыр- малар мен эксперимент барысында 4 аптаға арналған тапсырмаларды іріктеу жұмыста- рын ұйымдастырдық. Диагностикалық және қорытынды кезеңге арналған тапсырмалар мазмұны оқу жоспарында оқытылып жатқан тақырыптар бойынша құрастырылды.
Мұнда берілген тапсырмалар Блум такса- номиясына сәйкестендіріліп, қарапайым, ор- таша, күрделі деңгейлерге топтастырылды.
Оқушының жауап беру мүмкіндігін ескере отырып, ұсынылған сұрақтардың саны келе- сідегідей:
- қарапайым деңгей (білу) - сұрақтар саны - 5;
- орта деңгей (түсіну, қолдану) - сұрақтар саны -5;
- жоғарғы деңгей (талдау, жинақтау, баға- лау) - 5
Оқу жетістіктерін диагностикалық бағалау аяқталған соң, төрт аптаға жоспарланған экс- периментіміздің негізгі бөлігін бастадық. Бір- лестік мақұлдаған тест нұсқаларын әр аптада пайдалана отырып, оқу ағымыындағы сабақ біткенде, әр аптада қосымша 1 сағат көлемінде тест тапсырмаларымен жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқыту барысында картадағы но- менклатура, шартты белгілер бойынша тест тапсырмаларын орындамас бұрын жаттығу-
лар арқылы оқушыларды қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіл- ді. Алғашқы апталарда топтық жаттығулар түрінде болса, үшінші және төртінші апта- ларда жеке оқушылар осы іспеттес тапсырма- ларды орындады.
Талқылау
Эксперимент география сабақтарын- дағы картаграфиялық білімнің жаңартылған мазмұн жағдайында Блум таксономиясы- ның танымдық моделіндегі деңгейленген тест тапсырмаларын қаншалықты тиімділігіне көз жеткізу мүмкіндігін көрсетті. Әдетте мұғалім- дер тест тапсырмаларын бір бағытта құра- стырып, жүйеленген тапсырмалар арқылы пайдаланбағандықтан оның тиімді тұстарын байқауға мүмкіндіктері болмайды [8].
Жалпы, тест тапсырмалары негізгі төрт түрде құрастырылады:
- жабық түрдегі тапсырмалар;
- ашық түрдегі тапсырмалар;
- сәйкестендіру тапсырмалары;
- дұрыс реттілік орнатуға арналған тапсы- рмалар.
Зерттеу барысында тест тапсырмаларының ашық және дұрыс реттілік орнатуға арналған тапсырмалар түрінде ұсынылуы тиімді нәти- жеге қол жеткізудің амалдары ретінде қолда- нылды. Дегенмен, тест тапсырмаларын пайда- ланудың оқушының өз ойын жеткізу, сөйлеу дағдыларын дамытуға қаншалықты ролі бар екеніне ғалымдар арасында кереғар пікірлер бар [9].
Көптеген ғалымдар тест тапсырмаларын білімді тексеру құралы ретінде ғана пайда- лануға болатынын айтады. Ал ғалымдардың келесі тобы, тест арқылы уақытты үнемдеу тиімді екенін дәлелдеуде. Жалпы, тест тапсы- рмалары оқыту үдерісіндегі кемшіліктерді анықтауға және жоюға ықпал етеді. Тестіле- удің арқасында оқушылардың логикалық ойлауы мен түйсіну қабілеті дамиды[10].
Сондай-ақ, ақыл-ойды дамытуға бағытталған тапсырмаларды қамтиды, яғни салыстыру, талдау, балама іздеу және т.б. Ресей ғалымы
География сабақтарында Блум таксономиясының танымдық моделінде...
А.Берлянт өз зерттеулерінде картаграфиялық білім бойынша ұйымдастырылған тапсырма- лар мен түрлі жаттығулардың географиялық білімді практикада ұштастыруға септігін тигі- зетінін нақтылаған.[11]. Ал, картограф Б.Жу- маділда картаграфиялық білім тест тапсырма- ларында қалыптасып, кескін карта бойынша жұмыстар ұарысында одан әрі даму мүмкін- дігі зор екендігіне ғылыми ізденістерінде ай- рықша тоқталады [12].
Нәтижелер
нәтижелері ЭТ оқушыларының эксперимент- ке дейінгі және эксперименттен кейінгі нәти- желерді сараптауда салыстырмалы көрсеткіш ретінде пайдаланылады (кесте1).
Кесте 1