• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЕСІРТКІ - ГЕНДІК ҚАРУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ЕСІРТКІ - ГЕНДІК ҚАРУ"

Copied!
9
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

5061

әрекетті ұйымдасқан топ жасаса не ӛзінің қызмет ӛкілеттігін пайдаланып жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-бӛлігіне сәйкес, егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.

Ӛзінің қызмет ӛкілеттігін пайдалану деп, ӛзіне сеніп тапсырылған қызметті немесе ӛзіне артылған сенімді қылмыстық мақсатқа пайдалану танылады.

Жүргізілген анализ кейінгі уақытта қылмыстық ортада заңсыз кӛші-қонды ұйымдастыру үлкен кӛлемде таратылуын кӛрсетеді.

Құқық қорғау органдары заңсыз кӛші-қонды ұйымдастырған алдын ала сӛз байласқан адамдар тобы саралау кезінде үлкен қиындықтарға кез болады.

Егер де алдын ала сӛз байласқан адамдар тобы заңсыз кӛші-қонды ұйымдастырса, қате болғанымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 330-2 баптың 1 тармағымен саралануы мәжбүр, себебі ҚР ҚК 330-1 баптың 2 тармағында «алдын ала сӛз байласқан адамдар тобы» қарастырылмаған, ал ұйымдасқан топ ретінде саралануы дұрыс болмайды, себебі тұрақтылық белгісі жоқ.

Осы себептерден біз Қазақстан Ресупбликасының Қылмыстық Кодексінің 330-2 баптың 2 тармағына «алдын ала сӛз байласқан адамдар топ» деген саралау белгелерін енгізіп, ал

«ұйымдасқан топты» Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 330-2 бабының 3 тармағына ауыстыруды ұсынамыз.

УДК 343.57

ЕСІРТКІ - ГЕНДІК ҚАРУ А.Б. Байзаков [email protected]

(Петропавл, Қазақстан М.Козыбаев атындағы СҚМУ-дың студенті) Ғылыми жетекші- Х. Бажай

«... Есірткі мәртебесінің анағұрлым биікке көтеріліп кеткенін соңғы жүз жылдық әрі пайымдауға, әрі мойындауға мәжбүр етті: есірткі жеке адамның жаны мен тәнінің саулығына қауіп төндіретін химиялық дәрі-дәрмек болудан асып, енді көптеген мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне тұрақты түрде төнген әлеуметтік-қоғамдық қатерге айналды» Н.Ә. Назарбаев

Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне тӛнетін үлкен қатер. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.

Қазiргi таңда Қазақстан қоғамының алдында тұрған кӛптеген проблемалардың ішінде ел халқының денсаулығына және тұтастай алғанда ұлттық қауіпсiздiкке тӛнген жаһандық қатер ретінде нашақорлықтың және еcірткі бизнесiнің ӛсу проблемасы сенiмдi түрде алдыңғы

(5)

5062

орындардың біріне шығып келеді. Соңғы 10 жыл ішіндегi Қазақстандағы есiрткi ахуалына жасалған талдау республикадағы есiрткi ахуалы тұрақты терiс серпіні бар айтарлықтай шиеленіспен сипатталатындығын куәландырады. Есiрткi ахуалының күрделенуi бірқатар ішкі қайшылықтарға ғана емес, сонымен қатар сыртқы геосаяси пpoцeстepгe де байланысты [1].

Біздің елімізде нашақорлыққа қарсы күрес бойынша мақсатты бағытталған шаралардың жүйелі қабылдануына және іске асырылуына қарамастан, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне байланысты проблемалар сақталуда. Қазақстанда заңсыз есірткі айналымының кӛлемі ӛсуде, ол тек халықтың денсаулығына қатер тӛндіріп қана қоймай, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайды, мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық реформалар үдерісін тұрақсыздандыруда.

Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен күресетін және мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуын реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілері, оның ішінде: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қылмыстық кодексi; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексі; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы әкімшілік құқық бұзушылық кодексі; Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы; Қазақстан Республикасында Үкіметінің 2000 жылғы 10 қараша есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекiту туралы қаулысы N 1693;

«Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесiне қарсы күрестiң 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 930 Қаулысы; Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 Қаулысы сияқты кӛптеген нормативтік құқықтық актілерді атауға болады.

Ал нашақорлыққа және есірткі бизнесiне қатысты қарастыратын қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын болсақ, ол қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексте мынандай баптарында кӛрсетілген: «Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы» деген 250-бабына, сондай-ақ «Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды талан-таражға салу немесе бопсалау» деген 260- бабына, «Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды тұтынуға тарту» деген 261-бабына,

«Құрамында есірткі заты бар ӛңдеуге тыйым салынған ӛсімдіктерді заңсыз ӛсіру» деген 262- бабына, «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды тұтыну үшін притондарды ұйымдастыру және ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жайды ұсыну» деген 264-бабына келеді [2].

Нашақорлық тек Қазақстанды ғана емес бүкіл әлемді алаңдатып отырған қауіпті дерт.

БҰҰ жанындағы Есірткі және қылмысқа қарсы күрес кеңесінің (UNODC- The United Nations Office on Drugs and Crime) мәліметтеріне сүйенсек, дүниеде кемінде бір рет болса да есірткі қолданған кісілер саны 155 миллионнан 255 миллионға (15-16 жас аралығындағы жасӛспірімдердің 3,5 немесе 7 пайызы) жетіп жығылатын кӛрінеді [3, 38 б.].

Халықаралық аренада біздің мемлекетіміздің есірткі экспансиясы географиялық жағдайына және Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен ортақ шекараларының болуына байланысты, олардың халқын есірткі дилерлері есірткі ӛткізудің әлеуетті ірі рыноктары ретінде қарастыруы мүмкін [4]. Және де бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалай, шетел инвестицияларға ынталарын тӛмендетеді.

БҰҰ сарапшыларының деректері бойынша, Орталық Азия мемлекеттерінің аумағы бойынша ӛтетін «Солтүстік» деп аталатын бағыт бойынша ауған героинінің жыл сайынғы

(6)

5063

транзит кӛлемі шамамен 50 тоннаны құрайды, оның кӛп бӛлігі Ресей нарығына жеткізіледі (шамамен 2 млн. есірткі тұтынушы). Мониторинг нәтижесінде алынған сарапшылардың деректері бойынша есірткімен байланысты заңсыз операциялардың кірісі Қазақстанда 500 және одан да кӛп пайызды құрайды және соңғы жылдарда тұрақты болып қалуда [4].

Кеден одағының жұмыс істеуі және Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру жағдайында трансұлттық байланыстары бар қылмыстық есірткі топтарының әрекеттері, әсіресе шекаралас ӛңірлерде, нақты қатер тӛндіреді.

Қазiргi кезде Орталық Азия ӛңiрi әр алуан шығу түрлері мен нысандардағы есiрткiлердiң экспансиясына ұдайы ұшырап отыр.

Оның негiзгi себептерi:

1) есiрткi қауіпінің кӛзi болып табылатын мемлекеттерге тiкелей жақындығы, Еуропаға есiрткі құралдарын контрабандалық жеткізу үшін географиялық жағынан қолайлы орналасуы және кеңейіп келе қатқан транзиттік мүмкiндiктер;

2) шекараларының ұзындығы және соған байланысты cырттан есiрткінiң енуінен жеткілiктi түрде қорғалмауы;

3) Ауғанстанда eсiрткі заттарын ӛндiрудің одан әрі ӛсуi, есiрткi зертханаларының елдiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД) тiкелей шектесетін солтүстік провинцияларына кӛшірілуі және құрылуы;

4) Еуропадан келетін синтетикалық есірткілер контрабандасы кӛлемінің ұлғаюы болып отыр.

Республика ӛзінің географиялық орны жағынан іс жүзінде есiрткiнi заңсыз ӛндiрудiң және ӛткiзудiң әлемдік рыноктары мүдделерінің «қыспағына» түcіп отыр, бұл есiрткi бизнесiмен байланысты халықаралық қылмыстық ұйымдар мен топтардың мүдделерi аясына бiздiң елiмiздiң енуіне объективтi түрде ықпал етеді.

Халықаралық есiрткi синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың Қазақстанның аумағын есiрткiлердi тасымалдау үшін транзиттік дәлiз ретiнде пайдаланудан ӛте жоғары пайда табуы бiздің азаматтардың кӛпшілігін есiрткiнi пайдалануға тартуға жағдай жасайды. Осыдан аса мол пайда түсiру - нашақорлықтың ӛсуiнiң негізгi себептерiнің бiрi.

Бүгінгі күні қазақстандық қоғамның алдында тұрған кӛптеген проблемалардың бірі есірткі бизнесі мен нашақорлықтың ӛсу проблемасы. Бұл проблемасын шешу маңыздылығы, мемлекеттін қауіпсіздігіне саяси, экономикалық және әлеуметтік үш саласында жаһандық қауіп тӛндіреді. Демек, мемлекетіміз мәңгілік ел болу қағидатына қайшы келеді.

Нашақорлық пен есірткі бизнесін саяси сала тұрғысынан қарастырсақ - бұл еcірткі мафиясы ӛңiрлiк және ұлттық тұрақтылыққа мүдделi болмайтынынан туындайтын қауіп.

Есiрткіден түсетін мол пайда Орталық Азия ӛңiрi мемлекеттеріне күйретуші әсер ететiн күштердi қолдауға жұмсалады. Есiрткi проблемасы халықаралық терроризм және діни экстремизм проблемасымен тығыз ұштасқан. Есiрткіні сатудан түсетін қаражат Орталық Азия ӛңiрiндегi экстремистiк ұйымдарды қаржыландырудың негiзгi кӛздерінiң бiрi болып табылады [1].

Кейбір экстремистік группалар ӛз қызметін есірткі бизнесі арқылы қаржыландырады.

Мысалы, Перуде «Сендеро Луминосо», Түркияда «Курттық жұмыс партиясы», Ливанда

«Хезболлах», Шри-ланка республикасында «Тамила азаттаушы жолбарыстар», Ұлыбританияда

«Ирландия республикалық армия», түрлі экстремистік және лаңкестік ұсақ топтар АҚШ-та [5, 335 с. ].

Есірткі саудасы терроризм, экстремизм және діни радикализмнің кең қанат жаюына мүмкіндік беріп отыр. Ӛйткені Ауғанстан жерінде есірткіні ӛндіріп, экспорттаушылар кӛбіне террористік және экстремистік ұйымдардың болуыңда. Сондықтан есірткі саудасынан түсетін қаржы Ауғанстандағы тұрақсыздықтың қайнар кӛздерінің бірі дей аламыз. Ауғанстаннан

(7)

5064

әлемнің түкпір-түкпіріне таралғанға дейін есірткі заттары кӛптеген елдердің шекарасын басып ӛтеді. Ӛйткені, есірткі тасымалының 70 пайызы автокӛліктер арқылы, 20 пайызы пойыздар арқылы, 10 пайызы әуе жолдары арқылы жүзеге асырылуда [3, 39 б.].

Құқық қорғау органдарының бағалауы бойынша, заңсыз айналымдағы героин ауғандық есірткіден жасалған және контрабандалық жолмен жеткізіледі [4].

Ал экономикалық салада - бұл ӛтпелі кезеңде еcірткі бизнесінің дамуы мен нашақорлықтың ӛсуi үшін қолайлы жағдайлар туғызатын экономикалық проблемалардың шиеленiсуi. Орталық Азия елдерiндегi еcірткі ахуалының нашарлауына ықпал ететін факторлардың қатарында халық кедейшiлiгiнiң жоғары деңгейiнiң сақталуын, жұмыссыздықты және шаруашылық қызметiнiң кӛлеңкеленуін атап айтуға болады [1]. Сонымен бірге есірткі саудасымен кедей мемлекеттер айналысатының себебі бар. Мәселен, бір гектар бидайдан түсетін табыс 150 АҚШ доллары болса, бір гектар апиыннан келетін табыс кӛлемі 3000 АҚШ долларын құрайды. Есірткі саудасы жекелеген адамдардың пайдасына жүргізілгендіктен маңыздылығы жағынан әлемдік мұнай саудасынан еш кем емес деуге негіз бар [3, 38-39 б.б. ].

Үшінші салада нашақорлық- әлеуметтік ауру. Есірткі қоғамның ең басты байлығына денсаулыққа зиян келтіреді. Алматы облыстық сотының ұйымдастыру талдау бӛлімінің бас маманы М.Канафианова айтуы бойынша: «Еліміздегі ең жас нашақор жеті жаста. Осылайша қазақтың тегінде болмаған есірткі қазіргі таңда есіріп кеткен. Жыл сайын есірткінің салдарынан республика бойынша 300 адам қайтыс болады. Қазір қазақстанда ресми мәлімет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тіркеуде тұр. Бұл тек ресми мәлімет қана. Ал тіркілмегендерінің қанша екені әзірге белгісіз. Республикамызда нашақорды емдейтін 9 орын бар. Үстіміздегі жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар мен әйел адамдар екені анықталған»- деген. Дегенмен, нашақорлық жаппай қоғамға сіңсе, еліміздің болашағы болмайды деуге болады [3, 36 б.].

Есірткі патологиясының ӛсуімен қатар АИТВ жұқтырған контингенттің, гепатит, туберкулез диагнозы бар есірткіге тәуелділер санының ӛскенін атап ӛту қажет, бұл қалыптасқан ахуалды объективті бағалаудың жаңа тәсілдерін іздеуге мәжбүрлейді. Еліміздің әлеуметтік ӛмір деңгейі тӛмен бірқатар ӛңірлерінде тәуекел топтардың, мысалы, коммерциялық секс жұмыскерлерінің, есірткіні инъекциялық тұтынушылардың, гомосексуалистер арасында шоғырланған АИТВ эпидемиясы байқалады. 2011 жылдың соңында елімізде АИТВ жұқтырудың 15771 фактісі тіркелген, оның ішінде ЖИТС-мен ауыратындар 1178 адам. 2012 жылы Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары ЖИТС/АИТВ таралуының негізгі ошақтары болып табылады, оларда 100 мың тұрғынға 95,2 оқиға тіркелген [4].

Қазіргі уақытта нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес шетелдердің практикалық тәжірибесін зерделеуге ерекше қызығушылық байқалады. Осы мақсатта менің ойымша ең үздік тәжірибелердің бірі Малазия мемлекетін үлгі ретінде алуға болады.

Малазияда есірткіге қарсы күрестің жалпыұлттық науқаны шеңберінде 2005 жылдың қыркүйегінен бастап малайзиялық студенттердің есірткі тұтыну тестлеуінен ӛту практикасы енгізілген. Орталық Малайзияның түнгі клубтары мен дискотекаларын ғимаратқа келушілер арасынан нашақорларды анықтауға қабілетті жаңа детекторлық құрылғылармен жарақтау туралы шешім қабылданды. Детекторлық аппаратураның жұмыс тәсілі есірткі тұтынуға бейімділігі күдіктелетін келушілердің кӛзінің торшасын сканерлеуге негізделген. Малайзиялық биліктің бұл бастамасына Азияда ұқсас келетіні жоқ. Мектеп оқушыларының кӛз торшаларынан ақпаратты оқитын биосканерлер оқушылардың арасынан нашақорларды анықтау үшін Малайзияның кӛптеген орта мектептерінде орнатылған. Биосканер есірткі тұтыну фактісін тіркеп қана қоймай, оның түрін тануға да қабілетті. Тиісті ақпарат экранға шығарылады және басылып шығарылуы мүмкін. Аппараттың оң қорытындысын алған мектеп оқушылары

(8)

5065

зертханалық жағдайда несеп талдауын тапсыру үшін жіберіледі. Анықталған нашақорлар құқық қорғау органдарының ӛкілдеріне берілмей, есірткіге тәуелділікпен ауыратын мектеп оқушыларын емдеу және бейімдеу жӛніндегі арнайы курстарға жіберіледі. Малайзияның солтүстік-батысындағы Кедах (Kedah) штатының билігі есірткі заттарының айналымына қарсы күрестің ӛзіндік бірегей жүйесін енгізіп, практикада сәтті қолдануда. Қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес кез келген азамат шекара арқылы есірткіні заңсыз алып ӛтудің ӛзіне белгілі болған фактісі туралы хабарлаған әрбір азамат тәркіленген препараттың «нарықтық» құнының 50 % ӛтемақы ретінде алады [4].

Қорытындылай келе, Елдегi криминогендiк ахуалды қалыптастыратын басты факторлардың қатарына ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметi мен сыбайлас жемқорлықты жатқызған жӛн. Кӛлеңкелi экономиканың жұмыс iстеуi, контрабанданың, стратегиялық шикізат ресурстарының бақылаусыз әкетiлуiнің кеңейіп отырған ауқымы және т.б.

олардың қылмыстық ықпалының нәтижесi болып табылады. Нашақорлық және есірткі бизнесі латенттік қылмыстардың бірі. Яғни ең қауіпті қылмыс қатарына жатады. Мысалы, сыбайлас жемқорлық, экономикалық қылмыстар сияқты.

Менің ойымша ең қызығы осы тақырапты ашқанда ӛзіме жаңа кӛзқарас туындады. Ол - темекі, алкогольдік ішімдіктер, есірткілер гендік қару екені және де олар әскери қарудың функциясынан артықшылығы бар және ол тұрақты қару болып саналады. Себебі әскери қаруды қолданғанын бірден кӛресің, ал гендік қару қолданғанын бақылай алмайсыз, ӛйткені халыққа бұны ой сана сезіміне әдетке, ғұрыпқа айналдырады, ол бізде болды не солай бола береді деп жеткізеді. Неге біздің жастардың кӛпшілігі ішеді, шегеді, есірткіні қолданады. Себебі туғаннан бастап бала қоғамның матрициялық ақпараттан ӛтеді. Бала ішімдік ішем, есірткіні қолданамын деген еркіндігімен туған жоқ. Оны қасақана, тұрақты мақсатымен кино-фильмдер, жаңалықтар, жарнамалар, радио, газет-журналдар арқылы тартады және ой санасына құяды. Сондай-ақ бәріне белгілі есірткі адам организміне зиян келтіреді. Ол ми мен жүйке жүйелерге едәуір зақым келтіреді, ал жүйке-жүйелер ми мен ағзаны байланыстырушы сым деуге болады. Яғни адам организмнің тіршілік процессін тұрақсыздандырады, баяулатады, тежейді. Сол секілді нашақор адам еңәуелі ӛзінің кіші әлеуметтік ортасын тежейді, содан барып үлкен әлеуметтік ортасын тежейді, әрі қарай толығымен мемлекетке дейін жетеді. Біз барлығымыз бір жүйеміз, бір елміз, сондықтан бір-бірімізге әсерін тигіземіз. Гендік қару болғанымен ол тек қана қазіргі шаққа қауіп тӛндірмейді, болашаққа, ұрпақтың таза гендік құрылымына әсерін тигізеді. Егер біз оны уақытында алдын-ала алмасақ, болашақ ұрпақ ӛзегіне шірінді ӛз тұқымын салады. Сондықтан, ғаламдық басқарманың ұстанымымен (принцип глобального управления) ең алдымен нашақорлықтың алдын-алу үшін ақпаратты жан-жақтан қадағалау қажет. Қазақстан азаматы туар алдында, қоғамда ең жақсы қасиеттер тарата алатын және шыншыл, реалды матрициялық ақпаратты құру керек. Матрициялық ақпарат дегеніміз ол әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер және стереотиптер. Кіріс ақпараттына бақылау балалардың ертегілерінен бастап, дүниежүзілік бұқаралық ақпараттарға (жаңалықтар, жарнамалар, ток-шоу, ғаламтор ақпараттары, әлеуметтік тор, кино-фильмдер және т.б.) дейін қадағалау жасап және соған қарсы тиімді әрекетті, сан- салалы анализденген іс-шара қолданғаны дұрыс болады. Ал шығыс ақпаратты жіберу барлық әдістерін анықтап, жан-жақты қарастырылған психологиялық тұрғыдан, адам санасына қандай әсерін тигізеді және түрлі-түрлі тәжірибелер арқылы зерттелсе екен. Осындай зерттеулерді үздік мемлекеттік университеттер қызмет еткені дана болады деп ойлаймын. Содан кейін ғана анализдердің қорытындыларына сүйене отырып тұрақты, ӛлшемді, сапалы, жазасы әділ, құқықты реттейтін нормативтік-актіні шығару керек. Сол себептен мақаланың сӛз аяғында Натан Майер Ротшильд пікірімен бӛліскім келеді «Кім ақпаратпен билік етеді, сол бар әлемге билік етеді» (Кто владеет информацией - тот владеет миром).

(9)

5066 Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесiне қарсы күрестiң 2006- 2014 жылдарға арналған стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 930 Қаулысы // ПАРАГРАФ АЖ.

2 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi//

ПАРАГРАФ АЖ.

3 М.Канафианова «Есірткінің құрбанына айналғандар саны артып барады» //Заң Республикалық құқықтық ғылыми-практикалық журнал №9 2013 жылы -40 б.

4 Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 Қаулысы // ПАРАГРАФ АЖ.

5 Предупреждение терроизма в Казахстане/ Колл. авт. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.- С.

444

УДК 343.71

ҦРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ҚЫСҚАША ТАЛДАУ Балгынтаева А.А.

[email protected]

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 курс магистранты, Астана, Қазақстан Ғылыми жетекші – М.Мұратханова

Күннен – күнге қылмыстылықтылықтың деңгейі ӛсу динамикасын кӛрсетіп келеді.

Қылмыс жасаудың жаңа тәсілдері сол сияқты компьютерлік технологияларды пайдалану, интернет арқылы, ұйымдасқан сыбайластық арқылы жасалатын қылмыстарда жасалу үстінде.

Оның ӛзі дүние жүзілік дағдарыс нәтижесінде болған ӛзгерістер қылмыстың жағдайына әсер етті.

Қазақстан Республикасындағы ресми қайнар кӛздерден [1] алыған мәлеметтер бойынша еліміздегі тіркелген қылмыстардың динамикасы келесідей (Диаграмма №1) болып келеді: 2012 жылғы жасалған 287681 қылмыстың саны тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары экономиканың жаңа нарықтық қатынастарға түсу, жұмыссыздық, ӛндірістің тоқтауы сияқты әлеуметтік және экономикалық факторларға қарамастан жасалған қылмыстардың біршама аз болғандығын кӛрсетеді. Мәселен, 1992 ж. 200873 қылмысты 2012 жылғы 287681 қылмысты салыстырсақ қылмыстың деңгейі 30 % аз болғандығын дәлелдейді. Бұны қазіргі уақытта қылмыстар бойынша келіп түсетін арыздар мен хабарламаларды есептік – тіркеу тәртібінің күшеюімен байланыстыруға болады, бұл ӛз кезегінде латентті қылмыстарды азайуына ықпал етеді.

Диаграмма №1 Елдегі тіркелген қылмыстардың динамикасы

Referensi

Dokumen terkait

Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын бағалау зиянды және қауіпті өндірістік факторларды анықтау мақсатында жүргізіледі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптарға

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт мазмұныныда

Аймақтардың экономикалық дамуының және экономикалық рефораларды жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан аймақтарын беске бӛлеміз: - Батыс Қазақстан; - Солтүстік

Қазақстан Республикасында балалардың жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары келесідей:  балаларды құқықтық қорғауды нығайту;  балаларды

Табиғи ресурстарға және мәдени-тарихымен бай Қазақстан Республикасында заманауи туризмді дамыту және құру, шетелдік және отандық туристерді тарту мәселесімен күрделі айналысып жатыр..

70 Мемлекеттік саясаттың дін саласындағы концепциясы Өзбекстан мен Қазақстан тәжірибесі қауымының басын біріктіріп отырған Өзбекстан мұсылмандары басқармасы ӨМБ мен Қазақстан

1991 жылы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» консититуциялық заңды, 1993 жылғы Қазақстан Конституцияны және қазіргі қолданыстағы Қазақстан

Қазақстанда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидалары ретінде білім беру ортасындағы адам құқықтарын жүзеге асыруды нормативтік-құқықтық реттеуге жəне іске асыруға