• Tidak ada hasil yang ditemukan

Аязбаева М.Ғ., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Аязбаева М.Ғ., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Аязбаева М.Ғ., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ Сельское хозяйство занимает важное место в активном развитии жизни. Более 46 процентов населения проживает в сельской местности. Использование земли позволяет развивать сельское хозяйство, сохранять национальную культуру. Основные способы эффективного использования земель в сельском хозяйстве - это увеличение урожая посевных земель, улучшение качества товаров сельского хозяйства, использование нового оборудования, введение новых технологий и применение мирового опыта. На сегодняшний день, для увеличения урожайности посевных земель необходимо улучшить плодородность почвы, очень важна экологическая ситуация.

Ключевые слова: сельское хозяйство, урожай, эффективное использование, почва, инвестиционные проекты

Agriculture occupies an important place in the development of an active life. More than 46 percent of the population lives in rural areas. Land use allows people to develop agriculture, to preserve the national culture. Unfortunately, agricultural productivity at a low level. In my article was reviewed this theme.

The main ways to use land for agriculture is increase crop cropland, improved quality of products of agriculture, the use of new equipment, introduction of new technologies and practice the global experience. To date, to increase cropland must improve soil fertility and ecological situation is very important.

Keynotes: agriculture, increase the crop, efficient use of land, improving soil fertility, investment projects in agriculture

Әр мемлекеттің тағдырында жер ӛзге табиғи обьектілер сияқты бағасыз халық құндылығын білдіретін биопотенциялық құнарлы топырағын қамтиды. Қазақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретінде, Қазақстан Республикасының халық ӛмірінің негізі болып белгіленген.

«Қазақстандықтардың кӛңілін алатын сұрақ – жер туралы сұрақ. Онымен елдің салт- дәстүрлері және адам тағдырлары байланысқан, олардың келешек ұрпақ алдында жауапкершілігі»,- деп ҚР-ның Президенті Н.А.Назарбаев ӛз үндеуінде ерекшелеп айтты.

Біздің негізгі жұмысымыз еліміздің басты байлығы деп саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты болғандықтан, ауыл шаруашылығындағы жерлердің экономикалық, саяси-әлеуметтік дамуына тигізетін әсері мен алатын орны туралы тоқталамын.

Елбасы алғашқы кезеңдерде жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рӛлін бағалай келе “Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы кӛтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады” деп атап кӛрсеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдан бері Мемлекет басшысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі күні ӛзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізді жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты.

Міне, осы тұста біз жердің ӛзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер – ӛндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның

(2)

үстіне ол – ӛндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе кӛбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер – табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады.

Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелерін, жерді ӛндірістік тұрғыдан игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерекшеліктерін ескеру мәселесін кӛбінесе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырында, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап орындалуын қамтамасыз етеді. Ал еліміздің жер қорларын тиімді пайдаланудың заман мен қолданыстағы экономикалық қатынастарға сай жолдарын қарастыру және енгізу, оны қор- ғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша еліміздің жер заңдылықтарында, Үкіметтің шешімдерінде қарастырылған іс-шараларды ӛз құзіретіміз аясында жүзеге асыру «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-ӛндірістік орталығы» респуб- ликалық мемлекеттік кәсіпорнына (“МемжерҒӚО” РМК) жүктелген. Облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда (Астана мен Алматы қалалары) 18 еншілес кәсіпорны және еліміздің барлық аудандық (қалалық) орталықтарында 194 жер- кадастрлық бӛлімшелері қызмет етеді.

Ӛмірдің серпінді дамуында ауыл шаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал жер ресурстары осы саланың ӛндіріс құралы. Республикамыздың ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің үлес салмағы 38,5%. Халқымыздың 46 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Олар жер байлығын пайдаланып ауыл шаруашылық ӛндірісінің дамуына, халқымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны да шындық. Елбасы айтқандай, «...қай салада да әркім елдікті түсініп ӛмір сүрсе, ертеңіміз бұдан да жарқын болатынына сенім мол». Жолдаудағы жоба-жоспарлар, ой-түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады.

Алайда, ауыл шаруашылығындағы еңбек ӛнімділігі тӛмен жағдайда қалып келеді.

Соңғы жылдардағы ауылшаруашылық ӛңімдерінің жетістіктеріне тоқтала келе, Елбасы ӛз сӛзінде 2014 жылға қарай агроӛнеркәсіптік кешенде ӛнімділікті кем дегенде екі есе арттыру біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін айтты. Ол міндетті жүзеге асыру ауыл тұрғындарының тұрмысы мен ӛмір сүру жағдайын жақсартудың негізгі кілті.

Сӛз жоқ, ауыл шаруашылығы дамыса ауылдарымыздың да кӛркейе түсетіні анық.

Демек, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жеделдеп дамыту жӛніндегі алға қойып отырған міндеті – қазіргі заман талабына сай еліміздің кӛкейкесті мақсат-мұратын қозғайтын дұрыс жол. Міне, осы іске үлес қосуда Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамындағы кәсіпорынға үлкен міндеттер жүктеледі.

Бұл бағдарламаны іске асырудың негіздері егістік жерлердің ӛнімдерін жоғарылату, ауыл шаруашылығы тауарларының сапасын арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, әлемдік тәжірибені пайдалану. Бүгінгі таңда егістік жердің ӛнімділігін кӛтеру үшін топырақтың құнарлылығын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту ӛте маңызды. Міне, сондықтан, болашаққа серпін беретін Жолдауда кӛтерілген аса маңызды мәселелердің бірі ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды әрі нысаналы пайдалану, оны бақылау және қорғау, азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ӛткен жылы Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қарап, осы бағытта Үкімет пен Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Негізгі проблема – ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану және қорғау. Ел басшысы қойған стратегиялық тапсырмаға байланысты агенттік қабылдаған шаралар мен қабылданған іс-жоспарды орындауға ӛзіне жүктелген ӛкілеттікке сәйкес ғылыми-ӛндірістік орталық та жұмылдырылған.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланудың негізгі жолдары мен іс-шараларының басты бағыттары мыналар:

(3)

– ӛңірлік бағдарламаны әзірлеу;

– жерге орналастырудың бас сызбасын әзірлеу және оның тұжырымдамасын орындау;

– жерге орналастырудың ішкі шаруашылық жобаларын жасау;

– ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тартудың сенімді кӛзіне айналдыру.

Бұл проблеманы шешу жолдары:

1. сұраныс тудыратын инвестициялық жобалар нұсқасын жасап облыстық, аудандық әкімдерге және ірі агроӛнеркәсіптік кешендеріне ұсыну;

2. мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингтерінің мәліметтерін толықтыру жұмысы, жер кадастрының және оның ақпараттық жүйесінің келесі екінші деңгейін қалыптастыру.

ҚР Конституциясының 1-бабында кӛрсетілгендей, Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам болып табылады. Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін сол ҚР әрбір азаматы заман ағымына сай, ӛз елінің патриоты, бәсекелестікке қабілетті болуы қажет.

Осы сӛздердің мағынасына жете түсінген әрбір қазақстандық қоғамдағы ӛз орнын, жауапкершілігін сезіне отырып, халық пен мемлекет мүддесі үшін аянбай еңбек етуі тиіс деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Конституциясы, 30 тамыз1995 ж., - Алматы, 2009.

2. ҚР Жер Кодексі. 2003ж, 20 маусым., - Алматы: Баспа, 2009.

3. ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жӛніндегі 2005-2008жж. арналған бағдарламасы».

4. ҚР Үкіметінің «Ауыл шаруашылығының 2010жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту туралы» 1997 жылы 27 желтоқсанда қабылданған қаулысы.

5. Еркінбаева Л.Қ., Айғаринова Г.Т. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Оқу құралы. - лматы, 2010.

6. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. – Алматы, 2001.

7. Косанов Ж.Х. Права собственности и иные права на землю. Научное издание. – Астана, 2009.

Referensi

Dokumen terkait

8 Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясатын жəне корпоративтік əдеп пен мінез құлық мəселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді; 9 Қоғамның ұжымында жалпы