327
проявление экстремизма в социуме. Социально-идеологический момент заклю- чается в создании общенациональной идеологии, способной сплотить все слои и все этнические группы казахстанского общества.
Следует усилить преподавание религиоведения в учреждениях образования всех уровней, с целью профилактики религиозного экстремизма и формированию иммунитета к деструктивным религиозным течениям. Профилактика, как известно, обходится гораздо дешевле, чем ликвидация последствий. Необходимо дать нашей молодежи основы религиозного образования, научить их отличать зерна от плевел, истинные духовно-религиозные ценности от ложных.
Кроме того, необходимо организовать кафедры национальной безопасности и в рамках работы этих кафедр организовать исследование вопросов религиозной безопасности. По нашему мнению, необходимо преподавать основы национальной безопасности на всех уровнях образования и в рамках таких предметов преподавать основы религиозной безопасности как части национальной безопасности.
Литература:
1. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. Пер. с англ Т. Велимеева, М –АСТ, Москва, 2007, 571 с.
2. Кургинян С. Система координат/Радикальный ислам: взгляд из Индии и России.
– М.: МОФ-ЭТЦ, 2010. – 484 с. С. 11-50.
3. Таевский Д. Секты мира / Д. Таевский. – Ростов на Дону.: Феникс, Спб.: ООО Издательство «Северо-Запад», 2007. – 571 с.
4. Кара-мурза С.Г. Россия не Запад, или Что нас ждет. – М.: Эксмо : Алгоритм, 2011. – 256 с.
ИСЛАМ ЖӘНЕ БІЛІМ
Дәрібай М. О.
Астана қ., Қазақстан Ел қамымен келешегін ойлайтын рухани бай жастарды тәрбиелеу үшін мемлекетіміздегі білім ошақтарында діни сауат ашуды әрдайым дамыту қажет.
Өйткен себебі ата-бабамыздың салт-дәстүр, әдет- ғұрыптарының дінге қайшы емес тұстарын сақтай отырып дінімізді насихаттауда діндер, ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік, достық, сыйластық пен рухани үндестікті нығайтуда, көрші мемлекеттермен қарым қатынасты жақсартып дамытуда діни сауаттылықтың тигізер ықпалы мол.
Бабалар салған сүрлеумен жүріп, өркениетке қол жеткізу, олардың еңбектерін жан жақты зерттеп, зерделеп келешек ұрпаққа өнеге ету бүгінгі дәуір еншісіндегі аманат. [1]
Құран Кәрім Аллаһ тарапынан ең соңғы пайғамбары Мұхаммедке (с. ғ.с) Жәбірейіл (ғ.с) періште арқылы жиырма үш жыл бойы біртіндеп түсірілген кітап екені белгілі.
Құран дұрыс пен бұрысты, ақ пен қараның арасын ажыратып, қара қылды қақ жаратын әділдігімен ерекше. Күллі адамзат баласының кез келген мәселесіне жауап бере алатын, қоғамның, тіпті әлемдік проблемалардың дұрыс шешілуіне өз үлесін қоса алатын қасиетті кітап. Сондай ақ, ол шығыс елдерінің басым көпшілігі және әлемнің бестен бір бөлігі сенетін Ислам дінінің ең басты қайнар бұлағы. Бұған қоса ол Ислам мәдениетінің негізгі қайнары болып табылады. [2]
328
Құран діни қағида құлшылық тәсілдерімен ғана шектелмейді.Атақты Ислам ғұламасы әл-Мәудуди: “Құранның негізгі мақсаты, Ислам дінінің баға жетпес ерекшелігі мен ахлақ қағидаларын айқын көрсетіп, оларды түрлі мысалдармен жүрекке мықтап бекіту. Құран тек қана әмір мен тыйымдардың жиынтығынан тұрады деп қателесуге болмайды”,-дейді. Демек, Құран ғылым-білімнің де ба- стауы, әрі бүкіл әлемдік мәдениеттің іргетасын қалаушы жаратушы Иенің сөзі.
Немістің атақты ойшылы Ф.Бисмарк: “Мұхаммед (с.ғ.с.) үйреніп, барша халыққа жайған бұл кітап сенікіде, менікі де емес, Аллаһ Тағала тарапынан аян болып түскен туынды. Оны мойындамау қазіргі күнгі ғалымдарды негізсіз деп жоққа шығарумен бірдей қиынсыз болып шығар еді”, - десе, француз жазушысы Га- стонер: “Ислам дүниенің ұйытқысы болған дін. Бұл діннің қайнар көзі Құран.
Ал,Құран әлем мәдениетінің негізгі іргетасы...”, - деп баса айтқан. Құран бұдан он төрт ғасыр бұрын түсіп, ең алғашқы аятын: “Жартқан Раббыныңның атымен оқы!Ол адамзатты ұйыған қаннан жаратқан. Оқы!Ол Раббың аса ардақты!Сондай- ақ,Ол қаламмен (жазуды) үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен”,[3]
деп бастауының өзі ғылым-білімге қаншалықты маңыз беретіндігін аңғартады.
Кезінде мұны жете түсінген ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ балала- рына:
«Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан іздемей -ақ табылар»,- деп әу бастан ақ Құран Кәрім аятымен ұштасыра білді. «Білім мен имандылық қос қанатым, Бірінсіз бірі тағы бос қалатын», дегендей «білім мен имандылық» құстың қос қанатындай қатар самғайтындығын паш ете білді. Ислам діні бойынша иманды жанның білім талап етуі, оқып үйренуі парыз, әрі құлшылық саналады.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кім ілімді қалап қадам басса, Алла тағала оған жәннаттың жолын жеңіл етеді»,- деп айтылады.[4]
Әбу Мұса (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Алла тағаланың маған жіберген тура жолы сияқты ілім көп жауған жауынға ұқсайды.
Кейбір жер саф, құнарлы болып, жауған жаңбырды өзіне сіңіріп алып, сан алуан өсімдіктер мен көк шөптерді өсіреді. Ал, кейбір жер құрғақ, қатты болып, суды өзіне сіңірмей, көлшік қылып бетіне жинайды. Оны Алла тағала пенделеріне пайдаландырады. Адамдар ол судан ішер, малдарын, егіндерін суғаруға пайдаланар. Ал, енді кейбір жерлер тегіс болып, суды өзінде ұстап қалмайды, ешнәрсе өспейді, көгалдарды да көгертпейді. Бұны төмендегіше түсіндірсе болады: Бір кісі Алла тағаланың ілімін (Исламды) терең оқып үйренеді, терең түсінеді және оны пайдаланады. Алла тағаланың жіберген ілімін өзі үйреніп басқаларға да үйретеді. Екінші бір кісі ілімді үйреніп адамдарға да үйретер, бірақ өзі амал етпейді. Кейбіреу өркөкіректік етіп, өзі де үйренбейді, өзгеге де үйретпейді.». Құран аяттарында тек діни білім ғана емес, сонымен қатар адамның қадірін жоғарылататын, ізгі амалға жетектейтін, адамзат баласына пайда келтіретін бүкіл білім салалары қамтылған.
Ғылыммен шұғылдану сауабы жағынан нәпіл амалдардан да жоғары тұрады. Өйткені ерікті түрде сауап жинау мақсатында орындалған амалдар тек иесіне ғана пайда келтірсе, білім барша адамзат баласына пайда келтіреді.
329
Кемеңгер Абай атамыз Құран Кәрім аяттарынан сусындай отырып:
Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз, - деп Құран Кәрімді негізге ала отырып ғылым-білімге қызықтырып бағады. [5]
25-қара сөзінде: « Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең-оқыт, мал аяма!»деу арқылы адамның адам болуы үшін ең әуелі білімнің маңызды екенін меңзейді.
Ұлы ақын 32-қара сөзінде: « ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хасудшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды. Бәлкім азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адамды шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні дүзеткен садаға кетсін!»дейді. [6]
Бұрынғы заманда өмір сүрген ойшыл, ғалымдардың да білім туралы айтып кеткен ұлағатты сөздері көп. Мәулананың «Білім, шетсіз- шексіз мұхит. Білімге ұмтылыс мұхитқа сүңгігенмен бірдей.», Абдуллаһ ибн Омардың «Адамның бойында мына қасиеттер болмайынша, ол шынайы ғалым бола алмайды: Өзінен білімі мол адамды күндемейді, өзінен төменгілерді кемсітпейді. Ілімін дүниелік пайда үшін сатпайды», Абай атамыздың: «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
деп, әрбір нәрсенің негізі оқумен басталады деген сөздеріне терең ойланғанға айтары мол.
Атамыз қазақтың сан ғасырлыр бойы келе жатқан, сөз мәйегі атанған мақал-мәтелдерін айтпай кету мүмкін емес. Мысалы: «Үйрене білген үйрете біледі.Білікті бірді ,білімді мыңды жығады. Білімді өлсе, қағазда аты қалар,Ұста өлсе,істеген заты қалар.» деген сөздер бекер айтылмаса керек.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Иман журналы. № 10, 2010
2. Ислам мәдениеті, М. Ф. Рифаъи. - Алматы, 2007
3. Хақ дини Қуран дили, Элмалылы Хамди Языр, «Ғалақ» сүресі 1-5 аят 4. Әл-Бұхари, Сахих әл-Бұхари. - Алматы, 2005
5. Иман журналы. № 4, 2007
6. Абай. Қара сөздер. - Алматы: «Мектеп», 2007
БІЛІМ – МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕГІ РЕТІНДЕ
Ермағанбетова Қ.С.
Астана қ., Қазақстан Қазақстан қазіргі тұрақсыз мүдделер мен күштердің әлемдік балансында, мәдени және өркениеттік принциптерге сәйкес өзгеріп тұратын жаңа әлемдік тәртіпте өз орнын іздеуде. Еліміздің мәртебесі, басқа елдердің де мәртебесі сияқты мәдени жүйе параметрлерінің сапасына байланысты болады.