УДК 622.11.4; 622.023
БӚЛУ ТОРДЫ БАСТАПҚЫ КӚКЖИЕКТЕН МОНТАЖДЫҚ КӚКЖИЕККЕ ТІГІНЕН ЖОБАЛАУ ӘДІСПЕН КӚШІРУ
Еркінов Б.Е., Есетов Ғ.Т.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҦУ
Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Сарсембаева Ә.С.
Бірінші және кейінгі қабаттарды салуды геодезиялық қамтамасыздандыру ҥшін бастапқы және монтаждық көкжиектерде жоспарлық және биіктік тіреулік бӛлу торды салады /1/.
Бастапқы көкжиек деп – ғимараттың жерасты бӛліктің кӛтергіш қҧрылымдардың (іргетастар) бетімен ӛтетін шартты жазықтықты айтады.
Монтаждық көкжиек деп – ғимаратта әр қабаттың жабын беті бойынша немесе тіреулік яруспен ӛтетін жазықтықты айтады.
Бастапқы кӛкжиекте жоспарлық бӛлу торды ғимараттың пішінің сипаттайтын және негізгі осьтерге параллель сызықтармен қиылысу нҥктелерді тҥзу фигуралар тҥрінде салады.
Бӛлу тордың нҥктелерін қҧрылыс кезінде кӛрінетіндей және сақталуы қамтамасыздандыратын жерлерде бекітеді.
Ғимараттың периметрі бойынша сызықтық ӛлшеулер мен ось бойындағы нҥктелерді салуды жеңілдету ҥшін бӛлу тордың бҥйірлерін ғимараттың негізгі осьтеріне параллель орнатады.
Бастапқы кӛкжиектегі жоспарлық бӛлу тор монтаждық кӛкжиектен қарағанда дәлдігі бір класс жоғары болу керек. Тордың негізгі нҥктелер дің белгілерін бастапқы кӛкжиекке ғимараттың негізгі осьтік белгілерден полярлық координаталар, тікбҧрышты координаталар, ось бойындағы нҥктелерден салу әдістермен кӛшіреді.
Биіктік бӛлу торды жоспарлық тордың нҥктелеріне қҧрылыс алаңның екі реперімен байланыстырып нивелир жҥрісін жҥргізу арқылы кӛшіреді. Биіктік белгі ретінде монтаждық ілгіштер, детальдарға пісірілген металл бҧрыштамалар бола алады.
Биіктік бӛлу торды салғаннан кейін орындаушылық тҥсірісті жасайды.
Монтаждық кӛкжиектердің бӛлу торын бастапқы кӛкжиектегідей салады. Монтаждық кӛкжиекке әдеттегідей бӛлу тордың 3-тен кем емес нҥкте кӛшіріледі. Биік ғимараттардың ҥзілетін осьтерін кейінгі қабаттарда тҥзетіп салады. Монтаждық кӛкжиекке биіктік торды бастапқы кӛкжиектің екі реперден геометриялық нивелирлеу әдіспен салады.
Кӛкжиектегі бӛлу торды салу кҥрделі әрі жауапты жҧмыс болып саналады, және оны арнайы геодезист-мамандары орындайды. Аяқтағаннан кейін арнайы орындаушылық қҧжаттаманы келтіреді/2/.
Кіші және орта қабатты ҥйлерді салған кезде бастапқы кӛкжиектің нҥктелерін монтаждық кӛкжиекке кӛшіру еңістікті жобалау әдіспен жҥргізіледі. Бҧл әдістің барысы тік жазықтықты салуда болады. Теодолитті АВ осьтің бойындағы А нҥктеге орнатады.
96
С
В' A
Cурет 1- кӛкжиектің нҥктелерін монтаждық кӛкжиекке еңістікті жобалау әдіспен кӛшіру Бастапқы кӛкжиектен монтаждық кӛкжиекке нҥктелерді тігінен жобалау арқылы кӛшіруге болады. Биіктігі ҥлкен емес ғимараттарда ауыр салмақты тіктеуіштерді қолданылады. Бҧл әдістің кемшілігіне жел жҥктемесінің әсерінен пайда болатын бойлық иілуді жатқызуға болады. Желдің болмағанның ӛзінде 20 м ҧзындыққа 10 мм ауытқу келеді екен.
Биік ҥйлердің қҧрылысында бӛлу негіздің нҥктелерін монтаждық кӛкжиекке кӛшіру тігінен визирлеу аспаптармен оптикалық тігінен жобалау әдіспен жҥргізіледі. Қолданылатын аспаптар: 1 – арнайы окулярлық тҥтікшесі бар жоғары дәлдікті оптикалық теодолит; 2 – оптикалық центрлеу қҧралы (ОЦА-оптикалық центрлеу аспаптары); 3 – оптикалық тігінен жобалау аспаптары (ОТЖА); 4 - автоматикалық прецизиялық зенит-қҧралы (РZЛ); 5- лазерлік центрир (ЛЗЦ) (сурет 5.3).
а) б)
Сурет 2 - Лазерлік тігінен жобалау аспаптары: а) екі сәулелі лазер LG20 сәулені жоғары және тӛмен қарай жіберіп ішкі қабырғаларды монтаждағанда тіктігін тексеруге арналған б) горизонтал және вертикал қиылысатын сәулелерді шығаратын ӛз бетінше
нивелирленетін лазер LP20.
Оптикалық жобалауды бастапқы кӛкжиектен әр монтаждық кӛкжиекке дейін, немесе біртіндеп кӛкжиектен келесі кӛкжиекке дейін орындайды. Соңғы әдіс сатылы жобалау әдісі деп аталады (сурет 5.4).
Жобалауға қолданылатын аспапты тіреулік нҥктеге орнатып жҧмыстық қалпына келтіреді. Кӛшіретін кӛкжиекке координатты палетканы бекітеді. Палетка 30х30 см ӛлшемді екі органикалық тақтайшадан, және арасында сызылған перпендикуляр сандармен белгіленген координаттардан қҧрылады. Екі немесе 4 рет ӛлшенген жобалық нҥктенің проекциясын бірінші палеткаға, ал одан монтаждық кӛкжиекке кӛшіреді
97
а)
б) 4 2
2
1 3 1
Сурет 3 –Тігінен жобалау әдістері: а- бастапқы кӛкжиектен жобалау; б-кӛкжиектен кӛкжиекке жобалау; 1-тіреулік белгі, 2-палетка, 3- оптикалық центрир; 4-теодолит
Сатылы жобалау кезінде теодолитті жоғарғы монтаждық кӛкжиекке орнатып центрін тӛменгі қабаттағы палеткаға келтіреді. Содан кейін аспап астына екінші палеткасын келтіріп нҥктенің проекциясын алады. Тіреулік нҥктелерді негізгі осьтерден 500-800 мм қашықтықта орналастырады. Тігінен жобалауға арналған жабын тесіктері 20х20 см-ден кем болмау керек. Тесіктердің осьтерге байланыстыру іргетастардағы тіреулік нҥктелер арқылы кӛрсетіледі.
PZL қҧралдарын қолданған кезде 20 м ҧзындыққа 1 мм ауытқу кетеді, Т5 жоғары дәлдікті теодолитті қолданғанда 25 м ҧзындықта 1,5 мм ауытқу кетеді. Сондағы дҥрбінің қосымша тҥтікшесі вертикал деңгейінде жобалауға мҥмкіндік береді, ал қосымша деңгейлеткіш дҥрбіні горизонтал қалпына дәл келтіруге мҥмкіндік береді. Егер ғимараттың тігінен бағытында бірақ желісі ӛтсе, онда қосымша басқа тәсілдер қолданылады. Кӛбінесе қоқыс желісіне арналған тесіктері қолданылады.
Нҥктелерді орнатқаннан кейін орындаушылық тҥсірісті жҥргізеді.
Қорыта келгенде биік ҥйлердің қҧрылысында бӛлу негіздің нҥктелерін монтаждық кӛкжиекке кӛшіру тігінен визирлеу аспаптармен оптикалық тігінен жобалау әдісті қолданудың бірнеше артықшылықтары бар:
1. Біріншіден, ауыр салмақты тіктеуіштерді қолданған кезде желдің жҥктемесінен бойлық иілуі пайда болады, ал оптикалық тігінен жобалау әдіспен мҧндай ауытқулар жойылады.
2. Еңістікті жобалау әдісті тік жазықтықты кең алаңдарда салуға болады, ал тығыз жерлерде және биік ғимараттарды салуда оптикалық тігінен жобалау әдіс ең тиімді болып келеді.
3. 3. Ҧсынылған әдістердің ішінде оптикалық тігінен жобалау әдісі ең жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер:
1. Хамзин Т.И. Геодезическое обеспечение проектирования, строительсвта и эксплуатации зданий и сооружений – М.: АСВ, 2002.
2. ҚР ҚБҚ 1.03-03-2001 РДС Қҧрылыстағы геодезиялық қызмет және геодезиялық жҧмыстарды ҧйымдастыру туралы ереже – Астана, 2002
98