У.А. Әлменбетова Астана қ., Қазақстан АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ http://www.enu.kz
Орыстың белгілі жазушысы М. Горький «Халық әдебиетін білмейінше, халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» дегендей ӛткен тарихымызды ұмытпау қажет. Қай халықтың ғылымында болса да, ауыз әдебиет тарихы ерекше орын алады. Солай бола тұрса да, қазақтың ауызша тарихының мәселесі күні бүгінге дейін ғылыми шешімін таппай, ӛзінің ғылым ретінде табиғи даму дәрежесін күтуде. Оның басты себептері:
ауызша тарихымыз туралы ӛз тіліміздегі жазба деректердің аздығы тарихшыларымызға қол байлау болды. Тарихымызға қатысты деректердің кӛбі кӛрші елдердің жазбаларында сақталып қалған, сол елдің зерттеушілерінің ұлттық және саяси мүдделеріне орай ӛзгертулер мен «түзетулерге» ұшырағандығы ескерілмей, шала қорытылды. Қазақтың шежіре деректері алып қашты сенімсіз нәрсе ретінде қаралып, тарихи дәлел ретінде пайдаланылмады.
Күні кешегі кеңіс заманының идеологиясы темір тегеуірін қадап, қазақ зиялыларының халқымыздың рухани мұраларына халықтық талғаммен қарап, баға беруіне мүмкіндік бермегені баршамымызға аян. Ӛйткені, халықтың ӛз болмыс-бітімін тура тануға ұмтылуы – бағынышты халықтың тарихи жадын үзіп, ӛткенін ұмыттырып отыруды мақсат тұтқан кеңес билеушілерінің түп мүддесіне қайшы еді.
Ұзақ уақыт дәурендеген отаршылдық езгі мен үстем саясат халқымыздың ұлттық ойлау жүйесін орасан талқандап, жасқаншақ, құлдық психологияны ұлт санасына терең сіңірді. Ол ата-бабаларымыздан қалған, кейінгі ұрпаққа қалдырар рухани мұраны, ұлттық тұрғыдан, халық тарихымен бірлестіре зерделегенде ғана туған ауыз әдебиетіміздің тарихы мен табиғатын тануда шындыққа жақындай түсетіндігімізді ойлатпады. Бұл түйін жалпылық мән алатын, баршаға ортақ шындық. Ұлттық ауызша тарихымыз бен әдебиетіміздің тарихы кӛнескілеу болып, халқымыздың тӛл тарихымен сабақтастыра отырып зерттеп, әр дәуірдегі әдебиетті тексергенде, сол дәуірдегі барлық немесе басым кӛп санды әдеби нұсқалардағы ортақ «сарынды» тауып, оның сол сипатын анықтаудың ӛлшемі ету керек деп пікір білдірген ғалымдарымыз болды. Ал қазақтың ауызша тарихын зерделеп, біздің санамызға нақты орнықтыра отырып, болашақтағы қарымды істерге жол сілтейтін, бағыт-бағдар беретін Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы.
Шежірелік деректерді пайымдау» атты еңбегі болып табылады. Оны оқығанда қазақтың кез-келген азаматы, ғалым, ұстаз, ізденуші, студент болсын барлығына да ерекше ой туғызады, ӛткенді бүгінмен жалғайды, естен шыққанды еске салады, исі қазақтың кӛзін ашып, нұр сәуле тӛгеді, рухани азыққа шексіз тойдырады. Жас ізденуші немесе әдебиет, тарих, этнограф т.б. саласында ғылыммен айналысып жүрген ғалымдарымыз үшін бұл бағдаршам секілді, шешуі күмәнді болып жүрген кӛптеген сұрақтарға, мәселелердің шешімін табуға, жауап беруге тұратын құнды еңбек. Белгілі жазушы-ғалым, түрколог ағамыз Қойшығара Салғараұлы «Ақселеудің бұл кітабынан талай адам диссертация, докторлық қорғап шығуға болатын еңбек» - деп тамсана айтқаны бар. Шынында осыншама деректер мен мағлұматтарды, айғақтар мен дәлелдерді жинақтаудың ӛзі, оны жазу, теру, кітап етіп шығару қаншама уақытты қажет ететіні белгілі. Қиындығын айтпай- ақ да қойсақ болады. Бұл - Ақаңның ӛз ұлты үшін, халқы үшін, қазағы үшін қаншама жылдар тапжылмай, талмай айналысқан еңбегі, оның бағасын халқы дер кезінде бере жатар. Кітаптың басынан аяғына дейін о шеті бұ шеті, ұшы-қиыры, еліміздің түрпір- түкпірінен мол шежірелік деректер, ауызша мәліметтер, аңыздар осылардың бәрін молынан пайдалана отырып, кӛшпелі ӛмір-салттағы ру-тайпалық құрылымның дәстүрлі қазақ қоғамына әлеуметтік-саяси негіз болғанын дәлелдейтінін кӛріп отырмыз. Жалпы
қазақ ӛміріндегі кӛшпелі ӛмір-салттағы дәстүрлі қазақ қоғамында мемлекет құрудың жаңа түр сипатын ашып берді. Қазақтың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев: «Қайткенде де Ақселеу ӛзінің болмыс тірлігімен байырғы қазақ дүниесін алшаң басып асықпай аралап, байыппен бажайлап, сабырмен саралап келе жатқан екі аяқты «этнография академиясы»
сияқтанып елестейді» - деп бағасын береді
Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауыша тарихы» атты кітабы ӛзінің ішкі құрылымы, жазылу стилі және кӛтерген мәселелері, сондай-ақ ғылыми бағыттары жӛнінен ӛзінен бұрынғы этнографиялық мазмұнда жарық кӛрген зерттеулер ден мүлдем басқаша.
Кітап қазақ этнографиясына және этнологиясына байланысты, тікелей қатысты, кең ауқымды, ӛзекті мәселелерді қозғаған. Сондықтан да болар, о баста, зерттеуді қолға алғанда ондағы кейбір тақырыптардың зерттеудің атына сай келетініне күмәнмен қарайсыз. Ӛйткені олар кейбір тұстарда қазақтың ауызша тарихының арнасынан асып кетеді. Ия, бұл зерттеудегі таза этникалық тарих мәселелерін қозғайтын кейбір тараушалар қазақтың ауызша тарихының аясына сыймай, қазақ этнографиясының және этнологиясының кең тынысты мәселелерін еркін қамтиды. Сонымен қатар бұл еңбектің ауызша тарихқа байланысты этнографиялық және этникалық пікірлерді молынан қарастырғаныны да белгілі.
Мақаламда Ақселеу Сейдімбектің ғалым ретіндегі және ғылыми еңбектеріндегі ерекшеліктері соншалықты, оның бәрін зерделеп, тұспалдау үлкен жұмыс. Ӛзінің жеке шығармашылығында балалар тәрбиесіне аса ыждаһаттықпен қарағаны, балаларды керемет жақсы кӛргені, балажан екендігін оның замандастары, әріптестері, дүйім жұртта біледі.
Осы балаларға деген ыстық ықыласын, сүйіспеншілігін ол оларға арнап ертегілер де жазған. Олар былай аталады: «Бақыт», «Бақ, Дәулет және Аман», «Әйел – Ана»,
«Махаббат», «Бӛлтірігін алдаған бӛрі», «Батпан құйрық», «Қосаяқ», «Тӛрелік», «Емші»,
«Серілер мен перілер», «Бай, байғұс және би», «Бетпақдала», «Бір түп жусан», «Үш ағайынды», «Ақ ешкінің шағымы» және «Ағыбай батыр».
Ертек, бесік жыры, жұмбақ айтысу, сыңсу, жоқтау секілді кӛнеден келе жатқан ғұрыптардың ақтығы, тазалығы, шынайылығы жӛнінде Ақселеу Сейдімбек ӛз күнделігіне 1982 жылдың 24 маусымында былай деп жазыпты:
«Ертекке, сыңсуға, жоқтауға, жұмбаққа, бесік жырына қарағанда повесть, роман, драма, опера, балет, симфония әлде қайда жасанды сияқты. Мұның сыры адамзат дамуының жасандылыққа, қулық-сұмдыққа, зорлық-зомбылыққа кӛбірек бет бұруымен тамырлас болуы керек».
Соның бірі - біздің ауыз әдебиетіміздің қорында кӛне дәуірден қалған, кейінгі дәуірдің таңбасы басылып ӛзгеріп, ӛзінен соңғы дәуірдің мұраларымен араласып жүрген әдебиет үлгілері бар А. Қыраубаеваның «Ежелгі әдебиет» атты еңбегінде: «Тарғытай»
туралы аңыздың заманымыздан бұрынғы әдеби ескерткіш ретіндегі маңызын атап кӛрсетеді. Аңыздың мазмұнын:
Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек, Заты бар бұтақ сайын жанға керек.
Балта, шӛміш, түрен мен мойынтұрық, Тӛртеуін таңдап алдым ерекшелеп [1;7],-
деген халық жұмбағымен салыстырады. Аңыз бойынша Тарғытайдың балаларына аспаннан мойынтұрық, түрен, балта, шӛміш түсіпті. Тарғытайдың тӛрт ұлынан авхат, катиарлар, тараспилер, тарлаттар деп аталатын сақ тайпалары тарайтын кӛрінеді.
Аталмыш аңыздың ұзынырғасы күні бүгінге дейін жалғасып отырған қазақтың үш жүзін үш атадан тарататын шежіре тарату дәстүрін еске салады. Бұл аңыздың халық жадында да сақталғанына жоғарыдағы келтірілген жұмбақ куә. Ақселеу Сейдімбек бұл жұмбақтың шешуін: «жапан дегені түнгі аспан, жайнап тұрған бәйтерегі аспан жұлдыздары, балта
дегені таразы, үш арқар немесе шідер деп аталатын жұлдыздар (созвездие Ориона), шӛміш – жеті қарақшы жұлдыздары, түрен дегені – ақбоз ат, кӛкбоз ат, арқан жұлдыздарының шоғыры, мойынтұрық дегені – қара құрт жұлдыздары» [2;48],- деп таратады. Ақаңның қазақ ауыз әдебиетіндегі кӛне сӛздердің хас шебері болғаны былай тұрсын, кӛне дәуірден қалған жұмбақтың шешуін нақты тауып, мағынасымен жеткізуінің ӛзі қайда жатыр.
Ақселеу Сейдімбектің мұрасының құндылықтарын жаңа бағыт, жаңа кӛқарас, жаңа ғылыми атаулардың қалыптасуынан кӛруге болады. Мысалы кітаптың бір ғана
«Шежіре және тарих» бӛлімі алып кӛріңіз, бұнда ӛзіндік тың да, жаңа кӛзқарастарға толы.
Онда елтану мектебі, тарихнама, этнология және ру-тайпа жүйесі, түркі ру-тайпалары және тарихи кезеңдер, қазақ шежіресіндегі уақыт табы және тағы басқа маңызды мәселелер нақтылана зерттелген. В.П.Юдин «далалық ауызша тарихнама» деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде Ақаң шежірелік деректерді зерттеу барысында ӛзінің шежіре ішіндік зерттеу бағыттарын осы далалық ауызша тарихнаманың аясына сыйдырған және де жаңа тұжырымдарға барып қазақ шежіресін, «Қазақтың ауызша тарихы» деп атау жасап, қорытынды шығарған. Автордың бұл жерде этнология ғылымындағы мүлде тың, жаңа пікірді ұсынып отырғаныны белгілі.
Ақселеу Сейдімбек қазақ этнологиясының ғылыми терминологиясын қалыптастырды. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» арқылы қазақ мемлекеттілігінің құрылымын, бұрынғы кезеңдерде ел басқарудың тұрпатын, қазақ халқының жүз, тайпа, ру арқылы бірлесуін, әр жүздің елдік белгілері, таңбалары т.б. толып жатқан белгілерін нақтылап жүйеге келтіре отырып, ғылыми түрде негіздеді. Хандық басқару кезінде қырық руды біріктіріп, оны үшке бӛліп, елді бір орталыққа біріктерген, басқарудың сол кездегі демократиялық жақтарын ашып берген. Ақселеу Сейдімбек қазақ даласындағы соңғы үш- тӛрт мың жылдың аясында тұрақты қалпын сақтаған рулық жүйенің қалыптасуының ӛзі біздің артта қалғандығымыздың немесе озықтығымыздың белгісі емес, рулық жүйені – ұжымдасып ӛмір сүру қажеттігі дүниеге келтіргенін нақты кӛрсетеді.
Белгілі жазушы Герольд Бельгер ӛзінің «Казахское слово» кітабында Ақселеу ағамыздың ерекшелігі жайында былай деп жазған: «Много лет назад, на одном из собраний в Союзе писателей Казахстана, Акселеу Сейдимбеков обратил мое внимание на то, какие глаголы употребляют казахи при смене времен года Қыс келді. Зима пришла.
Кӛктем туды. Весна родилась. Жаз шықты. Лето вышло, наступило. Күз түсті. Осень упала, свалилась. Менять глаголы, по мнению Акселеу, неверно, безграмотно. И если, случается, говорят «кӛктем келді» (весна пришла), то это от глухоты к чуткой природе языка: весна не приходит, она рождается, а осень не рождается, а сваливается, обрушивается на голову, падает. Любопытно, не правда ли? Иные казахские глаголы однозначно и однословно на русский язык никак не переводятся. Вот, например, широко распространенный глагол «қаңтару». Вот что точно это означает: «привязать по-водья к передней луке седла». Вот и спотыкаешься каждый раз при переводе на русский язык об этом «қаңтару». [3;288] Бұл ғалымның қазақ сӛздерінің орыс аудармасындағы аударылуы ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып зерделегенін кӛрсетеді.
Бар саналы ғұмырын кӛшпелілер ӛмірін зерттеуге арнаған орыс ғалымы Л.Н.
Гумилев: «ХІХ ғасыр дамыған ӛркениетті тек отырықшы халықтар жасаған, ал Орталық Азияны бейне тоқыраушылық болмаса жабайылық пен тағылық жайлады деген тұжырымдаманы бізге мұра етіп қалдырды. Бұл тұжырымдамадағы ең сорақылық - оның қателігінде ғана емес, сонымен бірге оның ешқандай сынауға жатпайтын ғылым жетістігі ретінде ұсынылуында» [4;266] - деп, сол кездің ӛзінде-ақ жалтақсыз ашып кӛрсеткен еді.
Алайда ХІХ ғасырдың осы зиянды «мұрасын» қабылдап алып, сол күйі әрі жалғастырған ХХ ғасыр да бұл шындықты қаперіне алған жоқ. Сол себепті осындай қате тұжырымдардың ғұмыры ұзайып, ғылымда осыларды негіз еткен біржақты кӛзқарастар ӛз үстемдігін жүргізе берді. Ерте замандарда ӛмір сүрген кӛшпелілерді «жабайылар»,
«тағылар» деп мойындатқан еуропалықтардың ғылымдағы ӛктемдігі осылай ой сананы
құрсаулап, барды кӛруден, жоқты іздеуден қалдырып, зерттеушілерді сол баяғы ескі сүрлеуді шиырлай беруге мәжбүр етіп қойды. Ақселеу Сейдімбек «Мен білетін Л.Н.
Гумилев» атты еңбегінде еуропоцентризмнің қатесін дәлелдеп, кемшіліктерін басып кӛрсете қатты сынап, жазды. Осы жерде айта кететін жәйт Л.Н.Гумилевтен кӛзі тірісінде сұхбат алып, оны таспаға да түсіріп алған болатын, бұл дүние қазір Л.Н.Гумилевтің музей-кабинетінде жәдігер ретінде сақталып тұр.
Ал, Мерғали Ыбыраевтың мына сӛздері де Ақселеудің ештеңені ірі-ұсақ деп қарамайтын ізденгіштігін баяндайды:
«Автор кей тұстарда этнолог, кей тұста археолог, кей тұста этнограф, кей тұста спелеолог (үңгір танушы ғалым), кей тұста топономик ретінде сӛйлей отыра бүгінгі кӛсегесі кӛгерген халқымыздың бұдан жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бұрынғы наным- түсінігіндегі, тіршілік салтындағы, әдет-ғұрпындағы, ой-санасындағы ньюанстық жарастықты, жалғастықты үнемі айырып, ажыратып, кӛрсетіп отырады:
«Адамзат баласының алғашқы сезім-түйсігіне, алғашқы ұғым-түсінігіне, алғашқы қабілет-дарынына айғақ болар ғаламат белгілердің үңгірлерден табылып отыр.
...Байтақ дала тӛсіндегі үңгірлердің тарихи оқиғаларымен, тарихи тұлғалармен сабақтасып жатыр». [5;122]
Ғылым докторы Мырзабек Дүйсенов те «Күмбездерге» пікір қосқан екен:
«Халқымыздың тұрмыс-салтындағы әдет-ғұрып сипаттары, ұлан байтақ жеріміздің арғы- бергі тарихына байланысты туған топонимикалық деректер, аңыздар, ою-ӛрнектердің, күмбірлеген күмбезді мазарлар мен кешендер, қобыз, домбыра сияқты кӛне аспаптардың шегінде сақталған кӛл-кӛсір күйлердің сиқырлай сылдыраған сырлары тағы да басқа халық мәдениетін танытар хикая шертіледі.
Адамзат қоғамы мәдениетінің дамуын тек отырықшы елдер ғана жасады, кӛшпелілер оған ештеңе де қоса алған жоқ деген ғылыми теріс тұжырымдар жасағысы келген тенденция бой кӛрсеткен кездер болды. Жалпы адамзат қоғамының даму жолы бар жерде бірдей болмағаны белгілі. Бірақ соның ӛзінде де осы дамуға отырықшылар мен бірге кӛшпелілердің де ӛз үлестерін қосқаны даусыз еді. Бұны бір-біріне қарсы қою түбірінен қате, керісінше солардың әр қайсысының ӛз үлестерін анықтай танып, бағалап қажетімізге жарата білуіміз керек қой.
Бала күннен бергі досы Ғабдолла Құлқыбаев Ақселеудің шығармашылығының белгілі бір сәттері жайлы пікір білдіріпті:
«Кӛркем шығармалардан бастау алған этнографиялық, тарихи-философиялық толғаныстар Ақселеудің кейінгі далалық тарихи танымды арқау еткен ғылыми-кӛпшілік еңбектерінде жүйелі жалғасын тапты. Осындай шығармалар жазып, жариялаумен Ақселеу саналы түрде айналысты. Себебі, советтік социалистік идеология уландырған, орыстандыру бағытындағы ақпарат тасқынының астында қалған қайран халқын осы пәледен арашалап алуға ұмтылған кезде ең оңтайлы құрал, ең шаппа-шап қару осы тарихи танымды орнықтыратын, ұлттық сезімдерді оятатын ғылыми-кӛпшілік мақалалар, кітаптар еді. Осы парадағы еңбектерінің ең әйгілісі «Күңгір-күңгір күмбездер» кітабымен басталып «Қазақ әлемі» (этномәдени пайымдау, орысшасы «Мир казахов») деген фундаментальді кітаппен тұжырымдалған. Қазақ оқырманы үшін бұл кітаптардың орны ерекше деуге болады. Ел оларды іздеп жүріп оқыды, білім кәусарынан сусындады, ӛз халқының осыншама тарихи, рухани, мәдени, дәстүр байлығына қанығып, таң-тамаша қуанышқа бӛленді. Міне, Ақаң туралы оның ғылыми еңбектері туралы пікірлер жалғасып кете береді.
Шынында да, «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегі белгілі ғалым, этнолог, профессор Ж.Артықбаев айтқандай, тақырыпқа «тікелей немесе жанама кіретін ондаған- жүздеген мәселелерді кітапқа артып алған». Онда этнографияны және этнологияны, тарихи географияны, этникалық тарихты қамтитын кӛптеген жаңа мәселелер кӛрініс тапқан. Ақаңның ерекшелігі – оның қазақтың қызыл сӛзінің «майын тамызатын» шебері болуында ғана емес, осы тілді этнографияның және этнологияның ғылыми тілімен
байланыстыра, мәселені халыққа түсінікті, жатық тілмен баяндауында болса керек.
Сондықтан да бұл кітаптың оқырмандары ғалым-этнологтар ғана емес, жалпы, қазақ қауымы болып шығуы да әбден мүмкін. Бәлкім, бұл бәріміз айтып жүргендей, консервативті ғылыми қасаң тілден құтылудың бірден-бір дұрыс үлгісі болар.
Ақаңның қазақ деген халықтың дәстүр-салтын, күллі рухани болмысын ӛзіндік этнографиялық ерекшеліктерін байыптылықпен халқына дер кезінде жеткізген. Ағамен он жылдай бірге қызмет еткенде қаншама ӛнеге-үлгі, ӛсиет, салиқалы әңгіме, ақыл-кеңес, ұлттық дәріс, ұлттық бағыт-бағдар бергенін айтып та, жазып та жеткізу қиын. Ӛз халқының жерге біткен шӛбінен бастап, шапса тұяқ жетпейтін, ұшса құс қанаты талатын, ұлан-ғайыр даласын шексіз сүйіп, оны артында келе жатқан ұрпаққа мұра етіп қалдырғаны керемет. Ақселеу ағамыздың бұл кітабы қазақша ойлайтын, ұлттық қадір- қасиеттерді тірнектеп жинақтаған ӛзіндік нақты қолтаңбасы бар, ешкімге ұқсамайтын ӛзгеше зерттеуші етіп шығарды. «Жер бетінде данышпан, философиялық ойлауы терең, кӛріпкелділігі мықты, генетикалық жағынан кіршіксіз таза, ӛзге ұлттан биік болып тұратын ол – менің халқым, қазақ халқы» - деп талай рет зор мақтанышпен, үлкен толғаныспен айтқаны бәріміздің жүрегімізде мәңгі сақталып қалды. Ӛзінің ұлтын кӛркем тілімен, мол-қазыналық әдет-ғұрпымен, бай салт-дәстүрімен тығыз байланыстырып, этнографиялық ғылымға жаңа бағыт әкелген ғалым, этнограф, жазушы – Ақселеу Сейдімбек еді. Бұл күнде тірі болса ағамыз мүмкін тағы да жаңа бір қырынан кӛрінер ме еді, кім білсін, әйткенмен артында ӛшпес қалдырған ғылыми мұрасы талай ғалымдарға, ізденушілерге азық болары сӛзсіз.
ӘДЕБИЕТ
1. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. -Алматы: Санат, 1997. - 463 б.
2.Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. -Алматы: Қазақ университеті баспасы, 1999. -138 б.
3. Гумилев Л.Н. Хунну в Китае. -С.-Пб. 1994. стр. 6.
4. Герольд Белгер. Казахское слово. Гармония духа. - М.: Русская книга, 2003. -288 стр.
5. Сейдімбек А. «Қазақтың ауызша тарихы». -Астана: Фолиант, 2008.