• Tidak ada hasil yang ditemukan

Д.Исабеков «Әпке

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Д.Исабеков «Әпке"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Ермаганбетова Айдын Кабдрашовна Пән: Қазақ әдебиеті

Сынып: 8-сынып

Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Тақырып: Д.Исабеков «Әпке» драмасымен танысу, тақырыбы мен идеясын анықтау.

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

Драмалық шығарма мазмұнын игере отырып, аталған туындыда көтерілген әлеуметтік мәселені ұғынады, тақырыбы мен идеясын анықтайды, отбасы жағдайына байланысты өзіндік

көзқарасын,ойын білдіреді, кейіпкерлер бейнесін ашады.

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Қарапайым, жіңішке сұрақтар мен ұсынылған видеосюжет арқылы тақырыпқа болжам жасайды және өз ойын қосуға қатысады.  

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Негізгі ақпарат көздерін табады, дәлелдей алады, өз ойын, көзқарасын білдіреді, өмірмен байланыстыра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндегі негізгі ой мен драмадағы кейіпкерлерді салыстырады, типтерін анықтайды, қорытынды тұжырым жасайды, бағалайды. Алған білімдерін қолдана алады.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Драма жанрында жаңа мазмұнды игереді. Болжам жасай отырып, себебін түсіндіре алады, өмірмен байланыстырады. Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Драма жанры, драматург, отбасы психологиясы, образ, идея, тақырып. Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы: Менің ойымша, дегенмен, егер, мүмкін болғанда, менің пікірім, т.б. Талқылауға арналған сұрақтар: • Отбасы дегенді қалай түсінесің? • Отбасындағы ананың, апаның рөлі қандай? т.б. Ишара:

мақұлдау, келісу, қолдау.  

Күтілетін нәтиже: Дулат Исабековтың "Әпке" драма шығармасын оқушыларға талдату, әр тұлғаның жеке адами көзқарасын туындату арқылы отбасы құндылығын түсіне білетін ой-пікірді қалыптастыру. 

Бағалау критерийлері: Қалыптастырушы бағалау: топты әр кезеңде бас бармақ, ишара, мадақтау, жұлдызша. Бағалау парақшасы  

Құндылықтарды дарыту:

Адамгершілік, отбасы жылуы, мейірімділік, отбасы құндылығын сақтату 

АКТ-ны қолдану дағдылары:

https://bilimland.kz/kk/plans/create

Пәнаралық байланыс: Өзін – өзі тану, театр, өнер, қазақ тілі,орыс тілі, отбасы психологиясы, өмірмен байланысты.

Бастапқы білім: Д. Исабеков драматургиясы 

Үй тапсырмасына кері байланыс. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/dulat- isabekov-apke-dramasy https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/dulat-isabekov-apke- dramasy  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы (9 минут)

 1.Ұйымдастыру жұмысы:

А) Жағымды орта қалыптастыру.

Б) Топқа бөлу. Түстер арқылы 3 топ құру.  

(2)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың ортасы

(20 минут)

     Міндеті: Д. Исабеков өмірі жайында ақпарат,шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, басты кейіпкердің мінезін сипаттау. -Шығарманың тақырыбы- Адамгершілік, жан жылуы. Жетім балалардың өз беттерінше өмір сүруі.

Жанұя мүшелерінің бір – бірімен ббайланысы. Жастар махаббаты.

Қоғамдағы өзгерістердің ұрпақ тәрбиесіне әсері. -Шығармадағы басты кейіпкер,отбасының тірегі-Қамажай. Ол- үйдің үлкені. Бауырларының бақыты үшін жұмысқа араласпай жағдайларын жасады. Олардың оқып, азамат болуын, өмірден өз орындарын табуына ықпал жасады. Ана орнына ана, әке орнына әке болды. Өзінің жеке өмірінен,махаббатынан бауырлары үшін бас тартты. Қамажайдың мінезі өте жайлы, өзі қарапайым,

бауырмал,тәуекел,мейірімді,ақкөңіл жан. 2-топ «Баяндап беруші»

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/dulat-isabekov- apke-dramasy Қысқаша мазмұны. 1.Қамажайдың қонақжайлылығы.

Келгендерді қарсы алу жағдайы, ақша жетіксіз,бірақ көңілдері ашық.

2.Адамның білімді жастардың пікір қағысы. 3.Бақыт деген... 4.Жақсы отырысты бұзған - арақ 5.Жанұя жиналысы 6.Үлкен махаббаттан бас тарту немесе жеңіл қоштасу 7.Гауһардың таңдауы 8.Жанұядағы жаңа қуаныш 9.Қамажайдың Тимурдың көңілін жібітуі 10.Бауырлардың қайта табысуы 11.Омардың диссертацияны қорғауы 12.Бауырлардың өмірден орнынтабуы 13.Анасының мерей тойы немесе күту 3-топ «Дәнекер»

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/dulat-isabekov- apke-dramasy Сұрақтар себеті «Кім жылдам?» 1) Қамажай өзінің інілері мен сіңлісінің болашағы үшін басын бейнетке тігіп, бар қиындыққа төзеді.

Мұның сыры не ? 2) Адамның бақыты дегеніміз не ? 3) Қамажай анасының аманатын орындады ма ? 4) Драмалық шығарма дегеніміз не ? 5)

Пьесадағы қай кейіпкер ерекше ұнады? 6) Ананың туған күнінде жалғыз қалуына не себеп болды ?  

https://bilimland.kz/kk/courses/q azaq-adebieti/8-

synyp/lesson/dulat-isabekov- apke-dramasy 

Сабақтың соңы (4 минут)

Ой қорыту. Жеке жұмыс .«Идея себеті» әдісі Әр оқушы стикерге түйін ойын жазып тақтаға іледі. Қалыптастырушы бағалау: топты әр кезеңде бас бармақ, ишара, мадақтау, жұлдызша. Бағалау парақшасы

Барлық кезеңдер бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалау парақшасын толтырып, тапсырады.  

https://bilimland.kz/kk/courses/q azaq-adebieti/8-

synyp/lesson/dulat-isabekov- apke-dramasy

Рефлексия (1 минут)

Рефлексия. Сабақты түсінуі мен көңіл-күйі бойынша алған әсерін рефлексия парағына іледі.

Referensi

Dokumen terkait

оқушылар дебат сабағына толық қатысуы тиіс; Дәстүрден тыс сабақтың бір түрі ретінде дебат сабағының білімділік мақсаты тақырып бойынша білім толықтыру, дамытушылық мақсаты оқушының

Бағалау критерийлері: - Оқушылар компьютерге арналған барлық ақпараттың екілік код түрінде берілетінін біледі; - Екілік алфавит символдарын қолданып, кодтай алады; - Күнделікті өмірде

Ең кіші ортақ еселік Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 5.5.2.2 мәтін есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану; Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: - ортақ бөлгіш, ортақ

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша қойылған сұрақтарға лайықты жауап береді, шағын диалогке түседі..

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай

Сабақтың мақсаты: Оқушылар жасай алады: Қышқылдардың жіктелуін білу - Қышқылдардың қасиеттерін білу - Химиялық реакция теңдеулерін жазу Тілдік мақсаттар: Оқушы орындауы тиіс:ауызша

Сабақтың оқу мақсаттыры 8.5.1.6.-Жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу; 8.5.1.7-Жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Жарықтың сыну

Оқушылардың басым бөлігі: Қалалық мәдениеттің дамуындағы шаруашылықтың ықпалын суреттер арқылы сипаттайды Кейбір оқушылар: Еуропа мен Азия ғалымдарының еңбектерін топтастырып,