• Tidak ada hasil yang ditemukan

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҦҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ОРНЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҦҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ОРНЫ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

ҼҾЖ 371.13

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҦҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ОРНЫ

Айтмурзинова С.Т.

Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей Ғылыми жетекші - п.ғ.к., доцент Т.С. Сламбекова

Жоғарғы оқу орнының кҥрделі де маңызды мҽселесінің бірі болашақ маман- педагогты кҽсібіне бейімдеу, оған қызығушылығы мен кҽсіби іскерлігін қалыптастыру.

Бастауыш сынып мҧғалімінің жаңа формациядағы кҽсіби қызметі оқу-тҽрбие ҥдерісін педагогика ғылымы мен практикасы талаптары деңгейінде ҧйымдастырудан, оқушылардың ата-аналарымен жҧмыстан, білім беру мекемелерімен, сондай-ақ мектептен тыс білім беру жҽне тҽрбиелеу мекемелерімен байланысты орнатудан, ҽріптестерімен ғылыми жҽне ҽдістемелік қатынастан тҧратындықтан педагогикалық бағыттағы мамандар дайындайтын жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін педагогикалық практикасыз ҧйымдастыру мҥмкін емес.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім алушылардың кҽсіптік практикасы мамандар даярлайтын кҽсіптік оқу бағдарламаларының қҧрамдас бҿлігі болып табылады, ол практика базасы болып табылатын тиісті ҧйымдарда жҥргізіледі жҽне оқыту ҥдерісінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге жҽне озық тҽжірибені меңгеруге бағытталған. Кҽсіптік практиканың тҥрлері, мерзімдері мен мазмҧны оқу бағдарламаларымен жҽне оқу жоспарларымен айқындалады» деп атап кҿрсетілген [1]. Болашақ педагогтар ҥшін практика мамандықты игерудің жауапты да кҥрделі кезеңі екендігі, оның мазмҧны, орны, маңызы жҽне т.б. ғалым-зерттеушілердің кҿлемді де қҧнды ғылыми зерттеулерінде айқын кҿрініс тапқан: А.В.Усова, Г.А.Бакулина, Е.Б.Весна, Ш.А.Абдраман, О.А.Абдуллина, С.Я.Батышев, Б.К.Момынбаев, В.В.Егоров, Б.Ҽ. Ҽбдiкҽрiмов, Н.Д. Хмель, Н.В.Кузьмина, Л.К.Керімов, Т.П.Смолкина, А.А.Калюжный, Б.Р.Айтмамбетова, Г.К.Нҧрғалиева, Б.Р.Елманова, А.И.Пискунов, С.Яковлев, Қ.Қ.Шалғынбаева, Г.К.Байдельдинова, Н.Иванова, А.П.Сейтешев жҽне т.б.

Ғалым-зерттеушілер В.А.Сластенин, Т.С.Сабыров, О.А.Абдуллина, Б.Р.Айтмамбетова, А.Е.Ҽбілқасымова, В.А.Родионова, Н.Д.Хмель, А.Қадыров, Қ.Ҽбдімажитҧлы педагогикалық практиканың мақсатын, мҽнін айта келе, зерттеу барысында практиканың студенттерді педагогикалық қызметке даярлау процесі екендігін дҽлелдейді.

Педагогикалық практика - болашақ педагогтарды даярлаудағы білім беру процесінің маңызды бҿлігі; ЖОО теориялық оқыту мен практиканы байланыстырушы буын, болашақ мамандарды педагогикалық iс-ҽрекеттiң алғашқы жҽне аса қҧнды тҽжiрибесiмен таныстырушы; теориялық бiлiмдердi бекіту мен тереңдету қҧралы; педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықты тҽрбиелеуші; педагогикалық іс-ҽрекет туралы тҥсінікті тҧтастай қалыптастырушы; педагогикалық iс-ҽрекетке даярлығының кҿрсеткiшi қызметiн атқарушы; педагогикалық дағдылар мен іс-ҽрекеттерді қалыптастырушы;

педагогикалық мҽдениетті, педагогикалық шеберлікті, педагогикалық қабілетті қалыптастырушы; ҽр студенттен ҥлкен дайындықты қажет етуші, олар - педагогикалық-

277

(2)

психологиялық дайындық; пҽндік дайындық, ҽдістемелік дайындық; педагогикалық іс- ҽрекет қоржынын толтырушы; болашақ педагогтың кҽсіби жарамдылығы мен кҽсіби сауаттылығын алғаш рет сезіндіруші; болашақ маманның қоғамдағы орнын нақтылауға жетелеуші.

Педагогикалық практиканың маңыздылығын П.П.Блонский: «педагогиканы кітаптармен, тек қана кітаптармен игеру мҥмкін емес ... Сондай-ақ, бірін-бірі дҽлме-дҽл қайталамайтын, шығармашыл жҽне саналы тҥрде жҥзеге асырылатын практика қажет»

деп кҿрсетсе [2], академик А.П.Сейтешев педагогикалық практиканы теориялық білімдерін, педагогикалық іскерліктері жҽне дағдылармен ҧштастырып, кҽсіби сапаларды қалыптастырушы маңызды алғышарт ретінде кҿрсеткен [3].

Мемлекеттік стандарттағы оқу практикасының басты мақсаты педагогикалық қызметті ҧйымдастырудың ғылыми негіздерімен таныстыру, кҽсіби қызығушылығын арттыру жҽне тҧтас педагогикалық процесс пен оның субъектілері жҿнінде кҿзқарасты қалыптастыру болса, педагогикалық практиканың мақсаты – ҽр тҥрлі типтегі білім ҧйымдарында ҿздігінен педагог қызметін атқару барысында тҥйінді қҧзіреттерін бекіту, кҽсіби дағдылар жҥйесін жетілдіру жҽне педагогикалық қызметіндегі ҿзіндік стилін қалыптастыру болып табылатындықтан осы практика тҥрлерінің қаншалықты кҽсіби іскерлікті қалыптастырудағы рҿліне тоқталып кҿрелік.

Іскерлік – белгілі бір жағдайда белгілі бір іс-ҽрекетті орындауға мҥмкіндік беретін білім мен икемді дағдының жиынтығы болса, педагогикалық іскерлік – мҧғалімнің тҥрлі ҽрекеттерінің жиынтығы, олар педагогикалық іс-ҽрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мҿлшерде мҧғалімнің даралық-психологиялық ерекшеліктерін айқындап, оның пҽндік-кҽсіби қҧзырлығы жҿнінде дҽлел келтіреді. Педагогикалық іскерлік тҥрлері педагогикалық іс-ҽрекет тҥрлеріне тікелей байланысты.

Педагогикалық іскерлік педагогтың кҽсіби-педагогикалық іс-ҽрекетімен тікелей байланысты болғандықтан ғылыми айналымда педагогикалық іскерліктің мынадай тҥрлері кҿптеп кездеседі: оқушы тҧлғасын оқыту, тҽрбиелеу, дамыту, қалыптастыру; оқу- тҽрбие процесін ҧйымдастыру; педагогикалық процесті басқару; жобалау жҽне ғылыми- зерттеушілік.

Олай болса, 5В010200 - «Педагогика жҽне бастауыш оқыту педагогикасы» мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында [4] берілген практика тҥрлері бойынша қалыптасатын іскерліктер: «Педагогикалық қызметке кіріспе» атты практикада студенттерде бастауыш мектеп педагогикалық ҧжымы іс-ҽрекетімен, оқу кабинеттерінің материалдық базасымен, сынып оқушыларымен танысу іскерлігі; бастауыш сынып оқушысы тҧлғасын зерттеу ҥшін мҧғалімнің пайдаланатын зерттеу ҽдістерін бақылау іскерлігі, бастауыш сынып мҧғалімінің педагогикалық іс-ҽрекетінің қҧрылымын зерттеу іскерлігі, мҧғалімнің оқушылармен қарым-қатынас стилін бақылау жҽне анықтау іскерліктері пайда болса», Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау» практикасында - оқушы тҧлғасының жай-кҥйіне психологиялық- педагогикалық диагностика жасау іскерлігі, оқушы тҧлғасындағы тҥрлі сапаларды анықтау іскерлігі, тҧлға дамуындағы жҽне жҥріс-тҧрысындағы ауытқулардың себептерін анықтау, оқу-тҽрбие процесін кешенді тҥрде жҽне нақты бір бағытта талдау диагностикасын жҥргізу іскерлігі қалыптаспақ. «Тәрбие жұмысы әдістемесі педагогикалық практикасында» - мҧғалімнің кіші мектеп жасындағы оқушылармен жҥргізетін тҽрбие жҧмысын жоспарлау іскерлігі, оқушылардың сабақтағы тҽртібіне байқау жҥргізу, оқытудың тҽрбиелік жҽне дамытушылық қызметінің жҥзеге асуын зерттеу іскерлігі, ҽр тҥрлі тҽрбиелік шараларды дайындау жҽне ҿткізу іскерліктері қалыптасады. «Баланың мектептегі алғашқы күндері педагогикалық практикасында» 1-

сынып оқушыларымен ҧйымдастырылатын оқу-тҽрбие жҧмысын ҿткізу, кҿрнекі қҧралдар мен дидактикалық материалдарды дайындау, ата-аналар жиналысына қатысу жҽне талдау, сабақтарға кҥнделікті талдау жасау іскерлігі, мектепке даярлығына диагностика жҥргізу, мектепке қатынасын зерттеу іскерліктері қалыптасса, ал «Ӛндірістік педагогикалық

278

(3)

практикада» толық кҿлемде бастауыш сынып мҧғалімінің қызметін атқару іскерлігі қалыптасады, «Диплом алды практикасы» - ғылыми-зерттеу іскерліктері қалыптасады.

Педагогикалық практика барысында іскерлік Іскерлік ҿз қалыптасуында бірнеше кезеңдерден ҿте отырып, соңында шеберлік пен шығармашылыққа айналады.

1-кезең. Бастапқы іскерлік – іс-ҽрекет мақсатын ертеректе қамтылған білім мен дағдыға негіздей отырып сезіну жҽне оған жету қҧралын іздестіру; іс-

ҽрекет байқап кҿру – қателесу жолымен орындалады.

2-кезең. Іскерліктің жеткіліксіздігі – іс-ҽрекетке қатыссыз ертеректе жинақталған білім мен оны іске асыру тҽсілдерін қолдану.

3-кезең. Жекеленген жалпы іскерлік – ҽртҥрлі іс-ҽрекет тҥрлеріне қажетті, дамыған, бірақ ауқымы тар іскерлік қатары (ҿзінің іс-ҽрекетін жоспарлау іскерлігі,

ҧйымдастырушылық іскерлік).

4-кезең. Жоғары деңгейдегі іскерлік – нақты іс-ҽрекетте білім мен дағдыны шығармашылықпен қолдану; мақсатын ғана емес, оған жету тҽсілдерін таңдау мотивтерін сезіну.

5-кезең. Шеберлік ҽртҥрлі іскерлікті шығармашылықпен қолдану [5].

Сонымен, кәсіби іскерлік - талапқа сәйкес белгілі істі ұйымдастыра білу, ӛздігінен мәселелерді шеше алу, мәселелерді шешу барысында әр түрлі тәсілдерді, құралдарды қолдана отырып нәтижеге жету. Кәсіби іскерлік – ерекше міндетті жүзеге асыруда қолданылатын барлық білімнің, іскерліктің, дағдының жиынтығынан құралған нәтижелі кәсіби іс-әрекетке деген қатынас.

Олай болса, педагогикалық практика тҥрлерінің болашақ педагогтың бойында кҽсіби іскерлігін қалыптастыруға бірден-бір ықпал ететіндіктерін байқаймыз. Ҽрбір практика тҥрінде болашақ маманның кӛпфакторлы ақпараттық және коммуникациялық кеңістікте ӛз ойын жүзеге асыруға қабілеттілігі, іскерлігі, шеберлігі қалыптаспақ.

Сонымен, дҧрыс ҧйымдастырылған, жан-жақты зерделенген практикалардың жаңа уақыт педагогын дайындау ҥшін маңызы зор екендігі кҥмҽнсіз.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2011 2. Блонский П.П. Мои воспоминания. М., 1971.

3. Сейтешев, А. П.Избранные педагогические произведения: в 30-томах Т.5 Алматы: Ғылым, 2008

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Мамандық 5В010200 – Педагогика жҽне бастауыш оқыту ҽдістемесі. 6.08.059-2010. Астана

5. Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий. М., 1984, С.155.

Referensi

Dokumen terkait

Егер, мұғалім бастауыш білім беру кезеңіндегі педагогикалық үдерісті ұйымда- стыру мен өткізу барысында оқушылардың оқу сауатылығын қалыптастыруда кездесетін мәселелермен таныс болса