• Tidak ada hasil yang ditemukan

Көркем аударма аумағы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Көркем аударма аумағы"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

3. кодекс республики казахстан от 9 января 2007 года № 212-iii «Экологический кодекс республики казахстан»//«казахстанская правда» от 23 января 2007 г. № 12 (25257) (с изменениями и дополнениями).

4. Постановление Правительства республики казахстан от 7 июля 2007 года № 581 «об утверждении экологических критериев оценки земель»//«казахстанская правда» от 13 июля 2007 г. № 106 (25351).

5. методические рекомендации по выявлению деградированных и загрязненных земель.

управление охраны почв и земельных ресурсов минприроды россии, управление мониторинга земель и охраны почв роскомзема, Почвенный институт им. в.в. Докучаева, всероссийский Нии фитопатологии, московский государственный университет им. M.в.

Ломоносова. 1995 .

6. Постановление Правительства республики казахстан от 10 октября 1997 года № 1435 об утверждении основных положений и принципов зонирования земель республики казахстан (с изменениями, внесенными постановлением Правительства рк от 29.08.01 г. №1123) 7. Постановление Правительства республики казахстан от 18 декабря 2003 года № 1269 «об

утверждении Правил и режима использования земель, включенных в пригородную зону города Астаны и городов республиканского значения»//сАПП республики казахстан, 2003 г.,

№ 47, ст. 525 (с изменениями и дополнениями от на 06.06.2006г. №511)

8. Постановление акимaта города Алматы от 29 июня 2007 года № 4/727 «о некоторых вопросах использования земельных участков, включенных в пригородную зону города Алматы», Постановление акимата города Алматы от 15 мая 2007 года № 4/568 о создании комиссии для выбора земельных участков по наиболее важным объектам, намечаемым к размещению в зоне особого градостроительного регулирования и пригородной зоне, а также влияющих на городскую архитектуру и экологию.

9. методика «критерии оценки экологической обстановки территории для выявления зон чрезвычайной экологической ситуации и зон экологического бедствия», мПр рФ, 1992г.

10. водный кодекс республики казахстан от 9 июля 2003 года N 481 - ii//ис ПАрАГрАФ.

11. Постановление кабинета министров республики казахстан от 27 января 1995 г. № 102

«Положение о водоохранных зонах и полосах»//ис ПАрАГрАФ.

Поступила в редакцию 25.09.2009.

г.к. ШахаЖанова көРкем ауДаРма аумаҒы

The article examines the role of artistic translation in literary linking and presents the contibution of spiritual wealth. In addition to, the problems of practise and theory of antistic translation are included.

Әдеби көркем туындылардың халықтың рухани мұрасын байыта түсетіні де, үздік шығармалардың тек бір ұлттың, бір халықтың ғана емес, әлемдегі барша халықтың игілігіне, жалпы адамзаттың рухани байлығына айналары анық. Ұлт әдебиеттерінің өзара байланысы, олардың бірін-бірі байытуы осы асқақ мұраттан бастау алады. Бұл ретте көркем аударманың атқарар рөлі ерекше.

Қазіргі кезеңде қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы, елдер мен халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстар ауқымының кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі мен білікті мамандарды қажет етіп қоймай, сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген зәру мәселелерін күн тәртібіне ұсынып отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның әлем алдындағы бейнесінің нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік, мәдени ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. осы орайда заман талап етіп отырған

(2)

тұрғыдағы тәржіма ісінің көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың, талдап- талқылаудың маңызы зор. Қоғамдағы сан-салалы өзгерістер әдеби аудармаға да тың көзқарастар туғызып отыр. Ұлттық рухани байланысты басқа ұлттар мен ұлыстарға өз тілінде ұсынудың мүмкіншіліктері, әлемдегі озық үлгілерді қазақша сөйлету жолдары назардан тыс қалмауы қажеттілігінен туындап отыр.

Әдебиет - бір халықты екінші бір халыққа кеңінен таныстырып, олардың өзара табыстыратын, бір-бірін өзара шын пейілден кұрметтеуге үндейтін, қысқасы, рухани теңестіретін өнер екені мәлім. осыған орай әдебиеттің көтерер жүгі мен атқарар міндеті ерекше. Әлем халықтарының сонау ілкі заманнан қалыптасқан діни, рухани, наным- сенімдік дүниетанымының айнасы, поэтикалық құдіретін танытушы фольклорлық мұраларды толыққанды етіп өзге тілдерге аудару мәселесі біздің елде XX ғасырда бой көтере бастады.

Аударма, жалпы әдебиеттің бір бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни іс-әрекетте көрсетіледі. Аударма арқылы орыс, қазақ және басқа әдеби шығармалардың байланысы, бір-біріне әсер етуі, типологиясы мен поэтикасы, әдеби әдіс-амалдары, аударма кезіндегі шығарма тілінің өзгеруі, қайта жаңғыруы, аударма шеберлерінің іс-тәжірибелері, отандық және шетелдік аударма мектептерінің жетістіктері қарастырылады.

көркем аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы мәселелерді қамтиды. Әдеби шығарманың құрылым жүйесі, образдылығы, мазмұны, стилі, тілі секілді поэтикалық құбылыстармен бірге оның эстетикалық, лингво-мәдени, сондай- ақ психологиялық және семиотикалық табиғатын түзетін көркемдік құбылыстарды пайымдау әдеби аударманың табиғатын таразылаудағы басты міндеттерінің қатарына жатады. оның үстіне, аудармада автор мен аудармашының шығармашылық шеберлігі, даралығы қатар көрініс табады. Әрі түпнұсқа тілі мен аударма тілінің заңдылықтары қатар қызмет атқарады. осының бәрі аударма мәселелерін зерттеудің саласы, арнасы өте көп, алуан түрлі екендігін көрсетеді.

Әлем әдебиетінің үлгілерін қазақ тіліне аударудағы ең басты қиыншылық сол тілдің сөз өнерінің ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін беруге байланысты. Тіл өнеріндегі бұл ерекшелік пен ұлттық сипат - халқының өмірі мен тұрмысы, мінез-құлық, салт- санасындағы өзіндік көріністердің нәтижесінде пайда болған. оның сан ғасырлық даму тарихы бар. міне, осы ұлттық ерекшеліктерді жете аңғармайынша, шығарманың ұлттық, яғни көркемдік пішінін беру мүмкін емес, ал шығармада көтерілген қоғамдық мәселелер идеялық мазмұн қашан да көркемдік пішінмен тығыз байланысты. сондықтан ұлттық пішінді беру үшін кейбір жекелеген элементтердің ғана етегінен ұстап аз және керісінше, осы маңызды элементтердің біреуі ескерусіз қалса, онда ұлттық пішін де өзінің бар сыр- сипатымен көріне алмайды. "Аудармашының таланты дегеніміз - көркем пішінді бере алуға қабілеттілік, ол, әрине шығарманың рухына бойлау, сұлулықты сезіну сияқты қасиеттерден мақұрым қалмауға тиіс", - деген в.Г. Белинский сөздері осының айғағы [21, 22 б.].

Қандай аударма болсын, творчестволық сипат алады, бастан аяқ сөзбе-сөз тәржімалау емес, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелілік әсері неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. көркем аударманың қасиетін арттырып, түпнұсқаның мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі.

Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері де сусындай алады. Қазір жер жүзі әдебиетінің көптеген тамаша туындылары қазақ жазушыларының шығарма туындылармен, керісінше әлем әдебиетінің жауһарлары төл тілімізге аударылып келеді.

Аударма арқылы әдеби байланыстар нығайып толыға түседі.

(3)

Халықтардың бір-бірімен танысып, өзара идеялар алмасуы, соған орай әдебиеттерінің дамуы, ақыл-ой өрісінің ұлғаюы бір халық әдебиетінің екінші халық тіліне аударылуына негізделуі аударма қызметінің ең басты мақсаты болып табылады. Бұл орайда аудармашы шын мәнінде екі ел мәдениеті мен әдебиетінің өкілі, ол өзінің шығармашылық шеберлігінің желісі - аударма арқылы өзге ұлт пен халықта, бөгде ортада туған әдеби шығарманы туған топырағына әкеліп, ана тілінде сөйлету жолымен рухани жаңалық ашады, дүниетанымы шеңберін, сана-сезімін ұлғайтуға себепші болады.

Ғалым А. Попович аудармаға аударма барысында оның тілдік жаңа бейнесі мен стилистикалық және өзіне тән басқа да ерекшеліктерін басым түрде сақтай отырып, өзгертетін үрдіс ретінде тілдік мәтіннің қайта туындауы деп анықтама береді [23, 61 б.].

Аударма - бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. сондай-ақ, осы іс-әрекет арқылы алынған нәтиже туындысы. Аударылатын мәтін қазақ тілінде оқитын адамның қабылдау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек. Демек, қазақша жасалған мәтінде қазақ әдеби тілінің табиғи заңдылықтары, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктері сақталуы тиіс. Аударма көркем шығарманың өзгеше бір саласы болып табылады. Аудармашы / жасалғанды жаңадан қайта жасау, өз әдебиетінде, ана тілінде жаңа қорлар ашу және тың салаларды игеру арқылы автормен күш сынасады.

Аудармада екі тілдің - түпнұсқаның тілі мен аударылатын тілдің қызметі айрықша.

Аударматану ғылымы үшін маңыздысы - бір тілдегі таңбалар жүйесін екінші тілге формальды түрде көшірудің жолдарын, айтылған ойды беру үшін екінші тілдің тілдік құралдарының қалай орналасқандығын, қалай ұжымдасқандығын айқындау емес.

Түпнұсқаның коммуникативтік, функционалдық белгілерінің кандай тәсілдермен, қалай жеткізілгендігін зерттеу, жүйелеу, ортақ заңдылықтарын белгілеу.

Аударма теориясымен алғаш рет айналысқан Ә. сатыбалдин аудармашыға қойылатын талаптарды атап, анықтап көрсетеді.

"көркем аударма - мәселесі адам баласын көптен толғандырып келе жатқан терең мәні бар ғылыми-теориялық мәселе. оның әр алуан қиыншылықтарына байланысты, тіпті бір тілде жасалған көркем шығарманы екінші тілде толық жеткізуге бола ма, болмай ма деген сұрақтың өзінің төңірегінде мәдениетті қауым көп заманнан бері айтысын үзген емес", - дейді аудармашы [24, 19 б.].

Аударма теориясының қалыптасуына үлес қосып жүрген ғалым с.Н. сыроваткиннің пікірінше: «аударма бұл - тілдегі мәтіннің (түпнұсқа) екінші тілдегі мәтінге (аударма тілі) ауысуы түпнұсқа мен аударылатын мәтінді бір-біріне балама тіл, яғни коммуникативтік және одан тыс қызметте өзіне ұқсас қызметті атқаруға мүмкіндігі бар балама тіл болады»

[25, 76 б.].

көптеген ғалымдар "аудару - бір тілдің тілдік құралдармен дәл әрі нақты, толық жеткізіу" деп тұжырымдайды. сонымен қатар, ғалым А.Ф. Ширяевтің анықтамасы бойынша "Аударма бұл - арнайы тілдік қызмет. ол қызмет бір тілдің сөйлеу ерекшеліктерін басқа тілдегі соған сәйкес сөйлеу ерекшеліктері арқылы қайта туындату мақсатында қолданылатын екі тілге сүйенеді" [26, 15 б.].

Бір халық пен екінші халық жақындасып араласа бастағанда, өзінде жоқты көрші елден алады. осы ауысудың тиянақты тірегі аударма, өйткені "Аудармашылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары", - деп А.с.

Пушкин тегін айтпаса керек [27, 47 б.].

Аударма туралы таным-түсінік әрқалай. соған орай, пікірлер тоғысы да жетерлік.

ол ой қорытындысының, сөз өнерінің қажетті қадір-қасиетін жинақтаған қазына. Дүние жүзінің атақты ғалымдары, ақын-жазушылары, данышпан-даналары аударма өнеріне ерекше көңіл бөлді. олар бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, мәдениеті мен дәстүрі, әдет-ғұрпымен танысуы, сондай-ақ өз елдерінің ой-санасын, дүниетану өрісін өркендетудің бірден бір тірегі аударма екенін сол кезде-ақ ұққан болатын. «Аударма

(4)

өнері – халықтар достастығының дәнекері»(1,10) болса, «аударушылар – мәдениетті бір елден екінші тілге тасымалдап жеткізетін почта аттары» (2,530).

Аудармашылық – нағыз шығармашылық өнер. ол әркімнің қолынан келе беретін іс емес. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әрі ақын, әрі жазушы, әрі ғалым болуы тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты болады.

Аударма өнері – тіл өнері. Бір тілден бір тілге жұмыстары, оның ішінде әдеби аударма әрбір тілдің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін, бейнелеу қабілетін арттырады, сөздік қорын байытады. Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы кез-келген тілдің әдеби көркем қазынасы толығып, тіл қазынасының қалтарыстарындағы небір байырғы сөздер, ұмытылып бара жатқан атаулар әдеби тілдің жаңа элементтеріне айналады.

Аудармаға қойылатын ең басты талап - шығарманың көркемдік-идеялық күші мен эстетикалық ләззаттын жеткізу. ол, ең алдымен, көркем, әсем, тартымды болуы керек.

сыншы Г.в. Плеханов мынандай пікір айтқан: "Аударма жасағыңыз келеді екен, ол жақсы талап, бірақ есіңізде болсын, сіз, біріншіден, сол аударатын тіліңізді, екіншіден, аударма жасайтын тіліңізді, үшіншіден, сол аударатын шығармадағы мәселені білуіңіз керек. егер осы шарттардың біреуі ғана жетіспесе болғаны, іске кіріспегеніңіз мақұл, өйткені, аудармаңыз нашар болып шығады және оқушыларды да адастырасыз" [28, 210 б.]. Аудармада өзінен сөз қосып, ауа жайылып кету тұрпайылыққа, қара дүрсінділікке саяды, ал түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп, үғымсыз етіп сірестіріп қою - тіл бұзарлық болады. мұның екеуі де сорақы. Нағыз творчестволық аударма дегеніміз түпнұсқаның тілдік, стильдік ерекшіліктерін ескере отырып, оның көркемдік идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару. осы екеуі шебер ұштасқанда ғана аударма нағыз аударма болады.

кей аудармашылар м. Әуезовтің айтуынша, дәуірдің ерекшелігін, әдеби бағыттарды, жазушының стилін есепке алмай, қазақ тілінің табиғи тіркестерін, оның ұшқыр мақал- мәтелдерін қолданып, басқа ел туындысын аудармаған, оны "қазақиландырды". Бұл арқылы басқа ел жазушысының туындысын әрі мағыналық, әрі рухани ауқымда жинақтады" [29, 2 б.].

Аударманың сапасыз шығуы оқырманға тез жетсем дейтін асығыстықтан да туады деп санайды м. Әуезов. Бұндай аудармаларда "ойлы және қара терлі еңбектің ізі емес, қысқа жол іздеген асығыстықтың белгісі" сайрап жатады [30, 4 6.].

Аударма туындылар қазақ халқының өз мүлкі, өз табысы. сол себепті де жұртшылық оның әрқашан жақсысына сүйініп, жаманына күйініп отырады.

Аудармадағы әлі күнге дейін толық шешімін таппаған күрделі мәселелердің бірі - шет тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі туралы кітаптардың аздығына көз жұмсақ та, нақты теориялық қазақша жазылған еңбектер жоқтың қасы. Бұл, әрине, келешек аудармашылардың алдында тұрған зор міндет.

Аударма сөз өнерінде өзіндік орны бар үлкен бір сала екені белгілі. Аударманың ұлттық әдебиетте алар орны жөнінде шығыстанушы-ғалым

Ө. күмісбаевтың пікірі көңілге қонымды келеді: "көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Аударма әдебиеттің кең арналы, мол салаларының бірі.

Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады" [35, 384 б.].

Аударма - әрқашанда адамдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың айырбастау құралы, елтанудың, достықтың, ынтымақтастық тәжірибенің, тағылым алмасудың құралы. Ал аудармашылық-

(5)

нағыз творчестволық өнер. Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. яғни ол екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ақын, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. көркем аудармаға қойылатын ең басты талаптардың бірі- шығарманың көркемдік-идеялық күйі мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Қазақ ұғымына қонымды шығарма тыңдаушысын елең еткізіп, ұлттық әдебиетіміздің өз топырағында туған төл шығармасындай қазақ оқырмандарының жүрегіне жол табуы керек.

Түйіндей айтқанда, аударма - халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің айнасы болумен қатар, тіл мәдениетінің жарқын көрінісінің айғағы.

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1. Хайруллин р. Аударма сипаты. // Қазақ әдебиетіндегі көркем аударманың кейбір мәселелері. – Алматы, 1976

2. сатыбалдиев Ә. рухани қазына: көркем аударма мәселелері.-Алматы, 1987. -128 б.

3. Айтқожаева с. Ахметтің тәржімалық таланты. // Қазму хабаршысы. – 2001.- №13.

4. Фёдоров А.в. основы общей теории перевода. введение в теорию перевода. -изд. 2-е переработ. - м.: изд.лит. на иностр.яз., 1958.-374 с.

5. Тұрарбеков з.р.Қазақ аудармасының теориясы мен практикасы. -Алматы, 1973. -271б.

6. сагандыкова Н. Ж. основы художественого перевода. – Алматы: санат,-1996. -208 б.

редакцияға 13.08.2009 қабылданды.

н.т. ШынДалиев

«компьютеР сӘулетІ» пӘнІн оҚытуДыҢ бІР ШаРты

Students for testing the videoadapter in the given laboratory work use language program – turbo pascal. By means of this program they can carry out practical tasks, and also on the monitor of a computer can to see directly process of work of the videoadapter.

информатика мамандығы бойынша білімгерлердің білімін «компьютер сәулеті»

пәні бойынша жетілдіру үшін оқу үдерісіне арнайы курс енгізілген. осы арнайы курстың тақырыптарна сәйкес зертханалық жұмыстар жасалды.Төменде бір зертханалық жұмыстың мазмұнын айқындап отырмыз отырмыз.

Бұл мақалада дербес компьютердің негізгі құрылғыларының бірі бейнеадаптер қарастырылады. Арнайы курстың мазмұнын жетілдірудің мақсаты дербес компьютердің құрылғыларын бағдарлама құру арқылы анықтау болып табылады.

зертханалық жұмыс 4 сағаттық жұмысқа есептелінген және өзіне қысқа теориялық тақырыпты қамтиды. Crt және Graph ( Turbo Pascal 7.0) модельді түсіну, бағдарламаның жазылуы және компьютердегі практикалық жұмыс. зертханалық жұмыстың берілуі бақылау сұрақтың жауабында негізделген, бағдарламаның бақылау мәтінін (тексі) және бағдарламадағы кесте жұмысының мазмұнының қортындысын анықтайды.

зертханалық жұмысты орындауда білімгерлердің өткен тақырыптарды есіне түсіру мақсатында қысқаша теориялық негіздер беріледі.

Бейнекарта (бейнеадаптер) — монитордың көмегімен арнайы тақша басқарады, оны бейнеадаптер деп атайды. монитормен бірге бейнекарта дербес компьютердің бейне бағыныңқы жүйесін құрайды [1].

Referensi

Dokumen terkait