• Tidak ada hasil yang ditemukan

2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

«Сандық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ақпараттық ғарыштық технологиялар» тақырыбы бойынша

ҒТжТ кафедрасындағы «ғылым он күндігінде» өткізілген семинар Соңғы уақытта ақпаратты технологиялар ортасындағы сұранысы көп болған тақырыптардың бірі мемлекеттің толығымен цифрлендіру болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 827 қаулысы бойынша 2017 жылдың 12 желтоқсан күні «Цифровой Казахстан» атты бағдарламасы қабылданған. Бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін береді, сонымен қатар еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды. Бағдарлама 2018-2022 жылдар аралығында жүзеге асады. Бағдарлама шеңберінде іс-шаралар кешені ел экономикасын

жаңғыртуға қосымша серпін береді және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасауға көмектеседі. Бағдарламаның нәтижелері еліміздің барлық азаматтарының тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы бекітілді (ИИДМБ-2). Осы бағдарламаның мақсаты - Қазақстан

Республикасындағы өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру, ынталандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. ИИДМБ-2

бағдарламасы аясында құрылыс материалдары, машина жасау және т.б.

сияқты өнеркәсіптік өндірісті дамытудың бірнеше басым бағыттары анықталды.

Осыған байланысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ғарыш саласында білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламаларымен дайндықтар жүргізілуде. «Ғарыштық техника және технологиялар» кафедрасы магистратура бағдарламасы бойынша отандық ғарыш саласы үшін болашақ жоғары білікті

мамандарды дайындайды.

Семинардың атауы еліміздің цифрландыру және индустриялық- инновациялық дамуындағы ғарыштық технологияның рөлімен тікелей байланысты.Семинар үстінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК-ның 2-ші санаттағы инженері Есенов Әлімжан Серікұлы сөз сөйледі. Ол өзінің

(2)

баяндамасын «Экономиканың әр түрлі салаларында инновациялық ғарыштық технологияларды қолдану» атты тақырыппен бастады.

Алдымен қысқа түрде «Қазырыш» АҚ компаниясының құрылымымен және іске асырылып жатқан жобалармен таныстырды.

Семинардың екінші спикері - Дасымбаев Ерлан Бекназарұлы болды.

Дасымбаев Ерлан Бекназарұлы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жетекші инженері. Ол барлық қатысушыларды ғарыш байланысының құрылымымен және оның миссиясымен таныстырды.

Сонымен қатар, ол өз тәжірибесімен бөлісіп және осы орталықта болашақ мамандарды іздеу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

(3)

Семинар соңында Физика-техникалық факультетінің деканы

Ақылбеков Әбдіраш Тұранұлы сөз сөйледі. Ол семинар қатысушыларына алғысын білдіріп, инновациялық ғарыштық технологиялар және ғарыш саласын дамыту келешегі туралы пікірін білдірді.

Семинар соңында ФТФ деканы семинар спикерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Referensi

Dokumen terkait

Осыған байланысты білім беру көші-қоны және адами капиталды дамыту саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты бастау ұсынылады: − еңбек нарығында