• Tidak ada hasil yang ditemukan

КАСПИЙ АКВАТОРИЯСЫНАН АЛЫНҒАН ASPERGILLUS ТУЫСЫНА ЖАТАТЫН МИКРОСКОПИЯЛЫҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДАН ДНҚ-НЫ БӨЛІП АЛУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "КАСПИЙ АКВАТОРИЯСЫНАН АЛЫНҒАН ASPERGILLUS ТУЫСЫНА ЖАТАТЫН МИКРОСКОПИЯЛЫҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДАН ДНҚ-НЫ БӨЛІП АЛУ"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ [582.282.123:575](262.81)

КАСПИЙ АКВАТОРИЯСЫНАН АЛЫНҒАН ASPERGILLUS ТУЫСЫНА ЖАТАТЫН МИКРОСКОПИЯЛЫҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДАН

ДНҚ-НЫ БӨЛІП АЛУ

А.А.Сейтақ-студент1, Р.Т. Омаров-б.ғ.д., профессор1, А.А.Какимжанова-б.ғ.д2., Б.Қ.Іңірбай-к.ғ.қ2, Ж.Б.Орозалиева-ғ.қ2 ҚР Астана қ., 1«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»

2«ҚР Ұлттық биотехнология орталығы» РММ, [email protected]

Саңырауқұлақ – саны шамамен 100 мың түрге жететін организмдердің үлкен тобы.

Адам өмірінде және табиғатта ерекше маңызға ие. Саңырауқұлақ (лат. Fungi немесе Mycota) — тіршіліктің ерекші формасы, өсімдік және жануарлардың кейбір қасиеттерін бір өзінде қамтыған эукариоттық ағзалар табиғатының патшалығы. Миллиард жыл бұрын пайда болған және біртіндеп барлық су және топырақ бетіндегі экожүйелердің ажырамас бөлігіне айналған тірі ағзалардың көптеген аса үлкен және әр түрлі топтарының бірі.

Саңырауқұлақтардың биологиялық және экологиялық әр түрлілігі өте ауқымды. Қазіргі бағалау көрсеткіштеріне сәйкес Жер бетінде саңырауқұлақтардың 100-250 мыңға дейін түрі бар, алайда ғалымдармен тек 5%-ы ғана сипатталған. Олар барлық биологиялық ортада тіршілік етеді – суда, құрлықта, ауада. Белгілі бір органикалық материалдарды ыдырату қабілетіне байланысты биосферада маңызды рөл атқарады.

Саңырауқұлақтардың көптеген түрлері адамға қажетті тағамдық, шаруашылық және медициналық мақсатта кеңінен қолданады.

Микроскопиялық саңырауқұлақтар (микромицеттер) мен сапротрофты споратүзуші бактериялар (бациллалар) – қарапайым топырақты мекен етушілер және органикадық субстраттардың ыдырауымен байланысты процестерге қатысады. Дейтеромицеттер (лат.

Deuteromycota) немесе жетілмеген саңырауқұлақтар (лат. Fungi imperfecti) — саңырауқұлақтар патшалығының бөлімі. Денесі бөлшектенген мөлдір немесе боялған көпклеткалы гифтардан және кейде бүршіктенген клеткалардан тұрады. Тек жыныссыз жолмен көбейеді. Конидийлардың түзілуі жекеленген немесе топпен орналасқан конидиеностарда немесе пикнидтер деп аталатын арнайы құрылымдарда жүреді.

Жердің құрлық және су экожүйелерінің және оның биосферасының өздігінен реттелуі мен қызмет етуі үшін саңырауқұлақтар тіршілікке қажетті компонент болып табылады. Басқа ағзалармен салыстырғанда саңырауқұлақтар токсикалық заттың әсеріне төзімді, адаптациялық потенциалы жоғары, кейбір токсикалық қосылыстарды нейтралдауға қабілетті. Сол себепті техногенді әсер етуді бағалау жүйесінде мақсатты түрде микологиялық көрсеткіштерді енгізілген.

Антропогендік ластану Каспий бассейні территориясындағы топырақ микроорганизмдерінің түрішілік әр түрліліктің азаюына себепші болуы мүмкін. Сол себепті мұнаймен ластанған топырақтардағы микобиотаны зерттеу өзіндік қызығушылықты танытты.

Атырау облысы территориясының Каспий теңізінің жағалауында далалық экспедициялық жұмыс барысында топырақ үлгілері таңдап алынды. Олар: Атырау қаласының аумағы, Ганюшкино, Забурунье ауылдары, Забурунье, Жанаталап, Балгимбаева, Камысты кен орындары. Үлгілерді алу мамыр айында жүргізілді.

Топырақ үлгілері мен өсімдік ризосферасынан микромицеттерді бөліп алу және тіркеу жұмыстары стандартты микологиялық әдістеме негізінде іске асырылды.

Сапротрофты микромицеттерді бөліп алу бактерияның дамуын баяулату үшін қышқылданған тығыз қоректік ортада(Чапека, картофельном агаре), кейіннен көбейтіп өсіру әдісімен (тереңдік егіс) жүргізілді. Сандық мөлшері құрғақ топырақ массасына сәйкес колония түзу бірлігімен есептелді. Саңырауқұлақтардың туыстық құрамын идентификациялау үшін көрсеткіштер қолданылды.

(2)

Зерттеу мақсаты топырақта микроскопиялық саңырауқұлақтардың таралу және сандық мөлшерін анықтау болып табылады. Aspergillius туыс саңырауқұлақтарынан ДНҚ-ны бөліп алу.

Қазіргі уақытта Aspergillus туыс саңырауқұлақтарының 54 штамынан ДНҚ СТАВ әдісімен бөліп алдық. Бөлінген сынамаларда ДНҚ концентрациясын және тазалығын анықтадық. Бөлініп алынған ДНҚ концентрациясы 49,29 нг/мкл - 2347,0 нг/мкл аралығында өзгеріп отырды. Сынаманың тазалығының диапозоны 1,57 - 2,06 аралығын қамтыды. Алдағы уақытта Aspergillus штаммдарын ПТР анализ арқылы индентификациялаймыз.

Ғылыми жетекші:

Омаров Р.Т. – профессор, ЕҰУ биология және биотехнология кафедра меңгерушісі Орозалиева Ж. Б. – б.ғ.к., ҚР ҰБО ғылыми қызметкері

Referensi

Dokumen terkait

Сондықтан да ертедегі тарихты ашуда түр мен түс және сандық символдарды халықтың дәстүрлері мен наным-сенімдерін зерттеудің басты деректері ретінде қарастыру маңызды болып табылады..

Əрбір тілді қарастырайық: • Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, бұл тіл халқымыздын басқа xалықтан ерекшелігін сақтап қалу үшін бізге қажет.. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің

Егер аралас қабатты регенерациялау жылына бір желіде 20 рет жүргізілсе, бұл процесс үшін қажетті HCl және NaOH мөлшері 2- кестедегі деректерге негізделген екі су тазарту желілерінде де:

Координаталық осьтер Ол қабат менде қызғылт сары және оның ені 0,5 мм болып табылады.Сыртқы слой көк түсті,ені 0,50мм.Ішкі аралық қабырғалар қызыл түсті және ені басқа қабырғалармен

Оның бұдан басқа да журналистік марапаттары бар: «Хабар» телекомпаниясында бағдарлама жүргізушісі әрі комментатор болып жұмыс істеп жүрген кезінде қазақстандық телевидение және радио

Оның бұдан басқа да журналистік марапаттары бар: «Хабар» телекомпаниясында бағдарлама жүргізушісі әрі комментатор болып жұмыс істеп жүрген кезінде қазақстандық телевидение және радио

Оның басты мақсаты бірнеше дидактикалық міндеттерді шешу және бір немесе бірнеше әртектес оқу жағдаяттарынан тұратын сабақтар болып табылады.. Сабақтың негізгі типтері жіктеуде оқу

Осы қажеттілікті қанағаттандырудың бір жолы – жоғары оқу орынында білім алатын студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу және оның деңгейін көтеру міндетін шешу болып табылады.. Осы