КӚРКЕМ МӘТІНДЕГІ ЭМОТИВТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ӚЗЕКТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бисенова Динара Саликовна магистрант, Л.Н.
Гумилев атындағы еуразия ҧлттық университеті, Астана қ.
Ғылыми жетекші - Кульдеева Гульнар Ильясовна филол.ғ.д., профессор
Адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің экспрессивтік қызметі ғалымдардың назарын кӛптен бері аударып келеді. Стилистиканың ғылым ретінде дамуына тҥрткі болған В.Гумбольдт, К.Фосслер зерттеулері дҥниеге келген заманнан бері бҧл бағытта кӛптеген еңбек жазылды. Сол кезеңдегі тілдің эстетикалық табиғатын оның экспрессивтік қызметімен
16
тығыз байланыста қараған тҧжырымдар бҥгінде дамытылып, стилистиканың экспрессивтік стилистикасы саласының арнайы қарастыратын мәселелеріне айналды.
Сӛйлеуде эмоционалды-экспрессивтік мағынаны жеткізуші тіл бірліктеріне дыбыс, сӛз, сӛз тіркестері, сӛйлем жатады. Осылардың барлығы жиылып, тақырыптық- композициялық тҧтастық қҧраған кезде тҧтас мәтіннің эмоционалды-экспрессивтік тонын, ырғағын жасайды. Лексика адамның дҥниеге, сыртқы ортаға қатысты сезімдік дҥниетанымның тілдік картинасын бейнелесе, сӛздің тҥрлі морфологиялық формалары, сӛйлем мен мәтін және дыбыс адамның сыртқы ортамен сезімдік қатынастарының ӛзара байланысын, динамикасын нақты контекст жағдайында бейнелейді.[1, 255 б].
Қазіргі кезде лингвостилистикалық зерттеулерді жазушының таза тілдік ерекшеліктері, яғни стильдік, сӛз қолдану, кӛріктеу қҧралдарын қолдану ерекшеліктері тағы басқа сипатта қарастырумен ғана шектеуге болмайды. Мысалы, кӛркем мәтіндегі тҧрақты тіркестер сӛздің эмоциялық – экспрессиялық мәнін арттырады. Мҧндай тҧрақты тіркестер арқылы жазушы шығармаларында ҧлттық болмыс пен танымның белгісі айқын аңғарылады.
Мысалы: Жоламан тез-тез адымдап, ҥй орнындай жерге топтала ӛскен доланаға таянғанда, Кәрішалдың даусы пышақ кесті тына қалды деген сӛйлемдердегі тҧрақты тіркестер арқылы ақпаратты ықшам, бейнелі тҥрде берудің ӛзіндік қолтаңбасын кӛрсетеді.
Тҧрақты тіркестердің бҧл қырының жарқын кӛрінісін сӛз шеберлерінің тезінен ӛтіп, шығармашылық кӛрігінде шыңдалған кӛркем туындылардан кездестіруге болады.
Б.Соқпақбаев та, М.Гумеров те мҧндай тәсілдерді ӛте сәтті қолдана білген. Мысалы: Шал да, Мҧқамеди де, әйелдері де, тіпті кішкентай Садық та мал емес, ең бір аяулы жақын адамдары ӛлгендей кӛздерінің жасы кӛл болып, еңіреп жҥр деген сӛйлемдерден екі қаламгердің кейіпкер психологиясы мен танымын тҧрақты тіркестер арқылы шебер суреттеуін айқын аңғарамыз.
Фразеологизмдер арқылы кейіпкер тілінің сӛз байлығын кеңірек, тереңірек қолданады. Фразеологизмдер ақынның объективті шындық болмысты қабылдауындағы сезімдік және танымдық іс-әрекетінен туындай келіп, ӛмір тіршілігінің барлық саласымен ҧштасып жатады. Осындай фразеологизмдерден ақынның ӛмірлік тәжірибесі, танымдық деңгейдегі қорытынды пайымдары байқалады. Мысалы, Дҥниеде болсаң жақсы, ат қалады, Ҧстадан – тат, молдадан хат қалады («Жақсының аты ӛлмейді, Ғалымның хаты ӛлмейді»
мақалымен мағыналас фразеологизмінің ішкі формасынан ақынның ӛмірінен тҥйген қорытындысы байқалады); Тҥлкінің қҧйрығындай бҧлаңдатып, Қҧйрығымен сәлденің тапты малды (Фразеологизм коннотациясынан адамдардың бейнесін ашудағы экспрессивтік, бағалауыштық қасиет байқалады, яғни жиіркену, жақтырмау мағынасы кӛрінеді); Дҥние ҥшін жанның бәрі қайғы жеген немесе Дҥние – бір бҧлаңдаған қызыл тҥлкі (Ақынның эмоционалды кҥйі фразеологизм мағынасына бойлай еніп, оқырманын да сондай кҥйге тҥсуге уәждейді, адамдарда болатын дҥниеқоңыздық сияқты қасиетке баға береді. Дҥние ҥшін қайғыру ӛмірдегі негізгі ҧстаным емес екендігін тҥсіндіреді, дҥние – қолдың кірі, бірде бар, бірде жоқ болатынын бҧлаң-бҧлаң еткен тҥлкі жҥрісіне балап, халық танымына тҥсінікті, образды тҥрде жеткізеді.); Қызыл жҥз қурай болып келді кҥзге (Мәтел іспетті бейнелі тіркесінен экспрессивтілік, эмоционалдық байқалады.); Екі дҥние – нҧры ғылым, Амалдап ҧстамасаң, жойылмағы (Аталған фразеологиялық оралымнан эмотивтік сема мен бағалауыштық семаның тығыз байланысты екені байқалады. Мҧндағы «нҧр» лексемасында әрі эмоция, әрі бағалау мәні бар.); Жатқанмен алтын жерде кір болмайды, Жай тас пен дҥрдің қҧны бір болмайды (Фразеологизмнен астарлы ой байқалады. «Алтын» сӛзінен жағымды бағалағыштық коннотация кӛрінеді және ол «Жай тасқа» жағымсыз бағалағыштық қарама-қарсы мәнде алынып, адамға қатыстырыла айтылғаны айқын.). Осы фразеологизмдерден бағалауыштықты, экспрессивтілікті, эмоционалдықты, ассоциацияны анық байқаймыз. Олар коннотацияның компоненттері екені белгілі[1, 292б].
Семантиканың кҥрделілігіне қарамастан, фразеологиялық бірліктер сӛздік штамп болып келеді және эмоцияның айтарлықтай жалпы бейнесін береді. Сондықтан, жиі кҥрделі, әрі бірнеше бірлікті болып келетін, тҥрлі эмоционалды жағдайды және қарым-қатынасты
17
бейнелеу ҥшін, мәтінде эмоционалды фразеологиялық бірліктермен бірге, басқа да тілдік қҧралдар қолданылады. Бҧл кӛбінесе лексикалық қҧралдар, олар фразеологиялық айналымның мазмҧнын ашып, нақтылап, толықтырады; басқа лексикалық қҧралдар экспрессивтілік деңгейін жоғарылату ҥшін қолданылады. Экспрессивтілік дегеніміз – бейнелеу, бағалау тілдік қҧралдардың айқындығымен ерекшеленіп, сӛйлеушінің белсенді сезім-кҥй әрекеттері арқылы ойды әсірелеп, кӛркемдеп жеткізуде сӛз ӛрнектерінің ҧтымды қолданылуы болып табылады.
Эмотивті фразеологиялық бірліктер кӛбінесе кҥшейткіш демеуліктермен (осы, барлық, тіпті, жай ғана, тура және тағы басқа) және есімдіктермен (толық, ең, сондай) қолданылады, олар экспрессивті функцияның қызметін атқарады. Мәтінде жай ғана, тура, осы демеуліктерді қолдану арқылы, айтушы бҧл демеуліктердер соң ауыспалы мағынадағы сӛйлем жҥретінін білдіреді, мысалы, фразеологиялық айналым:
-Лиза, Лиза! – деп Раечка қолымен бҧлғады. – Кеше қайда болдын? Біз ӛзімізді қоярға жер таппадық.
Эмотивті фразеологиялық бірліктерді іс-әрекет демеуліктерімен (кушті, ӛте, мҥлдем, тым және тағы басқалары) немесе салыстырмалы демеуліктермен сәйкес қолдану жолы арқылы (қаттырақ, кӛбірек, мықтарақ, одан сайын) ҥлкен интенсивті эмоцияның белгісі жҥзеге асады, және кҥшті, мықтырақ секілді жай сӛйлемді демеуліктер экспрессивтілікті кҥшейтеді.
Фразеологизмдерді кӛркем мәтінде қолдану эмоция себебінің кӛрсеткішімен жиі сәйкес келеді. Кей кездері «нақтылаушылар» ӛте кҥрделі, ерекше сезімдерді немесе бір уақытта болатын бірнеше эмоцияларды білдіруге мҥмкіндік береді.
Эмотивті фразеологиялық бірліктер ӛзіне синонимдес сӛзбен қолданылған кезде, эмоциялар қайталанып келуі де мҥмкін:
Меннен сізге не керек? – деп Юшков алқынып, ӛз-ӛзінен шыға бастады. – Олар кімдер?
Фразеологизмдер бір сӛйлемде қайталанып та жҥреді. Одағайлық фразеологиялық бірліктер қайталанған жағдайда кӛрсетілетін эмоцияның интенсивтілігі айқындалады.
Баламның кҥйі жақсарды. Соңғы тҥндері жақсы ҧйықтап жҥр. Қҧдайға шҥкір. Қҧдайға шҥкір.
Фразеологиялық коннотацияның тіл бірлігіне эмоциялық, стилистикалық рең ҥстейтіні, кең мағынада коннотация тіл бірлігінің грамматикалық және заттық-ҧғымдық мағынасы – денотатты толықтырып, оған экспрессивті рең беретін тҥрі, ал тар мағынада коннотация – тіл бірлігі мағынасының бір бӛлігі, сол мағынаның ассоциативті-бейнелік ішкі тҧлғасын тҥсінуден туындайтын қосымша мағына екендігі анықталды. Сондай-ақ коннотацияның прагматиканың бір мҥшесі болып, мағынаға ҥстеме тҥрде әсер ете алатындығы, тілдегі экспрессиялық нҧсқаны жҥзеге асырушы қҧрал болып табылатындығы және эмоционалдылық, экспрессивтілік, бағалауыштық және образдылық категориялары коннотаттық мағынаның компоненттері болып табылатындығы айқындалды. Коннотация қҧбылысы адамның психологиялық және тілдік қызметінің кӛрінісі болуымен қатар аталған тіл білімі теориясымен және психологиямен байланысқа тҥсе алады және сонда тҥсіндіріледі. Оған эмоция, экспрессия, бағалау және стилистикалық мән енетіні белгілі.
Фразеологизмдер коннотациясы және оның прагматикасы бір-бірімен ӛте тығыз байланысты. Прагматиканың басты мақсаттарының бірі – сӛздің қолданылу ерекшеліктерін тҥсіндіру және қалай тҥсіндірілетінін анықтау. Прагматикалық зерттеу пәні, шекаралары, оның басқа ғылымдармен байланысы, ғылыми бағыт ретінде анықталуы тіл білімінде де ҥнемі талқыланып келеді. Бҧған қатысты мәселелер Г.В.Колшанский, И.Н.Сусов, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова еңбектерінде қарастырылды. Фразеологизмдердің қазіргі зерттелу бағытына байланысты олардың дҥниенің тілдік суреті ҧғымы ар қылы, яғни танымдық тәсілдерді қолдана отырып, олардың тереңде жатқан қҧрылымдарын зерттеу, сондай-ақ, тілдің барлық деңгейлеріне енген коммуникативтік-прагматикалық қатынас
18
фразеологизмдердің де қызметі, уәжі және қолданылу мақсатын ашуға негізделгені дәйектеледі.
Тіл біліміндегі прагматика ҧғымы туралы тҧжырымдардың барлығы әсер ету нәтижелерін талдауға негізделген. Онда адамның, яғни автордың қажетті тілдік бірліктерді таңдаудағы және мақсатқа жету барысында ақпаратты беру қабілетіне ерекше назар аударылады. Прагматика тілдің сӛйлесім тәжірибесін халық ӛмірімен байланыстырып, адамның әлемді қабылдау ерекшеліктерінің когнитивтік базасын, ҧлттық-мәдени дәстҥрлерін, танымын тануды ҥйретеді.
Демек, фразеологиялық коннотация прагматикасы – бҧл фразеологизмдердегі эмоционалдық, экспрессивтік, бағалағыштық, стилистикалық, ассоциативті-бейнелі компоненттердің ықпал ету, әсер ету қасиеті[3, 308б].
Әдебиеттер 1.Авакова Р.Ә. Фразеология теориясы. –А.: Қазақ университеті, 2009.
2.Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. -Москва: АНСССР, 1963.
3.Телия В.Н. Культурно-национальные коннотации фразеологизмов// Славянское языкознание. ХІ международный съезд славистов. М., 1993.