• Tidak ada hasil yang ditemukan

(1) Коммерциялық емес акционерлік қоғам ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА 6М071700 мамандығы үшін әдістемелік нұсқаулықтар (магистратура/бейіндік бағыт) Алматы 2017 АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ Жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасы (2)ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А.А

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "(1) Коммерциялық емес акционерлік қоғам ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА 6М071700 мамандығы үшін әдістемелік нұсқаулықтар (магистратура/бейіндік бағыт) Алматы 2017 АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ Жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасы (2)ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А.А"

Copied!
15
0
0

Teks penuh

(1)

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА

6М071700 мамандығы үшін әдістемелік нұсқаулықтар (магистратура/бейіндік бағыт)

Алматы 2017

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасы

(2)

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А.А. Кибарин, Т.В. Ходанова, С.С. Сабаншиева.

Өндірістік практика. 6М071700 мамандығы үшін әдістемелік нұсқаулықтар (магистратура/бейіндік бағыт). - Алматы: АЭжБУ, 2017. - 15 б.

Әдістемелік нұсқау 6М071700–Жылу энергетикасы мамандығы бойынша кәсіби практика бағдарламасының негізінде құрылған, Жылуэнергетикалық факультетінің (хаттама №3 20.10.2016) оқу-әдістемелік комиссия отырысында бекітілген. Магистранттардың өндірістік практикасы оқу үдерісінің бір құраушы бөлігі болып табылады. Әдістемелік нұсқауда практиканы ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар, күнделік пен есеп беруді рәсімдеу, ұсынылатын әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Әдеб.- 16 атау.

Пікір беруші: Жандаулетова Ф.Р.

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жоспары бойынша басылды.

 «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2017 ж.

(3)

2017. жиынтық жоспары, реті 52

Кибарин Андрей Анатольевич Ходанова Татьяна Викторовна Сабаншиева Сандугаш Сабырбековна

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА

6М071700 – мамандығы үшін әдістемелік нұсқаулықтар (магистратура/

бейіндік бағытта)

Редакторы Ж.Н. Изтелеуова

Стандарттау бойынша маман Н.Қ. Молдабекова

Басуға ___ ___ ___қол қойылды Пішіні 60х 84 1/16 Таралымы 50 дана Баспаханалық қағаз №1 Көлемі 0,8 есептік-баспа табақ Тапсырыс. Бағасы 400 теңге

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының көшірмелі – көбейткіш бөлімі

050013, Алматы қаласы, Байтұрсынұлы көшесі, 126

(4)

Аннотация для производственной практики

Образовательная программа профильной магистратуры включает производственную практику, которая проводится в организациях и на предприятиях теплоэнергетического профиля. Производственная практика магистранта направлена на закрепление теоретических знаний, полученных в процессе обучения, приобретение практических навыков и компетенций, а также освоение передового опыта.

Теоретической основой для проведения практики является изучение обязательной дисциплины «Современные проблемы теплоэнергетики и теплотехнологий», а также ряда профильных дисциплин по выбору: «Теория и техника инженерного эксперимента», «Эксплуатационная надежность и безопасность ТЭС», «Испытание и наладка основного оборудования ТЭС»,

«Режимы работы и эксплуатация ТЭС», «Проектирование ТЭС».

Прохождение производственной практики требует от магистрантов инициативной работы и творческого подхода к изучению вопросов, предусмотренных настоящей программой.

(5)

Мазмұны

1 Жалпы жағдайы ... 4

2 Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеті ... 4

3 Практиканы ұйымдастыру ... 6

3.1 Магистранттардың өндірістік практика жетекшілігі ... 7

3.2 Өндірістік практиканы өткізуді бақылау ... 8

4 Өндірістік практиканың мазмұны ... 9

5 Практикаға қорытынды ... 11

5.1 Өндірістік практика бойынша күнделікті толтыру ... 11

5.2 Өндірістік практика бойынша есеп берудің құрылымы ... 12

5.3 Өндірістік практика бойынша есеп беруді қорғаудың тәртібін жүргізу ... 12

Әдебиеттер тізімі ... 13

(6)

1 Жалпы жағдайы

Өндірістік практика оқу жоспарымен анықталатын жеке жоспармен сәйкесті іске асырылады. Өндірістік практика 6М071700 - «Жылу энергетикасы» мамандығының мамандарын дайындаудағы мемлекеттік білім беру стандартының және жұмыстық оқу жоспарының негізгі құрамы болып табылады.

Практикадан өту магистранттарды кәсіби-практикалық дайындаудағы тікелей бағдарланған оқу түрінің маңызы болып табылады.

Өндірістік практика оқу кезінде алынған магистранттардың теориялық білімдерін бекітуге және тереңдетуге, мақсат қоя білуге, алынған нәтижелерді сараптауға және қорытынды жасай білуге, өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын игеруге және дамытуға қабілеттейді. Өндірістік практиканың магистрлік диссертацияны орындау кезінде маңызы жоғары.

Магистранттарға арналған өндірістік практиканың осы бағдарламасы Қазақстан Республикасының стандарттарына және нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жасалған.

2 Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері

Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасында өндірістік практика бар, ол жылуэнергетикалық бағыттағы ұйымдар мен мекемелерде жүргізіледі. Магистранттың өндірістік практикасы оқу үдерісі кезінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдыларды және біліктілігін игеруге, сонымен қатар берілетін тәжірибелерді игеруге арналған.

Практиканы жүргізуге арналған теориялық негіз «Жылуэнергетика және жылутехнологиялардың қазіргі заманғы мәселелері» міндетті пәндерін, сонымен қатар таңдау бойынша бейіндік пәндерін «Инженерлік тәжірибенің теориясы және техникасы», «ЖЭС пайдаланушылық сенімділігі мен қауіпсіздігі», «ЖЭС негізгі қондырғыларын жөндеу және сынау», «ЖЭС жұмыс тәртібі және пайдалану», «ЖЭС жобалау» оқу болып табылады.

Өндірістік практикадан өту кезінде магистарнттардан осы бағдарламада қарастырылған жұмысқа деген талпыныс пен шығармашылық жақындау талап етіледі.

Практиканың ұзақтығы – 10 апта, 4 кредит, 300 сағат. Практика екі бөлімнен тұрады – 2-ші семестрден кейінгі өндірістік практика және 2-ші оқу жылындағы өндірістік практика.

Өндірістік практиканың мақсаты:

 мамандық пәндерін оқыған кездегі теориялық және практикалық білімдерін бекіту;

 қандай да бір өндірістің құбылыстары мен жабдықтарын, техникалық пайдалану ережелерін, жылутехникалық қондырғылар құрылғысының ережелерін, техникалық қауіпсіздік ережелерін зерттеу;

(7)

 ақпараттық желілік жұмыстың техникалық құжаттарындағы жұмыс дағдыларын бекіту;

 негізгі жабдықтар мен қондырғыларды күнделікті ұйымдастырулықпен, техникасымен және пайдалану тәртібімен танысу, әсіресе басқару жүйесі бар ықшамдалу жүйесімен, сонымен қатар өндірістік бөлімдерді, цехтарды, зертханаларды және толықтай мекемелерді;

 отандық және шет елдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен танысу, жүйелендіру, кәсіби білімді кеңейту және бекіту, өзіндік зерттеу жұмыстарды және тәжірибелеуді енгізудің дағдыларын қалыптастыру;

 бітіруші біліктілік жұмысты орындау үшін қажетті материалдарды жинақтау – магистрлік диссертациялар.

Өндірістік практиканың мақсаты болып табылады:

 материалдық және энергетикалық ресурстарды құру және есептеу мәселелерін зерттеу;

 мекемелердегі энергетикалық ағындарды басқару және мониторинг жасау сұрақтарын зерттеу;

 нормативтік-техникалық, жобалық құжаттармен жұмыс;

 мекеменің ақпараттық желілеріндегі жұмыс;

 мекеме немесе

 кәсіпорын немесе мекеме жұмысының қыр-сырын зерттеу;

 өзекті ғылыми мәселе бойынша міндеттеме қоя білудегі тәжірибелік- зерттеу жұмыстарындағы дағдыларды дамыту.

Осы мақсаттарға сәйкес магистрант практикадан өту кезеңінде келесідей дағдыға ие болуы қажет:

- ЖЭС-ның заманауи жылулық жабдықтары мен қазандықтарын пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету;

- жоба мен бағдарламалардың жасалуымен байланысты тәжірибелік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

- есептеуіш техниканың және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің заманауи құралдарының жұмысы;

- техникалық құралдарды, жүйелерді, құбылыстарды, жабдықтарды және материалдарды стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізу;

- қажетті шолуларды, пікірлерді, қорытындыларды құру;

- энергия үнемдеу және энергияны тиімді пайдалану бойынша іс- шараларды жасау және жүзеге асыру;

- экологиялық қауіпсіздікті арттыру бойынша іс-шараларды жасау және жүзеге асыру.

Практиканың бірінші бөлігінің қорытындысы бойынша қысқаша әдебиеттерге шолу дайын болуы қажет, ол ашылмаған тақырыпқа қорытынды болып табылады (немесе ішінара ашылған немесе ол аспектіде емес) және осыған байланысты ары қарай жұмыс жасау қажет.

(8)

Өндірістік практиканың екінші бөлігі зерттеулік жұмыспен сәйкес диссертация тақырыбы бойынша материалдарды жинауға, оның құрылымын құруға, оның негізгі бөлімі болатын негізгі бөліктерін бөлуге (яғни тараулары мен бөлімдері), сонымен қатар оның анықтамалық-болжамалы аппарат бөлімін бөлуге, диссертация кіріспесіне бағытталу, таңдалған тақырыптың өзектілігіне негіздеме, алға қойған міндеттеменің мақсаты мен мазмұны.

Практикадан өту кезінде нысана мен зерттеу пәні тұжырымдалады, зерттеудің таңдалған әдісі (әдістері) көрсетіледі және жүргізілген зерттеудің теориялық маңыздылығы мен қолданбалы құндылығы айтылады.

3 Практиканы ұйымдастыру

Магистранттар практика жүргізу туралы ректордың бұйрығына сәйкес жеке жұмыс жоспары бойынша практикаға бағытталады.

Өндірістік практиканы жүргізу орны: жылу электр станциясы (ЖЭС), өнеркәсіптік-жылыту қазандықтары (қазандықтар).

Осы қатарларда тапсырыс беруші мекемелердің хаттық сұранысы бойынша магистранттар өндірістік практиканы ғылыми-өндірістік, ғылыми- зерттеулік және жобалық ұйымдарда заманауи технологиялық жабдықтармен, жобалау құралдарымен, ақпараттық жүйелермен жабдықталған жылуэнергетика саласында өтулеріне болады. Осы магистранттар үшін өндірістік практика бағдарламасы ұйымның ерекшелігін ескеретін практика жетекшісімен жеке түзетіледі және бітіруші кафедрада келісіледі.

Тапсырыс беруші кәсіпорындардың хаттық сұрауы бойынша магистранттар өндірістік практиканы жылуэнергетика саласындағы заманауи технологиялық қондырғылармен, жобалау құралдарымен, ақпараттық жүйелермен жабдықталған ғылыми-өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында өтулеріне болады. Магистранттар үшін өндірістік практиканың бағдарламасы ұйымның ерекшелігін ескерумен

Практика басталғанға дейін кафедра магистранттарға жиналыс өткізеді, ол жерде олар практика өтетін орынмен, практиканың мерзімімен және мазмұнымен, есеп беруге қойылатын талаптармен және практика кезіндегі міндеттерімен, жетекшілік және бақылау формаларымен танысады.

Практикадан өтушілер қажетті құжаттарын алады (бағыттама, практикадан өту туралы күнделік, практика бойынша бұйрықтан қағаз). Әр магистрант практиканың негізгі сұрақтарынан бөлек тереңірек өңдеу үшін жеке тапсырма алады, ол жергілікті шарттарды ескерумен мекемеде түзетілуі мүмкін.

Практикадан өту кезіндегі жеке тапсырмалардың орындалуы кафедрадағы жетекшімен бақыланады. Практикадан өту барысында магистранттар өндірістік практика бойынша күнделік жүргізеді, оны мекемедегі жетекші үздіксіз тексеріп отырады және оның орындалу сапасын бағалайды.

(9)

3.1 Магистранттардың өндірістік практикадағы жетекшілігі

Магистранттардың өндірістік практикадағы жекекшілігі үшін ЖЭҚ кафедрасы университет жетекшісі болып табылатын жетекшіні бөледі.

Университеттегі өндірістік практиканың жетекшісі:

 мекемелер бойынша магистранттарды жіберуді ұйымдастырады;

 практиканың өндірістегі жетекшісімен бірге магистранттарға жеке тапсырма құрайды;

 практикадан өту сатылары бойынша магистранттардың жұмысын бақылайды;

 магистранттардың жеке тапсырмасын және есеп беруін тексереді және сол бойынша өзінің есебін береді;

 бітіруші каферда құрған комиссия құкрамымен өндірістік практиканың есеп беруін қорғайды.

Өндірістегі практикадан өту жауапкершілігі мекеменің әкімшілігіне тапсырылады. Практиканың жалпы жетекшілігі үшін мекеме әкімшілігіндегі өндірістен тәжірибелі инженерлік жұмыскерлердің ішінен жетекші бөлінеді.

Өндірістегі өндірістік практиканың жетекшісі:

 магистранттардың келуіне байланысты мекеме жұмыстың алдында өрт қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша нұсқаулық жүргізуді ұйымдастырады, ішкі еңбек тәртібімен таныстырады, оның орындалуын магистранттар сәйкесті журналда өздерінің қолтаңбасымен мақұлданады;

 магистранттарға арналған практиканың өту кестесін құрады;

 университеттегі практика жетекшісімен бірлесе жеке тапсырма жасайды;

 магистранттардың жұмысын практикадан өту барысында бақылап отырады;

 магистранттарға ЖЭС технологиялық немесе қазандықтың үдерісін, негізгі және көмекші жабдықтарды және басқа да мәселелерді зерттеуге қажетті жағдайларды қалыптастырады;

 мүмкіндігі бойынша магистранттарды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, магистранттардың оқу жүйесін және жоспарын бұзатын кестеден тыс жұмыстарға араластырмайды және іс-сапарларға жібермейді.

 ЖЭС негізгі және көмекші жабдықтарын немесе қазандықтарын зерттеу мақсатымен мекеме бойынша саяхат және әңгіме ұйымдастырады;

 Магистранттардың есеп беруін және жеке тапсырмасын тексереді және сол бойынша өзінің қорытындысын жазады.

(10)

3.2 Өндірістік практиканың өтуін бақылау

Өндірістік практикадан өтудің осы бағдарламасының орындалуын бақылау өндірістегі жетекшімен тікелей сатылы түрде әңгімелесу, есеп беру және күнделікті тексеру жолымен жүргізіледі.

Әңгімелесу алдында магистрант практиканың әр бөлімі бойынша жетекшіге есеп берудің сәйкесті бөлімдерін көрсету қажет. Егер есеп берудің орындалған бөлімі төменде айтылған талаптарға сай келсе және әңгімелесу кезінде магисрант жақсы білім деңгейін көрсете білсе, онда жетекші күнделікке осы бойынша баға қояды және оны практиканың келесі сатыларын орындауға жібереді. Есеп беру қанағаттарлықтай жағдайда болмаса және магистранттың білімі таяз болған жағдайда, ол осы бөлім бойынша жетекші көрсеткен кемшіліктерді жоймай практиканың келесі сатыларына жіберілмейді. Практиканың кестесінен жүйелі түрде қалып отырған магистрант өндірістік практикаға жіберілмейді және үкімдегі сәйкесті шақыртумен бітіруші кафедраға жіберіледі.

Күнтізбелік мерзімдегі практикадан өту кезіндегі барлық тәртіп бұзушыларды мекемедегі практиканың жетекшісі магистранттың күнделігіне жазады.

Есеп берудің бағасы өндірістегі практика жетекшісімен тікелей магистранттың күнделігіне қойылады. Күнделіктегі және есеп берудегі мекеме әкімшілігінің қолы мөрмен бекітіледі.

3.3 Өндірістік практикадан өту кезіндегі магистранттың уақыт теңестігі

Жылу электр станциялары мамандандырылуын таңдаған 6М071700 – Жылуэнергетика мамандығы бойынша оқитын магистранттардың оқу үдерісінің кестесіне сәйкес өндірістік практика 10 аптаға (4 кредит, 300 сағат) есептелген.

Практика екі бөліктен тұрады – өндірістік практика 2-ші семестрден кейін (бес апта) және өндірістік практика оқудың екінші жылының 3-ші семестрінде (бес апта).

Бірінші аптаның ішінде магистранттар мекеме жетекшілігімен ЖЭС немесе қазандықпен танысады, практикадан өтетін жердің жұмыс орнына қатысты ПТЭ және ҚТ бөлімдерімен оқып танысады. Осыдан кейін әр магистрант цехтардың өкімдері бойынша тікелей мекемедегі жетекшіге бекітіледі және мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне бағынады.

4 Өндірістік практиканың мазмұны

Практикадан өту уақытында магистрант, біріншіден магистрлік диссертациясымен байланысты тақырыптың мәселелерін қарастыруы қажет, сонымен қатар тәжірибелік-зерттеулік жұмысты жүргізуге арналған базаны дайындауы қажет.

(11)

Практикадан өту уақытында магистрантқа келесідей тақырыптарды қарастыруы және зерттеуі қажет:

а) жалпы сұрақтар:

1. ЖЭС немесе қазандықтың даму тарихы және оның аймақтық маңызы;

2. техникалық қауіпсіздік және қондырғыларды техникалық пайдалану бойынша негізгі ережелер;

3. ЖЭС немесе қазандықтың қағидалық жылулық сұлбасы, сұлбалардың негізгі элементтерінің белгіленуі;

б) технологиялық сұрақтар:

1. отын тасымалдаушы цех (цехтың құрылымы, келетін отынның транзитінің технологиялық сұлбасы, оның отын қоймасына және отын берілуіне таралуы; отын қоймасы; қойма көлемі, штабельдердегі сақталу қауіпсіздігі; түсірілмелі – жүктемелі машиналар (сипаттамасы, саны); қоймаға отынның келу технологиясы және қоймадағы ағындар; қондырғының сипаттамасы; отынның берілуі (технологиялық сұлбасы; орнатылған қондырғының сипаттамасы; отын беру жолындағы металдарды және басқа қоспаларды ұстау; отынды үзіліссіз алуды бақылау бойынша автоматтық құрылғылар); келетін отынның сапасы бойынша құжаттар; ОТЦ жабдықтарының жұмыстарындағы, пайдалану үдерісіндегі кемшіліктер және оларды жою бойынша ұсыныстар);

2. қазандық цех (тозаң дайындау жүйелері; технологиялық сұлбасы;

орнатылған жабдық; пайдалану шарттары (жарылу қауіпсіздігі, тәртіптік көрсеткіштері); қазандық қондырғылар; қазандардың құрамалары бойынша түрлері, сипаттамалары, ерекшеліктері; жылыту бетінің конфигурациясы, ықшамдалуы және сипаттамалары; қазанның газ ауа жолы; оттық құрылғылар (құрылымы, ықшамдалуы) – бір қазан үшін; қазанның үрлеуішінің орналасуы;

қазандық цехтың шегіндегі күл жою; қазанның күл ұстайтын қондырғысы;

ЖЭС-ның ішкі күл жоюы (технологиялық сұлбасы, орнатылған қондырғының сипаттамасы; күлқож); қазанды пайдалану (тәртіптік картасы; іске қосу сұлбасы); қазан жабдығының жұмысындағы шектерулер (кемшіліктер) және оларды жою бойынша ұсынымдар);

3) турбиналық цех (негізгі жабдығы, сипаттамалары; жылулық сұлбасы;

қоректендіргіш – деаэрациялық қондырғы, сұлбасы, қондырғының сипаттамасы; салқындатқыш – айналғылық қондырғы, сұлбасы, қондырғының сипаттамасы; сақтағыш сорғы; пайдалану шарттары (жылыту жүйесі, іске қосу тәртіптері, пайдаланушылық тәртіптер); жұмыстағы шектеулер; су ойықтарындағы түсірілмелер; жылулық әсер етулер; турбиналық қондырғы жұмысындағы шектеулер және оларды жою жолдары).

АБЖ ТҚ (КИП және автоматтандыру) цехы (цехтың құрылымы;

енгізілген және пайдаланылатын ЖЭС жүйелері (автоматтандырылуы, қорғау, бұғаттау, дыбыстау); басқарудың құрамалық пульті (басқару пульті, басқару жүйесі, бақылау пульті, бақылау жүйелері, мнемосұлбасы); цех жұмысындағы шектеулер және оларды жою жолдары);

(12)

5. судайындау қондырғылары (СДҚ) – химиялық цех (цехтың құрылымы; СХТ (технологиялық сұлбасы, орнатылған қондырғылар (сипаттамалары), алдын-ала тазалау, регенерация жүйесі; ағын сулар); құрама және қазан шегіндегі су дайындау жүйелері; отын зертханасы (сынамаларды алу және ошақтық қалдықтардағы отындардың сапасларын бақылау, келетін отынның сапасы); химиялық зертхана (су және бу сапасын бақылау, нормалар, отынды бақылау жүйесі, аспаптар); СДҚ жабдықтарының жұмысындағы кемшіліктер және оларды жою жолдары);

6. жөндеу цехы (топтары) (құрылымы, мақсаты; қызмет бағыты;

жабдықтың тәртіптік сынақтары; қондырғы жағдайын бақылау (сорғылар және т.б.); тәртіптік карталар; жұмыстағы кемшіліктер және оларды жою жолдары);

7) қоршаған ортаны қорғау бөлімі (топтар) (шығындар мен тасталымдарды инвентаризациялау; құрылымы, мақсаты; есеп беру формалары, 2-тп ауа және 2-тп су формаларының формалары; ПДВ, ВСВ, ПДС электрлік станциялар; шығындар мен тасталымдардың ақысы; газдар мен зиянды заттарды тазалау әдістері; технологиясы, тиімділігі; қоршаған ортаны қорғау бойынша жабдықтардың кемшіліктері және оларды жою жолдары);

8. электрлік цех (цехтың құрылымы мен мақсаты; ЖЭС бас электрлік сұлбасы; электр энергия жіберу сұлбасы; негізгі қондырғы, оның сипаттамасы; өзіндік мұқтаждың қағидалық сұлбасы; ЖЭС орталық пульті;

электрлік жабдық жұмысындағы шектеулер және оларды жою жолдары);

9. ЖЭС техникалық бөлімі (құрылымы, мақсаты; есеп беру формалары, олардың мазмұны; ЖЭС кварталдық және жылдық есептері; ЖЭС техника- экономикалық көрсеткіштері; ЖЭС бас жоспары; энергетикалық жүйедегі ЖЭС жұмысының рөлі мен байланысы; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жөндеу жұмыстарының түрлері);

в) жеке тапсырма сұрақтары:

Техникалық шешімдерді маман деңгейінде өздігінен шешу дағдысына ие болу үшін магистрантқа университеттен бөлінген жетекшімен бірлесіп бір аптаның ішінде мекеме жетекшісімен келісілді жеке тапсырма беріледі.

Тапсырма есептік-құрылмалық немесе зерттеулік сипатқа ие болуы қажет.

Егер жеке тапсырманың жұмысының көлемі үлкен болса, онда оның орындалуына бірнеше магистрант қатысады.

Жеке тапсырмада:

1) Зерттеуге қойылатын мақсат;

2) Бастапқы берілгендері;

3) Алға қойылған мақсат бойынша техникалық әдебиетке шолу;

4) Алға қойылған мақсатты шешуге ұсынылатын жолдар;

5) Қажетті сызбақтық материал.

(13)

5 Практика қорытындысын жүргізу

Өндірістік практикадан өтуді қорытындылау үшін, сонымен қатар өндірістік практика бойынша қорытынды бағаны қою үшін магистрант кафедраға келесідей құжаттарды рәсімдеу және ұсыну керек:

а) мекеме мөрімен бекітілген өндірістегі жетекшінің қолы бар өндірістік практика бойынша есеп беру;

б) мөрімен бекітілген өндірістегі жетекшінің қолы бар өндірістік практикадан өту туралы күнделікті толтыру.

5.1 Өндірістік практика бойынша күнделіктің толтырылуы

Зерттеу практикасы бойынша күнделік есеп берумен қатар беріледі және әрбір магистрантқа тегін, атын, әкесінің атын, практиканы өту орны және мерзімінің көрсетілуімен жеке толтырылады. Күнделік факультет деканының, кафедра меңгерушісінің қолдарымен және университет мөрімен куәландырылады.

Кафедрадағы практика жетекшісі күнделікке магистранттың жеке тапсырмасын енгізеді. Практикадан өту мерзімі кезінде күнделікке орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны мен түрлері туралы ақпарат, орындау мерзімі мен практика жетекшісінің қолын көрсету арқылы енгізіледі.

Практиканың аяқталуы кезінде кәсіпорындағы практика жетекшісі күнделікте практиканың өту барысы туралы ескертулерді көрсетеді және магистранттың практиканы өтуі кезіндегі жұмысы туралы ақпарат беретін, практикадан өту туралы сипаттама құрады.

Күнделік кәсіпорындағы практика жетекшісінің қолымен және кәсіпорын мөрімен куәландырылады. Магистранттың қорғауынан кейін, кафедрада өндірістік практикасы туралы есеп беруде университеттегі практика жетекшісі магистранттың есеп беруінде күнделікке есеп берудің артықшылығы мен кемшілігі туралы, ұсынылатын бағалау қорытындысы туралы күнделікке пікір енгізеді. Бағаны қойғаннан кейін пікір есеп беруді қорғау бойынша жетекшінің қолымен және қорғау мерзімімен куәландырылады.

5.2 Өндірістік практика туралы есеп беру құрылымы

Есеп берудің рәсімделуі өндірістік практиканың қорытынды кезеңі болып табылады. Есеп беруді құру үшін бастапқы мән ретінде магистрант практика жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орнында және кәсіпорындағы экскурсия кезінде, кеңес беру, жеке бақылаулары кезінде алынған мәліметтер қарастырылуы керек.

Есеп беру практика бағдарламасының барлық бөлімінен тұруы керек.

Жеке тапсырма анағұрлым толық және нақты сипатталуы керек. Есеп беру техникалық сауатты тілмен СТ НАО 56023-1910-01-2017 [1], талаптарына сәйкес жазылуы керек, құрамында сызбалар, графиктер, нобайлар болуы

(14)

керек. Фирмалық стандартта есептік-түсіндірмелік жазбаның мәтіндік бөліміне де, сондай-ақ басқа да графикалық материалдарға да есептеулер келтірілген.

Есеп берумен жұмыс магистрант көмегімен барлық практика кезінде жүргізілуі керек.

5.3 Өндірістік практика бойынша есеп беруді қорғауды жүргізу реті Өндірістік практика бойынша есеп беруді қорғау екі кезеңде жүргізіледі:

1 кезең – практиканы өту орындарында ЖЭС немесе қазандықтың негізгі және көмекші қондырғыларын құрылымдық және пайдалану мәселелері бойынша сұхбаттасу арқылы жүзеге асырылады. Сұхбаттасу нәтижесі бойынша өндірістегі жетекші магистранттың орындаған жұмысы туралы күнделікке жазу арқылы қорытынды береді. Практика нәтижесі 5- балдық жүйе бойынша пайыздарын міндетті түрде көрсетілуімен жүзеге асырылады (қанағаттанарлық –50 %-дан 74 % дейін; жақсы –75 %-дан 89 % дейін; өте жақсы – 90 %-дан 100 % дейін).

2 кезең – бітіруші кафедрада, арнайы құрылған комиссиямен кәсіпорынның негізгі және көмекші қондырғысын пайдалану және құрылымдық мәселелері бойынша сұхбаттасу арқылы жүзеге асырылады.

Сұхбаттасу нәтижелері бойынша өндірістегі жетекші қорытындысын ескеріп, комиссия арқылы магистранттың өндірістік практикасының, орындалу қорытындысы жүргізіледі. Өндірістік практика бойынша есеп беруді қорғау

«дөңгелек үстел» ретінде, магистранттарды пікірлесуге қызықтыру түрінде жүргізілуі де мүмкін.

Практика бойынша есеп беруді өткізу мерзімі – практиканың аяқталуынан кейін 1 аптадан артық емес уақытта (жаздық практика – 10 қыркүйектен кеш емес). Магистранттың практикасын бағалау кезінде практика бағдарламасының орындалуы, өндірістегі бағасы, оның өндірістік жұмысы, күнделікті енгізу жиілігі, есеп беру және жауа беру сапасы, есеп беруді өткізу уақыттылығы ескеріледі. Қанағаттанарлық емес баға алған магистрант практикаға қайта жіберіледі және оқуын жалғастыру мүмкіндігі болмайды.

(15)

Әдебиеттер тізімі Негізгі

1 Трайнев В. А. Информационные коммуникационные педагогические технологии..- М. : Дашков и К° , 2009 .- 279 с.

2 СТ НАО 56023-1910-01-2017 – Работы учебные. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию работ учебных. - А.: АИЭС, 2017.-30 с.

3 Современные образовательные технологии/Под ред. Н.В Бордовской .- М.:КНОРУС, 2010.-432с.

Қосымша

1 Рыжкин В.Я. Тепловые электрические станции. -М.: Энергоатом, 1987. – 328 с.

2 Стерман Л.С. и др. Тепловые и атомные электрические станции. - М.:

Издательство МЭИ, 2004.

3 Тепловые электрические станции: учебник для вузов/В.Д.Буров, Е.В.Дорохов, Д.П.Елизаров и др.; под ред. В.М.Лавыгина, А.С.Седлова, С.В.Цанева. – М.: Издательство МЭИ, 2005. –454 с.:ил.

4 Дукенбаев К. Энергетика Казахстана. Условия и механизмы её устойчивого развития. Второе издание. - Алматы, 2004. -604 с.

5 Тепловые и атомные электрические станции: Справочник. /под общ.

ред. чл-корр. РАН А.В.Клименко и проф. В.М. Зорина. - 3-е изд. перараб. И доп. -М.: МЭИ, 2003. - 645 с.: ил. (Теплоэнергетика и теплотехника; Кн. 3).

6 Соколов Е.Я. Теплофикация и тепловые сети. - М.: МЭИ, 7-е изд. 2001.

-465 с.

7 Соловьев Ю.П. Проектирование теплоснабжающих установок для промышленных предприятий. - М.: Энергия, 1979.-192 с.

8 Цанев С.В., Буров В.Д., Ремезов А.Н. Газотурбинные и парогазовые установки тепловых электростанций. – М.: МЭИ, 2002.-584 с.

9 Самсонов В.С., Вяткин М.А. Экономика предприятий энергетического комплекса. – М.: Высшая школа, 2003.

10 Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие /Под общ.

Ред. Н.Н. Кожевникова. – М.: изд. центр «Академия», 2003.

11 Контроль вредных выбросов ТЭС в атмосферу: учеб.пособие / Под ред.П.В.Рослякова.- М.: МЭИ, 2004.- 228 с.

12 Повышение экологической безопасности тепловых электростанций.

Учебное пособие/А.И. Абрамов, Д.П. Елизаров, А.Н. Ремизов и др. Под. ред.

А.С. Седлова. – М.: Издательский дом МЭИ, 2001.

13 Тупов В.Б. Снижение шумового воздействия от оборудования в энергетике: Учебное пособие для вузов/В.Б.Тупов. – М.: Издательский дом МЭИ, 2005.

Referensi

Dokumen terkait

Важность для науки Работа вносит существенный вклад в науку, а ее важность хорошо раскрыта Работа представляет научную ценность, поскольку представляет теоретическое и

Мендыбаев Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы, Көкшетау, Қазақстан ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ АВАРИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨРТ СӨНДІРУШІНІ ҚҰТҚАРУ