• Tidak ada hasil yang ditemukan

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті"

Copied!
13
0
0

Teks penuh

(1)

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті»

КАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «БЕКІТІЛДІ»

2023 жылғы «30» мамыр

№ 06/23 хаттамасы

«

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университеті»

коммерциялык емес акционерлік қоғамының

сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ЕРЕЖЕ

Астана, 2023 ж.

1-тарау. Жалпы ережелер

(2)

1.1. Осы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереже (бұдан əрі – Ереже) Қазақстан Республикасы

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 16, 23-баптарына, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022- 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережесіне, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №174 бұйрығымен бекітілген Жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың талаптарына, сондай-ақ ISO 37007:2016 жылғы халықаралық стандарттың талаптарына сəйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстың жүзеге асыруда көмек көрсету жəне «Л.Н.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан əрі-Қоғам) сыбайлас жемкорлыққа қарсы саясаттың іске асыруда бірыңғай тəсілді қалыптастыру мақсатында əзірленді.

1.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен құрылады.

1.3. Осы Ереже Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-

қызметінің мəртебесін, мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын, функцияларын, өкілеттіктерін жəне қызметінің ұйымдастыру тəртібін айқындайды.

1.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереже Қоғамның ресми интернет-ресурсында орналастырылады жəне барлық жұмыскерлердің назарына жеткізіледі.

1.5. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – Қоғам мен оның

қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жүктелетін функция;

2) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын

адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уəкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына жəне (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – заңда əкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қарсы кінəлі іс-əрекет (əрекет немесе əрекетсіздік);

(3)

4) сыбайлас жемқорлық тəуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

5) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін əзірлеу жəне енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу жəне жою жөніндегі қызметі;

6) сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау жəне зерделеу;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалып- тастыруды жəне іске асыруды жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды жəне тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган жəне оның аумақтық бөлімшелері;

8) «сыбайлас жемқорлық тəуекелдің жоғары деңгейде» қауіп төнген тұлғалар-Қоғамның Басқару мүшелері;

9) «сыбайлас жемқорлық тəуекелдің төмен деңгейде» қауіп төнген тұлғалар-декандар жəне олардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілер, Қоғам департаменттердің басшылар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалар, профессор-ұстаздық құрамы, əкімшілік-басқару персонал, Қоғамның оқу-көмекші персонал, студенттер;

10) парақорлық – орналасқан жеріне қарамастан кез-келген құндылықтың (қаржылық немесе қаржылық емес болуы мүмкін) заңсыз артықшылығын ұсыну, уəде беру, беру, алу, қабылдау немесе тікелей не жанама түрде сұрау, белгілі тұлғаның орындалатын міндеттелеріне қатысты əрекет ету немесе əрекет етуден қалыс қалатын тұлғанын сыйақысы немесе көтермелеу ақысы ретінде қолданылатын заңның бұзушылығы болып табылады.

1.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз өкілеттіктерін атқарушы органынан (Қоғам Басқармасы), Қоғамның лауазымды адамдарынан тəуелсіз жүзеге асырады, Директорлар кеңесіне есеп береді жəне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тəуелсіз болып табылады.

Оған қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.

1.7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке əдіснамалық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті орган жəне оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.

(4)

1.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функциясын Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерінің функцияларымен ұштастыруға жол берілмейді.

2 тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызмет ұйымдастыру

2.1. Қоғам басшылығы:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметін жүзеге асыру үшін тиімді орта құруға жəрдемдесу, оның мақсаттарын, міндеттерін, функциялары мен міндеттерін орындауға, құқықтарын іске асыруға жəрдемдесуі;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметін əкімшілік (ұйымдық-техникалық) қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды (қажетті дерекқорларға қолжетімділікті) жəне өзге де тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, оның қызметі үшін қажетті мүмкіндіктермен, активтермен жəне ресурстармен қамтамасыз етуі;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы мен қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметі, əлеуметтік жəне коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер мəселелері бойынша оқыту жəне сертификаттау мүмкіндіктерін беруі;

4) сыбайлас жемқорлық алғышарттары, фактілер туралы хабарласқан немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы етуде өзге түрде көмек көрсететін тұлғалардың көтермелеуі қажет.

2.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы жұмыстағы өзара сыпайылық пен дұрыстық негізінде құрылады.

2.3. Қоғамның құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне келесідей жəрдемдеседі:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;

2) анықталған тəуекелдер мен бұзушылықтарды объективті талқылау;

3) туындайтын мəселелер мен проблемаларды бірлесіп шешу;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу семинарларға, лекцияларға, құқықтарды қорғау жəне сыбайлас жемқорлық көріністерге қарсы ету бойынша оқу тренингтерге қатысу;

5) Қоғамның əр құрылымдық бөлімшесінде, факультетте Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен өзара əрекеттесу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша жауапты тұлғаны бекіту.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері

(5)

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты Қоғам мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды, ISO 37007:2016 жылғы халықаралық стандартты енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу жəне сыбайлас жемқорлық көріністерге жол бермеу болып табылады.

3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері:

1) Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту жəне алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;

2) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;

3) Қоғамда сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының жəне үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;

5) Заңға сəйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйені енгізу, ағымдағы бақылауды күйшейту, парақорлық тəуекелдердің төмендетуіне ықпал ету (ISO 37007:2016);

7) Қоғамда қызмет атқаратын тұлғаларда тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсымінез-құлықты қалыптастыру;

8) сыбайлас жемқорлық көріністерді анықтау жəне олардың теріс салдарын алдын алу;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəселелер бойынша түсіндіру жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəденитетті қалыптастыру (сыбайлас жемқорлық көріністерге теріс жəне төзімсіз қарау) іс-шараларды өткізу;

10) сенім телефоны бойынша, сондай-ақ жеке кездесулер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəселелерге қатысты Қоғамның қызметкерлеріне жəне оқушыларына кеңестік қолдау көрсету жəне сыбайлас жемқорлық көріністер туралы телефон хабарламаларды қабылдау.

3.3. Қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу жəне жүзеге асыру кезінде, келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;

2) басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тəуелсіздігі;

(6)

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін жоғарлату.

3.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциялары:

1) келесі құжаттардың əзірленуін қамтамасыз етеді:

- Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясаты (анықтау, мүдделер қақтығысын реттелу);

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық, ішкі іс- шаралар жоспары;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сəйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт;

-Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу

фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тəртібін реттелетін Ереже;

- корпоративтік əдеп пен мінез-құлық мəселелерін регламенттейтін құжат;

2) Қоғам жұмыскерлері мен білім алушылар арасында социологиялық сауалнаманы, психологиялық портреттерді жəне т.б. құру арқылы Қоғамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпарат жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды жəне бағалауды жүзеге асырады;

3) "Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 14441) сəйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті органның жəне Қоғамның бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін Қоғамның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;

5) Қоғамда анықталған сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне жəне оларды митигациялау жəне жою бойынша қабылданатын шараларға мониторингті жүзеге асырады;

6) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру мəселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;

7) Қоғамның қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу семинарларды, лекцияларды, құқықтарды қорғау жəне сыбайлас жемқорлық көріністерге қарсы ету бойынша оқу тренингтерді ұйымдастырады;

(7)

8) Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясатын жəне корпоративтік əдеп пен мінез құлық мəселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;

9) Қоғамның ұжымында жалпы қабылданған моральдық-əдеп нормаларына сəйкес келетін өзара қарым-қатынас мəдениетін қалыптастыруға жəрдемдеседі;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уəкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;

11) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг əзірлейді жəне жүргізеді;

12) мүдделер қақтығысын, оның ішінде Қоғамға жұмысқа орналастыру, сатып алу жəне бизнес-процестер мəселелерін анықтау, мониторингілеу жəне реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

13) Қоғамда сыйлықтар беру жəне алу мəселелерін реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

14) контрагенттердің сенімділігін кешенді тексеруді жүзеге асырады;

15) Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді жəне/немесе оларға қатысады;

16) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізеді;

17) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;

18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің ақпаратын тыңдайды;

19) Қоғам басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін жою, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;

20) Қоғам қызметінің ерекшелігіне қарай мұндай функциялар тəуелсіздікке əсер етпейтін жəне мүдделер қақтығысының туындауына əкеп соқпайтын жағдайда комплаенс, іскерлік əдеп, орнықты даму жəне басқалар мəселелеріне байланысты функцияларды жүзеге асырады;

21) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті органмен жəне мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке жəне заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

22) Директорлар кеңесінің назарына тоқсан сайын «сыбайлас жемқорлық тəуекелдің жоғары деңгейде» қауіп төнген тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс нəтижелерін жеткізеді жəне сыбайлас жемқорлық тəуекелге қауіп

(8)

төнген тұлғаларға қатысты ұсыныс түріндегі шараларды қолдану жөнінде ұсыныс жасайды;

23) Ректор-Басқарма Төрағасының назарына тоқсан сайын «сыбайлас жемқорлық тəуекелдің төмен деңгейде» қауіп төнген тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс нəтижелерін жеткізеді жəне сыбайлас жемқорлық тəуекелге қауіп төнген тұлғаларға қатысты ұсыныс түріндегі шараларды қолдану жөнінде ұсыныс жасайды;

24) Директорлар кеңесімен келісе отыра, қылмыстық əрекетінің белгілері бар жасалған құқық бұзушылықтар фактілер бойынша материалдарды құқық қорғау органдарға жолдайды;

25) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуды немесе ықтимал бұзуды (мүдделер қақтығысы, сатып алу, алаяқты жəне т.б.) анықтау мақсатында, аталған ақпаратқа ие болған тұлғалармен жасырын кездесулерді өткізеді;

26) сыбайлас жемқорлықты алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті білдіру, академиялық адалдықты сақтау бөлігі.

3.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің өкілеттігі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке жүктелген міндеттердің орындалуын жəне функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің атынан Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- қызметтің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша ведомстволар мен ведомствоға бағынысты ұйымдарға жіберілетін құжаттар мен сауалдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы қол қояды.

3.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз қызметінің шеңберінде:

1) Қоғамның ішкі құжаттарымен реттелетін, бекітілген рəсімінің шеңберінде құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық жəне қызметтік құпияны құрайтын материалдарды сұратады жəне алады;

2) Қоғамның Директорлар кеңесінің қарауына олардың құзыретіне жататын мəселелерді шығаруға бастамашылық жасайды;

3) Қоғамның жұмыскерлер мен білім алушылар тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл, мемлекеттік сатып алу, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерге əкелу мүмкін Қазақстан Республикасы заңнамада көрсетілген өзге бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысы туралы түскен хабарламалар бойынша қызметтік тексерістерді өткізу;

4) Қоғамның басшылары мен басқа да қызметкерлерінен қызметтік тергеу шеңберінде жазбаша түсіндірмелер беруді талап етеді;

(9)

5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлейді жəне оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті органға жібереді;

6) өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын əзірлеуге қатысады;

7) Қоғам қызметкерлерінің Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлауы не Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін ақпараттандыру арналарын құрады;

8) қажетті жағдайда тексерістерді өткізу жəне жеткізушілірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сай болуы, сенімділік, Қоғам жұмыскерлерімен байланысуы, мүделлер қақтығысы бойынша қорытынды шығару;

9) сыбайлас жемқорлық тəукелдер жəне мүделлер қақтығысы (қабылдау, мемлекеттік сатып алу, тұрғын, əдіп жəне т.б. бойынша) болу мүмкін комиссия отырыстарына қатыса алады;

10) қызметтік тексерістердің қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комплаенс-қызмет басшысының қызметтік жазба хаттың негізінде Ректор- Басқарма Төрағаның қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлесін қосқаны үшін көтермелеуге жататын үміткерлер бойынша ұсысынтар енгізіледі;

11) Қазақстан Республикасының заңнамамен қарастырылған басқа өкілеттіктері.

3.7. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет:

1) Қоғам жəне оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың, егер онда дайындалып жатқан жəне (немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, құпиялылығын сақтайды;

2) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік Əдеп кодексінің жəне өзге де ішкі құжаттардың бұзылуының болжамды немесе нақты фактілері бойынша жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

3) Қоғамның директорлар кеңесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуымен немесе ықтимал мүмкіндігімен байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті органның назарына белгілі болған дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы хабарлайды;

5) Қоғамның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;

6) қызметтік жəне кəсіби этиканы сақтайды;

7) қойылған мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасының заңнамамен қарастырылған өзге міндеттерді орындайды.

(10)

3.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметкерлеріне:

1) алдыңғы үш жыл ішінде олар қатысқан процестерді тексеруге қатысуға;

2) имиджге, бизнес-процесстерге, Қоғамның білім беру қызметіне нұқсан келтіретін кез келген əрекетке қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаға жəне Қоғамның ішкі

құжаттарға қарсы түрінде құпия ақпаратты жеке мүддеге пайдалануға;

4) іскерлік этика нормаларын бұзуға;

5) нəтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тəуелсіздігіне, объективтілігіне жəне бейтараптылығына нұқсан келтіруі мүмкін не осындай залал келтіретін ретінде қабылдануы мүмкін сыйлықтарды қабылдау жəне көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;

6) мүдделер қақтығысына əкелуі мүмкін тексерулерге, қызметтік тергеулерге жəне басқа да іс-шараларға қатысуға болмайды.

4 тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкерлерін лауазымға тағайындау жəне босату, құрылым,

біліктілік талаптары

4.1.Сыбайлас жемкорлққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысын

тағайындау, оның өкілеттіктің мерзімін, жұмыс тəртібінің анықталуы Қоғамның Директорлар кеңесінң шешімімен жүзеге асырылады.

4.2. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысын

тағайындау немесе лауазымынан босату туралы маселе Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысына қаралады. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс- қызмет басшысының лауазымына үміткер аталған отырысқа міндетті түрде қатысады.

4.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысы Қоғамның Директорлар кеңесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің құрылымын, штаттық кестені ұсынады.

4.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының мен

жұмыскерлердің функционалдық міндеттер, құқықтар жəне жауапкершілік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереженің негізінде əзірленетін лауазымдық нұсқаулар Директорлар кеңесімен бекітіледі.

4.5. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының

лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

1) заң немесе экономика ғылым саласындағы жоғары білім болғаны абзал;

2) жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл;

3) лауазымның функционалдық бағытқа сəйкес саладагы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл болғаны абзал;

4) басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл;

5) Қазакстан Республикасының нормативтык құқықтық актілерді, сыбайлас жемкорлыққа қарсы, жоғары білім салаларға қатысты халықаралық стандарттарды білудің жоғары деңгейі, педагогика негіздерін дамудың

(11)

басымды бағыттар, білім беру жүйелердің теориясы жəне басқару əдістері, білім беру мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі, еңбекті қорғау жəне өрт қауіпсіздігі бойынша ереже;

6) қазақ, орыс еркін,жəне ағылшын тілдірдің білгені абзал.

4.6. Қоғамның Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшының лауазымына тағайындалатын тұлғамен Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленген мерзімге келісім-шарт құрылады.

4.7. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысымен еңбек шартына Қоғам атынан Басқарма Төрағасы-Ректор кол кояды.

4.8. Директорлар кеңесі заңнамамен белгіленген тəртіпте сыбайлас

жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының өкіліттігін мерзімінен бұрын тоқтату жəне онымен жасалған шартты бұзу туралы шешім қабылдауға қуқылы.

4.9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жаңа басшысын тағайындау туралы шешім, əрекеттенетін сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-кызмет басшысының өкілеттігі мерзімінен тоқтату туралы шешімімен бірге қабылдануы мүмкін.

4.10. Директорлар кеңесі сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының өкілеттігін токтату туралы шешімін қабылданған жағдайда, басшы оның қарауындағы құжаттарды, сондай-ақ сақтауға жататын құжаттардың қабылдау-тапсыру актіні жасайды. Аталған құжаттар қабылдау- тапсыру акті бойынша сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-кызметінің басшысына (тағайындалған жағдайда) немесе сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басқа қызметкерлеріне, кейін жаңадан тағайындалған қызмет басшысына қол қою арқылы тапсыру үшін беріледі.

4.11. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет офицерінің

лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

1) заң немесе экономика ғылым саласындағы жоғары білім болғаны абзал;

2) жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл;

3) лауазымның функционалдық бағытқа сəйкес саладагы жұмыс кем дегенде 2 жыл болғаны абзал;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жəне алдын алу салаларында жұмыс тəжірибенің болғаны абзал;

5) Қазакстан Республикасының нормативтык құқықтық актілерді, сыбайлас жемкорлыққа қарсы, жоғары білім салаларға қатысты халықаралық стандарттарды білудің жоғары деңгейі, педагогика негіздерін дамудың басымды бағыттар, білім беру жүйелердің теориясы жəне басқару əдістері, білім беру мекеменіңқаржы-шаруашылық қызметі, еңбекті қорғау жəне өрт қауіпсіздігі бойынша ереже;

6) қазақ, орыс еркін,жəне ағылшын тілдірдің білгені абзал.

4.12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы мен

қызметкерлері Қоғам қаражатының есебінен, қолданыстағы еңбек заңнамамен белгіленген кезегі бойынша жəне Қоғамның Даму жоспарының қалыптастыруда реттейтин белгіленген рəсімнің сақталуда, комплаенс

(12)

саласындағы уəкілетті органдар мен кəсіптік ұйымдар өткізетін оқыту іс- шараларына қатысу арқылы үнемі кəсіби біліктілігін арттыруы қажет.

4.13. Осы ережеге қайшы келмейтін бөлігінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жұмыскерлеріне Қоғамның ішкі құжаттардың ережелері қолданылады.

5 тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің есептілігі

5.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Қоғамның

Директорлар кеңесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы жəне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру туралы тоқсан сайын есеп береді, жəне онымен келесе отыра, ақпаратты уəкілетті органға жібереді.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сұрау салуы бойынша Қоғамда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша қосымша ақпарат жібереді.

5.2. Қоғам басшылығы тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туындаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- қызмет Заңының 24-бабы 1-тармағына сəйкес уəкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді.

6 тарау. Еңбекақы төлеу жəне сыйақы беру шарттары

6.1. Сыбайлас жемкорльққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының жəне жұмыскерлердің лауазымдық жалақыларының мөлшері Қоғам Директорлар кеңесімен анықталады жəне Қоғам Директорлар кеңесінің шешімі бойынша өзгертілу мүмкін.

6.2. Қызмет жұмыскерлерінің еңбекақысы, сыйақысы жəне көтермелеу ақысы Осы ережемен қарастырылған негізгі талаптарының есебімен, сондай- ақ Қоғам жұмыскерлерге еңбек ақыны төлеу, қосымша ақыны жəне жəрдемақыны, сыйақыны белілеу жəне материалдық көмекті көрсету туралы бекітілген ереженің шеңберінде құрылған еңбек келісім-шарттарға сəйкес жүзеге асырылады.

6.3. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-кызмет басшысы мен жұмыскерлерінің өндіріс тиімділігінің жəне жұмыс сапасының арттырудағы қаржылық қызуғышылық мақсатында, жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы төлену мүмкін. Қызмет нəтижесі бойынша сыйакы, жетістіктер жəне жұмыс тиімділігін арттыру үшін материалдық мадақтау мақсатында төленеді, тұрақты сипатта болмайды жəнеорташа еңбек ақы саналғанда есепке алынбайды.

Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-кызметінің басшысы мен жұмыскерлеріне сынақ мерзімінің кезінде жəне алынбаған тəртіптік жаза болған жағдайда сыйақа төленбейді.

7 тарау. Жауапкершілік

(13)

7.1. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-кызметінің басшысы мен жұмыскерлері, заңнамамен жəне Қоғамның ішкі құжаттармен белгіленген тəртіпте:

1) жүктелген міндеттерді, функцияларды, құқықтарды жəне лауазымдық міндеттерді дұрыс орындамағаны;

2) əрекеттерінің салдарынан келтірілген шығын;

3) қызметтік, коммерциялық немесе заңмен корғалатын басқа да құпияны құрайтын мəліметтерді жариялағаны;

4) өзіне қол жетімді инсайдерлік ақпаратты (шектеулі қолжетімділігі бар ақпарат) жеке мақсатта пайдаланғаны үшін жауапты болады.

7.2. Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін, Қоғам Директорлары кеңесінің шешімі бойынша Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-кызметінің басшысы мен жұмыскерлеріне белгіленген тəртіпте тəртіптік жаза қолданылу мүмкін.

8 тарау. Қорытынды ережелер

8.1. Осы Ереже Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен күннен бастап күшіне енеді.

8.2. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Қоғамның Директорлар

кеңесінің шешімімен енгізіледі.

8.3. Осы Ережеде көзделген жекелеген шарттар қолданыстағы заңнамаға сай келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары қолданылады.

Referensi

Dokumen terkait

ВИТИЛИГО АУРУЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Айдарбекова Найра Қазақстан Республикасы, Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті [email protected]

3 Білім беру бағдарламасының мазмұны / Содержание образовательной программы / Content of the education program Модуль атауы және коды Название и код модуля Module name and code