Есенбекова П.Т., Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Академиясының ізденушісі
КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЖАСАУШЫ ТҰЛҒА В данной статье рассматривается особенности личности преступника совершившего преступление в сфере предпринимательской деятельности. Рассмотрены различные суждения по исследуемой теме и дана собственная позиция автора.
Ключевые слова: преступление, предпринимательство, личность преступника,
The article discusses the features of the individual perpetrator of the crime in business. The different judgments on this research theme and the autographs position of the were discovered.
Keynotes:
Қылмыстардың алдын алу үшін қылмыскер тұлғасын анықтаудың маңызы зор.
Себебі қылмыскердің жеке басын сипаттайтын қасиеттердің көмегімен қылмыстың жасалуы себептері мен жағдайларын анықтауға мүмкіндіктер бар. Жалпы қарағанда, қылмыскердің тұлғасы - әлеуметтік, психологиялық, құқықтық, медициналық немесе басқа да аспектілерде қаралады.
Адамды әлеуметтік тұлға деп тану әлеуметтану шеңберінде белгілі бір көзқарастар арқылы адам бейнесі туралы ұғым беретін теория қалыптастырды. Мұндай рольдік концепция тұлғаны кез келген қоғамда кез келген адамға тән көптеген әлеуметтік рольдерден туындаған функция деп қарастырады. Бұл ретте тұлғаның қоғамдық жүйедегі және өзара қатынастағы әлеуметтік позициясымен берілген іс-қылық моделі әлеуметтік роль ретінде танылады.
Қылмыскер тұлғасы – ол пайдакүнемдік, жаман немесе өзге ниетті іске асырудың тәсіліне әсер ететін арнайы деформацияланған құрылымға ие қылмыстың криминологиялық сипаттамасындағы маңызды элементтердің бірі. Заң әдебиеттерінде қылмыстардың түрлерін ғана басшылыққа ала отырып, сонымен қатар әлеуметтік қылмыстық қолсұғушылық пен қылмыс жасаған субъектінің жеке басын да қарастырып өтеді.
Қылмыскердің жеке басының мәселелері криминологиялық сипаттама құрылымының элементімен тығыз байланысты болып келеді. Себебі, жеке бастың ерекшеліктерін тану теориялық жоспар тұрғысынан қарағанда оң нәтижелі қолдануды қажет ететін тәжірибелік органдардың қызметінің тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.
Криминологиялық зерттеу жүргізу барысында тұлғаның қылмыстық жүріс-тұрыс, мінез-құлық тудыратын, алдын алу мақсатындағы қасиеттерін анықтау және дұрыс баға беру қажет. Тұлғаның ішкі ерекшеліктері қылмысқа алып келуі жағдайы қылмыскер тұлғасының қоғамдық қауіптілігінің мәнін құрайды, ал қылмыстық мінез-құлық осыдан туындайды. Белгілі мақсаттағы жүріс-тұрысты аталған ерекше қасиеттер сақталған жағдайда өзгерту мүмкін емес.
Ғалымдар жеке адамды зерттеу мақсатында, оның әртүрлі өзіндік ерекшеліктерінің қайталанбас талаптары мен жалпы заңдылықтарын тану қажет деп табады. Кейбір ғалымдар қылмыскердің жеке басын зерттеуде «кәсіптік әдеттің тұрақтылығы, қылмыстардың ашылу қиындықтарының өсуі, қылмыстардың жүзеге асырылу тәсілдері, қылмыстық қолсұғушылық құралдарының жүзеге асуын» негізге алып отыруы керек деп көрсетеді [1].
Сондықтан, да кәсіпкерлікке қарсы жасалған қылмыстар бойынша да қылмыс жасаған тұлғаның жеке басын білу қажет. Өйткені, кәсіпкерлерлікке қарсы жасалынған қылмыс бойынша тұлғаның жеке басын сипаттау әлеуметтік-демографиялық әрекеттерге тән (жасы, тұрғылықты жері, жағдайы және т.б.). Осы мәліметтерге қарап жеке бастың
сапасы мен қылмыс жасау фактілерін, қылмыскердің ортасын анықтауға, және олармен байланыс жасауға мүмкіндік туады.
Қылмыс субъектісі ретінде есі дұрыс және қылмыстық заңда белгіленген жасқа толған тұлға ғана қылмыскер бола алады. Бұл категорияны белгілі шекте яғни: сот қылмыс жасады деп танылған сәттен, қылмыстық жазаны өтеп болғанға дейінгі аралықты қарастырамыз. Жазасын өтеп болып, соттылығынан арылғаннан кейін адам қылмыскер тұлғасы ретінде есептелінбейді. Адамды түзелгендіктен емес, мерзімі өткен соң жазадан босатады. Шын мәнінде сотталушы жазасын өтеп болған соң түзелеуі де түзелмеуі де мүмкін. Егер ол түзелмесе, онда қылмыскер тұлғасы жайлы емес, қоғамға қауіптілігі бар тұлға жөнінде сөз айтылады.
Қылмыскер тұлғасын мына жағдайларға қатысты зерттеген жөн:
а) қылмыс жасағанға дейінгі, қылмысты жасауынан кейінгі қылмыскер тұлғасы;
б) жазасын өтеу кезіндегі қылмыскер тұлғасы.
Жалпы, көп жағдайларда кәсіпкерлікке қарсы жасалған қылмыстарды соттылығы жоқ тұлғалар жасайды. Ерлер - 91,2 % (сотталғандар санымен), әйелдер - 8,8 %. Ал, оның арасында 76 % некеде тұрғандар, 7 % жалғызбастылар, 17 % ажырасқандар.
Кәсіпкерлікке қарсы жасалған қылмыстарды жасаушылар отбасы қатынастарымен де сипатталады, біріншіден – отбасының тұрмыстық жағдайымен байланысты, екіншіден, оның әлсіреуінен, үшіншіден, отбасыны толық жоғалтудан. Мысалы, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу прогресс үрдісі (әйел, күйеу, балалары) жасырын цехтарда алкогольді өнімдермен газдалған минералды суларды шығару жұмысымен айналысқан.
Аталған қылмыстарға көбінесе криминогенді жас аралығы 21 ден 40 жас (65%), 35 тен 40 жасқа дейінгілер (35%) барған. Сонымен қатар, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан жас шамалары 18-20 жас аралығындағылар 14 %, жасы 50-ден жоғары 2,11%, жеке кәсіпкерлер 20,1%, кәсіпкерліктің жетекшісмен олардың орынбасарлары 89,9 % пайызды көрсетеді. Заңсыз кәсіпкерлерді зерттеу барысында білім де басшылыққа алынған: орта- 23%, арнайы орта-26%, аяқталмаған жоғары-3%, жоғары-48% құрайды [2].
Кәсіпкерлікке қарсы қылмыс жасаған адамның ниеті көп жағдайда пайдакүнемдік сипат алады. Кейде карьерист, өз ұйымының еңбек ұжымына деген жанашырлық, ар- намыс жөніндегі жалған түсінік және басқа да сезімдер қалыптасқан. Ал салықтық қылмыстарды жасау кезінде қылмыскер төленуге тиісті салық мөлшерін азайту, не болашақта меншігіне айналдыру үшін төленуге міндетті салықты төлеуден толығымен бас тартуды мақсат етеді. Салықтық қылмыстарды жасаушы тұлғаны басқа қылмыскерлерден ажырататын қасиеттер бар. Мысалы, олар өз ұжымының жұмысын, ұжым мүшелерінің материалдық қажеттіліктерін жаңартуды ойлайды, қамқорлық етеді. Салықтан жалтарушылар белсенді, үгіт-насихаттаушы, интелектуалды дәрежесі жоғары. Алайда, мұндай қасиеттер нәтижесінде салықтан жалтаруға, қылмыстық іс-әрекеттерге итермелейді. Бұл қамқорлық адамның мәрелеген мақсатына кез-келген жолмен жетуге болатындай қасиеттерге жалғасады.
Осындай белгілер құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қылмысты ашуға, оған қатысты қылмысқа қатысушыларын анықтауға жәрдемдеседі. Заңсыз кәсіпкерлердің жеке басының ұйымдастырылған деңгейі – ол біреу, бірақ ол басты сипаттама болып табылмайды. Қылмысты жасыру мен жүзеге асыруда заңсыз кәсіпкерлер тобының басым бөлігі дайндықты қамтамасыз етеді. Ұйымдастырушы, орындаушы мен көмектесушілер бір-бірін жақсы таниды. Топтың топбасшысы болып кәсіпкерлік аясында хабардар, әрі меңгерген беделді адам. Қылмыс жай және күрделі болуы мүмкін. Жай топта – топтың ұйымдастырушылары болады, ол басқалармен тікелей байланысты болады. Күрделі құрылымда – қылмыс жасаушы тұлға топтың ұйымдастырушысы мен орындаушыларын біле бермейді, олар көбіне жетекшілерімен делдал арқылы байланыста болады.
Қарастырылып отырған қылмыстылықтың криминологиялық элементі сол, ол кәсіптік тәртіптің бұзылмауымен байланысты болып келеді. Біздің пікірімізше,
криминологиялық жағдайдың ескертілуі қылмыстың ашылуы мен тергеу әрекеттері ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
1. кәсіпкерлік қызмет өз тәуекеліне бағытталған, жүйелік бағытта мүлікті қолдану арқылы пайда табу, сату, түрлі халыққа қызмет жұмыстарын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Оны заң тәртібінде бекітілген және кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар жүзеге асыра алады.
2. Кәсіпкерлік қызметті тану үшін, яғни ол жүйелі түрде пайда табу нәтижесінде үшінші тұлғаның қанағаттандырылуын қамтамасыз етуі қажет. Ол пайданың көлемі мен келу мерзіміне байланысты көрінуі мүмкін. Кәсіпкерлік болып саналмайды, егер мұндағы пайдакүнемдік заңсыз мәнде болса. Мысалы, заңсыз қару айналымы, нашақорлық және жеңгетайлық. Бұл іс-әрекет келесідей басқа (ҚР ҚК-нің 251- бабы, 259- бабы, 271- бабы) баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
3. Кәсіпкерлік қызмет заңсыз болып табылады, яғни, ол тіркеусіз жүзеге асырылады.
Бұл жағдайды тіркеу барысында егер де, жеке кәсіпкерлер тіркеусіз болса ол ешқандай қиындық туғызбайды, керісінше заң бойынша тіркелген кәсіпкерлік қиындық туғызуы мүмкін. Олар: коммерциялық ұйым, заңды және жеке тұлға ретінде тіркелуі, жеке кәсіпкерлік ретінде тіркелуі мүмкін. Кәсіпкерлік құзырет мемлекеттік тіркеу мерзімі біткеннен соң және де заңды тұлғаның таратылуынан кейінгі жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік кәсіпорынды тіркеу куәлігі, мемлекеттік орган ретінде құжаттарға сәйкес бекітуі жоқ болған жағдайда тіркеу коммерциялық ұйымның тіркеуі жоқ деп танылады. Ондай рұқсат (лицензия) міндетті болатын жағдайларда арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметтің зерттеліп жатқан түрі оны беруге уәкілетті органмен арнайы рұқсаттың (лицензияның) алғаннан кейін жүзеге алатындығын анықтау қажет.
Қызметтің түрлерінің бірқатарын жүзеге асыруды лицензиялаудың айырықша тәртібі Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті актілерімен белгіленген. Мысалы, алкогольдік өнімді өндіру, құю, көтерме және бөлшек саудасы бойынша қызмет.
Кәсіпкерлікті лицензиялаусыз жүзеге асыру болып басқа адамға берілген лицензия бойынша қызмет те табылады, яғни, ол лицензиялау шарттарын бұзумен жүзеге асырылады.
Лицензиялау шарттарын бұзу қызметті:
- мерзімі біткен лицензия бойынша жүзеге асырылудан, себебі олар белгілі бір мерзімге беріледі;
- басқа аумақтық бөлінген объектіде, егер олар лицензияда көрсетілмесе, яғни қызметтің лицензияланатын түрі бірнеше аумақтық бөлінген объектілерде жүзеге асырылатын жағдайларда жүзеге асырылудан. Лицензиатқа лицензиямен бір уақытта әрбір объектінің орналасу жері көрсетілген бекітілген көшірмелері беріледі. Бұл көшірмелер лицензиялауды жүргізетін уәкілетті органмен тіркеледі;
- кәсіпкерлік қызметті елдің басқа облысының атқарушы органымен берілген және бұл қызмет жүзеге асырылатын аумақта тіркелмеген лицензия бойынша Қазақстан Республикасының сол немесе өзге облысының аумағында жүзеге асырылудан;
- лицензияның әрекет ету (қолдану) шарттарын бұзумен жүзеге асырудан тұруы мүмкін. Мысалы, қажетті техниканың жоқ болуында, технологиялар мен санитарлық ережелерді бұзумен, сапаны сертификаттамай және с.с.
Лицензиялау шарттарын сақтауды бақылау лицензия беретін органға жүктеледі.
3. Заңсыз кәсіпкерліктің нәтижесінде қоғамдық-қауіпті зардаптардың біреуі келеді:
а) азаматқа, ұйымға немесе мемлекеттке ірі зиян келтірілген;
ә) ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты.
Қазақстан Республикасы ҚК 189-бабының ескертуінде: Қылмыстық кодекстің 7- тарауының баптарында азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада келтірілген зиян, не қылмыс жасалған сәтке Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген зиян ірі зиян деп танылады делінген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының ескертуінде: 1.
Осы кодекстің 190 және 191-баптарында сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс ірі мөлшердегі табыс деп, ал сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен аса табыс – аса ірі мөлшердегі табыс деп танылады. 2. Осы кодекстің 190-бабында құны жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын тауар саны ірі мөлшердегі тауарлар деп танылады делінген.
Азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке келтірілетін ірі зиян түсім түспеуден, яғни нақты зияннан немесе жіберіп алынған табыстан тұруы мүмкін. Азаматтарға түсім түспеуді жұмыстар мен қызметтерді тиісті емес орындаудан, тиісті емес сападағы тауарды сатудан келтіру мүмкін. Ұйымдарға түсім түспеу сол іс-әрекеттермен келтіру мүмкін, сондай-ақ олармен заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асырушы тұлғалардың тарапынан бәсекелестік нәтижесінде табыстар алмаудан көрінуі мүмкін. Мемлекетке түсім түспеу тіркеу, лицензия беру үшін төлемдерді алмау, салықтар алмау нәтижесінде келтіру мүмкін.
Біз бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына өткелі жатырмыз. Алайда, қазірше мұның өзі біздің экономикамыздың әр түрлі салаларына қандай әсер ететінін біз анық пайымдай қойғанымыз жоқ. Салық кодексіне енгізіліп отырған өзгерістерге байланысты мемлекет шағын және орта бизнесті, дәстүрлі емес (шикізаттық емес) экспортты дамытуды қандай тәсілдермен көтермелейтіні біз тағы да жеріне жеткізе ойлаастыруға тиіспіз. Тегінде, шағын кәсіпорындарға ірі кәсіпорындарға қойылатын талаптардың бәрін қоя бермей, өзгеше салық режимін жасаған жөн болар. Біз бұл режимде бірнеше жыл жұмыс істеп көрдік, егер жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған болсақ, демек, өмірдің өзі біздің көқарастарымыздыөзгерту керектігін ескертіп тұрғандығы. Шағын бизнес көлеңкеден шығуға асықпайтын болса, онда оның салықтары мен шенеуніктер тарапынан жасалатын қысыммен тұншықтырылып тасталғаны.
Қажеттіліктер мен кірістердің құрылымы әр түрлі әдістерді көрсетеді, олардың көмегімен үй шаруашылығы, өзгерген экономикалық жағдайға әсер тигізеді.қазақстанда өз қажеттіліктерінің өз өндірісінің есебіне қамтамасыз ете алмайтын жағдайдағы азаматтар кедей болып саналады. Сонымен қоса Қазақстандағы басқа да заңсыз қызметке, мысалы, жұмыстағы екінші жұмыс немесе заңсыз кәсіпкерлік қызметі жатады. Үй шаруашылығы арасындағы сыйлық және ақша түріндегі көмек әлеуметтік қорғау желісіндегі заңсыз қызмет атқарады. Қазақстандағы неғұрлым қамтамасыз етілген топтар сыйлықтың тағам түрімен қамтамасыз етілген, неғұрлым нашар топтар келешекте осындай жағдайда болатыны көзделуде. Сонымен бірге сыйақының ақша және басқа да жеке ақша түріндегі нысаны басты болып табылады, бұларды жалпы ақша көлемінің кірісі орташа 15%-ға жуық шаманы құрайды.
Кәсіпкерлікке қарсы қылмыстық әрекеттерді жасаушылар өз кәсібін тіршілік көзіне айналдырады және қылмыстық қолсұғушылықтардың тиісті жаңалықтарын игеріп отырады. Мұның өзі олардың қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруға жеңіл мүмкіндіктер тудырады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Миньковский Г.М. Разработка оснований классификации личности преступника и значение этой классификации для совершенствования системы мер борьбы с преступностью//Типология личности преступника и индивидуальное предупреждение преступлений. - М., 1979. С. 5.
2. Статистические данные КПС и СУ Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (1998-2006 г.г.). г. Астана.
3. Криминология: Учебник. - Алматы: «Международный центр научных исследований и правовой экспертизы Республики Казахстан», 2008. - 614 с.