1484
4. Лукинский В.С., Бережная Е.В., Бережной В.И. Логистика автомобильного транспорта. — М.:
Финансы и статистика, 2004, 368 с.
5. Волков И.К., Зуев С.М., Цветкова Г.М. Случайные процессы. – М.: Изд-ва МГТУ им. Н.Э.Баумана, 1999, 448 с.
ҒТАХР: 27.01.79
БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДАҒЫ ҚОСЫМША (МИНОР) БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Төлеубай Алтын Мұқанқызы [email protected]
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, IIкурс магистранты, Семей, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі: О. М. Жолымбаев, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, ([email protected])
Аңдатпа. Бұл мақалада еліміздің математика пәні мұғалімдерінің әлеуметтік портретіне талдау жасалған, жоғары оқу орындарында математика пәні мұғалімдерін даярлау мәселелері, болашақ математика саласының деңгейін көтеретін мамандар болып табылатын студенттерді оқушыларға мектеп математикасы курсын меңгертуге қажетті теориялық біліммен қаруландырумен бірге олардың әдістемелік дайындығын қалыптастыру, шағын комплексті мектепке, жаңартпашыл-зияткерлік мектептерге, қазақ-түрік лицейлерінің талаптарына сай маман даярлауда математика пәні мұғалімдеріне 7 семестрде оқытылатын қосымшаның (минордың) тізімі көрсетілген. Осы қосымшаның (минордың) негізінде, рухани дамыған, шығармашыл, кәсіби дағдыларды, рефлексия қабілетін меңгерген, жаңалыққа ұмтылғыш, білім құндылығын түсінетін, мәдениетті, педагогика мен психологияны, өз пәнін, оны оқыту әдістемесін терең білетін мұғалім даярланар еді.
Кілт сөздер:Минор, математика, мұғалім, әлеуметтік портрет.
Аннотация. В данной статье представлен анализ социального портрета учителей математики страны, проблемы подготовки учителей математики в высших учебных заведениях, формирование у студентов, являющихся специалистами для повышения уровня будущей математики теоретических знаний, необходимых для освоения курса школьной математики, формирование их методической готовности к малокомплектной школе, инновационно-интеллектуальным школам., при подготовке специалистов в соответствии с требованиями казахско-турецких лицеев указан перечень приложений (минор), которые будут преподаваться в 7 семестрах для учителей математики. На основе данного приложения (минора) был подготовлен педагог, духовно развитый, творческий, обладающий профессиональными навыками, способностью рефлексии, стремящийся к новизне, понимающий ценность знаний, глубоко знающий культуру, педагогика и психологию, свой предмет, методику его преподавания.
Ключевые слова: Минор, математика, учитель, социальный портрет.
Annotation. This article presents an analysis of the social portrait of teachers of mathematics of the country, the problem of training teachers of mathematics in higher education, the formation of students who are specialists to improve the level of future mathematics theoretical knowledge necessary for the development of the course of school mathematics, the formation of their methodological readiness for small schools, innovative and intellectual schools., when training specialists in accordance with the requirements of the Kazakh-Turkish lyceums specified list of applications (minor), which will be taught in 7 semesters for mathematics teachers. On the basis of this application (minor) was prepared teacher, spiritually developed, creative, with professional skills, the ability of reflection, striving for novelty, understanding the value of knowledge, deep knowledge of culture, pedagogy and psychology, his subject, the method of teaching.
Key words: Minor, mathematics, teacher, social portrait.
1485
Математика барлық дерлік ғылымның дамуының бастауы екені белгілі, оны кезінде К.Маркс: «Әрбір пәндік салада қанша ғылым болса, сонша математика бар» деп көрсеткен болатын. Ал, қазіргі кезде математиканың қажеттілігі күн өткен сайын күшейіп, әлем ғылымының алдыңғы шебінен орын алып отыр.
Еліміздің математика пәні мұғалімдерінің әлеуметтік портретіне талдау жасасақ.
2015-2016 оқу жылындағы жағдай бойынша математика пәні мұғалімдерінің саны 22 496 адамды құрайтынын көрсетеді, оның 97,8% - ы жоғары білімді, тек 15,3% - ер адамдар, 1,4%
- ы магистрлік дәрежеге ие. Еліміздегі әрбір екінші мұғалім 45 жастан асқан және әрбір оныншы – 25 жастан кіші. Математика пәні мұғалімдерінің 53 % - ы жоғары және бірінші санатты, бұл ретте математика мұғалімдерінің төрттен бір бөлігінде біліктілік санаты жоқ.
37% - ға жуығында 20 жылдан астам еңбек өтілімі болса, 12,1% мұғалімдерде 3 жылға дейін жұмыс өтілімі бар. 2015 жылы мектепке 684 жас педагог келді, бірақ оларға деген қажеттілік әлі де -286 жоғары. 2012 жылдан бастап математика пәні мұғалімдерінің 46,5% қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан, 22,2 % деңгейлік біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Педагогтердің біліктілік санаттарын тағайындаудан жаңа жүйесінен 79,4%
математика пәні мұғалімі өткен. Соның ішінде, «ҚР заңнамасын білу» блогы бойынша 98,1%
- орташа балл-13,79, «Педагогика және психология негіздері» блогы бойынша 88,8 % - орташа балл-12,15, «Пәндік білім негіздері» блогы бойынша 88,5% - орташа балл-17,66.
Математика пәні мұғалімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында, педагогикалық басылымдарда және конференциялардың жинақтарында 2012 жылдан бастап басылымдарының саны қазіргі таңда 3316-ы жетті. "Өрлеу" БАҰО " АҚ желілік қауымдастығында 3020 математика пәні мұғалімі тіркелген.
Қазақстанның 7576 жалпы білім беретін ұйымдарының 4288-і ШЖМ, бұл жалпы санның 56,5% - ын құрайды. Ауылдық жерлерде 6032 жалпы білім беретін мектеп орналасқан, оның 4139 – ШЖМ, бұл 68,6% құрайды. 1913 қала ішінде -1 49 ШЖМ болып табылады.
Елдегі халықтың тығыздығының әркелкілігі осы проблеманың өңірлік аспектісіне байланысты: ШЖМ көпшілігі Солтүстік Қазақстан (облыс мектептерінің жалпы санының 88,1%), Ақмола (81%), Қостанай (77,5%); Павлодар (76,5%), Батыс Қазақстан (72,9%), Ақтөбе (67,5%), Шығыс Қазақстан (67,9%), Қарағанды (58,9%) облыстарында орналасқан.
Соңғы 15 жылда ШЖМ саны күрт өсті. Әрбір төртінші мұғалім іс жүзінде жұмыс істейді және әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында оқиды ( 1-кесте).
1-кесте:
7576 жалпы білім беретін мектепте
4288 ШЖМ
124 лицей және гимназия
22 НЗМ
3142 жалпы білім беретін мектеп
Қазіргі кезде педагогикалық жоғары оқу орындарында математика пәні мұғалімін кәсіби дайындаудың тұжырымдамасы студенттерді кәсіби дайындаудың әдіснамалық бағыты, қоғамдық - саяси пәндердің кәсіби - педагогикалық бағыттылығы, психологиялық - педагогикалық циклдағы пәндердің кәсіби - пәндік бағыттылығы, жалпы математикалық дайындық, әдістемелік дайындықтың ғылыми - теориялық және практикалық бағыттылығы, маман дайындау барысындағы жеке іс - әрекеттің жүзеге асуы, мамандардың қазіргі заманғы педагогикалық және жаңа ақпараттық технологиялармен қарулануы, болашақ мұғалімдердің компьютерлік дайындығы сияқты мәселелерді қамтиды.
Педагог мамандарды даярлау мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары педагогикалық білім беру стандарттары талаптарына сай жүргізіледі. Стандарттар жыл сайын деуге болады, өзгерістерге ұшырап отырады (2009, 2010, 2018ж.ж.), оны да стандарттарды жетілдіруге бағытталған жұмыстар аясында істеліп жатқан шаралар деп түсінуге болар, дегенмен, стандарттардың жиі ауысуы, әр пәнге берілетін кредит сандарының өзгеруі, біздің
1486
әріптестеріміз де сынға алып жүргендей, пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді, оқытушылардың ғылыми-әдістемелік даярлығының толық деңгейде жүзеге асырылуына мүмкіндік бермейді, ол өз кезегінде студенттерде қалыптастырылатын мамандықты меңгеруге бағытталған іскерліктер мен дағдыларына байланысты қойылатын талаптардың әлсіреуіне әкеледі.
Кәсіби стандартта бес еңбек қызметі белгіленген [3,4] :
1. Оқыту 3. Әдістемелік 5. Әлеуметтік-коммуникативтік 2. Тәрбиелеу 4. Зерттеушілік
Сондықтан, жоғары оқу орындарында математика пәні мұғалімдерін даярлау аса маңызды мәселелердің біріне саналады. Математика пәні мұғалімдерін даярлаудың мақсаты - болашақ математика саласының деңгейін көтеретін мамандар болып табылатын студенттерді оқушыларға мектеп математикасы курсын меңгертуге қажетті теориялық біліммен қаруландырумен бірге олардың әдістемелік дайындығын қалыптастыру .
Осы орайда, "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Білім және ғылым Министрінің 12 қазандағы Қазақстан Республикасы 2018 жылғы № 563.
16) қосымша білім беру бағдарламасы (Міпоr)(минор) – білім алушыларға қосымша құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында зерделеу үшін айқындалған пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмысының басқа да түрлерінің жиынтығы 19) негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (мажор) – негізгі құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында білім алушыларға айқындалған білім беру бағдарламасы;
Осы туындаған мәселерді шешуде, шағын комплексті мектепке, жаңартпашыл- зияткерлік мектептерге, қазақ-түрік лицейлерінің талаптарына сай маман даярлауда математка пәні мұғалімдеріне 7 семестрде (Minor-30 кредит) қосымшада (минорда) оқытылатын пәндердің тізімін жасап шықтық(1-сурет).
Cурет 1. 7 семестр, 30 кредит
Олай болса, болашақ математика пәні мұғалімі үшін кәсіби дайындаудың әдіснамалық бағыты, қоғамдық - саяси, психологиялық - педагогикалық, жалпы математикалық және
7 семестр (Minor, 30 кредит
)
Стандарт -Тригонометрияның арнайы курсы
-Топология және
дифференциалдық геометрия
- Физика 2
-Жаратылыстану ғылыминегіздері
-Олимпиада және
байқау есептерін шешу
Көптілді топ
-Жаратылыстану үшін ағылшын тілі
-Ағылшын тілінде
қарапайым математика
-Графтар теориясы
және криптография -Жаратылыстану ғылыми негіздері - Олимпиада және байқау есептерін шешу
ШЖМ
-ШЖМ жағдайында
дербес жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері
-Алгебра және
геометрияның
кіріктірілген сабақтарын оқыту ерекшеліктері -Біріктірілген сыныптардағы математикалық сабақтардың психологиялық-
педагогикалық негіздері
-ШЖМ жағдайында
бағалау критерийлері -Жаратылыстану ғылыми негіздері
- Олимпиада және байқау есептерін шешу
Озық
-Математикалық физика теңдеулері -Дифференциалдық теңдеулерге
әкелетін есептер және оларды шешу әдістері
-Комплекс айнымалы функциялар теориясы
-Математиканың күрделі сұрақтары -Жаратылыстану ғылыми негіздері
-Олимпиада және
байқау есептерін шешу
1487
әдістемелік дайындықтың ғылыми - теориялық және практикалық бағыттылығы, маман дайындау барысындағы жеке іс - әрекеттің жүзеге асуы, мамандардың қазіргі заманғы педагогикалық және жаңа ақпараттық технологиялармен қарулануымен қатар, әдістеме мен педагогикалық практикаға (2-сурет) көбірек көңіл бөлінуі керек деп есептейміз.
Сурет 2. 8 семестр (практика)
Қорытындылай келе, жоғарғыда көрсетілген 7 семестр minor /30кредит/, 8 семестр (практика) /10кредит/ (қосымшалар) негізінде Қазақстан Республикасы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында айтылғандай [6], рухани дамыған, шығармашыл, кәсіби дағдыларды, рефлексия қабілетін меңгерген, жаңалыққа ұмтылғыш, білім құндылығын түсінетін, мәдениетті, педагогика мен психологияны, өз пәнін, оны оқыту әдістемесін терең білетін мұғалім даярланар еді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ( ҚР Президентінің бұйрығы 15 ақпан 2018 жыл № 636)
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (өзгерістер енгізілген 22.05.2018ж.)
3. "Педагог" кәсіби стандарты (№133, 8.06.2017 ж. " Атамекен»)
4. МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты)( 31 қазан 2018 жыл №604) 5.Подготовка учителя математики: Инновационные подходы: Учеб. пособие/ Под. Ред.
В.Д.Шадрикова. -М .: Гардарики, 2002. - 383 с.: ил.
6. Қазақстан Республикасы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. -Алматы, 2015-2020 ж.ж.
Заявка участника конференции
Фамилия , имя, отчество Төлеубай Алтын Мұқанқызы Статус (студент, магистрант, докторант (шифр
специальность), молодой ученый, преподаватель)
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Жаратылыстану-
математика» факультеті, 6М060100-
«Математика» мамандығының, II курс магистранты, ММК-701тобы
Название доклада БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА ПӘНІ
МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДАҒЫ
ҚОСЫМША (МИНОР) БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Секция Математика, механика и математические
моделирование
Подсекция Математика и компьтерные моделирование
Вуз, организация Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті 8 семестр практика
(10 кредит)
Стандарт Орта мектебі
Көптілді топ
Лицей, Гимназия, НЗМШЖМ Ауылдық және
шағын жинақталған мектептер Озық
Қалалық мектептер,
колледждер
1488
, , e-mail 87470629517, [email protected]
372.851
І І
ң і і і, 4 і
і і - . . .- . . .,
ң і і -
і і IX- . XX- ң ,
і і ң і
і і і .
1919 ң і ң ң і і
і ң і і і і. і
і - ң і і
. 1965-1966 і
ң і і і.
ң ң і і
. . , . . , . . , . . ,
. . , . . і і .[1]
і і і і і .
і ің і , і
і і .
і і ң і і. і
ң і ің і і .
і ің: , , ң
.
і і і і і , і і і ,
ің і і і і . і і -
і і , і - і і . ң
ң і і і ің і і і і і і
і , і і , і і і -
і і , , (1- ).[2]
Powered by TCPDF (www.tcpdf.org)