А.ИЗТЕЛЕУОВА
ӘЛЕМНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІНДЕ ФИСКАЛДЫ САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Экономиканың жедел даму процессі мемлекеттің экономикалық қызметін тиімді жүзеге асыруға жағдай жасаумен байланысты. Бұл ең алдымен фискалды саясатты жетілдіруді талап етеді.
Қазіргі таңда фискалды саясат тақырыбы ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр, ӛйткені республика экономикасы тұрақты болып саналғандығымен әлі де ӛте кӛп ӛзгертулерді қажет етеді, мемлекеттің ұстанып отырған фискалды саясатына біздің елде тұратын әрбір адамның ӛмірі және тұтастай алған мемлекет те тәуелді. Үкімет осыны есепке ала отырып қажет емес мемлекеттік шығындарды қысқарту негізінде, шаруашылық субъектілеріне салынатын салық кӛлемдерін қысқартуы қажет, осылайша олар кәсіпкерліктің ӛркендеп дамуына ықпал етеді.
Сондықтан да фискалды саясат аясындағы маңызды мәселелер әлі де болса шешуді қажет етеді. Фискалды саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруды реттейтін заңдылықтар мен нормативті-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сонымен қатар осы салада арнайы ғылыми зерттеулер қажет. Ал осы зерттеулердің нәтижелері республикада фискалды саясатты жетілдіруге негіз болуы керек.
Сонымен қатар әлемнің экономикасы дамыған елдерінің фискалды саясат саласындағы тәжірибелерін зерттеу мен олардың біздің ел үшін экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуге қолайлы тұстарын отандық тәжірибеге ендіру Қазақстан үшін объективті қажеттілікті туындатады.
Осы аталған мәселелер фискалды саясаттың қолданыстағы тәртібін талдауға, оны жетілдіру жолдарын іздеуге осы тақырыптың ӛзектілігін тағы да негіздейді.
Фискалды саясат - бұл экономикалық қызметті мемлекеттік шығындарды, салықтарды және мемлекеттік бюджет жағдайын ӛндірістің нақты кӛлемі мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және инфляция мен экономикалық ӛсуді жеделдету мақсатында мемлекеттік реттеу жүйесі болып табылады
Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының ӛнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
Мемлекеттің фискалдық саясаты қаржы саясатының құрамдас бӛлігі болып табылады және мемлекеттің қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландыруға және шағындарды реттеуге бағытталған әрекеттері.
Фискалдық саясатты Үкімет, ал ақша- несие саясатын Ұлттық банк жүзеге асырады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын жетілдірілу үстінде және шаруашылық субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыруға, ӛндіріс кӛлемін ұлғайтуға, мемлекеттің бюджеттік
қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалануға бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты инфляцияны шектеуге бағытталған, ақша массасының кӛлемі, ұлттық валютаның бағамы, бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы реттеледі [ 1, 325 б. ].
30 жылдарға дейін Батыс елдерінде фискалды саясат ұлттық экономикаға әсер ету құралы ретінде қолданылмады. 1929-1933жж аралығындағы дағдарысқа дейін фискалды саясаттың мәні бюджеттің балансын қалыптастыру мақсатында кірістер мен шығыстарды салыстыруға келіп тірелді. 1932 жылы бюджеттің үлкен емес жетіспеушілігін жабу мақсатында АҚШта салықтарды кӛтеру акциясы жүргізілді, ал ол ӛз кезегінде дағдарысты тереңдете түсті, «Фискалды саясат пайдалы деп саналғанымен, қарапайым іске келіп тірелді- үкіметтік күрделі салымдарды жақсы уақыттан нашар уақытқа ауыстырды».
Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасындағы басты мәселелердің бірі фискалды саясатты жетілдіру және оны тиімді пайдалану мәселелері болып отыр. Осыған байланысты маңызды мәнге ие болады, басқа елдердің фискалды саясат тӛңірегіндегі теориялық және тәжірибелік тәжірибелерін зерттеу ӛзекті мәселеге айналып отыр. Кез келген елде экономикалық ойдың тұтас саласы бар - басқа елдердің тәжірибесін ӛз елін ӛркендету мақсатында пайдалануды зерттейтін шет елдердің экономикасы.
Америка құрама штаттарындағы 30-шы жылдардағы дағдарыс пен депрессиядан кейін бюджет пен фискалды саясаттың мемлекеттегі экономиканың жағдайына әсер етуші күшті факторға айналды. Қазіргі таңда шаруашылық саясатында федералды бюджет қаржылық тұрақтылық құралы және экономикалық ӛсуді ынталандырушы құрал ретінде жоғарғы белсенділікпен толықтыруда. Инфляциялық тенденцияны ырықтау қажет болған кезде салықтарды кӛтеру мен мемлекеттік шығындарды қысқартудағы жалпы әдістемесі бір қалыпты жағдайға айналды және керісінше, шаруашылық құлдыраумен күресу үшін салықтарды тӛмендету мен шығындарды кӛтеру жүзеге асырылды.
«Ұлттық экономиканың ӛсуі мен әлемдік шаруашылық байланысының күрделенуі осы қарапайым схемамен белгіленген тәсілдерді жетілдіру мен күрделендіруге әкелді. Бірақ қазіргі таңда нарықтық белсенділіктің дамуының жеңісін тек қана үкіметтік қаржыға ғана емес, сонымен қатар фискалды шаралармен жеке сектор шығындарына да әсер ететін координацияланған және ӛлшенген несие - ақша тетіктерінің үйлесімділігіне әкеледі».
Сонымен нарықтық экономиканы реттеудің ақырғы нәтижелілігін кӛтеру үшін фискалды және ақша–несие саясатының үйлесімділігін пайдалану, атап айтқанда: нарықта мемлекеттік сатып алуды ӛтімділікті ұлғайту бойынша Орталық несие мекемесінің шараларымен келісу, ал ақшаның номиналды санын – салық салудың ӛсуімен немесе мемлекеттік шығындарды қысқартумен келісу арқылы жүргізу қажет. Аралас саясатты пайдалану қажеттілігі бірнеше альтернативті мақсаттарға бірденен жету қажет болған жағдайда да пайда болады. Тұрақтандырушы саясат бір немесе
бірнеше комплементарлы мақсатқа жетуге бағытталғанда, фискалды және монетарлы саясаттар бір бағытта болуы мүмкін – екеуі де экапансиондық, немесе рестриктивті – осыған байланысты олардың үйлесімді әрекеттерінің тиімділігі арта түседі. Бірақ бір уақытта екі мақсатқа жету қажет болған жағдайда – бір саясаттың рестриктивті нұсқасын, екінші саясаттың экспансиондық нұсқасымен үйлестіру қажет болады
[ 2, 175 б. ].
Енді фискалды саясат пен монетарлы саясатты осы байланысын тәжірибеде пайдалану мен қарастырудың мысалын сипаттап кӛрейік.
Монетарлық талдау монетарлық саясаттың шығару мен бағаға әсер ететін тікелей түрін қамтамасыз етеді. Бірақ монетаристе фискалды саясатты тұтасымен басқаруға мүмкіндік бар ма деген сұрақ туындайды?. Ол мүмкіншілік бар, ӛйткені фискалды саясат пайыз ставкасына әсер ете алады және ол ӛте маңызды. Бұл жағдай қалай жүзеге асады.
Тауар мен қызметтерге мемлекеттік шығындар ӛскен кезде нақты ӛнім шығару мен бағада қандай ӛзгерістер болады?. Біз нақты жалпы ішкі ӛнім мен баға деңгейінің және номиналды жалпы ішкі ӛнімнің ӛсетінін білеміз.
Сонымен қатар ақшаға деген сұранысты талдай отырып номиналды жалпы ішкі ӛнімнің ӛсуі ақша сұранысының қисығын оңға жылжытады.
Ақша ұсынысының қисығы ӛзгеріссіз болған кезде, пайыз ставкасы ӛсуі керек. Осылайша кеңейтілетін фискалды саясат пайыздық ставканы ұлғайтады. Егер де үкімет ӛзінің құралдарын, яғни мемлекеттік шығындар мен салықтарды қарама қарсы бағытта пайдаланатын болса, осы процес керісінше жүзеге асады. Тӛмендейтін ӛнім шығару мен бағаның тӛмендейтін деңгейі ақшаға деген сұраныс қисығын солға жылжытады. Ақша ұсынысының тіркелген қисығымен ақша нарығындағы тепе теңдік тӛменгі пайыздық ставкаға әкеледі. Осылайша:«Монетарлы саясат пайыздық ставкаға әсер ететін жалғыз саясат емес, фискалды саясат та пайыздық ставкаға әсер етеді. Атап айтқанда: мемлекеттік шығындардағы ӛзгерістер немесе салық ставкасын тӛмендету пайыз ставкасын жоғары кӛтереді, осы уақытта рестриктивті фискалды саясат пайыздық ставканы тӛменге жылжытады» .
Фискалды саясаттың пайыздық ставкаға әсер етуі оның M*V=P*Y теңдеуінің ауыспалыларында мемлекеттік шығындардың да, салықтардың да болмауына қарамастан монетарлы саясат құрамында ӛмір сүруіне мүмкіндік береді. Кейнсиандықтар кеңейтетін деп атайтын кез келген фискалды саясат – жоғарғы мемлекеттік шығындар мен тӛменгі салықтар – пайыздық ставканы кӛтереді. Ал пайыздың ӛсіп жатқан ставкасы ақша айналымының жылдамдығын кӛтереді, ӛйткені адамдар альтернативті қайнар кӛздерден алатын пайыз ӛскен кезде ӛз қолдарында аз нақты ақшаны ұстауға ұмтылады.
Ақша айналымы жылдамдығы термині арқылы M*V=P*Y теңдігінде біз фискалды саясаттың монетарлы саясат шеңберіндегі қызметі туралы айтамыз. Айырбас теңдеуі ақша айналысының жылдамдығы жеткілікті жоғары болғандықтан мемлекеттік шығындар ӛсетінін (егер де М тіркелген болса да), бұл кезде номиналды жалпы ішкі ӛнімнің ӛсетіндігін сипаттайды [ 3, 624 б. ].
Керісінше тежегіш фискалды саясаттың салықтарды кӛтеру мен мемлекеттік шығындарды тӛмендетуі сияқты құралдары сұраныс болған ақша санын азайтады және пайыздық ставканы тӛмендетеді. Ақша айналысы жылдамдығының құлдырауы кірісті азайтады (ақша айналыс теңдеуі бойынша) ӛйткені экономикаға ұсынылған ақша айналысының жылдамдығы аз болады.
Мемлекеттік бюджеттің теңгерімділік мәселесі американдық үкіметтің алдында ұзақ уақыт бойы тұр және осы сұрақты шешудегі фискалды саясат құралдарының рӛлі зор.
Үкіметтің басты мақсаты бюджетті ұзақ уақыт бойы теңдестіру болған жағдайда үкімет фискалды саясатты пайдаланды деп есептеп кӛрейік. Егер де жеке шығындар қайсібір себептер салдарынан тӛмендесе, мультипликатор жалпы ішкі ӛнім қисығын тӛменге жылжытады. Ӛйткені фирмалар мен үй шаруашылығынан түсетін салықтық түсімдер жалпы ішкі ӛнімнің тӛмендеуі салдарынан тӛмендейді, бюджеттік теңгерімділік жоғалады және нәтижесінде жетіспеушілік пайда болады. Қажетті тепе теңдікті қайтару үшін үкімет жүргізетін саясатына байланысты не мемлекеттік шығындарды тӛмендетуі немесе салықтарды кӛбейтуі қажет.
Бюджетті теңдестіруге ұмтылу рецессия процесін созуы да, қиындауы да мүмкін, сонымен қатар бум жағдайында тиімді фискалды саясатты жеткіліксіз етуі мүмкін.
Сондықтан да тиімді фискалды саясат монетарлы саясат құралдарының жұмысына да тәуелді болады, қайсібір құралдың мақсаты мен жұмысына байланысты әрбір саясат әртүрлі қызмет етеді, яғни теңестірілген бюджет бір монетарлық саясатқа, жетіспеушілік пен артық кӛлем келесісіне тән болуы мүмкін. Бұл тұжырымды сипаттап кӛрейік. Мысалы, Конгресс пен президент теңестірілген бюджет жағдайында жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары толық жұмыспен қамту деңгейінде қиылысады деп есептейді делік. Бұл жағдайда теңестірілген бюджет тиімді фискалды саясаттың нәтижесі болып табылады.
Енді монетарлы саясат керісінше әрекет етеді деп есептеп кӛрейік, яғни жиынтық сұраныс қисығын солға – тӛмен қозғалтады және рецессиялық алшақтықты құрайды деп есептелік. Егер де фискалды органдар нақты жалпы ішкі ӛнімді табиғи деңгейге дейін қалпына келтіргілері келетін болса, онда олар жиынтық сұраныс қисығын бастапқы орнына әкелуілері қажет. Осы жағдайға қол жеткізу үшін олар сонымен қатар шығындарды ұлғайту немесе бюджеттік жетіспеушілікті ұлғайта отырып салықтарды азайту керек.
Осылайша тежегіш монетарлы саясатқа сәйкес фискалды саясатты теңестірілген бюджеттен бюджеттік жетіспеушілікке дейін ӛзгертеді.
Жиынтық сұраныс үшін осы сияқты мақсат фискалды саясаттың кез келген ӛзгерісінің сәйкес монетарлы саясатты ӛзгертетіндігін кӛрсетеді.
Мысалы мемлекеттік шығындарды азайту арқылы бюджеттік жетіспеушілікті азайтты деп есептелік. Бұл кезде билік органдары нақты жалпы ішкі ӛнімнің тқмендеуін қаламайды, ал монетарлы саясат жиынтық сұраныс қисығын бастапқы қалпына келтіру үшін экспансиондық болуы
қажет. Шын мәнінде бұл АҚШ үкіметінің іздеп отырған аралас саясатындағы ӛзгерісі болып табылады.
AD-AS терминдері арқылы аралас экономикалық саясатты қарастырып кӛрелік. Экономика рестриктивті саясатты жүргізу алдында деп есептейік, яғни ФРС тің үкіметке несиесінің пайызын ӛтеу мақсатында салықтарды ұлғайтуы мен мемлекеттік шығындарды қысқартуы жүзеге асты[ 4, 257 б. ].
Мемлекеттік шығындардың азаюы мен салықтардың кӛтерілуі жиынтық ұсыныс қисығын солға жылжытады, осыған байланысты жаңа тепе- теңдік қалыптасады. Сонымен қатар жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды және жаңадан қалыптасқан бағада игіліктер нарығыныың артық кӛлемі қалыптасады.
Сонымен қатар ФРС мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігін жаба отырып ақша нарығындағы интервенция арқылы фискалды саясатпен тікелей немесе жанама түрде байланыста болады. Бюджеттік қарызды жабу үшін ақша базасы ФРС арқылы екі жолмен жүзеге асуы мүмкін. Ішкі қарызды монетизациялау үкіметке несие беру, сонымен қатар ФРС-тің қазыналық вексельдерін сатып алу нәтижесінде пайда болады. Бірінші жағдайда несиені бергеннен кейін және мемлекет тауар мен қызметтерді сатып алу үшін қаражаттарды шығындау барысында ақша базасы коммерциялық банктерге салымдар түрінде түседі, ӛйткені үкіметтік тӛлемдерді алушылар ӛздерінің банк шоттарына салады, ал коммерциялық банктер ӛз кезегінде ФРС шоттарында резервациялайды. Екінші жағдайда орталық банк арқылы қазыналық вексельдерді ашық нарықта сатып алу және оларды қайта есепке алу жанама түрде қарызды монетизациялауға әкеліп соқтырады. Осы екі процедура да сеньораж деген атауға ие, ол орта ғасырда ірі жер иеленушілер ӛз ақшаларын шығару құқығына ие болғанда қалған ӛздері шығарған ақшаны құртуды сипаттайды.
Осы уақытқа дейін біз аралас экономикалық саясат шараларының нәтижелерінде ақшаға деген жиынтық сұраныс қисығының ӛзгеруін қарастырдық. Бірақ мемлекет тарапынан жиынтық ұсынысқа әсер ету мүмкіндігін естен шығармау қажет. Бұндай саясат ұсыныс саясаты деген атауға ие. Мысалы, рестриктивті фискалды саясатты жүргізу (салықтарды ұлғайту) ӛндірісті интенсификациялау мен жеке инвестициялардың ӛсуіне деген ынтаны тӛмендетеді. Ұзақ мерзімді кезеңде осындай саясат жиынтық ұсыныс қисығын солға жылжытады. Сонымен қатар жиынтық ұсыныстың азаюына ӛндірістің жағдайына шектеулер қою да әсер етеді. Олар мысалы, қоршаған ортаны қорғауды, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және де ӛндірістік шығындарды ұлғайтуға әсер ететін барлық жағдайлар. Жиынтық ұсыныстың қисығын оңға жылжытуға тӛмендегі жағдайлар әсер етеді:
ғылыми зерттеулер мен жетілдірулерді қаржыландыру, жұмыссыздарды еңбекпен қамтамасыз ету, кадрларды қайта дайындау және т.б.
Қорыта келгенде мынадай тұжырым жасауға болады. Фискалды саясат жыл соңында аралас экономикалық саясаттың тиімділігі туралы қорытынды қолайлы кӛрсеткіштерге жеткізгендігі мәлім болды: «Монетарлы және фискалды саясаттардың біріккен жұмысы маңызды экономикалық
кӛрсеткіштерге әкелді: бюджеттік шығындарды федералды деңгейде шектеу ұлттық жинақты ұстап тұруға және Федералды Резерв жүйесіне басқаша жағдайда мүмкін болмаған тӛменгі пайыз ставкасын сақтауға мүмкіндік берді. Бағаның салыстырмалы тұрақтылығын дамытуды қолдайтын осындай аралас саясат анық баға сигналына, ресурстарды тиімдірек пайдалануға, кәсіпкерлікке жоғарғы инвестиция салуға және еңбек ӛнімділігінің икемді ӛсуі мен жұмысшылардың нақты жалақысына қолайлы жағдай жасады.
Ӛндірістік потенциалды кеңейтуге ұмтылу, ӛз кезегінде инфляцияны жиынтық сұраныс жылдам ӛскенде де, ал еңбек нарығы құлдырағанда да тӛменгі деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді».
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде АҚШ пен ФРС жүргізген монетарлы және фискалды саясаттардың қосындысы экономикалық дамуға негіз болады және дамушы елдердің экономикасына мысал бола алады.
Осы жұмыста біз АҚШ үкімет жүргізіп отырған фискалды саясат пен монетарлы саясаттың арасындағы байланысты қарастырдық және оның экономиканың дамуына тигізетін әсері анықталды. Тәжірибелік мысалдар негізінде несие ақша және фискалды саясаттардың үйлесімді әрекеттері арқылы экономикалық жүйегі бӛлшекті және тұтас бақылау жасауға болатындығы анықталды және сонымен қатар ресурстарды тиімді пайдалануға, кәсіпкерлікке кӛлемді инвестицияларды жасауға, еңбек ӛнімділігінің икемді ӛсуіне, жұмысшылардың нақты жалақысына қолайлы әсер етеді.
Германияның бірігуі Еуропаның экономикалық саясатын күрт ӛзгертті.
Жаңа Германия Францияның кіші серіктесі болудан қалып қоймай, сонымен қатар маңызды еуропалық қана емес, әлемдік державаға айналды.
Біріккеннен кейін Германияның бюджеттік жүйесі мемлекеттік құқық қатынасының субъектілерінің қаржылық ресурстарын қордалай отырып, оларды ӛндірістік және ӛндірістік емес сфераларға қабылданған критерийларға сәйкес қайта бӛлуді қаматамасыз етті. Объективті себептерге байланысты ӛндірістік сфераға қайта бӛлінген қаражаттар салалық сипатта болса, бірқатар аймақтарда әлеуметтік сфераларды қаржыландыру тұтасымен бюджеттік трансферттік тӛлемдерге тәуелді болды.
Германияның фискалды саясаты экономиканың маңызды ӛсуіне септігін тигізеді. Бірақ салықтарды тӛмендету федаралды бюджеттің шығын бӛлігін азайтады. Мемлекеттік және жергілікті үкімет бюджеттің кіріс бӛлігін шығын бӛлігін қысқарту арқылы қалпына келтіруге ұмтылады.
Негізінен мұндай қысқартулар инфрақұрылымды реформалауға және одан әрі дамытуға бағытталған жобаларға кері салдарын тигізуі мүмкін. Кез келген жағдайда да саясаткерлерде басқа шара жоқ, ӛйткені олардың фискалды саясатты жасаудағы бостандық дәрежесі Германияның бюджеті туралы заңмен қатаң шектелген. Бұл жердегі фундаментальды сұрақ федералды деңгейдегі фискалды саясаттың макроэкономикалық процестерді тұрақтандыру құралы болып қалуында болып отыр [ 5, 345 б. ].
Шығындардың аз ғана саны циклдылыққа қарсы сұранысты басқаруды түзету үшін ӛзгертіледі және ол белгілі деңгей емес, тек қана нарық арқылы
еркін таңдалып алына алатын ӛзгеріс болып табылады. Ақырында қаржы саясатына араласу ӛзінің табиғаты бойынша ӛсетін циклдылыққа қарсы тұруға негізделген.
Икемді ӛзгеруге жататын мемлекеттік шығындар бабының бірі - мемлекеттік инвестициялар. Экономикалық белсенділік деңгейіне болатын әсерлер тек қана күтілуі мүмкін, әсер ететін кӛлем ӛте үлкен болуы қажет.
Тағы бір қосымша мәселе күрделі шығындардың таңдап әсер етуі болып табылады. Оларға құрылыс секторы мен оған қызмет кӛрсететін салаларды айтуға болады, олар мемлекеттің қабылдаған инвестициялық шешімдеріне тәуелді болады.
Персонал шығындары немесе персоналға жұмсалатын шығындар, іскерлік процеске араласу үшін маңызды деңгейде қолайлы емес.
Мемлекеттік секторға жалақы тӛлеу тенденциясы тұтас экономикамен тығыз байланысты, осының салдарынан мемлекеттік секторда реттеу жеке секторға қарағанда тӛмен болады, себебі ӛнімділік пен жүзеге асырылатын жұмыстың қауіпсіздік деңгейіндегі ӛзгерістердің болуы.
Трансферттік тӛлемдер түзілген тұрақтандырушыларға байланысты бірқалыпты тенденцияға ие, олар жұмыссыздық бойынша әлеуметтік сақтандыру мен зейнеткерлік сақтандыру жүйелеріне енген.
Түзілген тұрақтандырушылар мемлекеттік бюджеттің кіріс бӛлігінде маңызды роль атқарады. Салықтық түсімдер мен әлеуметтік сақтандыру бойынша салымдар түріндегі аударымдар қабылданатын экономикалық саясатқа тәуелділікте ӛзгереді. Экономиканың құлдырауы, сонымен қатар кірістің ӛсуінің тӛмендеуі мемлекеттік бюджет кірісінің салықтық түсімдер түріндегі бӛлігін жоғалтады.
Үкімет әрекетінің циклдық бағытта орнығуы бақылаудың операциялық нүктесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Осы мақсаттың маңызды индикаторлары болып ӛнімнің потенциалды ӛндірісіндегі ӛзгерістер болып табылады. Осы концепцияда мемлекеттік шығындарға деген циклдық қатынас ӛткен жылғы кезеңмен салыстыру арқылы анықталады. Егер де үкімет шығындары мен кірістері ӛткен жылмен салыстырғанда тұрақты болып қалатын болса, онда қаржы саясаты іскерлік белсенділікке оң да теріс те әсер етпейді. Керісінше ӛткен жылмен салыстырғанда кіріс және шығын бӛліктерінде болған ӛзгеріс үкімет тарапынан белсенді араласуды сипаттайды.
Сонымен қатар бірқатар елдерде, мысалы, Австралияда, Ұлыбританияда, Германияда, Данияда және Щвецияда жылдық бюджет мемлекеттік шығындардың орта мерзімді жоспарлары негізінде жасалынады
Қазақстанның фискалды саясаты келесі тәртіптерге негізделуі қажет:
үкімет қарызды шығындарды жабу үшін емес, экономиканың нақты секторларын қаржыландыру үшін алулары керек; жалпы ішкі ӛнім қатысындағы мемлекеттік қарыздардың кӛлемі тұрақты және қолайлы болуы қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы: Каржы-Каражат, 1995.
2. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане: Учебное пособие. – Алматы, 2002.
3. Елубаева Ж. М. Бюджетная система Республики Казахстан:
теория и направления развития. – Алматы,2004
4. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и еѐ роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана.– Алматы, Каржы-Каражат, 2002.
5. Большаков С. В. Финансовая политика государства и предприятия. Курс лекций. – М.: Книжный мир, 2002