http://www.enu.kz ӘОЖ 616.33
АСҚАЗАН-ІШЕК ПАТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ИНТЕРЛЕЙКИН-1в АЛЛЕЛЬДІ ПОЛИМОРФИЗМІНІҢ РОЛІ
Ергалина М.А.1, Кулмамбетова Г.Н.2
1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Казақстан
2Ұлттық биотехнология орталығы, Астана, Казақстан [email protected]
http://www.enu.kz
Мазмұндама мақсаты: Асқазан-ішек патологиясының дамуы мен барысына интерлейкин-1в гендер полиморфизмінің ролі туралы жаңа әдебиет мағлұматтарын анализдеу.
Түйінді сөздер: Интерлейкин-1, полиморфизм, асқазан ішек патологиясы, асқазан ісігі, H. pylori. Қазіргі таңның негізгі мәселесі H. Pylori инфекциясы мен қабындырушы цитокин интерлейкин-1в асқазан асқорыту жолдарының ауруларын индукциялау мүмкіндігі болып табылады. Асқазан ішек патологиясының негізіне асқазанның сілемейлі қабығының қабынуы жатады. Кез келген қабыну процесінің дамуында және оның барысында интерлейкин-1в туысының ақуыздарының продукциясы, экспрессиясы мен ингибициясының тепе-теңдігі маңызды орын алады. Бүгінгі таңда интерлейкин-1в өндірілуінің әр түрлі деңгейі белгілі бір аллельдердің бар болуымен байланысты екені дәлелденген.
Helicobacter pylori инфекцияланудағы асқорыту патологиясының даму механизмі бірнеше рет зерттелді. Алғашқыда Helicobacter pylori асқазанның сілемейлі қабығының қорғаныш қасиеттерін төмендетеді деп есептелді, бүгінгі таңда зерттеушілер H. pylori тудырған қабынуды асқазанның секреторлық функциясының зақымдалудың күрделі каскадындағы алғашқы этабы ретінде қарастырады. Инфекцияға жауап ретінде жасуша ішінде реакциялар каскадын тудыратын қабындырушы цитокиндер мен өсу факторларының өндірілуі жүреді. Эпителиоциттерге H. pylori адгезияланғанда мықты қабындырушы цитокиндер: IL-8, IL-6, IL-1в және макрофагтардан өндерелетін TNF-б синтезделеді. Асқазанның қышқыл түзілуіне IL-1в ингибиторлық қабілеті париетальды жасушаларға тікелей және қосалқы әсер ету арқылы іске асырылады [1]. Созылмалы рецидивті асқорыту мүшелерінің патологиясында IL-1в концентрациясы жоғарылайды [2].
IL-1в күшті қабындырушы жауап инициациялап, нәтижесінде өзіндік эпителидің зақымдалуы байқалады, бездердің бұзылуы жүреді, асқазан құрамындағы рН өзгереді де патогеннің элиминациясына әкеледі.
IL-1в полиморфизмі туралы түсінік. IL-1в кодтайтын гендер 2q13-21 хромосомасында орналасқан. IL-1в генінде 22 экзон (оның 20 альтернативті) және 9 интрон (8 альтернативті) бар. Ең көп зерттелгені –511, –31 және +3953 позицияларындағы IL-1в биаллельді полиморфизмдері. Бұл гендерде тек бір нуклеотид ауысады (Single Nucleotide Polymorphism), транскрипциялы белсенділік анализі көрсеткендей 511- позициясындағы цитозин тиминге ауысады (С→T), ал 31-позицияда тимин цитозинге ауысады (Т→С). IL-1в генінің полиморфты варианттары жоғары продукцияланатындығы дәлелденген. Жоғары продукциаланатын аллель бойыша гомо- немесе гетерозиготалы адамдарда осы геннің мутантты емес аллелі бойынша гомозиготалы адамдарға қарағанда бұл цитокин 2-4 есе артық өндіріледі. IL-1в полиморфты варианттары бар болғанда қышқыл өндірілудің ингибициясы күшті жүріп, нәтижесінде H. pylori колонизациясы үлкейеді, асқазан сілемейлі қабығында қабыну өзгерістері дамиды. Қышқыл өндірілу төмендейді, уақыт өте бездің жоғауы байқалады, яғни, сілемейлі қабықтың атрофиясы басталады. Асқорыту жолдарының патологиясының туындауы тек гендер полиморфизмімен ғана айқындалмайды, оған науқастың жынысы, жасы, диетасы, өмір сүру салты, қоршаған орта факторлары, және т.б.әсер етеді.
http://www.enu.kz
E.M. El-Omar мен т.б. авторлар гипохлоргидрия мен асқазан атрофиясының корреляциясын IL-1в полиморфизмімен зерттеді. IL-1в-511/-31 полиморфты варианттары бар болған жағдайда бұл өзгерістердің қаупі жоғарылайтыны айқындалған [3].
J.C. Machado және т.б. авторлар (Португалия) IL-1в-511/-31 полиморфты аллельдері асқорыту жолдарының патологиясына әсер ететінін дәлелдеді [4]. Польша мен Шотландияда IL-1в-31C/С немесе IL-1в-511Т/T бар, H. pylori инфекцияланған науқастарда ішектің сілемейлі қабығының атрофиясы мен асқазан канцерогенезінің дамуының қаупі 2–
3 есе артатыны байқалды [5,6]. Португалия мен Жапония популяциясын зерттеу барысында асқазан ісігінің даму қаупі мен IL-1в полиморфизмдері арасында аса байқалатын ассоциация анықталды [7]. Бұл нәтиже Қытай мен Тайванда жасалған зерттеулерде де көрсетілді [8, 9]. Дегенмен, мұндай асқазан патологиясы мен IL-1в полиморфизмдері арасындағы өзара байланыс барлық зерттеу жұмыстарында байқалмайды. S.G. Lee және т.б. авторлар (Корея) мұндай ассоциацияны айқындамады [10]. N. Matsukura және бірлескен авторлар асқазан атрофиясы мен IL-1в полиморфизмі арасындағы ассоциацияны бағалау кезінде этникалық ерекшеліктерді анықтады [11].
Осылайша, асқорыту патологиясы мен IL-1в полиморфты варианттары арасындағы байланыс дүние жүзі бойынша көптеген зерттеулерде ақиқатталған. Интерлейкин-1в туысының гендер полиморфизмі мен Helicobacter pylori белгілі бір генотиптері асқорыту жолдары патологиясының барысына, нәтижесіне және емделуіне маңызды әсер етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Schepp W., Dehne K., Herrmuth H. et al. Identification and functional importance of IL-1 receptors on rat parietal cells // Am. J. Physiol. – 1998. – Vol. 275. – P. 1094–1105.
2. Царегородцева Т.М., Серова Т.И. Цитокины в гастроэнтерологии. – М.: Анархасис, 2003. – 96 с.
3. El-Omar E.M., Carrington M., Chow W.H. et al. Interleukin-1 polymorphisms associated with increased risk of gastric cancer // Nature. – 2000. – Vol. 404 (6776). – P. 398–402.
4. Machado J.C., Pharoah P., Sousa S. Interleukin-1b and interleukin-1RN polymorphisms are associated with increased risk of gastric carcinoma // Gastroenterology. – 2001. – Vol. 121, N 4.
– P. 823–829.
5. El-Omar E.M., Chow W.H., Gammon M.D. et al. Pro-inflammatory genotypes of IL-1beta, TNF-alpha and IL-10 increase risk of distal gastric cancer but not of cardia or oesophageal adenocarcinoma // Gastroenterology. – 2001. – Vol. 120, N 5 (suppl. 1). – P. 86.
6. El-Omar E.M., Rabkin C.S., Gammon M.D. et al. Increased risk of noncardia gastric cancer associated with proinflammatory cytokine gene polymorphisms // Gastroenterology. – 2003. – Vol. 124. – P. 1193–1201.
7. Figueiredo C., Machado J.C., Pharoah P. et al. Helicobacter pylori and interleukin 1 genotyping: an opportunity to identify high-risk individuals for gastric carcinoma // J. Natl.
Cancer Inst. – 2002. – Vol. 94. – P. 1680–1687.
8. Chen A., Li C.N., Hsu P.I. et al. Risks of interleukin-1 genetic polymorphisms and Helicobacter pylori infection in the development of gastric cancer // Aliment. Pharmacol. Ther. – 2004. – Vol. 20. – P. 203–211.
9. Zeng Z.R., Hu P.J., Hu S. et al. Association of interleukin IL-1b gene polymorphism and gastric cancers in high and low prevalence regions in China // Gut. – 2003. – Vol. 52. – P. 1684–
1689.
10. Lee S.G., Kim B., Choi W. et al. Lack of association between pro-inflammatory genotypes of the interleukin-1 (IL-1B –31 C/+ and IL-1RN *2/*2) and gastric cancer/duodenal ulcer in Korean population // Cytokine. – 2003. – Vol. 21. – P. 167–167.
11. Matsukura N., Yamada S., Kato S. et al. Genetic differences in interleukin-1b polymorphisms among four Asian populations: an analysis of the Asian paradox between H.
pylori infection and gastric cancer incidence // J. Exp. Clin. Cancer Res. – 2003. – Vol. 22. – P.
47–55.