ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттер мен жас ғалымдардың
«Ғылым және білім - 2014»
атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ
IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых
«Наука и образование - 2014»
PROCEEDINGS
of the IX International Scientific Conference for students and young scholars
«Science and education - 2014»
2014 жыл 11 сәуір
Астана
УДК 001(063) ББК 72
Ғ 96
Ғ 96
«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».
– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.
(қазақша, орысша, ағылшынша).
ISBN 978-9965-31-610-4
Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.
The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.
В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.
УДК 001(063) ББК 72
ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, 2014
5036
оның қабырғасын қалаған кірпіштерін, тӛбесін жапқан қыш тақталарын ғана кӛреді, ал бірақ солардың талай уақыт бойы басқа пана, жанға сая болған рақатын кӛре алмайды. Егер осының барлығын біртұтас етіп біріктірген сәулетшінің ойлаған ойы бір сәтте ғайып болса, жаңағы жалаң кірпіш пен қыш тақталардан қандай тағылым болмақ? Тас екеш тастың ӛзі де адамның жүрегі мен жан жылулығын керек етпей ме?»
Жұрттың кӛбі, әсіресе аға ұрпақ жақсы үй салудың оңай емес екендігін біледі. Ал біздің ортақ үйіміз – Қазақстан сияқты жас мемлекетті құрып орнықтыру бұдан әлдеқайда қиын болды» [7,3].
Міне, мемлекет тарихын санаға сіңіріп, сан саланы меңгеріп, талай қиын кезеңдерді кезіктірсе де, мақсатқа деген күш-жігердің мықтылығының арқасында ел болашағына күдіктен гӛрі үмітті басым еткен Елбасымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес. Ұлт кӛшбасшысы әрдайым халқының қамын жеп, мемлекетін биікке ӛрлете беретініне біз сенімдіміз!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 ҚР-ның Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз
2 ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
3 ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2012 жыл 14 желтоқсан
4 Назарбаев Н. Ә. «Ой бӛлістім халқыммен» - Алматы: Мектеп, 2006 5 Назарбаев Н. Ә. Қалың елім, қазағым /Құраст. Қ. Әлімқұлов,
С. Балғабаев, М. Қасымбеков, Қ. Найманбаев. – Алматы: Ӛнер, 1998.- 306 бет 6 Ел мен Елбасы, - Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2003. -344 бет
7 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан жолы, – Қарағанды, 2006 – 372 бет
БОСТАНДЫҚҚА ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚОЛ СҦҚПАУШЫЛЫҚҚА, АДАМ ҚҦҚЫҚТАРЫ БҦЗЫЛУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ізтілеуов Т.С.
Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенті, Қазақстан, Астана Ғылыми жетекші – Ж.Д. Сеилханов
Қазақстан Республикасының Ата заңының 1-бабында кӛрсетілгендей, мемлекетіміз демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде ӛзін орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның ӛмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен ӛзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Республиканың азаматы ӛзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады.
Адамның және азаматтың ӛз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.[1, 4]
5037
Бостандыққа және жеке қол сұқпаушылыққа құқықты іске асыру, оның заңнамамен қорғалуы және кепілділігі деңгейі қоғамды демократизациялаудың маңызды кӛрсеткіші болып табылады, құқықтық мемлекетті қалыптастыруға және құруға қажетті себеп болады.
Сондықтан мемлекет пен оның барлық институттары жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары іске асырылуына мүдделі болуы тиіс.
ҚР Конституциясының 13-бабында, жеке тұлғаның қылмыстық сот ісін жүргізуде қол сұқпаушылық қағидасының мәні кӛрсетілген оған қатысты осы ережелер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 12 –бабында нақтыланады.[2]
Қылмыстық кодексте жеке қол сұқпаушылық деп адамның лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдардың заңсыз қол сұғуынан оның психикалық және дене қол сұқпаушылығын қамтамасыз етуге субъективті құқығы деп түсіну қабылданған.
Мемлекеттік органға адамдардың келіп түскен хаттардың талдауы осы санаттағы берілген шағымдардың ең кӛбі құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне жататынын куәландырады.
Ӛткен жылы осындай санаттағы шағымдар саны 327 (келіп түскен шағымдардың жалпы санынан 28% ) құрады.
Ӛтініш иелері жақындарын ұстау туралы уақытылы хабарламағанына, адвокат бермегеніне, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттері мен әрекетсіздігіне, қылмыстық іс қозғаудан ба тарту, сондай ақ ӛрескел қарым қатынастарға және т.б. шағымданған
Мысалы Кӛкшетау қ. тұрғыны Т. ҚР ІІМ Тергеу комитетінің ерекше істер бойынша аға тергеушісі Қ. оның кұқықтарын бұзуы және ӛрескел қарым қатынасы фактісі бойынша заңсыз әрекеттеріне шағымданды.
Адам құқықтары жӛніндегі уәкіл араласқаннан кейін тиісті уәкілетті органдар қызметтік тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша жазылған фактілер расталды.
ІІМ бірінші орынбасарының бұйрығымен аталған қызметкерге қатаң сӛгіс жарияланды.
Осы сияқты қаншама тұрғындардың құқықтары бұзылуда.
Сонымен қатар Астана қ. түрғыны Ж. оның азаматтық жұбайының ұрып соғуы фактісі бойынша жіберген шағымы Шымкент қаласы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әуре сарсаңға салу және әрекетсіздігінің мысалы болып табылады.
Қазіргі кезде шағымданушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіледі осындай құқық бұзушылықтар мемлекетімізде жетерлік.
Еліміздің Конституциясының нормаларымен (16-бап) алғаш рет сотқа тұтқынға алу, сондай ақ қылмыс жасаған деп күдікті және айып тағылатын адамдарды қамауда ұстау туралы шешім қабылдау құқығы берілді.
Бұл ереже Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9-бабының 4- тармағына сәйкес келеді, онда «Тұтқындау себебінен немесе қамауға алуға байланысты бас еркінен айырылған әр адамға оның ісінің сотта қаралу құқығы тиесілі, ол сот оны ұстаудың заңдылығына қатысты лезде қаулы шығара алуы және, егер ұстау заңсыз болса, оны босату туралы қаулы шағара алуға мүмкіндігі болуы тиіс».[4.]
Ұстау немесе бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау кезінде сақталуы қажет адамға қолсұқпаушылық қағидасын іске асырудың рәсімдік кепілдерінің арасында аталған пакт тұтқынға алынғанды оны тұтқынға алу негіздерімен және себептерімен таныстыру, оның қамауға алу туралы шешім қабылдау кезінде пайдаланылатын материалдарға қол жеткізуінің, адвокаттар қызметін ұсыну міндеттілігін атап ӛтеді.
Адамды қамауға алу кезінде оның бостандық құқығы, жеке ӛміріне қолсұқпаушылық, хат жазысу құпиялылығына және т.б. конституциялық құқықтары айтарлықтай шектеледі, қылмыс жасаған деп күдікті және айып тағылатын адамдарды қамауда ұстау туралы шешім қабылдау кезінде барлық жағдайларды мұқият қарастыруы қажет.
5038
Қамауға алудың теріс салдарларын тек қылмыс жасаған деп күдікті және айып тағылатын адамдар ғана емес, олардың отбасы мүшелері, туыстары мен жақындары бастан кешеді, ол туралы тӛменде келтірілген мысалдар куәландырады.
Уәкілге екі баланы тәрбиелеп отырған (біреуі кәмелетке толмаған), жесір Қ. қызы шағымданған. Оның әкесіне қатысты ішкі істер органдарының қаулысы бойынша сот тұтқындау түрінде бұлтартпау шарасын қабылдаған.
Сонымен қатар, осы іс бойынша жауапқа тартылып отырған Павлодар облысы әкімінің орынбасары З. қатысты қылмыстық қудалау органы (қаржы полициясы) осындай бұлтартпау шарасын қабылдамаған.
Басқа мысал: ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуы және контрабанда үшін айып тағылып отырған ӛзінің жұбайы Б. қатысты тұтқынға алу ретінде бұлтартпау шарасы таңдалуымен келіспеушілік білдірген.
Тергеу изоляторында болып, оның денсаулығы аяқ астынан нашарлап, қазір ол СИЗО санитарлық бӛлімінде ұсталады.
Шағымданушының айтуынша ол қалыптасқан жағдайды ескере отырып, байланысты (денсаулық жағдайы, кішкентай балаларының болуы) бұлтартпау шарасын үйде қамауға алуға ӛзгерту туралы әртүрлі инстанцияларға бірнеше рет жүгінген. Бірақ оның хаттары мен адвокаттың хаттары қанағаттандырусыз қалдырылған.
Ауыртпалығы шағын немесе орташа қылмыстар үшін қамауға алынған адамдар саны кӛбейіп отырғанын атап ӛткен жӛн. Осы адамдардың кӛпшілігі сот үкім шығарғанға дейін бостандықты болуы мүмкін екені сӛзсіз. Азаматтарды кеңінен негізсіз қамауға алу фактілері күдіктілер мен айып тағылатындардың заңды мүдделеріне, жалпы, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімділігіне теріс әсер ететіні, сондай ақ ӛткізіліп отырған реформаның ӛзінің беделін түсіретіні күмән тудырмайды.[5]
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша 2009 жылы азаптауды қолданғаны және лауазымдық ӛкілеттерін пайдаланған үшін үш қылмыстық іс қозғалды, құқық қорғау органдарының 7 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық іс жүргізу аяқталды, күнәлілер әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. 2010 жылы осы санат бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды, 18 қызметкер әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. 2011 жылы прокуратура органдары 8 қылмыстық іс қозғады, олардың 5 бойынша іс жүргізілуде.
Кәмелетке толмаған Л. болған жағдай азаптауды қолданудың мысалы болып табылады.
Оның апасының шағымы бойынша, Сарань қ. (Қарағанды обл.) ІІБ криминалдық полиция бӛлімінің бастығы К. және аталған ІІБ аға жедел уәкілі А., ӛздерінің ӛкілеттерін асыра пайдаланып, кәмелетке толмағанға қатысты, ұялы телефонды ұрлағанын мойындату мақсатында резина таяғын қолданған. Қалалық прокуратура ҚР ҚК 141-1- бабының «Азаптаулар» 2 бӛлігінің а, г, тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сарань қ. сотының үкімімен К. мен А. жоғарыда аталған бапта кӛзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды және К. – 3 жыл 6 айға, А. – 2 жыл 6 айға жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын ӛтеумен бас бостандығынан айырылды.
Азаптау, адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр кӛрсету, заңды ӛрескел бұза отырып, ұстау және тұтқынға алуды жүзеге асыру фактілері жекелеген мемлекеттік қызметшілер тарапынан адамға және оның құқықтарына қатысты құрметтің болмауын куәландырады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету әртүрлі тӛтенше жағдайлар пайда болған кезде аса маңызға ие болады.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жаңаӛзен қ. орын алған, азаматтардың ӛліміне әкеп соққан жаппай тәртіпсіздікке байланысты, азаматтардың құқықтары
5039
мен бостандықтарын қорғау мақсатында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқық тәртібін қалпына келтіру мақсатында Маңғыстау облысының Жаңаӛзен қаласында тӛтенше жағдай енгізілді. Үкімет құрған комиссияның алдында орын алған тәртіпсіздіктің себептерін, адам ӛліміне жол берген кінәлі адамдарды анықтау және Жаңаӛзенде жағдайды тұрақтандыру жӛнінде қажетті жедел шаралар қабылдау мақсаты тұр.[5]
Жалпы осы аталған комиссияның жұмысы аяқталмаған, сондықтан құқықтарды бұзу тұрғысынан биліктің әрекеттеріне баға беру әлі мүмкін емес.
Ӛткен жылы біз елімізде болған лаңкестік актілердің куәсі болдық, оның нәтижесінде адамдар зардап шекті. Осыған байланысты азаматтардың құқықтарын қорғау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылатынын атап ӛту қажет, оны орындау үшін лаңкестікке қарсы пәрменді шаралар қабылдауы, жаңа лаңкестік шабуылдардың алдын алуға және оларға қарсы тұруға тиіс, ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету қоғамда адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың ажырамас бӛлігінің біреуі екенін атап ӛту қажет.
Біздің айтарымыз құқықтық мемлекет құрудың ерекшелігі және бостандыққа және жеке қол сұқпаушылыққа, адам құқықтарының бұзылуының кейбір мәселелерінің алдын алу мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында болу керек. Құқық қорғау органдары қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституцисы мен Республиканың заңнамасын сақтауға, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлері тәртібінің, олардың азаматтармен сыпайы және ілтипатты қарым-қатынас жасау ережелерін сақтауға. Кӛп жағдайларда ӛз міндетін орындамаулар кӛп орын алады, бұл жерде қызметкерлердің басшылыры да немқұрайлық жасайды, сол себептен егер ӛз міндетін орындамаған қызметкердің басшылары да жазалануы керек.
Бостандыққа және қол сұқпаушылыққа құқықтарды іске асыру, оны құқық нормаларымен қорғау мен кепілділігінің деңгейі қоғамды демократизациялаудың маңызды кӛрсеткіші болып табылады, құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен құруға қажетті алдын алу шарасы болып табылады. Сондықтан мемлекет және оның барлық құрылымдары бостандыққа және жеке қолсұқпаушылыққа құқықтарын іске асыруға мүдделі болуы тиіс.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Қазақстан Республиасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз (Ӛзгертулер мен толықтырулар енгізілген )
2. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылғы 13 желтоқсандағы 3. ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы
4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы Заңы
5. http://www.ombudsman.kz/