«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан өткізуге арналған жүйе
Пайдаланушы нұсқаулығы
Астана
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнаулы емтиханнан өту үшін браузерде (Google, Microsoft Edge, Yandex және т.б) https://best.enu.kz/ мекенжайы бойынша бастапқы бетті ашасыз (Сурет 1).
Сурет 1 Пайдаланушы интерфейсі
Жүйеге тіркелу үшін "Талапкерді тіркеу" батырмасын басасыз (Сурет 2).
Сурет 2 Жүйеге тіркелу
Ашылған бетте өзіңіз туралы жеке мәліметтерді толтырасыз (Сурет 3).
пайдаланушы нұсқаулығы 3-бет
Сурет 3 Жүйеге тіркелу Өтініш берудің 3 түрлі әдісі бар:
1) Талапкер арқылы өтініш қалдыру (егер 18 жасқа толған болса);
Емтиханға өтініш бермес бұрын құжаттарыңызды алдын-ала сканерден өткізіп, дайындап қойыңыз.
Өтініш берушінің ЖСН-і
Құжаттарды сканерлеудің дұрыс форматы:
Сурет 4 Құжатты сканерлеу форматы
Дайын құжаттарды ретімен салып, деректерді сақтау үшін "Өтініш беру" түймесін басасыз (Сурет 5).
Сурет 5 Емтиханға өтініш беру 2) Талапкердің әкесі немесе анасы арқылы өтініш қалдыру;
Әкеңіз немесе анаңыздың біреуінің деректерін толтырып, сәйкесінше электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қоясыз (Сурет 6).
пайдаланушы нұсқаулығы 5-бет
Сурет 6 Емтиханға өтініш беру 3) Талапкердің заңды өкілі арқылы өтініш қалдыру;
Әкеңіз немесе анаңыздың рұқсатымен жазылған сенімхат негізінде заңды өкіліңіздің деректерін толтырып, сәйкесінше электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қоясыз (Сурет 7).
Сурет 7 Емтиханға өтініш беру
Деректер толтырылғаннан кейін, «Өтініш беру» терезесі ашылады. Өтінішпен танысып, ары қарай «Қол қою» батырмасын басасыз (Сурет 8).
пайдаланушы нұсқаулығы 4-бет
Сурет 8 Емтихан тапсыруға өтініш беру үлгісі
«Қол қою» батырмасын басқаннан кейін (компьютерде алдын-ала ЭЦҚ-ны папкаға сақтап алыңыз) ЭЦҚ тұрған папкаға кіріп, керекті кілтті таңдайсыз. Ары қарай «Ашу/Открыть»
батырмасын басасыз (Сурет 9).
1)
2)
Сурет 9 ЭЦҚ арқылы қол қою
ЭЦҚ таңдалғаннан кейін, құпиясөзді енгізіп, тағы да «Ашу/Открыть» (1) батырмасын басып, содан кейін «Жазылу/Подписать» (2) түймесін таңдайсыз (Сурет 10).
Сурет 10 ЭЦҚ арқылы қол қою
ЭЦҚ арқылы қол қойылғаннан кейін, емтихан тапсыруға өтінішіңіздің жіберілгені туралы хабарлама шығады. Өтініш жүйеге жіберілді, ашық тұрған терезелерді жаба берсеңіз болады (Сурет 11).
пайдаланушы нұсқаулығы 6-бет
Сурет 11 Хабарлама
Сіздің өтінішіңізді техникалық хатшы қарастырады, егер құжаттар дұрыс болса, онда өтініште сіз көрсеткен электронды поштаға немесе whatsapp желісіне өтініштің қабылданғаны немесе құжаттардың дұрыс еместігі туралы хабарлама келеді.
Арнаулы емтихан компьютерлік тестілеу әдісімен дәстүрлі форматта өтеді. Тестті тапсыру үшін браузерлердің көмегімен (Google, Microsoft Edge, Yandex және т. б.) келесі мекенжай бойынша бастапқы бетті ашып https://best.enu.kz/және "Кіру" батырмасын басасыз (Сурет 12).
Сурет 12 Жүйеге кіру
Ашылған бетте e-mail мен құпиясөзді енгізесіз. «Кіру» батырмасын басасыз (Сурет 13).
Сурет 13 Жүйеге кіру Тест ашылады (Сурет 14).
Сурет 14 Тест тапсыру жүйесі
Емтихан 20 тест сұрағынан тұрады. Арнаулы емтихан «Өтті» немесе «Өтпеді» деп бағаланады. «Өтті» деп бағалану үшін 5 немесе одан да көп сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
Емтихан тапсыруға 40 минут беріледі. Емтихан аяқталғанға дейін қалған уақытты экранда көре аласыз (Сурет 15).
пайдаланушы нұсқаулығы 8-бет
Сурет 15 Емтихан уақыты
Барлық сұраққа жауап берген соң «Емтиханды аяқтау» батырмасын басасыз. Әрекетіңізді растау үшін диалогтік терезе пайда болады. Ок батырмасын басып, тестті аяқтайсыз.
Белгіленбеген жауаптар болған жағдайда, жүйе сізге хабарлайды (Сурет 16).
Сурет 16 Емтиханды аяқтау
Сұрақтардың барлығын белгілеп, қайта қарап шыққан соң, «Емтиханды аяқтау»
батырмасын қайтадан басасыз (Сурет 17).
Сурет 17 Емтиханды аяқтау
Соңында «Емтихан нәтижесін көрсету» батырмасына шертесіз (Сурет 18).
Емтихан аяқталғаннан кейін экранда сізге емтихан ведомосынан көшірме түрінде емтихан нәтижесі қолжетімді болады, сондай-ақ тест тапсырған күні сіз көрсеткен поштаға электрондық көшірме жіберіледі (Сурет 19).
Сурет 19 Ведомстағы көшірме
пайдаланушы нұсқаулығы 10-бет
Келісілді:
Цифрлық даму және қашықтан оқыту
департаментінің директоры Бекманова Г.Т.
Цифрлық даму және қашықтан оқыту
департаменті директорының орынбасары Омарбекова А.С.