• Tidak ada hasil yang ditemukan

Жұрек-қан тамырлары ауруларынан тәуелді өмір ұзақтығының имитациялық моделі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Жұрек-қан тамырлары ауруларынан тәуелді өмір ұзақтығының имитациялық моделі"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

ЖҤРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫНАН ТӘУЕЛДІ ӚМІР ҦЗАҚТЫҒЫНЫҢ ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІ

(Қазақстан тҧрғындары мысалында)

П.А. Садыкова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: [email protected]

«Қазақстан-2050» стратегиясы – жедел ӛзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты атты, елбасы Н.Ә.

Назарбаевтың, 2012 жылғы 14-желтоқсандағы кезекті халыққа Жолдауында

«Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі», – деп айта кетті [1].

Аталған ҧзақ мерзімдік стратегияда халықтың экономикалық белсенділігін арттыру, әлеуметтік тҧрмыстық жағдайының жоғарылату, адам капиталының жақсаруы мен ғылыми-техникалық, инновациялық дамыған, тҧрақты ҥнемді экономиканы, ана мен бала денсаулығына ерекше кӛңіл бӛлу, ұлт денсаулығы, халыққа сапалы медициналық кӛмек кӛрсету, саламатты ӛмір салтын жүргізу және отандық медицина ғылымын дамыту кӛзделген. Елбасы тапсырмасын орындау жолдары 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында да нақты кӛрсетілген [2]. Барлық күш азаматтардың ӛмір жасының ұзақтығына әсер ететін негізгі міндеттерін шешуге топтастырылады. Мемлекеттік бағдарламада азаматтардың орташа ӛмір сүру ұзақтығын 2015 жылы 75 жасқа дейін жеткізу, демографиялық зерттеулерді дамыту кӛзделген [2].

Демографиялық зерттеулер туылу мен ӛлім-жітім, халықтың табиғи қозғалысының ӛзгерісі, ӛмір ұзақтығы сияқты мәселелерді қамтиды. Ауру- сырқаулық, мүгедектiктiң кӛрсеткiштерi халықтың ұдайы ӛсуiнiң кӛрсеткiштерiмен қатар халықтың денсаулығын бағалау үшiн, ал халықтың денсаулығын бағалауда ӛлiм-жiтiмнiң кӛрсеткiштерi маңызды орынға ие.

Статистикалық деректерге сүйенсек жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан болатын ӛлім-жітім бүкіл дүние жүзі бойынша бірінші орында

(2)

тұрады. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың тұрғын осы аурудан кӛз жұмады. Елімізде адам ӛлімінің себептері арасында жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бірінші орынға шығып отыр [3].

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек пен қантамыр ауруларының ең қатерлілері миокард инфаркт пен инсульт. Миокард инфаркты дегеніміз – коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің әсерінен жүрек бұлшық етінде бір немесе бірнеше ишемиялық некроз ошақтарының пайда болуымен сипатталатын жүректің жедел ишемиялық. Миокрад инфарктімен әйелдерге қарағанда ер адамдар жиі ауырады және 40 жасқа дейін кӛп кездеседі. Ал, Инсульт (лат. insultus - соққы, қыспа талу, инсульт) - ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз).

Кӛп жағдайда ауру адам кенеттен құлап, есінен танады және кӛп жағдайда аяқ пен қолдың сал болып қалуына себеп болады ауруы [4]. Әлемде ең кӛп ӛлім әсіресе табысы орта және тӛмен елдерде жастар ӛлімі осы аурулардан болатындығы, 2008 жылы 17,3 миллион адам, тіпті 2030 жылы шамамен 23,3 миллион халықтың ӛлімі осы аурудан болатыны Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық мәліметтерінде кӛрсетілген [5].

Жүрек-қан тамыр жүйесінің күтілетін ӛмір ұзақтығына әсері маңызды орын алады. Күтілетін ӛмір ұзақтығы – бұл жеке адамның емес, жалпы халықтың ӛмір ұзақтығын сипаттайтын орташа статистикалық кӛрсеткіш болғандықтан елде демографиялық әрі экономикалық шешім қабылдауда негізгі кӛрсеткіш болып талбылады. Күтілетін ӛмір ұзақтығын анықтау үшін ӛмір сүру кестесі қолданылады. Яғни, ғылыми әдіспен жасалған ӛлім- жітімнің және ӛмір сүру ұзақтығының кешенді бағалауы – ӛлім-жітім немесе ӛмір ұзақтығының кестесі болып табылады. Ал ӛмір сүру кестесі дегеніміз (ӛлім-жітім кестесі) – бұл ӛлімнің жалпы деңгейі мен әр-түрлі топтағы халықтың жас ерекшеліктерін сипаттауға қызмет ететін ӛлім-жітімнің сандық моделі. Мұндай сандық модельдерді жасауда ӛлімнің негізгі себептерін, оған әсер ететін географиялық, жастық, жыныстық және әлеуметтік факторлардың әсерін қоса есептеу негізгі шарты болып саналады да ӛлім себептері бойынша ӛлім-жітім кестесі жасалады.

Ӛлім себептері бойынша ӛлім-жітім кестесі - жасы бойынша ӛлім-жітім қарқынына жекелеген ӛлім себептерінің әсерін, белгілі бір жасқа дейін ӛмір сүруді, алдағы ӛмірдің орташа ұзақтығы және басқа да ӛлім-жітім сипаттамасын кӛрсететін ӛзара байланысты шаманың ретке келтірілген

(3)

қатарлары. Осындай демографиялық мәліметтермен анық жасалған кестелер арқылы адамдардың күтілетін ӛмір ұзақтығын анықтауға болады [6].

Бұл ретте, статистика жӛніндегі ҚР агенттігінің демографиялық жинағында келтірген белгілі ӛмір ұзақтығы кестесі ([7] қараңыз) арқылы адамның орташа ӛмір ұзақтығына әсер ететін факторларды инсульт, миокард инфаркт және инсульт-миокард инфаркт аурулары белгісімен толықтырамыз.

Ескертпе: Модель нәтижелерін есептеген автор. Cardiovascular Disease моделі [9]-дан алынған.

1-сурет. Cardiovascular Disease моделі мен Қазақстан статистикалық мәліметтері негізінде инсульт, миокард инфаркт және инсульт-миокард

инфаркт аурулары 30 жасқа дейінгі тұрғындардың ӛмір ұзақтығына әсері иммитациялық моделінің нәтижелері

Сондай-ақ [7]-жұмыста елімізде адам ӛлімінің негізгі себебі – қанайналым жүйесінің ауруларынан орын алатынын статистикалық мәліметтерде кӛрсетілген. Дегенмен, 1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін ӛмір ұзақтығы (КӚҰ) 67,4-ден 69,6-ға артты. Ал, 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін КӚҰ 67,4-тен 63,5-ке дейін тӛмендеді. Бұдан кейін оның арту үдерісі байқалды. Сәйкесінше, 2012 жылы ол алдын ала бағалау бойынша 69,6 жасты құрады. Оның ішінде ерлерде – 64,8 жас, әйелдерде – 74,3 жас [8]. Демек, демографиялық негізгі мәселе – адам ӛлімін азайтудың тиімді жолының бірі жүрек-қан тамыры ауруымен ауырып қайтыс болатындар санын азайту керек.

(4)

Бұл жұмыстың негізгі зерттеулері ол жүрек-қан тамырлары ауруларынан тәуелді ӛмір ұзақтығының Қазақстан тұрғындары мысалында имитациялық моделі құрылады. Модельді құру ортасы ретінде Ресейдің беделді «Экс Джей Текнолоджис» компаниясының Anylogic қолданбалы бағдарламасы таңдалған. “Anylogic” бұл кез-келген дискреттік оқиғалы, жүйелік динамикалық және агенттік бағдарланған үдерістердің иммитациялық моделін жасауға бірден-бір тиімді соңғы үлгідегі жаңа буынды объекті бағдарланған IT технологиялы қолданбалы бағдарлама ([9]- қараңыз). Бұл бағдарлама ортасында жоғарыда аталған ӛмір ұзақтығы кестесіне қосымша жүрек-қан тамырлары (инсульт, миокард инфаркт және инсульт-миокард инфаркт) аурларынан тәуелді болатын ӛлімдерді есептеудің Cardiovascular Disease иммитациялық моделі құрылады.

Бұл агентті-бағдарланған модельде демографиялық әдістегі факторларға қоса 4 қосымша фактор: күтілетін ӛмір ұзақтығы, дене массасының индексі (BMI), жүрек-қан тамыр аурулары және ауру тарихы ӛмір ұзақтығының кестесін жасауда ескеріледі. Шынында, модельде 1000 адамды 100 жыл ішінде компьютерлік тәжірибеден ӛткізеді және барлық адамның жасы 0-ден басталады. Бірақ әр адамның қазіргі жасын негізгі параметрге енгізіп компьютерлік тәжірибеден ӛткізуге болады. Компьтерлік тәжірибеде негізгі объект тәуелсіз және ол белсенді объект класы ретінде қарастырылады. Жыл сайын әр адам тӛмендегі ауруларға:

- жүрек-қан тамыры аурулары жоқ (no CVD) - миокард инфаркті (MI)

- инсульт (stroke)

- миокард инфаркті және инсульт ( MI and Stroke) шалдығады немесе

- ӛлгендер (Dead) қатарына қосылады. Ӛлу ықтималдығы тікелей адамның ауруының тарихына байланысты. Ал миокард инфарктісіне немесе инсульт ауруына шалдығуының басты шарты әр адамға берілген параметрге байланысты, яғни адамның дене салмағы индексіне, биологиялық жағдайына, географиялық орналасқан жеріне және тағы басқа негізгі параметрлерге тікелей байланысты. Мәселен, 1-суретте нӛмірі № 200-ші адамның дене массасының индексі (BMI) – 20 бірлік. Ал ол 31 жасында инсультқа шалдығады.

(5)

Компьютерлік тәжірибе қорытындысы бойынша барлық параметрлері тіркелген 100 адамның ӛлетін жасын анықталынды. Мәселен, (2-сурет) нӛмірі № 941 адамның дене массасы 32 бірлікке тең. Ол 28 жасында инсульт, 39 жасында миокардқа шалдығып, 44 жасында екінші рет инсульт алып, 46 жасында ӛлуі модельде есептелінген.

Негізгі мәліметтерді агенттік модельге енгізе отырып, ӛмір ұзақтығының дәлірек мӛлшерін анықтауға болады. Алайда, табиғи апаттар және басқа оқыс оқиғалар (жол апаты, техногенді апаттары және т.б.) ескерілмейді, ӛйткені ондай жағдайлардың болары анық емес.

Ескертпе: Модель нәтижелерін есептеген автор. Cardiovascular Disease моделі [9]-дан алынған.

2-сурет . Cardiovascular Disease моделі мен Қазақстан статистикалық мәліметтері негізінде инсульт, миокард инфаркт және инсульт-миокард

инфаркт аурулары тұрғындардың толық мерзімдегі ӛмір ұзақтығына әсері иммитациялық моделінің нәтижелері

Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жасап, жалпы еңбек қоғамына 20 тапсырма жүктегені бәрімізге мәлім [10]. Бұл орайда, сол тапсырманың сәтті орындалуы үшін келесі иммитациялық модельдің қолданылуы ұсынылады. Сондай-ақ, егерде тұрғындардың дәлірек ӛмір сүру жасын анықтай алсақ, зейнетақы қорлары, банктер және сақтандыру компанияларының тәуекелділіктерін минималды деңгейге дейін тӛмендетуге,

(6)

зейнет жасын анықтауда, яғни еліміздің әлеуметтік, экономикалық, демографиялық даму барысында тиімді шешім қабылдауға қажетті құрал болатыны айқын.

Мәселен, Қазақстанда жұмыс істейтін 39 коммерциялық банктердің басым бӛлігінде несие берудегі ӛмір ұзақтығын есептеу барысында тек жасы, жынысы және тұрғын мекен ауданы факторлық белгілері ғана қатысады.

Әрине, бұл егер жүрек-қан тамыры аурулары факторларын ескермесек, онда ол несиенің қайтарымдылық тәуекелін күрт жоғарылайтыны айқын.

Сондықтан, жұмыста жүрек-қан тамырлары ауруларын негізгі факторлық белгі ретінде модельге қосу арқылы тәуекелдерді нақты есептей отырып, мәселен, тұрғындардың денсаулығын әлеуметтік-экономикалық жағдайымызды, оның ішінде жинақ, зейнетақы қорлары, несие, сақтандыру нарықтарын тиімді реттеп, сондай-ақ, Елбасымыздың «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясында кӛзделген 30 дамыған елдердің қатарына ену мақсатымызға қол жеткізе аламыз.

Әдебиет:

1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан, Астана 12 желтоқсан 2012 ж.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»

мемлекеттік бағдарламасы – URL: www.akorda.kz/

3. Балдаева Б. Жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу. /baq.kz ақпараттық порталы. – URL: http://baq.kz/

4. Миокард инфарктісі. URL:

5. Сердечно-сосудистые заболевания /Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының № 317-ақпараттық бюллетень. URL: - http://www.who.int/mediacentre/

6. Күтілетін ӛмір сүру ұзақтығына ӛлім-жітім себептерінің жекелеген түрлерінің әсерін есепке алумен ӛмір сүру кезеңі кестесін есептеу әдістемесі /ҚР Статистика агенттігі. URL:– www.kaz.stat.kz/

7. Смайылов Ә.А. Қазақстанның демографиялық жылнамалығы. /ҚР Статистика агенттігі. Статистикалық жинақ/ қазақ және орыс тілдерінде.–

Астана, 2012.- 212-553 б. URL: http://www.stat.gov.kz

8. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында /Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің баспасӛз қызметі. Қазақстан Республикасының Үкіметі – http://kz.government.kz/site/

(7)

9. Cardiovascular Disease Simulation Model - Multimethod Simulation Software Tool AnyLogic, Ознакомительная версия, URL: http://www.xjtek.com/

10. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мемлекеттік бағдарламасы / «Президент және Халық», Астана. URL: www.pr-hal.kz.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақстан Республикасының Неке ерлі-зайыптылық және отбасы туралы кодексіне сайкес «Бала асырап алу – нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін

Дербес Қазақ хандығына дейінгі кезеңде ӛмір сүрген жыраулар мұрасынан осы уақытқа дейін сақталып жеткен Сыпыра жырау мен Қодан-тайшы сӛздерін хандық дәуірдегі жыраулар шығармаларымен

– Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде өмір сүріп, дамып келеді; – мемлекетқұрушы және мемлекет атауына ие ұлт - қазақтар; – мемлекет унитарлы, қоғамды топтастыратын ұлт – қазақтар;

көзбен ой жүгірте отырып, ақпараттық телекоммуникациялық технологияда мәдениет, философиялық категориялармен қатар өнер мен ғылым негізінде Дизайн теориясы мен технологиясы және басқа

Осы мәселенің Қазақстанда және шетелде зерттелуінің қазіргі жай-күйін талдау негізінде авторлар қазақ тілді балалардағы дисграфиялық қателердің таралуы мен сипаты туралы ғылыми

Аталған Заңда еліміздің білім жүйесінің міндеттері нақты тұжырымдалып көрсетілген: 1 ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды

Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен күресетін және мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуын реттейтін бірқатар нормативтік

Бұл өз негізінде жастардың еңбек ресурстарын, жастардың еңбек нарығын және оның жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздық, көшіп-қону, табиғи өсу сияқты құрамдас бөліктерін әлеуметтік,